Статьи, город Қарағанды

Мақалада математикадан сыныптан тыс оқытуды ұйымдастыру мəселелері қарастырылған. Авторлар 5В010900 – «Математика» мамандығында оқытылатын «Математикадан сыныптан тыс жұмыстар» пəнінің құрылымын сипаттаған. Жалпы білім беретін орта мектеп жəне жоғары оқу орыны арасындағы педагогикалық байланыс нəтижелері талданған. Математика пəнінен үйірме жұмыстарын жоспарлауға қойылатын талаптар көрсетілген.
2014

Мақалада оқу жəне жазу бұзылысы мектеп жасындағы балаларда кең тараған сөйлеу бұзылысының түрлері жайлы айтылған. Сөйлеу патологиясы баланың танымдық жəне тұлғалық дамуына кері ықпалын тигізетіні дəлелденген. Оқу мен жазудың бұзылысы салдарынан мектеп жасындағы балалардың қабілеттері өте төмендегені байқалады. Сонымен қатар сөйлеу бұзылысы бар балалардың кеңістікте бағдарлаудың қалыптасу ерекшеліктері туралы мəлеметтер келтірілген.
2014

     Мақалада мультимедиалық материалдарды құрастыру үшін инструменталдык құралдарды қолдану сұрақтары қарастырылған. Мультимедиалық интребелсенді тұсаркесерді құрастырудың қарапайым құралы болып саналатын Prezi.com веб-сервисына ерекше көңіл бөлінген. Авторлар Prezi.com бағдарламалық құралды қолдану технологиясын сипаттаған. Стандартты қолданбалы бағдарламасы мультимедиалық материалдарды өңдеу барысында жиі пайданылатындығы дəлелденген.
2014

 Мақалада жалпы білім беретін орта мектептерде мультимедиалық жəне инновациялық технологияларды қолданып, математиканы оқыту əдістемесін жетілдіру мəселесі қарастырылды. Авторлар мектептің техникалық жабдықталуы, жекелеп алғанда, Flash технологиясы мен HTML тілі негізінде математика сабағының тиімділігін арттыру жолдарын сипаттады. Арнайы компьютерлік бағдарламалар мен инновациялық технологиялардың көмегімен математика пəні мұғалімдерінің əдістемесін тиімді арттыру бойынша əдістемелік ұсыныстар келтірді. Жоғары оқу орнында кəсіби, педагогикалық маман дайындау мен орта білім жүйесі арасындағы байланысты көрсетті.
2014

Мақалада дизайнер бакалавр маманының кəсіби біліктілігін қалыптастырудың маңызды шарты — білім беру үрдісін ұйымдастыру. Ол үшін келесі педагогикалық шараларды енгізу қажет: дизайн саласында теориялық білімдерді меңгеру мақсатында білім беру үрдісін ұйымдастырушылық- əдістемелік қамтамасыз ету; оқу үрдісінің барлық субъектілердің өзара қатынастарының негізінде шығармашылық білім беру ортасын қалыптастыру; жұмыс берушілерді жоғары оқу орынның оқу үрдісіне, ғылыми-зерттеу, шығармашылық жұмысына белсенді түрде қатыстыру; инновациялық технологияларды қолдану қарастырылған.
2014

Мақалада сыныптан тыс уақытта түрлі спорттық шаралар өткізу арқылы патриотық тəрбие беру мəселелері қарастырылды. Сонымен қатар мектеп жасындағы балаларды патриотизмге тəрбиелеудің сұранысқа ие екендігі айтылып, спорттың тəрбиелік құндылықтарын мектептен тыс уақытта дұрыс ұйымдастырған жағдайдағы тиімділігі жайлы айтылды. Сондай-ақ мектептерде жүргізілген сауалнама нəтижелері беріліп, сарапталған.
2014

