Қазақстан өз тәуелсіздігіне ие болғаннан кейінгі әлемдік экономикаға интеграциялану үдерістері жерге бай Қазақстан ауылшаруашылығы саласының әлеуетін ашуға үлкен көмегін тигізіп келе жатқандай. Осы үрдістің нәтижесінде біз әлемдегі астықты державалардың біріне айналсақ, ендігі кезекте малшаруашылығының дамытылуына екпін түсірілуде. Салаға мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдау шаралары жыл өткен сайын нығайып, нақты бағдарламалар мен заңдар аясындағы болжамды негізде алдыңғы қатарлы елдерге тән өркениетті даму мүмкіндігін қалыптастыруда.
Өзінің жыл сайынғы жолдауында Елбасы Н.Ә. Назарбаев агроөнеркәсіптік кешеннің маңыздылығын тағы да атап өтті. Ол өз жолдауында былай деді: «Агроөнеркәсіптік кешенді инновациялық рельстерге ауыстыруды қамтамасыз ету маңызды болып табылады. Бұл біздің дәстүрлі саламыз. Азық-түлікке деген жаһандық қажеттілік өседі. Бұл секторға инвестиция артығырақ кетедi. Сондықтан қазіргі фермерлер ауа райының жағдайына байланысты аз жетістіктерімен қанағаттанбай, өндірістің өсуіне көңіл бөлу керек. Жаһандық агроөндірісте бәсекелестік өсетін болады. Жермен ең алдымен жаңа технологияларды жетік меңгерен және үздіксіз өнiмдiлiктi жоғарылататын, әлемдiк жақсы стандарттардың негiзiнде жұмыс iстейтiн адамдар қызмет ету керек. Бірінші кезекте, баға белгілеудің мөлдір тетіктерін есепке ала отырып, тиімді жер нарығын құру маңызды болып саналады. Инвестицияларды тарту және алдыңғы қатарлы технологияларды енгізуді есепке ала отырып, ауылшаруашылығындағы жайылымдарды жалға беру, бәсекелестікі жоғарылатады. Фермерлік кооперация процесіне, тиімді жер пайдалануға, ауылшаруашылығындағы шаруашылықтың дамуына кедергі келтіретін барлық тосқауылдарды тоқтату қажет» [1].
2013 жылды ауылшаруашылығы саласы үшін «Агробизнес-2020» бағдарламасын іске асыруды ұйымдастыру жылы болды деуге келеді. Осы салада көптеген жұмыстар жүргізілді. Атап айтқанда, 2014 жылғы 17 қаңтарда «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне агроөнеркәсіптік кешен мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң қабылданды. Бұл заң бағдарламаны мемлекеттік қолдау шараларын, яғни осы мақсатта жұмсалатын қаржыны заңдастыратын болады. Сонымен қатар, бағдарламаны іске асыру мақсатында 15 шеберлік-жоспар әзірленді. Бұл жоспарлар ауылшаруашылығының әрбір саласы және әрбір облыс бойынша қолдауды іске асыру тетіктері мен көрсеткіштерді нақты анықтап берді. «Бағдарламаны іске асырудың 2013 жылғы негізгі қорытындыларына келсек, аталған жылы ауыл шаруашылығындағы ішкі жалпы өнімінің көлемі 10,8 пайызға ұлғайып, 2,4 триллион теңгені құрады. Соның ішінде өсімдік шаруашылығындағы өнім көлемі бір жылдың ішінде 20,8 пайызға ұлғайса, малшаруашылығы өнім көлемі 1,1 пайызға артты.
Күрделі ауа райы жағдайына қарамастан, таза салмақпен алғанда еліміз бойынша 18,2 млн. тонна астық жиналды. Әрбір гектар берекесі 11,6 центнерден айналып, 2012 жылмен салыстырғанда өнімділік деңгейі 3 центнерге жоғарылады. Жиналған астық елдің ішкі қажеттілігін толық қамтамасыз етіп қоймай, сонымен қатар, экспортқа 9 млн. тоннаға дейін астық шығару мүмкіндігін береді. Малшаруашылығында да өндірістің өсуі мен мал басының артуы байқалып отыр. Мәселен, 2012 жылмен салыстырғанда ет өндірісі 1,0%-ға, сүт көлемі 1,5%-ға, жұмыртқа 6,3%-ға артты. Ірі қара малдың саны 2012 жылмен салыстырғанда 1,2%-ға өсіп, 5,8 млн. басты құраса, жылқы саны 1 пайызға (1,7 млн. бас), құстар саны 2,8%-ға (34,4 млн.) артты. Ал қой мен ешкі санының 0,6%-ға (17,5 млн. бас), шошқа санының 10,5%-ға (0,9 млн. бас) төмендеуі байқалды. Сөйтіп, 2013 жылдың қорытындысында еліміздегі ірі қара малдың 31%-ы аграрлық ұйымдастырылған құрылымдарда, ал 69%-ы жеке қосалқы шаруашылықтарда шоғырланып отыр» [2].
