Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Ақындық жауапкершілік жəне тəуелсіздік тынысы

Уақыт, заман алдындағы ақындық жауапкершілікті терең сезіну сол ақынды қайраткер тұлғаға айналдырады. Бірақ оған əуел бастан ақындық азаматтық болмыс іргетас болуы шарт. Қандай ақын болса да өнер жолын бастарда бата алады, өзіне серт беріп, жүрер жолын айқындап алады. Бұл қазақ поэзиясында ғана емес, жалпыадамзаттық қадам. Тіпті жалпы өнер атаулыға тəн қадам. Халық жазушысы Əбіш Кекілбаевтың «Əдебиет құрмет тақтасы да, мазақ тақтасы да емес. Ол тек біржақты мақталуға, не біржақты датталуға лайық адамдардан гөрі, өз басындағы драма халық басындағы драманы ашып бере алатын, өз тағдыры халық тарихына ұласып жататын, күрделі де қайшылықты тұлғаларға да көбірек көңіл бөледі» деп жазушының болашақ жүрер жолындағы кездесер кезеңдер мен болар баяндарға сілтеме жасайды [1].

Жалпы, қазақ поэзиясында өлеңге серт беру, өлең алдындағы ақындық жəне азаматтық парызды терең сезіну тұрғысында жазылған жырлардың өзі бір антологияға толық жүк болады. Арысын айтпағанда, кешегі Жұмекен мен Мұқағалидың, бүгінгі күні арамызда жүрген олардың құрдастары Қадыр мен Тұманбайдың поэзия алдында ақтарылып сөйлеп, адалын жеткізген жырлары баршылық.

Біз осы ғылыми еңбектің кіріспесінде қазақтың белгілі ақыны Нұрлан Оразалиннің поэзияға келу, ақындық ғұмырды бастау, өзінен бұрынғы ғасырлар бойы қалыптасқан қазақ жырының қасиетті дəстүрінің дамуы ағысында ақынның өз қолтаңбасын танытуы, өз даусын өзгеше үнмен басқаларға жеткізуі, өзінің ақындық-азаматтық кредосы мен адамгершілік болмыс-бітімін жыр тілінде сомдауы, қазақ өлеңінің талантты толқындарының бірінің поэзия ауылынан тапқан олжасы мен сыбағасы, оның ақындық келбетінің ғылыми-талдамалық аспектіде саралануы тұрғысында біршама тоқталдық.

«Аса құрметті ақындар! Поэзия көлеммен емес, салмақпен өлшенетін қазына екендігі əлімсақтан белгілі ақиқат» деп [2], — сыншы Амангелді Кеңшілікұлы шығарманың көлемі ең негізгі критерий емес екенін алға тартады. Жəне осылай дей отырып, Нұрлан Оразалиннің поэзиясы салмақты, саннан сапаға маңыз берілген, мазмұны мен айтар ойы ақындық-азаматтық мықты іргетастан құйылған тума жырлар екенін айтады.

Бір айта кетер жайт, бұ мақала 1997 жылы, бұдан он екі жылдан астам бұрын, жазылған. Мүмкін, сыншының осы сөзі, бір жағынан, ақынды қамшылау болды ма, одан кейінгі жылдарда ақын біршама өнімді еңбек етті. Осы ғылыми еңбекте сөз болып отырған таңдамалы үш томдық Нұрлан Оразалиннің ақындық қоржынындағы олжаның аз еместігін де білдіреді деп айтуға болады.

«Соғыстан соңғы туғандардың жырлары шөліркеп қалған қазақ поэзиясының кең сахарасына дауылдан кейінгі нөсерлеп құйған алғашқы ақ жауын еді. Сондықтан бұлардың табиғатына көктем стихиясы көбірек тəн:

Бастауын шайып бұлақтар,

Тулаған кезде келермін,

Шашбауын өріп қарақтар,

Шулаған кезде келермін...

Ақынның осы өлеңін оқыған кезде көктемнің алғашқы самал желінің лебін сезгендей əдемі рахат күй кешесің», — деп өз ойын одан əрі жалғастырады сыншы Амангелді Мырзабеков [2].

