Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Кəсіптік оқыту педагогтарын инновациялық іс-əрекетке даярлау мəселелері

Қазақстан Республикасы «Білім беру туралы» Заңында көрсетілгеніндей, адамзат құндылықтарының, ғылым мен тəжірибе негізінде, жеке тұлғаны қалыптастыруға қажетті жағдайларды жасау — білім беру жүйесінің негізгі міндеті болып отыр. Кəсіби кадрларды дайындау мəселесін шешудің жаңа жолдары қарастырылуда.

Қазақстанда инновациялық экономиканың құрылуы жоғары оқу орындарында мамандар даярлауда жаңа талаптар қоя бастады. Бұл өзгерістер тəлімгерлердің ғылыми-инновациялық білімділігін қалыптастыру талаптарына қаншалықты қатысты болса, жоғары оқу орындарында соншалықты ғылыми-инновациялық ортаны кеңейту қажеттігі туындайды. Осыған орай қазіргі кезде қоғамның ақпараттануы жағдайында шаруашылық пен өндірістің əр түрлі саласында еңбек ететін жұмысшылар мен мамандардың кəсіби біліктіліктерін арттыруға, шығармашылық қабілеттерін дамытуға жəне инновациялық іс-əрекетке даярлау мəселелеріне үлкен мəн беріліп отыр.

Сол себепті бүгінгі күні Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары алдына əлеуметтік- этикалық, экономикалық жəне ұйымдастыру-басқарушылық, кəсіби құзыретті, сауатты мамандарды даярлау міндеті қойылып отыр. Қазіргі кез маманының біліктілік деңгейінің өзекті көрсеткіші инновациялық іс-əрекетке даярлау мəселесі болып табылады.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі қағидалары қатарында білім беру жүйесін дамытудың басымдығы; əрбір адамның зияткерлік дамуы, психикалық-физиологиялық жəне жеке ерекшеліктері ескеріле отырып, халықтың барлық деңгейдегі білімге қолжетімділігі; жеке адамның білімдарлығын ынталандыру жəне дарындылығын дамыту көрсетіледі [1]. Ал бұл принциптердің іс жүзіне асуы білім беру мазмұнын жаңартумен тығыз байланысты. Білім беру мазмұнын жаңарту білім беру жүйесінің барлық деңгейлерін қамту керек. Мамандарды кəсіби даярлау жүйесінің де бұл үдерістен тыс қала алмайтыны түсінікті. Себебі «жоғары білім берудің кəсіптік оқу бағдарламалары біліктілікті бере отырып, мамандар даярлауға, олардың кəсіптік даярлығының деңгейін дəйектілікпен арттыруға бағытталады».

Бұл бағдарламада «кəсіби міндеттерін дербес əрі шығармашылық тұрғыдан шешуге, кəсіби қызметтің тұлғалық жəне қоғамдық маңызын түсінуге, оның нəтижелері үшін жауап беруге қабілетті кəсіби құзыретті жеке тұлғаны, бəсекеге қабілетті маманды қалыптастыруды қамтамасыз ететін білім беруді басқарудың тиімді жүйесі құрылатыны» ерекше көрсетілген.

Жалпы, кəсіби білім беру мəселелері əр уақытта да ғалымдардың назарынан тыс қалмаған. Мəселен, Ш.А.Əбдіраман, С.И.Архангельский, Г.К.Ахметова, Б.Əбдікəрімұлы, Г.Əбілқасымова, Ю.К.Бабанский, А.П.Беляева, В.П.Беспалько, В.В.Егоров, Н.А.Завалко, С.Т.Каргин, К.М.Кертаева, Н.П.Қоқанбаев, В.В.Краевский, А.Қ.Құсайынов, Н.А.Мыңжанов, А.Қ.Нұрғалиева, А.П.Сейтешев, М.Н.Скаткин, В.А.Сластенин, Ə.Ə.Усманов, И.С.Өтебаев, Н.Д.Хмель, Л.А.Шкутина, тағы басқалар кəсіби білім берудің түрлі аспектілерін зерттеген. Бұл еңбектердің ішінде болашақ кəсіби оқыту педагогтарын кəсіби іс-əрекетке даярлау мəселесіне арналған зерттеулер де аз емес.

