Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазақ тілін мамандыққа сəйкестендіріп қатысымдық тұрғыдан оқыту мəселелері

Мемлекеттік тілдің əлеуметтік-қатысымдық қызметін кеңейту мен дамытуда оның ғылымда, өндірісте, елдің халықаралық байланыстарында қолдану аясының кеңи түсуі тіл үйренушілердің болашақ мамандығымен де байланысты. Кəсіптік-техникалық лицейлер мен жоғары оқу орнын бітірген жас буын — əрі болашақ маман, əрі өндірісті ілгері дамытатын кəсіпкердің алдыңғы қатарлы маман болуы өз елінің тілін жоғары деңгейде білуімен де терең сабақтасады. Əдіскер-ғалымдар қазақ тілін қарым-қатынас құралы ретінде меңгертумен қатар, студенттердің кəсіптік мамандығын ескере отырып игертудің тиімді жақтарын қарастырып келеді. Осыған байланысты тілді мамандыққа сай үйретуге арналған əдістемелік оқулықтар мен оқу құралдары көптеп жарық көруде. Бұл оқулықтар студенттердің ғылыми тілді, мамандыққа қатысты кəсіби тілді, ресми-іскерлік тілін жеткілікті түрде меңгеруіне ықпал етуде [1].

Қазақ тілін мамандыққа байланысты оқытудың қалыптасуына əсер ететін еңбектер, оқу құралдары, сөйлеу тілін қалыптастыруға бағытталған лексикалық материалдар кəсіптік білім берумен қатар, танымдық, тəрбиелік сипатымен ерекшеленеді.

Ғалымдар теориялық жəне əдістемелік тұрғыдан тілдік қатынас əрекетінің түрлерін — оқылым, жазылым, тыңдалым, тілдесім деп бөліп қарастырады. Ғалым Қ.Қадашева «Жаңаша жаңғыртып оқытудың ғылыми-əдістемелік негіздері: өзгетілді дəрісханалардағы қазақ тілі» (2001) деген докторлық диссертациясында мамандық тіліне бейімдеп оқытуда жаңаша жаңғыртып оқыту əдістемесінің əдіс-тəсілдерін ұтымды пайдалануға болатындығын, тіл үйренушілердің өз саласында тілді қолдану қызметінде лексикалық минимумды анықтау қатысымдық қажеттілікті қамтамасыз ететін ерекшелік екендігін көрсетті [2].

Студенттердің мемлекеттік тілді тиімді игеруінің басты факторы — оқу бағдарламалары мен оқулық, оқу құралдары, оқу-əдістемелік материалдарды модульдік оқу жүйесімен берудің ұтымдылығы, модульдік жүйеге негізделген электрондық оқулықтардың да студенттердің өз бетімен жұмыс істеуіне тиімділігі дəлелденіп отыр.

Жоғары оқу орындарының экономика факультетінің қазақ тілін жалғастырып, тереңдетіп оқитын топтарына арналған ғалымдар З.Күзекова мен Г.Қарақұсованың «Қазақ тілі» оқулығын ерекше атап өтуге болады [3]. Бұл еңбектің басты мақсаты — сөйлеу тілі қалыптасқан үйренушілердің қазақша сөйлеуін, жазуын, баяндауын мамандыққа қатысты жетілдіру, сөздік қорын байыту. Жалпы оқулық 20 сабақтың материалын қамтиды. Мəтінмен жұмыс істеуде сөз мағынасын түсіндіру, нақтылау, оны студенттердің тіліне енгізу белгілі бір тақырып төңірегінде берілген. Мəселен: «Ақша деген не?» атты оныншы сабаққа берілген мəтін бар. «Ақшаның қызметі: құн өлшеуші, бақылау құралы, баға көлемін көрсету құралы, айналым құралы, қор жинау құралы, қазына құралы, төлем құралы. Көп уақытқа дейін ақшаның рөлін əр түрлі тауарлар атқарды. Алайда біртіндеп өндірістің дамуы процесінде ол алтынға берік орнықты. Елімізде заңды тəртіппен бекітілген ақша белгілері бар. Құн өлшемі қызметінде ақша — баға белгілеу құралы. Өнімді бөлуге, айырбас жасауға жəне тұтынуға қызмет ету үрдісінде ақша қозғалыс жасап, ақша айналымын құрайды.

