Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Мектептегі алғашқы əскери дайындық сабақтарында оқушылардың шығармашылығын арттырудың педагогикалық мəселелері

Мектептегі «Алғашқы əскери дайындық» сабақтарында өз Отанын сүйетін шəкірттерді тəрбиелеу болса, ал жоғары оқу орындарында осы үрдіске мұғалімдерді кəсіби дайындау міндеті жүктеліп отыр. Осы мақсатта мектептегі «Алғашқы əскери дайындық» сабағының сапасын арттыруға ерекше көңіл бөлінуде.

Жеке тұлғаны қалыптастыру мəселесі туралы идея, озат тəжірибелер мазмұны түрлі елдерде тарихи кезеңдерде философтар мен педагогтардың, психологтардың тұжырымдарына негізделген [1]. Бүгінгі   таңда               мектеп қабырғасында                 «Алғашқы   əскери   дайындық» сабағын     оқытудың айқындалған көптеген технологияларын пайдаланып жатқандығы белгілі. Егер мектеп өскелең ұрпаққа жинақталған тəжірибе беру бойынша міндеттерді нəтижелі шешетін болса, үздіксіз білім беру идеясы казіргі заманғы жағдайда іске асуы мүмкін.

Өскелең ұрпаққа тəжірибе беруде ақпаратпен жұмыс істеу əдістеріне, жаңа білімдерді көру əдістеріне, ең маңыздысы əлемнің дамуы туралы білімдердің қажетті деңгейін қалыптастыратын əдістерге үйрету.

Шетел сөздіктерінде «технология» — өндірістік процестерді жүргізу құралдары мен əдістері туралы білімдердің жиынтығы. Технологиялардың көмегімен ақыл-ой ақпараты практикалық шешімдердің тіліне аударылады. Технология — бұл білім беру əдістері, сонымен қатар жеке түрінде білім беруде қатысады.

Кез келген білім беру не технология, болмаса өнер болуы мүмкін. Өнер — интуицияға, ал технология ғылымға негізделген. Бүкіл процесс қайтадан басталуы үшін өнерден басталады, технологиямен аяқталады [2].

«Технология» ұғымының мəнін өндірістік процестерге байланысты «технология (технологиялық процесс) өндірістік процестің негізгі бөлігі деп бөлінеді. Осындай мəнде өндіру, өңдеу, қайта өңдеу, тасымалдау жəне т.б., өндірісті техникалық бақылау, сондай-ақ өндірістік процестерді сипаттауды жəне оларды орындау бойынша нұсқауды технология деп айта келе, шикізатты алу, өңдеу жəне қайта өңдеу тəсілдері мен амалдарын даярлайтын жəне жетілдіретін ғылыми пəнді технология деп атайтынын жазады [3].

Педагогикалық іс-əрекет саласына «технология» деген сөздікте енгізу «индустриялдық» технология (Ф.Б.Гильбрейт, Ф.У.Тейлор жəне т.б.) деген идеяга негізделген жəне ол оқытуда техникалық жабдықтарды қолданумен байланысты.

Алғашқы əскери дайындық сабақтарындағы педагогикалық технологияның басқа бағыттары оқу материалын талдау техникасын, мұғалім мен оқушылардың оқу іс-əрекетін ұйымдастыруға, сонымен қатар педагогикалық технология ұстаздар мен оқушылардың аз ғана күш жұмсап ең жақсы нəтижелерге жетудің тиімді принциптері мен əдістерін анықтауға бағытталған.

Білім берудегі қазіргі заманғы технологиялардың көмегімен жаңа білім беру парадигмасы іске асатын құрал ретінде қарастырылады.

Білім беру технологияларының даму тенденциялары тұлғаның өзін-өзі тануына жəне өзін-өзі дамуына мүмкіндік беретін гуманитарлық білім берумен тікелей байланысты. «Білім беру технологиялары» термині «оқыту технологияларына» қарағанда көлемді. Өйткені білім беру технологиясында оқушының тұлғалық сапасын дамыту жəне құрумен байланысты болатын тəрбиелік аспекті бар.

Сонымен, технология көмегімен білімдерді, дағдыларды, біліктілікті игеру процесінде тұлғалық қасиеттің дамуында нəтижелі шешімге жету мүмкіндігі қамтамасыз етіледі.

Қазіргі заманғы ғылыми-теориялық əдебиеттерде жəне атақты отандық педагогтардың іс- тəжірибелерінде технология негізгі үш түрге бөлінеді:

  1. Техникалық.
  2. Экономикалық.
  3. Гуманитарлық.

Гуманитарлық технологиялар басқару гуманитарлық (адаммен) педагогикалық жəне психологиялық болып бөлінеді. Гуманитарлық технология — адамдардың өзін көрсету, олардың интеллектуалдық қасиеттерін өздері жүзеге асыру технологиясы.