Жоғары мектеп педагогикасының күрделі де маңызды мəселесі бұл студентті келешек мамандығына жақындату, іскер маман даярлау, оның өзіндік жəне шығармашылық қабілетін арттыру, қажетті біліктері мен дағдыларын қалыптастыру. Осындай жан-жақты жетілген маман даярлау үшін оқыту, білім беру үдерісін жетілдіру, жаңа педагогикалық технологияларды, оқытудың жаңа формалары мен əдіс-тəсілдерін енгізу керек. Сонымен бірге оқу үдерісін қарқындату, белсендіру, ақпараттандыру да көзделді.

Қазір республикада оқу орындарының педагогикалық ұжымдары ұсынылып отырған көп нұсқалыққа байланысты өздерінің қалауына сəйкес кез келген үлгі бойынша қызмет етуіне мүмкіндік алды. Бұл бағытта білім берудің əр түрлі нұсқадағы мазмұны, құрылымы, ғылымға жəне тəрбиеге негізделген жаңа идеялар, жаңа технологиялар бар. Сондықтан əр түрлі оқыту технологияларын оқу мазмұны мен оқыту үдерісінің ерекшеліктеріне орай таңдап, тəжірибеде сынап қараудың маңызы зор. Қазақстан Республикасында дүние жүзінің дамыған елдері сияқты бірыңғай білімдік-ақпараттық кеңістік қалыптасып келеді. Ал білім беру саласын ақпараттандыру тек қана оқытуды ұйымдастыру формалары мен əдістерін жетілдіріп, өзгертіп қана қоймайды, сонымен қатар бүкіл оқыту үдерісін басқарудың жəне бақылаудың жаңа əдістерінің пайда болуына жағдай жасайды. Дұрыс іске қосып, пайдаланған жағдайда ақпараттық технологиялардың мүмкіндігі мол оқу-əдістемелік материал жинақталады, оқу материалының қолдану тиімділігі арттырылады, жеке бағдарламалармен жұмыс істеуге мүмкіндік туады, сабаққа дайындалу мен оны өткізудің тиімділігі артады, оқытушы өзі немесе студенттердің көмегімен оларға таратылатын дидактикалық материалды көбейтеді, студенттердің білім дəрежесін қадағалап, бақылауға мүмкіндік береді [2].

Дегенмен, бұрынғы оқыту технологиясының негізінен сөз арқылы мəлімет беруге сүйенетіні белгілі. Ал бірақ адам жадында кез келген мəлімет басқаша жинақы түрде сақталатынын ғалымдар анықтаған болатын, онда олар компьютерлік технологиялар арқылы оңай көрсетілетін көрнекі бейнелер, дыбыстар немесе схемалар тəрізді күйде орналасады екен. Осыған орай болашақта электрондық кітапханалар ұйымдастырылып, онда оқыту үдерісінде қолдануға ұсынылған электрондық басылымдар, арнайы əзірленген оқу құралдары мен əдістемелік нұсқаулар болуы тиіс. Əрбір факультетте жалпы жəне кəсіби білім беретін пəндерден оқу-əдістемелік материалдардың мəліметтік базалары жиынтығын, қолда бар компьютерлік техникалар мен институттың компьютерлік орталықтардың тəжірибесін негізге алған деканат тəрізді ұйымдастыру-басқару бағдарламаларымен жабдықталған бөлімдер жұмыс істеуі қажет.

Білім беру үдерісін оқу-əдістемелік тұрғыдан қамтамасыз етудің жаңа түрлері пайда болғандығын атап өту қажет, олар: гипермəтін түрінде ұсынылған дəріс материалдарының электронды нұсқасы немесе мультимедиалық курстар жəне интерактивтік оқыту бағдарламалары түріндегі электронды нұсқалар. Жаңа технологияларға сүйенген оқыту бағдарламаларының сапасы шығатынын тағы да айтқанның артығы бола қоймас. Оқыту бағдарламаларын дайындау педагогика саласында терең зерттеулер жүргізіп, оларды жаңа білім жүйесін қалыптастыруға бейімдеу ісін жолға қояды. Ақпараттық жəне коммуникациялық технологияларды өмірге енгізу үдерісі тəжірибе арқылы расталған ғылыми-əдістемелік жəне педагогикалық тұрғыдан басталуы тиіс.

