Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Мектеп жасына дейінгі балаларға экологиялық тəрбие беру жұмысын ұйымдастыру

 Бүгінгі таңда бүкіл адамзаттың алдында тұрған өмірлік маңызы бар ауқымды проблемалардың ішінде табиғатты қорғау мен табиғи ресурстарды тиімді пайдалану мəселесіне ерекше көңіл бөлінуде. Табиғатқа жанашыр болу адамзат қоғамына, оның келешегіне жанашырлық жасау болып табылады. Айнала бізді қоршаған табиғи ортаға қамқорлық жасау, оның бойындағы бар байлықты адам игілігі үшін мейлінше ұтымды пайдалану, қорғау жəне көркейту мəселесін ойдағыдай шешу — бүгінде бүкіл дүние жүзі халықтарының алдында тұрған ортақ міндет. Өйткені бүкіл Жер планетасы, айналадағы табиғи орта                                   адамзат үшін ортақ. Бұл абыройлы міндетті бұлжытпай алға алып барушылар — еңбектің қадірін, еңбек өнімділігін арттырудағы табиғат байлығының рөлін толығынан түсіне білетін жастар. Сондықтан халқымыздың, əсіресе жастардың экологияға деген көзқарасын өзгерту шешуші фактор болып табылады. Бұл орайда педагогикалық мəселелер алғы шептен орын алады, өйткені өсіп келе жатқан жас ұрпақ отбасында, мектепке дейінгі ұйымдарда, мектеп қабырғасында жүріп табиғат, оның адамзат үшін пайдасы туралы, айналадағы табиғи ортаны көздің қарашығындай сақтау жəне онымен дұрыс қарым-қатынас жасау туралы мақсатты түрде ең алғаш рет ғылыми мағлұмат алады. Міне, сондықтан балабақшадан бастап балаларға экологиялық тəрбие беру өзекті мəселелердің бірі болып отыр.

Табиғатты қорғау жұмыстарын жақсарту мақсатында экологиялық бағдарламаны əрі қарай жетілдіру көзделуде. Қазақстан Респуликасының «Қоршаған ортаны қорғау туралы» Заңы, «Қазақстан Респуликасының экологиялық қауіпсіздігін сақтау концепциясы», «Экологиялық білім бағдарламасы» шықты.

Тəрбиенің қай саласы болса да негізінен ол балаларға, жасөспірімдерге арналады. Ал оларды табиғатты сезініп, түсініп, қадірлей білуге баулу экологиялық тəрбие жүргізу арқылы іске асырылады.

Мектепке дейінгі ұйымдарда экологиялық тəрбие жұмысын ұйымдастыруға ұсынылатын материалдарда балалардың жас ерекшеліктерін, психологиялық физиологиялық қабылдау мүмкіндіктерін ескеріп, оны тəрбие процесінде тиімді пайдаланған дұрыс. Балалардың отбасында өсімдіктер мен жануарлар дүниесіне деген қызығушылығы, оларды сырттай бақылауы, өсімдіктерді басып-жаншып сындырмау, өзен-көл суларын ластамау, қоршаған ортада тазалық сақтау сияқты адамға ғана тəн табиғат қорғау іс-əрекеттерінің ата-аналардың ықпалымен жүргізілуі балалық шақтан дағдыға айналып, күнделікті өмірде орындауға тиісті міндеттерге айналуына мүмкіндік туғызады.

Балаға табиғаттың негізгі ерекшеліктерін, əр жыл мезгіліне байланысты қоршаған ортада, өсімдіктер мен жануарлар əлемінде болып жататын сан алуан өзгерістер мен құбылыстарды көрсету, сезіндіру, байқату барысында баланы дамыту мақсаты көзделеді. Тіпті, балалармен жүргізілетін барлық педагогикалық процестер, ақыл-ойын, тілін дамытуда пайдаланылатын ойындар, жұмбақ- мысалдар, əңгімелер, қолданылатын көрнекі құралдар мен ойыншықтар болсын, бəрі-бəрі табиғаттың жемісі екендігін ғалымдар əрқашан мойындаған.

