Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Əсет ақынның термелері

Қазақтар — дала көшпенділерінің ұрпақтары, қазақ халық болып біріккенде, тайпалар арасындағы өзара ағайындық ғана емес, өмір салтының бірдейлігіне, орналасу аймағының тұтастығына қарай қалыптасқан этностық топ. Монғолия далаларында тұратын Керейлер (Керей хандығы), Алтай баурайы мен Қара Ертіс бойын жайлаған Наймандар (Найман елі) мен Сарыарқаны мекендеген Арғындар (Қарлұқ хандығы), Жетісудың халқы Сарыүйсіндер (Үйсін елі) мен Сыр бойының халқы Қаңлылар (Қаңлы елі) жəне Мұғалжарды мекен еткен Шөмекейлер (Чумугун елі), Тобылды жайлаған Қыпшақтар (Қыпшақ елі), Маңғыстауды мекендеген Адайлар (Дай елі) жер бетінде «Қазақ» деген халық болмастан бұрын да, өз мемлекеттері бар жұрттарға жатады. Сол кезеңдерде олардың тілдері, ділдері бір-біріне жақын болды. Сосын барлық қазақты құраған ру- тайпалардың өз алдына фольклор мұрасы, өнері болды. Озық өнер үлгілері бұл тайпалар мен елдер арасына ерте заманнан етене болып жатталды. Қазақтың терме өнері де байырғы жұрттар мен ұлыстардың, туыстардың өнерпаздары арқылы жетті.

Терме өнері — синкретті, немесе жалпылық, жанр түрі. Ол — өлең, əуен, күй, əн, актер, əнші, сазгерлердің қосылуы арқылы ортақ жаралған көне өнер түрі. Мақамды, əуенді, аспапты бір адам орындаудан қалыптасады. Сосын да терме өнерпаздарының басы бақсы сарыны арқылы негізі қаланғаны анық. Бақсы, абыз, жыршы, жырау, ақын, термеші болып аттары сақталған.

Қазақ фольклорында тұтастану үрдісі болады. Жанр түрінің тұтастануынан алғанда терме өнері ақ өлең (қара сөз тақпағы) — бақсы сарыны — өлең сөз тақпағы — насихат өлеңі — өсиет өлеңі — толғау — жыр-терме түрінде тұтасады. Қазір жыр-терме əрбір жанр түрінен бөлектеніп, жырдан, толғаудан парықталып, терме өнері болып жеке аталады. Қазақ еліндегі қандастар бұл фольклорлық жанр түрін терме өнері, толғау-терме, жыр-терме деп үш түрлі атаумен атап келген де, еліміз қазақтары термемен таңбалайды.

Терме тектен тек көктен түсе салған дүние емес. Ол — сонау халықтық дəстүрлер мен мəдениеттің тоғысы. Терме өнерінің əр дəуірдегі мұрагерлері, жалғастырушылары болған. Тұтастану жолымен жеке жанрлық тұлғасын қалыптастырған. Терме өнерпаздарының авторлары жеке тұлғадан көбейіп, терме мəтінін жазушы, терме мақамын жасаушы, терме орындаушы болып жұмыс міндеті кеңейген-ді. Қазақ бастан кешкен тарихи барыстардың бəрінде телемелеу дағдысы жойылмаған. Ал қазіргі дəуірге келгенде əнші, жыршы, жырау, ақын, актерлер де өз жасампаздығының бір саласын терме өнеріне арнаған жаңа ауқым қалыптасты. Ə.Марғұлан Қорқыт мұрагерлерін Қойлыбай бастаған ежелгі бақсы-жыраулар, Кетбұға сияқты қобызда күй шалушылар, Сыпыра дəстүрінің ізіндегі жырау-абыздар, Жанаққа жалғасқан қобыз ұстаған ақындар деп төрт топқа бөлді. Бұл — шартты түрде бөлудің көрінісі. Қобызбен күй шығарушылар бұлай бөлінсе, қоңыр домбырамен терме айтқандардың қатары тіпті мол.

Қазақ қоғамының жаңа дəуірінде Қазақстан жерінде Жанақ ақынға ілескен бір шоғыр өнерпаздар шықты. Айталық, Ақан мен Біржан, Сегіз Сері мен Балуан Шолақ, Үкілі Ыбырай мен Жарылғапберді, Қемпірбай мен Нартай, Естай мен Мəди, Абай мен Жамбылдар ғұмыр кешті. Ес біліп, етек-жеңді жинағаннан кейін білген Үбісұлтан, Нұрмахан, Рүстембек, Мұзарап, Зайыр, Сабыт, Берман, Сүйінбай, Сағынтай, Жаппар секілді белгілі жырауларды атауға болады. Ол өнерпаздардың жыр-терме айту мақамдары əр түрлі болыпты. Арқа дəстүрін елімізге жеткізген жезтаңдай əнші, жезбұйда жырдың жел жүйрігі Əсет Найманбайұлы еліміздің қазіргі заман терме өнеріне тамшыдай тер төгіп кеткен айтулы өнерпаз. Еліміз қазақтарында қазіргі заман терме өнеріне Əсет пен Асылхан сара жол салды делінсе, асырып айтқандық емес.

