«Қазақстандық патриотизм – Қазақстан Республикасының өмірі мен дамуындағы түбегейлі принциптердің бірі. Оның сан қырлы мазмұны Республика азаматтарының өз Отаны Қазақстанға деген көзқарасында, олардың Қазақстанмен генетикалық, тарихи жəне құқықтық байланысын білдіретін терең əлеуметтік-психологиялық сезімінде, оның дамуы мен əлемдік бірлестігі беделенінің арта түсу игілігіне бағытталған өз істерінде тікелей паш етілетін сүйіспеншіліктері мен сыйқұрметтерінде жатыр. Қазақстан патриотизмнің бөлінбес элементі тарихи қалыптасқан дəстүрге айнлаған достық пен өзара түсіністік, Республикада тұратын сан алуан ұлт өкілдерінің ерекшеліктері мен салттарына деген сыйқұрмет болып табылады.
Қазақстан патриотизмі көзсіз емес, сондайақ өзіне, айналадағы шындыққа сын көзбен қарау қабілетіне ие, Қазақстанның гүлденуі жолындағы кедергілердің бəріне шешімді тойтарыс бере алады. Ол тарихи ескерткіштер мен қазақ жерінің мəдени жетістіктерін сақтап, еліміздің табиғи байлығына ұқыпты қарау, өзінің еркі-жігерін Отан мен отандастары алдындағы азаматтық борышына саналы түрде жұмылдыру парыздарын да айналып өте алмайды. қазақстан патриотизміне тəн сипатіргетас елдердің халықтарымен қатынастағы бейбітшілікті сүюшілігі жəне халықаралық құқықтық принциптері мен нормаларына деген сый-құрметі» [1, 32-34 б]. Қазақстандық патриотизмді қалыптастыруда мемлекеттік дəрежеде көптеген іс-шаралардың атқарылатын кезеңі туғандай тəуелсіздік алғалы бері, бірнеше жылдар өтсе де, əлі де болса, халық ішінде тұтастық, отанға деген сүйіспеншілік шынайы сезіле қоймайтындай. Осы жерде М.Н. Маяузовтың мына ойы орынды болып көрнетіндей: «Ал қазақстандық патриотизмнің астарында «Қазақстан кімнің мемлекетіқазақтардың ба,əлде қазақстандықтардың ба? – деген сауал тұр. Жауап: Қазақстан – елді мекендеуші қазақ ұлты мен қазақ халқының жері болғанымен, мазмұны жағына демократиялық – құқықтық, азаматтық қоғамды құруға бағыт алып отырған Отанымыз көпұлтты. Қай ұлт өкілі болмасын олар Қазақстан Республиксының тең құқықты азаматы, қазақстандық. Бұл кез-келген дамыған демократиялық əлемдік мемлекеттерге тəн қасиет. Францияфранциялықтардың, АҚШ-американдықтардың Отаны» [2, 149 б]. Қазақстанда Республикасының Президентінің 23 мамыр 1996 жылы №2995 Жарлығымен мақұлданған Қазақстан Республикасының мемлекеттік сəйкестілігін қалыптастыру тұжырымдамасында қазақстандық патриотизм туралы былай деп айтылған: «Қоғамда Қазақстан – біздің ортақ Отанымыз деген ұғым түпкілікті орнығуы қажет. Қандай ұлттың өкілі болғанына қарамастан, достық, татулық пен келісім ахуалын орнықтыруға жəрдемдесу-əрбір азаматтың борышы. Көптеген елдерде асқақ қойылатын отаншылдық рухы мемлекетті нығайтуға, қоғамды өз мемлекетіне деген мақтаныш сезімі, өз азаматының мүддесін кез-келген уақытта, оның қайда жүргеніне қарамастан, қорғай алатын қабілетіне деген сенімі, мемлекеттік нышандарға деген аялы көзқарас салтанат құратындай етіп, топтастыруға жəрдемдеседі. Мұндай дəстүрлерді біздер қазақстандықтар да қабылдап алып, азаматтарымызды сəби кезінен бастап, отансүйгіштік рухта тəрбиелеуіміз керек» [3, 3 б]. Əрине, бұл талап осы уақытқа дейін жүйелі түрде орындала қойған жоқ. Біздің ойымызша, қазақстандық патриотизмді көтеру үшін мемлекеттік тілді дамытуымыз қажет. Сонда ғана, елімізде тұратын бірнеше ұлт өкілдерінің отанға деген сүйіспеншілігін көтере аламыз. Тіл қай қоғамда болмасын, маңызды роль атқарады.
