Құқықтық мемлекет


 Мемлекеттік-конфессионалдық қатынастардың Қазақстандық үлгісін құру жəне діни экстремизм құбылысын алдын алуға бағытталған бірнеше кешенді шараларды бөліп айту керек: құқық қолдану тəжірибесін жетілдіру; гуманизм мен толеранттылықты қалыптастыруға бағытталған идеяларды жетілдіру жəне тарату; ағартушылық жұмысты күшейту.
2012

Қазақстан патриотизмнің бөлінбес элементі тарихи қалыптасқан дəстүрге айнлаған достық пен өзара түсіністік, Республикада тұратын сан алуан ұлт өкілдерінің ерекшеліктері мен салттарына деген сый-құрмет болып табылады. Қазақстанда патриотизмді көтеру үшін балабақшаларда, мектеп- терде, жоғарғы оқу орындарында патриоттық үйірмелерді ашып, сол мемлекеттік тұрғыда қолдай түсу керек.
2012

Өсиет бойынша мұрагерлiк Қазақстан Республикасының азаматтық кодексінің 1046-бабына сəйкес: азаматтың ол қайтыс болған жағдайда өзiне тиесiлi мүлiкке билiк ету жөнiнде өз ықтиярын бiлдiруi өсиет болып танылады. Азамат өзiнiң барлық мүлкiн немесе оның бiр бөлiгiн заң бойынша мұрагерлер тобына кiретiн де, кiрмейтiн де бiр не бiрнеше адамға, сондай-ақ заңды тұлғаларға жəне мемлекет- ке өсиет етiп қалдыра алады. Өсиеттi өзi жасауға тиiс. Өкiл арқылы өсиет жасауға жол берiлмейдi. Өсиет қалдырушы себебiн түсiндiрместен заң бойынша мұрагерлердiң бiреуiн, бiрнешеуiн неме- се барлығын мұрадан айыруға құқылы. Егер өсиеттен өзгеше туындамаса, заң бойынша мұрагердi мұрадан айыру оның ұсынылу құқығы бойынша мұрагерлiк етушi ұрпақтарына қолданылмайды. Мұра қалдырушы кез келген мүлiк туралы өкiмдi қамтитын өсиет жасауға құқылы.
2013

Конституцияға қызығушылық, ең алдымен, кез келген мемлекеттің құқықтық актілерінің арасында оның айрықша орын алатындығымен, қоғамның өмір сүруінің жалпы танылған тұғырнамасы ретінде көрінетіндігімен жəне оның мүдделерін ресми білдіретіндігімен анықталады. Сонымен қатар Конституция елдің негізгі заңы ретінде мемлекеттік билік тыныс-тіршілігінің діңгегі болып табылады. Бүгінгі таңда қазақстандық конституционализмді жетілдіруде қордаланған мəселелер əлі де жеткілікті. Сондықтан конституциялық реформаларды жүзеге асыру бойынша қабылданған заңдар тұрақты мониторингке мұқтаж.
2013

Осы мақалада қазіргі кездегі демографиялық проблемалар талданған. Сонымен қатар мақалада депопуляцияның туындауы секілді, туылым, өлім, өмір сүру ұзақтығы, көші-қон мəселелері жете зерттелген. Мақалада демографиялық үдерістерді мемлекет тарапынан реттеу ерекшеліктері қарастырылады. Сондай-ақ ҚР-дағы демографиялық проблемаларды шешудегі мемлекеттің рөлі айқындалған. Авторлар демографиялық мəселелерді шешу үшін мемлекеттің қызметін əрі қарай жетілдіру бойынша ұсыныстар жасауға нұсқама берген.
2013

Ғылыми жұмыстың мақсатына сəйкес құқық шығармашылығының құқықтық реттеу жүйесіндегі орны анықталып, оның мəні ашылды, құқық шығармашылығының жеке мəселелерін реттейтін заңнама сараланды. Сондай-ақ зерттеу барысында құқық шығармашылығының негізіне алынатын қағидалар қарастырылып, талданды.
2013

Құқық жүйесі мен заңнама жүйесінің арақатынасының мəселесі ұзақ уақыт бойы заң ғылымында өзекті жəне пікір-таласқа толы болып келеді. Құқық жүйесі мен оның сыртқы нормативтік-құқықтық актілерде бекітілуінің арасындағы арақытанасты дұрыс бекіту теориялық жəне тəжірибелік міндет болып табылады.
2013

Осы мақалада менталитеттің түсінігі, түрлері жəне оның табиғаты ашылады. Сонымен қатар мақалада менталитет пен құқықтық менталитеттің арақатынасы талданады. Мақалада құқықтық менталитет пен құқықтық мəдениеттің өзара қатынасы, менталитеттің құқықтық мəдениетке ықпалы қарастырылады.
2013

Бұл мақалада биліктің табиғаты, көпқырлылығы және түрлері, заманауи билік концепциялары қарастырылған. Мұнда билік генезисіне адамдардың ортақ өмір сүру қажеттілігі ретінде баға берілген. Заманауи конституциялық құқықта қалыптасқан билік түрлеріне құқықтық түсіндірме жасалған. Заманауи демократиялық қоғамдағы билік қарым-қатынастарының сипаты және олардың даму тенденциясына құқықтық тұрғыдан баға берілген. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік билікке тән ерекшеліктер мен  белгілер сипатталған.
2014

Мақалада теңдік мәселесінің теориялық сауалнамаларының теңсіздігінің жан-жақты қырлары қарастырылған. Құқықтық теңдік пен формальдs теңсіздіктердің анықтамаларына сипаттама беріле отырып, салыстырмалы түрде зерттеліп ашылған. Қоғамдық қатынастарда кездесетін, заңсыз теңсіздіктің мағынасы ашылып, әрекет етуші нормативті құқықтық актілерден көрініс табу жолдары көрсетілген. Заңсыз теңсіздіктің қоғамдық қатынстардағы рөліне көңіл аударылған. Формалды теңдіктің мақсаты айқындалған.
2014

Мақалада дәстүрлі қазақ қоғамында келісімшарт қатынастарынан туындаған даулар бойынша сот прецеденттері талқылалауға түседі. Бұдан басқа қазақ билерінің билік шешімдерін үлгі ретінде қолданылу тәжірибесі сипатталады.
2014

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.