Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

А.Сейдімбек жəне күй аңыздарының жанрлық табиғаты

Қазақтың Ахаңы атанған Ахмет Байтұрсынов өз еңбегінде өнерді тірнек өнері жəне көрнек өнері деп екі салаға бөлген. Тірнек өнері адамға күн көруге қажетті нəрселерді жасауға жұмсалатын өнер болса, көрнек өнері жылуынан сұлуы басым өнер болып табылады. Ахмет Байтұрсынов көрнек өнерінің өзін сəулет өнері, сымбат өнері, кескін өнері, əуез өнері, сөз өнері деген бес тарауға бөледі.

Жалпы адамзат мəдениетінде, қазақ мəдениетінде де өнердің осы түрлері кеңінен құлаш жайған. Соның ішінде Ақселеу Сейдімбек қазақтың дəстүрлі рухани мəдениетінде айрықша орын алатын үш саланы атап өтеді: біріншісі — сөз өнері, екіншісі — музыка өнері, үшіншісі — қолөнері. Шынымен де қазақ халқы ұлт ретінде өзінің бүкіл рухани сұранысын үйіп-төгіп осы үш арнаға теңдеген сияқты. Академик Ахмет Жұбанов: «Музыка — жан азығы. Əдебиет — адамтану ғылымы болса, музыка — сол адамның жан жүйесін баурап алатын өнер», — деп айтып кеткен [1].

Ақселеу Сейдімбек өз туындыларында осы аталған «жылуынан сұлуы басым» өнердің бірнеше түріне тоқталып кеткен. Қазақ жеріндегі сəулетті мазарлар, кесенелер, сарайлар, алып үңгірлер мен тасқа қашалып жазылған жазу-сызулар, кескіндер мен суреттер сияқты сəулет, кескін өнерінің құнды жəдігерлері жайлы өзінің «Күңгір-күңгір күмбездер», «Қазақ əлемі. Этномəдени пайымдау» атты еңбектерінде тоқталған. Қазақ өмірінде ерекше орында тұратын музыка өнері, Ахмет Байтұрсыновтың атауы бойынша, əуез өнері туралы Ақселеу Сейдімбеков «Күй шежіре», «Қазақтың күй өнері» еңбектерінде қарастырады, ал қазақтың сөз өнерін зерттеуге мол үлесін қосқан, қазақтың қара өлеңінің табиғатына зер салған ол кісінің «Мың бір маржан» атты еңбегі бар. Ақселеу Сейдімбековтың өнертануға үлкен үлес қосқан, қарымы мол туындылары осы музыка өнері, оның ішінде күй өнері мен күй аңыздарын зерттеуге арналған еңбектері болғандықтан, қазақ халқының рухани өміріне азық болған күй өнері жайлы сөз қозғауды жөн көрдік.

Екі жарым мың жыл бұрын əуен болып домбыраның пернесіне түскен əуенді бүгінгі күнге жеткізген қандай құдірет?! Ол — рухани күй аңыздары. Тіпті сахнада күй тарту дəстүрге айналған қазіргі уақыттың өзінде де орындалған күймен қоса оның аңызын санамызда ұстаймыз, күй аңызын əлі де дəстүрлі таным тəсілі ретінде түсінеміз. Күйдің шығуы туралы аңызын айтып, ырғағы мен сөзін қоса түсіндіріп барып тартса, қазақ күйі əлемге жайылар еді. Өйткені күй аңызы тыңдаушының көңіл-күйін белгілі бір тылсым əлемге дайындайды. Əуен — бейнесіз тарих. Ал оны көз алдыңа əкелетін құдірет — сөз.

Қазақта қанша мыңдаған күй болса, сол күйлердің шығу себебін баяндайтын соншама аңыз- əңгімесі бар болса, бұл — қазақ халқының мəдени-рухани əлеміндегі ерекше бітімдегі төлтума құбылыстарының бірі. Қазақ фольклорындағы күй аңызы сынды арналы бір саланың тарихи деректілігін, құрылымын, жанрлық ерекшеліктерін жəне күймен арақатынасын қарастыру — Ақселеу Сейдімбек еңбегінің негізгі мақсаты. Зерттеу жұмысын бұлайша жүргізудің өзіндік мəнді себептері бар. Тіптен, күй аңыздарының ел ішінде мейлінше молдығына қарамастан, бұған дейін жүйелі түрде жиналмағанын, өзінің айтылу үлгісінде айтарлықтай хатқа түспегенін атап өтуге болады.

Осы уақытқа дейін қазақ музыкасының, дəлірек айтқанда, қазақтың музыкалық фольклорының бір ғана қырына баса назар аударып келгені аңғарылады. Ол — əн-күйлердің таза музыкалық туынды ретіндегі қасиеттері. Яғни, əн-күйлердің əуендік, сарындық ерекшеліктеріне ғана мəн беріліп келді. Ең талдап сөз еттік дегенде сол əн-күйлердің музыкалық туынды ретіндегі жанрлық сипаты, ішкі құрылым-бітімі, орындалу ерекшеліктері тілге тиек болып отырды. Алайда қазақтың аса бай музыкалық фольклорының екінші қыры сөзбен байланысты филологиялық қыры назардан тыс қалып келді. Əн-күймен біте қайнасып жатқан өлең, жыр, толғау, аңыз-əңгіме сияқты көптеген жанрлар музыка зерттеушілері үшін филологиялық объект болып есептелсе, филологтар үшін музыкалық мұраның объектісі ретінде ескерусіз қалып отырды.