Еліміздің белгілі философы Д. Кішібеков ұлттық идеяға қатысты еңбегінде былай дейді: «Известно, что язык – душа народа, его кровь, придающая ему силу. Почему поэты – вдохновенный народ? Потому что, они живут в атмосфере родного языка. Язык не только средство общения между людьми, но и его дух сущность, история и культура. Верно говорят: язык – материальная форма существования мысли. Язык может проявляться в виде звуковой речи, внутренней речи, условного знака, символов, но при всех условиях он является проявлением мысли. Отторженной от материального (предметного) проявления мысли не существует» [4, 198 б]. Қазақстан жағдайында мемлекеттік тілдің жағдайы сын көтермейді деп айтсақ болады. Мемлекеттік тілді мемлекеттік тілге жеткізу үшін оны мемлекеттік кеңсенің тіліне айналдыру қажет. Оны біз тездетіп жүзеге асырмасақ, Қазақстанда мемлекеттік тілге деген нигилизмнің орныған қаупі де болуы мүмкін. Осы жерде мемлекеттік тілге байланысты Ж.Д. Бусурмановтың мына ойы ойландыратындай: «Но именно казахский язык сегодня испытывает, и будет испытывать сужение сферы своего применения в управлении страной в экономике, в международных экономических и торговых отношениях, которые Казахстан осуществляет с другими странами. И это диктуется не желанием самого Казахстана и его народа, а исключительно логикой абсолютного прагматизма – спросом пользуется тот язык, который обеспечивает большую оперативность и удовлетворяет потребности экономического оборота. На мировом уровне таким языком является английский, а на региональном – русский языки» [5, с 245].
ҚазақстанРеспубликасындамемлекеттіктілді дамытатын заңнамалық база қалыптастырылған соған қарамастан, тіліміз мемлекеттік дəрежеге көтеріле алмауда. Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы 11 шілде 1997 жылғы заңның 4-бабында мемлекеттік тіл туралы былай делінген:
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік тіліқазақ тілі. Мемлекеттік тіл – мемлекеттік бүкіл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу жəне іс қағаздарын жүргізу тілі.
Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттік тілді меңгеру-Қазақстан Республикасының əрбір азаматының парызы.
Үкімет, өзге де мемлекеттік, жергілікті өкілді жəне атқарушы органдар: Қазақстан Республикасында мемлекеттік тілді барынша дамытуға, оның халықаралық беделін нығайтуға; Қазақстан Рсепубликасының барша азаматтарын мемлекеттік тілді еркін жəне тегін меңгеруіне қажетті барлық ұйымдастырушылық материалдық-техниалық жағдайларды жасауға; Қазақ диаспорасына ана тілін сақтауы жəне дамытуы үшін көмек көрсетуге міндетті» [6, 10 б]. Бұл баптың талабы осы уақытқа дейін өз деңгейінде жемісін бермей отыр. Осы жерде жалпы еліміздегі тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында көрсетілген тілдерді дамытудың жай-күйіне көңіл бөліп, қарайтын болсақ: «1997 жылы «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заң қабылданған сəттен бері жəне Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 5 қазандағы №4106 Жарлығымен бекітілген Тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасын 19982000 жылдар аралығында іске асыру барысында қоғамдық өмірдің барлық негізгі салалары тіл құрылысы процестерінің одан əрі кеңеюі мен тереңдеуі үшін алғышарттар жасалды. Бұл мемлекеттік органдар, ұйымдар мен тұтас қоғамның үйлестірген, мақсатты күш-жігерінің нəтижесі болды.