Ақша айналымы дегеніміз — еңбекке ақы төлеу, тауар өткізу, көрсетілген қызмет үшін есеп айырысу жəне басқа да төлемдерді жүзеге асыру барысында ақшаның үздіксіз қозғалысқа келуі. Ақшаның ең басты ерекшелігі де, құнды қасиеті де оның адамдарға қажеттілігінде».

Мəтін төмендегідей грамматикалық, лексикалық, коммуникативтік тапсырмалар жүйесінен құралған:

  • «ақша» терминіне анықтама беріңіз;
  • Экономикалық сөздікті пайдаланып, сөздердің мағынасын ашыңыз: денежная единица, денежная масса, денежно-кредитное регулирование, денежно-кредитный кризис, денежное обращение, денежные знаки, денежный агрегат, денежный рассчет.

Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз:

а) Ақша қозғалысы қандай экономикалық терминді қалыптастырады?

ə) Ақшаның ерекшелігі неде? Бұл туралы мəтіннің қай абзацында берілген?

б) 1-абзацтағы «құрал» сөзімен тіркескен сөздерге назар аудаыңыздар, орысша баламасын айтыңыздар.

Берілген сұхбатты оқып, өз көзқарасыңызды қосыңыз. Қазақстанның ұлттық валютасын шетелдікке таныстырыңыз.

Мына шағын мəтіндегі бизнесмендердің пікірлеріне тағы не қосуға болады? «Бизнесмендерге миллион табу қиын емес, дейді. Олар үшін ақша табу қызықты ойын сияқты. Олардың пікірінше, ақша ақшаға келеді жəне пайда əкеледі. Өйткені жылдам ақша айналымы экономиканы тұрақтандырады».

Сұрақтарға жауап берініздер:

  • Даму үшін ақша мақсат па əлде құрал ма?
  • Өздеріңіз көріп жүрген «Алтын киік» мультфильміндегі ақшақұмар патшаның жай-күйі немен аяқталады?

–«Ақша табу қызықты ойын сияқты» деген тұжырымға қалай қарайсыз? –«Ақшаны ақша жасайды» деген ұғымды қалай түсінесіз?

  • «Денсаулық ақшадан қымбат» деген тұжырыммен келісесіз бе?
  • Өте жылдам ақша айналымы экономиканы тұрақтандыра ма? Күлейік, демалайық: «Қожанасыр мен Алдар».

Берілген мақал-мəтелдерді талдаңыздар:

  1. Теңге тиыннан, Жылқы құлыннан өсер.
  2. Ақша кетуге тырысады, Есеп ұстауға тырысады.
  3. Ақшаның ашпайтын құлыпы жоқ.
  4. Ақшада көз жоқ.

Даналар сөзін тыңдайық: «Жамандықтың үлкені — пайдакүнемдік, Пайда қуған адам шыншыл да, принципшіл де, ержүрек те, өз парызына адал да бола алмайды» (В.А.Сухомлинский).

  • «Адамның асқан сұлулығы — оның сезгіштігі, қарапайымдылығы, тілектестігі, ниеттестігі» (В.А.Сухомлинский).
  • «Əр адамның құдайы — өзінің ары» (Менандр).
  • «Ұят деген — адамның өз бойындағы адамшылығы» (Абай).

Студенттердің білімін қорытындылау сабақ соңында сөзжұмбақ, пікірталас сұрақтары жəне оларды толғандыратын мəселелер төңірегінде құрастырылған. Сондай-ақ ертегілер елінен, көркем шығармалар, шешендік өнер, қанатты сөздер жəне сергіту мақсатында Қожанасыр қызықтарын алуы тіл үйренушілердің қызығушылығын арттырып, тіл үйренуге ынтасын күшейтетіндігін өз тəжірибемізден көріп жүрміз. Тіл үйренушінің сөйлеу дағдыларын қалыптастыруға оқу құралындағы сөздік-минимумның көмегі тиетіні сөзсіз.

