Ақын

XX ғасырдың басы - қазақ халқының тарихындағы бүкіл саяси қоғамдық ой-пікірдің өрлеуіне мүмкіндік туып, Ресей патшалығы əдейі тұмшалаған ой-сананың ояну дəуіріне жол ашқан кезең болды. XX ғасырдың екінші жартысында қазақ ағартушылары мен ақын жазушылары аңсаған ілімді-білімді үйренуге үндеу XX – шы ғасырдың бас кезінде біршама нəтижесін беріп, алдыңғы қатардағы қазақ азаматтарын елді ояту, азаматтықты аңсау мақсатына жетеледі. Осынау зиялылар ел бағытын айқындар сара жолды жаңылмай нұсқап, адастырмас даңғылға алға шығуға ұмтылған жаңа тұлғалар халыққа таныла бастады. [1]
2010

Асқар Егеубаевтың есімі қалың жұртқа таныс. Ғылыми зерттеулерінен, көркем-əдеби туындыларынан бастап оқырман назарында, жұрт аузында. А.Егеубаев өз заманының сауатты, талантты ақыны болды. Əйтсе де, Асқар Егеубаев дегенде ойыңа, тіл ұшына бəрінен бұрын «Құтты білік», «Диуани лұғат ат-түрк» оралады. Осы еңбектерді тұңғыш рет ана тілімізге аударып жариялатты, зерттеді, ғылыми айналымға қосты. Бұл əдеби мұралардан еліміздің рухани, ақиқатты- этикалық тұлғасын, мəдениетіміз бен əдебиетіміздің тарихы мен дəстүрін көреміз. Ал қалың оқырман үшін қаламгердің шығармашылығы «Мөлдір тұма», «Жүректегі жұлдыздар», «Құс жолы» атты жинақтарға топталған өлең-жырлардан басталады.
2010

ХVIII ғасырға дейін де, одан кейін де көркем ой, кестелі тіл көбінесе поэзия жанрында көрінді, əсіресе поэзиялық туындыларды шығарушы өнер иелерін XIX ғасырға дейін жыраулар деп атады. Əдебиет тарихын зерттеушілердің айтуынша, XVIII ғасырда əріден келе жатқан жыраулық дəстүр одан əрі дамып, бұған қоса ақындар мектебінің күш ала бастаған шағы болды. XIX ғасырда (феодалдық-патриархалды қоғам тоқырау заманына ұшырағанда) жыраулар да «сахнадан» түсуге мəжбүр болды. Жыраулық поэзияның соңғы көрнекті өкілі — халқымыздың асқан кемеңгер ойшылы, қоғам қайраткері, ақпа-төкпе жыр нөсері Бұқар жырау Қалқаманұлы.
2010

Тарихымыздан белгілі — кеңестік тоталитаризм ұлыларымыздың қазақ əдебиеті аренасынан өшіп кетуін қалады, оларды «Алаш» деп түбімен құртып жіберді... Десек те өлеңге, өнерге жөргегінен жарып туған қазақ ұлты əдебиет алыптарының тағы бір шоғырын бəйгеге қосып үлгерген болатын. «Халық жауы» деген жауыздық желеумен оларды да қоғам өмірінен шығармаларымен қоса алыстатпаққа ұмтылды. Осындай орынсыз кінəлаушылық біз сөз еткелі отырған Сəбит Мұқановқа да жабысты. Азаматтық арына, творчествосына қара күйе жағылды. «Ұлтшыл» деген стандартты айып тағылып, партия қатарынан шығарылды. Қысқасын айтқанда, тұтастай ұлттың элитасын, көсемдерін жою басты мақсат еді.ақы
2010

Қазақтың алып даласы елге тұтқа болған талай тархандардың əрі əлемге ғылым-білімнің нұрын төккен ғұламалардың құтты мекені, ырысты өлкесі болған. Тектілікке тəн жасампаздық ғұмырын өмірінің асқақ тұғыры деп білген ұлт зиялылары елге қызмет етудің құтты білігін рухани жарасымда өркендеудің күре тамырына айналдыруда өшпес із, мəңгілік өнеге қалдырды. Қазақ руханиятындағы сондай кемел қасиетке ие дара тұлғалардың бірегейі — Əлкей Хақанұлы Марғұлан.
2010

Уақыт, заман алдындағы ақындық жауапкершілікті терең сезіну сол ақынды қайраткер тұлғаға айналдырады. Бірақ оған əуел бастан ақындық азаматтық болмыс іргетас болуы шарт. Қандай ақын болса да өнер жолын бастарда бата алады, өзіне серт беріп, жүрер жолын айқындап алады. Бұл қазақ поэзиясында ғана емес, жалпыадамзаттық қадам. Тіпті жалпы өнер атаулыға тəн қадам. Халық жазушысы Əбіш Кекілбаевтың «Əдебиет құрмет тақтасы да, мазақ тақтасы да емес. Ол тек біржақты мақталуға, не біржақты датталуға лайық адамдардан гөрі, өз басындағы драма халық басындағы драманы ашып бере алатын, өз тағдыры халық тарихына ұласып жататын, күрделі де қайшылықты тұлғаларға да көбірек көңіл бөледі» деп жазушының болашақ жүрер жолындағы кездесер кезеңдер мен болар баяндарға сілтеме жасайды [1].
2010

