Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Оқушылардың салауатты өмір салтын қалыптастыруда ұлттық спорт түрлерінің рөлі

Еліміздің Президенті Н.Ə.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында — «Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен əл-ауқаты» тармағында «азаматтарымыздың өз өмірінің аяғына дейін сай болуы жəне оларды қоршаған ортаның таза болуы үшін азаматтарды салауатты өмір салтына əзірлеу» қажеттігі көрсетілген [1].

Дене тəрбиесі мен спорт қоғамдағы белгілі бір тарихи жағдайлардың жемісі ретінде адамдардың рухани қызметінің тарихи нəтижесінде пайда болған жиынтығын құрайды. Жыл сайын түрлі елдерде өткізіліп келе жатқан «Қазіргі қоғамдағы спорт», «Олимпиадалық спорт жəне баршаға арналған спорт» атты əлемдік конгресс жұмыстарында денсаулықты нығайту мен салауатты өмір салтын қалыптастыру саласында пайдалау мүмкіндігіне, əлеуметтік жəне ұлттық жағдайларда дене тəрбиесі мен спорт саласындағы ғылыми зерттеулерді қолдануды жинақтаудың маңызына үлкен мəн берілді.

Дене тəрбиесі мен спорт элементтері адамзат қоғамы пайда болған кезден бастап өмір сүріп келеді. Түрлі ойындар мен жарыстардың көмегі арқылы əлеуметтік байланыстар орнап, тəжірибе алмасу шеңбері кеңейе түсетін.

Уақыт өткен сайын жекелеген рулар арасындағы, сонан соң тайпалар мен тайпалық одақтар арасындағы қарым-қатынастар тұрақты жəне ғаламдық сипатқа ие болды. Бірге өткізген ойындар мен жарыстар осы үдерістің дами түсуіне ықпал етті, бірте-бірте əр түрлі рулық қоғамдағы адамдардың мінез-құлық мəдениеті мен этикалық нормаларын қалыптастырады. Бұл жайында Қазақстан аумағында ертеден келе жатқан мəдени байланыстар мен жанасулар, түрліше қарым-қатынастар баяндайды.

Дене тəрбиесі мен спорт дене шынықтырудың жүйелік бөлігі ретінде жалпыға бірдей жəне əлемдік құбылыс болып табылады, ұлтаралық қарым-қатынас аспектіне ену арқылы мемлекеттік, экономикалық жəне құқықтық мəселелермен шектеліп қалмайды. Дене тəрбиесі мен спортта əлеуметтік болмыстың барлық салаларындағы ең маңызды деген сандық жəне сапалық өзгерістер, ұлттар мен ұлыстардың материалдық жəне рухани өмірі өз көрінісін табады, адамзат қоғамының қалыптасу нəтижелері мен қарқыны, денсаулық мəдениеті мен салауатты өмір салтын сақтау туралы жəне жеке адам мен қоғамның көзқарастар жүйесі мен мінез-құлық нормалары жайлы төрелік айтуға мүмкіндік береді.

Дене тəрбиесі мен спорттың табиғаты халықтар арасындағы достықтың нығаюына, əр түрлі ұлт өкілдерінің əлеуметтік жағдайы мен ешбір діни наным сеніміне қарамастан, жақындасуына базалық негізде ықпал жасайтын ықпал ретінде қызмет атқарады, бірақ ол субъективті фактор — адамдар мен ұжымдардың белсенді араласуынсыз бұл феномендерді дүниеге əкеле алмайды. Егер қоғамдық, дене шынықтыру мен спорттық ұжымдар бұл феномендерді жетілдіру жұмысымен шұғылданбайтын болса, қателіктер мен бұрмалауға жол берсе, онда прогресшіл даму үдерісін тежейтіндей алғышарттар пайда болады.

Елімізде дене тəрбиесі мен спорттың жаңа жүйесіндегі мақсатты ұлттық спорт түрлері мен бірлігінің көп түрлілігі, олардың этникалық жəне гуманистік негіздері прогресшіл сипатқа ие.