Салыстыру үшін айтатын болсақ, 2010 жылдың басында республика бойынша ұйымдастырылған шаруашылықтардағы мал басының үлесі 18%-ды, жеке қосалқы шаруашылықтарда 82%ды құраған болатын. Міне, осы жүріп жатқан оң өзгерістердің барлығы «Агробизнес-2020» бағдарламасында алға қойылған міндеттерге сәйкес келеді. Жерге бай мемлекеттердің қатарындағы Қазақстандағы ауыл шаруашылығы жерінің басым көпшілігін мал жаятын жерлер құрайды. Осы ресурстарды іске қосу жыл өткен сайын маңызды бола түсуде. Осыған орай малшаруашылығы өнімдерінің көлемі мен сапасын, осы салада еңбек етуші кәсіпорындар мен шаруа қожалықтарының, ірі ауыл шаруашылығы құрылымдарының бәсекелестік қабілетін арттыру мақсатында қазіргі уақыттары бірнеше қолдау шаралары қарастырылуда. Олардың қатарында асыл тұқымды малшаруашылығын дамытуға бағытталған шаралар бар. Мәселен, еліміздегі ірі қара мал мен қойдың асыл тұқымдарын жетілдіру, осы бағыттағы селекциялық жұмыстарды жүргізу, ірі қара малдың асыл тұқымдарын елімізге импорттау, асыл тұқымды төл сатып алу секілді жұмыстарға субсидия төлеу мәселесі шешімін тапқан. Сонымен қатар, өгізшелерді бордақылау алаңдарына өткізу, сиыр, жылқы, қой, түйе, шошқа, бройлерлік құс және күркетауық еттерін, тауық жұмыртқасын, сүт, қымыз, шұбат, биязы жүнді қой жүнін өндіру үшін пайдаланылатын мал мен құстарға берілетін азықтың құнын арзандату үшін осыны субсидиялау көзделуде.
Мемлекет, сонымен қоса, қазіргі уақытта жеке қосалқы шаруашылықтардағы мал басын сапалық жағынан жақсарту ісіне де көңіл бөлуде. Мәселен, осылардың жалпы табынындағы ет бағытындағы тұқымдық бұқаларды күтіп-бағу жұмысы субсидияланатын болды. Атап айтсақ, бір бұқаны күтуге 104 мың теңгеге дейін субсидия беріледі. Елбасының тапсырмасы бойынша әзірленген «Агробизнес-2020» бағдарламасының басты бағыттары да еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатына арналған. Бағдарлама жүзеге асқан жағдайда ауылшаруашылығындағы отандық өндірістің көлемі артып, экспорттық мүмкіндіктері айта қаларлықтай көтерілетін болады. Жоғарыда айтып өткеніміздей, бағдарлама ауылшаруашылығын мемлекеттік тұрғыдан қолдаудың жаңа тетіктері мен оларды қаржыландыру көздерін айқындады. Соның нәтижесінде, агроөнеркәсіпті қолдаудың көлемі 4,5 есеге дейін артатын болады. Міне, осылардың барлығы ақырында келіп, еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесін шешеді.
Қазіргі таңда Қазақстанда нарықтық экономикалық жағдайда малшаруашылығының салаларының дамуына түгелдей дерлік заң шығару базасы құрылған. «Агроөнеркәсiптiк кешендi дамыту және ауылшаруашылық аумақтарды мемлекеттiк реттеу туралы», «Асыл тұқымды малшаруашылығы туралы», «Ветеринария туралы», «Селекциялық жетiстiктердi қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңнамалары есебінде осы саладағы қарым-қатынасты реттейтін негізгі заңнамалық актілер Парламентпен қабылданды. Бірақ заң шығару базасын құру – бұл бастапқы деңгей ғана екенін түсіну керек. Алға қойға мақсатқа жету үшін басқарудың заңдық, сондай-ақ атқарушы тармақтарымен ауқымды жұмыс істеу қажет.
