Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Мемлекеттік қызмет пәнін оқыту туралы

Мемлекеттік қызмет мемлекеттің негізгі институттарының бірі болып табылады. Сондықтанда, мемлекеттік басқару теориясы мен мемлекеттік қызметтің ұйымдастырылуының құқықтық негіздерін, біздің елде оның даму тарихын, болып жатқан өзгерістерін, мемлекеттік қызметке тұру, оны өзгерту немесе тоқтатылуы, дамыған шет елдерінің тәжірибесі саласындағы теориялық көзқарастарды оқып, зерттеу тек қана зерттеушілерге ғана қажет болып қалмай, ол сонымен қатар студенттерге де пайдалы.

«Мемлекеттік қызмет» курсы «Құқықтану» мамандығына оқу жоспарымен қарастырылған таңдау пәндерінің бірі болып табылады. Аталған пәнді оқытудың мақсаты – студенттерге мемлекеттік қызметтің мәні, демократиялық және құқықтық мемлекетті орнату үрдісіндегі оның орны мен рөлі, мемлекеттік қызмет үшін халықаралық стандарттарға сай, ҚР азаматтарының жоғары деңгейде және сапалы өмір сүруін қамтамасыз етуге бағытталған кадрларды дайындауда жаңа жолдар табу туралы жүйелі білім беру болып табылады.

Аталған оқу пәнінің ішкі жүйесі «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқығы» пәнінің ішкі құрылымына сәйкес, соның шеңберінде құрастырылады. Сол себептен де оны оқытудың негізінде әкімшілік құқық ғылымымен өңделген ережелер пайдаланылады. Әкімшілік құқықта мемлекеттік қызмет маңызды құқықтық институт ретінде қарастырылады. Құқықтық институт ретінде мемлекеттік қызмет – ол мемлекеттік қызмет жүйесінің ұйымдастырылуы, мемлекеттік қызметшілердің құқықтық мәртебесі, мемлекеттік қызметке тұру, атқару және тоқтатылуы үрдісі  нәтижесінде  туындайтын  қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жүйесі болып табылады. Мұнда мемлекеттік қызметтің шекарасы яғни оның құқықтық  қатынастар аясы,  ал  1999  жылы 23 шілдеде  қабылданған «Мемлекеттік қызмет туралы» ҚР заңда оның әрекет ету аясы белгіленген. Осы жерде ҚР Әкімшілік құқығы пәні  шеңберінде  студенттер мемлекет қызметінің жалпы мәселелерін оқығанын атап кеткен жөн. Алынған білімдердің маңызыдылығы мен қажеттілігіне қарамастан, мәселелердің қайталануына жол бермеуі үшін, аталған курс мемлекеттік басқару мен мемлекеттік қызметтің ғылыми-әдістемелік және нормативтік құқықтық негіздерін жүйелі тереңдетуге, кеңейтуге арналған.

Әрбір ғылыми  пәннің  өзіндік  объектісі, пәні, мақсаттары мен міндеттері болады. Объект осы пән не оқытатынын көрсетеді. Мына жағдайда объект болып ерекше институт ретінде мемлекеттік қызметтің өзі табылады. Осы пәнге қатысты методологиялық бағыттарға Мемлекеттік қызметтің пайда болуы мен даму заңдылықтарын, мемлекетік қызметтің  мәні мен табиғатын, мемлекеттік қызметтің ұйымдастыру қағидаларын, мемлекеттік қызмет органдарының жүйесін, мемлекеттік қызметшілерде мемлекеттік лауазым шегінде өз құзыреттерін атқаруға байланысты туындайтын қатынастарын, мемлекеттік қызметті кадрлық қамтамасыз етуді және т.б. жатқызуға болады. Осы ретте мемлекеттік қызмет аясында туындайтын әкімшілік-құқықтық қатынастардың құрылымын екі тұрғыдан қарауға болады: ішкі түрлі деңгейдегі мемлекеттік қызметшілердің арасындағы қатынастарды білдіреді; сыртқы мемлекеттік   қызметтің   қоғаммен   байланысы нәтижесінде туындайтын өзара байланысты сипаттайды.