Нəтижесінде, қыруар мұраның назардан тыс қалып, жиналмай келуі өз алдына, оған қоса музыкалық фольклордың синкретті болмысындағы тарихи-эстетикалық қадір-қасиеті де толық ашылмай келді. Əрине, мұндай жағдайда музыкалық фольклордың жəне онымен шендесіп жатқан күй аңыздарының да төл ерекшеліктері туралы ойдың өрбуі мүмкін емес. Бұл тұрғыдан келгенде, қазақ халқының тарихи-рухани шежіресінің құнарлы бір арнасы болып табылатын көл-көсір күй аңыздарын жинап бастырудың, саралап-зерттеудің мəн-маңызы ерекше зор. Мұхтар Əуезовтың осы орайда күй аңызының көп екендігін ел көп білетіндігін, бірақ оны жинастырып жарыққа шығаруды баспалардың қолға алмай отырғандығын қынжыла əңгімелегенін еске түсіреміз. Кезінде академик Мұхтар Əуезов былай деп жазды: «Күй аңыздарының көп екенін ел біледі, бірақ кітап, баспа білмейді. Егер олқылықтар толып, күйлердің көрікті аңыздары, тілдегі баяндауыш əңгімелері жазылса, онда қазақ халқының музыка фольклорына əдемі айшық, нақыш қосылуымен, мағыналы мазмұн анықталып жалғасуымен қатар, ауызша фольклор да өзінің бір қысқа түрдегі көркем əңгіме, новеллаларын көп байытқан болар еді.

Ұмытылып, жоғалып бара жатқан көп-көп ескі күйлердің қызық, терең сырлы, мол мағыналы аңыздары да мəдениет мұрасы болып, жөнін тауып жол ашар еді» [2; 60]. Мұхтар Əуезов көтерген, жүзеге асуын арман еткен бұл проблема өзінің мəн-маңызын əлі күнге жойған жоқ. Мұқаңның мегзеуін мезгілінде байқап, басшылыққа алған Ақселеу Сейдімбек болды. «Күй шежіренің» жазылуына Мұхтар Əуезовтің сол пікірлері де себеп болды десек те болады.

«Біз əдетте, əн-күйлерімізді музыкалық туынды ретінде қарастырып, осы қырын ғана əңгімелеп келдік. Ал «Күй шежіре» төлтума мəдениетіміздің дара сипатын айғақтайтын мəнді мəселе көтеріп отыр. Жазушы əн-күйлерімізді қазақтың тарихи-əлеуметтік өмірімен сабақтастыра саралауға ден қойған. Бұл болса музыка мамандарының назарына ілінбей келген зерттеудің жаңа қыры, Ақселеу Сейдімбек осылайша күй аңыздарын əңгімелей отырып, күй өнерінің көркемдік-эстетикалық мəн- маңызын түсіндірудің кілтін тапқан. Нағыз ұлттық музыка халықтың тарихи тағдырымен тамырлас екендігін дəлелдеп шығуы «Күй шежіренің» құнды ғылыми еңбек ретінде бағасын асырып тұр. Сонау есте жоқ ескі замандардан бүгінге сол əуелгі əуенімен, таза қалпында жеткен музыкалық мұраларымыздың шындықты көркем бейнелеудің шырқау биігіне көтерілген асыл қазына екені ақиқат. Ал сонау VIII ғасырда ғұмыр кешкен Қорқыттан бастап мыңдаған күйлердің саф алтындай сақталып, хан-қараға бірдей түсінікті болуы кім-кімді де қайран қалдырары хақ. Міне, Ақселеу Сейдімбектің «Күй шежіресінде» қазақ күйлерінің осындай керемет қырларын аша білген, əрі жеріне жеткізіп айта білген. Жазушы күй аңыздарын əңгімеге арқау ете отырып, олардың көне замандарға, тарихи оқиғалар мен тұлғаларға айғақ болар құнды дерек көзі екендігін де дəлелдеп шыққан» [3; 3].

Сонымен, күй аңыздары көркем туындыға арқау болған. Осы тұрғыдан алғанда Ақселеудің күйді зерттеген еңбектері — көркем əдебиеттің тумысы бөлек туындысы дерлік дүние. Күй аңыздарын жинауда ғалымның жазушылық дарыны бар қырынан көрінген. Қара сөздің қаймағын ағызып, айызыңды қандырған, ақиқаттығына нандырған небір тарихи оқиғалардың куəсі боламыз. Қазақи əңгімелердің нағыз нақышты, құлақ құрышын қандыратын шешендігі мен оқиғаның қызықтығы қосылып, шебер шендесіп, əдемі үндесіп отырады.

«Күй аңызы» — Ақселеу еңбегінің негізгі нысанасы. Өйткені бұл музыкадан гөрі фольклорға, əдебиетке жақын, күйдің тууына себеп болған жағдайларды, оның туу процесін таныта алатын аңыз- əңгімелер. Осы күнге дейін музыкалық фольклордың өзін ғана сөз етіп, оның филологиялық сыңарын сөз етпей келген болсақ, Ақселеу соның орнын толтыра зерттейді. Əнмен, күймен біте қайнасып жатқан өлең, жыр, толғау, аңыз, əңгіме сияқты көптеген жанрларды еске алады. Бұларсыз музыкалық фольклордың жəне онымен шендесіп жатқан күй аңыздарының ерекшеліктері туралы ой өрбуі мүмкін емес» [4].