ТМД мемлекеттерінде етті малшаруашылығы дамудың бастапқы сатысында болса, жақсы өңделген үнемді технологиялар және жоғары өнімді малдың етті тұқымдары Батыс елдерінде бұрыннан салтқа айналған. Мысалы, АҚШда малшаруашылығында етті бағыт басым. Ет Қазақстан халқына сияқты америкалықтарға да тамақтанудың маңызды элементі болып табылады, сиыр етінің 90% етті малдың есебінен өндіріледі. 1988-2000 жыл аралығында Еуропаның алдыңғы қатарлы 12 мемлекетінде сүтті мал басы 4,1 есеге қысқарды, ал етті табындағы мал басы 3,9 млн-ға өсті. Олар Жаңа Зеландия, Канада және Австралия сияқты халықаралық еңбек бөлінісінде аграрлық-шикізаттық мамандандыруға ие. Жаңа Зеландияның ауылшаруашылығы әлемде өте тиімділердің бірі, сонымен қатар ет өндіру бұл мемлекетте жетекші салалардың бірі болып табылады [3].
Қазақстанда барлық талаптарға қарсы тұра алатын жүйені құруға мүмкіндік беретін аграрлық сектор потенциалы орташа маңызды қызметке негізделген, мақсатты бағдарлама кешені дайындалған. Осындай бағдарламалардың бірі болып АҚ «Ұлттық басқарушы Холдинг «ҚазАгро-мен» жүзеге асырылатын «ІҚМ етінің экспорттық потенциялының дамуы» Жобасын атауға болады.
Жобаның негізгі мақсаты малшаруашылығының етті саласының тұрақты дамуына байланысты мықты негіз құру. Оның жүзеге асырылуында малшаруашылығының қайта өндіру базасы кеңейтіледі, малдың өнімділігінің генетикалық потенциалы жоғарылайды, инновациялық технологиялардың трансферті жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасына небәрі 2011-2012 жылдар аралығында шетел селекциясынан 30 мыңнан астам мал басы импортталған, ІҚМ етінің 112 мыңға жуық мал басының тауарлық контингенті құрылған, 37 мың орынға өнеркәсіптік жемдеудің алаңы құрылған. Асыл тұқымды бұқаларды пайдалану есебінен әлемдік стандарттарға сай малдың өнімділігін жеткізетін етті қараның тұқымын жақсартуға қатысты жұмыстар басталды.
2016 жылға дейін «ҚазАгро» Холдингінің несиелік ресурс есебінен 72 мың асыл тұқымды мал басының импортталуын жүзеге асыру, ауылшаруашылық және фермерлік шаруашылықтағы мал басын 224 мыңға жеткізу, сондайақ бір уақыттық мазмұндағы 150 мың басқа арналған жемдеу алаңын құру жоспарланып отыр. Осының бәрі Қазақстанға 2016 жылға дейін жекеменшік сауда-саттық қауіпсіздікті және дәстүрлі немесе жаңа нарықтағы өнімді экспорттаудың мықты негізін құруға қажетті шарттарды құрастыруға мүмкіндік береді [4].
Ауылшаруашылық өндірушілерін мемлекеттік қолдау шаралары бағдарламаның өзінде ерекше назар аударатындығын аңғару қажет. Жобаға араласуға олардың ынталандырылуы үшiн еттi сиыр шаруашылығының жәрдем беруiнiң жаңа бағыттары жасалған, олардың нормативтерi және көлемі айтарлықтай үлкейтілген, жем-шөп өндiру және отарлы малшаруашылығының дамуы бойынша бағдарлама жасалған. «КазАгро» Холдингінiң берiлетiн серiктестiктерiнiң қаржы қызметтерiнiң өнiм сызығы жаңа жаңалықтарды құрайды, оның ішінде қарыз берушілердің талабы бойынша, сонымен қатар мерзiмге байланысты төмен пайыздық ставкалар мен жеңiлдiктi жағдайлар да қарастырылған.
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы Үкiметінiң мәжiлiсiнде 2013-2020 жылдарға агроөнеркәсiптiк кешендi дамыту бойынша«Ауылшаруашылығы – 2020» жаңа салалық бағдарламасы бекiтілді. Бағдарлама Кеден одағы жағдайында бәсекелестiктiң күшейтуiмен байланыста жасалды, сондай-ақ ІТҚ-ға алдағы уақытта кіру жоспарланды. Бағдарламаны әзiрлеуде ғалымдар, салалық одақтар, ауылшаруашылығының өкiлдерi белсенді қатысты [5].