Мақалада авторлар Ч.Фриз жəне Р.Ладоның аудиолингвалдық əдісінің даму тарихын қарастырды жəне оның қазіргі əдістемеде алатын орнына тоқталып өтті. Сонымен қатар аудиолингвалдық əдісінде қолданылатын оқыту мазмұны, əдістемелік қағидалары мен тəсілдері талданған. Оқытудың негізгі мақсаты ретінде Ч.Фриз жəне Р.Ладо шетел тілін жан-жақты меңгеруді атап көрсетеді, яғни ауызша жəне жазбаша тілдесудің барлық түрлерін меңгеруді.
2014

 Мақала шетел тілін oқытуда сөйлесім іскерлігін кейбір интерактивті əдістерді, яғни диалог, монолог қoлдану арқылы, үйретуге жəне жаңа тақырыпты түсіндірудегі ең тиімді жолдардың бірі — рөлдік ойынға арналған. Сөйлеу тілі дегеніміз — əдеби тілге жататын бейресми жағдаятта қолданылатын, сөйлеушілердің тікелей қатысуымен жүзеге асатын машықты сөз. Айтылым — ойын жеткізу қажеттілігі, маңызды іс-əрекеттің өнімді түрі. Сабақта өз ойын жеткізу тілегі қарым-қатынас үшін алғашқы жағдай болып табылады. Екіншіден, студентке тілдің көмегімен маңызды мəселелерді шеше алатындай жағдай жасау керек. Оқытушы студенттердің ауызекі сөйлеуін жетілдіру жəне дамыту үшін барлық мүмкін тəсілдерді қолданады.
2014

Мақалада қазақ тіліндегі дыбыстардың дифференциалды белгілеріне оқыту барысында модельдеу əдісін қолдану қажеттілігі айқындалды. Авторлар «модель» жəне «модельдеу əдісі» түсініктерінің негіздерін анықтады, қазақ тіліндегі дыбыстардың дифференциалды белгілерінің модельдерін көрсетті.
2014

Мақалада кəсіптік оқыту педагогтарын инновациялық іс-əрекетке даярлау мəселелері қарастырылған. Инновациялық іс-əрекет ұғымына талдау жүргізіліп, оның жаңашыл идеяларын, жаңашыл əдіс- тəсілдерін оқу-тəрбие үрдісіне өз кəсіби тəжірибесіне, мектеп жағдайына, тəлімгерлердің білім дəрежесінде байланысты əрекеті негізінде ұсынылған. Авторлар кəсіптік оқыту педагогтарына берілетін білім мазмұны оның болашақ кəсіби қызметіне қажетті білім, білік жəне дағдыларды игеру барысы мен нəтижесін қамтамасыз ету жолдарын, яғни болашақ кəсіби қызметіне даярлаудың қажетті шарттарын, көрсеткен.
2015

 Мақалада оқу-тəрбие үрдісінде тиімді əдіс-тəсілдерді таңдай отырып, мектеп жасына дейінгі балаларға экологиялық тəрбие беру жұмыстары қарастырылған. Авторлар зерттеу жұмысында экология жайында алғашқы қарапайым ұғымдарын қалыптастыру жолдарын сипаттаған. Жұмыс түрлері балабақша бағдарламасына сай жоспарланған. Оқу-тəрбие үрдісіндегі экологиялық тəрбие беру жұмыстарында пəнаралық байланыстың (дүниетану, бейнелеу өнері, тіл дамыту жəне музыка) тиімділігі көрсетілген. Кешенді сабақ түрлерін ұтымды жақтары талданды. Зерттеу барысында Талдықорған қаласының № 42 балабақшасы негізінде жүргізілген эксперименттік-тəжірибелік сабақтар сипатталған.
2015

Мақалада оқушылардың шығармашылық деңгейін жетілдіру алғашқы əскери дайындық сабағы арқылы педагогикалық технологияны пайдалану сұрақтары қарастырылды. «Педагогикалық технология» түсінігінің мазмұны мен мəні талданған. Авторлар оқушылардың машықтанудағы түрлі технологияларды оның оқыту мазмұнына, жас жəне психологиялық ерекшеліктерін таңдауына негізгі назарын аудара білді.
2015

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.