Заманауи қазақ қоғамында діннің ықпалы орасан зор екені осы уақытқа дейін болып өткен экстремизмдік əрекеттер мен қоғамдағы діни жағдайдың тұрақсыздығын бір дəлелдеп өткендей. Бүгінгі күнде Қазақстанда 4551 діни бірлестіктер бар (салыстырмалы түрде: 1990 жылы олардың саны 670 болған.). Қазақстан халқының көпшілігі дінді этникалық мəдениет пен ұлттық дəстүр деп қарастырады. Дəстүрлі діни институттардың ықпал ету аясы кеңейіп, халықтың діни əсерді қабылдау деңгейі өсуде, діни ұйымдардың əлеуметтік қызметі күшейіп, діни ілім рөлі өріс алуда, діни миссионерлердің қызмет белсенділігі қарқындауда. Осы факторлардың барлығы заманауи қоғамға діннің əсерін күшейте түсетіні күмəнсіз.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ə. Назарбаев «Елдегі діни-экстремистік идеологияның элементтерін, азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін, конституциялық құрылымға қол сұғушы əрекеттердің қатаң түрде алдын алу қажет» [1] деп қадап айтқан болатын.
Қазақстан Республикасының Конституциясының 1 бабында «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық жəне əлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы – адам жəне адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» [2] делінген.
Біздің мемлекетте құрамында мұсылмандар, православтар, католиктер, протестанттар, буддистер жəне иудейлер бар түрлі конфессия өкілдері өмір сүреді.
1992 жылы 15 қаңтарда, яғни тəуелсіздік алғаннан соң екі айдан кейін қабылданған «Діни сенім бостандығы жəне діни бірлестіктер туралы» [3], ең бір либералды (ымырашыл, бос) заң болып табылады. Көпконфессионалды қазақстан қоғамында дін мен халықтың діндарлық деңгейін дамытуға қолайлы жағдай жасалды. Сəйкесінше шетел миссионерлері, түрлі конфессия мен діни ағымдардың өкілдері осы жағдайды өздеріне оңтайлы қолдана білді. Қызметі күмəн тудыратын, адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін, жалпы қоғам бүтіндігін бұзатын деструктивті ағымдардың елімізге енуіне толық мүмкіндік жасап бердік.
Қазақстанда бірнеше рет діни экстремизмнің ауыр нысандары көрініс тауып, сəйкесінше экстремистік топтар мен ағымдар тікелей мемлекетке қауіп төндіре бастады. Осыған байланысты мемлекет пен қоғамға осындай ақиқатты қабылдауға жəне шұғыл түрде тиісті жауап қайтаруға тура келеді. Жəне бұл ситуативті жауап беру емес, жағдайды бүтіндей жаңа стратегиялық бағыт ретінде қарастырып, привентивті шаралар қабылдануы керек.
Қазақстандағы мемлекеттік-конфессионалдық қатынастар үлгісі мемлекеттің конфессияларға қатысты бейтараптылық танытуына негізделген, барлық діндер тең құқықтар мен мүмкіндіктерге ие, түрлі сенімдегі адамдар арасында өзара сыйластық қатынастар орнатылған. Осы қағидаларды қалтықсыз ұстану нəтижесінде мемлекеттің тəуелсіздігін алудағы тарихи өтпелі кезеңде қазақстандық қоғамның бүтіндігі сақтала білді.
Бүгінде аталып кеткен үлгінің əрі қарай жетілдіру қажеттілігінің артып келе жатқанын сезінеміз. Қазақстан қоғамы ішінде діннің Халықаралық мəдениет жəне дін орталығының тапсырысыбойыншажүргізілгенəлеуметтісауалнамасы деректері бойынша қазақстандықтардың көпшілігін қалыптасқан діни сенімдегі адамдар деп айтуға болады. Тəжірибелі сенушілер, яғни жоғары діни сенімдегі адамдар салыстырмалы түрде көп емес – 7-8 пайызды құрайды, алайда кеше ғана атеизм билік құрған қоғамнан шыққан ел үшін бұл сандар тіпті қорқынышты көрінеді. Əсіресе біздің елдегі сенушілердің көпшілігінің жастар екенін, сондай-ақ ұрпақтардың табиғи ауысы үдерісін ескерсек.
