Статьи, город Қарағанды

Батыс елдерде фирма өсімінің кезеңдік теориясы кең таралған, ол «ұйымдық тəртіп» аумағындағы зерттеу нəтижесінде туып, фирма дамуының кезеңдік сипаттарын ерекшелеу негізінде фирма өлшемін сапалық анықтаудың кеңеюіне жол берді. Фирма өсімі теориясының бір нұсқасы кəсіпорын мөлшерін анықтаумен тікелей байланысты болмаса да, бекітудің сапалы нұсқасын дамыту үшін қолданады. Осы теорияның бір нұсқасы кəсіпорын өсімі кезеңінің индикаторы ретінде өнімді дамыту стратегиясында көзделді. Көптеген авторлар компанияларды бір өнімді өндіруге бағытталған шағын фирмадан бастап, өнімнің үлкен өндірісі бойынша қызмет диверсификациясына бағытталған ірі кəсіпорындар — конгломерат-компания түрінде қарастырады (технология, қызмет, «ноу-хау»). Өнім дамуының кезеңін сипаттау үшін фирманың жылдық табысының оның өндіріске кеткен барлық шығындарының қатынасына тең «мамандандыру коэффициенті» қолданылады.
2012


Қарағанды облысының Ауыл шаруашылығы басқармасының мəліметтері бойынша, 2003 жылдан бастап 2011 жылға дейін əр түрлі арналар бойынша ауыл шаруашылық тауар өндірушілер жалпы құны 4921,43 млн тг құрайтын 433 бірлік жаңа техника иемденген, соның ішінде 74 трактор, 209 егін жинайтын комбайндар, 43 егу кешендері жəне 107 əр түрлі топырақ өңдейтін техникалар. Соның ішінде «ҚазАгроҚаржы» АҚ-мен сатып алынған техниканың саны 318 бірлікті, яғни 3166,04 млн тг, құрайды. Ол барлық техниканың 73 % құрайды, яғни 70 трактор, 137 егін жинайтын комбайндар, 19 егу кешендері жəне 92 əр түрлі топырақ өңдейтін техникалар. Оны төмендегі суреттен көруге болады.
2012

Қазіргі заман жағдайындағы өтімділікті жəне төлемқабілеттілікті нақты бағалаудың өзектілігі, қазақстандық кəсіпорындардың халықаралық нарықтарға интеграциялану жағдайында, корпоративтік имидж сұрағына жоғары көңіл бөле бастауымен негізделеді. Əлемдік қаржылық дағдарыс, несиелер нарығының құлауы, қарыз міндеттемелерін орындамау — бұның барлығы қазақстандық компаниялардың беделінің жəне рейтингінің өсуіне, бəсекелестік позицияларының күшеюіне мүмкіндік туғызбады. Сонымен қоса отандық кəсіпорындардың халықаралық экономикалық кеңістікке (Кедендік одақ, Бірыңғай экономикалық кеңістік жəне т.б.) интеграциялануымен, имидж жəне өтімділіктің жақсы көрсеткіштері бизнес серіктестері мен қаржылық институттары үшін де аса маңызды мəнге ие бола бастады. Жекеменшік айналым қаражаттарының жетіспеушілік мəселесінің өткірлігін есепке ала отыра, оларды реттеудің тəсілдері мен ағымдағы қаржылық қажеттіліктерінің түп негізіне тоқталайық.
2012

Қазіргі ғылыми-техникалық прогресс ұғымы индустриялы-инновациялық дамудан туындайды десек, соңғы жылдары шыққан зерттеулер аграрлық салаға қажетті озық технологияны көрсетеді жəне нақты іс пен ғылымның байланысы қажеттілігін айғақтайды. Бұл ойымызға А.А.Акулов, А.С.Гаврилович [1], И.П.Буздалов, Б.И.Пошкус [2] сияқты авторлардың еңбектері дəлел. Сондай-ақ астықты аймаққа жататын Ресейде соңғы кезде жарияланған екі монографияны атау қажет. Олардың бірі нарық жағдайындағы аграрлық сала проблемаларына [3], екіншісі шыдамды астық түрін [4] дамытуға арналған. ҚР Президенті Н.Ə.Назарбаев Қазақстан халқына 2011 жылғы Жолдауында агроөнеркəсіп кешені қызметкерлерінің алдына нақты міндет қойған-ды, яғни 2014 жылы ауыл шаруашылығы саласында өнімділікті екі есеге арттыру жəне етті мал шаруашылығын дамыту басты мақсатқа жатқызылды.
2012

Инвестиция нарығында нарық конъюнктурасын зерттеу маңыздылығы көрсетілген. Əлеуметтік экономикалық тиімділік кез келген формада шетел инвестицияларын тартудың міндетті шарты екендігі пайымдалған. Шетел инвестициялары қатысатын инвестициялық жобалардың алынатын қарыз бен несиелердің экономикалық лайықтылығы қағидасы қарастырылған. Шетел инвестицияларын тартудың маңызды қағидасы жобалар мен келісімдердің өзара тиімді болуы негізделген. Еуразиялық экономикалық қоғамдастық елдеріне инвестиция тартудың ерекшеліктері келтірілген.
2012

