Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

«Жеті жарғы» қазақ əдет құқығының қайнар көзі ретінде

Қай халықтардың болмасын мемлекеттік құқықтық тарихында қоғам өмірінде маңызды роль атқарған құқықтық жəдігерлер болады. Мысалы, Ежелгі Вавилондағы «Хаммурапи патшаның» заңы, Ежелгі Римдегі «ХІІ тақта заңы» жəне т.б. айтсақ болады. Сол сықылды дəстүрлі қазақ қоғамында да қоғамдық өмірде маңызды роль атқарған құқықтық мұралар баршылық. Қазақ хандығының ең негізгі құқықтық мұрасы бұл «Жеі жарғы» заңы болып табылады. Əрине, қазақстандық ғалымдар тарапынан оның ішінде тарихшылар, заңгерлер   т.б.

«Жеті жарғы» заңының қыр-сырын осы уақытқа дейін зерттеп келе жатыр. Бізде «Жеті жарғының» кейбір қырларын сөз етуді мақсат етіп отырмыз. Қазақ хандығында жеті жарғыға дейін Қасым мен Есім тұсында үлкен құқықтық кодификациялау жүргізілгенін жақсы білеміз. Жеті жарғы негізінен Қасым хан мен Есім ханның заңдарына негізделіп жасалды. Сондықтан, жеті жарғының бастауы осы заңдар деп санай аламыз. Қасым ханның «Қасқа жолы» туралы осы уақытқа дейін толыққанды мəліметтер келтірілмеген. Кезінде қазақ совет энциклопеиясында бұл заңның бағыттары туралы төмендегідей пікір айтылған болатын::

“1 Мүлік заңы (Жер дауы. Мал-мүлік).

  • Қылмыс заңы (ұрлық, кісі өлтіру, талау, шабу).
  • Əскери заң (аламан міндеті, қосын жасау, қара қазан, ердің құны, тұлпар ат).
  • Елшілік жоралары (майталмандық шешендік, халықаралық қатынастағы сыпайылық, əдептілік).
  • Жұртшылық заңы (шүлен тарту, ас, той, мереке үстіндегі ережелер, жасауыл, бекеуіл, тұтқауылдардың міндеті)” [1, 295 б.] жеті жарғының екінші негізхгі бастауы Есім ханның заңы болып табылады. Бұл заңның бағыттарын кейбір ғалымдар былай көрсетеді: “Есім хан бұрыннан келе жатқан жол-жоралғыларды бір ретке келтіріп, заман ыңғайына қарай оның бойына жаңа нəр береді. Сондықтан да, ол халық жадында “ескі жол” ретінде бекиді. Осы уақытқа дейінгі бізге жеткен аңыздарды, деректерді саралай келе, бұл ескі жолмен сол кезеңге дейінгі қазақ еліндегі заңдарға мынадай толықтырулар мен түзетулер енгізілген деп пайымдаймыз.

І Елдің тəртібіне қатысты жоралғылар (хан пəрменіне, батыр, абыз ісі, би мəртебесі).

  • Құн тарту жоралғылары (өнер құны, сүйек құны жəне құн ісін жайғастыру)
  • Жесір ісіне қатысты жоралғылар (əмеңгерлік жəне жесір дауын шешу жолы).
  • Жаза белгілеу жоралғылары (жан жазасы, мал жазасы, ар жазасы жəне оны тарту тəртібі)” [2, 84-85 бб.].

Енжі Жеті жарғының бізге жету тарихына келетін болсақ, Жеті жарғының толық нұсқасы осы уақытқа дейін табыла қойған жоқ. Соған қарамастан жеті жарғының əр түрлі нұсқалары қоғам өмірінде орын алып жүр. Соның бір көлемдісі «Үш пайғамбар» атты еңбекте жарияланған мына нұсқа болып табылады: “Бірінші һəм негізгі сала – жер дауы. Қыс қыстау, жаз жайлау, қоныс, құдық – мал баққан елдің атадан балаға мирас қып қалдыратын еншісі. Өйткені жер – атамекен, кіндік-жұрт, отан. Жер – тіршілік етер ортасы, баба моласы, кіндік байлар қасиетті тұрағы. Сондықтан көшпелілер үшін жерден киелі ештеңе жоқ. Жер дауынан қиын дау да жоқ.

