Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қаржылық лизингтің экономикалық тиімділігін ақша ағымдарын есептеу арқылы анықтау

Қарағанды облысының Ауыл шаруашылығы басқармасының мəліметтері бойынша, 2003 жылдан бастап 2011 жылға дейін əр түрлі арналар бойынша ауыл шаруашылық тауар өндірушілер жалпы құны 4921,43 млн тг құрайтын 433 бірлік жаңа техника иемденген, соның ішінде 74 трактор, 209 егін жинайтын комбайндар, 43 егу кешендері жəне 107 əр түрлі топырақ өңдейтін техникалар. Соның ішінде «ҚазАгроҚаржы» АҚ-мен сатып алынған техниканың саны 318 бірлікті, яғни 3166,04 млн тг, құрайды. Ол барлық техниканың 73 % құрайды, яғни 70 трактор, 137 егін жинайтын комбайндар, 19 егу кешендері жəне 92 əр түрлі топырақ өңдейтін техникалар. Оны төмендегі суреттен көруге болады.

Атап кететін жайт, сатып алынатын машиналардың мықтылығы мен сенімділігі оған белгіленетін жүктеме арасында салғастыру көрсеткіштері дұрыс жасалмаған. Нəтижесінде шаруашылықтар батыстың өнімділігі жағынан жоғары жəне сенімді техникасын сатып алуда. Жалпы сатып алынған техника ауыл шаруашылығының қарқынды дамуына жеткіліксіз болып отыр. 2003–2011 жылдар Қарағанды облысы бойынша лизингке алынған егін жинаушы комбайндар маркалары: Джон Дир, Клаас, Вектор, Кейс, Есиль, Енисей — 1200, Енисей — 950, Нива-Эффект; тракторлар, соның ішінде: МТЗ-82, Т-95, МТЗ- 1221, Беларусь — 1523, ДТ-75, Валтра Джон-Дир, НьюХолланд Валтра ВТ-160. Ең көп техника 2008 жылы (399 бірлік) сатып алынған. 2003 жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 50 есе артық.

Ең көп сұранысқа ие болған Енисей-1200 маркасының комбайндары — 197 бірлік жəне МТЗ-82 маркалы тракторлар — 61 бірлік. Бұған себеп Енисей-1200 маркалы тракторын Қостанай қаласында орналасқан отандық кəсіпорын «АгромашХолдинг» АҚ өндіреді. Ескі техниканы ауыстыру үшін орташа шамамен 10 млрд АҚШ долл қажет екен, егер соңғы жылдары есептелген амортизация құны өткізілген өнімнің құнынан өтелмегенін есептесек, онда оның сомасы жоғары болады.

Жаңа нарық іздеу барысында шетел өндірушілер қазақстандық нарыққа еніп, сонда қалып қалуға тырысады. Бірақ экономикалық жəне саяси факторлардың тəуекелділігі мен заңдық-құқықтық тəртіпсіздікке байланысты шетелдің өкілдеріне отандық нарыққа ену қиындық тудыруда. Ал қазақстандық машина құрастыру индустриясы жаңа ғана аяққа тік тұрып жаңдануда. Қазіргі таңда

Қазақстанда өндірілген машина құрылғылары əлемдік нарықта бəсекеге қабілеттілігі төмен болып отыр.

 Сур. Қарағанды облысы бойынша 2003–2011 жж. ауыл шаруашылығы техникасын лизингке алу 

Сондай ауыртпалықтарға қарамастан, Қарағанды облысында қаржылық лизинг өрісі кеңейіп келе жатыр. Қарағанды облысының ауыл шаруашылыққа қажетті техника нарығы отандық жəне шетелдік өндірушілердің өнімдерін кеңінен ұсынуда. 2011 жылдың 6 ай ішінде ауыл шаруашылығы субъектілерімен алынған техника түрі жайлы 1-кестеден көруге болады.

