Жоғары заң білімі жүйесінде «Мемлекет жəне құқық теориясы» оқу пəні ерекше орынды иеленеді. Аталған ғылымның жəне оқу пəнінің шеңберінде мемлекет жəне құқық туралы барлық ғылымдар, сонымен қатар құқық қабылдаушы жəне тəжірибе басшылыққа алатын жəне қолданатын негізгі теориялық түсініктер мен заңтанудың категориялары əзірленеді жəне қалыптастырылады, бұл оның ерекшелігін көрсетеді. Əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Мемлекет жəне құқық теориясы пəні модуль шеңберінде оқытылады. Циклдың пəндерін игеруде модульдік жүйенің басымдылығы бар. Мысалы, аталған модульдің шеңберінде бірінші курс студенттері мемлекет жəне құқық теориясы, мемлекет жəне құқық тарихы, сонымен қатар, арнайы курс болып табылатын – құқықтық мəдениет жəне құқықтық тəрбие сияқты пəндерді оқиды.
Мемлекет жəне құқық теориясы пəнін игеру бітіруші-заңгерлерді күнделікті кəсіби қызметтегі коммуникацияға, кəсіби өзара түсінушілікке қабілеттілігі мен дайындығын қамтамасыз етеді.
«Мемлекет жəне құқық теориясы жəне «Құқықтық мəдениет жəне құқықтық тəрбие» пəндерін оқыту күні бүгінде құқықтық сананың деформациясы, халықтың құқықтық мəдениетінің төмендігі жағдайында жүзеге асырылып жатыр. Елде болып жатқан қайта құрулар заң ғылымының қазіргі жағдайына жəне даму жолдарына өз ықпалын тигізіп жатыр.
Заң білімін берудің алдына қойған негізгі міндеттерінің бірі тек құқықтық білім беру, алған білімді функционалды қолдану дағдысын игеру ғана болып табылмайды, сонымен қатар, оның негізгі міндеттеріне жеке адамның ниетін ояту, заң ғылымына деген қызығушылықты тудыру, өзін-өзі жетілдіруге талпындыруды дамыту, жалпы құқықтық мəдениет білімінің сапасын көтермелеу жатады.
Оқу үрдісін əдістемелік қамтамасыз етуде пəндерді оқытудың жоғарғы деңгейін, студенттер мен профессорлық-оқытушылық құрамның еңбектерін ғылыми ұйымдастыруды қамтамасыз ететін оқу-əдістемелік орталықтың маңызы зор болып табылады.
Бірінші курста сабақ өткізу тəжірибесін оқып, зерттеу заң факультетінде мемлекет жəне құқық теориясы бойынша білім берудегі осы заманғы тенденцияларға сай келетін оқу-əдістемелік база құруға ұсыныс жасауға мүмкіншілік береді. Арнайы кабинетті жабдықтау заттың, студенттердің оқу материалын қабылдау технологияларының ерекшеліктерін түсініп, соны ескеріле отырып орындалуы керек.
Кабинетте модульдің пəні бойынша əдістемелік əдебиеті, материалдардың жинақтары болуы керек, сонымен қатар, кестелер мен анықтамалық сызбалар орналастырылуы қажет.
Студенттердің айтуы бойынша сабақта кестелер мен сызбалар қолданылса, тапсырмалар оңай əрі өз уақытында орындалады. Студенттерге əр түрлі сөздіктерді, анықтамаларды пайдалану ыңғайлы.Оларəртүрліжағдайлардысипаттайтын тапсырмаларды шешеді, əр үрлі тапсырмаларды орындайды. Осы дағдылары оларға емтиханда тез ойлауға, қателік жасамауға, жұмысты жоғары сапада орындауға жəрдемдеседі.
Қазіргі кезде білім беру тəжірибесіне білім алушыға тану үрдісі мен ақпаратты беру үрдісін əжептеуір жеңілдететін ақпараттық технологиялар енгізіліп жатыр.
Арнайыландырылған кабинет оқытудың техникалық құралдарымен жақсы жабдықталған болуы керек. Атап айтсақ: мультимедиялық проекторы бар компьютермен, теледидармен, акустикалық жүйемен, DVD–ойнатқышымен жабдықталуы қажет. Осы кезде жеткілікті көлемде бейне материалдар, компакт-дискілер жинақталған.
