Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Діни дастандардағы мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбардың бейнесі

Жалпы көркем туындылардағы пайғамбарлар бейнесін сомдау барысында өзге кейіпкерлерден оқшауландырып тұратын айрықша жағдай бар. Ол — тек қана пайғамбарға тəн керемет қасиет — мұғжиза. Міне, осы сипат олардың шығармадағы даралану процесіне ерекше үлес қосады. Мұғжиза дегеніміз не? Оны қалай түсінуге болады? Егер біз өзіміз өмір сүріп отырған əлемнің қай қырына қарасақ та, жаратылыстың шектеулі екендігін аңғара аламыз. Пайда болған əр заттың жойылатын да уақыты келеді. Саналы жаратылыс адамзаттың да мүмкіндігі шектеулі. Мəселен, жүз тонна жүкті жеке адамның көтеруі мүмкін емес, бір метрлік затты мың шақырымдық аспан төріне апарып қойса, көре алмайды, өлмеу, ұйықтамау, ас ішпеу қолынан келмейді т.т. Бұлардың барлығы адам мүмкіндігінің шектеулі екендігін сездіреді. Барлығы шектеулі болса, «шексіздік» ұғымы қайдан шыққан? Мүмкін, ол жоқ шығар? Əрине, олай емес. Мəңгілік бар, діни сенім бойынша, ол Аллаға тəн. Шексіздік кеңістігіндегі біздің шектеулі өміріміз — аспан əлеміндегі Жер шары тəрізді, жүзіп жүрген дөңгелек дүние. Ендеше, шектілік біздің жаратылысқа тəн де, шексіздік онан тысқары екен. Жəне шексіздікті уақыт пен кеңістікке ғана қатысты деп қабылдамау керек, ол іс-əрекетке, ғылым- білімге, өзге де түрлі кұбылыстарға байланысты болады. Ел аузында мынадай аңыз бар. Хабаршы періште Жебірейілдің алыптығы сондай барлық қанаттарын жайып жібергенде əлемді қоршап алуға жетеді екен. Ал Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбар — кəдімгі адам. Жебірейіл Алладан хабар əкелгенде пайғамбардың шапанының оң жақ жеңіне кіріп, иығының үстіне шығып сөйлесетін көрінеді. Біздің ертегілік қабылдауымыз бойынша, періште пайғамбардың жеңіне сыю үшін, бірі кішірею керек немесе екіншісі үлкею керек. Бірақ ондай өзгерістер жүрмейді. Сондай ғаламат алып періште кішіреймеген күйінде, үлкеймеген пайғамбардың жеңіне еркін енеді екен. Аңыздың соңында мұны Алланың Құдіреті деп түйіндейді. Расында, адамдық түсінік бойынша, мұндай жағдайдың болуы мүмкін емес. Бірақ бұл шектеулі жаратылыс үшін солай болып тұр. Ал шексіздікте ұзын-қысқа, үлкен-кіші деген ұғым да, əрекет те жоқ. Ол тіршіліктегі адамның қабылдауына ыңғайластырылған шарттылықтар. Ал, аңыздағы əрекет Алланың құдіретін аңдату мақсатында шексіздік ұғымына сəйкестіріліп берілген. Міне, пайғамбарға тəн мұғжиза да осы негізден туындайды. Яғни мұғжиза дегеніміз — діни түсінік бойынша Алланың бұйрығымен адамның ақыл-ойына сыймайтын құбылыстардың, көріністердің, əрекеттердің пайғамбарлар арқылы жүзеге асуы.

Енді біз діни жырлардағы Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарға тəн мүғжизалар қалай көрсетілген, олардың кейіпкер бейнесін сомдауға қаншалықты қатысы бар соларға тоқталып көрелік.

Мұхаммед — тарихи тұлға. Оның тарих төрінен орын алуының өзі пайғамбарлығына байланысты. Ал, пайғамбар — адамзатқа Алланың бекіткен жолын нұсқаушы, көрсетуші. Көркем шығармадағы бейнесі де осы өмірдегі тұлғасынан алынған. Діни эпостардағы Мұхаммедтің (с.ғ.с.) пайғамбарлығын таныту оның пайғамбар екендігін айтумен ғана шектелмейді.

Олар һəм өтіп кетті сабаздарың,

Кетіп кейін тастады қағаздарын.

Хақ Пайғамбар бас болып патшасына

Оқып тұрған бамдаттың намаздарын [1;9].