Осыған байланысты мемлекет маңызды шаралар қабылдай бастады. Біріншіден, 2011 жылы қазанайында«Діниқызметжəнедінибірлестіктер туралы» [4] жаңа заңның қабылданғанын айта кету керек. Осы заңға сəйкес діни ұйымдардың барлығы 1 жыл көлемінде қайта тіркеуден өтуі қажет еді. Мұндай норманы енгізудің басты мақсаты – діни бірлестіктердің қызметі мемлекет жəне қоғам үшін ашық, айқын ету. Осы күнге дейін бұл талап дұрыс сақталмай келген еді жəне соңынан орасан үлкен мəселелер туындатты. Сонымен қатар, аталған норманы енгізудің басты себептерінің бірі – біздің менталитетімізге, дəстүрімізге, мəдениетімізге жат, дінді жамыла отырып өзінің құқыққа қайшы əрекеттерін жүргізетін деструктивті діни ұйымдардан азаматтарымызды қорғауды заңи түрде бекіту еді.
Дегенмен, мұндай түрдегі сұрақтарды шешумен қатар, бүгінде біздің алдымызда ірі көлемдегі міндет тұр – қазақ мемлекетінің конфессионалдық саясаты қандай стратегиялық мақсаттарды көздеуі тиіс, қай жаққа қарай қозғалуымыз керек, соны анықтап алуымыз керек. Жалпы алғанда осының өзі біздің мемлекеттік конфессионалдық қатынастар үлгімізді жетілдіру жəне дамытуды білдіреді.
Осы мəселені анықтау барысында, əлемдік тəжірибеге қызығушылық танытуымыз заңды сияқты. Əсіресе біздің назарымызды зайырлы мемлекеттік құрылымдағы Түркия жəне Малайзия сияқты мұсылман елдері аударады. Ал батыс үлгілерінің ішінен екі «классикалық» – американдық жəне француздық үлгілер көңіл аударарлық.
Осы үлгілерге нақтырақ тоқтала кетсек. Зайырлы мемлекеттің түрік үлгісінің ерекшелігін олардың заңнамаларының толықтай еуропалық сипатта болуымен, сондай-ақ діни бірлестіктерді мемлекеттендірумен түсіндіруге болады.
Түрік дін істері жөніндегі Басқарма – мəртебесі министрліктерден де жоғары тұратын əлеуетті, мемлекеттік құрылым болып табылады. Түрік имамдары мемлекеттік қызметкер мəртебесіне ие болып, мемлекет тарапынан əлеуметтік қолдау көріп отырады.
Елде мемлекет қаржыландырып отыратын діни оқу орындар жүйесі, сондай-ақ ірі ЖОО жанында теологиялық факультеттері бар. Соның арқасында діни сауаттылық деңгейі өте жоғары. Түркия елінің 97% мұсылмандары діни істер жөніндегі Басқармаға үлкен сенім білдіреді. Діни сауаттылық пен діни экстремизмнің алдын-алуды қамтамасыз ету мəселесі бойынша Түркия елінен көп нəрсе үйренуге болады. Алайда олардың үлгісін толықтай көшіріп ала алмаймыз. Өйткені Түркия – моноконфессионалды ел болып табылады, мұсылмандар халықтың 98 пайызын құрайды. Түрік үлгісінде дін мемлекетпен өте тығыз байланыста.
Малайзиялық үлгіге келетін болсақ, моноконфессионалды Түркияға қарағанда этноұлттық жəне конфессионалдық қатынаста гетерогенді қоғам ретінде көрініс табады, жəне бұл жағынан Малайзия Қазақстанмен ұқсас болып келеді. Ислам Малайзияда ресми мемлекеттік дін болып есептелгенімен, мемлекеттің өзі зайырлы болып табылады, өйткені елдің барлық діни қоғамдарына ішкі автономиясының мүмкін болатындай деңгейіне жағдай жасап, плюрализм саясатын ұстанады, яғни қоғам өмірінің бірқатар салалаларында аралас қатынастық жүйе қолдануға дейін осындай жолдар қарастырылған. Тіпті Малайзияның кейбір штаттарында ресми түрде шариғат пен əдет (дəстүрлі құқық) заңдары əрекет етеді. Сонымен қатар заманауи Малайзияның саяси идеология құрылымында ислам маңызды орын алады. Мысалы, малайзиялық «экономикалық ғажайып» «Islam Hadhari» («Өркениетті Ислам» тұжырымдамасы қағидасының негізінде құрылған.
