Филология

Сұлтанмахмұт Торайғыров — тəуелсіздік ісіне, халықтың прогресс пен мəдениет жолымен дамуына зор үлес қосқан ақын. Ол өткір сыни бағыттағы, əділетсіз өмір бет пердесін ашатын, надандық пен қараңғылықты түйрейтін тамаша туындылар жазды. Торайғыровтың пікірінше, халық өз тағдырын өзі жасайды. Бұл үшін оған ұйқыдан оянып, ілгері жүру жəне басқа халықтар сияқты даму керек.
2009

Бекхожин Қайыржан Нұрғожаұлы (1910–1979) — қазақ баспасөзін зерттеуші ғалым, тарих ғылымдарының докторы. 1965 жылы Павлодар қаласында шаруа отбасында туған. Ол журналистік қызметін 1929 жылы Павлодар округтік «Кеңес туы», «Колхоз» газеттеріне хат-хабар жазудан бастады. 1935–1939 жылдары Семей облысы «Екпінді» газетінде істеді. 1942 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірді. 1942–1945 жылдарда Қостанай облысы «Большевиктік жол» газетінің редакторы, 1945–1947 жылдары өзі оқыған университеттің журналистика факультетінің аға оқытушысы, деканы болды. 1948 жылдан журналистика кафедрасының меңгерушісі. Ол «Айқап» журналын зерттеуде көп еңбек сіңірген ғалым. Бекхожин 60-тан астам ғылыми мақала мен «Қазақ баспасөзінің даму жолдары (1860–1930 жылдар)» атты монографиялық кітаптың авторы [1].
2009

C.Көбеев бүкіл саналы ғұмырын оқытушылыққа арнады. 1901 жылдан 1956 жылға дейін педагогтік қызметпен айналысты. Ұстазы Ы.Алтынсарин тəрізді педагогтік қызмет пен жазушылықты шебер ұштасыра білді. Ыбырайдың «Қазақ хрестоматиясы» үлгісімен жарық көрген «Үлгілі тəржіма» мен «Үлгілі бала» жинақтарындағы мысал өлеңдері мен əңгімелерінің қай- қайсысын болсын балаларға арналмады деп айта алмаймыз. ««Үлгілі тəржімаға» Спандияр жасаған 44 аударма жəне автордың «Мекен» атты бір өлеңі кіреді. Осы күнге дейін «Үлгілі тəржімəға» кірген 44 аударма түгелдей Крыловтан аударылған деген көзқарас басым болып келеді. Бұл көзқарастың қателігі, осы кітапқа кірген аудармаларды түпнұсқамен салыстыра отырып, толық қайта қарау үстінде анықталды.
2009

Суырып салмалық өнерді жан-жақты тексерген ғалым М.Жармұхамедов: «Айтыс ақындары — өз дəуірінің перзенті. Сондықтан өз заманының тұсында жасаған ақындар əрдайым өзінің шыққан руы мен ел-жұртының талап-мүддесінен табылып отыруы да заңды. Бұл айтыс ақындарының бəріне тəн қасиет, онсыз айтыс біздегідей кең көлемдегі шырқау шыңына көтеріле алмаған болар еді» [1; 18], — десе, филология ғылымдарының докторы М.Дүйсенов: «Қазіргі айтыс дəстүрінде əр ақын өз ауданы мен облысындағы жетістік, табыстарын айтып, қарсыластары облысындағы кейбір өзі байқаған кем-кетіктерді сыпайы түрде іліп кетіп жатады. Сайып келгенде айтыс тақырыбының терезесі кең, ол заман, қоғам, адам туралы, бүгінгі күннің шындығы болып отыр. Жеке бастың ғана емес, қоғамдық мəні бар жайлар ақындар назарынан əсте шыққан емес» [2; 51], — дейді. Көкен Шəкеевтің кез келген айтысында өмір шындығы тартыс арқауы болып отырады. Бетпе-бет келіп сөз бəсекесіне түскен екі ақынның өмірлік шындықты өз пайдасына жаратып айта білуі де əрқилы.
2009

