Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Құқықтың қайнар көздері

Еліміздің тəуелсіздігін анықтаудың стратегиялық міндеттерінің біріне – бұрынғы ұлттық əдет-ғұрып тарихындағы тəуелсіз рухта қалыптасқан құқық туралы ғылыми пікірлердің, қазіргі кездегі құқықтың қайнар көздері туралы ғылыми-теориялық пікірлермен тікелей байланыстылығын айқындау.

«Құқықтың қайнар көзі» туралы сөз болғанда, оның пайда болуы мен əрекеті туралы факторларға көңіл аударылады. Сол арқылы нормативтік белгілердің өмірге келудегі негізгі процестерін жəне мемлекет белгілеген бəріне бірдей тəртіп жолын түсіндіруге болады. Қысқаша айтқанда «құқықтың қайнар көздері» заңды істерді шешудегі тəжірибеден нені басшылыққа алатынымызды анықтауға қажет. Бұл заң нормаларын бекітудің сыртқы көрінісі, нысаны əдісі.

Əдет мемлекеттіліктің пайда болған кезінде, қоғамдық қатынастарды əмбебап жəне тиімді реттейтін құрал болды. Сол салада əдет құқығына айналды, яғни оларды дəстүрлік пайдалану нəтижесінде көпшілікке міндетті ұйғарымға айналды жəне мемлекеттік билікпен санкция беріліп ресми қолданыла бастады. Тек солар ғана көне құқықтың ескерткіші ретінде қалды. Оларға мынандай құқықтық жинақтар   жатады: «Қасым ханның қасқа жолы», Есім ханның ескі жолы», Тəуке ханның « Жеті жарғысы».

Қазақ халқының əдет-ғұрып құқығы, басқа халықтардың құқығы секілді, үстем таптың еркін білдіретін, мемлекеттік билік рұқсат еткен жəне қоғамдық қатынастар мен тəртіпті қолдау үшін мəжбүрлі түрде іске асырылатын үстем таптың мүддесіне тиімді заңнамалық ғұрыптардың жиынтығы ретінде саналады. Қазақ əдет-ғұрып құқықтарын патриархальдық-феодальдық қатынастарды сақтау үшін, хандар, сұлтандар, билер жəне феодальдық-рулық  ақсүйектердің  басқа да өкілдері бекіткен жəне қолдануға рұқсат берілген [1].

Қазақ құқығында қылмыстық құқық пен басқа да (азаматтық) құқықтарды айырып қарауға болмайды, себебі, қазақтың əдет-ғұрып құқығы, басқа барлық халықтардағы сияқты, ежелден келе жатқан құқық бастауының барлық салаларының бірегей негізі – қайнар көзі болып есептеледі.

Қазақтың əдет-ғұрып нормаларының қайнар көздерінің біріне, шариғат заңдарын жатқызғанды дұрыс деп есептеймін. Себебі, ХУ ғасырдың орта шенінде, қазақтың рулары мен тайпаларында ислам діні тарай бастады жəне сол дінге сенетіндерге табиғи ықпал етті, яғни, қазақтың əдет-ғұрып нормалары оның кейбір мазмұндарын қабылдауға тура келді. Сондықтан, құранда: (Ей момындар! Кісі өлтіргендерден қан қарызын алу сендерге парыз етіледі: азамат үшін азамат, құл үшін құл, əйел үшін  əйел  өлтіріп қан қарызы алынады) делінген жəне ислам діні заңының ықпалы, неке жағынан да бейнеленеді. Сондықтан,   біздің   ойымызша, Тəуке ханның «Жеті жарғысында» «Бір еркектің төрт əйел алуына болады» деген жəне ондағы кісінің өкімі туралы қанға-қан, жанға-жан қағидалары да ислам дінінің ықпалы деп тұжырымдауға болады.