Олардың негізін құрайтын қасиеттердің бірі — халықшылдығы, адамзаттың қоғам өмірінде бұрыннан бар ұлттық жəне интернационалдық дəстүрлерді мақсатқа сай ары қарай дамытуды көздейтіндігі. Бұл үдеріс ұлттық идеямен үздіксіз түрде байланысқандықтан, осы дəстүр көптеген елдерде қалыптасты жəне халықаралық ұйымдар арқылы күнделікті қолданысқа ие болды.

Демократиялық жəне құқықтық елдерге тəн ұлттық жəне интернационалдық дəстүрлердің жарасымды түрде кірігуіне сəйкес дене тəрбиесі мен спорт біздің жастарымыздың тек дене ғана емес, рухани тəрбиесін, салауатты өмір салтын қалыптастыратын ең мықты құралына айналып отыр.

Дене тəрбиесі мен спорт саласындағы атқарылып жатқан қызмет жеке тұлғаның психикалық сапаларына тура жəне жанама түрде нақты, бірақ тұрақсыз жағдайларда əсер етеді. Біздің зерттеу жұмыстарымыз көрсеткендей, ұлттық спорт түрлерімен шұғылдану оқушылардың салауатты өмір салтын қалыптастыруға жəне əр адам мен қоғам үшін тұтастай алғанда ұлы құндылық болып табылатын денсаулық нығайтуға ықпал етеді. Спорт адам жеке тұлғасының барлық жағына, соның ішінде адамгершілік пен психикалық саласына, интеллектуалдық пен коммуникативті қабілеттеріне, өз денсаулығы мен бүкіл қоғам денсаулығына деген мəдениетті жəне құндылықты қатынасқа тəрбиелеу арқылы əсер етеді.

Қоғам дамуының жаңа сатысындағы жұмыс барысында қарастырылып отырған мəселелердің теориялық тұрғыдан жасалынбауы жəне практикалық маңыздылығы денсаулық пен салауатты өмір салтының, денсаулық пен қозғалыс белсенділігінің өзара байланыс бірлігінің негіздемесі мен ашуға бағытталған ұлттық спорт түрлерінің əдістері мен тəсілдерін пайдалану арқылы жекелеген тараулардың маңыздылығын анықтайды.

Негізгі міндет мынада болып тұр, салауатты өмір салтын қалыптастыру əдістерін қолдану үшін дене тəрбиесі мен спорттағы жағдайларды теориялық тұрғыдан негіздеу мен аша түсу, адамдардың өмірлік қызметіне тікелей қолданылатын, салауатты менталитет қалыптастыратын диалектиканың алға шығатындай нақты кезеңдерін айқындау. Тəрбиенің тұтас жүйесінен бөлініп шыққан дене тəрбиесі мен спорт теориясы мен практикасының кесіндісі оқушылардың денсаулығы мен салауатты өмір салтының өзара іс-қимылы арқылы анағұрлым жарқын да мазмұнды түрде көрінуі мүмкін.

Соңғы жылдары дене тəрбиесіндегі халықтық педагогика мəселелері жайлы көп айтылып жүр. Дене тəрбиесінің халықтық тəсілдері жайлы бағдарламалық құжаттарда ол қоғам мəдениетінің, оқушыларды тəрбиелеудің маңызды бір түрі ретінде қаралуы қажеттілігі атап көрсетіледі. Сондықтан да ұлттық спорт түрлері мен халықтық ойындар өмір салты төңірегінде топтастырылып, жеке тұлғаның даму деңгейіндегі көрсеткіші болуы тиіс.

Бұдан келіп шығатыны ұлттық спорт түрлері мен халықтық ойындар ұлттық мəдениеттің өзіндік элементтері есебінде ғана пайдаланылып қоймай, дене тəрбиесінің қазіргі міндеттерін шешудің тəсілі ретінде де пайдаланылады.

Ерекше көзқарасты халықтық қозғалмалы ойындарды пайдалану керек етуде. Қазіргі кезде қолда бар жекелеген ғылыми жұмыстар оларды мектеп жасындағы балалар мен жеткіншектер арасында пайдалану мəселесін сөз етеді. Дегенмен, бұл мəселені анағұрлым кең көлемде қарастырған жөн. Ойын əдісі қозғалыс белсенділігін кешенді түрде жетілдірудің ерекше бір əдісі екендігі баршаға мəлім. Демек, бұл əдісті спорт педагогикасында түрлі спорт түрлері бойынша пайдалануға болады. Осы жұмыста бұл мəселе ұлттық спорт түрлеріне арналған сабақтарда халықтық қозғалмалы ойындарды пайдалану үлгісінде қарастырылған.

