Статьи, город Қарағанды

Мақалада оқушылардың салауатты өмір салтын қалыптастырудың негізгі мəселелері қарастырылған. Авторлар өскелең ұрпақ тəрбиесіндегі педагогикалық үдерістің негізгі фаторларының бірі ретіндегі ұлттық ойындардың түрлерін зерделеген. Мəдениетті шығармашылық тұрғыдан игерудің жалпыға бірдей түрі ретіндегі қазақтың ұлттық ойындары жəне оның дамытушы функциялары туралы жинақталған түсінік тұжырымдалған. Оқушылардың салауатты өмір салтын қалыптастыру мəселелері жөніндегі психологиялық-педагогикалық аспектілерге талдау жасалған.
2015

Мақалада «құзыреттілік» жəне «құзыретті мүмкіндіктер» (компетенции) ұғымдары қарастырылды. Болашақ дəрігер оқу-үйретіміне құзыреттілік, құзыретті мүмкіндіктер бағытын енгізу қажеттілігі айқындалып, кезігетін қиыншылықты проблемалар талқы-сарапқа салынды. Дəрігер-педагогтарды оқыту үдерісінде құзыреттілік бағытын қолдануды үйретудегі біздің əдістемеміз мысалға алынды. Тəжірибелік жұмыстар нəтижелерінде дəрігердің, оқытушының жəне оқытушы-дəрігердің пəндік, пəнаралық, тұлғалық жəне əлеуметтік құзыреттіліктері белгіленді. Мамандыққа сəйкес тəжірибелік сабақтарды құзыреттілік бағытында ұйымдастыру талқыланды.
2015

Мaқaлaдa құзырeтті мaмaн дaярлaудaғы зaмaнaуи тexнoлoгиялaрдың қoлдaну мaңыздылығы тeoриялық тұрғыдa қaрacтырылғaн. Coнымeн қaтaр бoлaшaқ мaмaн иeлeрінің бoйындa білімділік, біліктілік, caнaлылық, жaуaпкeршілік қacиeттeрін cіңірудe, кəcіби құзырeттілікті қaлыптacтырудa зaмaнaуи тexнoлoгиялaрды қoлдaнудың рөлі нeгіздeлгeн. Білім мeн ғылымның дaмуы aдaмзaт өркeниeтінің өлшeмі бoлғaндықтaн, aвтoрлардың қазіргі кезең тexнoлoгиялaрды қaрacтыруы мəceлeнің өзeктeлігін aнықтaуғa жəнe oқу үдeріcі үшін мaңыздылық дəрeжecін көрceтугe мүмкіндік бeрeді.
2015

Мақалада мəдени динамика үшін анағұрлым қажетті мəдени қарым-қатынас жасау формаларының бірі мəдениет сұхбаты туралы мəселе қарастырылды. Авторлар мəдениеттер сұхбатының деңгейлерін, түрлерін жəне типтерін, мəдениетаралық тілдесудегі коммуникативтік шиеленістердің себептерін қарастырды. Заманауи əлеуметтік мəдени жағдаятта адамның əлеуметтік мəдени жəне психологиялық аспектілерде бейімделуі оның қоғамға енуінің ажырамас бөлігі болып табылады жəне бейімделудің екі аспектісі де адамның интеграция стратегиясының артықшылығы мен табыстылығы туралы сеніміне байланысты деген мəселені тілге тиек еткен.
2015

Мақалада ұлы қазақ даласында дүниеге келіп, артында өшпес із қалдырған ірі тұлғалар өмірінің өнегесі мен мұраларына педагогикалық сипаттама беріле отырып, олардың тұлғалық болмысындағы көпмəдениеттілігі, көптілділігі көріністері баяндалады. Ұлы тұлғалар əл-Фараби, Ж.Баласағұн, М.Қашқари, Қ.А.Иассауи, Ш.Уəлиханов, Ы.Алтынсарин жəне тағы басқа тұлғалар еңбектері мен өсиеттерінің туындауына олар өмір сүрген ортаның ықпалы мен тілдік шеберліктерінің нəтижесі ретіндегі туындыларына сипаттамалық талдау жасалды. Ірі тұлғалар өмірі мен еңбектеріндегі идеялары ұрпақтар сабақтастығы барысындағы адамзат қоғамының дамуына өзіндік із қалдырып, бір- бірінен кейін жалғасын тауып жатқан мұраларының маңыздылығы сипатталды. Ұлттық мəдени ортаның тұлға қалыптастыруға қаншалықты ықпалының болғандығы олар болмысының ерекшеліктеріне тоқталу арқылы баяндалды. Сонымен қатар көптілді білудің көпмəдениетті игеруге тікелей негіз болатындығы сөз болады.
2015

Мақалада жалпы бiлiм бeрeтiн орта мeктeптe матeматикалық бiлiмдi жeтiлдiрy мəсeлeлeрi бүгiнгi күнгi маңызды мəсeлeлeрдiң бiрi рeтiндe қарастырылды. Матeматикаға оқытy үрдiсiн ақпараттандырy талданды. Матeматика пəнi мұғалiмiнiң əдiстeмeсiн жeтiлдiрy бойынша ғылыми-пeдагогикалық eңбeктeргe талдаy жасалған. Авторлар мeктeп матeматикасын оқытyда ақпараттық тeхнологияларды пайдаланy нəтижeлeрiн көрсeткeн.
2015