Мамандыққа бейімдеп жазылған, өзінің танымдық-тəлімдік мəнімен ерекшеленетін оқулықтардың бірі — жоғары оқу орындары заң факультетінің студенттеріне арналған ф.ғ.д. профессор А.С.Əділованың авторлығымен жазылған «Қазақ тілі: заң факультеті студент теріне арналған оқу құралы» [4]. Оқу материалдары сұхбат, мəтін, түрлі жаттығулар кешендері арқылы студенттерге қазақ тілін кəсіптік бейімдей үйретуге арналған. Мұндағы мазмұны терең мəтіндер, лексика-грамматикалық жаттығулар жүйесі, шығармашылық тапсырмалар студенттерді қазақ тілінде еркін сөйлесуге, əңгімелесе білуге, баяндама жасауға, сұхбат алуға, пресс-конференциялар мен пікірталасқа қатысуға үйретеді. Əрбір сабақта мəтін, мəтінге қатысты сөздер, грамматикалық түсініктеме, ойтүрткі сұрақтар, лексикалық түсініктеме, мəтінге дейінгі, мəтіннен кейінгі тапсырмалар, диалог, мəтінге қатысты түсініктерді тексеруге арналған сұрақтар, мəтіндегі грамматикалық тұлғаларды табу жұмыстары, лексика-грамматикалық тест, тапсырмалар, сөзжұмбақтар, афоризм, нақыл сөздер, салыстыру тапсырмалары, өз бетінше жұмыс істеуге арналған тапсырмалар жүйелі түрде «қарапайымнан күрделіге» ұстанымы негізінде құрастырылған.

Еңбекте ұсынылған заңгерлер өмірінің барлық салаларын қамтыған қызықты мəтіндер мен ұлттанымдық деректер, қатысымдық тапсырмалар, сұхбат түрлері тіл үйренушілердің ана тілінде еркін сөйлеп, өз ойларын жазбаша да толық жеткізе алуларына мүмкіндік береді. Ондай мəтіндер төмендегідей топталған:

  1. Атақты адамдар өмірінен: Əл-Фараби, Жақып Ақбаев, Бақытжан Қаратаев, Барлыбек Сыртанов.
  2. Ер есімі — ел есінде: Тұңғыш ғарышкер; Ана тілің — арың бұл; Қазақ тілі (М.Жұмабаев), Үш бақытым (М.Мақатаев); Қазақстан Республикасының Конституциясы; Мемлекет;
  3. Қоғам жəне заң: қазақ заңдары, заң, қылмыс, құқық қорғау мекемелері, жастар қылмысы, жаза жəне оның түрлері, Қазақстан Республикасының Еңбек туралы Заңы;
  4. Сот жүйесі: қорғаушы қызметі, сот мəжілісінде, заң терминдері, Нюрнберг процесі. Студенттердің жалпы білім өрісін кеңейту мақсатында қосымша материалдар ұсынылады.

Көркем шығармалар мен ғылыми еңбектер бойынша іріктеліп алынған мəтіндер жəне оларға қатысты құрастырылған əр түрлі тапсырмалар жүйесі модульдік технологияға сəйкестендірілген. Сонымен қатар студенттердің өзіндік жұмысы түсіндірме, фразеологиялық, аударма сөздіктер арқылы іске асады. Шағын хабарлама жасау, жоспар құру, белгілі бір тақырыпқа шығарма, баяндама, тезис, реферат, конспект жазу тапсырмалары болашақ мамандардың жазбаша тілін дамытуда, өз ойын, пікірін жеткізуде басты орын алады. Сөз маржандары — мақал-мəтел, нақыл сөздердің мəні түсіндіріліп, есте сақтау керектігі ескеріледі. Студенттерді қызықтыратындай, халықтың асыл қазынасы — шешендік өнер тарихына, шешендік сөз үлгілеріне баса көңіл бөлінген. Студенттердің өз бетімен ізденіп, кəсіби шеберлігін жетілдіруі, сөз байлықтарының молайып, сөйлеу дағдысын қалыптастыру кітап соңындағы көркем əдебиеттен алынған шағын үзінділер арқылы жүзеге асады:

«Қызметіне келсе, қабылдауына реңді, денелі келген орыс жігіті жазылып, жолын күтіп отыр екен.

  • Кіріңіз, — деді сырт киімін шешіп, киім ілгішке іліп жатып.