Кезінде, 70-ші жылдардың басында, ақынның жастар арасында хат ретінде қабылданған, яғни «мода өлең» боп кеңінен таралған «Түнгі ырғақтар» атты өлеңі əлі де оқырман құлағын елең еткізіп, өзінің самал желдей əдемі де жұмсақ, əуенді де ерке ырғағымен жүректі баурайды, көңілді жаулайды: Оңымнан соққан жел ме екен,

Солымнан соққан жел ме екен,

Салғырттау жүрген кезімде,

Сабылып қайдан келді екен?

 Жалын боп жалап өтті не,

Өртеніп кетсем, не дермін?!

Жасын боп түнде көк тіле,

Жарқ ете түссе, не етермін?!

 Оңымнан соққан жел ме деп,

Солымнан соққан жел ме деп,

Созылып жатқан белдермен,

Қашар ма едім өрмелеп?!

 Қуанып, толқып, сол шақта,

Көзімнің жасы моншақтап,

Жығылар ма едім кеудеңе,

Тығылар ма едім кеудеңе,

Кеудеңе сенің жан сақтап?!

Оңымнан соққан жел ме деп?!

Солымнан соққан жел ме деп?! [2; 132]

 Осы өлеңнің ішкі музыкасы, əуені мен ырғағы ақынның бұдан кейінгі күллі поэзиясының негізгі сазды желісіне айналды. Жалпы өлең өзінің ішкі дауыс əлемінсіз, сөздің сазы мен сұлу ырғағынсыз жүрекке жете бермейді. Тіпті қара сөздің өзінде ішкі ырғақ, тылсым музыка барын талай əдебиет зерттеушілері де, атақты ақындар да сан рет айтып, сан рет жазған.

Өмірге құштарлық — əрбір адамның қасиеті. Ал ақындардағы өмірге құштарлық бұл жеке адамның ғана стихиясы емес, бұл ақынның заман, қоғам, уақыт алдындағы үлкен жауапкершілігі.

«Ешкім оған қоя алмайды нүктені, өмір деген сөйлем емес үйткені» деп Төлеген Айбергенов асқақ жырлағандай, Нұрлан Оразалин де өзі білетін өмірді шетсіз, шексіз мəңгілік құбылыс, адамның бақыты мен арманы, адамзаттың ғарыштық ғұмыры деп есептейді:

 Өмірге мынау

Өле бір ғашық болмасаң —

Өлең де, жыр да, болмас əн.

 Өзегің талған кезде егер,

Шалғынды кешіп,

Шашаны шыққа малмасаң;

Аязда, қарда тоңбасаң,

Жауында ойға шомбасаң,

Сүймесең желді,

Мінбесең жүйрік,

Көрмесең тауды, даланы,

Бұрқылдап ізде жолда шаң —

Ақындық жауапкершілік жəне…

 Өмірге мынау

Өле бір ғашық болмасаң...[2; 65]

Поэзияның күші мен құдіреті де осында, ол — өмірге құштарлық, ғашық болу. Өмірдің мəні мен мазмұнын тереңнен түсінуге, байыптап түйсінуге, барлап сүйсінуге негізделген. Ақынның заман алдындағы, қоғам алдындағы, керек десеңіз, өзінің ар-ұжданы алдындағы жауапкершілігі мен міндеті оның ақындық көркемдік қуаты мен ақындық шеберлігіне тікелей тəуелді.

Сондықтан да жалпы оқырман қауым, немесе əдеби орта, шартты түрде ақындарды «жақсы ақын», «нашар ақын» не болмаса талантты, талантсыз ақын деп бөліп жатады. Ақынды жас ақын, қарт ақын деп бөлу де тым шартты. Ақын сезімге келгенде қашанда жас, көңілге келгенде қашанда ояу, ақыл-ойға келгенде əрқашан қарт-қария. Өйткені ол — адам жанының бағбаны, адам көңілінің айнасы, уақыт жанының ыстық-суығын, ауа райын көрсетіп тұратын баға-барометрі.