«Ауылшаруашылығы-2020» бағдарламасы шеңберінде бұл мән-жайлар енді қолжетімді болды. Ауылшаруашылық кешендерiнiң пайдасына ауылшаруашылық малдарына меншік иелерінің құрылымын өзгерту қажеттілігі туындады. Тек қана өнеркәсiптiк, кәсiби өндiрiс шығындарды төмендетудiң есебiне қажеттi өнiм бәсекеге қабiлеттiлiгiн бере алады. Бұл жерде фермерлiк шаруашылықтардағы ІҚМ-дағы (ірі қара мал) аналық малдың орташа саны 50-ден 200 басқа дейiн болуы керек екенін және аналық малға жәрдем беру ешқандай да мал басының санына талап қойылмайтынын ескерткен жөн.
Еттi малшаруашылығының дамуы бойынша бағдарлама енді оң әсерге ие болады. Егер ЛПХке 2009 жылда мысалға ІҚМ мал басы 82% жұмылдырса, ал 2012 жылда 72,3%, яғни осы шаруашылықпен кәсіби негізде малшаруашылығын, ұйымдастырылған шаруашылыққа ауыстыру көзделіп отыр. Әсiресе, 2009 жылмен салыстырғанда, фермерлік шаруашылықта 53%-ға мал басының жақсы өскендігі байқалады [5].
Бұл жетістік мемлекет басшысының «Сыбаға» бағдарламасының тапсырмасымен көрсетілген тура нәтижесі. Фермерлiк шаруашылықтарда 2011 жылдан 2012 жылдарға дейiн аналық мал табыны жоспардағы 82, 0 мың мал басының орнына 115,0 мың мал басына жеткен (40% артық). Жоспарлы көрсеткiштерi бар салыстыру бойынша малды сатып алу сұранысы жоғарылап кетуі қазiргі уақытта байқалуда және бұл бағдарлама бойынша соммамен ерекшеленедi. Қорыта келгенде, бизнес осы бағдарламаның керектiгiн көрсетедi [6].
2013 жылы фермерлік шаруашылықпен 42 мың ІҚМ мал басын игеру жоспарланған, 17 шілденің жоспарына сәйкес 23 924 мың ІҚМ аналық мал басына және 1409 асыл тұқымды бұқалар, яғни 57-101% құрады. Қоғам үшiн осы бағдарламаның өткiзуiн бақылау, жобаның ашықтығын қамту үшiн «www.sybaga.kz» ақпараттық ресурсы құрылған. Бұл ресурс, бiрiншi кезекке, жақын туыстық айқастырудың болмауына және жәрдем беру барысында тұқымдық өзгерудің болдырмауын, сонымен бiрге аналитикалық кестелер арқылы аудандар және облыстардың рейтингiн, өзгеру серпінін қарап, бақылап отыруға мүмкіндік береді. Осы жылдан бастап «Сыбаға» аналогиялық бағдарлама жобасы қой шаруашылығын енгізеді. Мемлекетіміздегі несиенің жеңілдік жағдайлары осы бағыттың шынымен дамуына көмектеседі. Екінші маңызды фактор болып, төмен потенциалды генетиканың салдарынан болған ауыл малдарының төмен өнімділігі. Мысалы, 2013 жылдың 1қаңтарында ІҚМ асыл тұқымды мал басы 8% (2008 жылмен салыстырғанда 4,5% өскен), қой саны – 14% шамасында, шошқа саны – 19%, жылқы мен құс саны – 7-11%, соған сәйкес (2008 жылдың басында асыл тұқымды мал басы 3,5% құрады). Бұл малшаруашылығының төмен тиімділігі мен төмен әсерлігінің негізгі себептерінің бірі. Малшаруашылығы бойынша дамыған мемлекеттерде бұл көрсеткіш 40-50% құрайды. Осы мәселені шешу үшін белгілі бір әрекеттер жасалынады. 2012 жылы ірі қара мал саласын реттеу күшін жоғалтуды қарастыратын, асыл тұқымды малшаруашылығы туралы заңға өзгерістер енгізілді [6].
Одан басқа, бүгінгі күнде өзекті тақырып болып, аумақтағы мал дәрігерлерінің де жағдайын жақсарту танылады. Қазақстанда мал дәрігерлік салада талаптар мен қалыпты құрастыруда және анықтауда «Қазақстан Республикасының Ветеренария туралы» Заңы негіз салушы құжат болып табылады. Мемлекеттің ветеренарлық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, осының арқасында қазіргі уақытта айтарлықтай жоғары дәрежеде.