Алайда Малайзиялық үлгі, түрік үлгісі секілді біз үшін зерттеу объектісі ғана болып қалу керек сияқты, өйткені ең алдымен федеративті Малайзияға қарағанда Қазақстан бұртұтас мемлекет болып табылады. Бір жағынан алып қарағанда Малайзия халқының діншілдік деңгейі бізге қарағанда тіптен жоғары. Қазақстан қоғамы мүлдем басқа жəне тарихи жолы да дара, өзгеше. Егер батыс елдерінің тəжірибесін алып қарасақ дін мен мемлекеттің өзара қарымқатынас үлгісінің ең танымалдары деп американдық жəне француздық түрлерін атауға болады. Американдық үлгі, индивидтің өзін-өзі жүзеге асыруда абсолютті құқық басымдылығын білдіреді, жəне діннің кез-келген нысанына, оның барлық сыртқы көрінісіне толық бостандық, еркіндік береді. Басқа жағынан алғанда осы үлгі біздің саяси мəдениетімізге тіптен жат пікір білдіру бостандығының көрініс табуына мүмкіндік береді. Мысалы жария түрде Құранды өртеп жіберу тек өртке қарсы ережелерді бұзғаны үшін əкімшілік айыппұл төлау жазасымен ғана шектеледі. Бұл жəй ғана азаматтың өз еркін білдіру бостандығы деп қарастырылады.
Ал мұндай жағдайлар біздің менталитетіміз бен дəстүрімізге жат.
Француздық үлгі – американдық үлгіге қарама-қарсы болып табылады. Мұнда дін мемлекеттен қатаң түрде ажыратылады. Тіптен мемлекеттік мекемелер мен оқу орындарында діни рəміздер белгілерінің болуына тыйым салынады. Біздің талаптарда аталған үлгіні де көшіріп ала алмаймыз. Мəселе дінге сенушілер мен мемлекет арасында болуы мүмкін шиеленісте ғана емес, мұнда мəселе тереңде жатыр. Мемлекет пен дін қатынасындағы француз үлгісі саяси ұлттың құрылуындағы қатаң əдістер қай кезде де жаппай бір тіл мен бір мəдениетті енгізумен ұштасып отыруымен сипатталады. Біздің жағдайда бұл тым айқын көрінеді.
Бір сөзбен айтқанда, біздің алдымызда қазіргі қазақстандық қоғам ақиқатында мемлекеттікконфессионалдық қатынастардың өзіндік үлгісіне бейімделу мақсаты тұр.
Қазіргі уақытта мемлекеттік-конфессионалдық қатынастардың қазақстандық үлгісін жетілдіру бойынша бірқатар кешенді жұмыстар жүргізілуде. Бұл жұмыстардың бастамасы болып 2011 жылы қабылданған жаңа “Діни қызмет жəне діни бірлестіктер туралы” [4] заңды айтуға болады. Одан кейін атқарылған ісшаралардың ішінен 2011 жылы аяғындағы діни істер жөніндегі агенттіктің қатысуымен болған Қазақстан дінтанушыларының бірінші форумын айтуға болады. Осы форумда Қазақстан дінтанушыларының Конгресі құрылды.
Осы жылдың мамыр айында “Діни бірлестіктер жəне дін ұстану еркіндігі сұрақтары бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” Заң жобасын қабылдауы маңызды қадам болып табылды. Бұл заң жобасы дəстүрлі емес діни-мистикалық секталар қызметіне шектеулер қоюды, сондай-ақ шетелдік миссионерлік қызметтерге қатысты ережелерді қатаңдандыруды көздейді.
Бұдан басқа мемлекет тарапынан 2012-2014 жж. республикалық бюджет жобасында діни экстремизммен күреске 2012 жылы 12,9 млрд теңге бөліну көзделген. ІІМ ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге 24,8 млрд теңге оның ішінде діни экстремизммен күреске 12,9 млрд. теңге бөлінген. ІІМ қатар діни экстремизммен күреске шығындар президент күзетшілері қызметін қаржыландыру да көзделеді.