Əлгі жігіт баппен нығыз басып орындыққа отырды, алдына былғары папкісін қойды, өзін-өзі таныстыруды ұмытпады.

  • Халықаралық адам құқы жөніндегі лиганың кеңесшісімін, заңгер-сарапшы, парламент мүшесі Богдан боламын, — деді, — академик Сахаровтың өлімі жайлы сарапшылық, зерттеушілік кітап жазып бітірдім, желтоқсан оқиғасына қатысып, шейіт болған бірер басты кісінің, сол кезеңде өзіне- өзі қол салды деген билік азаматтың қазасын зерттеп қорытынды жазу шаруасымен бұрылдым».

Қазақ тілінің практикалық курсы кафедрасының аға оқытушысы, əдіскер Г.Х.Абдрахманованың мамандыққа байланысты модульді оқыту жүйесімен жазылған əлеуметтік факультетке арналған оқулығы бар [5]. Оқулықта мамандық бойынша модульді оқыту сабақтарының жоспары, лексикалық тақырыптардың оқыту үлгілері, сұхбаттар, құжат үлгілері, тестік сұрақтар, қосымша материалдар мен глоссарий берілген. «Əлеуметтік жұмыс» мамандығы бойынша оқитын студенттердің қазақ тілінде сөйлеу деңгейін дамытуға жəне əлеуметтік қызметкерлерге арналған оқу құралы жеті бөлімнен тұрады.

Бірінші бөлімде осы мамандыққа байланысты модульді оқыту сабақтарының жоспары ұсынылған. Жоспар Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі дайындаған типтік оқу бағдарламасын (Алматы, 2002) жəне Жалпы білім беру пəндері бойынша типтік оқу бағдарламасын (Алматы, 2005) басшылыққа ала отырып, мамандыққа байланысты жасалған. Онда сөздік минимумдар, тақырып жəне тақырыпшалар, жағдаяттық тапсырмалар, грамматика берілген. Жоспар сөйлеу əрекетінің төрт түрін — тыңдалым, оқылым, айтылым, жазылым талаптарын мамандыққа тəн үйрету мен ұштастыру негізінде алынған. Жоспар V модульдан құрылған. Əр модульдің негізгі тақырыбына қосымша лексикалық тақырыптар, тілдік материал, сөздік минимум жəне жағдаяттық тапсырмалар берілген. Алынған лексикалық тақырыптар əлеуметтік жұмыс мазмұнын қамтитын, яғни саясат, əлеуметтік тұрмыс-жағдай, мəдениет, өзін-өзі тану, денсаулық, экологиялық мəселе, еңбек, елтану, адамгершілік құқық т.б. тақырыптардан құрылған. Студенттердің ұлттық санасын қалыптастыру мақсатында арнайы «Ұлылардың айтқаны», «Жақсы өлеңді жаттайық», «Халық даналығы» жəне мақал-мəтелдер, тақырыптық рефераттар жəне т.б. дербес тапсырмалар ұсынылған.

Оқытудың мазмұны: 1.Əлеуметтік тіршілік.

  • күнделікті өмірдегі қарым-қатынас, қажетті жағдайдағы сұрап-білісу, отбасында, əлеуметтік ортада жөн сұрасу;
  • өзі туралы, досы туралы, басқа адам туралы пікір айту;
  • ұсынылған тақырыптар көлемінде сөйлесім.
  1. Елтану:
  • лексикалық, тілдік материалды одан əрі дамыту;
  • туған жері, өмір сүріп отырған ортасы, оның түрлі жағдайы;
  • қазақ елі туралы;
  • еліміздің əлеуметтік жағдайы, қоғам туралы, жастар, өнегелі адамдар туралы айта білу дəрежесін қалыптастыру.
  1. Мамандық əлемі:
  • əлеуметтік жұмыс туралы ұғымдарын кеңейту, қызығушылығын арттыру;
  • сұрақ қоя білу, жауап беру, хабарлама жазу;
  • мамандыққа байланысты терминдерді түсініп, жұмыс жасай білу, газет, журналдармен жұмыс;
  • жұмыс барысындағы түсінісу.
  1. Іскерлік:
  • ресми іскерлік, əдеп ережелерін қолдана білу, теле-, радиотыңдау, естігенін айту;
  • түсінгенін жазу;
  • кездесу, жиналыс, отырыстарда сөйлесу, жүргізе білу, пікір айту. Құжаттарды толтыру, жазу.
  1. Өнер алды — қызыл тіл:
  • білікті маман ретінде қазақ əдеби тілінің лексикасын меңгеру;
  • əдеби тіл, лексикалық норма, орфоэпия, орфография туралы мəліметтерді меңгеру;
  • грамматикалық құрылыстың стильдік қызметімен танысу;
  • мəнерлеп сөйлеуге үйрену, мəнерлеп оқу;
  • қазақ халқының шешендік өнерімен, классикалық үлгілерімен танысу.