Бұл шумақтағы Хақ Пайғамбар — Мұхаммед (с.ғ.с.). Осы көрініс діни эпостарда жиі қолданылған. Көрініс деп отырғанымыз — мешіттегі мұсылмандардың намаз оқуына басшылық жасап, имам болуы. Əрине, Пайғамбар болғаннан кейін бұлайша əрекет жасау міндетті. Дегенмен мұндай иірімдер оның даралық деңгейін танытуға, дəріптеуге жол аша қоймайды.

Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбардың бейнесі діни эпостардың басым көпшілігінде түрлі жағдайларда көрініс береді. Ондай халықтық мұралардың қатарына «Мұхаммед пайғамбар», «Расул Алланың миғражға қонақ болғаны», «Расул Алланың дəрул пəниден дəрул бақиға рихлат еткен мəселесі», «Көгершін», «Зарқұм», «Киік», «Салсал» т.б. жатқызуға болады. Діни эпостарда Мұхаммед (с.ғ.с.) ең алдымен — пайғамбар. Оның пайғамбарлық сипатын үш түрлі жағдайдан анық аңғарамыз. Алғашқысы — мұғжиза. Жалпы мұғжизаның пайғамбарларға ғана тəн екендігін жоғарыда айттық. Ал жырларда Мұхаммед пайғамбардың қандай мұғжизалары көрініс берген, соған назар аударайық.

Көпшілікке кеңінен танымал эпикалық жырдың бірі — «Салсалда» мынадай оқиға иірімі бар: Əзірет Əлінің мұсылман батырларымен, сахабаларымен шайқасқа аттанып кеткенін естіген Хамар Сағим деген кəпір, əскерлерін жиып, пайғамбарды өлтіріп, Меккені жаулап алмаққа келеді. Онымен жекпе-жекке Мұхамедтің (с.ғ.с.) өзі шығады. Осы сəтте барша жаратылыс Аллаға «пайғамбарға көмектесейік» деп ұсыныс жасайды. Бірақ Алла рұқсат бермейді. Жекпе-жекте таңқаларлық кұбылыс көрініс табады.

Хақ Пайғамбар майданға өзі кірді,

Хамар Сағим алдынан қарсы тұрды.

Пайғамбарды қылышымен келді де ұрды,

Кереметпенен оң қолы тіпті құрды.

Қылышты сол қолына тағы да алды,

Сол қолы тағы да құрып қалды.

Екі қол ол бірдей құрыған соң

«Хақ Пайғамбар екенсің», — деп ойбай салды [2; 292].

Бұл — мұғжиза. Мұндай көріністі діни эпос өзгелерге қолданбайды. Атақты Əзірет Əлінің өзі де бұл істі жасауға шамасы жеткен емес. Мұғжизаның көркем туындылардағы қызметі — Мұхаммедті (с.ғ.с.) өзгелерден озық етіп бейнелеу. Бұл бір қыры. Келесі қыры — жер бетіндегі жан- жануарлардың қайсысы болмасын, пайғамбар тілек етсе, тіл бітіп сөйлеуі. Қисса «Көгершінде»:

Сасқанын көгершіннің енді білді,

Жеңіне оң жақтағы келіп кірді.

«Сөйлесін көгершінге тіл бергін» — деп,

Тіленіп бір Алладан дұға қылды.

Бір Алла көгершінге берді тілді,

Отырған халайықтың бəрі білді.

Көгершін пайғамбарға жауап қылып

Көңілінде мұддағысын баян қылды [2; 178], —

деп жырланады. Бұл өзге адамзаттың қолынан келмес екінші керемет. Эпикалық жырларда батырлардың тұлпарларына тіл бітіп, сөйлейтіні кездеседі. Бірақ екеуінің арасында жер мен көктей айырмашылық бар. Біріншіден, батырлардың аты — оның сенімді серігі, сондықтан қиналған немесе тығырыққа тірелген батырларға көмекке келуі, ақыл-кеңес беруі орынды. Екіншіден, бұл көріністің өзі жылқының боранда, тұманда адаспай жол табатындығы тəрізді ерекшелік сипаттарынан тууы мүмкін. Үшіншіден, Алладан тілек тілеу көрініс бермейді. Ал, мына жырда көгершіннің сөйлеуі пайғамбардың арнайы тілегі бойынша жүзеге асып тұр. Мұғжизаның келесі түрі — өлген адамды тірілту. Мұны біз «Кесік бас» жырынан көреміз.