Осы уақытқа дейінгі ғылыми-зерттеу еңбектерде қазақ фольклорының жиналуына, жүйеленуіне, жанрлық ерекшеліктерін саралауға, категориялық ұғымдар жүйесіне, поэтикасына айтарлықтай мəн беріліп келгені əлі де арналы зерттеулердің объектісі болып отырғаны ақиқат. Əсіресе, жеке жанрлардың тегі мен түріне қатысты төл ерекшеліктерін анықтау, олардың даралық қасиетін жан- жақты көрсету мəселелері — қазақтың фольклортану ғылымында бел алып келе жатқан үрдіс. Жалпы қазақ фольклорына, оның ішінде əлі де болса тегі тектелмеген қасиет-қалыбы сараланбаған жеке жанрларға назар аударып, арнайы зерттеу объектісі етіп отырудың мəн-маңызы айрықша зор. Осы орайда қазақ фольклорында арнайы зерттелмеген жанрлардың бірі ретінде күй аңыздарын атауға болады.

Ақселеу Сейдімбектің музыканың ішінде фольклорлық жанр болып табылатын күй аңыздарын таңдауының өзіндік себептері бар.

Біріншіден, күй аңыздарын осы уақытқа дейін ғалым-зерттеушілердің жалпы фольклорлық мұра аясында жол-жөнекей назар аударып отырғаны болмаса, арнайы зерттелген емес. Тіптен күй аңыздарының ел ішінде мейлінше молдығына қарамастан, бұған дейін жүйелі түрде жиналмағанын, айтарлықтай хатқа түспегенін атап өтуге болады.

Екіншіден, күй аңыздары қазақ фольклорына тəн барша төлтума қасиеттерді (жанрлық, поэтикалық, көркемдік-эстетикалық т.б.) айғақтай алады.

Үшіншіден, қазақ фольклорындағы басқа жанрларға қарағанда, күй аңыздарының назар аудартатын ерекшелігі — ол қоғам өміріндегі салт-дəстүрмен, əдет-ғұрыптар мен кісілікті қалыптармен, күнделікті тұрмыс-тіршіліктермен, қысқасы, халықтың барша тарихи-əлеуметтік өмірімен біте қайнасып жатыр.

Осы тұрғыдан келгенде, күй аңыздары қазақ фольклорының төлтума табиғаты мен қызметін парықтауда айрықша танымдық мəнге ие. Міне, осы бағытта жалпы қазақ фольклорына, оның ішінде күй аңыздарына ұлттың рухани мəдениетінің мəнді айғағы ретінде зерттеу барысында бірінші кезекте мəн берілген. Бұл ретте ұлттық төлтумалықты орнықтыруға, этностың тарихи жадын сақтауға, ұрпақтар арасындағы рухани сабақтастыққа, салт-дəстүрдің тұрақтылығына, қоғамдық өмірге, əсіресе халықтық өнердің дамуына жалпы фольклорлық мұраның, оның ішінде күй аңыздарының да тікелей ықпал ететінін ашып көрсетуді осы мақаланың өзекті мақсаты деуге болады.

Бұл еңбекте күй аңыздарының жанрлық ерекшеліктері жан-жақты ашылып көрсетілген, сонымен қатар күй аңыздары жалпы этникалық мəдениеттің тек-тамырымен біртұтас рухани құбылыс ретінде қарастырылады. Автор күй аңыздарының пайда болу, қалыптасу жəне күні бүгінге дейін туындау үрдісін тарихи-əлеуметтік жəне мəдени-рухани аспектіде саралаған. Фольклор жанрларының қай- қайсы да дара күйінде дүниеге келмейді. Жанрлардың бір бірімен астасып, біріне бірі ұласып жатуы — табиғи қасиеті. Бұл ретте күй аңыздары да өзінің көп құрамдылығымен дараланады. Халық мұрасын зерттеушілердің халық прозасын «ертегілік проза» жəне «ертегіге жатпайтын проза» деп жіктейтінін білеміз. Ақселеу Сейдімбек соның ішінде күй аңыздарын «ертегіге жатпайтын проза» деп атайды. Қазақтың фольклорлық мұрасын жинақтап зерттеген С.Сейфуллин, М.Əуезов, С.Мұқанов, Ə.Марғұлан, А.Жұбанов, Қ.Жұмалиев, Е.Ысмайылов, М.Ғабдуллин, Ə.Қоңыратбаевтар іргелі зерттеулер жүргізгендерімен, ертегіге жатпайтын прозаның жанрларын талдап, арнайы зерттемеген. Ал, аңыз жанрын «тарихи адамдар жайындағы аңыздар» жəне «күй аңыздары» деп тұңғыш рет күй аңыздарына жеке мəн берген Мұхтар Əуезов болды [2; 60]. Сонымен бірге Сейіт Қасқабасов күй аңыздарына, шежірелік аңыздарға жəне топонимдік аңыздарға қатысты тұңғыш рет жан-жақты талдау жасаған. Десек те, бұл ғалым-зерттеушілердің халық прозасы туралы айтқан, миф, аңыз, əпсана, хикая, жағдаят жайында айтқан ойлары ғалымның күй аңыздарын талдап, саралауына үлкен септігін тигізген.