20-жылдардағы ғылыми-зерттеу мақалаларға көз салатын болсақ, əдеби-теориялық ой-пікірдің ізденістері мен іркілістерін саралағанда, бұл кезеңде əдеби-теориялық білімдер жүйесінің жоғары болғанын, күрделі теориялық мəселелерге қалам тарта алғанын көре отырып, А.Байтұрсыновтың «Əдебиет танытқыш» атты еңбегінің тақыр жерде пайда болмағанын байқаймыз. 20-жылдардың бас кезінен бастап-ақ қазақ əдебиетінің əр салаларына батыл араласып пікір айта бастаған сыншылдық жəне əдеби мұра туралы ғылыми-зерттеушілік сипаттағы мақалалар жеке бір ақын-жазушыны, не болмаса белгілі бір көркем шығарманы сөз ету барысында əдеби-теориялық ой-пікірді жетілдіре түскені байқалады.
2009

Қазақ қаламгерлері өз шығармалары арқылы тарих қойнауына, ғасырлар көшіне барлау жасады, ұзақ мерзім бойы салтанат құрған ұлттық болмысқа, сол болмыс аясындағы салт-дəстүр, əдет- ғұрыпқа əлемде теңдесі жоқ құбылыс — сал, серілер фенонеміне зерделеу жүргізді. Белгілі бір тарихи оқиға, құбылысты бейнелегенде оны сол тұстағы қоғамдық-əлеуметтік, тарихи, саяси жағдаяттардан, рухани өмір санасынан бөліп алып қарау мүмкін емес. Олай болуы заңды да, себебі əдебиет — адамтану ғылымы. Адамдар тобы қоғамды құрайды. Сол қоғамда өзіндік заңдылықтар қалыптасады. Ендеше, тарихи сипаттағы көркем шығармалардың танымдылық, тағылымдық мəні ерекше.
2009

Əдебиетші-ғалым Ү.Сұбханбердина қазақ баспасөзі, кітап тарихын зерттеу, библиографиясын түзу сынды ұлттық əдебиеттану ғылымының зерттеу нысанынан тыс қалып келген руханият əлемінің аса өзекті де күрделі арнасында ұзақ жылдар жемісті еңбек етуде. Қазақ əдебиеттануының соны табысын айғақтайтын əрі тың қадам болып табылатын «Айқап» бетіндегі мақалалар мен хат- хабарлар. Қазақтың революциядан бұрынғы мерзімді баспасөзіндегі материалдар. Мазмұндалған библиографиялық көрсеткіш. 1-бөлім» «Қазақтың революциядан бұрынғы мерзімді баспасөзіндегі материалдар. Мазмұндалған библиографиялық көрсеткіш. 2-бөлім» «Əдеби мұра. Революциядан бұрынғы мерзімді баспасөз бетіндегі жарияланған көркем шығармалар» атты іргелі еңбектері үлкен маңызға ие [1–3].
2009

М.Мағауиннің əдебиеттанудағы іргелі еңбектері ұлтымыздың елдік пен ерлік жолындағы мəңгілік мұраттары өзіндік өшпес ізін қалдырған жыраулар мұрасын зерттеу, жариялау сынды руханият əлеміндегі аса маңызды мəселелерімен сабақтас. Əлеуметті бастапқы отаршылдық, кейінгі тоталитарлық жүйе танған құлдық санадан арылтудағы əдебиетшінің ғылыми-шығармашылық тұлғасындағы отаншылдық қасиеттер қазақтың байырғы əдебиетін, онымен өзектес өнерін, тарихы мен мəдениетін ғылыми тұрғыда зерттеу, жариялау жəне насихаттау арнасындағы ізденістерін даралайды. «Қазтуған жырау» («Лениншіл жас», 1965, 15 тамыз), «Асан Қайғы» («Білім жəне еңбек», 1966, № 2), «Доспамбет жырау» («Лениншіл жас», 1965, 4 қырк.), «Көне дəстүр куəсі» («Қ.Ə», 1966. 1 шілде), «Шалкиіз жырау Тіленшіұлы» («Қ.Ə», 1966, 9 қырк.), «Ақтамберді жырау» («Қ.Ə», 1967, 15 желт.), «Шал ақын» («Жұлдыз», 1966, № 12), «Еленбей келген ақын» («Қ.Ə», 1966, 7 қаңт.), т.б. мақалалары жыраулар мұрасына сəуле түсіруімен қатар, хандық дəуір əдебиетін зерттеудің тың бағытын да айқындады.
2009

