Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Əбіш Кекілбайұлының тарихи-рухани тақырыпты көтерудегі көркемдік құдіреті

Тарих та, бүгінгі күн де — тіршіліктің тартыс майданы. Мұның өзі — суреткер туындылары арқылы көрініс табатын адамдар тағдырлары үшін тиек болған көркемдік фон — көркемдік декорация болып табылады. Ал, Əбіш Кекілбаевтің шығармаларының басты өзегі — тарих пен тағдырлар философиясын алуан-алуан тұрғыдан мейлінше саралап, мейлінше даралап көрсетеді. Мұның бір шырқау көріністеріне «Үркер» мен «Елең-алаң» роман-дилогиясын, «Абылай хан» халықтық қаһармандық драмалық дастанын, ұлы ақын Махамбет туралы «Шандоз» тарихи баянын жатқызар едік. Көркем ой тұрғысынан алып қарағанда монументалды роман мен драмалық дастанды, тарихи баянды қазіргі қазақ əдебиетінің даму өрісіндегі кезеңдік ірі туындылар десек жарасымды. Өйткені философиялық прозаның, философиялық драманың, философиялық тарихи баянның қай-қайсысы болмасын мазмұндық-түрлік орасан зор қуатымен, орасан зор ізденісімен, орасан зор көркемдік жетістігімен мүлде жаңа, мүлде тың, мүлде соны, мүлде тосын, мүлде кесек, мүлде ірі, мүлде ойлы, мүлде сындарлы шығармалар болып табылады. Сондықтанда біз бұларды саяси-əлеуметтік, тарихи-философиялық сипаттағы соқталы дүниелер деп білеміз. Солайша қабылдаймыз. Солайша сүйсінеміз. Əрбір туындыдан бір-бірден мысал келтірсек артық та болмас еді. Біздің шектелуіміздің басты себебі — жоғарыда аталынған, жанры əрқилы шығармалардың баршасы ойға, əсіресе ойдағы тартысқа, небір тағдыр шырғалаңдарының тартысына құрылған көшелі де өрісті туындыларды еріксіз тұтас келтірер болар едік.

Роман-дилогиясының, халықтық қаһармандық дастанның, тарихи баянның ең басты көркемдік табысы мен ең басты көркемдік құдіреті — тарих пен тарихи тұлғаларды, сол кезең, сол қоғамды суреткер Əбіштің ұстанымымен, дербес те көркем трактовкасымен оқырмандардың етене табысып, етене қауышуында. Сөйтіп, сіздер мен біздердің тарих пен тарихи тұлғаларға деген саяси-философиялық көзқарастарымыздың əділдігін, шыншылдығын қалыптастыруға, дамытуға, өрістете түсуге түбегейлі түрде, жаңаша түрде орнығып, беки-шыңдала түсуіне зор ықпал ете білуінде, өзінің көркемдік міндеттеріне қол жеткізе алғанында деп білеміз.

Ə.Кекілбаев шығармаларындағы неше алуан тартыстар мен қақтығыстар белгілі бір сюжеттер немесе оқиғалар аясында тікелей алынбайды, қайта, керісінше, сол сюжеттер мен оқиғалар санадағы ой ағымына бағындырылады, сол арқылы өрбіп, өріс тауып жатады. Соның нəтижесінде ой ағымының түбінде, образды түрде айтсақ, еңсеп қазған құдықтың түбінде шөгіп жатып-ақ, шығарманың көркемдік бітім-сүйегіне, дем-тынысына өзгеше шырай дарытатынын ешкім жоққа шығара алмайды. Бұған оның жоғарыда аталынған күллі туындыларының кез келгені нақты дəлел бола алады.

