Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Кəсіпорынның ағымдағы қаржылық қажеттіліктерін анықтау жəне оларды жабу тəсілдері

Қазіргі заман жағдайындағы өтімділікті жəне төлемқабілеттілікті нақты бағалаудың өзектілігі, қазақстандық кəсіпорындардың халықаралық нарықтарға интеграциялану жағдайында, корпоративтік имидж сұрағына жоғары көңіл бөле бастауымен негізделеді. Əлемдік қаржылық дағдарыс, несиелер нарығының құлауы, қарыз міндеттемелерін орындамау — бұның барлығы қазақстандық компаниялардың беделінің жəне рейтингінің өсуіне, бəсекелестік позицияларының күшеюіне мүмкіндік туғызбады. Сонымен қоса отандық кəсіпорындардың халықаралық экономикалық кеңістікке (Кедендік одақ, Бірыңғай экономикалық кеңістік жəне т.б.) интеграциялануымен, имидж жəне өтімділіктің жақсы көрсеткіштері бизнес серіктестері мен қаржылық институттары үшін де аса маңызды мəнге ие бола бастады.

Жекеменшік айналым қаражаттарының жетіспеушілік мəселесінің өткірлігін есепке ала отыра, оларды реттеудің тəсілдері мен ағымдағы қаржылық қажеттіліктерінің түп негізіне тоқталайық.

Ағымдағы активтер мен пассивтердің арасындағы айырмашылық кəсіпорынның таза айналым капиталы болады. Оны тағы жұмыс істеуші, жұмысшы капитал, ал дəстүрлі терминологияда — жекеменшік айналым қаражаттары деп атайды. Қалған айналым активтерінің бөлігін, егер ол ақшалай қаражаттармен жабулы емес болса, кредиторлық берешекпен-қарызға қаржыландыру керек. Кредиторлық берешек жетпесе — қысқа мерзімді несие алуға тура келді. Басқа сөзбен айтқанда, кəсіпорында əрдайым ағымдық қаржылық қажеттіліктер орын алады.

Ағымдық қаржылық қажеттіліктер — бұл:

  • ағымдағы активтері   (ақша   қаражаттарысыз)   мен   кредиторлық   берешек   арасындағы айырмашылық, немесе
  • шикізат, дайын өнім қорларында, сонымен қатар дебиторлық берешекте шашыратылған қаражаттар жəне кредиторлық берешек сомасы арасындағы айырмашылық, немесе
  • жекеменшік қаражаттармен де, ұзақ мерзімді несиелермен де, кредиторлық берешекпен де жабылмаған таза айналым активтерінің бөлігі, немесе
  • жекеменшік айналым қаражаттарының жетіспеушілігі, немесе
  • кəсіпорын бюджетіндегі кемшілік, немесе
  • қысқа мерзімді несиеде қажеттілік.

Кəсіпорынның қаржылық жағдайы үшін, жабдықтаушылардан (коммерциялық несие), кəсіпорын жұмыскерлерінен (егер жалақы бойынша қарыз орны болса), мемлекеттен (егер салық төлеу бойынша қысқа мерзімді кезеңде қарыз болса) төлемдерді кейінге қалдыру қолайлы.

Төлемдерді кейінге қалдыру қаржыландыру көздерін береді, бұл өзінің қолдану кезіндегі циклімен туындайды. Жоғарыда айтылғанға қарсы кəсіпорынның қаржылық жағдайы үшін мыналар қолайсыз, біріншіден, қорларда (резервтік жəне ағымдағы шикізат қорларында, дайын өнім қорларында) қаражаттардың белгіленген бөлігін «қатыру». Бұл кəсіпорынды қаржыландырудағы аса маңызды қажеттілікті туындатады; екіншіден, клиенттерге төлемдерді кейінге қалдыруларды ұсыну. Бірақ мұндай кейінге қалдырулар коммерциялық салттарға сəйкес келеді. Кəсіпорын дереу шығындардың орнын толтырудан іркіледі — осыдан қаржыландырудағы екінші аса маңызды қажеттілігі туындайды.