Ақселеу Сейдімбек зерттеу еңбегінде күй аңыздарын өмірдеректермен ұштастыра отырып, тарихи кезеңдердің аясында қарастырған. Күй аңыздарының оқиғаларын жəне күйші- композиторлардың ғұмыр кешкен замандарын қарастыра келе, тарихи кезеңдерге бөлген. Бұл орайда автор Əлкей Марғұланның қазақ эпостарын тарихи кезеңдер бойынша саралаған үлгісін басшылыққа алған. Академик Əлкей Марғұлан қазақ эпостарының бес кезеңге бөлген. Қазақ эпостарын тектегенде саралаған тарихи кезеңдер күй аңыздары үшін де ұрымтал кілт бола алатынына күмəн жоқ. Ол кезеңдер:

  1. Ең байырғы заман.
  2. Оғыз-қыпшақ заманы.
  3. Тарихи дəуірлер (XIII–XIV), яғни қазақ даласына Жошы ұлысының ірге тебуі.
  4. Жоңғар арасындағы екі ғасырға созылған күрес кезеңі.
  5. Феодалдық қайшылықтарға қарсы күрес кезеңі.

Бірінші кезеңнің күй аңыздары жаңаша жыл санауға дейінгі VIII–V ғасырлар мен жаңа заманның VI ғасырдағы аралықты қамтиды. Бұған Еуразияның Ұлы даласындағы көшпелілер арасына ислам діні тарағанға дейінгі қиял-ғажайып тақырыптарға арналған күйлер, жорық сарындары, жаугершілік кезеңдерде ел есінде қалған айтулы батырлар, ақылды арулар, ерге серік болған қанатты пырақтар, киелі жануарлар туралы күйлер мен олардың аңыздары жатады. Бұл кезеңнің күйлеріне А.Сейдімбек «Қос мүйізді Ескендір», «Көк төбет», «Көк бөрі», «Аққу», «Сарын», «Өгіз өлген», «Тарғыл бұқа» сияқты күйлер мен күй аңыздарын жатқызған.

Екінші, оғыз-қыпшақ кезеңінің (VI–XII ғғ.) күй аңыздары. Бұған «Қорқыт ата аңыздары», «Абыз толғауы», «Саймақтың сары өзені», «Балжыңгер» сияқты күйлердің аңыздары жатады. Осы заманды Қорқыт заманы деседі. Қорқыт — бақсылық дəстүрді ұстай отырып, қазақ музыкасының негізін қалыптастырған адам.

Ал үшінші — ноғайлы кезеңінің (XIII–XVI ғғ.) күйлері. Ғасырлар талқысында тарихи тағдырын ортақтастырған ру-тайпалардың саяси одақ құрып, бір бірімен біте қайнасып «қазақ» деген этникалық атаумен тарих сахнасына шыға бастаған кезеңі осы тұс. «Ер Төстік», «Жиренше шешен», «Алдар көсе» сияқты циклданған ертегі-аңыздар, «Алпамыс», «Қобыланды батыр», «Қамбар батыр», «Едіге», «Ер Тарғын», «Ер Қосай», «Ер Шорай», «Ер Жабай», «Орақ-Мамай» сияқты эпикалық жырлар, Сыпыра жырау, Асанқайғы, Қазтуған, Доспанбет, Шалкиіз, Жиренше шешен сияқты жыраулар, тапқыр шешендер бəрі-бəрі сол ноғайлы заманына қатысты.

Ноғайлы кезеңінде туған музыкалық жəне фольклорлық мұралардың санатына «Жошы ханның жортуы», «Шора батыр», «Əмір ақсақ», «Қамбар күйі» сияқты халық күйлерімен бірге, Кетбұғаның «Ақсақ құлан», Асанқайғының «Ел айырылған», Қазтуғанның «Сағыныш» күйлерін жəне олардың аңыздарын жатқызуға болады.

Төртінші, жоңғар шапқыншылығы кезіндегі (XVII–XVIII ғғ.) күйлер мен күй аңыздары. Осы бірнеше ғасырға созылған аласапыран халықтың сан-сала рухани мұрасында шыншылдықпен, тарихи деректілікпен орын алды. Аңыз-əңгіме, жыр-дастан, толғау-термелерден бастап, əн-күйге дейін халықтың азатшыл рухы аста-төк көрініс тауып отырды. Осы кезең Бұқар, Тəттіқара, Қанай, Толыбай, Төле, Қазыбек, Əйтеке сияқты шешен-билерді, жыршы-жырауларды дүниеге əкеліп, олар қара халықтың күйзелісі мен қаһарман ерлігін өлмес өнер тілінде бейнелеп отырды. Мұның айғағы ретінде «Қаратаудың шертпесі», «Қалмақ биі», «Беласар», «Қалмақтың қара жорғасы», «Кеңес», «Абылайдың қара жорғасы», «Қоржынқақпай» сияқты күйлер мен олардың аңыз-əңгемелерін атауға болады.

Бұл кезеңнің күй аңыздары ширыққан оқиғасымен, тосын шешімдерімен назар аударады. Күй аңыздарының белгілі бір тарихи оқиғамен сабақтастығы, нақтылы тұлғалар өміріне арнаулы деректілігімен иландырып отырады.

Бесінші — XVIII–XIX ғасырларда жəне XX ғасыр басында туған күйлер мен олардың аңыздары. Автор бұл кезеңнің рухани мұраларына саяси-əлеуметтік сарынның мейлінше айқын көрінісі тауып отыратынын алдымен айтып өтеді. Бұл кезеңде туған күйлер де, күй аңыздары да ерекше молдылығымен, тақырыбының əр алуандығымен, оқиғасының деректілігімен назар аудартады. Əсіресе күйлердің əуен-сазының мейлінше шыңдалған деңгейін айрықша атап өткен жөн. Автор бұл кезеңдегі Боғда, Құрманғазы, Тəттімбет, Дəулеткерей, Тоқа, Ықылас, Қазанғап, Сейтек сияқты ондаған дəулескер күйшілердің қазақ музыкасының ұлттық деңгейін көтергендігін айрықша атап өтеді.