 Пайғамбар сонда сөйледі,

Бір Алланы етіп жат.

Алладан тілеп дарамат

Өліктерге жан бер деп.

Айлады мұрсал мұстажат...

... Екі өлікке жан бітті,

Кесік басқа тəн бітті.

Құдіретімен Құданың Баяғыдай əл бітті [2; 179].

Өлгеннің тірілуі ертегілерде, мифтерде ұшырасады. Жырдағы ерекшелік, тірілудің көлденең, кездейсоқ немесе қисынсыз жағдайда емес, пайғамбардың, тілегі бойынша, Алланың бұйрығымен жүзеге асырылуында жатыр. Яғни əсіре əрекеттер арқылы орындалуы қиял-ғажайып болады да, мұғжиза негізінде іске асуы өзгеше сипатта көрінгендіктен, алғашқылардан дараланып, өзіне ғана тəн өрнегімен адамның жан-дүниесі мен сезіміне əсер ете отырып қабылданады. Ауруды жазып, өлгенді тірілту Исаға қатысты мұраларда да кездеседі. «Жұм-жұмадағы» қубасты адам қалпына келтіруі көркем дүниедегі көрінісі ұғымның көнеден қалыптасқандығын көрсетеді. Мұғжизаның осындай түрі көптеген жырлардың мұрасына өзек болған. Соның бір көрінісі ретінде ақын Əсет Найманбаевтың

«Француз патшаның баласы» дастанын атап айтуға болады. Ол жайында ақынның əдеби мұрасын зерттеген Сайлау Қожағұл жан-жақты талдау жасай отырып, ғылыми пікір айтқан [3]. Мұғжизаның өзге пайғамбарларда кездеспейтін, ерекше дара көрінісі қисса «Мұхаммед Расул Алланың дəрул пəниден дəрул бақиға рихлат еткен мəселесі» дастанында жырланған. Ол — пайғамбардың пайғамбарлық мөрінің жария болуы. Оның себепкері — Ғакаша деген сахаба. Бір кездерде сіздің қамшыңыздың ұшы менің арқама тиген, сол үшін мен сізді арқаңыздан бір ұруым керек деп, киімін шешкізеді.

 Мүбарак Хақ Пайғамбар ашты тəнін,

Неге ұрсын ер Ғакаша пайғамбарын.

Мөрін көріп жауырынан сүйіп алды

Бұрыннан біледі екен мөрі барын [4; 107 б.].

Мұхаммедтің (с.ғ.с.) мұғжизалық қасиеттерінің барлығы осы мөрінде. Бұл Расул Алланың пайғамбарлығын дəлелдейтін ең құдіретті ғажап белгісі. Олай болса, осы жырдың маңызы өзге діни эпостардан жоғары десек те болады.

Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарлығын танытатын келесі бір керемет туынды — «Расулдың миғражға қонақ болғаны». Негізінде кейбір пайғамбарларға қатысты аңыз-хикаяттарда атап өтерліктей ғажайып көріністер баршылық. Мəселен, Мұса ғалайссалам Алламен сөйлескен, Қызыр пайғамбар мəңгі ажалсыз адам, Сүлеймен пайғамбар жердің иелігін алған т.т. Бірақ солардың барлығы миғраж оқиғасына жетпейді. Бұл туынды Мұхаммедтің (с.ғ.с.) пайғамбарлық қасиетін жара- тылыс əлемінен тысқары көтеріп, шексіздік деңгейінде дəріптейді.

 Достысын өзге жаннан артық қыпты,

Тапсырған шапағатқа көп үмбетті.

Шақырып Хабибісін Миғражына

Құдайым «Көрсетемін нұрым», — депті [5].

Бұл жағдай пайғамбардың тілегі бойынша емес, Алланың қалауы бойынша орындалған. Яғни Жаратушының Мұхаммедке (с.ғ.с.) деген ризашылығы мен ықыласын танытып тұр. Сонымен қатар Лаухул Махфузды, Садратул Мунтаһинды, Ғаршы-Күрсіні, Лаухул Қаламды аралауға рұқсат береді де өзге пайғамбарлар мұндай дəрежеге ие болған жоқ деген ұғымның ойда орнығуына ықпал жасай- ды. Жеті қат көкті өрлей өтіп, үстіне шыққанда Адам Атадан бастап, барлық өзге пайғамбарлар, сан- сыз періштелер төменде қалады. Осындай əсерлі көріністерден, Мұхаммедтің (с.ғ.с.) айрықша қасиеттілігін байқаймыз. Даралаудың шарықтау шегіне жеткендігі соншалық:

 Бұл Афақ — менің орным өзім кірер,

Мұнан ары орын жоқ маған көрер.

