Елбасымыз жаңа кезеңдегі əлеуметтік саясаттың маңызды құрамдас бөлігі ретінде ана мен баланы қорғауды «Қазақстан – 2050» бағдарламасында былай деп атап көрсеткен. Бəсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін біз сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек. Қазіргі əлемде жай ғана жаппай сауаттылық жеткіліксіз болып қалғалы қашан. Біздің азаматтарымыз үнемі ең озық жабдықтармен жəне ең заманауи өндірістерде жұмыс жасау машығын меңгеруге дайын болуға тиіс. Жалпы барлық жеткіншек ұрпақтың функционалдық сауаттылығына да зор көңіл бөлу қажет, қазіргі заманға бейімделген болуы үшін бұл аса маңызды. Біздің жұмыстарымыздың білім беру саласындағы басымдықтары, бүкіл əлемдегі сияқты, Қазақстан мектепке дейінгі білім берудің жаңа əдістеріне көшу керек.
Ескірген немесе сұраныс жоқ ғылыми жəне білім пəндерінен арылу, сонымен бірге сұраныс көп жəне болашағы бар бағыттарды күшейту қажет.
Жоғары білім берудің оқу жоспарларының бағыттылығы мен басымдықтарын оларға тəжірибелік машықтарға үйрету бойынша жəне тəжірибелік біліктілікке ие болу бағдарламаларын қоса өзгерту керек.
Жоғарғы кəсіби білім беру жүйесін модернизациялаудың негізгі талаптарының бірі күрделі əлеуметтік мəдени жағдайларға қалыптасуға бейімді, білікті маманды кəсіби даярлау болып табылады. Еңбек нарығында қалыптасқан жағдайлардың əсерінен түлектерге қойылатын заманауи талаптарға қарағанда дизайн бакалавр маманын кəсіби даярлау мəселесі ерекше көкейкесті болып табылады. Дəстүрлі білім беру жүйесінде білікті мамандар даярлаушы кəсіби білім беретін оқу орындарының басты мақсаты мамандықтарды игерту ғана болса, ал қазір əлемдік білім кеңестігіне ене отырып, басекеге қабілетті тұлға дайындау үшін адамның құзырлылық қабілетіне сүйену арқылы нəтижеге бағдарланған білім беру жүйесін ұсыну — қазіргі таңда негізгі өзекті мəселелердің бірі.
Білім беруді дамытудың стратегиялық приоритеті əлемдік білім беру кеңістігінде интегралданған жəне жеке тұлға мен қоғамның мұқтаждығын қанағаттандыратын көп деңгейлі үздіксіз дизайнерлік білім берудің ұлттық үлгілерін қалыптастыру болып табылады. Білім берудің негізгі жалпыұлттық мақсаттары жəне мақсаттар иерархиясы ҚР Білім беруді дамыту тұжырымдамаларында көрсетілген.
Жоғары білім берудің мақсаты — сапалы кəсіби білім алуда қоғам, мемлекет жəне жеке тұлғаның мүдделерін қанағаттандыру. Жоғары жəне жоғары оқудан кейінгі білім берудің құрылымы — бакалавриат, магистратура, аспирантура жəне докторантура арқылы кадр дайындау жүйесіне ауыстырылады.
«Дизайн» мамандығы бойынша бакалавриаттың білім беру бағдарламасының мазмұны кең базалық кəсіби дайындықты болжайды жəне кəсіби қызметтің жалпы интегралды (пəнаралық) əдіснамасымен қамтамасыз ететін жəне болашақ дизайнерлердің шығармашылық сапасын дамытуға, өздігімен білім алуға деген мұқтаждықтарын қалыптастыруға мүмкіндік беретін болашақ мамандардың пəндік білімдерінің іргелілігіне жетуге бағытталуы тиіс.
«Дизайн» мамандығы бойынша бакалавриатқа кредиттік оқыту технологиясы бойынша жүзеге асырылатын жалпы білім беру, базалық жəне кəсіби білім беру циклдары жатады. Нақты мазмұны шетелдік аналогтар есебімен пəндердің типтік оқу бағдарламаларында қамтып көрсетілуі тиіс.