Əр халықтың тарихында ұлттық мəдениеттің жоғары жетістігін көрсете білетін ойшылдары болады. Қазақ халқында осындай орынға ие болған ұлы Абай. Оның шығармашылығы жайлы өте көптеген жұмыстар бар. Ол қазақ мəдениетінің классигі ретінде ұлы да жан-жақты тұлға ғана емес, сонымен бірге ол заманауи тұлға. Бүгінде біздерді Абайдың қазақтың халық спорты жайлы ойлары таң қалдырады. Ақынның бұл ойлары дене тəрбиесі мен спорттың қазіргі тұжырымдамасына лайық келеді. Ұлттық спорт пен ойын түрлері дене тəрбиесінің маңызды құралы ретінде сөз болып отырған қазіргі кезде көз алдымызға ұлы Абайдың өлеңдері мен қара сөздеріне тиек болған данышпан да кемеңгер ойлары елестейді. Оның осы саладағы көріпкелдігі ерекше деп атауға тұрарлық. Дене тəрбиесінің ертедегі түрлерін зерттеу археология, этнография мен тарих жайлы əдебиеттермен байланысты.

Салауатты өмір салтын қалыптастыру бағытындағы жұмыстардың белсенділігін арттыру қажеттігі елімізде «Салауатты өмір салтын қалыптастыру бағытындағы бұқаралық жұмыстардың əры қарайғы белсенділігін арттыру мен кеңейте түсу» атты бұйрығына сəйкес дене шынықтыру тəсілдерін пайдалану бойынша жұмыстарды, соның ішінде салауатты өмір салтын қалыптастыруға арналған ұлттық спорт түрлерін күшейтуге нұсқау берілген. Осы мəселе жайында егжей-тегжейлі түрде ҚР Президенті Н.Ə.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдаған Жолдауында айтылған болатын [2].

Əрбір адамның денсаулығын нығайту мен тиімділігін қамтамасыз ету жəне қоғам мен мемлекеттің прогресті дамуы үшін оқушылардың салауатты өмір салтын қалыптастыру қажеттілігі ешкімнің бойында күдік тудырмайтыны мəлім. Дегенмен, соңғы жылдары балалар мен оқушылардың денсаулығы ерекше нашарлап бара жатқандығы белең алуда, ол еліміздің түрлі аймақтарында өмір сүру деңгейінің төмендеуіне, экологиялық жағдайдың нашарлауына жəне оқу орындарындағы оқу- тəрбие мəселелеріндегі кемшіліктерге байланысты болып отыр.

Жоғарыда аталғандармен байланысты жұмыстың алдына келесі міндет қойылды — ұлттық спорт түрлерінің тəсілдері арқылы оқушылардың салауатты өмір салтын қалыптастыру мүмкіндіктерін зерттеу. Ол үшін халықтық спорт түрімен шұғылданушылар арасында анкеталық сауалнама жүргізілді жəне ол спортшылардың бірқатар көрсеткіштерінің өзара байланысын есепке алуы тиіс еді.

Жас ұрпақты тəрбиелеу ісіне, оқушылар белсенді жəне қоғамдық пайдалы іс-əрекетке тəрбиелеу жұмысына жəне оларды жан-жақты дамыту мақсатында кешенді көзқарастарды кеңінен пайдалану қажет. Ол үшін үнемі азаматтық, жұмысқа деген шығармашылықты қатынас, адамдардың рухани қызығушылығы мен қажеттілігін қалыптастыру жолдарын жетілдіріп отыру керек. Жалпы білім беретін мектеп оқушыларды тəрбиелеудің негізгі құралы болып табылады. Мектеп өскелең ұрпақты біліммен қаруландырады, көзқарасын қалыптастырады, өмірге, еңбекке дайындайды. Білім мен тəрбие — біртұтас үдеріс. Адам білім бері үдерісі арқылы тəрбиеленеді, əрине, егер бұл үдеріс дұрыс ұйымдастырылған жағдайда.