 1 - к е с т е Қарағанды облысы бойынша лизингке алынған ауыл шаруашылығы техникасы жəне лизинг алушылар

 Жоғарыда аталған кестедегі мəліметтерді қолдана отырып, лизинг алушы үшін қаржылық лизингтің тиімділігін қарастырғанды жөн көрдік. Капитал салымын қаржыландырудың түрлі тəсілдерінің экономикалық тиімділігін ақша ағымдарын есептеу арқылы анықтауға болады:

Лизингтік ақша ағымы (ЛАА) лизингтік төлемдер (ЛТ), салық жеңілдіктер (СЖ) мен салық төлемдерімен (СТ) анықталады, яғни ЛАА = ЛТ + СЖ + СТ.

Несиелік қарыз ағымы (НҚА) қарыз сомасымен (Қ), несиенің өтелмеген бөлігінің өтелген пайыз мөлшерімен (Н%), салық жеңілдіктерімен (СЖ) жəне салық төлемдерімен (СТ) анықталады, яғни НҚА = Қ + Н% + СЖ – СТ.

Лизинг алушы үшін қаржылық лизингтің тиімділігін анықтаудың жалпы тəсілдері мен ерекшеліктерін келесі тұрақты түсім уақытындағы таза табысты (ТТ) анықтау үшін кəсіпорынның ақша ағымдарын үлгілеу (АА) əдісін қарастырып кетейік. Бұл əдіс негізгі болып табылады жəне соның нəтижесінде басқа əдістерді құруға болады [1].

Таза табыс (ТТ) деп есеп беру мерзіміндегі жинақталған нəтижені (ақша ағымының қалдығы) түсінуге болады: ТТ = Si x TTi-i қадамындағы ақша ағымының қалдығы, ал оның сомасы есеп беру кезіндегі барлық қадамдарға таралады.

  1. Ақша ағымын модельдеу жəне таза табысты анықтау əдісі лизинг алушының салық салу жəне бухгалтерлік есебі ерекшеліктерін ескере отырып, тұрақты түсім уақытында ТТ анықтау үшін кəсіпорынның ақша ағымдарын модельдеуге негізделген.

Мысалы, айталық кəсіпорынның рентабельділігі жоғары жəне лизингтік төлемдерді қайтаратын қаражаты жеткілікті. Сондықтан кəсіпорынның рентабельділігі бір реттік лизингтік төлемдерді, лизинг мерзімін, лизингтік төлемдер сомасын анықтауда маңызды фактор болып табылады. Ол өз кезегінде лизингтің мəмленің тиімділігін анықтайды. Егер лизингтік келісім-шарттың параметрлері анықталған болса, онда лизингтің тиімділігіне кəсіпорынның рентабельділігінің əсері қарастырылмайды. Бұл жағдайда лизинг тиімділігін анықтайтын үш факторды ескеруге болады [2]:

  1. Салық салу, яғни, инвестициялық үрдісті белсендіру үшін лизингтік мəмле қатысушыларына салық жеңілдіктерін тікелей жəне жанама ұсынуды қарастырады.
  2. Ақшаның уақытша құны.
  3. Девальвация.

Лизингтің тиімділігін анықтау процесі кезеңдер арқылы іске асады. Алғашқы кезеңде лизинг пен несие кезінде таза табысты анықтау үшін лизинг алушының салық салымдарын ескере отырып, ақша ағымдарын үлгілейміз. Бұл кезде барлық салыстыру мерзіміндегі барлық ақша ағымдары қарастырылады.

Екінші кезеңде жобаның əрбір қадамындағы ақша ағымының қалдығы қарастырылады. Лизинг пен несиеде шығындар əр түрлі көздерден құралады.