Екінші бөлім — бағдарламада берілген кейбір лексикалық тақырыптарды оқытудың үлгісі. Оқыту барысында сөйлеу əрекетінің төрт түрі де қолданылады. Жаттығулар тақырыпқа байланысты құрастырылған. Тақырыптар, мəтіндер, жаттығулар тəрбиелік маңызы бар, өмірмен байланысты. Мəселен: Мынадай лексикалық тақырып алынған «СПИД /ЖИТС/ жəне оны алдын алу». Тақырып ұлы Абайдың даналық сөзімен басталып: «Əрбір жаманшылықтың арасында тұрып адамның адамдығын бұзатын жаманшылықтан бойын жимақтық, бұл — адамға нұр болады» жəне соңында Сұлтанмахмұт Торайғыровтың өлең шумағын жаттап алуға тапсырма берілген:

Жақсылық көрсем өзімнен,

Жамандық көрсем өзімнен,

Тағдыр қылды деулерді

Шығарамын сөзімнен.

Үшінші жəне төртінші бөлім — сұхбаттар мен өз бетімен оқып, аудару үшін берілген мəтіндер, құжаттарды оқып үйрену үлгісі, сауатты жаза білу.

Бесінші бөлім — қосымша оқып аудару үшін мəтіндер. Алтыншы бөлімде — тест сұрақтары.

Жетінші бөлімде — грамматикалық мəселелер қамтылған глоссарий ұсынылады.

Қазақ тілін басқа ұлт өкілдеріне мамандыққа байланысты оқытуды көздейтін еңбектердің бірі — ф.ғ.к., доцент Б.М.Айтбаеваның авторлығымен жазылған «Математика факультетіне арналған қазақ тілі» [6]. Автор студенттердің мамандығына, кəсібіне деген сүйіспеншілігін қалыптастыруды, сөздік қорларын байытуды, кəсіби сөздерді меңгеріп, өз ойларын дұрыс мазмұндап жеткізуге, аға ұрпақтың өнегелі өмірін өздеріне үлгі ете білуге үйретуді мақсат етеді. Сөйлеудің түрлері, олардың ерекшеліктері туралы мағлұмат беретін жаттығуларды, сауалнама сұрақтарын орындау барысында студенттердің сөйлеу дағдыларын қалыптастыру мүмкіндігі туады. Сонымен қатар оқулық негізінде тіл үйренушілер жазылым əрекеті арқылы іске асатын шығармашылық жұмыстарды жазып үйренуге машықтанады. Еңбектегі жаттығулар мен мəтіндер тақырыбы студенттердің мамандығына, оқу орнының тарихына, ғалым-математиктер, ұлы тұлғалар Əл-Фарабиден бастап, Архимед, Аристотель, Пифагор, Эйнштейн, С.В.Ковалевская жəне т.б. ұлы тұлғалармен бірге өз жерлестеріміз, ғалым- математиктеріміздің, яғни Əлімхан Ермеков, Ибадулла Ақбергенов, Базарбай Оразбаев, Төлеубай Аманов, Орымбек Жəутіковтің өнегелі өмір жолдарына байланысты құрылған. Оқу құралындағы берілген барлық жұмыс түрлері тіл үйренушілердің кəсіби тілдік қатынасқа түсуін сөйлесім əрекетінің (тыңдалым, оқылым, айтылым, жазылым) бір-бірімен байланысуы негізінде қарастырылған. Оқулықтың он бірінші сабағында жерлесіміз, қарағандылық Орымбек Жəутіков туралы мəтін, сол мəтінге байланыстырып алынған 16 жұмыс түрі бар. Сөзіміз дəлелді болу үшін тоқтала кетсек: 1. Жаңа сөздермен жұмыс (10 сөз аудармасымен берілген). 2. Мəтін: «Орымбек Ахметбекұлы Жəутіков 1911 жылы 1 мамырда Қарағанды облысы Қоңырат ауданына қарасты № 2 ауылда дүниеге келген. Шығыс халықтары арасында оқу-ағарту жұмысын дұрыс жолға қою жөніндегі Үкімет Қаулысы бойынша ауыл-елден оқуға балалар науқаны басталғанда, Ақтоғайдан Қарқаралыға барған қазақ балаларының ішінде Орымбек Ахметұлы да болды.