Қазақтың əдет-ғұрып құқығының жиынтығы –  қондырманың  идеологиялық  бөлімінің бір нысаны ретінде патриархальдық-рулық қатынастардың біршама қалдықтарын сақтай отырып, қазақтың феодальдық қоғамының базисінің өз болмысына сəйкес құқықтық көзқарастар мен құқықтық мекемелерді туғызды. Феодальдық мемлекетке байланысты əдетғұрып құқығы да мəні жағынан, соған байланысты дамыды. Мысалы, патриархальдық-рулық қатынастарға тəн əдет-ғұрып: қанды кек, құн төлеу, барымта, қалың мал беру, көп əйел алу, қызды алып қашу т.б. əдет-ғұрып құқығының нормасына кіргенін айтсақ жеткілікті сияқты.

Қазақтың əдет-ғұрып құқығының төмендегідей негізгі үш қйнар көзден тұратындығын Т.М. Күлтелеевтің зерттеулерінен айқын көруге болады:

а) əдет-ғұрып («əдет» немесе «заң»);

б) билер сотының тəжірибелері («бидің билігі»);

в) билер құрылтайының ережесі («Ереже»)[2].

Тəуке ханның құқықтық нормалары басқа да заңдық əдеттер,заңдылық күші болса да, билер сотының тəжірибесіне байланысты тоқтаусыз өзгертіліп жəне толықтырылып отырған. Осыған орай орыстың белгілі ғалымы Рудаков.

Қазақтың жəне басқа да халықтардың əдетғұрып құқығын зерттеу кезінде айтқан мынадай маңызды пікірге қосылуға болады: «Судебная практика прзнается до некоторой степени источником права там, где суды руководятся писаным законом, где  суд  связан положительным правом, а жизнь потепенно переходит к новым формам, будет порождать новые отношения и создавать новые интересы, столкновение которых будет находиться в суде, там судевная практика может явиться огромной паравотворящей силой» [3].

Сонымен қатар, атақты билердің соттық шешімдері, басқа сондай, соған ұқсас істерді шешуге үлгі болып, заңдылық күшке ие болған. Мысалы, Төле бидің «Шідер» деген билік шешіміне көңіл аударайық. Төле би аттың аяғындағы шідерді ұрлағаны үшін, ұрыға шідердің үш тармағын үш атқа салдырып «енді осы үш атты үш жаққа ұрып айда, егер аттар шідерді үзіп босанып кетсе, айыптан азатсың, ал шідер үзілмесе үшеуін біріктіріп ұстаса, онда ол үш тармақты шідер емес, үш ердің қызметін атқарғаны. Онда бір тармағы үшін бір бесті айып төлейсің» деген шешім шығарған. Халық есінде бұл билік «Тұсау ат сақтайды, ат ер сақтайды, ер ел сақтайды» [4] деген мақалмен сақталған.

Билердің шешімдері ХІХ ғасырдың екінші жартысына дейін ешқандай құжатталмаған, кейін билік кітабы ашылып, онда арнайы түрде, билердің билік шешімдерінің мазмұндары жазылатын болған.

Солкездегі«Ережелер»шынмəнінде,тұрақтыəрекеттегі заң ретінде болды. «Ереженің» құқықтың қайнар көзі ретіндегі маңызы сонда, ол қазақтың əдет-ғұрып заңдарындағы өзгерістерді, оның көне нормаларымен салыстырғанда дұрыс көрсеткен жəне қазақтың əдет-ғұрып құқығына орыс құқығының ықпалын айқындаған. Яғни, біз тұрақты түрде «Ережені» қазақтың əдет-ғұрып нормаларының маңызды қайнар көзі ретінде əрқашанда   көңіл   аударғанымыз   жөн  сияқты.

«Ережені» жазу Тəуке ханның тұсында басталып əрі қарай жалғасын тапқан. Ол билердің арасындағы өте күрделі мəселелерді шешу үшін дайындалып келісім-шарт ретінде болған. Ондай «келісімдер» ХУІІІ ғасырда жəне ХІХ ғасырдың бірінші жартысында да тəжірибеде қолданылған. Біздің ойымызша, бұларға қосымша, шариғатты да қайнар көздерге жатқызуға болады [2].