Осыған орай, жоғарыда айтылғандарға сүйене отырып, кəсіптік оқыту педагогтарын инновациялық іс-əрекетке даярлау деп технологиялық үдерістерді өз бетімен ұйымдастыруға жəне орындауға қажетті білім, іскерлік, дағды жүйесін инновациялар арқылы жеке тұлғаның құзыреттілігін жəне оны тиімді етіп қолдана білуін қамтамасыз ететін кəсіби іс-əрекетті айтамыз.

Кəсіптік оқыту педагогтарын инновациялық іс-əрекетке даярлаудың мазмұнын жоғары оқу орындарында педагогикалық инновацияларды ендіру арқылы политехникалық білім беру жəне технологиялық оқыту мен тəрбиелеу құрайды. Педагогикалық инновацияларды ендіру оқыту мазмұнына бүгінгі қоғамда білім беру саласында жүріп жатқан реформаларға сəйкес жаңашылдықты енгізуді, оқу-тəрбиесін оқытудың жаңа технологиялары арқылы ұйымдастыруды, сонымен бірге студенттердің технологиялық біліктері мен дағдыларын қалыптастыруда жаңа техникалық құрал- жабдықтарды пайдалануды қамтамасыз етеді.

Кəсіптік оқыту педагогтарын инновациялық іс-əрекетке даярлау инновациялық білім мазмұны, инновациялық оқыту жəне оқытуды инновациялық тұрғыдан ұйымдастыру арқылы жүзеге асырылады [3]. Болашақ мамандарға инновациялық даярлық беру барысында барлық жаңа нəрсенің үнемі жəне барлық уақытта дұрыс нəтиже бере бермейтінін есепке алу қажет:

  • жаңа енгізілімдер барлық кезде кəсіптік оқыту педагогының даярлауда кездесетін қайшылықтардың шешу құралы болып табылмайды. Сондықтан оларды біржақты қарастырмау ке- рек;
  • əрбір жаңа құрал толық бір нақты жағдайларда туындап, белгілі бір педагогикалық міндеттерді шешуге бағытталады, сондықтан оқытудың жаңа құралдарын таңдау кезінде нақты жағдайға талдау жасай отырып, оларды атқаратын қызметіне сай пайдалану тиімді болады;
  • жаңалықтың, жаңа енгізілімдердің ғылыми тұрғыдан дəлелденгеніне қарамастан, олардың нəтижелілігі материалдық жəне педагогикалық шарттарға байланысты, жаңа нəрсенің табысты болуын анықтайтын педагогикалық шарттарға ең алдымен педагогтың дербес ерекшеліктерін — тұлғалық даралығын, мəдениеттілігін, қызығушылықтарын т.с.с. жатқызуға болады.

 Сонымен бірге студенттермен қарым-қатынас жасау біліктілігі мен кəсіби шеберлік те ерекше мəнге ие болады. Оқу үдерісінің жабдықталуы да жаңалықтардың табысты болуына жағдай туғызады. Инновациялық іс-əрекет жүзеге асыру іс-əрекетінің реті бұл жаңа білім беру бағдарламалары (1-сур.):

 сурет. Инновациялық іс-əрекет жүзеге асыру іс-əрекетінің жаңа білім беру бағдарламалары

 Инновациялық педагогикалық іс-əрекет белгілі оқытудың, тəрбие беру мен дамытудың стереотипіне қарама-қайшы, ол белгілі межеден шығып, жеке шығармашыл, өз бағытымен жұмыс істей алатын мұғалім қалыптастыруға бағытталады.

Шынында, бұл мəселенің шешімі оқытушының кəсіпкерлік шынайы іске асыруға тəн сол бір ішкі объективті қайшылықты анықтаумен байланысты.

Педагогикалық жаңалық — жаңа идеялар, əдістер, технологиялар ғана емес, педагогикалық үдеріс элементтерінің бірлігінің немесе жеке элементтерінің білім беру мен тəрбиелеудегі белгілі міндеттерді тиімді шешу жолы [4].