Педагогикалық технологияға берілген басқа да анықтамалар бар, ол оқыту процесін жүзеге асырудың мазмұндық техникасы (В.П.Беспалько), педагогикалық ұйымдастыру мен жүзеге асырудың жобасы (алгоритмі), оқыту процесін ұйымдастыру мен жүргізуді жобалау барысындағы бірлескен педагогикалық іс-əрекеттің моделі (В.М.Монахов), барлық сабақ беру процесін жасаудың, қолданудың жəне анықтаудың жүйелі əдісі, білімді меңгерудегі техникалық жəне адам мен ортаның өзара əрекеттерін ескеру (ЮНЕСКО), мазмұнын қорытындалау (Г.К.Селевко). В.А. Сластениннің ойы бойынша, педагогикалық технология деген — ол қатал ғылыми жоспарлау жəне, дəлірек айтканда, педагогикалық əрекеттін жетістігін қамтамасыз ететін елестету.

Педагогикалық технологияның тақырыбы болып мұғалім мен оқушының əр түрлі жағдайлардағы нақты өзара іс-қимылдары олардың құрастырылған, жүйеленген, бағдарланған, оқыту жəне тəрбиелеу стандарттарына сай тəсілдер негізінде компьютер мен техникалық құралдар қолдану арқылы ұйымдастырылады.

Педагогикалық технологияның міндеттері: əр түрлі қызмет саласындағы іскерлік пен дағдылары мен шығармашылығын шыңдау, білімнің тереңдігін, беріктігін арттыру; мінез-құлықтағы əлеуметтік құнды əдеттер мен формаларды нығайту жəне арттыру; технологиялық құрал-саймандармен жұмыс істеуте үйрету; технологиялық ойлау дағдыларын дамыту; оқу міндеттері мен қоғамдық пайдалы еңбек ұйымдастыруда технологиялық тəртіпке сай нақты əдеттерді тəрбиелеу.

Жалпы, педагогикалық технологияның тереңдік мағынасы төмендегідей болып табылады.

Біріншіден, педагогикалық технология тəжірибе жүзінде бұрынғы педагогикалык эксперимент жоққа шығарып, оны алдына жобаланған оқу-тəрбие процесс жолына аударады, кейін бұл жобаның сыныпта жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді. Бұл дидактикалық (тəрбие) түсініктеме тілдерінде мүмкін болып табылады.

Екіншіден, бұрынғы мұғалімдерге арналған сабақ жоспарларынан өзгеше, педагогикалық технология оқушының өзіндік жұмыс мазмұнын анықтайтын оқу-тəрбие процесіндегі жоба ұсынады, яғни бұл оқу танымдық жұмыс жобалануы кез келген оқушылар санын жоғарғы тұрақты табысқа жетуге болады дегенді білдіреді.

Үшіншіден, педагогикалық технологияның айшықты қасиеті, мақсаты — білімділік процесі. Бұл педагогикалық технологияның негізгі мəселесі дəстүрлі педагогикадан басты айырмашылығы. Ол екі қырынан талқыланады:

  • мақсат білімділіктің болжамы жəне оқушылардың оқу бағдарламасын сапалы меңгеруін объективті бақылау;
  • жалпы тұлғаның дамуы.

Төртіншіден, педагогикалық технологияны нақты педагогикалық жобасы ретінде білу арқасында оның маңызды қағидаларының бірі бүкіл оқу-тəрбие процесінің тұтастық қағидасын (құрылымдық жəне мазмұндық) тұжырымдауға болады. Тұтастық қағидасы педагогикалық жүйенің барлық элементтерінің үйлесімділігі.

Тұтастық қағидасы болашақ кез келген педагогикалық жүйенің барлық элементтерінің үйлесімділігін, өзара іс-қимылына қол жеткізу қажеттілігін көрсетеді. Педагогикалық жүйенің бір элементіне өзгеріс енгізу үшін, басқа да элементтерді қайта құруға тура келеді. Мысалы, оқу мақсаттарын өзгерте отырып, бірақ оның мазмұнын жəне оқу процесін сол қалпында қалдырсақ, деформацияланған педагогикалык жүйеге тап боламыз. Тəжірибе көрсеткендей, олар өміршең болмайды. Бірақ əлемде жалпы «педагогикалық технология» деген не жəне оның ішінде жеке оқу «технологиясы» туралы түсініктемелер қалыптасып келеді [4].

«Педагогикалык технология», оның ішінде «оқыту технологиясы» ұғымын анықтауда, басым көпшілік мамандар оларды үш маңызды жағдайлармен біріктіреді:

  • оқушылардың бақылаған іс-əрекетінің жинағы түріндегі қажет ететін үлгіні дəл анықтау негізінде оқытуды жоспарлау;
  • оқытуды талап ететін əрекетті (алғыс жəне жаза) қалыптастыруды іріктеген мұғалімнің қатаң тізбекті əрекеті түріндегі оқытудың барлық процесін «бағдарламалау»;
  • алғашқы белгіленген эталон мен оқытудың нəтижесін салыстыру.