Несиеде кəсіпорын түсім (Т) алады жəне өнім өндірісі бойынша шығындарды (Ш) өтейді. Алынған несие (Н) арқылы кəсіпорын мүлік (М) сатып алады. Ол кəсіпорынның балансында есептеледі. Бұл мүлікке амортизациялық аударымдар (А) бар нормаларға сай есептеледі жəне шығындар құрамына енеді де, салық салынатын пайданы азайтады. Содан кейін мүліктің қалдық құнынан мүлік салығы (МС) алынады. Мүлік салығы пайда салығына қарағанда салық салынатын базаны азайтады. Несиелік ресурстарды пайдаланғаны үшін кəсіпорын пайыз (Н%) төлейді. Пайызды төлеу мен несиені өтеу (НО) көздері болып кəсіпорынның салық төлемдерінен қалған амортизациялық аударымдар мен меншік қаражаттары табылады.

Кəсіпорын мəмлені іске асырғанда келесі шығындарды есепке алу керек:

  • негізгі қызмет шығындары (Ш);
  • сатып алынатын мүлік төлемі (МН);
  • несие бойынша пайыздық төлем (Н%);
  • мүлік салығы (МС);
  • табыс салығы төлемі: (Т – Ш – М – А) ´% табыс .

Түскен түсімге (Т) қосымша құн салығы (ҚҚСТ) салынады. Негізгі қызмет шығындары (Ш) мен мүлікті сатып алу құнына (М) немесе жабдықтаушыларға төленетін төлемге қосымша құн салығы салынады (ҚҚСШН). ҚҚСТ пен ҚҚСШН айырмашылығы бюджетке төленеді (ҚҚСБН).

Сонымен, кəсіпорынға түсім түседі, шығындарын өтейді жəне ақша қаражаттары (ААН) қалады.

кəсіпорынға түсім түседі, шығындарын өтейді жəне ақша қаражаттары (ААН) қалады.

Лизинг шартында кəсіпорын лизинг кезінде түсім алады (Т) жəне өнімді өндіру бойынша шығын (Ш) шығарады. Лизингтік компания меншік қаражаттары мен тартылған қаражаттар есебіне мүлікті алып, оны лизинг алушыға белгілі бір мерзімге лизингке береді. Көп жағдайларда лизинг мүлкі лизинг алушыны балансында емес, лизинг берушінің балансында есепке алыну керек. ҚҚС-сыз толық мөлшердегі лизингтік төлемдер лизинг алушының шығындарына жатады. Лизинг алушы мүлік салығын төлемейді жəне амортизациялық аударымдарды қарастырмайды. Оны лизинг беруші лизингтік төлемдер құрамына енгізеді.

Лизинг алушы үшін лизингтік төлемдер (Л) бір уақытта өнімнің өзіндік құнына енетін шығындар жəне мүлікті сатып алуға бағытталған қаражаттар болып есептеледі. Сонымен, лизинг алушыда лизинг мүлкі оны сатып алу үшін қолданатын қажетті қорды қалыптастырады.

Түскен түсімге (Т) қосымша құн салығы (ҚҚСТ) салынады. Негізгі қызмет шығындары (Ш) мен мүлікті сатып алу құнына (М) қосымша құн салығы салынады (ҚҚСШЛ). ҚҚСТ пенҚҚСШЛ айырмашылығы бюджетке төленеді (ҚҚСБЛ). Сонымен, кəсіпорынға түсім түседі, шығындарын өтейді жəне ақша қаражаттары (ААЛ) қалады.

 ТТЛТ Ш Л - (Т Ш Л )´ % табыс + ( ККСТ ККСШЛ ККСБЛ ) .                       (2)

Лизинг пен несиені салыстыру тиімділігін анықтаудың бірінші кезеңінде несие барлық салыстыру мерзіміндегі шығындардың қосындысы бойынша есептеледі. Бұл жағдайда алынған несие сомасы мен өтелген несие сомасына тең болады.

Лизинг алушы үшін лизингтің тиімділігі кəсіпорынның несие жəне лизинг шартындағы таза табыстарының (2), (3) формула айырмашылығымен есептеледі. Егер лизинг несиеге қарағанда тиімді болса, онда ТЛ улкен ТТН-нен  яғни:

ТТЛ - ТТН = М Н + Н % + МС - ( А + МС ) ´ % табыс - Л + Л ´ % пайда. (3)

Мұндағы    ( А + МС) ´% табыс —    несие   шартында   шығындар   құрамына   амортизациялық аударымдар мен мүлік салығын енгізу есебінен табыс салығынан үнемдеу;

Л * % табыс -  лизинг шартында шығындар құрамына лизингтік төлемдерді енгізу есебінен табыс салығынан үнемдеу.