Сонымен қатар автор күй аңыздарын құрылымдық-тақырыптық қасиеттері бойынша былай жүйелейді:

  • Тарихи оқиғаларға арналған күй аңыздары.
  • Күйші-композиторлар өміріне қатысты күй аңыздары.
  • Тұрмыс-салтқа байланысты туған күй аңыздары.
  • Арнау күйлерінің аңыз-əңгімелері.
  • Қоршаған орта, табиғат туралы күй аңыздары.
  • Жан-жануарлар туралы күй аңыздары.

Қазақ арасындағы мыңдаған күй аңыздарының қомақты бөлігі тарихи оқиғаларға арналған. Көбінесе ел басынан өткен тарихтың бір ғана түйінді сəтін немесе тарихи тұлғалардың басынан кешкен бір ғана оқиғаны арқау етіп отырады. Тарихи оқиғаға арналған күйлер неғұрлым байырғы болса, оның мифтік, əпсаналық, аңыздық сипаты басым түсіп жатады. Ал күйші-композиторлардың өміріне қатысты күй аңыздары сол күйшінің өмірбаянын тереңірек білуге, жан-жақты танып түсінуге себепші болып отырады. Қорқыттың «Қорқыт», Махамбеттің «Қиыл қырғыны», Құманғазының

«Кісен ашқан» сияқты күйлері осыған мысал бола алады. Сонымен қоса түрлі салт-дəстүрі, жол- жоралғысы, ырымы бар көшпелі өмірге күй өнері де белсене араласып отырды, осылайша тұрмыс- салтқа байланысты күйлер мен күй аңыздары дүниеге келді. Ал арнау күйлердің аңыздары, өзі аты айтып тұрғандай, күйші өзі қадір артқан адамына күй арнайды, соған байланысты аңыз да шығады. Табиғат туралы, оның небір көрікті орындары жайлы күй аңыздары қаншама. Мысалы, Тəттімбеттің

«Саржайлау», Боғданың «Бозтөбе» сияқты күйлері. Күй аңыздарының ең бір қызықты да қомақты саласы жан-жануарлар дүниесіне арналған. Мұнда көктегі құс, жердегі аң, судағы балық, сондай-ақ төрт түлік мал туралы күй аңыздарының небір қызықты үлгілері кездеседі. Бұл түрге «Ақсақ құлан», «Аққу», «Боз інген» сияқты күйлердің аңыздарын жатқызамыз.

Ақселеу Сейдімбек күй аңыздарын жанрлық сипатына қарай топтастыра келе, мифтік күй аңыздары, əпсаналық күй аңыздары, аңыздық күй аңыздары, жағдаяттық күй аңыздары деп бөледі. Мифтік күй аңыздарында ондағы болған қиял-ғажайып оқиғаны ғибрат етеді. Күй аңыздарының мазмұндық, оқиғалық, себептік бітімдеріне қарап, мифтік сипатын бірден тануға болады. Мысалы, «Тауқұдірет» күйіндегі тауқұдірет құсының алғаш жаралғанда сыңар қанат болуы, сонан соң оның зарына Тəңірдің құлақ асуы, одан кейін аталық жəне аналық тауқұдіреттердің қолдасып ұша бастауы, кейін олардан тараған ұрпақтың қос қанатты болуы, ең алдымен, осы құстың қалай құс болып жаратылғанын түсіндіруге арналғанын аңғартады. Яғни, мифтік белгілері айқын. Осы мифтік аңыздың айтпақ ойы — құстың сыңар қанат болып ұша алмайтындығы сияқты домбыраның да сыңар ішек болып тартылмайтындығы. Сонымен қоса, «Шұбар киік» атты күй аңызы да осы мифтік күй аңыздарына мысал бола алады. Сұрмерген мен киіктің адамша сөйлесуі, бұрын атқанын құтқармайтын мергеннің киелі шұбар киікті атқаннан кейін жолының болмауы, Сұрмерген атқаннан кейін шұбар киік көп аңның бірі сияқты өліп қалмай, киелі болғандықтан да шұбар тасқа айналуы — бұл аңыздың мифтік сипатының басым екендігін аңғартады. Осындай күй аңыздары арқылы адам санасына ой салып, тəрбиелеуге тырысады.