Жалпы Қазақстаннның ветеренарлық қадағалау органдарының талаптары көптеген еуропалық мемлекеттерге қарағанда әлдеқайда жоғары. Және сыртқы жоғарғы қауіп кезінде қазіргі уақытта Батыс мемлекеттерінде көп ұшырайтын: кеуекті энцефалопатия, сиырлардың құтыруы, шошқа обасының жаппай таралуы және т.б. аурулардан құтылу мүмкіндіктері бар. Мұндай нәтижелерге мемлекетіміздегі ветеренариялық салаға қойылатын жоғарғы талаптардың негізінде жетіп отырмыз. Және бұл кішігірім фермерлерде, фермерлік және жекеменшіктегі шаруашылықтарда ветеренариялық-санитарлық мәдениеттің шетел фермаларына қарағанда айтарлықтай төмендігіне қарамастан осылай болып отыр.
Отандық малдарға арналған дәрі-дәрмектердің сапасы ресейлік және халықаралық қалыпқа сай келетінін атап өткен жөн. Республикамызда кейбір биошаралар 9000:2000 серияларына сәйкес аттестатталған, ал жекелеген учаскелер дәрі-дәрмектерді шығару мен қадағалау ережелерінің талаптарына сәйкес сертификатталған (GMP). Алайда бүгінгі күні мемлекеттің қалған биоқауіпсіздігінің біртекті саясатын қамтамасыз етуге бағытталған қызметтің бағдарламасы жоқ. Инновация мен қажетті қаржыландыру жүргізілмейді. Бұл мәселесiнің шешiмі ветеринарияның барлық жүйесiнiң институционалдық күшейтуiнде көрінеді, ал қысқа мерзімді күрестiң стратегиясы сонымен бiрге орташа және ұзақ мерзiмдi жануарлардың iндетсiз немесе жұқпалы індетпен күресу. Сондай-ақ аса қауіпті жұқпалы аурулардың алдын алу жұмыстарын енгізу мүмкіндіктерін қарастыру қажет. Ол үшін ветеренарлы-санитарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін, ветеренарлық қадағалаудың нақты құралы қажет [7].
Қазіргі уақытта Қазақстанда кәсіби түрде ойластырып, ғылыми-әдістемелік көмек бере алатын (малшаруашылық шаруалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшiн алдын алу, таратушы шаралар бойымен нұсқау, кепiлдеме беру) ірі ғылыми институттардың бірі – Қазақ ғылыми ветеренариялық зерттеу институты болып табылады. Қазақстанда «өрістер» туралы Заң жобасы жасалған. «Өрістер туралы» заңнаманың жобасын қазақстандық мәжілісшілер құрастырды. Депутаттардың айтуы бойынша, «Өрістер туралы» заңның құрастырылуына негіз болған мемлекеттегі өріс ресурстарында туындаған қиындықтар. Сонымен, әлемдік институттардың мәліметтері бойынша мемлекетіміздегі өрістік жерлер 188 млн. гектар жерді құрап отыр, ол барлық шекараның жалпы ауданының 70% құрайды. Бүгінгі күні өрісті жерлердің 48 млн. гектары жарамсыз жерлер екені белгілі (жалпы аудан есебінен 26%) [8]. Осындай аса маңызды мәселелер «Өрістер туралы» заңның негізгі мақсаты болып табылады. Жаңа құжатта басты сұрақ – өрiстермен тиiмдi басқару және жайылым өлкелерiнiң құқықтық мәртебесіне тағайындалатын жағдайларды тиiмдi пайдалану, бекiтуi және маңыздырақ тармақ-ахуалын мемлекеттiк бақылау осы салада танылады. «Нағыз заң жобасы мал айдайтын трассалар бойымен айдау үшiн жануарларға құқықтық негiздер орнату, өрiстермен және өрiстердi басқарудың төңiрегiндегi мемлекеттiк бақылаудың жүзеге асырылуын тiркеу, иелену құқығы бойынша мәселелерді мемлекет шамасында анықтайды», – деп Жексенбай Дүйсебаев атап өтті. Одан басқа, құжат өрiсті басқару бойынша реттеудiң төңiрегiндегi мемлекеттiк органдар және жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының құзырын ескередi, олардың жақсаруы және пайдалануын, сонымен бiрге өрiстердi басқарудың мемлекеттiк қолдаудың өлшемiн көрсетеді. Қазақстанда қоғамдық-басқарушы органдары өрістерді пайдалану сұрақтарымен айналысатын – Жайылымдар кеңесін құрастыруды жоспарлап отыр.