«Поэзияда азаматтық əуеннің басымдығы, көркемдік түйіндеулерге ойысқандық, адамның ішкі əлемін аша түсуге машықтану тəрізді сипаттар барған сайын бой көрсете түсуде» деп жазды ақын- ғалым Сағынғали Сейітов кезінде жастар поэзиясын талдау мақаласында [3]. Қаламгердің заман алдындағы жауапкершілігі дегенде, оның шығармаларындағы шыншылдық пен көркемдік, идеялық жəне тақырыптық ізденістер сол ақынның жеке шаруасы ғана емес, яғни жеке адамның жалпыға ұмтылған, жалпының жалқыға игі əсер етер ықпалы түсініледі. Бұл бағытқа келгенде, ақын Оразалин ежелден өзінің заман алдындағы ақындық жауапкершілігін терең сезінген жəне сол сезінуді өлең арқауын құрауда əркез есінен шығармаған, ақынның иығына түскен əлеуметтік жүкті көтерудегі азаматтық тұлғасын аласартпаған ақын:

 Жолдан...

Шаңнан...

Қыраттардан...

Теңіздерден тулаған,

Бұлақтардан, Түннен,

Шамнан сыр ақтарған,

Сабырсыз құрақ, талдан,

Қайыңнан жылап қалған,

Саябыр тауып оқшау

Еменнен құлап қалған,

Сені іздедім!

Өрімнен дүлдүл ұшқан,

Күндерден

Бір-ақ тарлан,

Төрімнен бұлбұл ұшқан,

Түндерден жырақ қалған;

Биіктен, Ғарыштардан,

Жақыннан, Жырақтардан,

Жұлдызды аспанымнан,

Нұр ақтарған,

Сені іздедім!

Іздедім мəңгілігім!

Мазасыз сұрақтардан,

Ақ айдын дəптерімнен,

Ақ толқын сəттерімнен —

Сырнайлы шақтарымнан,

Сырғалы түндерімнен

Жыр ақтарған [2; 94].

Жетпісінші жылдардың басында жазылған бұл жырда ақынның ең алдымен өзін іздеуі, өзінің қоғамдағы орнын іздеуі бір қарағанда махаббатқа астасқан сырдай болып көрінсе, үңіле қарағанда ақынның заман тынысын сезінуге деген тынбас талпынысы айқын аңғарылады. Осылайша өзін өмірден іздеген ақын бірте-бірте, уақыт өте келе жаңа биік, жаңа арналардан өзін көрсете бастайды. Ақындық алып-ұшпа сезім мен көңіл-күй енді байсал тартып, ақылмен суарылып, қаламгер халықтық аудитория алдындағы сөзін бұрынғыдан да көркемірек, бұрынғыдан да тегерінділеу шабытпен жырлауға көшті.

Ақынның романтикалық сарындағы жүрек лүпілінің замана тынысына орай байсал тартып, барша халықтың көкейіндегі сөзін айтуға барынша жауапкершілік танытқаны жіті байқалады. Ақынның ең қымбат құралы — суреткерлік адалдық екенін қапысыз аңғарасыз. Нұрлан Оразалин осы қасиетін баса көрсете отырып, қаламгердің заман алдындағы өсу, жетілу, даму кезеңдерін де өз оқырманының назарына ұсынады.

Ақын алдан көңіл мен ақаулы тірліктің мазасыз болмысын көріп қана қоймайды. Мейірімнің соңынан ерген қатыгездік барын, өмірдің соңында өлім барын ескерте отырып, əділет пен адалдықтың жеңуі үшін көріп, сезудің аз екенін, əркім өз қуатын жұмсауы қажеттігін мегзейді. Əділет пен шындықтың аспаннан салбырап түспейтінін еске салады.

Жұлқып-жұлқып өтердей жүрек тұсын, Бұлқын!

Сілкін!

Өмірді жыр ет күшім.

Жағаласып, Əлемдік сұмдықтардың,

Күрес керек қағатын күрек тісін, —

деген ақындық байламын Ф.Оңғарсынова дұрыс байқаған. Біз де қаламгердің осы бағасын дұрыс деп есептейміз.

Қорыта айтқанда, ақын Нұрлан Оразалин заман алдындағы қаламгер жауапкершілігін барынша терең түсінген жəне өз шығармаларында замана шындығын өз дауысымен, өз поэтикалық қуатымен жырлай алған ақын дейміз.

 

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Кекілбаев Ə. Азаттықтың ақ таңы. — Алматы: Қазақстан, 1998. — 207 б.
  2. Оразалин Н. Үш томдық таңдамалы туындылары. — Алматы: Жазушы,
  3. Сейітов С. Өлең өлкесінде. — Алматы: Қазақстан, 1984. — 243 б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.