Мұнан əрі мен барсам Дəргаһиға

Иə, Расул, қанатымның ұшы күйер [5], —

деп төрт мұхаррап періштенің бірі — Жебірейілдің өзі онан жоғары көтеріле алмайтындығын мəлімдейді. Шарықтау нүктесі — Жаратушының дидарын көруі.

 Сəлемін Достысының əлік алды,

Хақ Расул қол қусырып, шүкір қылды.

Алла Тағала дидарын көрсеткен соң Бойы балқып, денесі нұрға толды [5].

Оқиға өзегін пайғамбардың өмірінен алып, көркем тұлғаны осыншама биік деңгейге жеткізу, өзгедей мұраларда болған емес. Осы оқиғаның өзек алғандығы соншалық, əлем əдебиетінде мазмұндық қалпын сақтап, көркемдігін түрлендіре жырлау ерекше орын алды. Солардың арасындағы озық туынды Низамидің шығармасы десек, қателеспейміз. Біздің ұлттық əдебиетіміздің өзінде Мəшһүр Жүсіп, Шəді, Жүсіпбектердің жарыса жырлағанын жоққа шығыра алмаймыз. Енді жырға негіз болған осы оқиғаның, ақиқаттығын Қасиетті Құрандағы аятпен бекітеді.

 Көрсетті достысына Хақ дидарын,

Сондай қылса, көрмей ме жанның бəрін.

Дидарын көрсеткені Расулына

Көр, Құранда «Тəнзила» аяттарын [4;90].

Бұл шығарманың өзге қисса-дастандардан өзгешілігі —тек қана Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбардың өзі туралы айтылатындығы. Оқиға желісі бір бағытта дамып, Расул Алланың өзге пайғамбарлардан озық тұрған дəрежесін танытуға негізделген. Мұхаммед — өзінің үмбеттерінің қамқоршысы. Ол мұсылмандар үшін, қолынан келген барлық жақсылығын жасауға əрқашан дайын. Осы жолда ата- анасына да, баласына да қарайласпауға бар, бірақ Алладан үмбеттерінің күнəсін кешіруін тілейді жəне тілегіне жетеді. Алланың бұл тілекті қабылдауы, пайғамбардың бейнесін онан əрі асқақтата түседі. Діни хикаяттың бірінде Алламен сөйлескен Мұса пайғамбар Жаратушының жүзін көргісі келетіндігін айтқанда рұқсат берілмейді. Оған оң жақтағы таудың балқып, сол жақтағы дарияның суалғанын көрсетіп, шамасы жетпейтіндігін айтады. Ал Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбардың мүмкіндігі келеді, өйткені ол өзге пайғамбарлармен салыстырғанда оған лайықты.

Мұхаммедтің (с.ғ.с.) келесі бір даралық қыры, ол — Алланың досы. Себебі, аңыз бойынша, Алланың алғашқы жаратқан заты — оның нұры. Барлық əлем де сол нұрдың құрметіне жаратылған. Мұхаммедтің (с.ғ.с.) соңғы пайғамбар болу себебі де осыған байланысты болуы керек. Алланың досы

— құрметті адам. Ол екі дүниеде де сыйлы, сондықтан екі дүниенің сəруары. Мұндай жоғары дəреже өзге пайғамбарларда жоқ. Діни дастандарда бұл жағдай тіркестік тұрғыда ғана айтылып қоймайды, ерекше оқиға иірімері арқылы дəлелденіп отырады. Мəселен, пайғамбар қайтыс болар алдында Алла Əзірейілді жібереді.

 Құдайым Əзірейілге жарлық етті:

– Досыма сəлем айтып барғын,—депті, Досы досқа келетін уақыты болды,

Рұқсатсыз кірмегейсің барсаң,—депті [4; 107].

Яғни Мұхаммедтің (с.ғ.с.) жан тапсыруын өз еркіне бергендігін айтып тұр. Оған Əзірейлдің өзі де рұқсатсыз бара алмаған. Мұндай дəріптеу де басқа пайғамбарларға тəн емес. Сонымен, діни эпос- тарда Мұхаммедтің (с.ғ.с.) пайғамбарлығын мұғжизаларын келтіру арқылы танытса, дəрежесін өзге пайғамбардан да биіктетіп, идеал ретінде көрсеткен.