Нарманбет Орманбетұлы 1860 жылы (кейбір деректерде 1859 жыл деп көрсетілген) сол кездегі Семей облысы, Қарқаралы уезі, Тоқырауын өзенінің Балқаш көліне құяр ағысының бір саласы Саға деген жерде дүниеге келген. Руы Тобықты, оның ішінде Дадан, Қалдау, Балтабай болып тарайды. Абаймен аталас туыстығы бар. Нарманбеттің төртінші атасы Деріпсалды — жоңғар шапқыншылығы кезінде ерекше ерлік көрсетіп хан Абылайдан бата алған батыр.
2011

Мұқағали Сүлейменұлы Мақатаев — қазақтың əйгілі ақыны. Ол қазақ поэзия əлеміне шетсіз- шексіз кеңістік пен көз сүрінген биіктік əкелген ақын. Құдіретті қарапайымдылықпен «күпі киген қазақтың қара өлеңін шекпен жауып, өзіне қайтарған» ақын. Кəусар сезім мен тояттамас көңіл, шалқыған шаттық пен мұңға тұнған махаббат, буырқанған шабыт пен сабырға көнбес сағыныш сыйлаған ақын.
2011

Қытайдағы қазақ əдебиетінде ағартушылық идеяны өзінше дамытқан, халықтың санасын оятуға белсенді де өшпес үлес қосқан өз дəуірінің озық ойлы, өрелі ақындарының бірі — Шылбы Көмекұлы 1860 жылы қазіргі Шынжаң Бұратала облысының Қосемшек деген жерінде туған. 1936 жылы Іле аймағы Күнес ауданында дүниеден өткен. Əкесі Көмек шала сауатты болғанымен, ауыл-аймаққа инабатты, көзі ашық, сөзі өтімді адам болған. Нағашы атасы Жансейіт өз кезінде Семей қаласынан төрт жыл оқып келген оқымысты, мəдениет пен оқуға жаны құмар кісі екен. Зиялы əкенің баулуында Шылбының шешесі Дина мағлұматты, өнегелі болып өскен. Бала тəрбиесіне құнтты, көзқарақты ана Шылбыны өзі алғаш хат танытып, сауатын ашады. Шылбы жеті жастан он жасқа дейін ауыл медресесінде оқыған соң, нағашы атасы Жансейіт өз ауылында ашқан мектебінде төрт жыл оқытады. Сөйтіп, ауылда жеті жылдай оқыған Шылбы біршама жақсы діни жəне пəни білім алады.
2011

 Қазақ əдебиеттану ғылымында «форманы» «пішін» деп те алып қарастырып жүр. Қай тұрғыдан алып қарасақ та, мазмұн көркем туындының ішкі дүниесі де, пішін, немесе форма, сыртқы əлпеті болып табылады. Ғалым З.Қабдолов: «Сонда əдеби шығарманың мазмұны — өз эстетикалық идеалының тұрғысынан суреткер таныған ақиқат өмір де, пішін — осы шындық тұтастырыла жинақталған көркем образдар жүйесі, яки əдеби қаһармандар өмірі екенін түсіну қиын емес» [1] деп атап көрсетеді. Олай болса, жекелеген халық ақындарының мұраларын қарастыра отырып, мазмұн мен формадағы сабақтастық мəселесін ашу арқылы фольклорлық үрдісте қалыптасқан көркем дүниелердің болмыс-бітімін айқындауға қол жеткізеріміз хақ.
2011

ХІХ ғасыр қазақ халқының тарихында өзіндік өрнегімен айрықша орын алатындығы ақиқат. Кезеңнің күрделі құбылыстары, қоғамдағы ірі-ірі өзгерістер, сол сияқты тағы да басқа оқиғалар орыс патшалығына бодан болудан келіп туындады. Отарлау саясатын жүзеге асыру əр түрлі жолдар арқылы жүргізілді. Соның бірі басқару жүйесін өзгерту еді. Əбден ойластырып барып енгізген бұл жағдай қазақ халқын дербес мемлекеттік құқықтығынан айырды. Хандық жойылды. Бұрын ішкі, сыртқы жұмыстарға толық араласып, атсалысқан, татулық пен туысқандықты ту етіп ұстанған билер енді ру арасының дау-дамайларын шешуден əріге аса алмай қалды. Осы көрініс жалпы қазақ даласын түгелдей шарпыды.
2011

Сүйінбай Аронұлы заманында асқан айтыскер болып танылған дара дарын. Ол қырғызда — Қатаған, Арыстанбекпен; қазақта — Тезек төре, Қаңтарбай, Кескенкекіл, Күнбала, Уəзипа, Тəтті қыз, Жантаймен айтысқан. Өкініші, бұл айтыстардың біразы сақталмаған. Сүйінбайдың Қарғамен, Тезек төремен, Қаңтарбаймен, Кескенкекілмен, Күнбаламен, Уəзипамен, Қатағанмен айтысы сақталып жеткен бүгінге. Сол айтыстың қай-қайсысында да Сүйінбайдың ақындық мұраты анық көрініп тұрады: байды мінеп, кедейді қорғайды; ел арасындағы бірлікті жырлайды; əділдікті жəне батырлықты дəріптейді. Бұл айтыстар — Сүйінбай Аронұлының сөзге ұтымды, мін тағуға шебер, логикасы басым, шешен екеніне куə.
2011

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.