Көкше өңірі — ертеден күміс көмей, жезтаңдай əншілері мен жырымен ел ішін өрнектеген ақындарға бай өлке. Арқа өлкесін əн мен жырға бөлеген ақындар легін тудырған Айыртау өлкесінің біртуар ұлы Əміре Сұлтанмұратұлын осы лекке қосып атауға болады. Жаратылысынан əн мен жырдың бесігі болған Айыртау елінің сұлу табиғатынан нəр алып өскен Əміре Сұлтанмұратұлы — тағдырдың талай тартыс, қиындығына қарамастан, өмірде өзіндік із қалдырған азамат, əнші.
2009

Жалпы көркем туындылардағы пайғамбарлар бейнесін сомдау барысында өзге кейіпкерлерден оқшауландырып тұратын айрықша жағдай бар. Ол — тек қана пайғамбарға тəн керемет қасиет — мұғжиза. Міне, осы сипат олардың шығармадағы даралану процесіне ерекше үлес қосады. Мұғжиза дегеніміз не? Оны қалай түсінуге болады? Егер біз өзіміз өмір сүріп отырған əлемнің қай қырына қарасақ та, жаратылыстың шектеулі екендігін аңғара аламыз. Пайда болған əр заттың жойылатын да уақыты келеді. Саналы жаратылыс адамзаттың да мүмкіндігі шектеулі. Мəселен, жүз тонна жүкті жеке адамның көтеруі мүмкін емес, бір метрлік затты мың шақырымдық аспан төріне апарып қойса, көре алмайды, өлмеу, ұйықтамау, ас ішпеу қолынан келмейді т.т. Бұлардың барлығы адам мүмкіндігінің шектеулі екендігін сездіреді. Барлығы шектеулі болса, «шексіздік» ұғымы қайдан шыққан? Мүмкін, ол жоқ шығар?
2009

Жазушы шығармаларының бірден-бір ерекшелігі жеке адамның санасындағы, ойлау жүйесіндегі сан алуан сезімдік, психологиялық, философиялық құбылыстарды, сана қозғалысының пластикасын беру мен жан диалектикасын монологқа, ой ағымына, түс көруді талдауға жəне де психологиялық сыртқы детальдарға (ым мен ишараттарға, іс-əрекеттегі, дауыс ырғағындағы, портреті, физиологиялық, физиономиялық, сезімдік құбылыстарға) да көңіл бөлген. Мысалы, «Оң қол» əңгімесінде кейіпкер — Алманың түсі арқылы автор адам санасында үздіксіз жүріп жатқан процесті, үрей мен қорқынышты, өмір мен өлім арасындағы арпалысты, жан толғанысын көркемдікпен кестелей білген.
2009

Əдеби тілдің «жон арқасы» терминология болса, оны ғылыми тілден бөлуге болмайды. Себебі ғылыми тілдің өзі ғылымның əр саласына тəн түрлі терминдерден тұрады. Сондықтан да терминология, əр сала терминдерінің қалыптасуы туралы сөз болғанда, ең алдымен, ғылыми тілдің, ғылымның əр саласы терминдерінің қалыптасуына тоқталған жөн. Зерттеу еңбектерінде ғылыми тіл «жалпы əдеби тілдің атқаратын əлеуметтік-қоғамдық қызметінің үлкен бір саласы. Бұл сала ғылыми-техникалық прогрестің шарықтап дамуына байланысты қанатын жайып, тамырын тереңдете түседі, өзі де дамиды, жалпы əдеби тілімізді де кемелдендіре түседі.
2009

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.