Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Жастардың саяси мəдениетін қалыптастыру: құндылық бағдарлар мен жаңашыл тəсілдер

 Елбасы Н.Ə.Назарбаев «Нұр Отан» партиясының XVІ съезінде партияның азаматтық қоғам құрудағы жетекші рөлін ерекше атап өткен. Сонымен қатар Ұлт Көшбасшысы жастар мəселесіне де арнайы тоқталды. Елбасы «Мəңгілік ел» идеясы жалпы адамзаттық құндылықтар жүйесі ретінде көрінуі тиістігі, мектептерде бүкілқазақстандық «Мəңгілік ел» идеясының құндылықтарын оқыту бағдарламасына енгізу қажеттілігін айтып өтеді [1].

Осы тұрғыдан Қазақстанда азаматтық қоғамды құратын XXI ғасыр көшбасшылары — жастардың азаматтық тəрбиесіне, азаматтық тəрбиенің негізгі құраушысы — саяси мəдениетті тəрбиелеу бүгінгі күннің өзекті мəселесі болып табылады.

Əдетте нарықтық заманда, экономиканың саясаттан басымдығы ұстанымдары басшылыққа алынатын қоғамда азаматтардың, əсіресе қоғамның əлеуметтік аз бейімделген бөлігі — оқушы жастардың саяси белсенділігі айтарлықтай өзекті мəселе сыңары.

Тəжірибеде жастарымыздың айтарлықтай бөлігі саясатқа немқұрайлықпен қарайды, саяси белсенділік танытпайды, өйткені саясатқа қызықпайды. Қазіргі жастар арасында материалдық құндылықтарға бағдарланудың жоғары болғандықтан, рухани, əсіресе саяси құндылықтарға жеткілікті дəрежеде бағытталған деуге де болмайды. Көбінесе карьералық (мансаптық өсу) мақсаттарды алға қойған, қоғамдық жұмыстармен белсенді айналысатын жастардың жеткілікті деңгейдегі саяси сауаттылықты танытатындығын байқау мүмкін. Оқу орындары, жастардың қоғамдық бірлестіктері жастардың саяси сауаттылығын арттыру бағытында елеулі жұмыстар атқаруда. Дегенмен, қазірде жұмыс атқаратын ешбір жастар ұйымдары, өткен ғасырдың 50–60 жж. комсомол сыңары жастар арасында көпшілікке таралған емес.

Тəрбиелеудің индивидуалдық сипаты, ұжымдық тəрбие беру тəжірибесінің ыдырауы да жастардың саяси мəдениетін тəрбиелеуге теріс ықпалын тигізуде.

Бір жағынан, жастардың басым көпшілігі саясатқа қызықпайды, ал түбінде оларға саясаттың, əр түрлі саяси көзқарастардың əсері байқалмауы мүмкін емес. Саяси сауаттылығы дамымаған, саяси құндылықтарға бағдарланбаған жас жігіт-қыздың өмірдегі азаматтық позициясы қандай болуы мүмкін? Саяси мəдениет дегеніміз не? Қазіргі оқушы-жастарда саяси мəдениетті тəрбиелеудің өзектігі қандай? деген сұрақтар туады.

Саяси мəдениет (тар мағынада. — авторлар) — азаматтардың саяси білімдерінің, бағалауларының, сезімдерінің жəне əрекеттерінің деңгейі мен сипаты [2].

Саяси мəдениет (кең мағынада. — авторлар) қоғамдағы саяси қатынастарды реттейтін əлеуметтік құндылықтардың, салт-дəстүрлері мен нормалардың мазмұны мен сапасы ретінде де түсіндірледі [2; 422]. Саяси мəдениет түбегейлі саяси мүдделердің жəне қажеттіліктердің бірлігі (ортақтығы) халықтың əр түрлі əлеуметтік топтарының саяси біліктік тетіктеріне қатынастарының сəйкес келуіне негізделеді.