Қазіргі  кездегі  құқықтың  қайнар  көздеріне – роман-германдық құқықтағы нормативтік актілер (заңдар, ардонанстар, статуттар), ал англо-саксондықта келісім жəне құқықтық прецедент жатады. Сонымен қатар, құқықтың қайнар көздері ретіндегі үстемдікте: құқықтық əдет, соттық не əкімшілік прецедент, құқықтық доктрина, нормативті құқықтық доктрина, нормативтіқұқықтықакт, нормативтіккелісімдер. Құқықтың қайнар көздерінің қалыптасып дамуы екі жолмен іс жүзіне асырылады: құқықтық шығармашылық жəне сол не басқа əлеуметтік нормаларға санкция беру. Солардың ішіндегі, бірінші жолына, ең маңыздысына, арнайы өкілеттік берілген мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың құқықтық шығармашылық əрекеттері жатады. Сондай əрекеттердің арқасында жаңа тəртіп пайда болады.

Екінші жолына, қазіргі кезде көп таралған, арнайы сипаттылық жасап, мемлекеттік қолдау жəне қорғаудың қажеттігі. Яғни, бар қоғамдық əрекеттер мен белгілі құқық зерттеушілерінің пікірлерін не жекелеген сот тəжірибесіндегі кездерді санкциялау.

Құқықтық прецедентті, құқықтың қайнар көзі ретінде санасақ – ол соттағы нақтылы іс туралы шешім, кейін сондай істерді шешуге үлгі болғандығын байқаймыз. Оның маңыздылығы сонда, ол соттардың функциясын іс жүзіне асыру, ықпал жасап, заңдардағы ақтаңдақтардың орнын толтырады.

Қазіргі кезде, прецедент негізінен англосаксондық құқық жүйесіндегі елдерге тəн, себебі, олар соттардың  əрекетіне  негізделіп, соттарды құқықтың туғызушысы ретінде көрсетуге ұмтылады.

Құқықтық доктрина, құқықтың қайнар көзі ретіндебелгіліжəнеөзеңбектеріндемойындалған ғалым заңгерлердің əртүрлі құқықтық мəселелер бойынша айтылған (мақалаларда, монографияларда) жəне тəжірибедегі белгілі мəселелерді шешуге пайдаланатын тұжырымдамалар.

Қазіргі дүниеде, сондай «таза» нысан жоқ. Себебі, англо-саксондық жүйеге жатады, тек сонда ғана, егер азаматтық кодекстерде ақтаңдақтық болса, белгілі ғалымдардың азаматтық құқық жөніндегі еңбектеріне сілтеме жасалады.

Мұсылмандық құқықта, құқықтық доктрина қазіргі кезде де маңызды рөль атқарады –жалғыз ғана құқықтың қайнар көзі ретінде сақталған.

Еліміздегі отандық юриспруденцияда доктринаны дербес құқықтың қайнар көзі ретінде мойындалмайды. Бірақ, тəжірибедегі көп мамандар көп жағдайда (дəлелдеу үшін не кеңесу үшін) авторлық түсініктемелерді, заңдарда жəне басқа нормативтік құқықтық актілер үшін пайдаланылады.

Нормативті-құқықтық акт-құқықтың нысаны жəне қайнар көзі, континентальды құқық елдеріне тəн, оның қатарына Ресей де жатады. Нормативті-құқықтық акт, бұл белгілі тəртіппен шығарылған құқықтық шығармашылық органының актісі, ол құқық нормаларын белгілеуші, өзгертуші, не жоюшы, жалпыға бірдей міндеттілік сипаты бар жəне мемлекеттің мəжбүрлеу күшімен бекітіледі.