Кабинеттің ең қажетті құралы əрине компьютер болып табылады. Ол оқытудың құралы ретінде, өзінің əмбебаптылығына орай тұлғаның даму міндетін шешуге, оқытушыға да, студенттерге де жаңа мүмкіншіліктерді ашуға жəрдемдеседі.
Əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіндежұмысістеууақытындабізпəнбойынша дайын бағдарламаларды пайдалануда, фотожəне бейнепрезентацияларды, хрестоматиялық материалдарды, анықтамаларды, оқытатын жəне бақылау жүргізетін бағдарламаларды жасауда жеткілікті тəжірибе жинадық. Студенттер компьютерді қолдану арқылы тапсырмаларды орындау барысында өзіне-өзі толығымен бақылау жасауға мүмкіншілік алады, семинар сабақтарында жағымды эмоционалдық көрініс пайда болады, ол өз кезегінде оқуға қосымша түрде ынтаны тудыруға, оқу қызметі мен білім беру сапасын көтермелеуге ықпал етеді.
Білім берудің техникалық құралдарын пайдалану барысында сабақтың практикалық бөлігіне дайындалу уақыты əжептеуір қысқарғанын атап кеткен жөн. Жарық көрінетін бейнелер материалды қабылдауды жеңілдетеді, есте сақтауды арттырады. Студенттерде оқу материалын игеру жылдамдығы көбейеді, нашар оқитын студенттерде жағымды қозғалыс байқалады.
Оқыту құралдарын пайдалану əдістері мен білім берудің техникалық құралдары көмегімен оқыту құралдарын пайдалану мүмкіншіліктерін өзара өлшеп қарасақ – оларды қолданудың тиімділігі əжептеуір артатынын байқауға болады. Мысалы,
«Құқықтық нигилизм (немқұрайлық) жəне онымен күресу жолдары» тақырыбын оқу барысында студенттерге «Столкновение» фильмінен кадрлар қарау ұсынылады. Оны қарап болған соң студенттер жеке тапсырмалар орындайды: құқықтық мəдениеттің тиімділігін арттыру бағдарламаларын жасайды, құқықтық нигилизммен күресу үшін əр түрлі тəсілдер мен амалдар ұсынады. Студенттер өз шешімдерін ұсынады.
Мұндай жағдайда сабақ өте қызық өтеді, аудиторияда əр түрлі талқылаулар жүреді «қалай болды, қалай болатын еді». Көрсетілімнің бірнеше минутын көрсетілімнің өзінде студенттер кейіпкерлердің мінез-құлқы мен жүріс-тұрысын байқайды. Сабақтарда көркем фильмдерден үзінділер көрсету білім беру үрдісінің сапасын біршама көтермелейді.
Білім деңгейіне мониторинг жүргізуде кабинетті компьютерлік жабдықтау əжептеуір көмек береді. Студенттер өздерінің компьютермен жұмыс істеуін бағалауды, егер ол төмен баға алса да, жақсы қабылдайды. Қайта қарап, қайталаса келесі сабақта компьютерлік бағдарлама білімнің жоғары деңгейін көрсетіп береді. Ол студенттерде жауапкершілік дəрежесін арттырады, жеке-даралығын жəне өз нəтижесін жақсартуға жетуді дамытады.
Білім беру мен тəрбиелік маңызы зор болып табылатын кабинеттегі сабақтан тыс жұмыс жасау үлкен мəнге ие. Ол білімді кеңейтуге жəне тереңдетуге, шығармашылық қабілетті дамытуға ықпал етеді. Материалдар мен кабинеттің техникалық мүмкіндіктері студенттерге пəндік апталарға, олимпиадаларға, шығармашылық конкурстарға, емтихандарға дайындалуға мүмкіншілік беретін еді. Заманауи кабинет – студенттің танымдық қызметін басқару үшін жəне білім берудің сапасын жетілдіру үшін психологиялық ыңғайлы орта болып табылады.
Дəл осындай арнайы кабинетте оқытушыға жұмыс істеуге тиімдірек, ал студентерге оқуға қызық əрі ыңғайлы болар еді деп есептейміз.