Орымбек Ахметбекұлы 1930 жылы Қарқаралыдағы мектепті бітірісімен, Абай атындағы Қазақ мемлекеттік педагогика институтының физика-математика факультетіне түсті. 1934 жылы осы институтты қызыл дипломмен аяқтап, сонда ұстаздық қызметке қалдырылды. Ассистент, аға оқытушы, доцент, декан, проректор, жоғары математика кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарды. Қазақ КСР Ғылым академиясында аға ғылыми қызметкер, математика жəне механика бөлімінің меңгерушісі, институт директорының орынбасары, осы институттың математика бөлімінің академик-хатшысы, Қазақ КСР ҒА-ның президиум мүшесі болып қызмет жасады. О.А.Жəутіков 1944 жылы кандидаттық диссертациясын қорғады. Оның екі жүзге жуық ғылыми, əдістемелік жұмыстары, оқулықтар мен оқу құралдары жарық көрді».

  1. Сұрақтарға жауап беріңіз:
  • О.Ахметбекұлы қай жерде дүниеге келген?
  • Ол қай жерде оқыған?
  • Оның қандай еңбектері бар?
  1. Мəтіннен тəуелдік жалғаулы сөздерді теріп жазыңыз, аударыңыз.
  2. Мəтіннен сан есімдерді теріп жазыңыз, сөйлем құраңыз.
  3. Берілген сөйлемдерді аяқтаңыз.
  4. Мəтіннен математикалық терминдерді теріп жазыңыз.
  5. Кесте бойынша сөйлем құрастырыңыз.
  6. Сөздердің синонимдік қатарын анықтаңыз.
  7. Көп нүктенің орнына төмендегі қажетті сөздер мен сөз тіркестерін қойыңыз.
  8. Əріптерден мəтінде кездесетін сөздер құрастырыңыз, ойланып көріңіз.
  9. Кесте бойынша сөз таптарын жазып шығыңыз.
  10. Берілген сөздерді қатыстырып сұхбат құрыңыз.
  11. Берілген сұқбатты аяқтаңыз.
  12. Мəтін бойынша бірнеше сұрақ құрастырыңыз.
  13. Сабақты қорытындылауға арналған тестке жауап беріңіз.

Əрбір лексикалық тақырыпқа грамматикалық түсініктеме жəне жаңа сөздер берілген. Студенттердің өз бетімен жұмыс істеуіне арналған математикаға қатысты алынған мəтіндер халық ауыз əдебиетінен, тұрмыс-салт жырларынан, ұлы адамдар өмірінен, ел экономикасы, Қазақстанның өндіріс орындарынан көп мағлұмат береді.

Сонымен қатар осындай сабақты қазіргі жаңа технология түрлерімен жабдықтап, түрлендіріп өткізуге, яғни студенттердің шығармашылығымен, ұластыруға əбден болады. Оқулық соңында киелі сандар туралы «Үш жұрт», «Үш тағылым», «Үш арыс», «Үш би» жəне т.б. «Жеті күн», «Жеті жұт», «Жеті жетім» т.б. мақал-мəтелдер, даналар сөздері, халық өлшемдері, қызықты есептер, санжұмбақтар, жұмбақ-жаңылтпаштар, сонымен қатар студенттердің өздік жұмысына арналған мəтіндер (Карл Гаусс, А.Н.Колмогоров, Өткен шақты жəне уақыттағы проценттер, Параллель түзулер туралы, Готфрид Лейбниц жəне оның дифференциалды есептеу əдістері, Р.Ф.Бернхард, Леонардо Пизанский, Си алгоритмдік тілінің кейбір ерекшеліктері, Максимум жəне минимумға есептер, Графтарды пайдаланып логикалық есептерді шешу), математикалық сөздік-минимум берілген.