Қазақстан қоғамының саяси мəдениеті мемлекет, демократия, Конституция, құқықта көрініс табады. Қарапайым түрде айтатын болсақ, саяси мəдениет азаматтардың саяси білімділігі (сауаттылығы), саяси оқиғаларды, үдерістерді қай дəрежеде бағалай білетіндігі жəне саяси белсенділік деңгейімен сипатталады.

Саясатқа қызығушылық танытатын жастар саяси ұйымдарында қызмет жүргізетін, қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысатын жастардың саяси мəдениетін тəрбиелеу əлдеқайда оңай. Бірақ саясатқа бейімі жоқ жастарды ше?

Саясатқа бейімделмеген жастардың саяси мəдениетін тəрбиелеу екі есе өзекті мəселе. Неге?

Əрбір Қазақстан азаматы өзін азамат сезінуі, өзінің азаматтық беделін жоғары бағалауы тиіс. Ал азаматтық сезім, алдымен, қоғам мүшелерінің қоғам мойындаған жəне қорғайтын азаматтық (саяси) құндылықтарды меңгеруімен анықталады.

Елбасының «Нұр Отан» партиясының XVІ съезіндегі баяндамасында айтылғандай, «Мəңгілік ел» идеясы арқауындағы жұмылдырушы құндылықтар — азаматтық теңдік; еңбексүйгіштік; адалдық; оқымыстылық пен білімді қастер тұту; зайырлы ел — тағаттылық ел»[1].

Осы тұрғыдан алғанда қазіргі Қазақстан жастарының саяси мəдениетін қалыптастыру азаматтық тəрбиенің тағыда екі негізгі құрамдастары — патриоттық жəне құқықтық тəрбиемен тығыз байланыста болатындығы байқалады. Саяси тəрбие егемен Қазақстанның əрбір азаматына Ата Заңымыз — Қазақстан Республикасының Конституциясы жəне Қазақстан Республикасының Заңдары мен заңнамалары беретін барлық кепілдіктерді, бостандықтарды, сонымен қатар азаматтық Отан, қоғам алдындағы борышы мен міндеттерін жете түсінуін, оларды сөзсіз орындауын қамтамасыз ететін құқықтық тəрбие жүйесімен өзара əрекеттеседі.

Дер кезінде, саяси білімділік, саяси белсенділік, саяси іс-əрекет бірден-бір мақсат — Отан игілігіне, Қазақстан Республикасының мүдделерін қорғауға, қазіргі Қазақстан қоғамын əлеуметтік- экономикалық, саяси тұрғыдан нығайтуға бағытталған іс-əрекеттерді жүзеге асыруға даярлықты қалыптастыру — патриоттық бағытта болуы тиіс. Саяси белсенділік бос саясатқерлік емес — Отан игілігі үшін, Отан мүддесі үшін саяси белсенділік.

Оқушылардың саяси мəдениетін қалыптастыруда, оларды жалпы қазақстандық саяси құндылықтарға бағдарлауда оқу орындарындағы қоғамдық пəндердің рөлін арттыру, қоғамдық-саяси іс-шаралар ауқымы мен мазмұнын күшейту қажет деп ойлаймыз. Мəселе, жалпы білім беретін мектептердегі «Қазақстан тарихы», «Адам жəн қоғам» немесе жоғары оқу орындарындағы «Философия», «Əлеуметтану», «Мəдениеттану» пəндерінде білім алушыларға саяси білімдерді берумен ғана шектелмеуі тиіс. Саяси білімдері кең оқушыны саяси мəдениетті деу дұрыс болмас. Мəселе оқушының, студенттің өзі меңгерген саяси білімдерден дұрыс құндылық бағдар алуында, саяси мəселелерді дұрыс бағалап, оң шешімдерді қабылдай білуінде.

Сондықтан саяси мəдениетті қалыптастыру орта немесе жоғары білім беру ұйымдарында қоғамдық-гуманитарлық пəндер мазмұнын саяси ақпараттармен толықтыру, саясаттандыру деген сөз емес. Қазірде бар оқу мазмұнына қажетті жаңалықтарды əрбір педагог сабаққа дайындалу кезінде, оқу материалына жаңа мəліметтерді кіргізу жолымен байыта алады. Бірақ мəселе оқушылар меңгеретін саяси білімдердің саналылығы, құндылық бағдарланғандығына қол жеткізуде. Саяси идеяларды нақтылы деректер, өмірлік жағдайлармен байланыстыру жастардың саяси білімдерге қызығушылығын, құндылық бағдарларының қалыптасуына жол ашады.