Екінші сала – үй ішілік тірліктегі сыйластық, байланыстылық, əке мен бала, ене мен келін арасындағы қарым-қатынас, үлкен мен кіші арасындағы    сыпайыгершілік,    ата-анаға    деген құрмет, жастарды тəрбиелеу, баулу сияқты инабаттылық, имандылық шаралары. Өйткені, “баланы жастан” дейтін қағиданы қатты ұстанған халқымыз ұл-қызын ибалылыққа үйретіп, имандылық қасиетке икемдеп отырған ғой.

Үшінші тармақ ұрлық пен қарлыққа, барымта мен сырымтаға кедергі қойып, бұқараны адалдыққа шақырып, еңбекпен күнелтуге бейімдеген заңдар тізбегін қамтиды. “Арам жемейік, адал өлейік” дейтін пікір сол кезде қалыптасса керек.

Жарғының төртінші бабы ел мен ел, халық пен халық, ру мен ру  арасындағы дау-дамайды əділдікпен шешуге арналған. Ынтымақтық тілеген ел дауды бүлікпен емес билікпен тындыруды көздегені ақиқат. Өйткені, Қазыбек би өмірі соның ақиқат куəсі. Сондықтан бұл тармақтың қазақ даласы үшін де, қазақ баласы үшін де мəні зор екені даусыз.

Бесінші бап ел бірлігін сақтау, отанын қорғау, сыртқы жауға тойтарыс беру, жасақ құру, сардар сайлау, сауын айту тəрізді жаугершілік кезіндегі мемлекеттік ірі оқиғаларды қамтыған ережеқағидалар шоғырын түзсе керек.

Алтыншы   тармақ   түгелдей құн дауына бағытталған. “Қанды кек”, “қанды мойын құныкер”, “ежелгі дұшпан”, “ескі жау” ұғымдары қалыптастырған қаталдық пен қатыгездікті жұмсартып, онсыз да оңай желпілдегіш түндігіне одан сайын жел үрлемей, жаттан емес, жақыннан жау тапқызатын қатқылдылықты иітуге барын салған үш бидің, соның ішінде, Қаз дауысты Қазыбектің де мəмілегер даналығы бар бұл тармақта. Өлімді өліммен көбейтпей, ізгілік тілекпен Өмірді арашалаған, Өмірді қорғаған бұл əрекеттің маңызы да ерекше.

Бірінші айып – “қара қазан” төлеу. Қара қазан төлеуі – айыпкердің шаңырағының ортасына түскенінің белгісі.

Екінші айып – “қара нар беру”. Сол қара нармен өлген кісі атақты адам болса Түркістанға апарылып қойылатын болған.

Үшінші айып – “қара мылтық алу”. Қара мылтықты алу – қылмыскердің күшін алуы, қаруын жоюы. Бұдан кейін ол өлгенмен тең болмақ-мыс.

Төртінші айып – “қара шолақ бие жетектету”. Қара шолақ бие жетектету айыпкердің ырысының шайқалуының анық нышанына бағаланған.

Бесінші айып – “қара кілем ұстату”. Қара кілем ұстату – тұралағандықтың көрінісі саналған.

Алтыншы айып – “жетім беру”.Ол көңілде кірбіңдік қалмасын, аралас-құраластық басталсынды меңзеген.

Жетінші айып – “жесір бастаған тоғыз жөнелту”. Ол – қан-жыны араласып, ағайынның қылшықсыз табысуының басы деп есептелінген. Əрине бұл жерде біз айыптың шешімінің бəрін қолмен қойғандай етіп шегелеп айттым деуден аулақпыз. Бізге жеткен қисындардан түйіндеген    жобаны    ғана    ұсынып  отырмыз.

Өзгелердің дəлелмен өзгерткен басқа нұсқалары бар болса қарсылығымыз жоқ.