Балабақшадағы экологиялық тəрбиенің мақсаты — табиғатты аялап, оны қамқорлыққа алып күту, табиғат жөнінде қарапайым білім бере отырып, тірі жəне өлі табиғаттағы құбылыстар жөнінде ұғымдар қалыптастыру.

Мектеп жасына дейінгі балаларға табиғат жайлы білім беру мəселесімен А.П. Усова, Н.Н. Поддъяков, Н.Ф. Виноградовалар өздерінің ғылыми зерттеулерінде көтереді.

А.П. Усова балаға табиғат туралы ұғым беру ісін екі теорияға бөліп қарады, біріншісі — қарапайым, яғни балаға білім арнайы оқытусыз күнделікті ойын, еңбек іс-əрекеттерінде бақылау арқылы жүргізіледі. Екіншісі — балаға күрделі ұғым тек арнайы ұйымдастырылған оқыту үрдісінде, сабақ кезінде ғана беріледі жəне екеуі де бір-бірімен байланысты жүргізіліуі керек. Бұлайша берілген білім нақты жүйелендірілген, бала ұғымына сай келетін табиғат құбылыстарының ерекшеліктерін, жыл мезгілдеріне байланысты адамдар өмірінде болатын өзгерістер мен олардың іс-əрекеті жайында, шынайы түсінікті қамтыған жағдайда ғана нəтижелі болады деп көрсеткен [1]. «Умственное воспита- ние детей в процессе ознакомления с природой» атты еңбегінде Н.Ф. Виноградова баланың ақыл- ойын, тілін дамыту мəселесіне өте үлкен мəн берген. Ол мектеп жасына дейінгі баланың ойының жəне тілінің дамуы қоршаған ортаны табиғатты қабылдауына, бала тілінің жетілгендігі ақыл-ойдың даму нəтижесінен туындайды жəне тіл мен ой байланысты деген. Сондықтан да балабақшада тіл да- мыту ісін табиғатпен таныстырумен байланыстырып бақылау, серуен, топсеруен кездерінде жүзеге асыруды ұсынды [2].

Н.Н.Поддъяковтың психологиялық зерттелуінде баланың логикалық ойының дамуы заттар мен табиғи құбылыстарды тікелей ұстау, сезіну, көру əрекетіне байланысты екендігі көрсетілген. Баланың мектепке жүйелі білім алуға жан-жақты əзір болуы үшін, психолог-ғалымдардың пікірінше, оның сөздік қоры, сөйлем құру мүмкіндігі, сапалы ойлау қабілеті дамыған, нақтырақ айтқанда, логикалық ойлану дағдысы жетіле бастаған болуы керек. Мұндай қабілеттердің біртіндеп қалыптасуына мүмкіндік беретін жағдайлардың бірі — балаларға өзін қоршаған орта, табиғи заттар мен құбылыстар туралы ғылыми ұғым беру деп көрсетеді [3]. Атақты психолог Л.С.Выготский өзінің психологиялық зерттеулерінде де баланы мектепке даярлау мəселесіне ерекше назар аударған. 5–6 жаста балалар табиғаттағы заттардың қайдан, қалай пайда болғандығына қызықтай қарап, олардың өсіп, дамуы жөнінде алған білімдері мен өздігінше бақылағандарын байланыстыра ой қорытындыларын жасауға тырысады. Себебі, бұл шақта баланың көрнекі-бейнелік ойлау қабілеті жетіліп, логикалық ойдың алғашқы элементтері қалыптаса бастайды. Бала жеке заттарды жəне табиғат құбылыстарын біліп қана қоймай, олардың себептерін түсінуге тырысып, үлкендерге жиі сұрақтар қояды, дейді [4].