«Біліктілік» латын тілінен аударғанда «компетенс» белгілі сала бойынша жан-жақты хабардар білгір деген мағынаны қамти отырып, қандай да бір сұрақтар төңірегінде беделді түрде шешім шығара алады дегенді білдіреді» деп көрсетеді. Бұл жайлы Б.Тұрғанбаева: «... өзінің практикалық əрекеті арқылы алған білімдерін өз өмірлік мəселелерін шешуде қолдана алуын біліктілік деп атаймыз», — деп анықтаса, ресей ғалымы Н.Кузьминаның көзқарасы бойынша, «біліктілік дегеніміз педагогтің басқа бір адамның дамуына негіз бола алатын білімділігі мен абыройлығы [1].
«Дизайн» мамандығы бойынша бакалаврдың біліктілік сипаттамасы мен бітіруші түлектердің кəсіби қызмет объектілері (мамандандыру бойынша) келесi түрлерін ажыратамыз:
Сəулеттік дизайн: қала, ауыл, саябақ ансамбльдері, шағын сəулеттік формалар, көркейту жəне көгалдандыру элементтері, көзбен шолу коммуникациялары, экспозициялық кеңістік, қалалық ортадағы жабдықтар мен жиһаздар, тұрғын жəне қоғамдық ғимараттардың ішкі кеңістігі, қоғамдық жерасты ғимараттары, интерьердегі үй бұйымдары, жабдықтар мен жиһаздар, көрме жəне сауда экспозициялары, экстерьер мен интерьердегі монументті-сəндік элементтер жəне сəндік-қолданбалы өнер заттары, интерьердегі көзбен шолу коммуникациясы.
Графикалық дизайн: графикалық символдар, сауда белгілері, фирмалық стильдер, көзбен шолу коммуникациясы жүйелері, иллюстрациялар, кітаптарды безендіру, буып-түю, жарнама, əлеуметтік жарнама, жаппай электронды жəне баспа ақпарат құралдарына арналған жарнама, сыртқы жарнама, транзиттік жарнама.
Өнеркəсіптік дизайн: жаппай өндіріске арналған заттар, бұйымдар жəне олардың кешендері, ұсақ сериялы заттар жəне бұйымдар, көлік құралдары, жабдықтар, жиһаздар.
Костюм дизайны: форма жасау жəне костюмдегі көркем айқындық, костюм дизайнында жобалау жəне модельдеу əдістері, алуан түрлі киімдердің, модельдер жинағының түрлерін жобалау, сəнді болжау, сəнге сурет араластыру.
Теледидар жəне сахна дизайны: телевизиялық арнаны көркемдік безендіру, теледидар бағдарламалардың, қысқа жарнама фильмдерінің, бейнеарт шығармалардың сахна жобалары, теледидар бағдарламалардың сахна жобалары, күрделілігі түрлі деңгейдегі ойын кинокартиналарының сахнаға жарамды жобалары.
Дизайн бакалаврдың кəсіби біліктілік қызметінің ерекшелігі дизайн нысандарын жобалаумен байланысты шығармашылық үрдіс ретінде ғана емес, сонымен бірге көркемдік, ғылыми-зерттеу, педагогикалық қызметке ие болады. Дизайнер-маманның қызметінің ерекшелігі дизайн нысандарымен анықталады, олар адамның утилитарлы, рухани қажеттіліктерін қанағаттандыратын біртұтас затты-кеңістіктік кешендерді құрайды.
Дизайн қызметінің ерекшелігі — дизайн бакалавры маманның кəсіби оқыту əдісінің өзгешелігін анықтайтын, түлекті жобалау, көркемдік, ұйымдастырушылық, басқару, ақпараттық-технологиялық жəне педагогикалық қызметте дайындауды қарастыратын, яғни, кəсіби білімдердің қосымшалары саласындағы дизайн қызметінің ерекше формасымен айқындалады.
Кəсіби қызметінің саласы ретінде жоғары базалық білім алған мамандар сəулет өнерінің үзінділерін, экспозицияларды, ішкі көріністерді, өндірістік жəне тұрмыстық заттарды, сырттай бейнелеу коммуникациясы, жарнамаларды жобалауға жəне көркемдеу жұмыстарын орындауға мамандалады. Мамандықтары бойынша сəйкес келетін шығармашылық жобалау кəсіпорындарында жұмыс істеуге дайындалады.
Кəсіби қызметінің саласы ретінде жоғары базалық білім алған мамандар сəулет өнерінің үзінділерін, экспозицияларды, ішкі көріністерді, өндірістік жəне тұрмыстық заттарды, сырттай бейнелеу коммуникациясы, жарнамаларды жобалауға жəне көркемдеу жұмыстарын орындауға машықтанады.
Мамандықтары бойынша сəйкес келетін шығармашылық жобалау кəсіпорындарында жұмыс істеуге дайындалады.