Енді “Жеті жарғының” ең соңғы жетінші тармағына көшелік. Бұл тармақ тұтастай жесір дауынан құралады. Əрине, ол тұста ру мен руды, ауыл мен ауылды əрі біріктіретін де, əрі бөлектейтін де жесір дауы болғаны рас. Құда боп төс түйістіріп, көңіл қосып, құшақ табыстырған қазақ осы қыз дауы, жесір дауы арқылы аттан-айқайға басып, сойыл-шоқпарға жармасып, барымта-сырымтаға аттанып, оқ боратып, шаң суырып, бас жарып, білек сындырып, қан ағызып, көз шығарып, алысжұлысқа да, төбелес-ұрысқа да, сойқан соғысқа да барып қалатын. Сол себепті де ең бір осал тұс, өкпе сызы көп, айқай-жанжалы мол, ұрыс-керісі орасан осы жесір дауына үш бидің – Төленің, Қазыбектің, Əйтекенің “Жеті жарғысы” қатты көңіл бөлген көрінеді” [3, 73-74 бб.].

Кезінде Қазанғап Байболұлыда өзінің «Төле би» туралы дастанында «Жеті жарғының» арналарының қандай бағытты қамтитындығын мынандай өлең сөзбен өрбіте көрсеткен болатын:

 “Жер дауы баяндайын – біріншісі,

Ру, қоныспенен меншікті ісі.

Иеленген жеріне жанжал болса,

Біреуге басымдық қып озбыр кісі,

Үй іші мен баланы тəрбиелеу –

Болған жосын заңының екіншісі.

Ұрлық, қарлық, барымта – үшінші заң,

Баян етер бəрін де білген кісі.

Төртінші боп саналған мынау заңы,

Бір халық пен басқа ру болса дауы.

Ұлтын жаудан қорғамақ – бесінші бұл,

Алтыншы, жетінші – құн дауы, жесір дауы,

Есім ханның күнінде ауыр еді.

Осылардан қиын боп ажырауы.

Кісі өлтірген айыпкер болса кісі,

Қасым хан мен Есім хан мынау ісі.

Шаңырағын түсіріп ортасына,

Сау қоймайтын ол үйдің бүлдіргісі.

Тəуке хан мен Төле би жеңілдетіп,

Жеті айып төлетті келсе күші.

Қара қазан – бірінші кесім еді,

Шаңырағын ортаға түсіргені.

Екіншісі қара нар төленетін,

Жобаменен жоғарғы шешімдегі.

Алып барып Қаратау , Түркістанға,

Қойсын өлген сол үлкен кісіні енді.

Қара мылтық үшінші беріледі,

Сол үлкеннің қаруы күші – деді.

Қара шолақ бір бие –төртіншісі

Жеңілгендік өлтірген ол белгісі.

Ол ағзалы киеді болған кісі,

Жетім бастап алтыншы қара кілем,

Жеткізеді тоғызға түр-түрімен.

Жесір бастап жетінші тоғыз беріп,

Жарастырып Қоңырды өлтіргенмен.

Былай еді жетінші жесір дауы,

Құда болған ажырап кетсе жары.

Ал мынадай үш тоғыз айып салып,

Берген малдың үстіне жамалады.

Жамбы бастап бірінші тоғыз төлер,

Ат бастаған бір тоғыз жəне берер.

Түйе бастап үшінші бұл да тоғыз,

Қалың малдан тысқары есептелер.

Сол дəуірде қыз кетіп моншақ таққан,

Рулы ел жабылып айып көрер.

Бір жесірге серкелі Дулат болып,

Айтысты деп айтатын қариялар” [4, 207-208 бб.].

 Жеті жарғы қазақ мемлекеттілігінің биіктеуіне ерекше еңбек сіңірген, сонымен қатар ел тұтастығын сақтауда маңызды роль атқарған негізгі құқықтық ескерткіш болғандығы баршамызға жақсы белгілі деп санаймын. Жеті жарғының Қазақстанның мемлекеттік тарихында ерекше роль атқарғандығын жəне дала конституциясы қызметін атқарғандығын баса айтуымыз қажет.

 

Əдебиеттер

 

  1. Қазақ совет энциклопедиясы / Жалпы ред. Қ. Қаратаев. – Алматы, 1972. – 4 Т. – 954 б.
  2. Қуандықов Б.Ж. Əйтеке бидің билік-шешімдері. – Алматы: Өркениет, – 145 б.
  3. Үш пайғамбар / Құраст. А. Нысаналы. – Алматы: Дəуір, 1992. – 184 б.
  4. Байболұлы Қ. Төле би. – Алматы, – 182 б.

 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.