Болашақ  мамандар  мемлекеттік  басқару мен мемлекеттік қызметтің объектісі, пәні мен мақсаты туралы қажетті білімдер мен дағдыларды иелене отырып, осы заманғы басқарушылық тәжірибесін ғылыми талдау дағдысын меңгереді. Аталған пәнді оқуда студенттер мемлекеттік қызметті мемлекеттік-биліктік сипатқа ие және заңда белгіленген тәртіппен республикалық не жергілікті бюджеттен немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің қаражатынан ақы төленетін мемлекеттік органда қызмет ететін және мемлекеттің міндеті мен функцияларын жүзеге асыру мақсатында лауазымдық қүзыретті іске асыратын ҚР азаматтары жүзеге асыратын әлеуметтік қызметтің ерекше түрі болып табылатынын түсінуі қажет.

Осы не өзге де сұрақтарды түсіну үшін келесідей негізгі міндеттерді шешу көзделеді:

  • студенттерде мемлекеттік қызмет институтының мәні, оның ұйымдастырылуы мен қызмет етуі, мемлекеттік кадрлық саясаттың негізгі қағидалары туралы жүйелі білім қалыптастыру;
  • мемлекеттік қызметке түсу, атқару және тоқтатылуы тәртібін зерттеу;
  • мемлекеттік қызметшілерді негізгі құқықтары мен бостандықтарымен, қолданымдағы шектеулермен, сонымен қатар заңды жауаптылықтың түрлерімен таныстыру;
  • мемлекеттік қызметтің міндеттерін шешу үшін тәжірибелік дағдыларға үйрету;
  • шетелдік мемлекеттік қызмет тәжірибесін ұйымдастырылу мен қызмет етуі туралы мәлімдеу;
  • ҚР Конституциясы мен Қазақстанның 2030 жылға дейін даму Стратегиясы тұрғысынан мемлекеттік басқаруды және мемлекеттік қызметтің ұйымдастырылуын жетілдірудің негізгі бағыттарын түсіну.

Сонымен «Мемлекеттік қызмет» курсын Қазақстан Республикасында мемлекеттік қызметтің ұйымдастырылуы мен қызмет етуінің ұйымдастырушылық-құқықтық негіздерін, оның мақсатын, міндеттері мен функцияларын, мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік қызметшілер институтының тиімді қызметінің критериилерін, мемлекеттік қызметтің қоғаммен өзара байланысының нысандары мен қағидаларын оқытатын пән ретінде анықтауға болады.

«Мемлекеттік қызмет» курсын оу шартты түрде екі өзарабайланысты бөліктерге бөлінген, ол материалдарды игеруге көмектеседі. Аталған курс шеңберінде мемлекеттік қызметтің ерекше және арнайы түрлерінің қызмет етуімен байланысты сұрақтар қарастырылмайды. Себебі оны студенттер мына оқу пәндерінде: «ҚР Құқық қорғау органдары», «ҚР Кеден ісі», «Прокурорлық қадағалау» және т.б. оқытылады.

«Мемлекеттік қызмет» курсын оқу барысында танымдық әдістер қолданылады. Аталған жағдайда әдіс келесі мағынада пайдаланады: мемлекеттік-құқықтық тіршіліктің зерттелетін құбылыстарына тәсілдері, жолдары, оларды объективтік зерттеу мен сипаттау амалдары.

Мемлекеттік басқару мен мемлекеттік қызмет саласында туындайтын үрдістерді талдау көптеген ғылыми әдістерді қолдануды талап етеді. Олардың жиынтығы зерттеудің әдістемесін құрайды. Студенттер «Мемлекеттік қызмет» курсын оқу барысында мемлекеттік қызметтен туындайтын үрдістерді зерттеудің маңызды әдістерін қысқаша қарастырып өтейік.

Мемлекеттік қызметті оқу әдістемесінің негізінде философия жатыр. Ол мемлекеттік қызметті мән мен құбылыс сияқты, саны мен сапасы, нысаны мен мазмұны, абстрактілі және нақтылы, объективтік және субъективтік және басқа да категориялар арқылы зерттеуге жәрдемдеседі.

Мемлекеттік қызметтің қызмет етуін оқып, зерттеуде танудың диалектикалық-материалистік әдісі қолданылады. Тану әдісіне орай мемлекеттік қызмет дамып келе жатқан құбылыс ретінде қарастырылады. Мұның негізінде қоғамда және мемлекеттік қызметте пайда болған қарама-қайшылықтар жатыр. Бұл жерде, әңгіме, қоғам мен жекелеген азаматтардың және мемлекеттік қызмет институтының арасында туындайтын қарама-қайшылықтар жайлы болып отыр. Бұл қайшылықтарды шешу жүйелі түрде мемлекеттік қызмет институтының үнемі жетіліп тұруына қажеттілікті негіздейді.