Тəуелсіздігімізге дейін жарық көрген тарихи дүниелер арасында «Үркер» мен «Елең-алаң» роман-дилогиясына шейін халқымыздың ұлттық психологиясындағы небір тамаша қасиеттер мен небір жиренішті кемшіліктер жайында дəл осындағыдай əрі сүйсіне, əрі ашына терең айтылған ойлар мен көркемдік тың жинақтаулар мүлдем сирек ұшырасатын. Мəселен, əрбір фактіні не деректі, əрбір ісəрекетке негізделген оқиғаны келтіру бар да, оны көркемдік трактовкалау жəне бар. Бұл орайда Ə.Кекілбаев шығармашылығындағы тарихи фактілер мен деректердің, іс-əрекетке негізделген оқиғалардың қай-қайсысы болмасын əрқашан белгілі бір көркемдік мақсатқа жұмыла қызмет етеді, соған жұмыла қол жеткізеді. Əсіресе əрбір фактілер мен деректердің бəрі-баршасы шығармалардың тарихилық сипатын деректерінде түскеннен гөрі, сол романның, сол драманың, сол тарихи баянның көркемдік мазмұнын философиялық тұрғыдан байытуға, тереңдетуге, құнарландыра түсуге, сөйтіп, мейлінше дербестендіре, ерекшелендіре түсуге, авторлық жаңа концепцияның дараланып, шоқтығы арта түсуіне айырықша қызмет етеді.

Əбілхайыр хан, Абылай хан, Төле би, Шақшақ, Жəнібек, Исатай мен Махамбет батырлар тəрізді əр алуан тарихи тұлғалар-тарихи кейіпкерлердің соны болмыстары, соны іс-əрекеттері жазушы қаламы арқылы əрқайсысы өзіне лайық шырқау көркемдік биіктеріне көтерілген.

Жазушының кез келген көлемді шығармаларындағы қазақ жері мен кеңістігінің бір уыс топырағы, бір шөкім бұлты, шалқар даласы, ұбақ-шұбақ таулары, бұлақтары мен дариялары, құмдары мен үстірттері, көлдері мен шөлдері, жайлаулары мен қыстаулары жəне тағы басқа əр алуан материалдық бөлшектері белгілі бір дəрежеде, өмірлік өзек болумен қатар, сол туындылардың көркемдік болмысын, парасатын, табиғатын құлпырта түсетін шешуші көркемдік факторларға да шынайы айнала білген. Сондықтан болса керек, қарапайым нəрселердің күрделі болмысы немесе күрделі жайттердің қарапайым табиғаты Əбіш қаламынан туған кемел туындыларының бəріне тəн болып келеді.

Əбіш Кекілбайұлының публицистикалық əр мақаласынан осыны көруге болады.

Тəуелсізікке қол жеткізіп, газет бетінде ұлттық, тарихи дүниелер жазыла бастаған кезде Əбіш Кекілбаев та бұл тақырыптан тыс қалған жоқ. 1993 жылы «Егемен Қазақстан» газетінде ұлттық намыс туралы «Арға тартпай — арман тұл, намыс қумай — мақсат тұл» деген мақаласы жарық көрді. Ол мақалада нəсілдік дамуға тарихи географиялық жайлар əсер ететіндігін айтады. Бірнеше тұжырымдар жасап адамзаттың жаратылысты бірден игеріп кетпегенін айтады. Мақала тарихи-географиялық зерттеу ретінде жазылған, құдды бір географ-ғалымның зерттеуі ма дерсің. «Жер бетіндегі өркениеттің əр алуандығы, əр ұлттық мəдениеттің өзіндік сипаты, əрбір ұлттардың санасында айта қаларлықтай айырмашылықтардың болуы... біреулердің еңбекшіл болғандықтан, ерте дамып кетті, екіншілері жалқау болғандықтан, кейін қалып қойды деп түсінуге бола ма?» деп сауал тастайды да, оған өз жауабын береді: «Жоқ, болмайды. Белгілі бір биологиялық түр ретінде адамның дамуы өзін қоршаған ортаға тікелей байланысты екенін айттық. Өзін қоршаған ортада оның тіршілігіне қажетті барлық жағдай туып тұрса, ол өзінің жаратылыстық жағдайын көп өзгерте қоймайды. Жасамыстық жолға да дендеп көше бермейді. Мінекей, көптеген ұлттардың жиырмасыншы ғасырға дейін вегетативтік кеңістікпен қарым-қатынас тұтқынында қалып келгенінің сыры да осында» [1].