Жырларда Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбар батыр, ержүрек адам бейнесінде де көрінеді. Оның ерлік істерін «Мұхаммед пайғамбар», «Зарқұм» шығармаларында айқын бейнелеген. Алғашқы жырда пайғамбардың қарсыласы Əбу Жəһіл. Оқиғаның көркемделуі эпикалық дəстүр бойынша жасалғанымен, өзегі — тарихи шындық. Əбу Жəһіл өмірде болған, ата-бабасынан келе жатқан көпқұдайшылықты ұстаған ол,— ислам əрекеттерінің баршасына қарсы адам. Ал шығармада пайғамбар да, ол да— жасөспірім балалар. Күреске түсіп, күш санасады. Осы жерде діни дастандардың əр тұстарында көрініс беретін мотивті аңғаруға болады. Ол аспанға лақтырып жіберген адамның көзге көрінбей кетуі.

 Сол уақытта Мұхаммед Əбу Жəһіл кəпірді

Жерден жұлып алады,

Айналдырып жыраққа

Лақтырып жібереді.

Аяқ-қолы дірілдеп

Көрінбей көкке барады [4; 69].

Мұндай көтере, асқақтата суреттеу сипаты қаншама кейіпкерлердің арасында екі адамға ғана

телінген. Бірі біз айтып отырған бейне болса, екіншісі — Əзірет Əлі. Əрине, егер екінің біріне бұл тəсілді қолданар болса, оның оқшауландыратын маңызы жойылып, көпке ортақ көрініске айналып кетер еді. Сондықтан сезімге əсер еткендей қабілетін жоғалтпас үшін тиісті бейнелерге ғана пайдаланған. Пайғамбардың Зарқұммен жекпе-жегінде де осы суретті жолықтырамыз.

 Жіберіп еді тақсыр күшін жайып,

Мұны алсам кетемін деп жолдан тайып.

Ұшып кеткен бойыменен патша Зарқұм

Көрінбей көк бетінде болды ғайып [1; 116].

Яғни, мұндай мықтылықтың керемет көрінісі Мұхаммедке (с.ғ.с.) ғана тəн болуға тиісті. Өйткені өзге кейіпкерлердің ондай деңгейге жететіндей еш мүмкіндігі де жəне реті де жоқ. Бұл жағдай эпикалық жырлардағы дəстүрге айналған, орныққан, көптің сараптамасынан өтіп бекіген құбылыс. Көлемді мұраның кейіпкерелері де көп болады. Солардың арасынан басты бейнені жоғары алып шығып, даралық деңгейге көтеру— жырдың басты міндеттерінің бірі.

Діни эпостарда Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбар мұсылмандардың басшысы ретінде де бейнеленеді. Исламның дамуына, өркендеуіне айрықша мəн беріп, əрбір іс-əрекетті қадағалап отыратын, бұйрығын бұлжытпай орындататын кейіпкерді көреміз. Соның бір көрінісі ретінде сахабалардан бас- тап шаһарияларға дейін, пайғамбардың батасын алмай, қия баспайтынын айтуға болады.

 Сөйтіп, жылап тұрды бір Құдайға,

Əлиге бере көр деп өзің айла.

Баруға рұқсат жоқ боп

Пайғамбардан Жылаумен тұрысты көріп жайға [1; 68].

Бұл жерде Əлиге қаншама дұшпан əскерлері жабылса да, пайғамбардан рұқсат болмаған соң, өзге мұсылмандар көмекке бара алмай тұрғандығы суреттелген. Өзгелерін былай қойғанда пенде түгіл перілерді талқандайтын Əзірет Əлидің өзі жауға аттанарда бата тілейді. Мұны біз «Зарқұмнан»,

«Салсалдан», «Əзірет Əлидің соғысынан» т.б. көреміз. Мəселен, «Дариға қызда» күресіп, күш сынасу мақсатында бара жатқан Əлиге:

 Пайғамбар қолын жайып, бата берді,

Арыслан, «иə» Алла деп түрегелді.