Ал əпсаналық күй аңыздары болған бір оқиғаны көркемдей баяндау арқылы тыңдаушыға ғибрат береді. Бұл күй аңыздары тарихи-мекендік, кітаби-діни, əлеуметтік-утопиялық, жан-жануарлық сияқты түрлерге жіктеледі. Соның ішінде тарихи-мекендік түріне Қорқытқа байланысты күй аңыздарын жатқызуымызға болады: Қорқыттың қалай өлімді пендеге айналуы («Тарғыл тана»), өлімді пендеге айналғанын білген соң ел-жұртының қамын ойлап мұңға батуы («Елім-ай, халқым- ай»), одан əрі өлімнен құтылудың жолын іздеп шарқ ұруы («Қорқыт», «Желмая»). Дəл осындай əпсаналық белгілерді Ескендір туралы айтылатын күй аңыздарынан да («Қос мүйізді Ескендір») аңғаруға болады. Ал кітаби-діни сарындағы əпсаналық күй аңыздарға бағана айтып өткен «Шұбар киік» аңызының екінші бір нұсқасын жатқызуымызға болады. Себебі бұл аңызда Мұхаммед (с.ғ.с) пайғамбардың кездесуі діни-насихаттық идеяның жатқандығын сездіреді. Ал əлеуметтік-утопиялық сарындағы аңыз-əңгімелердің ең негізгісі Асанқайғы туралы жəне оның күйлерінің шығу себептері жайында болып келеді. Бұл күй аңыздарының өн бойында ел-жұрттың жақсы тұрмысқа, бақытты өмірге жетуі əлеуметтік арман ретінде бейнеленіп отырады. Көшпелі қазақ үшін төрт түлік малдың орны ерекше, сондықтан да əпсаналық күй аңыздарының біраз бөлігі осы жан-жануарлар жайында болып келеді. Мысалы, қонжығы суға кетіп, жар жағалай жүгірген қоңыр аю («Жорға аю»), ет пісірім уақытта Марқакөлді айналып шығатын қанатты пырақ — Балжыңгер («Балжыңгер»), топшысына оқ тиіп, жылы жаққа ұша алмай қалған ақсақ қазды келер жылы сыңарының іздеп келуі («Ақсақ қаз», «Сау қаз»).

Күй аңыздарының көп бөлігі аңыздық күй аңыздары болып келеді. Аңыздық күй аңыздары тарихи жəне мекендік деп жіктеліп қарастырылған. Тарихта болған оқиғалар аңыздық күй аңыздарын қалыптастырады, олардың кейбіреулері көпнұсқалы болып келеді. «Мəселен, Бейсенбі Дөненбайұлының «Бодау кеңес» атты күйі — нағыз аңыздық күй аңызының əдемі үлгісі. Мұнда ру аттары, адам есімдері, жер атаулары ғана нақтылығымен назар аудартып қоймайды, оқиғаның тарихи деректілігі де аңыз жанрының негізгі ерекшелігімен үндес. Сонымен бірге бұл аңыз-əңгіменің ауыздан ауызға көшу барысында ысылып, ширағаны, шешендік сөздердің тұрақты қалыпқа түскені, сондай-ақ ғибраттық, мағлұматтық қасиетінің қанықтығы да назар аудартады. Ең бастысы, бұл аңыз- əңгіме «Бодау кеңес» күйінің дүниеге келу себебі ретінде айтылғанда аңыздық күй аңызының келісті үлгісі ретінде ден қойдырады» [5; 178].

Ақселеу Сейдімбек сонымен қоса күй аңыздарының ішінде жағдаяттық күй аңыздары деген жанрды бөліп қарастырған. Ол «əңгіме», «жай əңгіме», «ауызша əңгіме» деп əр түрлі айтылып келген қарапайым тұрмыстық аңыз əңгімелерді бір сөзбен «жағдаят» деп атауды ұсынып, оны еңбегінде терминдік деңгейде ұтымды пайдаланған. Күй аңыздарының ішінде жағдаяттық аңыз-əңгімелер мол кездеседі. Жағдаяттық күй аңыздары əмбебап сананың үлгісі ретінде көрініс табатын мифке де ұқсамайды, белгілі бір оқиғаға ойдан шығарылған қиялды теліп айтатын əпсанаға да келмейді немесе тарихи кесек оқиғаларды тұғыр ететін аңыздан да бөлек. Жағдаяттық аңыз-əңгімелер қарапайым өмірлік оқиғаларға құрылып, əлеуметтік-тұрмыстық жағдайлармен байланысты болады. Олар естелік, хабар, дерек түрінде болуы мүмкін. Əңгіме көбінесе бірінші жақпен айтылады, əңгімені айтушы көбінесе өз басынан өткен, жолдас-жоралары мен таныстарының бастарынан өткен оқиғаларды сөз етеді. Бұл күйлерге мысал ретінде Ақселеу Сейдімбек «Қыз қашқан», «Қағытпа», «Жорға аю» сынды халық күйлерін жатқызады.

Ақселеу Сейдімбектің зерттеу еңбегінің басым бөлігінде күй аңыздары мен күйшілер шығармашылығы қамтылған. Кітаптағы əр күйшінің шығармашылығын немесе əр күйдің туу тарихы, яғни, аңызын талдау міндет емес, ең бастысы — бұл кітаптың қазақ руханиятында, мəдениетінде алар орнын саралау. Бірақ ол бөлімдерге да соқпай кетуге болмайды.

«Байырғы күйшілер» (Бесінші тарау) санатында, біз Қорқытты, Кетбұғаны, Асанқайғыны, Қазтуғанды, Байжігітті білеміз. Ал Абылай, кəдімгі Абылай хан домбырашы болыпты, күйші болыпты дегенді көпшілігіміз жете біле бермейміз. Бұл тың да қызықты дерек. Кітапта Уəлиұлы Абылай ханның «Ақ толқын», «Алабайрақ», «Бұлаң жігіт», «Дүние қалды», «Дүние сарсаң», «Жетім торы», «Қайран елім», «Қара жорға» (екі түрі бар), «Қоржынқақпай», «Майда жал», «Майдақоңыр» (екі түрі бар), «Садаққақпай», «Сары бура», «Шаңды жорық» т.б., соның ішінде «Сары бура», «Жетім торы», «Дүние қалды» күйлерінің аңыздары берілген.