Əбіш Кекілбайұлының мақала барысында қазақ халқы молшылық, кеңшілік дəуренде жүрген кезде адамзаттың қалған бөлігі өз төңірегінде табиғи тіршілік ресурстарының сарқылып бара жатқандығын байқап, оны қолдан толықтыратын жолдарға көше бастағандығын, ал қазақтың аңғалдығын ашына айтады. Мемлекет ұлт санасымен ғана басқарылатынын айтады. Экологиялық, ядролық қару, саяси-экономикалық тұрақсыздықтың əсерінен ұлт жоқ боп кетуі мүмкіндігін айта келе, тəуелсіздікке қол жеткізген осы шақта оны қастерлей білу керектігін көрсеткен. Бұл мақаланың жалғасы сол жылдың 1-ші желтоқсанында сол басылым бетінде жарық көреді.

Қазақ қоғамына жан-жақтан енген діндер, мəдениетті шарқ айналдыра қоршап алғандығын, салтдəстүрдің өзгеруі рухани бетбұрысқа алып келгенін ашына жазып, бүгінгі қалпымыздан айырылып қалмаудың жолын қарастырған Əбіш Кекілбайұлы ұлттық сана мен ұлттық намыстың негізгі мəні қадір-қасиетімізде екендігін баса назар аудару қажет деп біледі. Қасиетімізді жоғалтпайық, халқым, деп жылаған автордың қаламынан туған бұл мақала əрбір қазақтың жүрегін тебірентпей қоймауы мүмкін емес. «Мұның бəрі де елді басқару жүйесімен тікелей сабақтасып жатады» дей келе, ол өз сөзінде:

«Ұлттық жауапкершілігіміздің бүгінгі таңдағы бірден бір өзегі — экономикалық тəуелсіздікті қалыптастыру болса лазым. Ұлттық намысымыз сол экономикалық тəуелсіздікті қалыптастыратын қасиеттерді бойымызға тездетіп дамытуға түрткі болғаны дұрыс» [2].

Осы материалмен сабақтас, ұлттық идеяны негізге ала тарихпен əдебиеті сабақтастыра жазылған Əбіш Кекілбайұлының енді бір дүниесі 1998 жылы 3 шілдеде «Қазақ əдебиеті» газетінде жарық көрді. «Мəуелі құбылыс мəйегі» деп аталатын мақаланы Германияда Франкфурт университетінің Түркология институтында жəне Берлиннің Гумбольдт атындағы университетінің философия факультетінде

«Қазақ əдебиеті: қысқаша тарихы жəне қазіргі кезең» деген тақырыппен лекция түрінде оқыған. Бұл лекция тыңдаушылар тарапынан зор ықылас тудырған.

1998 жылы «Халық бірлігі мен ұлттық тарих жылына» байланысты Əбіш Кекілбайұлы басылым беттеріне тарихи, рухани, ұлттық сана, ұлттық идеяға қатысты əдеби, көркем публицистикалық материалдар жазып жүрді. Сондай бағытта жазылған бір мақалада Əбіш Кекілбайұлының тарихты қазбалай келе, коммунистік жүйенің қазақ даласына қалай əсер еткендігін көреміз. «Қазақтардың тарихи бірлігін тұтастай мансұқтаудың қандай қасіретке ұшыратқаны 1920–1930 жылдардағы тəркілендіру тұсында анық байқалды. Көшпенділік кешегі Қазақстан байлығын игерудің қай-қай тұсында да аянбай қарғап сіленді. Ол көшпелі халыққа жаны ашығандық емес еді. Өз жер, өз топырағының игілігін игергенде «қолыңнан келмейді» деп, өзіңді аулаққа қуып тастаудың айла шарғысы еді. Əлеуметтік əулекілік қазақ қауымын қатты күйзелтті. Əсіресе ауыл күйреді. Басымыз өспеді, барымыз өшті. Жартымыз қырылып, жартымыз бостық. Ұлттық тарихын жоққа шығару ұлттың өзін жоққа шығару болып шықты» [3] дей келе, Қазақстанның тəуелсіздікке қол жеткізуіндегі жетістіктерін сараптайды. XVI–XVII ғасырлардағы саяси құрылым жүйесіндегі басқару ерекшелігін, саяси-қоғамдық, рухани дағдарыстан шығу жолдарын ерте тарихтан көру қажеттілігін жазады. «Қазақстан өзге елдерінде Орталық Азия мемлекеттерімен бірге сол империяның геосаяси мүдделерінің шеңберіне ілікті. Ал ол мүдделер əрқилы тікелей де жанама тəсілдермен байырғы халықтарды мəдени, тілдік, тарихи-этикалық нəсілдік тұтастықтан айыруға тырысты.