Республикамызда балалардың дүниетанымын қалыптастыру мəселесіне ерекше көңіл бөлген ғалымдардың бірі Қ. Аймағамбетова болды. Оның 6 жасар жəне төменгі сынып балаларына арналған «Айналадағы дүниемен таныстыру», «Табиғат тануды оқыту жəне бала тəрбиесі» жəне тағы да басқа еңбектерінде сəбиді айналадағы дүниемен таныстыру, оларға өзін қоршаған табиғат құбылыстары туралы алғашқы ғылыми ұғым беру жолдарын қарастырған [5].

Біздің қарастырып отырған мақаламыздың мақсаты мектеп жасына дейінгі балаларға экологиялық тəрбие беруде тиімді əдіс-тəсілдерді таңдай отырып, адам, табиғат, қоғамның біртұтастығы, өзара байланысы жайында қарапайым дүниетанымдық көзқарастары кеңейту болып табылады.

Мектепке дейінгі ұйымдарда экологиялық тəрбие мəселелерін зерттеу мақсатында Талдықорған қаласының № 42 балабақшасында эксперимент жұмысы жүргізілді. Зерттеу жұмысымызда экологиялық тəрбие жұмыстарын ұйымдастыруда тиімді əдістер талқыланды [6]. Жұмыс балабақша бағдарлама талабына сай жоспарланып, табиғатпен таныстыруды, оны ашық аспан аясында бақылау, сабақ, серуен, саяхат, табиғаттағы еңбек үрдісінде жүзеге асыруды жəне тəрбиенің негізгі салалары болып есептелетін адамгершілік, эстетикалық, еңбек тəрбиесі мен халықтық педагогиканы пайдалана отырып жүргізілді.

Жұмыс барысында балалардың дамуындағы жеке ерекшеліктерін ескере отырып, балабақша тəрбиешілері алдына мына міндеттер қойылды:

  • табиғат құбылыстарының маусымдық өзгерістерін бақылату;
  • көркем шығармаларды талдау, халық ауыз əдебиетін қолдана білу;
  • проблемалық жағдаяттар туғызу, оларды тəжірибе жүргізу арқылы өздеріне қорытынды жасай білуге дағдыландыру.

Экологиялық тəрбие беру жұмыстарында пəнаралық байланысты (қоршаған ортамен таныстыру, тіл дамыту, еңбек, бейнелеу өнері мен музыкалық шығармаларды) пайдалана отырып, кешенді сабақ түрлері ұйымдастырылды. Экологиялық тəрбие мазмұнының сабақтастыққа негізделген жүйесі құрылып, мектеп жасына дейінгі балаларының жас ерекшеліктеріне байланысты меңгерілетін экологиялық материалдар сұрыпталды. Табиғатқа деген сүйіспеншілікке тəрбиелеу үшін оқу-тəрбие жұмыстарында дидактикалық əдістерді: экологиялық ертегілер, экологиялық жұмбақтар, экологиялық ойындар, экологиялық тақырыптағы мақал-мəтел мен жаңылтпаштар, экологиялық ертегілерді құрастыру, əңгіме-кеңестер өткізілді.

Қоршаған ортамен таныстыру бағытындағы экологиялық тəрбие беру жұмысы еңбек тəрбиесімен байланыстыра жүргізілді. Мысалы, өсімдіктерге су құйып, жапырағыңдағы шаңын сүрту, құстарға жем шашып, торларды тазалау балаларды еңбекке машықтандыруға көмектеседі. Күнделікті табиғат бұрышындағы еңбек түрлерін бақылауы еңбектің жеңіл түрлерімен айналысуы табиғатқа жауапкершілікпен қарау дағдыларын қалыптастырды, өсімдікті жұлмау, құстарды қорғау сияқты жағымды іс-əрекеттерге баулып, оларға деген аялы сезімдерін дамытты. Халық педагогикасындағы «Құстардың ұясын, құмырсқаның илеуін бұзба», «Аққуды атпа», «Жалғыз ағашты кеспе», «Суға түкірме» деген сөздер балаларды шынайы болмыс сырын түсініп-түйсінуге, өсіп-өнген жəне тіршілік етер қоршаған ортаны, табиғатты қорғауға, тіршілікке қастандық жасамауға баулиды.