Əсет жасампаздығына тіркелген жаңа поэзиялық түр — терме мəтіні. Оның саны көп емес.

«Адамның жасы жөнінде», «Əсеттің термесі», «Өсиет», «Бауырларға» дейтін төрт жыр-термесі мəлім болған. Ақынның бұл термелері екі елде де баспа бетінде жарық көрді. «Адамның жасы жөнінде», «Əсеттің термесі», «Өсиет» атты үш терме мəтіні 1992 жылы Қазақстан Республикасы Алматы қаласында басылған «Інжу-маржан» атты Əсеттің əндер жинағына енеді [1; 86–93]. Құрастырушы өнертану ғылымының кандидаты Қайролла Жүзбасов алғашқы екі өлең мəтінін термеге жатқызады да, соңғы «Өсиетті» əнге бейімдейді. Нотасымен қосып жазады. «Адамның жасы жөнінде» бұл жинақта əннің қайырма мəтіні қосылып, жиыны 5 шумаққа жинақталған. Əр шумақ 6 тармақтан құралып, көлемі 28 жолға тұрақтайды. Ертеде бұл өлең Қазақстаннан шыққан «Шығармалар» жинағына терме деп те аталмай, бір шұбыртпалы ұйқасқа жинақталып, 22 жолдан тұратын

«Адамның жасы жөнінде» деген өлең мəтінімен енеді [2]. Ал елімізде шыққан «Əсет шығармаларының» I-томында бұл өлең бір жерде «Жас жайлы» деген атпен үзінді ретінде 16 жолмен өлең тобына енсе, бірде «Жиырма бес» деген термеде көлемі əн қайырмасымен 30 жол болып, əндер қатарында жүреді. Əн мəтіндері де ұқсамайды. Бəлкім, екі термеге телуге болады. «Əсеттің термесі» атты терме мəтіні «Інжу-маржан» атты жинақта бір қалыпты үдемелі ұйқаспен 22 жолдан тұрады.

«Өсиет» те аталмыш жинақта екі шумақ, 16 жолмен шектеледі.

Кейін Əсет мұралары еліміз жерінде де жақсы жиналып, жеке екі томмен құрастырылып басылды. Сонда «Өсиет» атты бұл өлеңнің құрылысы көлемді, тармақтары көп екені мəлім болды.

«Інжу-маржан» атты жинақта 16 жолмен шектелсе, «Əсет шығармалары» атты жинақта «Өсиеттің» мазмұны түрленіп, «Пəни дүние» деген өлең өрнектеріне өзгерген сыңайлы. Көлемі бес бетке жетеді. Ақынның келесі бір термесі «Туыстарға өсиет» 2000 жылы Бижиң қаласынан шығатын «Орталық ұлттар баспасы» тарапынан басылған «Əсет шығармалары» екі томдығының І-томында «Өсиет» (Туыс-туған қатынасы) [3; 190–194] деген термемен басылады. Кітапты жинап, реттеп, баспаға дайындаушы Қалиолла Нұртазин. Жинап, реттеуге көмектескендер: Асқар Игенұлы, Омархан Асылұлы, Жүмəділ Маманұлы. Бұл өлең жинақта «Өлең мен толғаулар» бөліміне енгізілген. Арнаулы терме деп аталмаған. Көлемі 5 бет, үлкен 7 шумақ, 103 жолдан тұрады. 7 мен 8 буынды жыр ұйқасымен, кейбір шумақтары шұбыртпалы ұйқаспен, желдірме ырғағымен айтылады.

Ардагер Əсеттің артында қалған мол мұрасының бір парасы терме өнерімен толықтанды. Сегіз қырлы, бір сырлы сері Əсет Арқа əуенін терме өнеріне сіңдірген кемел өнертапқыш талант. Əншілігін, эпикалық төкпелікке ұластырған дархан көңіл дарын иесі. Əсеттің төрт те, бес нұсқадан тұратын термелерінің өзі өнеге боларлық, терме өнеріндегі бостықты толтырған төл жасампаздық. Бұл термелерінің мазмұны мына жақтарға жинақталады: адамның жасына қарай жасалған мінездеме, жиырма бестің пендеге сыйлайтын асыл қасиеті, адамның өмір сапарында ұстанатын ақ жолы мен адалдығы, пəни дүниенің барлығы мен жоқтығы, көптігі мен аздығы, өтпелі кезеңі, туыстар арасындағы жақындық пен бауырмалдық. Енді осы мазмұндарды Əсет термесінің өн бойынан толық қазып алуға болады.