Тоталитарлық үрдіс тұсында жағдай одан əрі асқындады. Ұлттық сезім əлсіреп, біржолата күйреуге айналды. Шет аймақтарға тұрғындардың кім екендігін ұмыттыру үшін арнайы жаппай көші-қон ұйымдастыру жолымен көп ұлтты салт күшпен таңылды» деген жолдардан Əбіш Кекілбайұлының осы мақалада саяси тығырыққа ұрынуымыздың себептеріде көрсетіледі. Мақала соңына қарай автор Қазақстанның көптеген елдердің назарына іліккенін, бүгінгі зиялы қауымның дұрыс жолды тандай біліп, ғылымның дамуында жаңа бағытпен даму жолдарын қарастыру қажет екендігін айтады. Ол үшін Құдайдан ырыс-дəулетпен бұрын абырой тілегеніміз дұрыс деп есептейді Əбіш Кекілбайұлы. Ол ұлтымыздың тарихи зердесін тереңдетіп, жаңа қоғамдық санасын қалыптастыратын гуманитарлық ақыл-ойымыздың айрықша қаузайтын қағидасы деп сенеміз. Ұлтқа қатысты, тарихқа қатысты сөз қозғасақ, айтар дүние жетіп жығылады. Əбіш Кекілбайұлы тарихты қазбалап, кінəлілерді іздеп, біреулерді айыптамай, керісінше, сүрінген тұстарымызды, жіберген қателіктерімізді қайта өңдеу қажеттігін, бүгінгі дамып жатқан заманда ғылымның біздің қоғамға пайдалы тиімді жақтарын игеру қажеттігін əр мақаласында сөз етеді. Жоғарыдағы мақаланың маңыздылығын ұққан басылым басшылары ол дүниені тағы бір басып шығаруды жөн деп шешкен мақсатта «Қазақ əдебиеті» газетінің 1998 жылғы 10 шілдедегі санына басып шығарады. Ұлттық ғылым академиясында жасалған бұл баяндаманың қаншалықты құнды дүние екендігін осыдан аңғаруға болады.

Əбіш Кекілбайұлы тіпті тəуелсіздік орнамай тұрған кездің өзінде ұлтқа, ұлтаралық қатынастарға бейжай қарамаған. 1990 жылы «Лениншіл жас» газетіне берген сұхбатында былай дейді: «Біздің кез келген аймағымыздағы ірілі-ұсақты мəселелердің қай-қайсысы да ойдағыдай жаңаруына байланысты. Ал, көп ұлтты қоғамда ондай жаңару ең алдымен ұлттық қатынастарда көрініс тапса лəзім. Сондықтан да біз республикалардың дамуы мен олардың өзара байланысын бұрынғы қағидалар негізінде қалдыруды көздейтін кертартпа көзқарасты жақтай алмаймыз. Ондай көзқарас ұлтаралық қатынастардағы қайшылықтар мен шешілмеген мəселелерді де сол жабулы қазан жабулы күйінде қалдырады» [4].

Əбіш Кекілбайұлының мақалаларында кездесетін деректерді ол жатқа біледі деуге толықтай негіз бар. Оны жазушының журналисттерге берген сұхбаттарынан көруге болады. Əр публицистикалық мақаласы мен баяндама, сұхбаттарда көптеген тарихи деректерді кездестіруге болады. Мəселен, «Егемен Қазақстан» газетінің тілшісі Еркін Қыдырға берген сұхбатында мынадай тарихи деректер бар:

