Ақын

«Өнер алды — қызыл тіл», — деп білген халқымыз ежелден сөз өнерін қадірлеген. Мұралардың ең қымбаты, асылы — сөз өнері. Қазақ халқы қымбат сөздің, киелі сөздің құдіретіне бас иген. Сөз өнерінен аяулы, ардақты өнер жоқ, өйткені ол — ұлтымыздың ақыл-ойы, ар-ожданы, абыройы. Сөз өнерінің негізін, əрине, сөз түзеді. Қазақтың киелі де, қасиетті шешендік өнері «бар өнердің биігі» ретінде саналған. Оған тағы да бір дəлел «Қазақ халқы сөз өнерін жоғары бағалаған. Ол өнердің ұшар биігі де, қоңыр жайсаңы да — біздің қазіргі өміріміз деп білем», — деп жазады ғалым М.Б.Балақаев [1] «Қазақ əдеби тілі» атты еңбегінде.
2011

Шортанбай Қанайұлы шығармаларының келер ұрпақтар үшін бағалы, таптырмас жақтары баршылық. Ең алдымен, ол өз кезіндегі əлеуметтік мəселені тұңғыш рет дерлік тиісті дəрежеге көтере білді. Сонымен қатар бұл мəселені шешуге, өзінің шама-шарқынша жауап беруге ұмтылған əдебиет қайраткерлерінің бірі болды. Ол, бір жағынан, халықтың бай ауыз əдебиетінен, оның тамаша дəстүрлерінен қол үзіп кеткен жоқ. Екінші жағынан — өз тұсында жаңа туа бастаған қазақ халқының жазба əдебиетінің іргесін калау ісіне ат салысты.
2011

Шортанбай Қанайұлы — XIX ғасырдағы қазақ поэзиясының ең көрнекті өкілдерінің бірі. Оның мұрасы күні бүгінге дейін жұртшылыққа жаңсақ немесе жадағай ұғындырылып келді. Бұл түсінікті де. Данышпан жыраудың сөздері елдігінен, мемлекеттік жүйесінен айырылып, отарлық халге түскен арада жұрттың ащы зары, өшпес өкініші, арман-мұратынан нəр алған еді.
2011

Романтизм əдісі əсіресе поэзиялық жанрлардың құрылымынан маңызды орын алды. Өйткені поэзиялық дəстүрдің қуаты жаңа мүмкіндіктердің ашылуына ықпал етті. «Көркемдік дəстүр, көркемдік-эстетикалық сана өнердің күрделі құбылысы ретінде көрінеді. Бұл көне əдеби мектептермен, ағымдармен, бағыттармен жəне қазіргі көркемдік өлшемдермен арқаулас құбылыс»,— деп С.Негимов айтқанындай, халық ауыз əдебиетіндегі дəстүрлі романтизм, «Зар заман» ақындарындағы əлеуметтік-консервативті романтизм, Абай шығармаларындағы романтикалық бейнелеу қалыптары жаңа дəуірдегі поэзияның эстетикалық-философиялық тұғыры бола алды [1].
2011

Үшінші мыңжылдыққа, XXI ғасырға, қадам басқан қоғамның даму үрдісінде Қазақстан егемендік алып, көк байрағын желбіретті. Ұлт тəуелсіздігі — ата-бабаларымыздың сан ғасырлар бойы елінің жарқын болашағы жолындағы күресінің жемісі. Қазақстан мемлекетін əлем танып, өркениетті əлемнің қауымдастығы — Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болды. Елбасы Н.Назарбаев ұлт мəселесіне басты назар аударып, егемен мемлекет пен тəуелсіз ұлттың дамуында ұлттық сипаттың мəнін атап көрсетті. «Кеңес кезінің өзінде шын ұлттық мемлекеттілік таптық сипаттан ұлттық сипатты жоғары қою жолымен жүзеге асатынына көз жете бастады.
2011

Тарих та, бүгінгі күн де — тіршіліктің тартыс майданы. Мұның өзі — суреткер туындылары ар- қылы көрініс табатын адамдар тағдырлары үшін тиек болған көркемдік фон — көркемдік декорация болып табылады. Ал, Əбіш Кекілбаевтің шығармаларының басты өзегі — тарих пен тағдырлар фило- софиясын алуан-алуан тұрғыдан мейлінше саралап, мейлінше даралап көрсетеді. Мұның бір шырқау көріністеріне «Үркер» мен «Елең-алаң» роман-дилогиясын, «Абылай хан» халықтық қаһармандық драмалық дастанын, ұлы ақын Махамбет туралы «Шандоз» тарихи баянын жатқызар едік. Көркем ой тұрғысынан алып қарағанда монументалды роман мен драмалық дастанды, тарихи баянды қазіргі қа- зақ əдебиетінің даму өрісіндегі кезеңдік ірі туындылар десек жарасымды.
2012

