Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

С.Мұқанов поэзиясына жаңаша көзқарас

Сəбит Мұқанов десек, қазақ əдебиетінің алтын ғасыры дерлік кеңес дəуіріндегі арпалысқа толы кезең ойға оралады. Расын айтқанда, ол ғасырдың бергенінен алғаны көп. Шындықтың беті енді ғана ашылғалы жатыр...

Тарихымыздан белгілі — кеңестік тоталитаризм ұлыларымыздың қазақ əдебиеті аренасынан өшіп кетуін қалады, оларды «Алаш» деп түбімен құртып жіберді... Десек те өлеңге, өнерге жөргегінен жарып туған қазақ ұлты əдебиет алыптарының тағы бір шоғырын бəйгеге қосып үлгерген болатын. «Халық жауы» деген жауыздық желеумен оларды да қоғам өмірінен шығармаларымен қоса алыстатпаққа ұмтылды. Осындай орынсыз кінəлаушылық біз сөз еткелі отырған Сəбит Мұқановқа да жабысты. Азаматтық арына, творчествосына қара күйе жағылды. «Ұлтшыл» деген стандартты айып тағылып, партия қатарынан шығарылды. Қысқасын айтқанда, тұтастай ұлттың элитасын, көсемдерін жою басты мақсат еді.

Дегенмен алыптардың ұлы ұрпағы «социалистік реализм» деген қыспақтың ішінде жүрсе де, жазды... Қазақ əдебиеті дəрежесін өзге халықтардың əдебиетінен, өнерінен қалыстырмады, қайта биік ұстады.

Ғалым, белгілі жазушы, ақын Сəбит Мұқанов та осы қатарда өзінің еңсесін биік көрсетті. Ұлты үшін жанын салды. Талмай еңбек етті. Бірақ, неге екені белгісіз, сол үлкен əдебиеттің ардагері — Мұқановты кейін шегіндіре беретініміз байқалады. Күлəш Ахметова айтқандай, бұл ұрпақтың ақиқатынан гөрі «аңызы» басымдау сияқты.

Əрине, өз қоғамында ерекше белсенді болған адам, халқының одан жаңа дүниені күтіп отыратынын жанымен сезінетін адам туындыларын өте тез жазатыны белгілі. Ондайда асығыстық болмай тұрмайды. Мысалы, тың көтеріп жатқандар жайлы жазбақ болған шығармасы сондай асығыстықтың құрбаны болды. Оны өзі де мойындап, болашақ бағдарламасынан алып тастайды. Бəлкім, «тың көтеру» науқаны еліне алапат қиындық əкелетінін сезінген болар. Сондықтан да жазушының басындағы қарама-қайшылықтың себебіне байыппен қарағанымыз жөн. Орыс элитасы «барлығымыз да Гогольдің Шинелінен шықтық» десе, біздің Сəбит Мұқанов əдебиетті ұйымдастыруда көшбасшы бола білді. Соңынан ілесіп келе жатқан қаншама ақын-жазушыларға жолбағдар болды. Түптеп келгенде, алдыңғы толқын айтқан «Оян, қазақты!» Сəбит те айтты. Кеудесі қайғы-қасіретке толы кедейдің мұңын да Сəбит жырлады. Ұлтымыздың кескін-келбеті боларлық ұлы тұлға Абайдың да тұлғалық қырын Сəбит танытты. Күлəш Ахметова осы жылы «Жұлдыз» журналының алғашқы санына шыққан «Сəбит Мұқановтың Абай туралы ойларының эволюциясы» атты мақаласында: «Абайдың ақындығын танып-білуде Сəбит Мұқанов айрықша үлес қосқан зерттеушілердің бірі екендігіне сөз жоқ. Өйткені ғылыми ой-пікір мен көркемдік тəжірибені сəтті ұштастырып, тамаша қисындар, теориялық тұжырымдар айтқаны аян», — дейді [1]. Демек Сəбит Мұқанов екі көзқарасты қатар анализдеуші тұлға деп қарауымыз шарт. Тағы да «Сəбит Мұқанов қоғамның барлық топтары өкілдерінің аса бай портрет галереясын жасады десек артық айтқандық болмас еді», — дейді Мұхаметжан Қаратаев «С.Мұқанов тағылымы» атты əдеби-сын мақалалар жинағында [2]. Ленин партиясы өсірген, еңбек елінің адал ұлы Сəбит Қазақстандағы пролетариат əдебиетінің ең алғаш бастаушыларының бірі екендігі ақиқат. Барлық жанрда қалам тербеді. Толғанды. Толғады. Енді осы жерден əдеби қайраткеріміздің ақындығы жайында шамалы қазіргі жаңаша көзқарас тұрғысынан ой өрбітер болсақ, Сəбит Мұқановтың арғы буын ұрпағына тəн алғырлығының бір қыры оның халықтың мол қазынасы — фольклорға қатынасынан байқалады. Əдебиетке келгенен бастап-ақ халық мұрасына ерекше ықылас танытқан қаламгер, қазақ халық əдебиетінің, жеке адамдардың мұраларын жинау, жариялау, зерттеу ісімен айналысқандығына ешкім қарсы келе қоймас. Ұлт үшін өзі — үш-ақ құндылық: халық, жер, тіл. Кемеңгер Сəбит қазақтың шұрайлы тілі фольклорда жатқандығын көрді. Өз шығармаларында да ежелгi ұлттық фольклорды сол заман дəстүрiмен шебер ұштастыра білді. Қазақ классикалық жазба поэзиясы қарқынмен дамыған тұста халық ақындарының аталған буын өкілдері дəстүрлі поэзия мен ауыз əдебиетінің кейбір үлгілерінің жойылып кетпеуіне көп еңбек сіңірді. Ол қатарда Сəбит те бар. А.Байтұрсынов: «Қазақта айтыс өлең көп. Бірақ бұлар да ел ішінде жоғалып, сиреп барады. Жазу жайылған сайын айтыс өлең азайып, құруға бет алып барады», — деп алаңдауы ХХ ғасырдың бас кезінде болатын [3]. Бұл кезеңде алаш зиялылары ұлттық дəстүрлердің жойылып кетпеуіне қанша күш салғанымен де, əлі толық сауаттанып үлгермеген ел ішінде қауіптің жаңа басталған тұсы еді. Ал біздің Сəбит Мұқанов тура халықтың басым көпшілігінің көзі ашылып, көңілі оянған тұсында құнды жəдігерлеріміздің жоғалып кетпеуінің кепілі бола білді. Ол ауыз əдебиетінің көлемді үлгілерін (Батырлар жыры, лиро-эпостық жырлар т.б.), алдыңғы буынның айтулы өкілдерінің мұраларын насихаттаумен қатар, өзінің жанынан шығарған мол көркем дүниелерімен қазақ əдебиетінің алтын қорын байыта түсті. Сəбиттің өлеңдері қазақ халқының жарты ғасырлық өмірін өте дəл бейнелейтін, публицистикалық леппен жазылған, тəні фольклормен суарылған, азаматтық-саяси лирика болды. Кезінде заман тынысымен, қоғамның өзгерістерімен оқушысын таныстырып, əрдайым алға жетелеп отырған өлеңдері тəуелсіздік тұғырында тұрған бүгінгі оқырмандар тарих көзімен қарап, елеп-екшеп оқитын бай поэтикалық мұраға айналуы керек.