Оның жорықтары, батырларының ерлік істері эпикалық жыр-шежіреге айналған сыбызғыда, қобызда тартылатын күйлердің басым көпшілігі оның заманы мен өмірінің қилы кезеңдеріне арналған. «Шаңды жорық» деген күй шапқыншылық кезде ер жүрек Баян батырдың қаза табуына орай шығыпты. Қазақтар Еділ бойындағы қалмақтарға қыстың көзі қырауды жорыққа аттанып, қашан олжа түсіргенше жеті күн бойы ашығады. Осы оқиғаға байланысты «Қоржынқақпай» күйі туған. Ал

«Сары бура» күйінің туу тарихы жайлы мынандай аңыз бар: «Қазақтың дəстүрлі наным-сенімінде алапаты артық туған адамның желеп-жебеп жүретін киесі болады деген ұғым бар. Ер басына күн туған алмағайып кездерде желеп-жебейтін киесі көмекке келіп, дұшпанның мысын басу үшін көзге көрінеді екен дейді. Мəселен, қиын-қыстау сəттерде Қаз дауысты Қазыбек биді аузынан от шашқан аю желеп-жебейтін болыпты, Тарақты Байғозы батырдың иесі ақиық бүркіт болса керек, Жарылқап батыр қызыл алтай түлкісіне сенеді екен. Əйгілі Кемпірбай ақын өз бойындағы бұл дарынның иесін көк үйрек дейді.

Міне, осы сияқты қиын-қыстау кезеңде желеп-жебейтін, жол жүретін, белгі беретін кие Абылай ханда да болыпты. Ол шудасы жер сызған сары бура еді дейді. Ат үстінде өмірі өткен Абылай хан қиын сапарға, қанды жорыққа аттанарда жолы болатын болса, ойға алғаны сəтімен орындалар болса, жаңағы сары бура жолына маңдайын беріп жатады екен» [5; 338]. Шынымен де, Абылай ханның күйшілігі жайлы келтірілген мəліметтер мен тың деректер оқырман қауым мен тыңдармандарды қызықтырары анық.

Ал «Жаңа заман күйшілері» атты алтыншы тарауда Қараұлы Боғдадан бастап Махамбет, Дəулеткерей, Тəттімбет, Абыл, Құрманғазы, Тоқа, Ықылас, Қазанғап, Дайрабай, Дина, Сейтек, Сүгір сияқты, бертінде өмір сүрген Нұрғиса Тілендиев, Қаршыға Ахмедияров сияқты қазақ халқының атақты дəулескер күйшілерінің шығармашылығы мен бірнеше күйлерінің туу тарихы, күйлердің ноталары берілген.

Ең соңғы «Қосымша» атты жетінші тараудың өзінде XIII ғасырдан — Сары Салтық, Қодан, Саймақ, Жантөре, Арынғазы, Ұзақ, Байжұма, Қарабастардан бастап, Түркеш, Құлыншақ, Кенен, Оқап, Сейілхан, Əбдімомын, Уəли, Жүсіптен тартып, Секен, Нұрсаттармен бүгінге тірейді. Дəл осы тараудың өзінде бірегей 103 күйшінің өмірдерегі келтіріледі.

Кейбір күйшілердің шығармашылығы мен күйлерінің аңыздарын жазу барысында А.Жұбанов, Т.Мерғалиев сынды ғалым-зерттеушілердің пікірлері кездесіп отырады. Осындай қыруар еңбек жасау Ақселеу Сейдімбектің ерекше дарынын, мол білімін, ғылыми өресінің биіктігі мен жазушылық шеберлігін танытады. Кітапты оқып отырып осындай ойға қаласың.

Ең соңында айтарымыз, үш мың жылдық тарихы бар көшпелілер өркениетінің ұзын-сонар ғұмыржолына, əсемдік əлеміне қиял жүгіртіп, ой толғап, күй жəне күйшілер өмірін арқау етіп, əрі ғылыми, əрі əдеби шығарма жазған жазушы еңбегі — елдігімізді танытуға, мəдениетімізді марқайтуға қосылған тамаша туынды. Мың жыл аралығында дүниеге келген бес мыңға тарта күйдің аңызына арқа сүйеп, көшпелілер мəдениетінің көшелі тарихын жазу, сөйтіп, халық болмысының жанды шежіресін жарыққа шығару көзсіз ерлік екендігін мойындауға жəне бағалауға тиіспіз. Осындай ұлттың рухани қазынасын байытқан шырайлы шығарма қандай мақтауға да лайық. Бұл, сайып келгенде, Ақселеу Сейдімбектің төлтума өнеріміздің өресі биік өзге елдермен терезесі тең екендігін айғақтауға қажет бірден-бір құнды шығармасы. «Қазақтың күй өнері» — қазақ баласына, қазақ еліне осы қасиет-қадірімен қымбат кітап.

«Ақселеу Сейдімбек «Қазақтың күй өнері», «Күй шежіре» арқылы қазақтың ұлттық мəдениетінің көне тарихын қазіргі кемел кезеңімен жалғастырған мазмұны терең, мағынасы мəнді өнер туралы өзінің қайталанбас абыз сөзін айтты. Сөйтіп, ол қазақ мəдениетінің тағдырындағы ұлы өзгерістермен біте қайнасқан болмысын жеріне жеткізе жазып, оны өткен замандардың, өнерпаз адамдардың өмір тарихымен шендестіре сыр шертті», — деді Құрманғалиев [3; 3]. Қазақ өнерінің мыңжылдық тарихын жүйелеп, халқына танытқан ғалымның еңбегінің маңызы айрықша. Жалпы күй аңыздарын жинаудан, жариялаудан бастап, зерттеуге дейін автордың сіңірген еңбегін қазақ фольклортануының теориялық жəне қолданбалы ізденіс саласын дамытудағы елеулі жетістіктерінің бірі ретінде атап айтқан орынды.