Кез келген операцияның тиімділігін дəл анықтау үшін компанияның ақша ағымын үлгілеу қажет. Тəжірибеде лизингтік мəмлені алдын ала қарастырған кезде барлық факторларды қарастыру мүмкін емес, сондықтан алдын ала үлгілеу əдістерінің қарапайым түрлерін қолданған жөн. Сондай əдістердің біреуін қарастырып кетейік.

  1. Шығындарды есепке алу жəне таза табысты анықтау əдісі. Инвестиция салынған мүлікпен ғана байланысты шығындар ескеріледі. Кəсіпорынның түсімі мен барлық шығыстарын есепке алмағандықтан, бұл əдіс дəлірек нəтижелер береді. Сонымен бірге бұл əдіс алдын ала есептеулерді жасау үшін ыңғайлы болып табылады. Бұл əдіспен жұмыс жасау үшін алынып отырған мүлік туралы ақпарат пен лизинг алушының салық аударымдарын білу жеткілікті [3].

Мəмлені іске асыру шарты жоғарыда қарастырылған əдістен алынды. ҚҚС мөлшері лизинг тиімділігіне əсер етпейді.

Несие шартында алынатын мүлік бойынша төмендегі шығындар енеді:

  • мүлік төлемі (МН);
  • несие бойынша пайыздық төлем (Н%);
  • мүлік салығы (МС).

Сонымен бірге несие шартында шығындар құрамына амортизациялық аударымдар мен мүлік салығын енгізу есебінен табыс салығынан үнемдеу ( ( А + МС) ´% табыс ) енеді. Нəтижесінде несие шығындарын төмендегі формуламен аламыз:

 Несие шығындары = М Н Н % + МС - ( А МС )´ %  табыс .                          (4)

Лизинг шартында лизинг алушы лизингтік компанияға лизингтік төлемдер (Л) төлейді жəне оны шығындар құрамына енгізеді де, лизинг болмаған жағдайда төленетін табыс салығын азайтады ( Л ´ % табыс ). Нəтижесінде лизинг шығындары төмендегідей анықталады:

 Лизинг шығындары = Л - Л ´ % табыс .                                           (5)

Қаржылық лизингтің тиімділігі несие мен лизинг шартындағы шығындардың айырмасымен анықталады (5, 6-формула), яғни

ТТ тиімділігі М Н Н % + МС - ( А МС )´ % табыс Л Л ´ % табыс .              (6)

Жоғарыда келтірілген (4) жəне (7) формулаларды салыстыра отыра, аталмыш əдістер ұқсас болып келетіндіктен, олардың ұқсастығын «А.Асылбеков» ЖШС мысалында қарастырып кетейік.

«А.Асылбеков» ЖШС Қарағанды облысы Осакаров ауданында кəсіпкерлік қызметпен айналысатын ауыл шаруашылық кəсіпорыны болып табылады. Негізгі кəсібі: егін шаруашылығы. Бұл кəсіпорын 2011 жылы «ҚазАгроҚаржы» АҚ арқылы құны 100 000 АҚШ долл., немесе 14 700 000 тг, болатын 18 сепкішті лизингке алған. Осы мəліметтер негізінде қаржылық лизингтің тиімділігін есептейік (2, 3-кестелер).

  • - к е с т е

«Ақша ағымын модельдеу жəне таза табысты анықтау» əдісі арқылы есептеу, АҚШ долл.

 

 

ҚҚС 12000 АҚШ долл. құрайды. Амортизациялық аударымдар мөлшері жылына 11,1 % құрайды, яғни амортизацияның мұндай мөлшерлемесінде амортизация мерзімі 9 жылға тең. Жеделдетілген амортизация нормасы коэффициенті 3 тең болса, лизинг мерзімі 3 жыл болады. Лизинг пен несие шарттарына салыстыру жүргізейік.

