Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қылмыстық сот ісін жүргізудегі қолданылатын ұғымдардың кейбір мәселелері

Бәрімізге белгілі Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес, мемлекетміздің ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары болып табылады [1, 4 б.]. Адам құқықтарының биік тұруы оның тиісті дәрежеде қорғалуы мен оған кепілдік берілуі әрбір өркениетті мемлекеттің беткеұстар қағидаларының бірі болуы қажет.

Біздің Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Қазақстан-2030» стратегиясы Қазақстан дамуының жаңа кезеңі ішкі және сыртқы саясатымыздағы аса маңызды 30 серпінді бағыт туралы Қазақстан халқына Жолдауының жиырма жетінші бағытында: «Ашық  демократиялық қоғамның іргесін дәйекті нығайта отырып, біз демократия мен құқық тәртібі егіз ұғымдар екенін, бірінсіз бірінің өмір сүре алмайтынын естен шығармауымыз керек. Сондықтан да азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғайтын пәрменді жүйе қажет» деп көрсетеді [2, 67 б.].

Жеке тұлға құқықтарын қамтамасыз ету қылмыстық іс жүргізу саласында ерекше көкейкесті мәселенің бірі болып табылады, өйткені мемлекеттік органдардың билік қызметінің дәл осы саласында елеулі шектеулер, тіпті жеке тұлғаның конституциялық құқығын бұзушылықтар туындап, көрініс тауып отырады. Бұл ретте қылмыстық іс жүргізу мәжбүрлеудің түрлі  шараларын, атап айтқанда қылмыстық әділет саласына тартылған тұлғаның құқықтары мен заңды мүдделерін айтарлықтай шектейтін бұлтарпау шараларын қолдануға болады.

Қазақстандық ғалым Е.О. Алауханов өз еңбектерінің бірінде бұл жөнінде былай    жазады:

«Құқықтық мемлекеттің ажырамас мазмұны қылмыстық іс жүргізуге қатысушы тұлғалардың және оның ішінде, сезіктілер, айыпталушылар және сотталушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау және қамтамасыз ету болып табылады. Құқықтық мемлекеттің дамуы және жетілдірілуінің заманауи жағдайларында тұлғаның еркіндігі, оның құқықтары мен кепілдіктері артады, яғни, бұл қылмыстық сот өндірісіне тән құбылыс» [3, 3 б.].

Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінде (ҚР ҚІЖК) қылмыстық істер бойынша өндірістің заңмен белгіленген тәртібі негізсіз айыптау мен соттаудан, адам және азаматтың құқықтары мен еркіндігін заңсыз шектеуден қорғауды, кінәсізді заңсыз айыптаған немесе соттаған жағдайда – оның тез және толық ақталуын қамтамасыз етуі, сонымен қатар заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайту, қылмыстың алдын алу, құқыққа құрметпен қарауға септігін тигізуі тиіс екендігі кездейсоқ айтылмаған [4, 7 б.]. Осылайша мемлекеттің құзыретті органдары, олардың лауазымды тұлғалары ұдайы заң шеңберінде әрекет етпейтіндігі, оны бұзатындығы танылған болатын, сондықтан жеке тұлғаны осыдан қорғау қажет.

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы  Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында былай деді: «Біздің алдымызда құқық қорғау жүйесін реформалайтын үлкен жұмыстар тұр. Қазіргі таңда, өкінішке қарай құқық қорғау органдарының сапасыз басқаруынан, жұмыстрындағы түсініспеушіліктерден, қажетті кадрлық құрамның жетіспеушілігінен туындаған қиындықтар, сондай-ақ құқық қорғау жүйесінің қызметіне таза бақылаудың болмауы айқын көрініс тауып отыр» [5, 2 б.].

Заманауи ғылымда тұлға философиялық, психологиялық, этикалық және құқықтық тәрізді әрқилы аспектілерде қарастырылады. Философияда тұлғаны адамның даралығы, оның үстіне биологиялық емес, әлеуметтік даралығы ретінде қарастыратын пікір басым. Осы әлеуметтік даралық, яғни адамға тән әлеуметтік қасиеттер жиынтығы, оның әлеуметтік ерекшелігі адамнан тұлға қалыптастырады [6, 211   б.].