Қазіргі уақытта елде тілдер қолданысының дамуын табысты іске асырудың құқықтық негіздері қалыптасты. Тіл құрылысының үрдістері қоғамда түсіністік пен қолдау тауып отыр.
Мемлекеттікоргандаржүйесіндемемлекеттік тілдің талап етілу үрдісі байқалуда. Бұл орайда қазақ халқы басым тұраын аймақтарда біршама айтарлықтай нəтижелерге қол етті. Бұл, ең алдымен, Атырау, Қызылорда, Маңығстау, батыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан обылстарынап тəн. қазақстанның Срлтүстік, Орталық жəне Шығыс облыстарында да мемлекеттік тілді дамыту бағытында белгілі бір деңгейде жұмыс жүргізілуде. Орталық атқарушы органдардың мемлекеттік тілді қолдану аясын кеңейтуге бағытталған нысаналы жұмыстарының арқасында оның талап етілуінің өсу үрдісі байқалады. Көптеген мемлекеттік органдар мен ұйымдарда іс қағаздары екі тілде-мемлекеттік жəне ресми тілде жүргізіледі.
Алайда, қол жеткен нəтижелерге қарамастан, мемлекетітк органдарда мемлекеттік тілдің əлеуетін іске асру деңгейі əлі де төмен екенін атап өту қажет. Мемлекеттік қызметшілер арасында мемлекеттік тілді еркін меңгерген мамандар аз. Сол себепті бағдарламаны іске асыру барысындағы басты міндеттің бірі білікті кадрлар даярлау болып табылады.
Қазақстан республикасының Қарулы Күштері жүйесіне мемлекетітк тілді енгізу процесі басталды. Қазіргі заманғы қазақ əскери терминологиясының қалыптасу процесі жүріп жатыр. Алайда, əскери құрамаларда күнделікті қызметтік міндеттерін орындау барысында мемлекетітк тілдің қолданылуы шектеулі күйде қалып отыр. Бұл жерде негізгі күш-жігерлі арнаулы əскери лексиканы қалыптастыру мен мемлекеттік тілді оқытуға жұмсау қажет.
Білім беру жүйесінде мемлекеттік тілдің рөлі біртіндеп артып келеді. Білім жəне ғылым министрлігінің мəліметі бойынша, 1999-2000 оқу жылында, Республика мектептеріндегі 3,5 миллион оқушының, 1,6 миллионы (50,6 %)қазақ тілінде, 1,5 миллионы (45%)-орыс тілінде, 80 мыңы (2,3%) -өзбек тілінде, 23 мыңы (0,6%) ұйғыр тілінде, 2,5 мыңы (0,07%)-тəжік тілінде жəне мыңнан астамы басқа тілдерде оқыды. Қазақ тілінде оқытатын мектептердің жалпы саны біртіндеп өсіп, 2000 жылы республикадағы мектептердің жалпы санының 43% (7910) шамасына жеткенімен, олардың аймақтар бойынша, сондай-ақ қала-ауыл схемасы бойынша бөлінуі біркелкі емес. Бұдан басқа қазақ тіліндегі сыныптардың тепе-теңдігі сақталмауына байланысты тиісті тілдік ортадан бөлініп қалған «аралас мектер» деп аталатын мəселе де бар. Оның үстіне қазақ тілінде оқытатын мектептердің көпшілігі дəріс берудің жоғары жеткіліксіз деңгейін көрсетуде. Басқа тілдерде оқытатын мектептер туралы да осындай жайды атап өтуге болады. Едəуір толымды оқу-əдістемелік əлеуметі қалыптасқан орыс тілінде оқытатын мектептерде бұл проблемалар соншалықты өзекті болып отырған жоқ.
Егер мемлекеттік тілде білім беретін мектептер саны біртіндеп өсіп келе жатса, мектеп жасына дейінгі балалар саны азайып барады. Олардың саны 2000 жылы еліміз бойынша осы тектес ұйымдардың жалпы санының 25%-нен (1158) асқан жоқ. осылайша неғұрлым тілді қабылдауға бейім ұрпақ тілдік қатынастарды мемлекеттік реттеу саласынан сырт қалуда.