«Күй шежіреде», «Қазақтың күй өнері» атты еңбектерінде күй аңыздарының шығу тегі, күй мен тілдің табиғи бірлігі, күй мен күйші тағдыры, күйдің жанрлары жəне күй аспаптары да жан-жақты əңгімеге арқау болған. Айтылған пікір, ортаға салынған ой — бəрі-бəрі жалаң сөз емес, көңілге қонатын ауқымды тұжырымдар жасау арқылы жазылған. Нағыз өнер мен сол киелі өнерді тудырған халықтың кіндігі бір, өмірі өзектес, яғни біртұтас екендігін, бұл туынды тарихи тұрғыдан да, ғылыми жағынан да толық дəлелдеп берген.

Ғалым Ақселеу Сейдімбектің «Күй шежіре» жəне «Қазақтың күй өнері» атты қос кітабы — күйдің тамырын да, тарихын да, танымын да анықтап беретін түбірлі зерттеу. Бұл қос кітап — зерттеушінің өмірлік ізденісінің, өнердегі мұратты жəне мақсатты таным жолының жемісі. Бұл — қазақтың рухани мəдениетінің тарихы туралы оқулық. Қазіргі «Мəдениеттану» пəнінен өткізілетін дəрістерге таптырмайтын пəн құралы жəне тұжырымды ғылыми зерттеу. Қазақ күйлерінің тарихы, шығу тегі, ішкі құрылымы, заңдылықтары, тақырыптық тарамдары, ерекшеліктері туралы мұндай жүйелі зерттеу осы уақытқа дейін жарық көрген жоқ. Оның үстіне күйдің шығу тарихы туралы аңыздар осы уақытқа дейін арнайы зерттеудің арқауына айналған жоқ. Əңгіме күй əуені қақында ғана емес, сол күйдің ішкі мазмұны мен түйсіктік психологиясын ашатын, сол күй əлемінің ішіне жетелеп кіргізетін тарихи негіз туралы. Ал бұл негіздерге ұлттық таным, тарих, мінез, діл мəйек болады.

Сондай-ақ қазақ фольклорындағы басқа жанрларға қарағанда күй аңыздарының назар аудартатын ерекшелігі — ол қоғам өміріндегі салт-дəстүрмен, əдет-ғұрыппен, кісілікті қалыптармен (нормалармен), күнделікті тұрмыс-тіршілікпен, қысқасы, халықтың барша тарихи-əлеуметтік өмірімен мейлінше етенелікте біте қайнасып жатыр.

«Осынау ғылыми жаңалықтар мен ізденістердің қай-қайсы да толымды теориялық жəне методологиялық деңгейде көрініс тапқан. Монографияның ғылыми жаңалықтары фольклортанудың, мəдениеттанудың, тарихтанудың ең іргелі жетістіктерін басшылыққа ала отырып, орнықты дəлелдермен түйінделген. Ақселеу Сейдімбек əрбір ғылыми пайымдауларын қисынды дəлелдермен дəйектеп, əрбір ой түйіндерін нақтылы айғақ-деректермен көмкеріп отырады. Мұның өзі, бұл еңбегінің ғылыми салмағын арттырып, жаңа ой тұжырымдарға күмəнсіз иландырып отыруға себепші болған.

Ал, ғылыми жаңалығының деңгей дəрежесі болса, мұның өзі ең алдымен бұрын-соңды қазақ фольклортануында арнайы зерттеу объектісі болмаған тақырыптың биік ғылыми-теориялық деңгейде орындалуынан айқын байқалады. Алынған нəтижелерді халықтың дəстүрлі мəдениетін парықтаудағы, əсіресе фольклортанудағы елеулі жетістіктердің бірі деп бағалауға əбден болады» [6].

Ғалымның шығармашылық мұрасын, оның қазақ музыкасын, күй аңыздарын, қазақтың фольклорын зерттеген мұрасын түйіндей келе, Ақселеу Сейдімбек — өзінің шығармашылық тұлғасы, жазушылық шеберлігі, болмыс-бітімі, тағдыр-талайымен оқшау көрінетін күрделі тұлға деген ой қорытамыз. Сан қырлы талант иесінің қазақ өнері туралы толымды еңбектері жайлы жазылар ауқымды зерттеудің бас-аяғы бірер еңбектермен шектелмесі де дау тудырмасы анық. Оның əдеби мұрасы мен шығармашылығы қашан да ұрпақ игілігі болып қала бермек.

 

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Жұбанов А. Музыка — жан азығы // Қазақ əдебиеті. — 1986. — 2 мамыр. — 6-б.
  2. Əуезов М. Уақыт жəне əдебиет. — Алматы: Қазақ мемлекеттік көркем əдебиет баспасы, 1962. — 428 б.
  3. Құрманғалиев Қ. Күй аңызы — сөз маңызы // Халық кеңесі. — 1994. — 2 желт.
  4. Қирабаев С. Менің Ақселеуім // Егемен Қазақстан. — 2009. — 12 желт. — 5-б.
  5. Сейдімбек А. Шығармалары: Алты томдық. — 3-т. Қазақтың күй өнері. — Астана: Фолиант, 2010. — 832 б.
  6. Ысмағұлов Ж. Текті мұраның тегі // Қазақ əдебиеті. — 1999. — 18 маус. — 8-б.

 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.