Білім беру процесінің түйінді стратегиясы оның айқын құрылымын болжайды жəне төмендегідей əрекет реттілігін ұсынады.

Бірінші кезең оқушының бақылаған іс-əрекетінің жинағы түрінде қажет етілген үлгі негізінде оқытуды жоспарлау.

Екінші кезең бақыланатын əрекеттердің бастапқы деңгейін анықтау — диагностикалау. Оқушылардың кандай білім алғанын, одан арғы танымдық ілгерілеуін жобамен емес əрқайсысын жеке-жеке тексеру.

Үшінші кезең рецептуралық: оның құрылымында бағдарламалық оқытудың нəтижесі немесе іс- əрекеттің дамуы қарастырылады.

Төртінші кезең белгіленген жоспарды жүзеге асыру: оқытудың шарттарын қамтамасыз етуді ұйымдастыру, қарастырылған технологияны əрекетке енгізу.

Біз отандық жəне шетелдік авторлардың педагогикалық технологияларының белгілерін талдай келе:

  • диагностикалық мақсаттылық жəне нəтижелілік оқыту процесінің мақсаты мен тиімділігіне жетуге кепілдік береді;
  • экономикалылығы оқу уақытының қорын қамтамасыз етеді, мұғалім еңбегін оңтайландырады жəне аз уақыт ішіңде жоспарланған нəтижеге қол жеткізеді;
  • түзетушілігі оперативтік кері байланыстың дұрыс, нақты мақсаттарға бағыт беру мүмкіндігі болатынын көрсетеді.

Б.Қуанбаева   өзінің   зерттеуінде   əдістемелік   жүйені   технологиялық   негізде   жетілдіруді төмендегідей дидактикалық талаптарының орындалу негізін белгілейді:

а) оқытудың мақсаты диагностикалық операционалды анықтаулы тиіс, яғни иерархиялық тізбек түрінде берілген мақсаттар таксономиясы құрылуы қажет;

ə) білім мазмұны мақсаттар таксономиясына сəйкес анықталып, оны анықтау принциптері ізгілендіру тұрғысында қайта қаралуы қажет;

б) оқытудың белсенді əдістерін басым түрде пайдаланып, оқыту əдістерінің басты аспектілерін ескерілген үш деңгейлі моделі қылып, кеңінен пайдалануы қажет;

в) оқытудың формасы оқушының жеке даму траекториясын, сондай-ақ педагогикалық жағдайларға сəйкес жеке, жұптық жəне топтық формалардың тиімді үйлесуін қамтамасыз ететіндей түрде жетілдіруі тиіс;

г) оқыту құралдарын жетілдіру компьютерлік техника мен ақпараттық технологияларды олардың дидактикалық мүмкіндіктерің ақты анықталып, дəстүрлі құралдармен үйлесімді бірге пайдалануға бағытталуы қажет [5].

Педагогикалық технология жөніндегі қатаң түсініктің басты белгілері болып мыналар табылады:

  • мақсаттың диагностикалық сипаттамасы;
  • педагогикалық процестің өндірушілігі (оның ішінде оқытудың мақсатына жəне оқытушы мен оқушы іс-əрекетінің (қызметінің) сипатына сай кезеңдердің жасалуы);
  • педагогикалық нəтижелердің өндірушілігі.

Қазіргі педагогикалық технологиялар келесідей негізгі сапаға ие болуы қажет:

  • құрылымға;
  • технологиялық өлшемдерге;
  • тұжырымдылық;
  • жүйелілікке;
  • басқарушылыққа;
  • нəтиже бойынша тиімді жəне шығын бойынша оңтайлы, өндірушілікке.

Жоғарыдағы айтылған мəселелерді қорытындылай келе, алғашқы əскери дайындық сабақтарында оқушылардың шығармашылық іс-əрекетін оқыту технологиялар арқылы қалыптастыру ісі нəтижелі болуы үшін оқытудың жаңа технологияларын дұрыс пайдаланудың мəні зор деген тұжырым жасадық.

Қазіргі өскелең ұрпақты өмір талаптарына сай жастарға білім жəне тəрбие беру, оларды жан- жақты дамыту қоғам алдында тұрған басты міндеттерінің бірі. Білім беру — бұл қоғам мүшелерінің адамгершілік интеллектуалдық мəдени дамуының жоғары деңгейін жəне кəсіби біліктілігін қамтамасыз етуге бағытталған тəрбие беру мен оқытудың үздіксіз процесі. Білім беру ісінің дамуы қоғам дамуының əлеуметтік-экономикалық міндеттеріне əсер етеді, əр ұлттық ерекшеліктерімен сипатталады. Қазақстан Республикасында жастарға білім беру процесі халкымыздың ұлттық салт- дəстүріне, мəдениетіне, экономикасына жəне саяси өміріне негізделіп, іске асырылады.