«Тұлға, – деп жазады А.Г. Спиркин –  қоғамдық қатынастар мен адамдар функцияларының дара жинағы мен көрінісі, әлемді, құқықтар мен міндеттемелер, этикалық, эстетикалық және барлық басқа әлеуметтік нормаларды тану және түрлендіру субъектісі болып табылады. Адамның тұлғалық қасиеттері бұл ретте оның өмірінің әлеуметтік бейнесі мен өздігінен даму үстіндегі ақыл-ойының туындысы ретінде қарастырылады. Сондықтан, тұлға үнемі қоғамдық тұрғыдан дамыған адам болып есептеледі [7, 461 б.].

Психологияда тұлға деген  индивидтің түрлі психологиялық процестерін тұтастай байланыстыратын және оның мінез-құлқына қажетті бірізділік пен тұратықтылық беретін өзекті, интеграцияланатын негізді білдіреді. Осылайша, тұлға – қоғамдағы өзінің орны мен рөлін түйсінетін, әлеуметтік қызметпен айналысатын және дара ерекшеліктерге ие болатын нақты адам [7, 53 б.].

Психологияда, сондай-ақ кез келген тұлға адам болғандығымен, кез келген адам тұлға болмауы мүмкін деп есептеледі. Тұлға адам   өзінің «менін» сезінген сәттен басталады және өзінің дамуында «тұлға минимумынан» өзінің әлеуметтік кемелдікке жету жолын жүріп өтеді [8, 227 б.].

Кейбір ғалымдар тұлғаны құқықтық түсіну оның философиялық-психологиялық тұжырымына негізделуі тиіс деп пайымдайды. Осылайша, тұлғаны құқықтар мен еркіндіктер субъектісі ретінде қарастыра отырып, В.А. Кучинский былай деп сендіреді: «Адам болып туады, тұлғаға айналады. Туған адам  тұлға  болуы үшін, ол табиғи және әлеуметтік дамудың тиісті сатыларынан өтуі тиіс, тек дене және ақыл-ой дамуының белгілі бір деңгейіне жетіп қана қоймай, сонымен қатар басқа адамдармен қарым-қатынас барысында қажетті әлеуметтік тәжірибе жинақтауы тиіс [9, 27 б.]. Нәтижесінде мысалы, балалар немесе есі ауысқан адамдар тұлға болып есептелмейді деген қорытынды жасалады [10, 42-43 б.].

Біздің пайымдауымызша, мұндай ұстаныммен келісуге болмайды. Құқықтық қатынастарға әдетте ақыл-есі дұрыс және ерік күші бар адамдар қатысады. Алайда құқықтық қатынастардың ықтимал қатысушыларында мұндай қасиеттердің жоқтығы жас және психологиялық ерекшеліктер салдары болып табылатындықтан, оларда тұлғалық қасиеттер (сөздің құқықтық мағынасында) мүлде болмайды деуге негіз бермейді, өйткені олар еш жағдайда құқық қабілеттіліктерін жоғалтпайды. В.С. Шадриннің құқықтық аспектіде тұлға – кез келген адам деген дұрыс көзқарасын таныған жөн [11, 5-6 б.]. Мұны «тұлға» терминін құқықтың әртүрлі салаларында, атап айтқанда ол «адам» ұғымының синонимі ретінде кең мағынада қолданылатын конституциялық, қылмыстық, қылмыстық іс жүргізу саласында пайдалану талдауы да растайды.

Адам өзінің дамуында тұлға ретінде жетіле алады, өзі туралы жеке түсінігінде және айналадағылардың көзінше өсуі мүмкін, бірақ қилы жағдайлар ықпалынан төмен түсуі, кері кетуі ықтимал. Алайда, тіпті адамгершілікке жат қылық немесе құқыққа қарсы әрекеттер жасаған жағдайдың өзінде-ақ ол тұлға болып қала беруін тоқтатпайды және оған осындайда құқықтардан бас тартуға болмайтынын айта кеткен жөн. Адамды қылмыс жасау барысында кінәлі екендігін тани отырып, сот оны тұлға ретінде санауын тоқтатпайды және оны тіпті оған ең бір қатаң жаза қолданғанның өзінде оның абыройына қатысты құқығынан айырмайтыны хақ.