Экологиялық тəрбие — бұл тек «жұлуға болмайды», «ластауға болмайды» деген жалаң ұран, үндеу тастау немесе тəртіпке шақыру ғана емес, сонымен бірге не себепті олай етуге болмайтындығын түсіндірумен байланысты жүзеге асты.

Қарапайым экологиялық түсініктерді меңгерту баланың қоршаған орта нысандарына танымдық қызығушылығын арттырумен тығыз байланысты. Баланың танымдық дамуы ойын барысында, табиғи нысандар мен құбылыстарға бақылау жасау, заттарды қарап, зерттеу кезінде, табиғат пен табиғат күнтізбесіндегі ауа райы жағдайына бақылау нəтижелерін айта білу, еңбек жəне басқа да əрекеттер барысында жүзеге асады. Қоршаған дүниемен таныстыру мектеп жасына дейінгі баланың сезіміне əсер етіп, оның тілін дамытуға жағдай жасап, айналадағы өмірді, табиғат құбылыстарын бағдарлап сінуге мүмкіндік туғызады. Мектеп жасына дейінгі баланың өмірдегі нақты заттар мен құбылыстар жөнінде, ол заттардың өсу, даму ерекшелігі, өзара айналасы жөнінде өздігінен ой қорытындыларын жасап, басқаларға тусіндіруге əрекеттенушілігі басым болады. 5–7 жастағы баланың көрнекті, образды ойлау қабілеттілігі басым болатыны белгілі.

Баланың қоршаған ортадан, табиғат құбылыстарынан алатын білімі, меңгеретін дағдысы экологиялық тəрбие берудің алғашқы негізі болмақ. Тəрбиеші мақсат қоя ұйымдастырылған іс- əрекеттері (ойын, топсаяхат, бақылау, серуен т.б.) арқылы мектеп жасына дейінгі баланың қоршаған орта жайында алғашқы мағлұматтар алып, айналасындағыны байқап, қызығушылықпен қарап, оны əңгімелеп айтып беруге талпынады.

Мектепке дейінгі балалық шақ кезеңінде баланың танымдық дамуы эмоционалдық қарым- қатынастар арқылы қалыптасады. Əрбір жеке бала — қоршаған ортаны қызығушылықпен қабылдайтын кішкентай зерттеуші. Бала белсенді əрекеттерге талпынады. Сондықтан да бақылау мен зерттеу сияқты əдістер балаға неғұрлым жақын болып табылады.

Педагогикалық эксперимент жұмысымызда байқағанымыздай, серуен кезінде ұйымдастырылатын бақылау үлгілері тəрбиешіге баланы қоршаған ортамен таныстыруға көмектесті.

Балабақшадағы серуен күн тəртібінің бір бөлігі болып табылады. Ол негізгі бес бөлімнен тұрады: бақылау, жеке жұмыс, қимылды ойын, табиғаттағы еңбек жəне дербес (еркін) ойындар. Бес бөлім бірін-бірі толықтырады. Серуен арқылы балаға айнала қоршаған орта туралы толық мағлұмат беруге болады. Бала ауа райын, табиғатты, күнді, желді, топырақты, ағаштар мен жануарларды, құстарды бақылай отырып, білімін жетілдіреді, өзі үшін жаңалық ашады.

Табиғатпен байланыс, ойластырылған байқауларды, серуендерді, əңгімелерді ұйымдастыру — экологиялық тəрбиені дұрыс жолға қою мен қажетті нəтижені алудың бастамасы ретінде аса жауапкершілікпен қарастырылды. Жеңілден ауырға қарай іс-əрекеттерінің мəселелерін аңғартып, кез келген құбылыстардың барлық қиындықтары мен көпқырлылығын көрсетуге тырыстық.

Серуендерді өткізгенде дидактикалық, қозғалыс, танымдық, сюжеттік ойындарға көңіл бөлініп отырды.