Білім беру мен тəрбиелеу міндеттерін білуде ерекше орын дене шынықтыруға беріледі. Бүгінгі таңдағы дене шынықтыру көп қырлы құбылыс болып келеді, бірсыпыра бағыттары, түрлері жəне сабақ түрлері бар. Дене тəрбиесінің көптеген тəсілдері арасында халықтық педагогикаға ерекше орын берілген.

Қозғалыс белсенділігімен байланысты ойындар мен дене жаттығулары, түрлі ермектер мен көңіл көтерулер дене тəрбиесінің халықтық педагогикасындағы негізгі тəсілдері болып табылады.

Оқушылардың оқу-тəрбие үдерісіндегі негізгі бағыттарының бірі сабақтан тыс уақыттарда ұлттық спорт түрлерімен шұғылдану болып келеді. Бұл зерттеу осы мəселеге арналған. Бұл мəселенің барлық егжей-тегжейлерін құзырлы маман сарапшылар арқылы анкеталық сауалнама жолымен зерттеу жұмыстарын жүргізу ұлттық спорт түрлерінің тəсілдері арқылы оқушылардың салауатты өмір салтын қалыптастырудың кешендік жүйесін жасап шығуға мүмкіндік береді.

Зерттеу жұмысы көрсеткендей, кезінде кең тараған ұлттық спорт түрлері ұмытылғандықтан, қазірде оларды қайта өмірге əкелу мəселесі қарастырылуда. Оларға жататындар: қамшыгелік, ат омыраулыстыру, үкілі пошта, жамбы ату, ат үстіндегі көп сайыс, алма ілу. Оларды қайта өмірге əкелу үшін, алдымен, қолда бар спорт құрылыстары мен ипподромға реконструция жасап, «ҚР ұлттық спорт түрлері мен халық ойындарын дамыту тұжырымдамасына» сүйене отырып, адамдар көп орналасқан орындар мен демалыс орындарында жаңасын салуды қарастыру қажет.

Жоғары білікті спортшыларда спорт жəне басқа қызмет саласында болсын сəттілікке итермелейтін жеке тұлғалық сапалар мен қасиеттер қалыптасады. Оған жататындар: мықты денсаулық, өзіне деген сенімділік, жеке басын дамытуға деген талпыныс, өзін-өзі жақсы сезіну, өзін қалпына келтіру қабілеті, өзін бақылауы мен өзін ұстауы. Психологтар мен зерттеушілер ойынша, егер адам алға қойған мақсатқа ұмтылатын болса (жоғары спорттық жетістіктер мен кəсіби қызмет барысындағы тиімділікке), онда ол өз мақсат-мұраттарымен төңірегіндегілерге де жағымды əсер етеді жəне оларға өзі суындаған қайнар бұлақтай жарасымдылықпен өзінің өмірлік жағдайларына шақыра біледі [3].

Ұлттық спорт түрлері мен халық ойындары өскелең ұрпақты жарасымды тəрбиелеудің ажырамас бөлігі болып табылады. Қазіргі дене шынықтыру практикасында халықтың ғасырлар бойы жинақтаған жəне іріктеуден өткен аса бай тəжірибесін өскелең ұрпақты халықтық ойындар мен ұлттық спорт түрлерінің тəсілдері негізінде тəрбиелеу жұмысында пайдалану қажет.

Халықтық педагогиканың сарқылмас қазынасы қазіргі жағдайда аса мықты тəрбие құралы болып табылады, себебі онда салауатты өмір салты қағидаттарын нығайта түсетін жəне халықтар арасында бұқаралық дене шынықтыру-сауықтыру жəне бұқаралық спорт жұмысын, əсіресе біздің еліміздің ауылдық жерлерінде тұратын тұрғындар арасында дамытудың дайын тəсілдері бар. Ұлттық спорт түрлері мен халық ойындарын дамыту Қазақстанда тұратын халықтардың достығы мен өзара түсіністігін нығайту жұмысында үлкен рөл атқарады.

Қазіргі уақытта ұлттық спорт түрлері мен халық ойындарының ерекшеліктерін ескере отырып, балалар мен жасөспірімдер спорт мектептері жайлы ережелерге түзетулер дайындалды, күрес, ат спорт түрелері, тоғызқұмалақ, саятшылық бойынша балалар мен жасөспірімдер спорт мектептеріне арналған бағдарлама аяқталуға дайын тұр.