Саяси білімдер, жалпы қазақстандық саяси құндылықтар оқушының, студенттің саяси көзқарастарына, сенімдеріне айналуына қол жеткізу керек. Проблемалық сұрақтар, саяси жағдайлар үлгілерін ұжымдық талдау, кішігірім презентациялар, бұқаралық ақпарат құралдары материалдарын талдау, саяси ақпараттар — сыныптар, аудиториялардағы сабақтарда білім алушыларға саяси тəрбие берудің тиімді тəсілдері болып табылады.

Сыныптан тыс, аудиториядан тыс саяси тəрбие бағытындағы іс-шаралар да жақсы нəтижелер береді. Мысалы, М.Əуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде Жастар комитеті, «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасы тарапынан оқушы-жастар саяси тəрбиесі бағытында мынадай формадағы іс-шаралар ұйымдастырылды: ХХ ғасырдың 20–30 жж. Саяси қуғындар құрбандары күніне арналған тəрбиелік іс-шара, саясат қайраткерлерімен кездесулер, Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналған іс-шаралар кешені (конференциялар, флэш-моб, дөңгелек үстелдер, кештер, білімдер байқаулары, патриоттық акцияларда қатысу т.б.).

Студент-жастар арасындағы саяси сауаттылығы жоғары, қоғамдық жұмыстарға бейім жігіттер пен қыздарды университеттің студенттік өзін-өзі басқару органдары жұмыстарына кеңінен тартуға ерекше назар аударылып отыр. Университет жанындағы студенттердің «Достық» клубы түрлі этностар өкілдерінен тұратын студент-жастар белсенділерін қамтыған. Клуб студент-жастар арасында қазақстандық патриотизм, этносаралық келісім, толеранттылықты нығайтуға бағдарланған іс-шараларды іске асырады. «Достық» клубы көп этносты Қазақстан халқы мəдени салт-дəстүрлерін білім алушылар арасында кеңінен насихаттау, мəдениетаралық диалогты ұйымдастыруға ерекше мəн береді. Мысалы, Қазақстан этностарының ұлттық мейрамдарын жастар арасында атап өту шынайы дəстүрге айналған. Орыс халқының «Масленица» мейрамына арналған концерттер, халық қолөнері көрмелері, ұлттық ойындар, немесе Наурыз мейрамын атап өтуде түрлі этностардың киім дизайны өнерін көрсету, салт-дəстүрлері мен əдет-ғұрыптарын көрермен назарына ұсыну, түрлі тілдердегі өлеңдердің, əндердің үні жастардың «тегі басқа тағдыры бір» болған көп этносты Отанына деген мейірімі, махаббат сезімдерін күшеюіне ықпал етеді.