Нормативті-құқықтық актілердің негізгі белгілеріне мыналарды жатқызуға болады:

  • Жалпыға міндетті нақтылы белгіленбеген, типтеріне сəйкес келетін нақтылы қоғамдық қатынастар аясы, нормативті үлгідегі ұйғарым;
  • Қызмет бабына сай, қатаң түрде белгіленген құқықтық шығармашылық, органнан шығып, ондағы аманат етілген бірлікпен тұтастық талабын, барлық субъектілері мен органдарын қамтамасыз етіп, əлеуметтік маңызы бар қоғамдық қатынастарды реттеудегі, тəртіп белгілерін талап етуші;
  • Қатаң процедура процесінде қабылданады;
  • Олардың талабын қамтамасыз етуге формальды белгіленген құжатты-жазылған белгілі нысанына сай, онда көрсетілген ұйғарымдардың мазмұнымен таныстырылады;
  • Олардың уақыттағы, кеңістіктегі жəне адамдар арасындағы əрекетін нақтылы белгілейді;
  • Бір-бірімен нақты белгіленген көне қатынаста болады, негізіне заңды күші бар нормативтік акт қойылады, себебі ол құқықтық шығармашылық органдарының қызметімен қамтамасыз етілген;
  • Қоғамдық дамудағы өзгермелі қажеттілікке жеткілікті түрде, тез көңіл аударуға қабілетті, сондықтан басқа құқықтың қайнар көздерінен айырмашылығы сонда, ол əлеуметтік қажеттілікке байланысты, заң нормаларын оперативті түрде толтыра алады;
  • Нормативті-құқықтық актілердегі бекітілген нормативті ұйғарымдардың орындалуы, қолданылуы мемлекеттік мəжбүрлеумен қамтамасыз етіледі, оның механизмі өздерінің нормативті құқықтық актілерінде көрсетілуі мүмкін.

Келесі құқықтың қайнар көзіне құқықтық шығармашылық жатады. Қазақстан Республикасының құқығының қайнар көздерінің ішіндегі алдыңғы орынды нормативтік-құқықтық актілералады: мемлекеттікоргандардыңактілері, құқық нормаларының мазмұндары (заңды нормалар). Олар құқықтық шығармашылықтың нəтижесі. Құқықтық шығармашылық – көбірек кең көлемдегі құрылым бөлігінің құрылысы – құқықтың қоғамдық қалыптасу процесі, яғни, бұл обьективті қалыптасатын, қажеттіліктің əсерімен жəне мемлекеттік əрекетпен құрылған нормативті-құқықтық актілердің алғы шарттарына жатады.

Қорыта айтқанда, қазақтың əдет-ғұрып заңдары өзінің қайнар көздерін, алдымен шариғат заңдарынан, одан кейін  «Қасым ханның   қасқа   жолынан»,   «Жеті   жарғыдан», «билер сотының үлгі шешімдерінен» жəне оған қосымша  Шыңғыс  ханның  «Ұлы   жасағынан» алатындығын толық айта аламыз. Осыған орай, академик С.З. Зимановтың айтқан пікірін: «Бұл заңдар «Жеті жарғының» құрамдары, мазмұны жағынан, сонау Орыс хан, Қасым хан, Есім хан жəне монғолдық заң үлгілері» деген ойын толық қолдаймыз жəне қазіргі кездегі құқықтың қайнар көздерінің ерекшелігін, еліміздің құқықтық мемлекет құру жолындағы негізгі міндеттерге байланысты толық түсінуге болады.

 

Əдебиет 

  1. Загряжеский Г. Юридический обычай киргиз.– Вып. ІV. – 1876. – С. 181-189.
  2. Культелеев Т.М. Уголовное и обычное право казахов. – Алматы, 2004. – 168 б.
  3. Қазақтың ата заңдары. Т. ІV, – 497 б.
  4. Зиманов С.З., Өсеров Н. Жеті жарғы жайлы. –Алматы, 1989. – 838 б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.