Ұлттық спорт түрлері мен халық ойындарының дамуына тұсау салып тұрған мəселенің бірі отандық арнайы мамандырылған мүліктер мен құрал-жабдықтардың болмауы, арнайы спорттық мектептерінің бөлімдері балалар мен жеткіншектердің ұлттық спорт түрімен шұғылдану қажеттілігін қанағаттандырмайды.

Сонымен қатар ұлттық спорт түрлері мен халық ойындары бойынша ғылыми-əдістемелік материалдармен қамтамасыз ету мəселелері, нормативті-құқықтық, медициналық, ақпараттық базаларды дамыту мəселелері шешімін таппай келеді.

Өз кезінде кең тараған ұлттық спорт түрлерін зерттеу жұмысы көрсеткендей, көбісі ұмытылғандықтан, қазірде оларды қайта өмірге əкелу мəселесі қарастырылуда.

Кең тараған командалық көкпар ойыны бойынша команда клубтарын жасақтауға арналған шаралар ұйымдастыруды қолға алған жөн. Əр облыс сайын футбол, хоккей жəне басқа да спорт ойындары түрлеріне арналған клубтар сияқты кем дегенде бір команда клубын ұйымдастыру қажет [4].

Ұлттық спорт түрлері бойынша чемпионаттар жəне тағы басқа республиклық спартакиада мен жарыстар өткізу ары қарай жетілдіруді талап етіп тұр. Қолда бар спорт құрылыстары мен ипподромдарға жөндеулер жүргізіп, адамдар көп орналасқан аумақтар мен демалыс орындарында жаңасын салуды қарастыру қажет. Ұлттық спорт түрлері мен халық ойындарына халықты тарту жұмысы ақпараттық насихат жұмысынсыз іске асуы мүмкін емес. Ол үшін ұлттық спорт түрлері мен халық ойындарын насихаттауға арналған арнайы баспа өнімдерінің, түрлі-түсті безендірілген плакат, буклет, күнтізбе, бейнеролик, төс белгілер жасау мəселелерін қарастыру қажет.

Ұлттық ойын жарыстарында денсаулықты сақтау жолы да, өзiн-өзi қорғау амалдары да айқын. Денсаулықты сақтаудың шарты — дененi шынықтыратын қозғалыс пен жаттығуда, ағза мен жүйке тамырлардың тынысын реттеуде, рухты жоғары ұстай бiлуде.

Дене шынықтыру — денсаулық көзi, денсаулықты сақтау үшiн əрекет, адамның күш мүмкiншiлiгiн дамыту, жеңiске деген жiгерiн шыңдау, қиыншылыққа төзу қимыл-əрекетiн шоғырландыра бiлу, соларға үйрену:

  • дене еңбегiмен үнемi шұғылданып, жаттыққан адамның бұлшық ет талшықтары тез өседi, бойының күш-қуаты қалыптасады;
  • сыртқы ортаның түрлi қолайсыз жағдайларына төзiмдiрек келедi;
  • қозғалысы жинақы, ширақ, тез, əдемi жарасқан, қарым-қатынастық ережеге бейiмделуi жоғары;
  • сезiну, ойлану жəне еңбектену қабiлеттерi бiр-бiрiмен үйлесiмдi жəне бiрiн-бiрi толықтырады. Аз қозғалыссыз ортада нерв талшықтары тез тозады, қан айналым жүйкесi бiртiндеп ауруға шалдығады, жүрек қабынады, бойды əуре-сарсаң құрыстырады. Жүрегi шынықпаған адам тез шаршайды, тырысқақ немесе ашушаң келедi. Жалқаулық жекенiң де, ұлттың да қасiретi. Онда санасыздық басым. Жүрегi шыныққан адамның мiнезi де төзiмдi, кеңпейiл, батыл соғады, қарсыласынан қайтпайтын тынымсыз, күрескер келедi. Жүрегi ашық жан қиыншылықтан құтылудың, қуанышқа жетудiң саналы жолын таңдайды, өзiн қарапайымдылық пен қайырымдылықтан ауытқыта бермейдi. Өзiн емдеудiң, сергiтудiң тиiмдi тəсiлдерiн қолданады.