Сотқа қатысты айтылғанның бәрі, қылмыстық іс жүргізуші барлық органдар және лауазымды тұлғалар – соттар, тергеушілер, тергеу бөлімшесінің бастығы, прокурор, тергеу органы және тергеу жүргізетін тұлғаға да қатысты болып табылады. Тергеу әрекеттерін жүргізе отырып, сонымен қатар олардың өндірісіне азаматтарды тарта отырып, олар азаматтармен тұлға ретінде қарым-қатынас жасауға міндетті болып табылады. Қолданыстағы қылмыстық іс жүргізу заңы олардың ар-намысы мен абыройын түсіруге тікелей тыйым салады (ҚР ҚІЖК-нің 13-бабы).

Қылмыстық іс бойынша сот өндірісіне қатысушы азаматтарды белгілеу үшін қылмыстық іс жүргізу заңы әдетте «тұлға» терминін пайдаланатыны бар. Тікелей мағынада «тұлға» сөзі дәл тұлғаға жатады, бірақ түрлі ұйымдар, мекемелер мен кәсіпорындарды білдіретін «заңды тұлғалар» сөз тіркесі де кең танымал болып табылады. Аталмыш ұғымдардың егжей-тегжейлі талдауына тереңдеместен, «тұлға» және «адам» деген пікірмен бірден келісуге тура келеді (заңды тұлғалардан басқа).

Қылмыстық іс жүргізу теориясында сот өндірісіне қатысушы тұлғалар әрқилы  аталады – «қылмыстық іс жүргізуге   қатысушылар»,«қылмыстық іс жүргізу субъектілері», «қылмыстық  іс  жүргізу  қызметіне   қатысушылар»,«қылмыстық іс жүргізу қарым-қатынастарына қатысушылар». Осы немесе өзге де атаудың заңдылығын негіздеу үшін тұлғалардың іс жүргізу жағдайларын,  олардың  қылмыстық  іс жүргізу-дегі рөлдері, істің нәтижесіндегі мүдделілігі және т.б., ескере отырып, түрлі дәлелдер пайдаланылады. Жоғарыда аталған атауларды бір ортақ ұғым – «қылмыстық іс жүргізуге қатысушылар» деген атаумен біріктіру ықтималдылығы жөніндегі көзқарас анағұрлым және ақталған болып көрінеді, өйткені қылмыстық іс жүргізуге қатыса отырып, тұлға қылмыстық іс жүргізу құқықтар мен міндеттемелер субъектісі бола алмайды, үнемі қылмыстық іс жүргізу әрекеттерін жасайды немесе оларға белсене қатысады, сонымен қатар қылмыстық іс жүргізу қарым-қатынастарына енеді. Әңгіме тек қатысу ерекшеліктері ғана туралы қозғалуы мүмкін.

«Тұлға» термині қолданыстағы  заңнамада да орын алады, ал бұл «тұлға» термині бойынша жасы, ой-өрісі және басқа да сипаттық деректерге қарамастан, кез келген адамға қатысты екендігін  білдіреді.  Яғни,  құқықтық  тұрғыдан «тұлға» және «адам» ұғымдары тек ғылыми абстракциялар ретінде ғана ерекшеленеді, бұл ретте олардың арасындағы шекара шартты болып қана қалады.

Қылмыстық сот өндірісіне қатысушылар (жеке тұлғалар), сөзсіз, оның құқықтық тұрғысынан да тұлға болып табылады. Олардың бәріне кепілдендірілуі тиіс қылмыстық іс жүргізу құқықтары мен міндеттемелері берілген.   Алайда,«тұлғаның құқықтарын қамтамасыз ету» ұғымы тек қылмыстық сот өндірісіне қатысушылардың белгілі бір санатына ғана қатысты болады.

Кеңес билігі үстемдік құрған тұста Қазақстанда орын алған саяси режим тұлғаны аса қабылдай қоймаған болатын, бұл қылмыстық іс жүргізудің бағыттылығы мен мазмұнына әсер етпей қойған жоқ. Сол жылдары қалыптасқан қылмыстық іс жүргізу әлі де қолданыстағы қылмыстық іс жүргізу заңнамасынан және оны қолдану тәжірибесінен біржола кете қойған жоқ.