Осыған байланысты педагогикадағы жаңалықтарды жасаушыларды ерекше атап өту қажет. Себебі, инновациялық дамудың негізгі түсініктерін ашу жаңалықтарды іске асырушы адамдарсыз мəнсіз болып табылады. Педагог-новатор — нақты жаңалықты жүзеге асырушы, сонымен бірге жаңалықты жасаушы немесе үлгісін көрсетуші. Инновациялық іс-əрекет субъектісінің басты сипаттамасы бұл саналы түрде əрекет ете білу (өз инициативасының субъективті мүмкіндіктерімен қоғамдық тəжірибеге енгізу негіздерін өз əрекетінде көрсете білуі).

Осыған орай, теориялық тұрғыдан талдау біз «кəсіптік оқыту педагогтарын инновациялық іс- əрекетке даярлау» ұғымының мəнін анықтауға, оның компоненттерін бөліп көрсетуге, студенттерде қалыптасу деңгейлеріне сипаттама беруге мүмкіндік берді. Зерттеу барысында жасалынған теориялық қорытындыларды нақтылау үшін кəсіптік оқыту педагогтарын инновациялық іс-əрекетке даярлау үдерісін ұйымдастыру қажет.

Кəсіптік оқыту педагогтарын инновациялық іс-əрекетке даярлау өте күрделі жəне маңызды үдеріс болып табылады, оның нəтижелі болуы көптеген субъективті жəне объективті факторларға байланысты [5].

Объективті факторларға жоғары оқу орындарында оқу-тəрбие үдерісін ұйымдастырудың шарттары, кəсіби даярлықты жетілдірудің дидактикалық мүмкіндіктері, негізгі бейіндік пəндер бойынша сағат көлемінің жеткіліксіздігі, кəсіби мектептің шынайы əрекет етуші оқу-тəрбие үдерісімен қатынастың өз деңгейінде болмауы жəне ғылыми-əдістемелік əдебиеттердің жеткіліксіздігі жəне т.б. жатады.

Субъективті факторларға студенттердің педагогикалық мотивациясының жеткіліксіздігі, кəсіптік оқыту педагогтарын инновациялық іс-əрекетке даярлығын жетілдіру бойынша оқытушылардың əдіснамалық жəне əдістемелік тұрғыдан даярлығының жеткілікті болмауы жатады. Аталмыш факторлар бізге кəсіптік оқыту педагогтарын инновациялық іс-əрекетке даярлау үдерісінің əрбір кезеңдерінде шешілуі тиіс міндеттер логикасы, олардың өзара сабақтастық байланысы, бір кезеңнен екіншісіне өту барысында студенттермен жұмыс істеу құралдарының, шарттарының, формалары мен əдістерінің жүйесін анықтап, дидактикалық мүмкіндіктерін іске асыру керектігін көрсетті.

Бұл мүмкіндіктер кəсіптік оқыту педагогтарын инновациялық іс-əрекетке даярлаудың үлгісі негізінде анықталады:

  • ҚР МЖМБС-на сəйкес базалық жəне бейіндік арнайы пəндер бойынша білім мазмұны;
  • оқыту құралдары;
  • жаңа ақпараттық технологиялар;
  • оқытуды ұйымдастыру формалары.

Кəсіптік оқыту педагогтарын инновациялық іс-əрекетке даярлау жалпы кəсіби даярлық жүйесінде базалық жəне бейіндік арнайы пəндерді оқыту барысында жүзеге асырылады. Бұл пəндердің негізгі мазмұнын кəсіптік педагогика жəне кəсіби оқыту педагогтарын даярлау тəжірибесі құрайды (2-сур.).

  сурет. Педагогикалық тəжірибенің кеңейтілген құрылымы

Мазмұн білімді меңгеру тəсілін анықтайды, мұнда жүйе элементтерінің белгілі бір дəрежеде өзара əрекеттесуі талап етіледі жəне оқытудың құрамы анықталады, сонымен бірге мазмұн оқу іс- əрекетінің əдістері, ұйымдастыру формалары жəне оқыту, тəрбиелеу, тұлғаны дамыту үдерісі құрылатын негізгі көз болып табылады [6, 7].