Тіл дамытудағы ең тиімді əдістердің бірі — мəтін бойынша жұмыс істеу десек, мəтіндер күнделікті тұрмыста қолданылатын, мамандық бойынша, төменгі жəне орта топ студенттеріне арналған мəтіндер болып барлық оқулықтарда топтастырылады. Мəтінмен жұмыс жүргізу нəтижесінде тіл үйренушілердің кəсіби сөздік қоры байып, сөйлеу мүмкіндіктері дами түседі. Яғни, тілдік жағдай жүйесін үнемі мамандықпен байланыстырып отыруы қарастырылған қазақ тілін мамандыққа қатысты үйретудегі мəтіннің маңызды рөл атқаратынын өз тəжірибемізден білеміз. Мамандыққа қатысты мəтіндерді іріктеу ұстанымдары дұрыс сөйлеуді жетілдіруге қызмет ету үшін:

  • тақырып пен мазмұнның тартымдылығы;
  • тіл үйренушілерді өз бетімен жұмыс істеуге ынталандыру;
  • қатысымдық (коммуникативтік) қасиеттің басым болуы;
  • мамандыққа байланысты ғылыми мəтіндер студенттерде қажеттілік сезімін туғызуы керек. Ол үшін:
  • мəтіннің мазмұнын түсінуге арналған тапсырмалар (сөздікпен жұмыс, омоним, синоним, антоним сөздер, фразеологизмдер, сөз тіркесі, сөйлем, сұрақ-жауап);
  • мəтіннен алынған ақпаратқа шығармашылық ізденістер мен толықтыруға арналған тапсырмалар (шығарма, эссе, презентациялар, бейнетүсірілім, фильмнен үзінді жəне т.б.);
  • мəтіндегі хабарларды күнделікті, қажетті қарым-қатынасқа, сөйлесуге қолдана білуге арналған тапсырмалар болуы қажет (сұхбат, жағдаят, көрініс, ойын түрлері жəне т.б.).

Сонымен қатар грамматикалық ережелерді түсіндіруге түрлі кестелер, студенттердің өздік жұмысына байланысты тапсырмалар, қазақша-орысша сөздіктер, мамандығына байланысты сөздік- минимумдар, глоссарийлер беріледі. Осы айтылғандарды іс жүзіне асыру барысында оқытушының инновациялық іс-əрекеті — өз қызметіне жаңа технологияларды енгізу.

Білім беру жүйесінде қазір технологиялардың сан алуан түрлері бар. Осыған байланысты деңгейлік тапсырмалар беруде оқытушы ең алдымен тапсырмалардың мазмұндық жүйелілігіне баса назар аударады. Жаңа инновациялық технологияны жүзеге асыруда оқытушы белсенділігі, шығармашылық ізденісі артып, өз мамандығына деген сүйіспеншілігі, студенттерін жеке тұлға ретінде бағалауы орын алады.

Ақпараттық жəне телекоммуникациялық технологиялардың оқу-тəрбие үдерісінде қолданылуы студенттердің білім алу мүмкіндіктерін кеңейтеді. Ақпараттық компьютерлік технологияны пайдалануда студенттер мектепте алған білімдерін ұштап, мамандыққа сай берілетін білімдерін молайтып, сабаққа белсене қатысады. Өйткені компьютер арқылы оқу материалын беруге, оны əзірлеуге, бақылауға, қорытындылауға, көмек беруге мүмкіндік зор.

Түсті графиканы, бейнетехниканың мүмкіндіктерін пайдалану оларға ерекше əсер етеді. Студенттің кез келген тапсырманы аяғына дейін орындап, өзінің ой-өрісін пайдаланып, кез келген сұрақты қойып, оның шешімін тауып, білімін дамытуға мүмкіндік туғызады. Міне, осыларды бір- бірімен ұштастырып, тығыз байланыстыра білгенде ғана, келер ұрпаққа қоғам талабына сай болашақ мамандыққа икемдеп, тəрбие мен білім беруге əбден болады деп айта аламыз.