Білім беру мазмұны — жеке адамның біліктілігі мен жан-жақты дамуын қалыптастыру үшін негіз болып табылатын білім берудің əрбір деңгейі бойынша білімдер жүйесі (кешені). Білім беру мазмұны білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары негізінде əзірленетін білім беретін оқу бағдарламаларымен айқындалады.

Оқытудың жалпы білім беретін оқу бағдарламалары іс-əрекет түрлерінің мектеп жасындағы балалар үшін ерекшеліктерін ескере отырып, тəрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының негізінде əзірленеді.

Жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары білім алушылардың бағдарланатын кəсіпке дейінгі даярлығын жүзеге асыру үшін əлеуметтік-гуманитарлық, жаратылыстану ғылыми, технологиялық жəне басқа да бағыттар бойынша бейіндік оқытуды енгізе отырып саралау, интеграциялау жəне білім беру мазмұнын кəсіптік бағдарлау негізінде əзірленген.

Қазіргі заман жағдайында жоғары білім беру жүйесіне бірінші кезектегі міндеті жоғары білікті мамандарды оздыра даярлау болып табылатын, оны айрықша сала ретінде түсінуді көздейтін жаңа сапа мен қоғамдық мəртебе, икемділік пен бейімділік беру қажет.

Жоғары білім берудің мақсаты — қоғамның, мемлекеттің жəне жеке тұлғаның сапалы жоғары білім алуға деген мүдделерін қанағаттандыру, əрбір адамға оқытудың мазмұнын, нысанын жəне мерзімдерін таңдауға кеңінен мүмкіндік беру.

Қазақстан Республикасының 2007 жылы шыққан «Білім туралы» Заңының 35-бабында «Жоғары білім беру» туралы былай деген еді [6].

Жоғары білімді жалпы орта немесе техникалық жəне кəсіптік немесе орта білімнен кейінгі білімі бар азаматтар алады. Азаматтың конкурстық негізде тегін жоғары білім алуға құқысы бар.

Жоғары білім берудің кəсіптік оқу бағдарламалары негізгі түрлері университет, академия, институт жəне оларға теңестірілгендер (консерватория, жоғары мектеп, жоғары училище) болып табылатын жоғары оқу орындарында іске асырылады.

Инновациялық білім беру бағдарламаларын енгізетін университеттер инновациялық университеттер болып табылады. Жоғары оқу орындарының филиалдары, лицензиялануға жататын білім беру қызметінің кіші түрлерін қоспағанда, білім беру қызметін жүзеге асыруға құқылы.

Жоғары білім берудің кəсіптік оқу бағдарламаларын меңгеру бойынша қорытынды аттестаттаудан табысты өткен білім алушыға біліктілік жəне (немесе) «бакалавр» академиялық дəрежесі беріледі.

Білім беру бағдарламаларын іске асыру жəне ғылыми-қолданбалы зерттеулерді жүргізу үшін жоғары оқу орындары инновациялық-білім беру консорциумын құруға жəне (немесе) оған кіруге құқылы.

Мектептегі алғашқы əскери дайындық сабағын жүргізуде мұғалімнен шығармашылықты шыңдау талап етіледі. Өйткені қазіргі заман талабына сай ыждағаттылықты талап етеді. Сонымен қатар педагогикалық шеберлікті үнемі шыңдап отыруды қажет ететіні сөзсіз. Мұның барлығы мектептегі «Алғашқы əскери дайындық» сабағында оқушылардың шығармашылығын арттырудың педагогикалық мəселелерін шешуге өз септігін тигізеді деген ой білдіреміз.

 

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Ильин В.В. Философия и акмеология. — СПб.: Политехника, 2003. — 395 с.
  2. Педагогика. — Алматы: Абай атындағы МПУ, 2003. — 226 б.
  3. Беспалко В.П. Слагаемые педагогической технологии. — М.: Педагогика, 1999. — 55 с.
  4. Кларин М.В. Технологии обучения: идеал и реальность. — Рига: Эксперимент, 2001. — С. 13,
  5. Қуанбаева Б. Оқытудың педагогикалық жүйесін технологиялық негізде жетілдірудің дидактикалық шарттары. —Алматы: Мектеп, 2005. — 56–59-б.
  6. Қазақстан Республикасының 2007 жылы шыққан «Білім туралы» Заңының 35-бабы. — [ЭР]. Қолжетімділік тəртібі: http://news.nur.kz/279646.htm

 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.