Біздің қылмыстық іс жүргізу теориясында осы жуырға дейін ұстанымға айналып кеткен пікір басымдылыққа жетті, бұл ретте жеке және қоғамдық мүдделерді бір мезгілде қанағаттандыруға талпынған жөн, таңдау қажеттілігі туындаған жағдайда олардың арасында даусыз соңғыға басымдылық берілуі тиіс. Осындай позиция қолданыстағы қылмыстық іс жүргізу заңнамасында, сондай-ақ оны қолдану тәжірибесінде де тікелей көрініс тапқан болатын. Жалпы ереже бойынша, жеке мүдделер қанағаттандыруға тұрарлық болып танылған, сондықтан да қылмыстық іс жүргізу заңында олар қоғамдық мүдделерге сәйкес келсе немесе оларға   қайшы келетін қандай жағдайда да кепілдендірілетін субъективтік құқықтар түрінде бекітіліп отырған. Өзге де жеке мүдделер заңмен танылмаған болатын және тиісінше, мемлекеттің тарапынан ешқандай қорғаныспен қамтамасыз етілмеген.

Осылайша, қылмыстық іс жүргізуге қатысатын кез келген қатысушы азамат оның іс жүргізу жағдайына қарамастан, мемлекеттің тарапынан өзінің абыройын тану және қорғауға қатысты конституциялық құқықты иеленетін адам-тұлға болып табылады.

Қазақстанның Конституциясына сәйкес, тергеуге қатысушылардың құқықтарын қамтамасыз ету адам туралы, оның өмірі, құқықтары мен еркіндіктері туралы жоғары құндылықтар ретінде ұғымдарға жауап беруі және адам құқықтары саласында халықаралық ұстанымдар мен нормаларға (стандарттар) сәйкес болуы керек.

Тұлға құқықтарының тұжырымы – қылмыстық іс жүргізуде тұлға құқықтарының орны мен рөлі туралы түсініктер мен көзқарастардың жалпыға танылған жүйесі болып табылады. Адам құқықтарының тұжырымы мен оның ережелеріне байланысты аталмыш құқықтардың басымдылығы қылмыстарды тергеу барысында тұлғаның құқықтарын қамтамасыз ету деңгейін айтарлықтай көрсету қажеттілігі ғана емес, сонымен қатар қылмыстық сот өндірісінің тұтас алғанда мақсаттары, мәні, бағыттары мен реформалау дәрежесін қамтиды.

Қылмыстық сот өндірісіне қатысушылардың дербес тобын қылмыстық істе өзінің құқықтық мүддесі бар тұлғалар құрайды. Айыпталушы, сезікті, жәбірленуші, азаматтық талапкер және азаматтық жауапкердің қылмыстық істе ұдайы олардың іс жүргізу орнын анықтайтын тергеудегі қылмыс жасау нәтижесінде туындаған тұлғаның белгілі бір қасиеттерінен пайда болатын өзінің жеке мүддесі болады. Қоғамдық мүдде, қылмыстық сот өндірісінің қатысушылары толық немесе ішінара қабылдауы мүмкін ықтимал мінез-құлықтың белгілі бір желілері ретінде олардың жеке мүддесіне қатысты орын алады. Бірақ, тіпті қоғамдық мүддемен толық сәйкес келіп отырған күннің өзінде, қоғамдық мүдде жеке мүддені өз ішінде сіңірмейді. Бұл тек тұлғаның мүдделері осы жағдайда қоғамдық сипатқа ие болатындығын куәландырады. Ал осындай қатысушының құқықтары мен міндеттері тек арнайы іс жүргізу құралдары мен тәсілдер арқылы ғана емес, сонымен қатар әділ сот кепілдіктерімен де қамтамасыз етіледі.

Қылмыстық сот өндірісіне қатысушылардың қатарына сонымен қатар, қылмыстық іс   жүргізудің басқа да қатысушыларының мүдделерін ұсынатын және қорғайтын тұлғалар да жатады. Бұл сезікті мен айыпталушының қорғаушысы, олардың заңды өкілі, сонымен қатар жәбірленушінің, азаматтық талапкер мен азаматтық жауапкердің өкілі болып табылады. Қорғаушының қылмыстық іс жүргізу қызметі өзінің қорғалушыларының мүдделерін қорғауға бағытталғанымен, оның өзі қылмыстық сот өндірісінде жалпы қоғамның мүдделерін ұстанады. Қорғаушының қылмыстық іс жүргізу қызметіне бұқаралық негіз тән болып табылады.