Студент-жастардың саяси мəдениетін қалыптастыруда олардың ақпараттандыру құралдарына қызығушылықтары өте жоғары екендігін, осы мүмкіндіктерден олардың саяси санасын, дұрыс бағытталған саяси көзқарастарын қалыптастыруда пайдалану ерекше мəнге ие. Атап айтқанда, ұялы байланыс телефондары, ноутбуктар, планшеттерді пайдаланбайтын, күніне бірнеше рет интернетке «кірмейтін» бірде-бір студент жоқ. Интернет желісінен келетін ақпараттар, əсіресе саяси бағыттағы жаңалықтарды студент дұрыс қабылдауы, бағалауы оның саяси білімі, санасы, мəдениеті қай дəрежеде екендігіне тəуелді. Біздің байқауымызша, студенттер интернет желісіне достарымен қарым- қатынас жасау, өзіндік жұмыс тапсырмаларын орындау, курстық немесе дипломдық жұмыстар жазу, іс-тəжірибеге қажетті материалдар алу, демалыс мақсаттарында кіреді. Саяси тақырыптар студенттердің басым көпшлігін айтарлықтай қызықтырмайды. Бұл жайт, бір тараптан, студенттерді теріс саяси ақпараттардың əсерінен қорғайды. Дегенмен, саяси сауатсыздық саяси қауіпсіздік дегені еместігін ескеру керек. Ел саясатын, Отан дамуының стратегиялық бағыттары мен тактикалық жоспарларын, əлемдегі, айналадағы мемлекеттердегі саяси ахуалды, мемлекет ішіндегі үрдістерді білмейтін, өзіндік саяси көзқарасы қалыптаспаған болашақ маман туралы не деуге болады? Саяси мəдениет патриотизммен тығыз байланыста. Саяси мəдениет əлемдегі, елдегі саяси үрдістерді дұрыс пайымдауға, ел мүддесін қорғауға, Отан дамуына қолынан келгенше үлес қосуға даяр азамат болуға септігін тигізері анық.

Болашақ маманның дүниетанымы, саяси көзқарастары өз елі — жаңа əлемдегі жаңа Қазақстанның тұрақты дамуына, ел бірлігі мен қоғамдық келісім мақсаттарына, саяси үрдістердің дұрыс бағыт-бағдар алуына өз үлесін қосуға, өзі таңдаған, еңбек ететін салада мемлекеттік саясатты жүргізуіне əсерін тигізеді. Студент-жастар ертеңгі күнде адам қызметінің əр түрлі салаларында жоғары білікті маман ретінде қызмет атқарады. Бүгінгі студенттер арасында ертеңгі күнде басшылық лауазымдарында жұмыс істейтін, Қазақстанның ұлттық идеологиясын басшылыққа алып, еңбек ұжымдарын, қол астындағы қызметкерлерді ұйым мақсаттарына жұмылдыратын, бағыттайтын жастар да аз емес. Сондықтан жоғары кəсіби білім жалпы мəдени, кəсіби құндылықтарды меңгерумен, студенттердің саяси мəдениетін қалыптастыруды болжайды. Осы тұрғыдан барлық мамандықтардың оқу жұмыс жоспарларына «Қазақстанның даму стратегиясы», «Саясаттану», «Саяси мəдениет негіздері», «Толеранттылық негіздері» сыңарлы элективті курстарды кірістіру орынды деп білеміз.

Алдымен, жоғары оқу орындарында «Қазақстан тарихы» пəнін оқытудың саяси мəдениетті қалыптастырудағы мүмкіндіктерін толығырақ пайдалануға мəн беру қажет деп ойлаймыз. Студенттерге бұл пəнді оқыту жалпы білім беретін мектептерде «Қазақстан тарихы» пəнін оқытудан ғылыми-əдістемелік, дүниетанымдық, саяси бағыттылығы тұрғысынан мүлдем айрықша болуы, болашақ маманның біртұтас саяси көзқарасын қалыптастыру мақсаттарына қызмет етуі зəру деп білеміз.

Саяси тəрбие еңбек тəрбиесімен байланыста жүзеге асырылған жағдайда саяси білімдерді игеру, жастар бойында қалыптастырылатын саяси сана-сезім жəне саяси белсенділік дағдылары қоғам пайдасына еңбек арқылы жаңа мазмұнға ие болады. Өнімді еңбек саяси санаға өзгеше мəн береді. Жастар саясаттың адамдардың бақытты өмір сүруі үшін қызмет етуге тиісті рухани құрал екендігін терең сезінеді. Əсіресе еңбек салаларымен байланысты мемлекет саясатын ұғынуда еңбек тəрбиесінің рөлі өте жоғары. Мысалы, ауыл шаруашылығы саласында қызмет ететін жастардың өкіметтің агросаясаты туралы қажетті деңгейде түсініктері болуы керек. Басшылық лауазымындағы жастарға кəсіби қызметте осы саладағы мемлекет саясатын білу ғана емес, оны нақтылы іс-қимылдармен іс жүзінде жүзіге асыру дағдылары өте маңызды.