Кəсіби қызметінің нысандарына мыналарды жатқызуға болады:
- қалалық, ауылдық, саябақтар кешені, кішігірім сəулет түрлері, көгалдандыру жəне ыңғайландыру элементтері, коммуникацияны сырттай бейнелеу, экспозициялық кеңістіктер, қалалық ортадағы құралдар мен жиһаздар. Тұрғын үйлер жəне қоғамдық ғимараттардың ішкі кеңістіктері, қоғамдық мақсатта қолданылатын жер асты үймереттері, жинақтау, ішкі көріністегі бұйымдар мен жиһаздар, көрмелік жəне сауда экспозициялары, ішкі жəне сыртқы көріністегі қолданбалы өнер бұйымдарының элементтері, ішкі, сырттай коммуникация.
Кəсіби қызметтің түрлері:
- жобалау-конструкторлық қызметі (дизайнер маманының жетекшілігімен): бұған нысандардың, бұйымдардың, заттардың жаңа модельдерін, макеттерін, жобаларын, бағыттарын дайындау;
- ұйымдастыру-басқару қызметі: жобалау ісін басқару жəне ұйымдастыру саласындағы кəсіби компьютерлік бағдарламаларды білу;
- бизнес жəне бəсеке жағдайындағы кəсіпкерлік жəне қаржы қызметінің стратегиялары мен қағидаларының түрлерін оқып-үйрену;
- ғылыми-педагогикалық: ғылыми жəне оқу ұйымдарындағы жұмысты кіргізеді.
Осыған байланысты болашақ дизайн бакалавры маманы өзінің кəсіби қызметінде келесі кəсіби талаптарды орындауы қажет: дизайн-жобалау əдістері, эргономика жəне антропометрия, бейнелеу өнерінің негізінде, жобалау графикасы, дизайн қызметінің əр түрлі салаларындағы компьютерлі технологиялары (графикалық, өндірістік, орта дизайны, ландшафт дизайны, интерьер дизайны) негізінде эскиздерді, дизайн-жобаларды, дизайн нысандарын дайындау жəне орындау; инженерлі- технологиялық конструкциялау жəне макеттеу, дизайн өнімдерiн жасау технологиялары салаларындағы білімдерін қолдана отырып, өндірістік дизайн саласында қызмет атқару; дизайнерлік фирмалар мен ұйымдарды басқару; мұғалімдік жұмыс [2].
Өндірістік-технологиялық қызмет саласында:
- алған мамандығы шеңберінде өндірістік міндеттерді шешу;
- өндірістік жəне технологиялық үдеріске қосылу, мамандануға сəйкес кəсіпорында технологиялық жəне өндірістік тəжірибеден өту кезеңінде алған білімі мен шеберлігін қолдану жəне т.б.
Ұйымдастыру-басқару қызметі саласында:
- шағын жобалау тобының жұмысын ұйымдастыру;
- шектес жəне қосымша бөлімшелердің жұмыс үйлестігі жəне т.б.
Эксперименттік-зерттеу қызметі саласында:
- ағымдағы жобалау жұмысының тақырыбы бойынша ақпарат жинау;
- тəжірибелі жетекшінің жетекшілігімен жоба алды зерттеу жəне жобалау экспериментінің міндеттерін қою;
- сауалнама құру, алған мəліметтерді өңдеу, аналитикалық жұмыс жүргізу;
- натурадан тексеру, тірек сұлбаларын құру, өлшемдеу жəне т.б.
Білім беру қызметі саласында:
- өз бетімен білім алу, біліктілігін арттыру бойынша;
- орта арнайы білім беру ұйымдарында практикалық сабақтар жүргізу (практикалық сабақ мақсаты мен жетістіктерінің тəсілдерін тұжырымдау, практикалық сабақ жоспарын құру) жəне т.б.
Ғылыми-зерттеу қызметі саласында:
- анықтама əдебиет, əдеби жəне жобалау материалдарымен жұмыс;
- мақала жəне шағын ғылыми мəтінде жазу жəне т.б.
Жобалау қызметі саласында:
- жобалау қызметінің мамандық бағытына сəйкес келуі;
- дизайнерлік нысанды жобалаудың негізгі сатыларын сақтау;
- эскиз жасау, материалды қолмен жəне компьютермен беру;
- «Дизайн» мамандығына сəйкес негізгі техникалық тəсілдер мен компьютерлік программаларды қолдану;
- жобалау материалын рəсімдеу жəне т.б.