«Билікті кие тұту — көп астананың аттарынан да, орналасқан жерлерінен де байқалады. Мəселен, 736 жылы Тигр өзенінің жағалауына салынған жаңа қалаға иран тілді бастапқы тұрғындары «бағ» — тəңірі, «дад» — тарту дегеннен шығарып, «тəңірінің тартуы» деген ат берді. Кейін арабтар Дар-эс. Салам — «бейбітшілік тұрағы» деп өзгерткенмен, ресми құжаттарда ғана пайдаланылып, жаппай қолданылыста баяғы атауын сақтап қалды. Джакечуа тілінде «тəңірдің айтқаны естілетін жер», «Амман — ежелгі Мысыр тəңірісі Аммонның киесі қонақтаған қоныс, Ереван — Ару тəңірінің үйі» десе, қазақтың тарихымен сабақтастыра өз сөзін былай жалғастырады: «Бұл дəстүр біздің түркі-монғол əлеміне де өте-мөте тəн болған сияқты. Тіпті ежелгі түркі тіліндегі «тау» мен «тақтың» арасында тек дыбыстық қана емес, мағыналық та үндестік бары даусыз. «Тəңірді көргің келсе, тауға бар» деген мақала да, Тəңіртау, Хан тəңірі атауы да тектен текке шықпаған сияқты. Түрік-монғолдың ортақ бабасы — Олжай. Інжіл тілінде Яфес, Нұх пайғамбардың ұлы. «Оғызнаманың» айтуынша, Ортақ (Ұлытау), Кертақта (Кішітауда) орда тігіп, Қарақорымды жайлаған. Қазаққа айтсақ: хан жайлаған Қаратау, би жайлаған Алатау. Билікті бəрібір жоғарыдан күткен. Жиынды төбенің басында құрған. Мəртөбе, Күлтөбе, Ордабасы, Хантауы. Шыңғыс жиын ашқан Мыңбұлақ, Бату жиын ашқан Ордатау, Жəнібек пен Керей жиын ашқан Қозыбасы, Үш би жиын ашқан Ордабасы. Бəрі де-өз тұсында күллі ел тағдырын шешетін билік орындарына айналған» [5].

Сондай-ақ осы секілді тарихқа қатысты деректердің біразын тізбектесек те болады: «Осы заманғы ұлттық мемлекет идеясының шығуына да сол 1648 жылғы Вестераль білімі себепші болды. Содан басталған егемендену процесі ғылым мен техниканың дамып, соған негізделген жаңа өркениеттің өркенденуіне айта қаларлықтай ықпал етті» [1]. Ұлттық мемлекет идеясының шығу тарихын қазбалаған жазушы «Қазіргі қазақ ұлтының этникалық құрамынан скиф-сарматтардың да, оғыз-қыпшақтардың да, түркі монғолдардың да түп жұрнақтарын, ал қазақ мəдениетінен олардың рухани мұралары мен салт-дəстүрлерін молынан табуға болады» дейді [6].

Əбіш Кекілбайұлының тарихи кезеңді түптеп жазған мақаласы «Отан тарихы — рухани жаңғыруымыздың қайнар көзі» деп аталады. Мақаладан үзінділер келтірер болсақ, «XV ғасырдың басында 60-жылдары аяғында Қазақ хандығының құрылуы да Ұлы Түрік елі мен Монғол империясының тағдырына тығыз байланысты болды. Ол — Шығыс Дешті-Қыпшақ, Жетісу жəне Түркістан аймағында ғасырлар бойы өрістеп келген экономикалық, əлеуметтік, этносаяси процестердің заңды нəтижесі еді. ХІV–ХV ғасырларда көшпелі шаруашылығымен, отырықшы егін шаруашылығымен шұғылданатын атыраптар мен қала мəдениеті орталықтарының аралас экономика құрып, өзара ықпалдасуы негізінде экономикалық тұтастық аймағы қалыптасуы қазақ жерлерінің бір саяси құрылымға бірігуінің негізгі алғышарты болды.

Қазақ хандығы Орталық Азияда үш ғасыр бойы елеулі орын иемденді...» десе, тағы бір жерінде «Ұлттық тарихқа ұмтылуымыз тек өткенге құмартушылықтан емес, болашаққа деген мақсаттарымыздың қаншалықты негізделгенін пайымдау қажеттілігінен туындап отыр. Уақыт талабына тек өткенді біліп, тарихқа қанығып барып, дұрыс жауап таба аламыз. Цицеронның «тарих — тағдырымыздың тəрбиешісі» дейтіні де сондықтан. Басқаша айтсақ, тарих бүгінімізге берер тағылымы мен ертеңімізге сілтер жөн-жосығымен қымбат» деген жолдар бар [7].