Ғабдулаһап Қанбарды қасына алып

Аяңдап, Құбыла жаққа жөнелді [4; 134], —

деп бата береді. Бұл көріністің бір қыры болатын болса, екіншісі — ұлы жорықтарға сахабаларды өзінің бастап баруы. Өзінің тіршілігінде исламға қатысты ірі оқиғаларға басшылық жасағаны жайындағы тарихи дерек жырларда өзінің үйлесімділігін тапқан. «Зарқұмда» бұл жағдай айқын суреттеледі.

Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбардың басшылық бейнесі діни эпостарда əр түрлі тұрғыдан көркемделіп отырған. Ол — алдымен, əрі адал, əрі əділ. Ақиқатты айтушы, уəдесін орындаушы. Со- нымен қатар мейрімді, парасатты, ақылды. Кейбір зерттеуші ғалымдар тарихи тұлғаның бойында осындай қасиеттердің болғандығын мойындайды [6]. Жырларда жиі айтылатын бір қырына назар ау- дарып көрелік.

Исламтану əлемінде Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбардың нұрын жалпы жаратылыстың, яғни он сегіз мың ғаламның, қайнар көзі ретінде санайды. Сондықтан ол құрметті, сыйлы, мақтаулы. Қазақ діни эпосының өзегі исламдық қағидаға сүйенгендіктен, пайғамбар бейнесін сомдауда жан-жақты тəсілдерді қолданып отырған. Мəселен, оның қамқорлығын адам баласының ауқымынан да алып шығып, аң, жан-жануарлар əлеміне жеткізген. Əрине, мұндай мұраның тəрбиелік мəні де бар. Адамзаттың өсіп-өркендеуіне жағдай жасап отырған табиғатты аялау, мəпелеу, қасіретті əрекеттерден қорғау көрініс береді. Шығарманың құндылығының бір қыры осында жатыр. «Қақпанға түскен киіктің хикаясында» киіктің лақтарын қоректендіріп, қайтып келетіндігіне Мұхаммед (с.ғ.с.) кепіл болады.

Жасартты- ақ Пайғамбар екі көзін,

Қамығып, қатты тыңдады айтқан сөзін.

Емізсін, көдектерін, — деді, — жібер

Болайын келмегіне кепіл өзім [2; 14].

Киік — халық түсінігінде киелі аңның бірі. Оның мұндай қасиеті, табиғаттың зиянсыз, бейкүнə жаратылысы екендігімен де байланысты. Дегенмен, дастандағы киік астарлы бейне емес пе екен де- ген де ой туады. Қалай болған күнде де ол — əлсіз, қорғансыз жануар. Олай болса, пайғамбарды мұндай іске кірістіру арқылы, жазықсыз, тірексіз, əлжуаз жандардың қорғаушысы, қолдаушысы етіп көрсету айқын көрініс береді.

Дəл осындай суретті қисса «Көгершіннен» де байқаймыз. Қаршығадан қашып келген көгершінді ажалдан құтқару үшін Мұхаммед (с.ғ.с.) өз денесінен ет кесіп беруге дейін барады. Бұл шапағатшыл кейіпкердің бейнесін сомдау үшін қолданылған көркемдік тəсілдің керемет үлгісі болып табылады.

 Пайғамбар қоң етінен бермек болды,

Ғарыптың көзінің жасын көрмек болды.

Сауаб үшін қоң етін береді деп

Кейінгі үмбетіне өрнек болды [7].

Сонымен, түйіндей келгенде, айтарымыз, қазақ діни эпосындағы Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбардың тұлғасын жасау діни деректер мен ұлттық дəстүрлі əдіс-тəсілдерді ұштастыра отырып жүзеге асырылған демекпіз.

 

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Бабалар сөзі: Діни дастандар.— Көп томдық. — 3-т. — Астана: Фолиант,
  2. Бабалар сөзі: Діни дастандар.— Көп томдық. — 2-т. — Астана: Фолиант,
  3. Қожағұл С. Əсет ақын: Моногр. — Алматы: Қазақ тарихы, 2003.— 62 б.
  4. Бабалар сөзі: Діни дастандар.— Көп томдық— 1-т. — Астана: Фолиант,
  5. Аланның Елшісінің миғражға көтерілуі: Діни дастан // Ислам əлемі. — 1998—№
  6. Ибрагим Д.Ө. Адамзаттың асыл тəжі: Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбардың өмірі. — Алматы: Алтын қалам, 2004. — 135 б.
  7. Қисса «Көгершін» // Ислам əлемі. — 2001.— №

 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.