Құқықтық мемлекет

Авторлық құқық – цивилистік категориялардың бірі бола отырып, ғылым, əдебиет жəне өнер салаларындағы тұлғаның шығармашылық қызметінің нəтижесі болып табылатын туындыларды пайдалануды реттеуге жəне қорғауға бағытталған нормалар жиынтығы болып табылады. Əртүрлі құқық жүйелеріндегі оның түсінігі, ұғымдары түрлі өзіндік ерекшеліктерге ие жəне де оның мазмұны авторлық құқық («copyright») жəне автор құқықтары («droit d'ayter») терминдерімен сипатталады [1,345 с].
2011

Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-бабына сəйкес, мемлекеттің басты құндылығы – адам жəне адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары болып танылады [1]. Қазіргі таңда əрбір адам аталған құқықтары мен заңды мүдделерін заңмен тыйым салынбаған кез келген əдіспен қорғай алады. Əрине, көбіне азаматтар өз құқықтарын қорғауды сот өндірісі арқылы жүзеге асырады. Аталмыш құқықтар мен мүдделерді жүзеге асырудың бір нысаны ретінде біз, сот сараптамасын айтамыз. Себебі, дəл осы сараптама арқылы тұлғаның жасалған қылмысқа қатыстылығын, оның кінəсіз немесе кінəлі екендігіне көз жеткізуге болады. Қаншалықты қоғамның техника жағынан қамтылғанына қарамастан, сот сараптамасы ақ пен қараны ажырата алатын жалғыз өндіріс деп санаймын.
2011

Азаматтық қоғамның қалыптасу үрдісінде, оның басты факторлары мен құндылықтарына ғылыми зерттеу жүргізіліп, даму үрдістерін анықтау маңызды мəселелердің бірі. «Азаматтық қоғам» ұғымы арқылы қоғамдық байланыстар мен қатынастардың жағдайы бейнеленіп, белгілі бір мелекеттегі тұрғындардың азаматтық қайраткерлігінің қарқыны, мемлекет пе қоғамның əлеуметтік саладағы қызметтерінің бөліну деңгейі анықталады. Басқаша айтқанда, азаматтық қоғам демократиялық құрылысқа аса қажет əлеуметтік қатынаастардың өзін-өзі реттеу қызметіне жағдай туады: азаматтар саяси институттардың көмегіне сүйенбей-ақ, өздері реттей алатын қатынастарға мемлекеттің қол сұғуы тежеледі.
2011

Қазақстан Республикасы тəуелсіздік алған жылдардан бастап өзін зайырлы мемлекет ретінде орнықтыруды негізгі ұстаным ретінде алға мақсат ретінде қойып келеді. Бұл Қазақстан Республикасының 30 тамыз 1995 жылы республикалық референдумда қабылданған Конституциясының 1-бабында зайырлы мемлекет ретіндегі негізгі ұстанымы бекітілген болатын [1, 6б]. Зайырлы мемлекетті орнықтыруды одан əрі дамыту үшін бұл конституциялық идея өзінің даму механизмдерін арнайы заңдарда бекіте түсуі қажет. Діни бостандық туралы соңғы жаңа заң қабылданғанға дейін Қазақстан Рсепубликасында 15 қаңтар 1992 жылы қабылданған «Діни сенім бостандық жəне діни бірлестіктер» туралы заң өзінің қызметін атқарып келді. Əрине, бұл заң қабылданған кезеңде қоғам өмірінде əл-ахуал бөлек болатын. Қазіргі кезеңде елімізде белең алып отырған діни экстремизм мəселесі бізге жаңа заңды қабылдауды алға тартқан болатын. Сондықтан да, 11 қазан 2001 жылы «Діни қызмет жəне діни бірлестіктер туралы» жаңа заң өмірге келді. Жаңа заңда мемлекет пен діннің арасындағы байланыс мəселесі арнайы жеке-дара реттелуге түсетін болып белгіленді.
2011