Əлемдік қаржылық дағдарыстың салдарынан көптеген отандық кəсіпорындарда дебиторлық берешектің сомалары анағұрлым өсіп төлем тəртібінің бұзылуына əкеліп соқты (1-сур.).

1-сур. Отандық ірі жəне орта кəсіпорындардың дебиторлық берешегі мен міндеттемер бойынша берешегінің серпіні ([1] берілгендері)

    Қарағанды облысы бойынша 15 өнеркəсіптік кəсіпорындардың ортасалалық көрсеткіштерін қарастырып, дебиторлық берешектің серпініне сараптама берейік. Кəсіпорындар тауарды тез арада өткізу мақсатымен өздерінің өнімінің 80 %-ын несиеге, ал қалған 20 %-ын қолма-қол ақшаға сатады. Сондай-ақ олар сатып алушыларға (клиентке) 30 күнге несие береді. Статистика бойынша, клиенттер төлемнің 70 %-ын уақытында, ал қалған 30 %-ын кейінгі айлардың ішінде төлейді. 2012 жылдың І-тоқсанында кəсіпорындар бойынша ортасалалық сату мөлшері: қаңтар — 6300 млн теңгені, ақпанда — 6680 млн теңгені, наурызда — 7560 млн теңгені құрайды. Өткен жылдың қарашасында ортасалалық сату мөлшері 5400 млн теңгеге, желтоқсанда 5960 млн теңгеге тең болған. Осындай іс- əрекеттер қандай жағдайға əкелу мүмкіндігін қарастырайық.

2012 жылдың І-тоқсанында ақшалай қаражат қозғалысының бюджетін жасау қажет. Аталмыш бюджетке көрсеткішті үш жүйелі есептеу кіреді (1-кесте).

 Өнеркəсіптік кəсіпорындар бойынша ортасалалық ақшалай түсімнің жəне дебиторлық берешектің 2012 жылдың І-тоқсанындағы серпіні, млн теңге*

 1-кестедегі мағлұмат көрсетіп отырғандай, өнімді сатудан түсетін түсім қарқынды түрде өсіп отыр, соның нəтижесінде барлық түскен ақшалай қаражаттар да өсуде: яғни қаңтар айында 5894 млн теңге, ақпан айында — 6294, наурыз айында — 6765 млн теңге. Өнеркəсіптік кəсіпорындар өздерінің өнімін 30 күнге несиеге берді. Сол себептен кестеде көрсетіліп отырған ортасалалық дебиторлық берешек те өсуде. Егер де кезең басындағы жəне кезең соныңдағы дебиторлық берешекті салыстыратын болсақ, қантар айында бұл көрсеткіш 406 млн теңгеге, ақпан айында 386 млн теңгеге, наурыз айында 795 млн теңгеге өскен (2-сур.).

2-сур. Қарағанды облысындағы 15 өнеркəсіптік кəсіпорындар бойынша ортасалалық дебиторлық берешектің 2012 жылдың І-тоқсанындағы өсу динамикасы, млн теңге ([2] берілгендері)

2-сурет көрсетіп отырғандай, өнеркəсіптік кəсіпорындар бойынша дебиторлық берешектің 2012 жылдың І-тоқсанындағы өсуін келесімен түсіндіруге болады: 30 күнге несиеге берілген тауарлар бойынша клиенттер төлемнің 70 %-ын уақытында, ал қалған 30 %-ын кейінгі айлардың ішінде төлейді. Бұл жағдай кəсіпорындардың қаржылық тұрақтылығына тікелей түрде əсер ету мүмкін, сол себептен ақша қаражаттардың жеткілігін анықтау керек. Ағымдағы қаржылық қажеттілігі туындаса, яғни ақша тапшылығы пайда болса, оны қаржыландыру көздерін іздестіру мəселесі туындайды.