Бақылау — мектеп жасына дейінгі балаларды табиғат құбылыстарымен таныстырудың жетекші əдісі, сонымен бірге тəрбиеші басшылық жасайтын табиғатты танудың негізгі құралы. Мектеп жасына дейінгі баланың қабылдауы, көру, есту, иіскеу, тыңдау, сезу сияқты танымдық процестер көмегімен жүзеге асады. Бақылау арқылы қабылдау сөзді белсенді пайдалануға негіз болып, оның ойлау, ой қорыту үрдісімен жалғасады.

Объектіге жəне мектеп жасына дейінгі балалардың жас ерекшелігіне байланысты бақылау қысқа (ұзақтығы бірнеше минут) жəне ұзақ (бірнеше күн немесе тіпті апта бойына) болуы мүмкін. Біз жұмысымызда табиғат құбылыстарына бақылау жасау кезінде, əсіресе табиғатта болып жəне байқап көруге мүмкіндік туғызатын кұбылыстарды бақылауды таңдадық (сүңгі, көктайғақ, нажағай т.б). Осы арқылы бірінші кезекте баланың танымдық қабылдауын жүзеге асыру қарастырылды. «Көктайғақ қалай пайда болды?», «Оның адам өмірінде қандай қауіпі бар?» т.б. сұрақтар арқылы олардың дұрыс қабылдауы жүзеге асырылды. Бақылау ізденістік сипатқа ие болды, балалар құбылыстың себебін табуға тырысуды, салыстыруға, қорытынды жасауға төселеді.

Балалар зерттеушілік, ой пайымдау, салыстыру əрекеттеріне төселіп, сөз қолдануға тырысады. Кейде бақыланатын құбылыс суреттегі бейнемен салыстырылады. Сондықтан балалардың назары олардың айырмашылықтарын белгілеумен бірге (қарлы боран, құмды боран) бірнеше құбылыстың ортақ белгілеріне (боран кезінде негізгі құбылыс желмен байланыс екендігі), əсіресе олардың елеулі жақтарына (жел) назар аударылып отырылады. Бақыланып отырған құбылысты салыстыруға тапсырма берілді. Сондай-ақ тек қиналған жағдайда ғана көмек көрсетіліп, салыстырылатын белгілерді анықтауда балаларға еркіндік берілді.

Бақылаудың нəтижелерін балалар өздерінің салған суреттерінде көрсете білді. Балалардың ойын жандандыруға, қорытынды жасай білуге, құбылыстарды, олардың себептерін айқындауға «Сен оны қалай білдің?» «ойыңды дəлелде» деген т.б. сұрақтар мен тапсырмалар берілді.

Бақылаудың ерекше түрі — эксперимент. Ол арнайы жасалған жағдайларда ұйымдастырылады. Сабақтарда, серуен кезінде немесе табиғат бұрышында жəне балабақшаның жер учаскесінде балаларды жеңіл-желпі тəжірибелер жүргізуге тарту олардың бақылағыштығын дамытып, объектілерге жəне табиғат құбылыстарына белсенді де дұрыс қарым-қатынасын тəрбиелеуде зор мəні бар. Қарапайым тəжірибелердің көмегімен балаларға судың қатуын, қар мен мұздың суға айналуын, кемпірқосақтың жасалуын жəне басқаларды көрсетуге болады, мысалы, «Толқынның жасалуы». Легенге суды құйып, балаларға қолды суға салып, онымен жан-жаққа қозғауды ұсыну керек. Олардың назарын су толқынының қалай пайда болатынына аудару керек. Егер қолмен қаттырақ қозғалтса, толқынның қозғалысы жылдамдайды.

Көктайғақ секілді құбылыстармен таныстыру кезінде көшедегі адамдардың, машиналардың жүрісіне бақылау жасалады. Мұз үстінде машинаны бірден тоқтатудың қиындығын балалар бақылау кезінде көріп білді. Мектептің жер учаскесіндегі жолдың бір бөлігіне су құйдық, ол мұз болып қатты. Содан соң балалар оның үстімен жүрудің қиын екенін, аяқ тайғанап, жығылып қалуға болатынын бақылады.