Республиканың бастауыш жəне орта кəсіптік оқу орындарында 200 мамандық жоғары оқу оырндарында 75-тен астам мамандықты оқыту мемлекеттік тілде жүргізіледі. Қазақ тілінде оқыту бөлімдерінде оқитын студенттердің саны 2000 жылы барлығы 32% (85300) құраса, орыс тіліндегі бөлімдердегі студенттердің саны 68% (181000) құрайды. Қазақ тілінде оқыту бөлімдерінің жалпы алғанда өсуіне қарамастан, осы тілде оқытылатын мамандықтар санын көбейтуге назар аудару керек. Мəселен, 19981999 оқу жылынан бастап еліміздің жоғары жəне орта арнаулы оқу орындарына «Мемлекеттік тілде іс жүргізу» атты жаңа мамандық енігізілді. Мемлекеттік тілді оқытуда сабақ жүргізудің жаңа жеделдетіп оқыту əдістеріен əзірлеу, дыбыс-бейне материалдарды, компьютерлік технологияларды пайдалану нəтижесінде үлкен мүмкіндіктер көзі ашылуда. Осылашй, бүгінгі күні орталық атқарушы органдарда мемлекеттік тілде электронды құжат айналымын қамтамасыз ету жөнінде компьютерлік бағдарламалар əзірленіп, орнатылды, сканер арқылы компьютер қаріптерін тануды, қазақ тілінде дұрыс жазылуын тексеруді, мəтіндерді қазақ тілінен орыс тіліне, орыс тілінен қазақ тіліне автоматты түрде аударуды қамтамасыз ету жөнінде бағдарламалар əзірленді.
Мемлекеттік тілдің алдында тұрған маңызды мəселелердің бірі, оның жаңа əлеуметтік-мəдени болмысы бейнелеудегі мүмкіндіктерін кеңейтудің қажеттігі болып отыр. Бұл бағытта нысаналы ғылыми зерттеу жұмысы жүргізілуде. Қазақ тілінің терминологиялық базасын түзу мен жетілдіруге басты газар аударылып отыр. Мемлекеттік терминологиялық комиссия 610 жаңа терминді бекітті, алғашқы рет 31-томдық салалаық терминологиялық сөздіктер шығару жүзеге асырылуда.
Қолданылып жүрген заңдармен айқындалған, республика аумағындағы тарихи атауларды қалпына келтіру мен жүйелеу жер-су мен басқа да атауларды фонетикалық, таңбалық жəне лексикалық принциптерге сəйкестендіру жұмысы жандандырылуда. Осы уақытқа дейін 64 аудан, 8 ұқала, 420 ауыл мен поселке, 680 білім беру, мəдениет, денсаулық сақтау мен басқа да объектілер жаңа атауларға ие болды.
Мемлекеттік тілде қорғалған кандидаттық жəне докторлық диссертациялардың жалпы санының ұлғаюы байқалады. Алайда, олардың саны əлі де көп емес, ол республикада 1999 жылы қорғалған диссертацияның 14%-нен аспайда (1267-нің 174-і).
Мəдениет жəне бұқаралық ақпарат құралдары салаларында мемлекеттік тілді дамытуда белгілі бір дамытуда белгілі бір оң ілгерілеуге қол жетті. Қазақ тіліндегі телехаьрлардың көлемін ұлғайту бағытында айтарлықтай оң қадамдар жасалды. Бұл ретте мемлекеттік тілде хабар тарататын мамандандырылған телеарнаның ашылғанын атап айтуға болады. 2000 жылы 192 телеарнаның басым көпшілігі-144-і екі тілде хабар таратты. Дегенмен, мемлекеттік тілде жəне басқа тулдерде хабар тарату уақытының заң актілерімен айқындалған сандық арақатынасы көп жағдайда сақталып отырған жоқ.