Халқымызда қозғалмалы ойындардың түрi кең таралған. Мамандар қозғалмалы ойындарды төрт топқа бөледi:

  1. Табиғи заттарды қолданып ойнайтын ойындар: асық, бестас, лек жалау, сиқырлы таяқ, бақай пiстi, жылмаң т.б.
  2. Жануарлар бейнесiн елестетiп ойнайтын ойындар: соқыр теке, түйе-түйе, ақ байпақ, көк сиыр жəне т.б.
  3. Мүлiктiк бұйымдарды қолданып ойнайтын ойындар: шалма, бөрiк жасырмақ, түйiлген шыт, тақия телпек, белбеу тастау, орамал тастау т.б.
  4. Құрал-жабдықсыз ойнайтын ойындар: айгөлек, ақсерек-көксерек, шымбике, мəлке тотай, тоқтышақ, шертпек, жасырынбақ, бұғынай т.б. [5].

Ер адамдардың ойын-сауықтары əрқалай қалыптасады. Оның бiрiншi тобына қозғалмалы ойындар — ақсүйек, ақшамшық, алтыбақан, көршi, тиын салу, қысқұлақ, айдап сал, қарамырза, белбеу тастау сияқтылар жатады; екiншi топқа спорттық дара ойындар — аударыспақ, арқан тартыс, ат омырауластыру, аламан бəйге, бəйге, көкпар, қыз қуу, күмiс алу, жаяу көкпар, жаяу жарыс, жiгiт қуу, жорға жарыс, түйе жарыс, қазақша күрес, тұмақ қуу, сайыс, таяқ жүгiрту сияқтылар жатады; үшiншi топты саяси-əлеуметтiк өмiрдiң даму ерекшелiктерiн көрсететiн ойындар хан жақсыма, қаһарлы бану, ұжымақ-тозақ, мырш-мырш, сиқырлы таяқ, тобық ойнаусияқтылар құрайды [6].

Өнерпаздық — ұқыптылық пен ынталылық нəтижесi, тəртiптiлiк пен қабiлеттiлiк көрiнiсi, халықтың болашақ дамуының кепiлi. Онда рухани жетiстiктер iрiктелiнедi, құндылықтар қолдау табады. Өнерпаздарда бостандыққа деген сүйiспеншiлiк, кiсiге деген кiшiпейiлдiлiк, ертеңiне деген сенiм, бiлiмге деген құмарлық басым. Өнерпаздар өз ырқымен киелi қасиеттердi көпке таратады, жекенiң өтiнiшiн көпшiлiкке жеткiзедi. Өнерпаз өтiнiштен бас тартпады, шамасы келгенше көңiлден шығуға тырысады. Ойы мен еркi, пайымдауы мен парқы, денелiк шапшаңдығы мен шеберлiгi үйлескен жандар ойын-сауықтың бас кейiпкерiне айналады. Өнерпаз өрескелдiктi қабылдамайды, бұйрыққа жүрмейдi. Жаны таза, рухы биiк, денесi шымырлар ғана ойын-сауықтың беташарына жарайды, ойын тəртiбiн сақтады. Өзiн ұстай бiледi, бақылаулы жəне бақылаусыз кеңiстiктi ажырата алады. Бақылаудан тыс қалмайды, бiреудiң жетегiне жүре бермейдi. Ойынның бiр түрiнен қанағат таппаса, қызықтыратын басқа түрлерiне ауысады. Мұндай еркiн таңдауда мəселе де, қарсылас та, тəртiп түрi де өзгерiп, жаңарып отырады. Үлкен мұрат үшiн тер төккен өнерпаздан халық сый- құрметiн аямайды, өнерпаз да еңбегi мен талантын құрметтегендi жақсы көредi. Құрмет көңiл ашады, шабытына шабыт қосады.