Заңи көмек – сан алуан көмектің бір түрі. Жалпы көмек адамның, жекелеген қоғамдық топтардың, тіпті мемлекет тіршілігінің маңызды элементтеріне теріс ықпалы бар табиғи, техногендік, əлеуметтік жəне өзге де факторлардың пайда болуы мен əсер етуі жағдайларында араласу мүмкіншілігін білдіретінін атап кеткен жөн. Бірақ бұл əсер етуші факторларды жалғыз адамның өзінің не белгілі бір əлеуметтік топтың жоюға не алдын алуға шамасы жетпейді. Олар шешілуі арнайы тəжірибе мен білімді, еңбек бөлінісі мен кəсіби дайындықты пайдалану арқылы жүзеге асыруды қажет ететін өмір сүру мен денсаулық, адамның бұзылған құқықтары мен бостандықтарын қорғау,  стихиялық сипаттағы үрдістермен, құбылыстармен, табиғи апаттармен жəне т.б. күресу мəселелеріне қатысты болып табылады.
2011

Адамдардың объективтік тарихи даму үрдісінде жəне күнделікті қарым-қатынастар аясында қоғамның бірнеше түрлері болады: өндірістік қоғам, шаруашылық қоғам, акционерлік қоғам, əлеуметтік қоғам, азаматтық қоғам жəне т.б. Аталған қоғам атауларының ішіндегі айтарлықтай күрделісі, түпкіліктісі адамдардың саналы өмірімен бірге дамып жатқан қоғам, ол азаматтық қоғам. Қоғамның түр сипатына қарай аталған басқа да түрлері тез құрылып, тез арада тарап жатады. Олардың өмірі, іс-əрекетінің шеңбері кеңістігі кең ауқымдылықты қамти алмайды, ұзақтығы тəжірбиеге сүйене қысқартылған мерзімде пайда болып, ыдырап кетеді.
2011

Жоғары заң білімі жүйесінде «Мемлекет жəне құқық теориясы» оқу пəні ерекше орынды иеленеді. Аталған ғылымның жəне оқу пəнінің шеңберінде мемлекет жəне құқық туралы барлық ғылымдар, сонымен қатар құқық қабылдаушы жəне тəжірибе басшылыққа алатын жəне қолданатын негізгі теориялық түсініктер мен заңтанудың категориялары əзірленеді жəне қалыптастырылады, бұл оның ерекшелігін көрсетеді. Əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Мемлекет жəне құқық теориясы пəні модуль шеңберінде оқытылады. Циклдың пəндерін игеруде модульдік жүйенің басымдылығы бар.
2012

Адам баласы көне заманнан бері мемлекет пен жеке адамның қарым-қатынасындағы олардың мүдделерінің қисындасуының оптимальды нысанын іздеуде. Идеалды нұсқасын алсақ, жеке адам бірінші орында болуы тиіс, ал халықтың жағдайы мемлекет үшін, жоғарғы заң ретіндегі міндет болуы керек. Дегенмен, тəжірибеде бəрі бірдей, ондай жоғарғы идеалдар жете алмаған жəне көбінесе төмендеу мақсаттарға тоқтаған – мемлекеттің жəне ашық биліктегі жекелеген топтардың пайдасы үшін. Осыған орай, Аристотель екі түрдегі басқаруды бөліп айтқан, олардың біреуі басқарушының пайдасына, басқасы – қоғам мүшелерінің мүддесіне бағытталғанын көрсеткен.
2010



Автор мақалада «Мемлекеттік қызмет» курсын қарастырылған. Студенттер «Мемлекеттік қызмет» курсын оқу барысында мемлекеттік қызметтен туындайтын үрдістерді зерттеу маңызды. Автордың көзкарасы бойынша қазіргі кезде Қазақстанның мемлекеттік қызметі саласында қолданымдағы заңдарға және «Мемлекеттік қызмет» курсының оқу бағдарламасына мәнді өзгерістер енгізуді қажет етуді талап ететін әжептеуір өзгерістер күтілуде
2012

Бұл мақалада азаматтық қоғамды қалыптастырудағы жергілікті өзін-өзі басқару органдарының ролі қарастырылады. Автор азаматтық қоғамды қалыптастыру жағдайында Қазақстандағы жергілікті өзін-өзі басқару органдары саяси, әлеуметтік, экономикалық және рухани мәдени дамудың жалпы мемлекеттік мәселелерімен тығыз байланысты деген көзқарасты ұсынады.
2012

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.