Саяси мəдениет — жан-жақты дамыған тұлғаны тəрбиелеудің құрамдас бөлігі. Саяси санасы дамымаған адамды жан-жақты кемелденген, бəсекеге қабілетті, дамыған адами капитал деу мүмкін емес. Саяси мəдениеттікке тəрбиелеу — азаматтық тəрбиенің ажрамас бөлігі, құраушысы. Саяси мəдениетті тəрбиелеу азаматтық тəрбиенің қағидасы екі нəрсемен — отансүйгіштік жəне құқықтық тəрбиемен өте тығыз байланысқан.

Саяси сауаттылығы жеткіліксіз тұлғаның азаматтық позициясы, өтансүйгіштік сана-сезімі туралы не деу мүмкін? Саясаттан тыс, адам қызметінің басқа да салаларында оқитыны, жұмыс істейтін жастарда кəсіби қызметте, қоғамдық өмірде азаматтық белсенділік танытулары үшін олар мемлекет саясатын, өз саласындағы мемлекет саясатының басымдықтарын жақсы білуі, оларға сүйенуі керек.

Саяси сауатты жастар қоғамдағы саяси үрдістерге ықпал ете алатын, əсіресе мемлекетті басқаруға, басқару органдары ісіне қоғамдық көмек беруге дайын болады. Немесе өз қызмет саласында (білім, ауыл щаруашылығы, өндіріс т.б.) мемлекеттік саясат ұстанымдарын жүзеге асыруға саналы түрде кіріседі.

Саяси сауаттылық жастардың саяси сезімдерін тəрбиелейді. Қоғамдағы саяси оқиғалар мен процестерді дұрыс қабылдауға, өзі іс-əрекетінде басшылыққа алуға, қоғамға теріс саяси- идеологиялық əсерлерге берілмеуге иммунитетті қалыптастырады. Сонда ғана жастарымыз тəуелсіз Қазақстанның саяси құндылықтарын қорғауға даяр болады.

Бүгінгі таңда оқушы жастардың саяси мəдениетін тəрбиелеуге жаңашыл тəсілдерді енгізу қажет. Əсіресе оқушы-жастардың саяси мəдениетін тəрбиелеуде мына тəсілдерді басшылыққа алған мақсатқа сай деп есептейміз:

  • ақпарат ауқымы кең қазіргі жағдайларда жастардың саяси ақпаратқа, негізінен, Қазақстан мемлекеттік саясаты туралы білімдерге деген қызығушылықтарын, оларды меңгеруден жеке мүдделіліктерін арттыру;
  • оқушы жастардың қоғамдық үрдістерге, қоғамдық басқару, өзін-өзі басқару процестеріне көбірек тарту;
  • жастардың қоғамдағы əлеуметтік үрдістерді саяси ұғынуға деген ұмтылыстарына қолдау көрсету;
  • мемлекет органдары мен жастар ұйымдарының серіктестігін күшейту, жастарды мемлекеттік органдар жұмысына көмек көрсету, қоғамдық қадағалауға, қоғамдық-саяси процестерге қатыстыру;
  • Қазақстан қоғамының саяси құндылықтарын жастар бойына сіңіру, оларды қорғауға баулу, теріс саяси əсерлерге қарсы иммунитетті тəрбиелеу;
  • жастарға өз азаматтық сапаларын толық көрсетуге жол ашу;
  • жастардың қоғам дамуына, ел бірлігіне қызмет ететін, мемлекет пен қоғам алдындағы міндеттерде шешуге бағытталған саяси бастамаларына қолдау көрсету;
  • жастардың саяси көңіл-күйін ұдайы қадағалау, дұрыс бағыттау. Саяси ақпаратқа қызығушылықты оятудың тəсілдері ретінде:
  • студенттердің бұқаралық ақпарат құралдарынан жаңалықтарды көру, қысқаша тезистер құрастыру жəне кішігірім баяндамаларды əзірлеп, кураторлық сағаттарында группаластарына хабарлауы;
  • саяси ақпараттарды студенттердің болашақ мамандығымен байланыстыра пайдалану (мысалы, «Мұнай-газ» мамандығы студенттеріне мұнай саласындағы əлемдік саясат туралы нақты деректерді келтіру, оның мұнай өндірудегі мəселелерге əсерін суреттеу);
  • мамандық саласындағы саяси тақырыптарда пікірталас;
  • мемлекеттік, өңірлік деңгейдегі қайраткерлермен сұхбаттар, кездесулер барысында қалыптасатын саяси мəдениеттілік үлгілеріне еліктеу (қызықты, өміршең саяси ақпарат, шешенділік үлгілері, кең дүниетаным, ой-өрісті таныту);
  • университет көлемінде өтетін саяси-тəрбиелік, ағарту іс-шараларында белсенді қатысу (мысалы, Елбасы Жолдауларын жастар арасында насихаттау);
  • ақпарат құралдары арқылы қызықты формада ұсынылатын саяси ақпараттарды атап өтуге болады.