Несие шартында алынған мүлік кəсіпорын балансында есептеледі. Баланстық құны 100 000 АҚШ долл. тең. Салыстыру мерзімінде амортизация нормасы 33 333 АҚШ долл. жəне мүліктің қалдық құнынан жылына 2 % деп есептегенде мүлік салығы 5334 АҚШ долл. тең. Салыстыру мерзімінің соңына мүліктің қалдық құны 66 667 АҚШ долл. құрайды.

Мəмлені іске асыру үшін 3 жылға, негізгі қарыз тоқсан сайын өтеліп отыратын жəне жылына 15 % мөлшерлемесімен 120 000 АҚШ долл. несиеге тартылды. 3 жылға несие бойынша пайыздық сомасы 29280 АҚШ долл. Ал лизингтік төлемдер сомасы ҚҚС-сыз 15 000 АҚШ долл., ҚҚС-пен 16 800 АҚШ долл. болсын.

Есептеуде лизинг алушының табыс салығы мөлшерлемесі 24 % құрады жəне басқа да шығындар əдісті қарапайым ету үшін қарастырылмады. Жоғарыда қарастырылғандарды ескере отырып, екі əдіс бойынша лизингтің тиімділігін есептеп кетейік. Қорытындылай келе, жасалған есептеулер негізінде екі жоғарыда аталып кеткен əдістер бірдей нəтиже берді. Толығырақ тоқталатын болсақ, таза табыс бойынша есептелген лизинг тиімділігі екі жағдайда да 27066 АҚШ долл. құрады. Кəсіпорындар үшін лизингтік қатынастардың тиімділігі арта түсті деуге болады.

 

  • - к е с т е

«Шығындарды есепке алу жəне таза табысты анықтау» əдісі, АҚШ долл.

 

 

Ескерту. Автор əзірлеген.

 

2003 жылдан бастап Қарағанды облысының егін жинайтын комбайндарының негізгі жабдықтаушысы Ростов-на-Дону қаласынан «Ростсельмаш» ЖШҚ жəне Красноярск қаласынан

«Красноярский комбайновый завод» ААҚ зауыттары болған. Ал қазіргі таңда ауыл шаруашылық тауар өндірушілердің қолында «Дон-1500А, Б», СК-5 «Нива», «Есиль», «НАН» и «Енисей»-1200–01,12 маркалы комбайндар жұмыс істейді. Бұған қарамастан, 2006 жылдан бастап қарағандылық ауыл шаруашылық тауар өндірушілер несие негізінде АҚШ, Алмания, Канада жəне тағы басқа батыс мемлекеттерінен техниканы лизингке алуда. Шетел компанияларының артықшылығы олар негізгі жəне қосымша бұйымдардың кең ассортиментін ұсынуда, сонымен қатар операторға ыңғайлы жəне қауіпсіз жұмыс істеуге барлық жағдай жасаған.

Комбайнды таңдауда егін жинау барысында олардың тиімділігінің салыстырмалы талдаудың көрсеткіші негіз бола алады. Импортталған шетел техникалары тəжірибе жүзінде өзінің тиімділігін аймақта ақтай алмай отыр. Елімізде дəнді-дақылдардың өнімі 19–22 ц/га, ал батыс елдерде 27–30 ц/га негізінде өнім алған жағдайда ғана тиімділікке кепілдеме бере алады. Бұл жайтты сондай-ақ ғылыми зерттеу институттарының зерттеулері толығымен дəлелдеп отыр.

