Мемлекет

Өркениет жағдайында қоғамды сипаттайтын маңызды ерекшелік – тəуелсіздікке деген ұмтылыс: біртіндеп нығаятын (үзілістермен, кейін қарай бұрылыстармен, қиыр жолдармен) жеке адамның автономиясы, жеке меншікке негізделген экономиканың тəуедсіздігін, жеке адамның қоғамды басқаруға қатысуы (түрлі формалардағы халықтық билеу).
2011

Мемлекет өзінің əрбір даму кезеңінде əртүрлі өзгерістерден өтеді. Соның нəтижесінде оның функциялары да дамып жəне өзгеріп отырады. Мемлекеттің бір функциясы өмірге келіп жатса екіншісінің мəні жойылып жатады. Сондықтан да мемлекет теориясында функционалдық əдіс бастапқы əдістердің бірі болып табылады. Мемлекеттің жалпы теориясында ең өзекті əрі маңызды сұрақтардың бірі болып оның функциялары табылады. Мемлекеттің мəні мен əлеуметтік тағайынының нəтижесінде мемлекеттің функциясы анықталады.
2010

XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың бас кезі Қазақстанның мемлекет жəне құқық тарихында шешуші əрі тағдырлы кезеңге айналғаны баршаға мəлім. Себебі, Ресейдің империялық саясаты, одан кейін Кеңестік Ресейдің жүргізген реформаларының нəтижесінде Қазақ жерлері, оның ішінде қазақ халқының тозы шығып, бытыраңқылыққа айналдырылған болатын. Кейіннен, 1924 жылы орын алған Орта Азия республикаларын ұлттық-мемлекеттік межелеу науқанының нəтижесінде қазақ жерлерінің қайта қосылуына, ұлттық бірлік болмысын қайта жаңғыртуда, елім, жерім дейтін талай азаматтар дүниеге келді.
2010

Қоғамдық ғылымның кез келген мəселесін қарастыру барысында көптеген ұсақ-түйек сұрақтар мен əртүрлі жан-жақты көзқарастар арасынан қажеттісін іріктеп алу үшін негізгі тарихи байланысты білген абзал — «кез келген сұраққа белгілі құбылыстардың қалай жүзеге асқаны тұрғысынан жəне оның дамуы тұрғысынан қарап, құбылыстың неге айналғанын білуге болады» [1; 7]. Мемлекет мəселелерін зерттеушілер арасында мемлекеттің пайда болу процесіне қатысты бірлік тұрмақ, қауымдастық та жоқ. Мемлекеттің шығу тегіне қатысты жалпы түсініктермен қатар, кейде тіпті кереғар көзқарастар да кездеседі. Кейбіреулердің мемлекеттің пайда болуын терең жəне жан- жақты түсінуге қажетті фактілерді саналы түрде бұрмалайтындығы да рас. Осыған байланысты ХХ ғасырдың басында көрнекті мемлекет танушы Л.Гумплович былай деп жазады: «Егер мемлекет түсінігі саяси бағыттарды көрсетуге, саяси бағдарламаларды мазмұндауға сайылса, саяси құштарлықтардың орындалуына қызмет етсе, онда ол мемлекеттің шығуы таза тарихи акт ретінде бұрмаланғанын білдіреді. Мемлекеттің пайда болу мəселелерін «жоғары идея» деп аталатындардың пайдасына саналы түрде бұру жиі кездеседі» [1; 38].
2012

Мақалада ХХ ғасырдың басындағы қазақ зиялыларының көрнекті өкілдерінің бірі Ə.Н. Бөкейханның іргелі еңбектері қарастырылды. Автор Ə. Бөкейханның экспедициялар, ғылыми топтар ішінде жүріп, түрлі бақылау, сұрау, есептеу, саралау негізінде жазылған зерттеулерін қарастыра отырып, оның отан тарихын зерттеуге қосқан үлесіне талдау жасайды, сонымен қатар ғалымның сол кезеңдегі қазақ халқының өміріндегі тарихи оқиғаларға деген көзқарасын айқындайды. Сонымен қатар Ə.Н. Бөкейханның «Исторические судьбы Киргизского края и культурные его успехи» «Киргизы», «Из переписки хана Средней Киргизской орды Букея и его потомков», «Из бумаг султана Большой Киргизской Орды Сюка Аблайханова», «Из переписки киргизских ханов, султанов и проч.» жəне т.б. зерттеулерін пайдаланa отырып, отан тарихына қатысты мəселелерді көрсетеді.
2016

Мақалада адамды тануда діни антропологияның ерекшелігіне назар аударылып, ол басқа да ілімдермен салыстырылды. Автор адамға деген діни көзқарастардың алуан түрлілігі мен оның өмір сүруінің өзінің көп қырлы екендігін көрсетті. Теологтардың антропологияға деген қызығушылықтары мен діни жəне философиялық антропологияның ара қатынасы туралы пікірталастар келтірілді. Адам туғанда мəнімен бірге тумайды. Ол кейінгі қалыптасуында ғана мəнділікке ие болуы мүмкін деген ойшылдардың ойларымен автор келісетіндігін білдіреді. Адам үшін дүниеде тек тірі ағза болып тіршілік ету, организмдік мұқтаждықтардың шеңберімен шектелу жеткіліксіз екендігі туралы айтқан дана Абайдың адам туралы айтқан ойларын автор ортаға салады.
2015