Бірінші, Əсеттің жас туралы термесіндегі пікір жаңалығы. Əсеттің бұл туралы термесі «Адамның жасы жөнінде», «Жас жайлы», «Жиырма бес» болып түрліше аталады. Өлеңдік нақыштары мен ішкі мазмұндық бөлектері де ұқсамай жатады. Түрліше бейнелеу тəсілі арқылы вариантталады. Жалпы адамның бес жастық ғұмырынан тоқсан беске дейінгі өмір белестерін тамаша мінездік ұқсастықпен термелейді. Бес жасты құлынға, он жасты буыны қатпаған жас өркенге ұқсатады. Он бесте отау құрып, жиырма бесте той мен ойға кенелген кемел шаққа жетеріңді əдемі жеткізеді. Отызда ақыл толысып, қырықта сабырдың сары атанына мінетін мінездемелерді ашады. Елу жас екі жастың тап ортасы, алпысың сақалдының өларасы десе, жетпісте тістен айрылып, сексенде селкілдеп қалатын кəрілік шақты бейнелейді. Тоқсанда толған мидың жартысынан айрылып, тоқсан бесте томарылып отыратын ғұмырдың соңғы керуенін көзге елестетеді. Сергек, анық ырғақта терме тебіреністі көңіл-күймен айтылады. Термеге əуендік қайырма қосылады. Қайырмасы: Халалаку лəйлім, Халалаку лəйлім, лəйлəйлім, Халалаку лəйлім, Лəйлім, лəйлім, лəйлəйлім!

— дейтін үдемелі, қайталамалы тіркестермен күшейтіледі. Бұл терменің бір нұсқасы, немесе елімізде мəлім болған нұсқасында, үзінді ретінде Əсет өмірінен мəлімет береді. Айталық,

Он жаста өз құрбымнан болдым бөлек,

Он бесте ынта бердім өлеңге ерек.

Келгенде жиырмаға адам болып,

Қыр-сырын бұл өмірдің көрдім елеп.

Отызда өз құрбымнан түгел озып,

Белгілі адам болып тұрдым бөлек.

Қырқымда бүрлеп шыққан бəйтеректей,

Саяма əркім келген көлеңкелеп.

Елу жас — жер ортасы деген рас,

Бетіме əжім кірді, көзіме — елек, —дейді [3; 190].

Əсет — өнерге тойынып кетпеген, өзін басқалардан асқақ ұстамаған реал ақын. Ол ғұмырдың кетелігін ерте сезді. Бұл шумақтармен өз өмірінің алты кезеңін бес те, он жылдық кесімге салып, саралай білді. Ең жемісті жас жиырма бес екенін танып жетті. Жиырма беске арнап жеке желдірме шығарды. «Қош бол аман, жиырма бес, қайта айналып келмес маған» деген қайырма тіркеске сүйеніп, ақыл беретін, нақыл беретін тебіреністі термесін қалдырды. Осы «жиырма бесті» əннен гөрі, терме қорына енгізсек, ұтарымыз көп болмақ. Өйткені мəтінде бүкілдей ақыл мен кеңестің бірқанша түрін жіпке тізгендей жинақы жеткізеді. Мəселен,

Мыс та алтын, күміс те алтын, алтын да алтын,

Айырып білмегенге асыл нарқын.

Сыртынан бəрі сұлу көрінгенмен,

Табылмас нағыз алтын жарқылдайтын.

 Кісі емес кісі артынан жамандаған,

Дос емес дос көңілін таба алмаған.

Астына кей жаманның тұлпар түссе,

Қандырып тақым құрышын шаба алмаған,

деп толқиды Əсет [3; 247]. Ақын бұл терме мəтінінде жеті шумақта жеті ойды жеткізіп, дидактикалық ой айтады. Əн сөздері көбіне лирикалық тебіреніске жол берсе, бұл өлең мəтіндері философиялық ойламға құрылады.