Өнеркəсіптік кəсіпорындар бойынша 2012 жылдың І-тоқсанында ақшалай қаражат қозғалысының бюджетін жасау үшін ақшалай қаражаттың алдағы тоқсанда болжанатын бюджетін де қарастыру қажет (2-кесте).

Ақшалай қаражаттың артығын (+) немесе жетіспеуін (–) анықтау үшін кəсіпорындарға түскен барлық түсімдерді жəне кəсіпорындар жасайтын барлық төлемдерді есепке алу қажет. Кестедегі мағлұмат көрсетіп отырғандай, 2012 жылдың І-тоқсанындағы қаңтар айында ақша қаражаттар 404 млн теңге сомасында артық болады. Келесі екі айда ақша қаражаттардың жетіспеуі пайда болады, яғни ақпан айында (–420) млн теңге болса, наурыз айында (–345) млн теңге.

 2- к е с т е. Қарағанды облысы бойынша 15 өнеркəсіптік кəсіпорындар бойынша ақшалай қаражаттың алдағы тоқсанда болжанатын бюджеті, млн теңге*

 Кестедегі мағлұмат дəлелдеп отырғандай, өнеркəсіптік кəсіпорындарда талдау беріп отырған мерзімнің ақпан жəне наурыз айында өзінің қаржылық тұрақтылығын жəне төлем қабілеттілігін қалыпты деңгейде сақтап қалуы үшін, яғни ағымдағы қаржылық қажеттілікті жабу мақсатымен, қысқа мерзімді несие алу қажеттілігі туындайды (3-кесте).

 3- к е с т е Қарағанды облысы бойынша 15 өнеркəсіптік кəсіпорындар бойынша қысқа мерзімді қаржыландыруға қажетті соманың мөлшері, млн теңге*

 3-кестедегі мағлұмат көрсетіп отырғандай, өнеркəсіптік кəсіпорындар бойынша өтімділікті қажетті деңгейде сақтап отыру үшін есеп айырысу шотында ақшалай қаражаттың талап етілетін ең төмен мөлшері 540 млн теңгеге тең. 2012 жылдың І-тоқсанында ақпан айында 312 млн теңге сомасында жəне наурыз айында 705 млн теңге сомасында қысқа мерзімді банк несиесінде қажеттілік туындап отыр.

Ақшалай қаражаттың айтарлықтай тапшылығы пайда болған жағдайда, осы тапшылықтың пайда болуының себебін талдау қажет.

3-кесте көрсетіп отырғандай, өнеркəсіптік кəсіпорындар 2012 жылдың І-тоқсанында ақпан- наурыздағы қолма-қол акшаның 1017 млн теңге (312 млн теңге + 705 млн теңге) сомасындағы тапшылығы болжанады. Сондықтан тапшылыққа жол бермеудің бірнеше нұсқасы ұсынылады. Іс жүзінде қолма-қол ақша тапшылығының жағымсыз ықпалын бейтараптандыру үшін кəсіпорынның қызметіне (қарастырудың азаймалы кезектілігі бойынша) келесі баламалы іс-əрекеттерді қолдануға болады:

  1. Бухгалтерлік есеп деректерінің негізінде дебиторлық берешекті басқаруды оңтайландыру. Дебиторлық берешектің ескіру тізбесін талдау нəтижесі кредитке сатудан ақшалай қаражаттың нақты түсімінің үлесін көрсетеді. Осы тізбені талдау нəтижесінде алынған қорытындыдан кəсіпорынның сатып алушыларымен (клиенттерімен) есеп айырысуының жай-күйі жөнінде мəлімет алынады жəне сатып алушылардың мерзімі өтіп кеткен берешегін табуға мүмкіндік береді.
  1. Сатып алушы алдын ала төлем төлеген жағдайда оған тауардың бағасынан жеңілдік беру мүмкіндігін қарастыру.
  2. Сатып алушыдан ақша түсімін алуға нақты мүмкіндік болмаған жағдайда, баспа-бас айырбас мəмлесінің мүмкіндігін бағалау.
  3. Кредитке сатуды (коммерциялық кредит шартында) қысқарту.
  4. Жеткізушімен төлемнің мерзімін ұзарту нысанындағы тауарлық кредит алудың бұдан да қолайлы шартын жасасуға қол жеткізу.
  5. Жеткізуші тауарды жылдам сату үшін оның бағасынан беретін жеңілдікті пайдалану.
  6. Ақша активінің қалдығын жедел толтыру қажет болған жағдайда, коммерциялық банкіден қарыз алушы үшін қолайлы шартта қосымша кредит алу, сондай-ақ мерзімді кредит қаражатының жедел түсуін қамтамасыз ететін кредит желісін ашу мүмкіндігін зерттеу.