«Өрiстер туралы» Заңның жаңа жобасы мұндай мүмкiндiктi ескереді. Жайылым кеңестерi ауылшаруашылық округтердегi жиындарында құрылады. Басты мақсат – өрісқолданушылар мен жергілікті атқарушы органдардың арасында тиiмдi ынтымақтастық құру [8]. Заң жобасы авторларының ойынша, «Жайылымдар кеңесі» өрістік аумақтарды пайдалану бойынша жыл сайындық іс-шаралардың жоспарлануы мен осы жоспардың іске асуына қатысып, әрекет ететін болады. Кеңестiң мүшелерi өрiстердiң сыртқы шекараларын анықтау бойынша мекеме арасындағы комиссияның жұмысында араласып, малды бағудың ережелерін өріспайдаланушымен қоғамдық бақылауды жүзеге асыру, сонымен бірге солардың заңымен белгіленген іс-шараларын орындау. Осыдан бөлек, жайылымдар кеңесі өрісті басқару мен қолдану бойынша жоспарды жүзеге асырудың қорытындысы туралы жергілікті атқарушы органдардың есебін тыңдау барысында жергілікті өкілді органдарының жұмысына қатысады, сонымен қатар өрістік аумақтарды пайдалану бойынша жыл сайынғы жоспарларға араласуы қажет. Кеңестің уәкілеттігінде өрісті пайдалануға қатысты, таластарды шешу қарастырылады. Жобаны құрастырушылардың айтуынша, жаңа өрістік заңнама мемлекетіміздегі өрісті малшаруашылығындағы жағдайды түбірлі түрде өзгертуі қажет және құқықтық алаңда тараптардың қарым-қатынасын нақты реттеу қажет. Аграрлық заңдар және өзге де нормативтік құқықтық актілер мемлекеттік деңгейде қабылданған тиімді мемлекеттік құқықтық қамтамасыз ету, біздің ойымызша, малшаруашылық салалардың тиімді дамуына әсер етеді. Ауылшаруашылық саласының жағдайын жақсарту үшін, малшаруашылығы қызметінің дамуына міндетті түрде қатысты мемлекеттік бағдарламаларды орындау барысында мемлекеттік қадағалаудың тиімді түрін құрастыру қажет. Аталған басқару жүйесі, біздің ойымызша, өзіне мемлекеттік қадағалау және жоғарғы лауазымды тұлғалардың әкімшілік шешімді орындауды тексеруді ғана қосу емес, сонымен қатар осы саладағы қоғамдық бақылауды да қосу керек. Қорыта келе, біз мемлекетіміздің нығаюына көптеген істер атқардық және өз жолымызда көп қиындықтарға ұшырадық.
Алайда мемлекетіміз ешқашан қиындықтарға мойымады және абыроймен осы қиындықтардан өтті. Және қазір агроөнеркәсіптік өндірістік бағытта біздің елбасымыз Қазақстанның гүлденуі үшін бәрін жасап жатыр, басқа дамушы мемлекеттермен бәсекелесті және экономикалық нарықта өз позициясын ұстап тұрды. Осыған байланысты сауда-саттық пен малшаруашылығы мемлекет үздіксіз айналысуы қажет маңызды бағыттардың бірі болып табылады.
Әдебиеттер
- Қазақстан Республикасы Президентінің 17 қаңтар 2014 жылғы Қазақстан халқына жолдауы «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» // akorda.kz.
- Еларалық ықпалдастық аграрлық сектордың әлеуетін ашады. //Егемен Қазақстан. – №241 (5463), 29 мамыр,
- АО «КазАгроИнновация». «Ветеринарные вопросы развития мясного скотоводства Казахстана» – Журнал «Аграрный сектор». – №1(11), март 2012.
- «Развитие экспортного потенциала мяса крупного рогатого скота на 2011-2015 годы» от 29 июня 2011 года //www. k.z
- Программа «Агробизнес-2020» от 15 января 2013 года // www.minagri.kz.
- Программа «Сыбага» от 23 февраля 2011 года //www.minagri.kz.
- Султанов А.А., генеральный директор ТОО «Казахский научно-исследовательский ветеринарный институт», доктор ветеринарных наук, профессор – «Завезенному скоту – особое внимание» // Журнал «Аграрный сектор». – №1(11), март 2012.
- Темиралиева А. «И снова пастбищный вопрос» // Сельскохозяйственный журнал «АгроӘлем». – №6. – 7 ноября 2012.