Тапсырмалар беруде алуан түрлі тəсілдерді пайдаланумен («Ойлан», «Салыстыр», «Айтып бер»,«Есіңде   сақта»   т.б.)   мектеп   жасына   дейінгі   баланың   бақылағаны   туралы   жүйелі   түрде байланыстырып айтып беруге үйреттік.

Табиғаттың бір құбылысына бақылау ұйымдастыру жəне (мұз сүңгісінің жəне олардың еріп кетуі) соған тəн өзгешеліктерді белгілеуді, салыстыруды, өзгерулерді анықтайтын жаңа белгілерді бөліп алуды, өлі табиғаттың бұл құбылысының не себепті адам өміріне қауіпті (сүмеленген мұз тұрған жерден жүруге болмайды) екенін жан-жақты қарап алуды ұсындық.

Бақылау жүргізу кезінде 5–7 жастағы логикалық ойлауын дамытуға көмектесетін түрлі тəсілдерді (салыстыруларды) пайдалануға болады. Бақылау жүргізіп жаттыққан балалар салыстыру тəсілін де меңгере біледі.

Ауаның серпімділігін, жеңілдігін дəлелдеу үшін допты, шарды үрлеп көрсету, доптың секіруі, ауа толған шардың, доптың суға батпайтындығы тəжірибе жүзінде көрсетілді.

Проблемалық жағдаяттар балаларды өлі табиғат заттарымен: сумен, оның күйінің игеруімен (қату, қар жəне мұздың еруі, буға айналуы); қатты денелермен (құм, мұз, тас); олардың қасиеттерімен; ауамен, оның қозғалысымен; желдің бағытымен жəне күшімен; электрлік жəне жарықтық құбылыстармен (электр шамының, кемпірқосақтың жасалуы, түрлі-түсті жолақтардың үлгісі мен орналасуы); магнитпен жəне оның қасиеттерімен таныстырдық.

«Судың қасиеті» тəжірибесі.

Балаларға стақандағы суды көруге ұсынамыз.

  • Су қандай?

Енді балаларға суды шыны ыдысқа құйып, ыдыстағы су арқылы бір затты көруді ұсынамыз.

  • Зат көріне ме?

Келесі кезекте суға бояу қосамыз.

  • Су қандай түске боялды, енді зат көріне ме? Суды матаға құямыз.
  • Мата қандай болды?

Суды түрлі бокал, стакан, кесеге құямыз.

  • Су құйылады. Су сұйық.

Суды үнемдеп пайдалану керек. Барлық тіршілік иелері суды қажет етеді. Адамдар, жануарлар, өсімдіктер, жəндіктердің бəрі де сусыз өмір сүре алмайтындығы түсіндірілді.

Салыстыру көмегімен заттардағы жəне кұбылыстардағы ұқсас жəне ерекше белгілерді бөліп алуға, зерттелініп отырған объектілердің кейбір ортақ белгілерін табуға үйренеді. Мысалы, топырақ пен құмға су құю, су құйылған құммен ойнағанда, қолындағы құмның жабыспай түсіп қалуы, ал су құйылған топырақпен ойнағанда қолдың лай болып былғануы жөніндегі тəжірибе жүргізілді.

Мұндай сабақтарды ұйымдастыру кезінде өлі табиғат (ауа, су, жер т.с.с.) туралы ғылыми дұрыс ұғымдардың қалыптасуына мектеп жасына дейінгі баланың затты көріп қана қоймай, онымен тəжірибе жүзінде танысуы қамтамасыз етілді. Сол себепті əр сабақтың негізгі мақсатын жүзеге асыру барысында тəжірибе жасау оның нəтижелерін қорытып, ұғымдарын ретке келтіру жағына баса көңіл бөлінді. Қоршаған дүниені дұрыс түсіну үшін балаға қолайлы жағдайлар жасалынды. Олардың тəжірибе жасауы жаңа ұғымдар дамытудың бірден-бір бастау бұлағы болды.