Көптеген кəсіпорын (корпорация) басшылары көп жағдайда айналым активі мен ақша ағынын басқарудың пысықталған жүйесі болмау себебінен, банкінің қысқа мерзімді кредитін тартуға тырысады. Сондықтан ағымдағы қаржылық қажеттілігі туындаған жағдайда банкіге кезекті кредит алуға өтініш жасау үшін ғана уақыт қалады.

Жоғарыда көрсетілгендерді негізге ала отырып, ағымдағы қаржылық қажеттіліктерді шикізат, дайын өнім қорлары жəне клиенттерге қарыздық құқықтардың сомасы мен жабдықтаушыларға кəсіпорынның қарыздық міндеттемелерін алумен анықтауға болады.

Кəсіпорынның ағымдағы қаржылық қажеттіліктерінің экономикалық құрамын қарастыру, айналым қаражаттарының айналымының орташа ұзақтығын, яғни дебиторлық берешекке жəне қорларға салынған қаражаттардың, есеп шотындағы ақшаға айналуы үшін қажетті уақытты есептеуге, бізді түйістіре тұжырымдайды (3-сур.).

 3-сур. Айналым қаражаттарының айналымының орташа ұзақтығы ([3] берілгендері)

Кəсіпорын айналым қаражаттарының айналымдылық кезеңін қысқарту мақсатымен (1) жəне (2) көрсеткіштерін қысқартуға жəне (3) көрсеткішінің көбеюіне мүдделі.

Ағымдағы қаржылық қажеттіліктерді тенгеде, айналымға (сату көлеміне, өнімді өткізуден түскен түсімге) пайыз бойынша, сонымен қатар айналымға қатысты уақыт көрсеткішінде есептеп шығаруға болады:

  Егер нəтиже, айталық, 50 %-ға тең болса, бұл кəсіпорынның айналым қаражаттарының жетіспеушілігі оның жылдық айналымының балама жартысына сəйкес екенін білдіреді; жылына 180 күн кəсіпорын тек өзінің ағымдағы қаржылық қажеттіліктерін жабу үшін ғана жұмыс істейді.

Ағымдық қаржылық қажеттіліктердің көлемі, əр түрлі салалар үшін жəне тіпті сол бір саладағы кəсіпорындар үшін де бірдей еместігін атап өту керек. Ағымдық қаржылық қажеттіліктерге мыналар ықпал етеді:

  • пайдалану жəне өткізу циклдерінің ұзақтығы: неғұрлым тез шикізат дайын өнімге, ал дайын өнім — ақшаға айналса, соғұрлым дайын өнім жəне шикізат қорларындағы ақшалай қаражаттардың иммобилизациясы төмен болады;
  • өндірістің өсу қарқыны: ағымдық қаржылық қажеттіліктер айналым мөлшерінен тікелей шығатындықтан, олардың мөлшері айналым динамикасына параллельді өзгереді; өнімді өткізудің жоғары көлемі шикізат, материалдар, қуат көздері жəне басқаларына көп қаражаттарды талап етеді. Сонымен қоса инфляция жағдайында кəсіпорындар, қолмақты шикізаттар қорын құруды дұрыс көреді, себебі кезекті бағалардың көтерілуінен кейін оларға артық төлемес үшін;
  • дайын өнімді өндіру жəне іске асырудың, сонымен қатар шикізат жəне материалдармен қамсыздану мезгілдігі. Төлемдер жəне түсімдер мерзімінің сəйкес келмеуі, кəсіпорынды, өзінің міндеттемелерін орындаудағы есептесулерді жүргізу үшін қаражаттардың жоқтығына, яғни, техникалық төлемқабілетсіздік (өтімділіктің айырылуы) деп аталатын жағдайға дейін жеткізуі мүмкін;
  • конъюнктураның жағдайы: «қайнап тұрған» жəне жоғары бəсекелі нарық кезінде, сатушымен мүмкін болатын ең қисынсыз жағдай — бұл сатып алушыға жылдам жеткізу үшін тауарсыз қалу болып табылады. Бəсекелестерді озу үшін, дайын өнім қорларын қисынды деңгейде қалыптастыру қажет. Сонымен қатар бəсекелестік, сатушыны сатып алушыларды коммерциялық несиенің тиімді шарттарымен тартуға мəжбүрлегені жалпы белгілі, осынын нəтижесінде айналымды өсіру, əдетте кəсіпорынның дебиторлық берешегінің өсінуіне əкеледі;
  • қосылған құнның нормасы мен мөлшері: неғұрлым қосылған құн (Қосылған құн: Өнімді өткізуден түскен түсім *100) нормасы төмен болса, соғұрлым жоғары деңгейде жабдықтаушылардың коммерциялық несиесі, клиенттік берешектің орнын толтыруға қабілетті.

Қосылған құн нормасы неғұрлым көп болса, соғұрлым ағымдық қаржылық қажеттіліктер көп болады. Сонымен қоса қосылған құн нормасы жоғары кəсіпорындарда, ағымдық қаржылық қажеттіліктер, өнімді өткізуден түскен түсімнен жылдам өседі. Бұл жағдайда қосылған құн нормасын төмендетуге болады, бірақ бұл табыстылық деңгейінің төмендеуіне əкеледі.

Ағымдық қаржылық қажеттіліктерді қысқарту үшін кəсіпорын мыналармен қолдануы мүмкін:

  • қымбат сатып алу мен тауарларды арзан сату принципімен (Дюпон формуласына сəйкес келеді: трансформация коэффициенті жəне өткізу табыстылығын реттеу арқылы);
  • есептесу мерзімін қысқартқан үшін сатып алушыларға жеңілдіктер беру;
  • вексельдерді есепке алу жəне факторинг.

Ағымдық қаржылық қажеттіліктерді қаржыландырудың прогрессивті формаларының бірі — факторингті қарастырайық, ол батыс елдерінің кəсіпорындарымен кең қолданылады.

«Factor» сөзі ағылшын тілінен аударғанда делдал, делдалдық етуші дегенді білдіреді. Экономикалық көзқараспен, факторинг делдалдық операцияларға жатады. Факторингті өзінің клиентінің (өнеркəсіптік немесе сауда фирмалары) қарызгерлерінен ақша қаражаттарын өндіріп алу жəне оның қарыздық талаптарын басқару бойынша мамандандырылған мекеменің (факторингтік компания немесе банктің факторингтік бөлімінің) қызметі ретінде анықтауға болады.

Факторингтік операцияларда үш жақ қатысады:

  • факторингтік компания (немесе банктің факторингтік бөлімі) — өзінің клиенттерінен шот- фактураларды сатып алатын, мамандандырылған мекеме;
  • клиент (тауар жеткізуші, кредитор) — факторингтік компаниямен келісімге отырған, өнеркəсіптік немесе сауда фирмасы;
  • кəсіпорын (қарызгер) — тауарды сатып алатын фирма.

Бұл субъектілер арасындағы өзара қатынас 4-суретте көрсетілген.