Ойын-сауық жарыссыз, бəйгесiз қызбайды. Жарыс — ой мен сөздiң, мiнез бен қимыл-əрекеттiң жарысы, үмiт пен үлгiнiң жарысы. Бəйге бас қостыратын, өнер жарыстыратын, үлкен мен кiшiнi, алыс пен жақынды табыстыратын үлкен оқиға. Бəйге — Тəңiр мен ата-баба аруағын дəрiптейтiн халықтық мерекенiң оттығы. Бəсекенiң қан қыздырар бiр түрi — жiгiттер сайысы. Оған аударыспақ, күрес, ат жарысы, көкпар жатады.

Ұлт ойындарының бойында бүгінгі жас ұрпақтың бойына дарытарлық ұлттық жағымды қасиеттері ұшан-теңіз. Соның бəрі əлеуметтік-педагогикалық талаптарды үнемі шыңдап, қоғам талаптарына сай жастарды тəрбиелеу ісіне қосар үлесі мол екені даусыз [7].

Қоғамымыздың іргетасын нығайту үшін бүгінгі жастарға үлгілі, өнегелі тəрбие беру — қазіргі міндеттердің бірі.

Оқушыда жалпы адамзаттық құндылықтар мен адамның айналадағы дүниемен жеке тұлғалық қатынасын (этикалық, эстетикалық, адамгершілік тұрғысынан) тəрбиелеу мақсатын халқымыздың мəдени рухани мұрасының, салт-дəстүрінің озық үлгілерін оның бойына дарыту арқылы жүзеге асыруға болады. Осымен байланысты бағдарлама халқымызға тəн əдептілік, қонақжайлық, мейірімділік, т.б. сияқты қасиеттер, табиғатқа деген қарым-қатынасындағы біздің халыққа тəн ерекшеліктер. Жас ұрпақ өз халқының мəдениетімен, асыл мұраларымен ұлттық əдебиеттер арқылы танысып келеді. Халық ойынды тəрбие құралы деп таныған. Ойынды сабақта қолдану оқушылардың ой-өрісін жетілдірумен бірге, өз халқының асыл мұраларын бойына сіңіріп, кейінгі ұрпаққа жеткізе білу құралы.

Халық педагогикасының адам, отбасы, өскелең жас ұрпақты тəрбиелеу туралы арман- мақсаттарын, орныққан пікірлерін, ұсыныстарын қамтып көрсететін педагогикалық идеялар мен салт-дəстүрлері өткен мен қазіргінің арасындағы байланысты көрсетеді. Ұлттық ойындар — халық тəрбиесінің дəстүрлі табиғатының жалғасы. Ежелден дəстүрлі ойындарда халықтың өмір сүру əдісі, тұрмыс-тіршілік еңбегі, ұлттық дəстүрлері, батырлық-батылдық туралы түсінігі, адалдыққа, күштілікке ұмтылуы, шыдамдылық, т.б. құндылықтарға мəн берілуі — халық данышпандығының белгісі.

 

 

Əдебиеттер тізімі

 

  1. ҚР Президенті Н.Ə.Назарбаевтың Қазақстан халқына «Нұрлы жол — болашаққа бастар жол» Жолдауы (2014 ж. 11 қараша). — [ЭР]. Қолжетімділік тəртібі: http://yandex.kz/yandsearch
  2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен жəне Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Салауатты өмір салты» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша шараларды ұйымдастыру туралы сəйкес бұйрығыменбекітілген 2011–2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» бағдарламасы. — [ЭР]. Қолжетімділік тəртібі: http://yandex.kz/yandsearch
  3. ҚР үздіксіз білім беру жүйесінде «Салауатты денсаулықты сақтау бағдарламасы бойынша салауатты өмір салтын қалыптастыру» тұжырымдамасы // Валеология, дене тəрбиесі. — 2003. — № 1. — 11, 12-б.
  4. Ордабеков С. Медициналық валеология. Тараз: Изд. дом Тараза, 2005. — 256 с.
  5. Брехман И.И. Валеология — наука о здоровье. — М.: Физкультура и спорт, 1990. — 180 с.
  6. Сағындықов Е.С. Қазақтың ұлттық ойындары. — Алматы: Рауан, 1991. — 175 б.
  7. Дорошкевич М.П., Нашкевич М.А., Муравьева Д.М. и др. Основы валеологии и школьной гигиены: Учеб. пособие для вузов. — М.: Физкультура и спорт, 2003. — 238 с.

 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.