Жыл мезгіліндегі табиғаттағы өгерістер туралы білімдерін кеңейту мақсатында көркем шығармалар пайдаланылды. Мысалы, көктем мезгіліндегі өзгерістерді түсіндіру мақсатында «Қоянның үйшігі» ертегісіне байланысты суретті сериялар пайдаланылып ертегімен таныстырдық, сюжетті-рөлдік жəне дидактикалық ойындар ұйымдастырылды. «Біз не білдік?» сұрағына балалар көктемде қар ериді, күн жылынатындығын айтты. Көктем мен күз мезгіліндегі ерекшеліктерді салыстыруда сурет сабағында альбоммен жұмыс жүргізілді. Балалар көктем мен күз мезгілінің ерекшеліктері туралы əңгімелесіп, альбомдағы үлгіге қарап, қоңыр қарандашпен ағаштың суретін бояп, жасыл жəне сары түспен жапырақтарын салды.

Зерттеу жұмысымызда эксперимент мектеп жасына дейінгі балаға тек жаңа білімді хабарлау кезінде ғана емес, бұрынғы білімдерін тұжырымдау барысында да қолданылды. Осының нəтижесінде бұрын мектеп жасына дейінгі баланың ескермеген заттың жаңа қасиеттері ендігі жерде ол бірінші қатарға шығады. Баланың əрбір құбылысты көрнекілік арқылы-ақ таратып, белгілерін анықтай алады. Эксперимент жұмысымызды қорыта келе, экологиялық тəрбие беру мақсатындағы сабақтарды өткізгенде тəрбиеші көрсететін затты балалардың өздері сезінетіндей жағдай жасалды. Сонда ғана балалар           сұрақтарға                жауап          қайтарып,                өздігінен   жасаған   тəжірибелеріне   сүйеніп,   байқаған қасиеттерінің дұрыстығына көздерін жеткізді. Біз өткізген тəжірибелік сабақтар кезінде баланың ойын өрбіту мақсатымен үнемі проблемалық жағдаяттарға сүйеніп жасалып отырды. Бұл жағдайды олар өздерінде бұрыннан бар ұғымдарына əлі таныс емес құбылыстар мен заттарды, олардың ерекшеліктерін нақты қалпында қабылдады, қызықты педагогикалық жағдаяттарды шешуі табиғат құбылысының ерекшеліктеріне деген қызығушылықтарын арттырды.

Жұмыс барысында пайдаланылған көркем туындылар баланың тілін, қиялын дамытып, олардың өз ойларын бейнелеп жеткізе білуге əсер етті. Экологиялық тəрбие беруде кешенді сабақ формаларын пайдалану əдістемесінің тиімділігі дəлелденді. Осы бағытта жүргізілген жұмыстар мектеп жасына дейінгі балалардың табиғатқа жауапкершілік сезімдерін, экологиялық тəрбиелігін дамытуға мүмкіндік беретініне зерттеу жұмысымыздың барысында көз жеткіздік.

 

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Усова А.П. Обучение в детском саду // Под ред. А.В. Запорожца. — М.: Просвещение, 1981. — 176 с., ил.
  2. Виноградова Н.Ф. Окружающий мир: Учеб. пособие для 1-го класса. — М.: Просвещение, 2012. — 185 с.
  3. Поддъяков Н.Н. Творчество и саморазвитие детей дошкольного возраста: Концептуальный аспект. — Волгоград: Перемена, 1995. — 28 с.
  4. Выготский Л.С. Мышление и речь / Л.С.Выготский. — М.: Лабиринт, 2008. — 352 с.
  5. Аймағамбетова Қ.А. Дүниетану. Жалпы білім беретін 11 жылдық мектептің 1-сыныбына арналған оқулық. — Алма- ты: Алматыкітап, 2009. — 144 б., сур.
  6. Активные методы обучения. Электронный курс. Международный институт развития «ЭкоПро», Образовательный портал «Мой университет». — [ЭР]. Режим доступа: http://www.moi-universitet.ru/

 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.