Əбіш Кекілбайұлының тарихи публицистикалық дүниелерінен өзге тарихи эссе жанрында жазылған көлемді-көлемді дүниелері жетіп артылады. Сондай көлемді дүниенің бірі 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына қатысты жазылған саяси-талдау, зерттеу ретінде жазылған көлемді мақаласы. Бұл материал 1996 жылы «Егемен Қазақстан» газетінің 12 қарашадағы санында жарияланды: «Жарқын бетбұрыстың жойқын беташары» деп аталатын мақала бірнеше тараудан тұрады. Автор мақалада 1986 жылғы желтоқсанның əлеуметтік-экономикалық жəне саяси астарына, оның тарихи мəніне, маңызы мен себеп-салдарына жеке-жеке тоқталған. Əбіш Кекілбайұлы «Желтоқсан желпінісінің маңызы қандай? Ол өзі ревоюция ма? Көтеріліс пе? Қозғалыс па? Əлде қатардағы оқиға ғана ма?» деп сауал тастап, осы сұрақтар аясында бірнеше тұжырымдар жасайды. Ары қарай «Желтоқсан толқуы, əрине, революция емес. Өйткені, революция дегеніміз — түбірлі əлеуметтік өзгерістерді жүзеге асыру мақсатында бұқаралық қозғалыс лидерінің күш көрсету жолымен мемлекеттік өкіметті басып алуы.

Алайда жастарды алаңға алып шыққан Желтоқсан наразылығын қатардағы оқиға деп те қарастыруға болмайды. Неге? Оған оң жауап бере алатын алуан түрлі дəлелдер табылады» дей келе, халықтың көзі ашық болғандығын, байшы ауысуындағы саяси астардың жатқандығы көзі қарақтылардың дұрыс түсінгендігін айтады. «Республика партия ұйымының басшылығына Колбиннің тағайындалуы жастардың бас көтеруінің нағыз себебі емес, əншейін сылтауы ғана еді» дейді Əбіш Кекілбайұлы [9]. Бірнеше дəйекті деректермен жалғастыра келе жазушы өз сұрағына жауап тапқандай болады: «Мақсаты, мінезі, басып-жаншылу əдісі, алғышарты, себеп-салдары жəне маңызы жөнінен жастардың желтоқсандағы дүмпуі қарапайым оқиғалар қатарына жатқызуға болмайтын өзгеше тарихи феномен.

Оның қазақ даласындағы 1916 жылғы жаппай көтерілістен дəл жетпіс жыл кейін болуы да тегін емес. Екеуі де Орталықтың бір ғана озбырлығын пайдаланып, күллі ұлттық болмысты түбірімен шайқап, жаңа сапалық өреге көтеріп берді. Бұл ретте 1986 жылдың Желтоқсан оқиғасын, бəлкім, көтеріліс деп те бағалауға болар» [9]. Əбіш Кекілбайұлы осы секілді бірнеше жауаптар келтіре желтоқсанның елге тигізген əсерін «социалистік құрылыстың күйреуінің хабаршысы» деп атайды. Ол бөлімде КСРО-ның күйреуін, отаршылдық идеяның қысыл қиял екендігін, күллі планетаны социализм лагеріне айналдыруға тыраштану барысында тоталитарлық мемлекеттің қуатты тетігі кенеттен опырылып түскендігін жазады. Сонымен, мақала оның себебін ашып, салдарын көрсетуге негізделеді. «86-ның Желтоқсаны қазақ халқының ұлттық сезімінің өсуіне айырықша ықпал етті, қазақтың өзін-өзі тануын, ұлттық мақтаныш пен тəуелсіздік туралы ұғымын түбірімен өзгертті. Жазалаушы мəшинеге құр қол қарсы тұрған жас ұландарына деген шын мақтаныш сезім мен салалы үгіт насихат мəшинесі тарапынан бүтіндей бір халықтың ұлтшыл деп айыпталуы одан сайын тездетіп қазақ халқының этникалық есею, бірігуін, ұлттың кемелденуін одан сайын тездетіп берді.