Мақалада кəсіпорынның қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етудің нарықтық механизмдері зерттелген. Қазіргі экономикада кəсіпорындардың қайта құрылу да сапалы жаңа талаптарға сай қаржылық тұрақтылықты басқару əдістеріне негізделген. Қолжетімді ақпараттар негізінде кəсіпорынның қаржылық тұрақтылығын бағалау əдістері қарастырылған. Кəсіпорынның қаржылық тұрақтылығының деңгейін сипаттайтын көрсеткіштер анықталған. Кəсіпорынның қаржылық тұрақтылығына əсер ететін факторлар зерттелген. Қазіргі кезеңде кəсіпорынның қаржылық тұрақтылығын бағалау ерекшеліктері анықталған.
2012

Мақалада «лизинг» түсінігі, Қазақстанның лизинг нарығының жағдайы, лизингтік операциялардағы тəуекелдердің түрлері қарастырылып, жоба тəуекелдердің көрсеткіштерін есептеу əдістемелері ұсынылды. Лизингтік мүлікпен ұштасатын тəуекелдікті басқару қазақстандық лизинг нарығындағы мəселелерді шешудің жəне оны дамытудың бір жолы болып табылады. Қазақстандық лизингтік бизнестегі тəуекелдерді азайтудың объективті мəселелері айқындалып, қазақстандық лизинг нарығы үшін тəуекелдеді басқарудың жаңа мүмкіндіктері көрсетілген.
2013

 Мақалада кəсіпорынның айналым капиталын құрудың қаржылық көздерінің жиынтығы қарастырылған. Кəсіпорын қызметінің нəтижесіне əсер ететін коэффициенттер анықталған. Айналым капиталына байланысты шығарылатын өнім құрылымының өзгерісін бағалауға əсер ететін əдістемелік аппарат пен құралдар дайындалды. Кəсіпорынның айналым капиталы құрылымының өзгеруі бойынша басқару шешімдеріне əсер ететін басты факторлар анықталды. Кəсіпорынның айналым капиталын басқаруға байланысты тəжірибелік ұсыныстар келтірілді.
2013

Фирманың қаржы жағдайын бағалау жəне болжамдау əдістері суреттелген. Мақалада түрлі авторлармен ұсынылған қаржылық модельдеу техникасына талдау жасалған. Компанияның банкроттығын модельдеудің белгілі бір жағдайлары барысындағы төмендегідей əдіснамалық тəсілдер, атап айтсақ, нейрожелілі талдау; өміршеңдікті талдау; көптеген дискриминанттық талдау сияқты салыстырмалы артықшылықтар дəлелденді. Дж.Олсон кəсіпорындары тəуекелділігінің диагно- стикалық моделін жасауға арналған батыс логистикалық регрессия əдісі жəне С.Г.Савицкая, Г.А.Хайдаршинаның ресейлік логит-регрессиялық моделі көрнекілік ретінде келтірілген. Əр түрлі қаржыны модельдеу техникасына талдау жасалды. Ұйым мен аймақтық ерекшеліктердің аграрлық өзгешелігін ескеретін «Сбербанк России» АҚ жұмыс тəртібінің негізінде регрессиялық жəне логит- регрессиялық моделі жасалды. Түрлі саладағы қазақстандық фирмалардың қаржылық көрсеткіштері негізінде жəне қарызгер шамасына қарай скорингтік модель құру қажеттігі атап көрсетілді
2013

Мақалада Қазақстанның туристік нарығында орындар маркетингін қалыптастыру жəне дамыту мəселелері қарастырылған. Осы тұрғыда территориалдық туристік өнім территорияның туристік ұсы- нымы болып табылады, яғни осы территорияға келетін туристер тұтынатын туристік құндылықтар мен қызметтер жиынтығы. Туристік өнім-орынның құраушылары келтірілген. Мұра — туризмнің да- муымен байланысы жоқ территориалдық ресурстар. Туристік өнім-орын мен территориалдық туристік өнімнің төрт негізгі баламалары қарастырылған. Сонымен қатар туристік өнім-орынның иерархиялық деңгейлері сурет түрінде келтірілген. Əлемдік туризмнің дамуына, оның қоғамдық маңызды əлеуметтік-экономикалық, мəдени жəне экологиялық феноменге айналуына қарай туристік қызметті тиімді реттеу мен басқару проблемалары қарастырылған.
2013

Мақалада франчайзингтік бизнестің теориялық негізі мен қалыптасуындағы ерекшеліктері жəне оның жүйе тұрғысындағы көрінісі мен үрдістеріне зерттеулер жасалған. Франчайзингтік бизнесті құрудағы ерекше үлгі ретіндегі ұғымдары мен маңызды құрылымдары, басқа бизнес түрлерімен салыстырғандағы айрықшылықтары қарастырылған. «Франчайзинг» түсінігіне эволюциялық зерттеулер мен сипаттамалар жасалынып, қазақстандық бизнес жүйедегі «франчайзингтік бизнес» ұғымдарына сипаттамалар мен талдамалық, салыстырмалық түйіндер көрсетілген. Франчайзингтік бизнестің қызмет атқаруындағы негізділікті қамтамасыз етуші терминологиялардың сипаты топтастырылып, автор тарапынан зерттеушілік танытылған. Франчайзингтік кəсіпкерлік саладағы жан-жақтылықты танытатын қызметтің ерекшеліктері көрсетілген.
2013

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.