Пәнді оқыту барысында зерттеу объектісін ашып көрсететін жүйелілік тәсілі қолданылады. Ол мемлекеттік қызметті өзінің мақсаты, міндеті, функциялары бар жүйе ретінде қарастыруды талап етеді. Мұндай жүйелілік тәсілі студенттерде мемлекеттікқызметсаласындабаржәнетуындайтын көптеген элементер мен қатынастар туралы жинақталған көзқарастарды қалыптастырады.

Тарихи әдісті қолдану Қазақстан Республикасында мемлекеттік қызметтің  қалыптасуы мен дамуының негізгі кезеңдерін анықтауға мүмкіншілік береді. Салыстырмалы әдісті қолдану студенттерде мемлекеттік қызметтің қызмет ету қазақстандық және шетелдік тәжірибе тұрғысынан, оның позитивтік және негативтік жақтарын қарастыра отырып, қазақстандық қоғамның мәдениетін, дәстүрін, ерекшеліктерін ескере отырып талдау қабілетін қалыптастырады.

Аталған пәнді оқу барысында тыңдаушылар мемлекеттік қызметтің мәселелері бойынша әкімшілік-құқықтық ғылымда және мемлекеттік басқару теориясында қалыптасқан түрлі ғылыми бағыттар мен көзқарастарды білуі тиіс. Ғылымның кез келген ішкі жүйесі мен сәйкес оқу пәні сәйкесқұқықсаласыныңішкіжүйесінескереотырып құрылады. Бұл құқықтық институттар мен құқық саласының ішіндегі нормаларға ғылымдағы және пәндегі тақырыптар мен тараулардың сәйкес екендігін көрсетеді. Ғылымның жүйесі мен оқу пәнінің бірі-бірінен өзгешелігі болуы керек, олар бірдей болмайды және болмауы қажет. Ғылым ретіндегі мемлекеттік қызмет институтының оқу пәні ретіндегі мемлекеттік қызмет институтының негізгі ерекшелігі мынада: Ғылымда дәлелденгендерден басқа, әлі дәлелденбеген гипотезалар, көзқарастар, пайымдаулар, бағалаулар, ұсыныстар және т.б. орын алады. Олардың көбі мемлекеттік қызметтің шынайы тәжірибесінен алыс болуы мүмкін не мүлдем қате болуы мүмкін. Әрине оқу үрдісінде олар тек аталып қана кетуі мүмкін. Онымен қоса, біздің ойымызша заңның реттелуінен және құқық қолданушылық тәжірибеден тыс қалып қалған ескі не қате ережелер орын алмауы керек.

«Мемлекеттік   қызмет» пәнін оқыту үшін тиісті әдебиеттер мен нормативтік-құқықтық актілерді оқып, зерттеу қажет. Соңғы уақыттарда мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша қазақстандық заң ғылымында ондаған монографиялар, оқулықтар және оқу құралдары, жүздеген ғылыми мақалалар жарық көрген. Мемлекеттік қызмет оны құқықтық институт ретінде құрайтын, құқық нормаларымен реттеледі. Ол ҚР Конституциясынан,  1999  жылғы  23  шілдедегі

«Мемлекеттік қызмет туралы» ҚР заңынан, мемлекеттік қызметке тұру, атқару, тоқтатылу шарттары мен тәртібін, ынталандыру мен жауаптылық шараларын, мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік және құқықтық қорғалуын және мемлекеттік қызметтің басқа да мәселелерін анықтайтын өзге де норматитвтік-құқықтық актілерден тұрады. Осы салдағы негізгі заң болып табылатын 1999 жылғы 23 шілдедегі «Мемлекеттік қызмет туралы» ҚР заңы жекелеген мемлекеттік органдарда мемлекетік қызметтің ерекшеліктерін анықтап бере алмай отырғандығын атап кеткен жөн. Сондықтан оның тек қолданылуына мән бермеу керек. Арнайы мемлекеттік органдарда мемлекеттік қызметтің реттелу ерекшеліктері өзге де заң актілерімен белгіленеді. Мысалы, 2011 жылы 6 қаңтарда қабылданған «Құқық қорғау қызметі туралы» ҚР № 380-IV Заңын айтсақ болады.

2011 жылы 21 шілдеде Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығымен «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметінің жаңа моделі тұжырымдамасының» қабылдануына байланысты қазіргі кезде Қазақстанның мемлекеттік қызметі саласында қолданымдағы заңдарға және «Мемлекеттік қызмет» курсының оқу бағдарламасына мәнді өзгерістер енгізуді қажет етуді талап ететін әжептеуір өзгерістер күтілуде.

 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.