2011 жылы қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін бюджеттен: ҚР ІІМ 1,2 млрд. теңге, ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне 0,9 млрд. теңге [5] бөлінген болатын.
Қазақстан Республикасының мемлекеттікконфессионалдық қатынас үлгісін жетілдірудің негізгі басым қағидасы ол зайырлылықты сақтау болып табылады. Əлемде зайырлылықтың түрлі нысандары бар. Біздің мақсатымыз өз бағытымызды дұрыс таңдау. Мұның өзі қоғам өмірінің қай саласында дін елеулі біріктіруші бастама ретінде өзін көрсете алатынын анықтау қажет. Діннің ішкі жəне жаһандық əлеуметтікэкономикалық қозғалыстармен туғызылған көптеген үдерістерді жұмсартуға қабілетті өнегелік əлеуетін əрекетке қосуды да ескергеніміз жөн.
Діни бірлестіктер түріндегі дін мен мемлекет мүдделерінің тұрақты тепе-теңдігін қамтамасыз ету біз үшін стратегиялық маңызды болып табылады. Ол үшін діни радикалдылыққа жол берілмейтіндей етіп қатынас жасау қажет.
Қатынастардың жаңа үлгісі қоғамның санасы мен жүріс-тұрысында деструктивті діни идеологияға қарсы иммунитет қалыптастыруы қажет. Осыған байланысты жаңарған үлгінің сипаты барлық халықтың діни сауаттылығын айқындап тұруы керек. Мұның барлығы үлгіні жетілдірудің негізгі бағыттары болып табылады, ал оларды толыққанды өңдеу мемлекеттік органдар мен діни бірлестіктердің бірлесіп, белсенді жұмыс жасауын қажет етеді. Сондай-ақ сарапшылар қауымдастығының қатысуы да маңызды болып табылады – мұнда тек дінтанушылар, əлеметтанушылар мен саясаттанушылар ғана емес, сонымен қатар ғылымның сабақтас салаларының барлық өкілдері қатысу қажет етіледі.
Қорыта келе жоғарыда айтылып кеткен шет мемлекеттердің мемлекеттік конфиссионалдық қатынастарын талдай келе, экстремизм мен терроризм құбылыстарының алдын алуға бағытталған бірнеше кешенді шараларды бөліп айту керек. Бірінші кезекте құқық қолдану тəжірибесіне қатысты. Мұнда экстремизмнің қылмысты акцияларын орындаушылар мен ұйымдастырушыларды ғана жауапкершілікке тартып қоймай, сондай-ақ оның рухтандырушыларын, шабыттандырушыларын да қоса жазалау керек. Қоғамда бейбітшілікке, гуманизм мен толеранттылықты қалыптастыруға бағытталған идеяларды қарастыратын идеологиялық күреске де маңызды рөл беріледі. Ерекше назарды ағартушылық жұмысқа аударуымыз керек, бұл мəселеге ғылыми қоғамды, діни бірлестік көшбасшыларын жəне экстремизм қауіптілігін хабарлайтын БАҚ өкілдерін тарту қажет. Соңында айта кетеріміз, экстремизмге қарсы тұрудың маңызды факторларының бірі болып дін мен экстремизмнің өзара қарым-қатынасын теріске шығару табылады.
(Қазақстан Республикасында діни экстремизммен күресудің нормативтік құқықтық реттелуі тақырыбы бойынша № 1337 грантты қаржыландыру шеңберінде жазылған)
Əдебиеттер
- Назарбаев Н.Ə. Необходимо жестко пресекать распространение в Казахстане религиозного экстремизма. http://newskaz.ru/ society/20121212/4445972.html
- Қазақстан Республикасының Конституциясы: Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 мамырдағы № 254-III Заңымен өзгертулер мен толықтырулар енгізілген ресми мəтін. – Алматы: Жеті жарғы, 2007. – 136 бет
- Діни сенім бостандығы жəне діни бірлестіктер туралы 1992 жылғы 15 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңы // Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1992 ж., № 4, 84-құжат.
- Діни қызмет жəне діни бірлестіктер туралы 2011 жылдың 11-ші қазандағы Қазақстан Республикасы Заңы// Егемен Қазақстан.–15 қазан.
- На борьбу с религиозным экстремизмом в 2012 году будет выделено 12,9 млрд тенге http:// www.nomad.su/?a=3-201109130030