Мына бір «Ыстықкөл» атты өлеңінде:

 Тереңдеген сырыңды,

Шешкім келді, Ыстықкөл.

Қаздай қалқып суыңа

Түскім келді, Ыстықкөл.

Тамшы суың таласып,

Ішкім келді, Ыстықкөл.

Жұпар шөптің бойында,

Жүргім келді, Ыстықкөл.

Сағат сайын сыңқылдап,

Күлгім келді, Ыстықкөл.

Толқын қылып, өзімді,

Үргім келді, Ыстықкөл.

(Аалы Тоқамбаевтан) деп келетін тұстары бар. Жыр үлгісінде жазылған өлең. Қалың бұқараның тілімен жазылған нəзік поэзия. Осылай жазғанда ғана халқына жақындығын ақтайтындай қалып танытатыны анық. Фольклорды шама-шарқынша зерттеген Сəбит Мұқановтың пайымдауы да өзіндік қолтаңбасымен ерекшеленетін тұстары бар: «Жазу əдебиетінің тарихы əріден келе жатқан, ерте мəдениеттенген елдерде (грек, рим т.б.) «айтыс» ұшыраспайды. Тек мəдениеті ерте замандарда бой көрсеткен араб елінде айтыс үлкен орын алған. Арабта біздің «айтысқа» ұқсас өлеңмен сөйлесу (мұғаллақат) бар. Бірақ зерттеушілердің сөзіне қарағанда, «мұғаллақат» көбінесе арабтың көшпелі тайпалары бедуиндер (бəдəуи) арасында ұшырасатын көрінеді. Жазба əдебиеті ертеден келе жатқан басқа елдерде «айтыс» өнерінің бары ғылыми əлі дəлелденген жоқ. Ертеден көшпелі тұрмыс құрып келген: қазақ, түркімен, монғол сықылды елдердің көбінде «айтыс» жанры дəстүрге айналған. Бұл жанрдың туып, өркендеуіне бас себеп бұл елдердің сауатының аздығы, мектебінің жоқтығы болған. Мұндай елдерде ақынның күші аузына түседі, басқа жанрлар сықылды «айтыс» жанрын да ауызша айтыс түрінде өркендетеді» [4].

Арғы-бергі асау замандар мен өртенді кезеңдер ұлт жадын қайта оятып, уақыт шалқарын қайта тербеді. Елдік пен егемендік рухы атқа қонды. Азаттықтың алауыздықтан асқан жауы жоқ екені белгілі жайт. Сондықтан тарихқа «өзіңді өзің сыйласаң, жат жанынан түңілед» деп қарауымыз қажет.