Əдеби ізденістер нəтижесінің көркемдік сапасы түрлі кезеңдерде түрлі деңгейде болуы да — заңдылық. Өйткені белгілі бір кезеңдегі көркемдік ізденістер нəтижесінің деңгейі өз алдындағы кезең əдебиетінде қол жеткен шығармашылық жаңалықтарға, көркемдік деңгейге тікелей байланысты. Бұл тұста əдеби шығармашылық ізденістердің бағыт-бағдарын айқындауда тарихи, қоғамдық-саяси, əлеуметтік факторлардың ықпалын да, сонымен қатар барлық тірлік-қарекетінде ел мұратына қызмет етуді мақсат еткен шығармашылық тұлғаның жеке əсерін де ескермеске болмайды.
2012

ХХ ғасырдың бас кезі қазақ əдебиеті үшін өркендеудің басы болған, жазба əдебиетіміз жан- жақты дамыған, көркемдік танымның жаңа биігіне көтерілген кезең болып табылады. Осы тұста əдебиет ұлттық сананың оянуына өлшеусіз үлес қосып, ұлттық рухқа ерекше серпін берді. Қазақəдебиеті көркемдік ізденістер тұрғысынан да, жанрлық баю тұрғысынан да кемелдене түсіп, алашшыл əдебиеттің қуат күшімен ұлттың ұлы мұраттарын алға тартты. Сонымен қатар қазақ əдебиеті томаға-тұйық күйде қалып қоймай, шығыс жəне түркі əдебиетімен тығыз байланыстарға түсіп, дəстүр жалғастығын жандандырды. Халқымыздың рухани-мəдени болмысы, соның ішінде əдебиетте орыс жəне батыс əдебиетімен байланыстарға түсіп, кəсіби əдебиет талаптарына жауап беретіндей деңгейде даму жолына қадам басты.
2012

Мақалада А.Сейдімбектің күй аңыздарына арналған зерттеу еңбектері қарастырылған. Ол қазақ халқының əдеби шығармашылығындағы осы бағытқа баса назар аударған болатын. Қазақ фольклорындағы музыканың орны əсіресе күй аңыздары арқылы ерекше көрінеді, сондықтан да ол өзінің жұмысының үлкен бір бөлігін дəл осы тақырыпқа арнады. Күй аңыздарының тарихи кезеңдері мен тақырыптары жайлы айтылып, ғалымның ғылыми тұрғыда жанрлық ерекшеліктеріне қарай жіктелуі келтірілген жəне де күйшілердің өмірі мен шығармашылығы жайлы зерттеулері ескерілген.
2012

Мақалада академик Р.С.Кареновтың қазақтың ХХ ғасырдағы данышпан ақыны Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылық қызметі жайлы монографиялық зерттеуіне баға берілген. Қазақ сөз өнерінің көрнекті шеберінің 120 жылдық мерейтойына арналған аталмыш басылымның уақытылы еңбек екендігі айтылған. Монографияда өткен ғасырдағы қайталанбас тұлғаның саяси, қоғамдық жəне əдеби қызметі жан-жақты сипатталған. Жүргізілген бұл зерттеу халықтың сүйікті ақынының өмірі мен қызметіндегі кейбір ақтаңдақтардың орнын толтыратындығы көрсетілген.
2013

Мақалада қазақтың терме өнері халқымыздың бағзы заманнан жеткен жауһар өнері екендігі айтылды. Автор сонымен бірге ақын Əсеттің əдеби мұрасындағы терме мəтіндерінің ғылыми тұрғыда жанрлық ерекшеліктеріне қарай бөлінуін келтірген. Əсет термелерінің ұлт əдебиетінде алатын орны мен жаңашылдық сипаты бағаланды.
2013

Өткен ғасырдағы қазақтың ұлы ақыны жəне көрнекті саяси қайраткері Мағжан Жұмабаевтың əдеби мұрасы зерттелген. Оның туған елінің тарихын терең білетіндігін, адамдар арасында сирек кездесетін оқымыстылығын жəне өзіндік ой толғау қабілетін білдіретін шығармалары талданған. Ақынның поэзиядағы орыс символизмінің ықпалының əсерімен жазылған өлеңдері талданған. Шығармашылық үдерісі кезінде дүниеге келген философиялық ойларды жалпылаудың маңызы ашылған. Ақынның əйгілі «Түркістан» атты шығармасына ерекше көңіл бөлінген. Мақала авторы Мағжанның жас кезіндегі таңдауын — ұлы өнерді — əрқашан берік ұстанғаны жөнінде қорытынды жасаған. Оның өз халқынан өзіндегі барын — ақылын, жүрегін, арманын, айрықша талантын — аямағаны көрсетілген.
2013

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.