Еңбек нарығының талаптарын ескере отырып, болашақ мамандардың біліктілігіне қойылатын негізгі талаптарды анықтау маңызды мəселе болып табылады. Дизайн бакалаврдың біліктілік сипаттарын келесі критерийлермен бағаладық: кəсіби — қажетті қасиеттер, жеке қасиеттері, қызығушылықтары жəне бейімділіктері.
Кəсіби-қажетті қасиеттерге жаңа компьютерлік технологияларды білу, жұмыс тəжірибесі, сурет сала білу, көркемдік жəне техникалық пəндері саласындағы теориялық білімдері, жобалау дағдылары, орта арнайы немесе жоғары білімнің болуы, конструкциялау жəне макеттеуге қабілеттілігі, өндіріс жəне материалдар технологияларын білу, ұжыммен жұмыс істей білу, дамыған эстетикалық жəне көркемдік талғамы, образды ойлаудың жоғарғы дəрежесі, өздігінен даму жəне өздігінен білім алу, жобаларды өздігінен басқару, ағылшын тілін білу, дизайндағы стильдер мен бағыттарды білу, сəн үрдістерін түсіну, аналитикалық ойлау.
Жеке қасиеттері, қызығушылықтары жəне бейімділіктеріне жағдайларға, заттарға дəстүрлі емес, өзіндік көзқарас, креативті, тіл табысушылық (коммуникативтілік), жауапкершілік, жұмысты ұқыпты жəне дəлдікпен орындау, күйзеліске төзімділігі (стрессоустойчивость), тапсырыс берушіні тыңдай білу, белсенді өмірлік ұстанымы, нəтижеге жетуге мақсат қою, еңбекқорлық, сауатты сөйлей білу, ақкөңілділік, зейінділік, орындаушылық жəне тəртіптілік, ынталық жатады.
Осы критерийлерді қарастыра отырып, жұмыс берушілер дизайнер маманның келесі қасиеттерін бірінші орынға қойып отыр: жаңа компьютерлік технологияларды білу жəне оларды тəжірибеде қолдана білу, жұмыс тəжірибесі, сурет сала білу, көркемдік жəне техникалық пəндер саласындағы теориялық білімдері, жобалау дағдылары, конструкциялау жəне макеттеуге қабілеттілігі. Жеке қасиеттердің ішінен жұмыс берушілер келесі қасиеттерді белгілейді: креативтілік, тіл табысушылық, жауапкершілік, тапсырмаларды ұқыпты жəне дəл орындау.
Маманды кəсіби дайындауға жұмыс берушілердің қойған талаптарын негізге ала отырып, дизайнер бакалавр маманында қалыптасуға қажет болатын келесі жалпы мəдени жəне кəсіби біліктіліктерді анықтауға мүмкіндік берді: өз мамандықтың əлеуметтік қажеттілігін ұғыну; кəсіби қызметті жүзеге асыру үшін жоғарғы дəрежелі уəжге ие болу; ұжыммен бірлесіп жұмыс істеуге дайын болу; ақпаратты қабылдау, талдау, жинақтау, жалпылау жəне алдына мақсат қойып, оған жету жолдарын таңдау; қалыпсыз жағдайларда дұрыс шешім қабылдай білу, жауапкершілікті атқару, əлеуметтік мəселелер мен үрдістерге талдау жасай білу; өзіндік дамуға, шығармашылық шеберлікті дамытуға талпыну, шығармашылық дизайн-жобалау əдістерін игеру (көркемдік образ, ерекше жоба жасау); жобаларды орындаудың графикалық дағдыларын игеру (эскиздер мен композициялық шешімді таба білу, бейнелеу өнері жəне жобалау графикасының тəжірибелік дағдылары); кəсіби дағдыларды игеру (инженерлік конструкциялау, макеттеу, эргономикалық жəне антропометриялық əдістерді білу); стилистикалық жəне образды шешімдеріне сəйкес дизайн нысандардың пішін құрудың əр түрлі технологиялық əдістерін меңгеру; жаңа компьютерлік технологияларды меңгеру; дизайн-жобалаумен байланысты қызмет аясында басқаруды жүзеге асыру; заңнамалар мен стандарттар негіздерін білу жəне қолдану [3].