Оқушы-жастардың қоғамдық үрдістерге, қоғамдық басқару, өзін-өзі басқару процестеріне көбірек тарту үшін жоғары оқу орындарындағы қоғамдық ұйымдардың студенттер арасындағы беделін арттыру, сондықтан олардың жұмысының студенттер ұжымын, əрбір студенттің дамуы үшін пайдалы нəтижелерін нақтылы нəтижелермен көрсетуге ұмтылу керек. Шынында да, қазіргі таңда университеттердегі жастар ұйымдары баяғы 1950-жж. аты шулы Комсомол ұйымы емес.

Студенттердің басым көпшілігі тіпті университеттегі жастар ұйымдарының атын да білмейді, белсенділерін де танымайды. Жастар ұйымдары студенттердің көпшілігі үшін тартымды деуге болмайды. Жастар ұйымдары жұмысында немқұрайлылық жиі кездеседі.

Жастардың қоғамдағы əлеуметтік үрдістерді саяси ұғынуға деген ұмтылыстарына қолдау көрсету мақсатында жоғары оқу орындарында қоғамдық пəндерді оқытудың сапасын арттыру маңызды. «Қазақстан тарихы» пəнін оқытуда фактологиялық материалдардан аналитикалық материалдар беруге, студенттердің саяси-қоғамдық үрдістерді талдау нəтижесінде өзіндік тарихи, саяси, идеялық көзқарастарын қалыптастыруға жағдай жасау керек. Əрбір оқу пəні маңында студентке мейлінше саяси білімдер беру, ұлттық идеологиямызды оның санасына сіңіру туралы ойлауымыз керек. Мəселе мүлдем жоғары оқу орнында оқытуды саясаттандыру туралы емес. Бірақ саяси тұрғынан сауатсыз маман өз саласын дамытуда патриоттық танытпайды, мемлекет саясатының жүргізушісіне айналмайды, тек тар өндірістік міндеттерді шешуге даярланған болады.

Мемлекет органдары мен жастар ұйымдарының серіктестігін күшейту, жастарды мемлекеттік органдар жұмысына көмек көрсету, қоғамдық қадағалауға, қоғамдық-саяси процестерге қатыстыру студент-жастардың арасынан белсенді, басшылық қызметіне бейім болашақ басшы кадрларды таңдауға, мемлекеттік қызметкерлер резервін дайындауға жағдайлар жасайды. Қазіргі таңда Оңтүстік Қазақстан облысы əкімі аппараты мемлекеттік қызметкерлерді дайындау орталығы тарапынан жоғары оқу орындарының белсенді студент-жастары үшін мемлекеттік қызмет туралы бастауыш білімдер беретін курстар ұйымдастыруда. Мемлекетік органдар мен жоғары оқу орындары қоғамдық ұйымдарының серіктестігі студенттер белсенділері жұмысының мазмұнды, сапалы болуына, білім беру ұйымы студенттік қауым арасындағы оның беделін артуына да ықпалын тигізеді.