«Өмірде адасу, шатасу керек. Жан тыныштығы — рухани сатқындық», — дейді Толстой. Егер жан тыныштығын ойлаған болса «Біздің күш» өлеңінде Сəбит бұлай деп жырлар ма ед:

 ...тыңдадым партияның үндеу сөзін,

Шымырлап бойды билеп толқын сезім.

Қайрат, намыс, кек, ыза араласып,

Отырдым зорға ұстап бойымды өзім.

Достарға бұл жалын сөз жігер, ұран,

Достан кім қаны қызбай тұрар бұған.

Кімде-кім шын советтің ұлы болса,

Намысы тұтанғанын айтпай ұғам!

Сəбит Мұқановтың бір ерекшелігінің өзі сол — шығармашылығымен өзі қатар жүріп отырды. Белгілі жазушы Əбіш Кекілбайұлы айтпақшы: «Сəбит — жиырмасыншы ғасырдың түйдей құрдасы. Əлемдік тарихта ғаламды соғыстар мен революциялардың үздік-создық кезеңіне айналған жиырмасыншы ғасырдағы саяси-рухани ізденістердің бел ортасында толарсағынан саз кешіп, Сəбит жүрді. Өз ғасырымен түйдей құрдас азаматтың бұлай етпеске амалы да жоқ еді», — дейді. «Хан айтқан сөзді қара да айтады, бірақ ауызының дуасы жоқ» дейтін қазақпыз ғой, десек те, сол замандардың өзінде де хан айтқан сөзді ақын айта білді. Елін оятты.

 Көңілім мұнша қамықтың,

Əр нəрсені ойға сап.

Не нəрседен тарықтың?

Осыншама ойда қап.

Бірақ саған кінə жоқ,

Неге бүйттің деуге де.

Есеп жетпес тіпті көп,

Қасірет-қайғы кеудеде.

Мақсатыңды іздеген,

Таба алмадың, жетпедің.

Қылышын алып кезенген,

Кедейліктен өтпедің.

Қой сен бүйтіп қамықпа,

Ілгері ұмтыл, талап ет.

Шығуға айдай жарыққа,

Қайраттанып бол өжет!

 Немесе мына бір «Шығар күнді» өлеңінде:

Жұрт жатты төсегінде жылы оранып,

Ұмытып, есінде жоқ, нұрлы жарық.

Құр жанын тастаса да оянбады,

Сұр жылан қанын сорып, тəнін шағып.

Рас. Сəбит Мұқановтың поэзиясына сын айтушылар өте көп. Осал тұстары бар шығар, бірақ біз Сəбитті «осы заманда» деп қараймыз, өзіміз «Сəбиттің заманына» барып қарауға не біліміміз, не өреміз, не тарихи таным-түсінігіміз жетпейді! Жанымызды, тілімізді, жүрегімізді тəтті поэзияға үйретіп алған тəуелсіз ұрпақ «біткен іске сыншы көптің» кебін киіп жүрген жоқпыз ба? Қазіргі ұрпақ əдебиетті сүйетін шығармыз, бірақ Сəбит Мұқановтай том-том еңбектерімізді қалдырып, қазақ əдебиетін Сəбиттей жасап жатқан жоқпыз.

Ғабит Мүсіреповтің: «Сəбит поэзиясының бұл дəуірдегі басты ерекшелігі — дарынды ақынымыз совет дəуірінің ең талантты ақыны Владимир Маяковскиймен толық үндестік тапқанында», — деп айтатын тұстары бар. Жаңашыл ақын болды. Ендігі ұрпақ Сəбиттің осы ерекшеліктерін айтуымыз керек. Ғасырының қай жаңалығын болсын алғаш болып жырлады. Бұл пікір өз алдына, жəне де ақынның ең басты ерекшелігі, тағы бір халық поэзиясының өкілдеріне тəн қасиеті — əңгімешілдігі мен шежірешілдігі. Сəбит өзіне дейінгі қалыптасқан дəстүрлі поэзияның заңдылықтарын сақтай отырып, халық поэзиясын жаңа бағыттағы əдебиеттің аясында дамыта білді.

Қорыта айтқанда, Сəбит Мұқановтың поэзиясын «қазақты оятарлықтай» кесек дүние, өзіндік бағасы бар құндылық деп қарауымыз керек. Еліне адал тұлға, «қазақтың қайраткер Сəбиті» деп айтуымыз керек, айтқызуымыз заң.

 

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Ахметова К. Сəбит Мұқановтың Абай туралы ойларының эволюциясы // Жұлдыз. — 2010. — 1 қаңт. — 127-б.
  2. С.Мұқанов тағылымы: Əдеби-сын мақалалар. — Алматы: Жазушы, 1962. — 146-б.
  3. Байтұрсынов А. Əдебиет танытқыш. — Алматы: Атамұра, 2003. — 118-б.
  4. Мұқанов С. Айтыстар // Көкейкесті əдебиеттану. — 3-кіт. / Құраст. Р.Нұрғали. — Астана: Күлтегін, 2003. — 22-б.

 

 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.