Егін жинаушы комбайндар нарығын толығымен қарастырарда екінші реттік нарықты қоса қарастыру қажет. Бұл нарықта қолданылған комбайндар өте төмен бағамен сатылады жəне ол сатып алушыға өте тиімді болып табылады. Сондай-ақ сатушылар ресейлік өніммен қатар шетел комбайндарын ұсынады, олардың арасында 40 мың долларға «Нива» жəне «Дон-1500/1200» комбайндары да бар. Бірнеше партия машинаны сатып алу туралы шарт жасасқанда, оған 5–10 % жеңілдік жасалады. Бұрын-соңды қолдануда болған комбайндарды сатуға арналған мамандандырылған фирмалар сатып алушыларға техниканы сату алдындағы жəне сатудан кейінгі сервистік қызметпен қамтамасыздандырады. Астық өндірушілердің қаржылық жағдайының төмен болуы бұндай екінші ретті нарыққа сұраныс жоғары болатынына күмəн жоқ.

Отандық нарықта тракторлар нарығын зерттей келе, оның өскенін байқауға болады. Қазіргі таңда бірдей параметрлі отандық жəне шетелдік тракторлар ұсынысы нарықта көп болып отыр. Отандық жəне ТМД мемлекеттерінің батыс компаниялардан артықшылығы олардың құны төмен болуда. Бірақ шетел өндірушілердің бағасы жоғары болғанымен, олардың сапасы өте жоғары болып табылады. Мемлекетаралық деңгейдегі жасалатын шарттан кейін импорттық техникаларды несие негізінде алуға мүмкіндік болғанда бұл нарықта бəсекенің өсуі күтілуде. Жоғарыда аталып кеткен екінші ретті нарық сатып алушыларға 20–65 % арзан тракторлар ұсынады, бірақ қажетті қызмет көрсету базасының болмауынан бұл нарық баяу дамуда. Соңғы жылдары Қарағанды облысы ауыл шаруашылық нарығында акционерлік қоғамдар, біріккен кəсіпорындар, шетел инвестициясы бар кəсіпорындар, жеке меншік кооперативтер, фермерлік шаруашылықтар типтес сатып алушылардың жаңа бағыттары пайда болуда. Бұндай нарық түрінің өсуі шағын тракторлар мен орташа қуаттылығы 50–120 кг/с болатын нарықтың жаңа түрінің пайда болуына негіз болып отыр. Шағын бизнесті жəне фермерлікті қолдау үшін əр түрлі халықаралық қорлардың пайда болуы шаруашылықтарға несие арқылы жаңа техника алуға мүмкіндік туып отыр. Бірақ бұл ішкі нарықтағы «сұраныс — ұсыныс» деңгейіне əсер ете алмайды.

Сонымен, Қарағанды облысының ауыл шаруашылығы техника нарығын зерттей келе, соңғы уақытта ауыл шаруашылық техникасы паркінің қысқаруы аграрлық саладағы дамудың бəсеңдеуіне əкеліп, қолда бар ауыл шаруашылық техникасының ескіріп, олардың қолдануға жарамсыздығы анықталды. Бұл теріс үдерістер техникамен қамтамасыздандыру деңгейінде, тозу деңгейі мен жүктеменің артуына, қолдану тиімділігінің төмендеуіне əкеліп соқты. Аграрлық саладағы материалдық-техникалық базаның ескіруі ауыл шаруашылық техникасына деген сұранысты үлкейтіп отыр, сонымен қатар осы тауар нарығының сегментінің дамуына əкелуде. Айтылған сұранысты қанағаттандыруда сатып алушылардың қазіргі таңда төлем қабілеттіліктерінің төмен болуымен байланысты іске асыра алмауда. Мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдау мен шаруашылықтардың табысының өсуі негізінде ауыл шаруашылықты қажетті техникамен, тракторлармен, комбайндармен сандық жəне сапалық түрде қамтамасыздандырып келуде.

 

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Киркоров А. Методы определения эффективности финансового лизинга по сравнению с кредитом // Лизинг-ревю. — 2000. — № 5, 6. — С. 30–38.
  2. Беренс В., Хавранек П.М. Руководство по оценке эффективности инвестиций. — М., — 345 с.
  3. Горемыкин В.А. Экономика лизингового процесса. — М., 1998. — 432 с.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.