Кəсіптік оқыту педагогына берілетін білім мазмұны оның болашақ кəсіби қызметіне қажетті білім, білік жəне дағдыларды игеру барысы мен нəтижесін қамтамасыз ете отырып, өмірге жəне болашақ кəсіби қызметіне даярлаудың қажетті шарты болып табылады.

Тұлғаға бағдарланған білім беру мазмұны туралы В.В.Серіковтің [8] жасаған қорытындыларына сүйене отырып, біз білім беру мазмұны қоғамды, ғылымды, мəдениетті, əлеуметтік тəжірибенің басқа да салаларын дамыту мəселелеріне бағдарлануы тиіс деп есептейміз, бұл оның сабақтастығы мен көпжақтылығын қамтамасыз етеді. Мазмұнға білім, білік, дағдылармен қатар үдерістің өзі де кіреді, оларды игеру мен күнделікті өмірде қолдану тəжірибесі, өз бетімен білім алу жолдары мен тəсілдері білім мазмұнының компоненті болып табылады. Мұнда студент оқу-тəрбие үдерісінің айқын басымды объектісінен оның субъектісіне айналады. Студенттің субъекті ретінде қалыптасуы оның санасын, өзіндік санасын жəне рефлексиясын белсендіреді, шығармашылығы мен ізденімпаздығын кеңейтеді, жауапкершілігі мен қабілеттерін арттырады.

Қазіргі кезде өндірістік-оқытудың жаңа құралдары мен техникаларын ендіру өндірістердегі жұмысшылар еңбегінің сипаты мен мазмұнын түбегейлі өзгертті. Қазіргі заман өндірісінің жұмысшысынан инновациялық даярлық пен терең кəсіби технологиялық білім, білік, дағды талап етіледі. Кəсіби білікті жұмысшының ролін көтеру кəсіби оқыту педагогының даярлығына байланысты. Сондықтан кəсіптік оқыту педагогтарын арнайы технология оқытушысының, əрі өндірістік оқыту шеберінің қызметін атқаруға қабілетті етіп даярлаудың маңызы зор. Ең басты міндет жаңа өндірістік оқыту құралдарын пайдалана отырып, болашақ мамандарды еңбектің пəндік саласына ықпал етудің жалпы тəсілдерін оқып-үйрену барысында оларды сол өндіріске қатысты нақтылауға, ал нақты технологияларды оқыту барысында жалпы технологиялық үдеріске тəн сипаттарды табуға үйрету қажет. Міне, осылайша кəсіптік оқыту педагогтарын инновациялық іс- əрекет даярлық жаңа өндірістік оқыту құралдарының ғылыми негіздерін оқып-үйренуді ғана қарастырмайды, сонымен бірге оларды технологиялық үдеріс барысында қолданудың тəсілдерін оқып-үйренуге жағдай жасайды, ал мұның кəсіптік оқыту педагогтарының болашақ мамандығы үшін қажеттілігі мол.

 

 

Əдебиеттер тізімі

  • [ЭР]. Қолжетімділік тəртібі: http://online.zakon.kz/Document
  • [ЭР]. Қолжетімділік тəртібі: http://adilet.zan.kz/kaz/docs
  • Шкутина Л.А. Подготовка педагога профессионального обучения на основе интеграции педагогических и информационных технологий: Автореф. ... д-ра пед. наук. — Киров, 2002. — 32 с.
  • [ЭР]. Қолжетімділік тəртібі: http://sabak.ucoz.org/load/doklady/innovacijaly_is_reket/19–1–0–31
  • Əбілқасымова Г. Болашақ кəсіби оқыту педагогының инновациялық-технологиялық даярлығын жетілдіру: Пед. ғыл. канд. ... автореф.: 31.05.2008. — Қарағанды, 2008. — 27 б.
  • Краевский В.В. Методология педагогического исследования: Пособие для педагога-исследователя. — Самара: Изд- во СамГПИ, 1994. — 165 с.
  • Краевский В.В. Педагогическая теория. — Волгоград: Перемена, 1996. — 85 с.
  • Сериков В.В. Личностный подход в образовании: концепция и технологии: Монография. — Волгоград: Перемена, 1994. — 152 с.

 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.