Жастардың қоғам дамуына, ел бірлігіне қызмет ететін, мемлекет пен қоғам алдындағы міндеттерді шешуге бағытталған саяси бастамаларына қолдау көрсетуде жергілікті басқару органдары, қоғамдық қорлардың кеңестік, ұйымдастырушылық, қаржылық қолдауы маңызды роль атқарады. Жастардың əлеуметтік-экономикалық бағыттағы бастамалары жобалар түрінде ұсынылып, сарапшылар талқылауынан, арнайы комиссиялар тексеруінен өткеннен соң, ең үздік жобалар жергілікті қоғамдық қорлар тарапынан қаржыландырылады. Сондай-ақ жастардың қоғам дамуына, ел бірлігіне қызмет ететін, мемлекет пен қоғам алдындағы міндеттерде шешуге бағытталған саяси бастамалары да қажетті деңгейде қолдауын табуы тиіс. Мысалы, патриоттық акциялар өткізу, кең жұртшылыққа жаңа заңнамалық құжаттарды, өзгерістерді түсіндіру, мемлекеттік тілді үйрету бойынша студент-жастардың волонтерлік əрекеттері қажетті қолдау табуы мүмкін.

Жастардың саяси көңіл-күйін ұдайы қадағалау, дұрыс бағыттау — саяси мəдениетті тəрбиелеудің маңызды бағыты. Осы тұрғыдан жоғары оқу орындары жастар ұйымдары саяси білім беретін кафедралар профессор-оқытушыларымен бірлестікте мониторинг жүргізуі жақсы нəтижелер береді. Біздің жастарымыз елдегі, əлемдегі саяси үрдістерді дұрыс пайымдауы жəне бағалауы керек. Мемлекет саясатын дұрыс түсіну, саяси сауаттылық, идеологиялық кемеледілік, сын тұрғысынан ойлау əр түрлі саяси ақпараттарды, көзқарастарды оң бағалай білуге дағдыландырады. Студенттің өз ойы, өз пікірі қалыптасады, ол өз елінің патриоты екендігін ұмытпайды, сыртқы теріс саяси əсерлерге берілмейді, əр қандай саяси ақпараттарға көзқарастарын білдіруде «Мəңгілік Ел» құндылықтарын қашанда жоғары қояды.

Қорыта айтқанда, бүгінгі таңда оқушы-жастардың саяси мəдениеті олардың азаматтық белсенділігінің маңызды құраушысына айналды. Білім беру жүйесінде білім алушылардың саяси мəдениетін қалыптастыру қазіргі Қазақстан қоғамының азаматтық, саяси құндылықтарын игерумен шартталады. Ата Заңымыз — Қазақстан Республикасының Конституциясы, Президент Н.Ə.Назарбаевтың Жолдаулары, сөйлеген сөздерінде алға қойылған міндеттерді, барша қазақстандықтарға ортақ саяси құндылықтарды, азаматтық құқық ережелерін, қоғам, табиғат пен өзара əрекеттесудің құқықтық, рухани-адамгершілік аспектілерін тек білім деңгейінде ғана емес, тəжірибелік сипатта, нақтылы өмірлік мəселелерді шешуге даярлық дəрежесінде игеру өте маңызды. Саяси құндылық бағдарлардың қалыптасуы оқушы жастардың дүниетанмын, патриоттық сапаларын қалыптасуына ерекше əсер етеді. Əрбір жас адамның санасында қазіргі күрделі халықаралық жағдайлардағы өмірлік əрекеттерде дұрыс шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді. Жастар əлемдегі жəне ішкі саяси оқиғаларға дұрыс баға бере алатын болады.

 

Əдебиеттер тізімі

 

  1. Баршаға бірдей осы заманғы мемлекет: бес халықтық реформа// Қазақстан Республикасының Президенті, «Нұр Отан» партиясының төрағасы Н.Ə.Назарбаевтың партияның XVІ съезінде сөйлеген сөзі // Егемен Қазақстан. — 2015. — 12 наурыз. — 1–3-б.
  2. Краткий политический словарь. — М.: Политиздат, 1989. — С.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.