Дизайнер бакалавр маманның кəсіби біліктілігін қалыптастырудың маңызды шарты — білім беру үрдісін ұйымдастыру. Ол үшін келесі педагогикалық шараларды енгізу қажет: дизайн саласында теориялық білімдерді меңгеру мақсатында білім беру үрдісін ұйымдастырушылық-əдістемелік қамтамасыз ету; оқу үрдісінің барлық субъектілердің өзара қатынастарының негізінде шығармашылық білім беру ортасын қалыптастыру; жұмыс берушілерді жоғары оқу орынның оқу үрдісіне, ғылыми-зерттеу, шығармашылық жұмысына белсенді түрде қатыстыру; инновациялық технологияларды қолдану.
Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті (ҚарМУ) бейнелеу өнері жəне дизайн кафедрасында Мемлекеттiк стандартқа жəне оқу жоспарын сəйкес дизайн білім беру саласында теориялық білімдерді меңгеру үшін келесі жалпы кəсіби жəне кəсіби циклдарға жататын пəндер оқытылады: «Сурет», «Түстану», «Композиция», «Графикалық дизайн элементтері мен үрдістері», «Графикалық дизайн нысандарын жобалау», «Инженерлік сызба», «Компьютерлік жобалау».
Шығармашылық білім беру ортасын қалыптастыру үшін ҚарМУ негізінде студенттер жұмыстарының көрмелері өткізіледі, аймақтық жəне халықаралық дəрежедегі шығармашылық көрмелерге, конкурстарға, олимпиадаларға қатысу белсенді түрде жүргізіледі.
Қарағанды қаласының жұмыс берушілерін дизайн бакалаврларын кəсіби дайындау үрдісіне қатыстыру мақсатында олар студенттердің дипломдық жұмыстарын кешенді түрде қарап, жобалау тапсырмаларын талдау, келістіру жəне олардың орындалу сапасын талдау үрдістеріне, кафедраның шығармашылық жұмысына, өндірістік тəжірибе өткізуге қатысады.
ҚарМУ оқытушыларының қызметіндегі инновациялық тəсілдер: интерактивті білім беруді, заманауи ақпараттық технологияларды қолдану; студенттердің білім тексеру əдістері; электронды білім беру ресурстарын жасау; дəріс курсын мультимедиалық жанамалауларды қолдану.
Жүргізілген зерттеу дизайнер-маманның кəсібилігінің ерекшеліктері мен талаптарын айқындауға, дизайн бакалавр маманның кəсіби біліктілігін қалыптастырудың педагогикалық шарттарды анықтауға мүмкіндік берді.
Осы мəселені шешу үшін тек кəсіби дайындаудың ерекшеліктерін айқындап, білім беру үрдісін ұйымдарыстыруға қойылатын талаптарды анықтап қана қоймай, сонымен бірге заманауи жағдайларда дизайн бакалавры маманның кəсіби біліктілігін қалыптастыру əдістемесін жасау қажет.
Елбасының «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауы жастарға да үлкен аманат жүктеп, ауыр жүк арқалатып отыр. Елбасы өз сөзінде: «Мен сіздерге — жаңа буын қазақстандықтарға сенім артамын. Сіздер жаңа бағыттың қозғаушы күшіне айналуға тиіссіздер», — деген жоқ па?! Мемлекет болса, өз тарапынан жастардың сапалы білім мен саналы тəртіп алуына, қажетті мамандықты игеруіне, өз арман-мақсаттарын жүзеге асырулары үшін бар мүмкіндіктер жасап келеді. Біздің ата-аналарымыз жете алмаған мұрат- мақсаттар, мүмкіндіктер біздің алдымызда айқара есігін ашып тұр, біз өз кезегімізде осы мүмкіндіктерді іске асыру барысында, бар күш-жігерімізді аямай, табысты жұмыс жасауымыз қажет. Осы Жолдау қазақстандық жастарды біріктіріп, биік белестерден көрінуге апаратын жарқын жол іспеттес [4].
Əдебиеттер тiзімі
- Краткий словарь иностранных слов // Под. ред. О.П.Марасанова. — М.: Знание, 1993. — С.
- Шишов С.Е. Понятие компетенции в контексте проблемы качества образования // Государство и образование. — 2002. — С.
- Құдайбергенова К. Құзырлылық — тұлға дамуының сапалық критерийi // Білім сапасын бағалаудың мəселелері: əдіснамалық негізі жəне практикалық нəтижесі: Халықарал. ғыл.-практ. конф. материалдары. — Астана, 2008. — 30–32-б.
- «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты: Қазақстан Республикасының Президенті — Елбасы Н.Ə. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы // [ЭР]. Қолжетімділік тəртібі: www.akorda.kz/.../page_215750_poslanie-prezidenta-respubliki-kazakhs...