Сонымен, қазақ тілін мамандыққа байланысты оқыту əдістемесінің жасалуы төмендегідей ұстанымдарға негізделетіндігі дəлелденді:

  • қазақ тілін мамандыққа байланысты оқытудың ғылыми-əдістемелік жүйесінің негізі қаланған;
  • тілді қатысымдық бағытта үйретудің лингвистикалық негізі сөйлесім əрекеті жəне оның түрлері қарастырылған;
  • тілдік тұлғаның қатысымдық құзыреттілігін дамыту басты міндет ретінде алынған;
  • қатысымдық бағдарлы оқытуды жүзеге асыру мақсат етіледі;
  • кəсіби тілдік қатынасты жетілдіруде тіл үйренушінің қазақша сөйлеу тілін кəсіби қарым- қатынас тілі ретінде дамыту көзделеді;
  • лексикалық минимумды танымдық-бағдарлы оқыту, грамматикалық минимумды мамандыққа сай мəтіндер мен жаттығулар арқылы оқыту ұсынылады;
  • қазақ тілін мамандыққа байланысты оқыту технологиясына байланысты əдістемелік кешен ұсынылып, оның тиімділігі тəжірибе арқылы дəлелденуде.

Осыдан келіп, ғалымдардың пайымдаулары бойынша, тілді мамандыққа қатысты оқытудың ұтымды жақтары шығады:

  • тіл үйренушілер қазақ тілін кəсіби қатынас құралы ретінде қолдана алады;
  • кəсібіне байланысты жинаған сөздік қорды жұмыс орнында пайдаланып, өз мамандығына қатысты ой-пікірлерін нақты, анық жеткізу дағдысы қалыптасады;
  • қазақ тілінің танымдық қызметінің маңызы арта түседі;
  • қазақ халқының рухани жəне тарихи-мəдени байлығын тіл арқылы таныту негізінде тіл үйренушілер Қазақстан тарихымен, мəдениетімен, əдебиетімен, халықтың салт-дəстүрімен танысып, білімдерін молайтады;
  • күнделікті қызмет бабында ресми-іскери сөйлесуге тəн тұлғаларды меңгеріп, мамандыққа қатысты ісқағаздарды жазуды үйренеді;
  • болашақ маманның тұлға ретінде қалыптасуына, өсуіне жəне дамуына, өз мамандығын саналы сезінуіне мүмкіндік туады.

Қорыта келе, жоғарыда қарастырылған əдіскер-ғалымдардың оқулықтары мен оқу құралдарында қазақ тілін мамандыққа сəйкестендіріп қатысымдық тұрғыдан оқытудың мəселелері мен айтылған ойлардың өзіндік ерекшеліктері, заңдылықтары, оны меңгертудің əдіс-тəсілдерінің кəсіби қатынаста атқаратын маңызы зор. Сондықтан тілді мамандыққа сəйкес оқытуға байланысты айтылған құнды ой- пікірлер мен қарастырылған əдіс-тəсілдерді оқыту үрдісінде пайдалану аса қажет.

 

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Қазақ тілін оқыту: жетістіктер мен жаңа даму бағыттары: Респ. ғыл.-əдіст. конф. материалдары. — Алматы, — 89-б.
  2. Қадашева Қ. Жаңаша жаңғыртып оқытудың ғылыми-əдiстемелiк негiздерi: өзгетiлдi дəрiсханалардағы қазақ тiлi: Пед. ғыл. д-ры ... дис. — Алматы, Білім, 2001. — 25-б.Күзекова З., Қарақұсова Г. Қазақ тілі: жоғары оқу орындарының экономика факультеттеріне арналған оқулық. —Алматы, Білім, 1997. — 19-б.
  3. Əділова А.С. Қазақ тілі: заң факультеті студенттеріне арналған оқу құралы. — Қарағанды: Болашақ-Баспа, — 24-б.
  4. Абдрахманова Г.Х. Əлеуметтік-педагогикалық факультет. — Қарағанды: Болашақ-Баспа,
  5. Айтбаева Б.М. Математика факультетіне арналған қазақ тілі: оқу құралы. — Қарағанды: Болашақ-Баспа, — 45-б.

 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.