Халықаралық тұрғыда танылған ұлттардың өзін-өзі басқару құқығы принципі кеңестік кезеңмен салыстырғанда мүлде бөлек мағынаға ие болды. Дербес мемлекеттік жолындағы күрес өршіді. Осы тұрғыдан келгенде қозғалыстың жалпықазақстандық жəне халықаралық маңызы өте зор» деп мақтана жазады Əбіш Кекілбайұлы өз мақаласын бітірмей. Сонымен қатар қазақтың рухы мықты халық екендігін «Желтоқсан оқиғасы барысында Қазақстанда алданып, түрмеге тасталған ақыл-ой мен ар-ождан тұтқындары пайда болды. Олар жоғарғы басшылықтың əрекетіне қарсы өздерінің келіспеушілігін көрсетіп кетуден жалтармағандығы. Оны осы мақала ішінен көруге болады. Мақалада мынадай жолдар келтірілген: «Рас, біздің тəуелсіздігіміз қан майданда емес, бейбіт жағдайда келді. Бірақ қан да төгілмей қалған жоқ. Қалай келсе де, одан қастерлі, одан қасиетті ештеңе болмауға тиісті. Тəуелсіздік алғанмен, бірден қарқ бола алмай жатқанымыз да рас. Бес ғасыр бойғы тілектің бəріне бесжылдың ішінде жете алмай жатқанымыз да аз емес. Бірақ ағыл-тегіл тойғыза қоймадың деп анасының көкірегін қыршығанды кім көрген? Тісі шыққан да сүйте ме екен...» [8].

Міне, желтоқсан оқиғасына қатысты тарихи, ұлттық сарынмен жазылған дүниенің негізгі мазмұны. 1993 жылы Əбіш Кекілбаев Президенттің жанында Мемлекеттік кеңесші деген қызметке тағайындалды. «Сол кезде əйгілі жазушы Тахауи Ахтанов бір кездескенде: «Осы Əбіштің қызметі не қызмет?» — деп сұрап еді. Тахаң да ол жылдары тарихи шығармашылыққа бет алып, тың дүниелер шығарып жүрген. «Таха, қазақтың тарихы мен қызметін өзіңізден артық білемізбе, Сіз қалай ойлайсыз?» — деп сұрақты өзіне бұрып ем, ол кісі де соны күткендей: «Дəл осы қызметі — Бұқар жыраудың қызметі емес пе? — дегені. Бұқар жыраудай данагөй дүлдүлдің тарихта Абылайдың хандық қайраткерлігімен қатар айтылуының өзі де қоғамның қай кезде де рухани биіктікке ұмтылысын білдірсе керек. Тахаңның айтып тұрғаны — Елбасының жанында ақыл-парасаты мол, əділ де адал адамның жүргенін қалайтын зиялылар ойы еді» [9].

 

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Кекілбаев Ə. Арға тартпай — арман тұл, намыс қумай — мақсат тұл // Егемен Қазақстан. — 1993. — 30 қараша.
  2. Кекілбаев Ə. Арға тартпай — арман тұл, намыс қумай — мақсат тұл // Егемен Қазақстан. — 1993. — 1 желтоқсан.
  3. Кекілбаев Ə. Отан тарихи-рухани жаңғыруымыздың қайнар көзі // Егемен Қазақстан. —
  4. Кекілбаев Ə. Ең бастысы — ел тағдыры // Лениншіл жас. — 1990. — 20 наурыз.
  5. Кекілбаев Ə. Жаңа атауда ежелгі тарих тағлымы бар // Егемен Қазақстан. — 1998. — 12 мамыр.
  6. Кекілбаев Ə. Мəуелі құбылыс мəйегі // Қазақ əдебиеті. — 1998. —3 шілде.
  7. Кекілбаев Ə. Отан тарихи-рухани жаңғыруымыздың қайнар көзі // Егемен Қазақстан. —
  8. Кекілбаев Ə. Жарқын бетбұрыстың жойқын беташары // Егемен Қазақстан. — — 12 қараша. 9. www.aikyn.kz. — 19.06.2007.

 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.