Қылмыстық сот өндірісіне белгілі бір қатысушының мүдделері сияқты тұлғаның мүдделері өзі үшін өмірлік маңызы бар құндылықтарды қорғау қажеттілігін білдіреді. Қылмыс жасаудағы айыпталушы мен сезікті қылмыс жасаудағы өзіне қатысты туындаған күдік пен айыптаудан қорғану және қылмыстық іс жүргізуге мәжбүрлеу амалдарын қолдану нәтижесінде өздерінің құқықтары мен еркіндіктерін қамтамасыз етуге зәру болады. Жәбірленушіге әділ сотқа қолжетімділік пен қылмыспен келтірілген зиянды өтеу қажет. Азаматтық талапкер мен азаматтық жауапкерге тиісінше, қылмыстық сот өндірісінде азаматтық талап арыз беру және қолдау құқығы мен оған қорғаныс құқығы кепілдендірілуі тиіс. Қылмыстық іс бойынша әділ сот ісін жүргізу құқығы жеке тұлғаны қылмыстық процеске тартқан сәттен бастап пайда болады. Қандай да бір сот ісінің жағдайына қарай бұл сәт ұстаумен, тұтқындаумен немесе айып тағылумен қабат кеп қалуы мүмкін. Осылайша әділ сот ісін жүргізу кепілдіктері қылмыстық істі қозғау, алдын ала тергеу және анықтау процестерінде, сондай-ақ соттың мүмкін болатын апелляциялық (қадағалау) шағымы бойынша әрекеттерін қоса алғандағы соттың істі қарауы барысында қамтамасыз етілуі тиіс.

Мемлекеттің тұлғаға қарым-қатынасының конституциялық деңгейіндегі түбегейлі өзгеріс, қылмыстық іс жүргізудің бағыттылығы мен мазмұнының айтарлықтай өзгерісін шарасыз туындатады. Қылмыстық іс жүргізу заңының дамуы ұдайы елеулі дәрежеде қоғамдық және жеке мүдделердің тиісті арақатынасын қамтамасыз ету қажеттілігінен бастау алады. Сонымен бірге, мұндай қажеттілік қазіргі таңда да көрініс тауып отыр. Қылмыстық іс бойынша өндіріс аясына тартылған адам тіпті ең бір орасан зор мақсаттардың оның кішігірім болса да, бірақ төл мүдделерінің алдында артықшылыққа ие болмайтындығына үміттенуге және соны талап етуге құқылы болып табылады.

 

 

Әдебиеттер

 

  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы – Алматы: Қазақстан, 2014. – 45 б.
  2. Қазақстан – 2030. – Алматы: ЮРИСТ, 2007. – 164 б.
  3. Алауханов Е.О, Садыков А.Ж. Право подозреваемого и обвиняемого и подсудимого на профессиональную защиту: Монография. – Алматы, 2009. – 248 с.
  4. Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексі. – Алматы: ЮРИСТ, 2009. – 207 б.
  5. Казахстан в посткризисном мире: интеллектуальный прорыв в будущее // Казахстанская правда. – – 14 октября.–  С. 2.
  6. Социальная психология: учебник для вузов / под ред. В.Н. Лавриненко. – М.: ЮНИТИ, 1995. – 320 с.
  7. Спиркин А.Г. Основы философии: учебное пособие для вузов. – М., 1988. – 256 с.
  8. Психология и педагогика в правоохранительной деятельности органов внутренних дел: учебное пособие / под ред. И.Д. Мариновской. – М.: Щит. – М., 1997. – 287 с.
  9. Кучинский В.А. Личность, свобода, право. – М., 1978. – 225 с.
  10. Платонов К.К. Структура и развитие личности. – М., 1986. – 410 с.
  11. Шадрин В.С. Обеспечение прав личности при расследовании преступлений. – Волгоград, 1997. – 311 с.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.