Мемлекеттік басқару органдары жүйесінде, еліміздің Қарулы Күштерінде, халыққа қызмет көрсету, мəдениет пе өнер салаларында ресми қолданатын тілдің тұрғысы дəстүрлі түрде күшті болып отыр. орыс тілінің білім мен ғылымдағы басымдығы сақталуда, оның бұқаралық ақпарат құраладары саласында жетекші тіл болып қалуы жаслғасуда. Мəселен, 2000 жылы елде 2365 орыс тілінде оқытатын мектеп, орыс тілінде оқытатын сыныптары басым 2055 аралас мектеп есепке алынды, орыс тілінде 393 газет, 78 журнал атауы шығарылып, 20 телеарна жұмыс істейді.
Қазақстан аумағында тұрып жатқан, барлық диаспоралар тіліне мемлекет тарапынан көмек көрсетілуде. Ана тілі мен мəдениетін дамыту мақсатында елімізде ана тілін оқытудың жексенбілік мектептер жүйесі құрылған. 19992000 оқу жылында жексенбілік мектептерде 14 тіл ана тілі ретінде оқытылды: корей, ирвит, украин, татар, неміс, түрік, шешен, ұйғыр, армян, əзірбайжан, чуваш, поляк, курд, дұнған тілдері. Жексенбілік мектептер туралы үлгі ереже əзірленді. Оқытудың мұндай түрі өзін жақсы көрсетіп үлгерді жəне келешегі де бар. елімізде диаспоралар тілінде 11 газет шығарылып, 12 тілде телехабарлар жүргізіледі» [6, 17-19 бб]. Міне, айтылыған жағдайлар елімізде мемлекеттік тілді дамытуды қажет ететіндігін көрсетеді. Мемлекеттік тіл қазақ тілін көтеру үшін қазіргі кезеңде тіл туралы заңнамаға мемлекеттік органдарда қызмет атқару үшін мемлекеттік тілді қазақ тілін білуді міндеттейтін норма енгізуіміз қажет. Ол үшін бір жылдай уақыт аралығында қазіргі мемлекеттік қызметшілердің барлығын мемлекеттік тілге үйретуді қамтамасыз ететін ісшараларды қолға алуымыз қажет. Осы уақыттан кейін мемлекеттік тілді меңгеру деңгейі бойынша аттестация жүргізіп, мемлекеттік қызметкерлерді қалдыру мəселесін шешу қажет. Сонда ғана, біздің тіліміз мемлекеттік деңгейге жетеді. Жаңа технологияларды игеруде мемлекеттік тілді кеңінен қолдану бағдарламарын жүзеге асыруымыз қажет.
Сонымен қатар, Қазақстанда патриотизмді көтеру үшін балабақшаларда, мектептерде, жоғарғы оқу орындарында патриоттық үйірмелерді ашып, сол мемлекеттік тұрғыда қолдай түсу керек. Əр түрлі бағытта, мысалы: конституция күніне арналған, тілге арналған, əн ұранға, жалауға, ел таңбаға арналатын тақырыптарда телараналарда хабарларды əрлендіре түсу қажет. Осындай кешенді шаралар ғана отанға сүйгіштікті орнатады деп ойлаймыз.
Əдебиеттер
- Қазақстан Республикасының Конституциясының түсіндірме сөздігі. Алматы: Жеті жарғы, 1996. – 368 б.
- Маяузов М.Н. Қазақстанда отаншылдық сезім қалыптастырудың басым бағыттары // 2007 жылы конституциялық реформаны жүзеге асырудағы Қазақстан Республикасындағы демократиялық институттардың дамуы: Халықаралық ғылыми-тəжірибелік конференцияның материалдары. – Алматы, 2008. – 29ақпан. – 148-153 бб.
- Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 23 мамырдағы №2995 Жарлығымен мақұлданған Қазақстан Республикасының мемлекеттік сəйкестілігін қалыптастыру тұжырымдамасы / Егемен Қазақстан. – 1996. – 29 мамыр. – 3 б.
- Кишибеков Д. Национальная идея (От этнических чувств до идеологии). – Алматы: ДайкПресс, 2007. – 340 с.
- Бусурманов Ж. Д. Евразийская концепция прав человека. – Алматы: КазГЮУ, – 481 с. 6 Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы негізгі заң актілері. – Алматы: Юрист, 2008.– 40 б.