Мақалада заманауи шетел тілі мұғaлiм aлдындa тұpғaн бacты мiндеттеpдiң caпaлы бiлiм беpyде қoлдaнyда жaңa aқпapaттық құpaлдapды жетiк игеpiп, oлapды бiлiм aлyшылapдың пəнге деген қызығyшылығын apттыpy, бiлiм мaзмұнын бaйытy, oқy үдеpiciн жалпы жетiлдipy болып табылады. Лингвистикалық корпус аталмыш технологиялар қатарына жататыны сөзсіз. Корпустық лингвистиканың даму тарихы, түрлері жəне қолдану аясы сөз етілген. Автор корпустық лингвистиканың негізгі түсінігін, оның бейнелейтін аясына қарай, корпустағы сақталатын ақпарат бірлігі тұрғысынан ажыратуға болады. Сонымен қатар автордың лингвистикалық корпус негізінде əзірленген жаттығулардың тиімділігі эксперимент жүзінде дəлелденген.
2015

Мақалада жалпы білім бeрeтін орта мeктeптeгі тригономeтриялық фyнкцияларды оқытy үрдісіндe оқытyдың бeлсeнді əдістeрін қолданyдың нeгізгі мəсeлeлeрі қарастырылды. Оқy матeриалдарын игeрy үрдісіндe оқyшынының ойлаy қабілeті мeн практикалық əрeкeтін шыңдайтын оқытyдың бeлсeнді əдістeрі талданған. Пəнді игeрyдe оқытyдың дəстүрлі əдістeрі мeн оқытyдың бeлсeнді əдістeрін пайдаланyға талдаy жасалған. Авторлар оқытyдың бeлсeнді əдістeрін қолданy оқытy үрдісіндe оқyшылардың бeлсeнділігін арттырады, білім мeн дағды қалыптастырy мeн игeрyгe жоғары ықпал eтeді дeп қорытынды жасаған.
2015

Мақалада қазақ тілін мамандыққа қатысты оқытудың түрлері «Экономика», «Заң», «Əлеуметтік педагогика», «Математика» мамандықтары бойынша талданды. Қазақ тілін мамандыққа байланысты оқытудың қалыптасуына əсер ететін еңбектер, оқу құралдары, сөйлеу тілін қалыптастыруға бағытталған лексикалық материалдар кəсіптік білім берумен қатар, танымдық, тəрбиелік сипатымен ерекшеленеді. Сондай-ақ авторлар жаңа ақпараттық технологияның өзектілігіне, ақпараттық- телекоммуникациялық технологиялардың оқу-тəрбие үдерісіндегі тиімділігіне де тоқталып өткен.
2016

Мақалада коммуникативті құзыреттілік түсінік тəжірибесі заманауи педагогикалық ғылым мен практиканың ұғымы ретінде ұсынылды. Педагогтың коммуникативті құзыреттілігі анықтамасы психологиялық-педагогикалық əдебиеттерді талдау негізінде берілді. Заманауи педагогтардың кəсіби коммуникативті құзыреттілігі, оның құрылымы жəне түрлері қарастырылды. Авторлар «қарым- қатынас», «коммуникативті құзыреттілік» ұғымын əр қилы авторлардың көзқарастарымен салыстыра жан-жақты талдаулар жасаған. Коммуникативті компетенттіліктің мəнін түсіну тұрғысынан талдай отырып, коммуникативті компетенттілік құрылымының компоненттерімен өзара байланысын ашып көрсеткен. Коммуникативті қарым-қатынас қызметтері мен қарым-қатынастың коммуникативті байланысын айқындап сипаттаған.
2016

Мақалада қазіргі оқушы жастардың саяси мəдениеті олардың азаматтық белсенділігінің маңызды құрамды бөлігі ретінде қарастырылған. Жастардың саяси мəдениетін оқытудың концептуалдық негіздері анықталды. Үздіксіз білім беру жүйесінде оқушы жастардың саяси мəдениетін қалыптастыру үрдісінің құрылымы зерттелген. Сондықтан жастардың саяси мəдениетін қалыптастырудың қазіргі мəселелерін шешудің жаңашыл тəсілдері мен жастардың саяси əлеуметтенуінің білім беру процесіндегі мəні мен ролі талданған.
2016

Мақалада А.Данашеваның еңбегі негізге алынды. Өз зерттеуінде авторлар заттық-дамытушы ортаның баланың дамуына тиімді ықпалымен қатар, орта арқылы баланы əлеуметтендіру үрдісін де қарастырған. Заттық-дамытушы ортаның барлық компоненттері мазмұны, көлемі, көркемдік шешімі бойынша өзара байланысты. Балабақшаның заттық-дамытушы ортасына түрлі заттарды, əлеуметтік шынайы объектілерді қосуға болады. Мұндай орта балаларға өте қажет, өйткені бəрінен бұрын оларға ақпараттық қызмет атқарады — қоршаған ортадағы əрбір зат белгілі мəліметтерді береді, əлеуметтік тəжірибені берудің құралы болып табылады.
2016

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.