Факторингтік қызметтер «қаржыландырусыз» немесе «қаржыландырумен» ұсынылады. Бірінші жағдайда клиент факторингтік компанияға шот-фактурасын сатқанда, төлем мерзімі келген кезде ғана шот-фактураның сомасын алады. Екінші жағдайда клиент тауар бойынша қарастырылған төлем мерзімінің тəуелділігінен тыс, шот-фактураны дереу төлеуді талап ете алады.

Бұл жағдайда факторингтік компания шын мəнінде өзінің клиентіне несие ұсынады, яғни жеткізілген тауарларға мерзімінен бұрын төлеу түрінде қаржыландыруды жүзеге асырады. Басқаша сөзбен айтқанда, факторингтік компания клиентке шот-фактурада көрсетілген соманың үлкен бөлігінің орын толтырады. Қалған сома тауарға төлем мерзімі келген сəтінде сатушыға міндетті түрде төленеді. Факторингтік компания төлем мерзімі келген сəтінде немесе мерзімінен бұрын шотты төлей алады. Соңғы жағдайда ол банктің функциясын орындайды, өйткені клиентке мерзімінен бұрын ақшалай қаражаттар ұсыну, оған несие берумен тепе-тең. Осы жерде ең маңызды қызмет болып клиентке төлем кепілі болып табылады. Бұл кепіл халықаралық жəне ішкі операциялардың толық көлемін алады: факторингтік компания клиентке, қарызгерлердің төлемқабілетсіздігі жағдайында, барлық акцептелген шот-фактураларды төлеуге міндетті.

4-сур. Факторингті ұйымдастыру ([4] берілген

Факторингтік қызметтердің бағасы екі элементтен құралады: 1) комиссия (шот-фактуралар сомасынан пайызбен қызмет еткен үшін төлем) жəне 2) берілген құжаттарды мерзімінен бұрын төлеу кезінде алынатын пайыздар.

Дебиторлық берешекті инкассациялау мүмкіндігі, яғни төленбеген талаптар жəне шот- фактуралар бойынша ақша алу, əсіресе шағын жəне орта кəсіпорындар үшін жағымды, өйткені дəл соларда өтімділік қаражаттарының уақытша жетіспеушілігі жəне қарызгерлердің төлем- қабілетсіздігінен уақытымен табысты түгел алмау мəселесі ең өткір болып тұр. Отандық кəсіпорындар үшін əсіресе олардың құрылуының бастауыш кезеңінде жəне өндірістің басында факторингтің пайдасы өте жоғары.

Сонымен қоса тежегіш болып несиенің қымбатшылығы, факторингтік операциялардың əдістемелік базасының толық дерлік болмауы жəне де Қазақстанда факторингтік қызметтер нарығының дамымағандығы табылады.

Отандық кəсіпорындардың ағымдық қаржылық қажеттіліктерін азайту үшін:

  • олардың ағымдағы жəне келешектегі төлем жағдайына саралау жүргізу;
  • ағымдағы активтер мен ағымдағы пассивтерді басқарудың ұтымды стратегиясын жасау;
  • шетелдік тəжірибені есепке ала кəсіпорынның төлемқабілеттілігі мен өтімділігін бағалау жəне басқару саясатын қалыптастыру;
  • кəсіпорынның ағымдық қаржылық қажеттіліктерін қаржыландырудың үдемелі нысандарын енгізу қажет.

 

 

Əдебиеттер тізімі

  1. www.stat.kz // 2007–2011 жж. ҚР статистикалық жинақтары. — 38-б.
  2. www.karaganda.stat.kz // 2012 ж. Қарағанды облысы статистикалық жинақтары. — 41-б.
  3. Ван Хорн Дж. Основы управления финансами / Пер. с англ. — М.: Олимп-Бизнес, — С. 233.Ченг Ф.Ли, Финнерти Д.И. Финансы корпораций: теория, методы и практика / Пер с англ. — М.: ИНФРА - М, 2000. —С. 127.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.