Екінші, Əсеттің нақылдық термесіндегі философиялық толғамдар мен ой өрнектері. «Əсет термесі» деп келетін шағын терме мəтінінде тұнып тұрған ойға кезек беріледі. Сергек, кең үнмен термеленеді. Терме мəтінінің басталуы да тосын. «Е-ей, қайран Əсет, Əсет, шіркін ауру! Ахей!» — деп алынады. Бұл мəтіндік бастамаға қарағанда «Əнмен арыз» атты ұзақ толғауына жақын келеді. Себебі ақын соңғы ғұмырында белгісіз аурудан көз жұмады. Өзге өлеңдерінде бұл қайғылы күй кезікпейді. «Өткенді естімесе, көз көрмейді» деген тұжырымды ойдың өзі — бүкіл терменің алтын арқауы. Ақын өз өмірінің де қамшының сабындай қысқа, өтпелі екенін түйсінеді. Пəни дүниеде аяқ басып жүрген пенденің міндеті ұмытылмайтын асыл сөз қалдырумен құнды боларын салмақтайды. Пəни дүниедегі табиғат, жаратылыс құбылысы ғана ұзақ өмір сүреді. Бірақ сезіне білмейді. Ал адам ұрпақ үшін ұлағатты ой қалдырады. Ақын оны жан жүрегімен сезініп, айналасындағыларға ақ жарқын дауыспен жар салады. Адамнын басында үйқы, жалқау, керенау сынды алынбас үш кесел барын, оны ақылмен жеңгенде ғана адамдық сара да сəлиқалы жолды тазалауға боларын образды тілмен түйіндейді. Адамның бақыты өз қолынан жасалатынын бір шумақ өлеңмен жеткізеді:

Қорғасының қорысы тас бола ма?

Нахаққа нағыз есті қас бола ма?

Жын соғып, ақыл азып, мұң ұрмаса,

Жай кісі қарап жүріп мас бола ма?

Адамның ризығына — Алла кепіл,

Топырақ көрге енгенше тас бола ма?

делінеді [1; 88, 90]. Бұл терме мəтінінде бар дүние мен ой, қимыл тектен текке тумайды. Адам да жер бетінде ойсыз, əрекетсіз жүрмейді. Оған парасат пен пайым, біліктілік керек болады. Ақын осы ойды дидактикалық сұрау арқылы жауабын айтпай тұрып, дəлелдейді. Терме талабына осындай жинақылық пен ойлылық ғана үйлесе кетеді. Сөз бұйдалық, шұбалаңдық терменің түрін өзгертеді. Əсеттің бұл термесі терең ой мен тиянақты тұжырымға сүйенген азаматтық лирика үлгсін ұстанған терме түріне жатады.

Үшінші, өрелі өсиет, өнегелі тағылым, таза имандылық сыйлайтын термелік көзқарастары. Əсеттің «Өсиет», немесе «Пəни дүние», атты термесінде адамға ақ жүрек сыйлайтын имандылық мəселесі қозғалады. Бұған қарап, «Өсиет» термесі шариғаттық тақырып ұстанатынын білуге болады. Адамға адалдық — Аллаһтың сиы. Оған сенім мен талап қанат бітіруші. Аллаһтың ақ жолына адал болғандар арлы, иманды болады. Ақын бұл идеяларды терменің тармақтары өлеңмен жауап қайтарады.

Айталық,

Дүние бір керуен жүрген көшіп,

Біраз күн дамылдайды жүгін шешіп.

Мысалы, талаптыға жаққан шамдай,

Қалмай ма, май таусылса, бір күн өшіп,

деп қорытады ақын [1; 93]. Дүние — жалған, кезбелі, кезекті. Одан алар үлесіңді алып кетпесең, дүние екі айналып келмейді деген ислами қағидаттарды жақтайды. Адам өмірінің санаулы сəттері тек қарапайым халықты ғана емес, əулие мен əнбие, пайғамбарды да сынаққа алатынын, ажал барлық пендеге ортақ боларына сенеді. Жамиғи исан Нəби ода өткен, ажалдан құтылмаймыз амал нешік? — деген сөздермен айтып келмейтін ажалға сипаттама жасайды. Адам өмірге келгеннен көз жұмғанға дейін бойынан ізгілік пен игілікті жарқыратып жүру керектігін арнаулы суреттейді.

Төртінші, Əсет термесінде дəріптелген ағайын-туыстар ара қатынасы мен бауырластық бірлігі. Əсеттің бұл термесі Қытай қазақтарынан шыққан «Əсет шығармаларының» І-томында «Өсиет» (Туыс-туған қатынасы) деп жазылады. Ал бұл тақырыпты бүкілдей ағайын мен туыстарға арнаған себепті «Туыстарға өсиет» деген атпен атауды жөн көрдік. Бұл жинақта аталған өлең терме ретінде қаралмаған. Біз өлеңнің ескі 7 жəне 8 буынмен үдемелі ұйқаспен жасалған құрылысын көріп, термеге жатқызуға өте лайық екенін байқадық. Жинақта жəне өзге мерзімді басылымда бұл терменің тұрақты мақамы ұшыраспайды. Тек терме мəтінін көріп, терменің барлық шарттарын орындағанын білуге болады. Терме мəтінінде бір адамның айналасына жиналатын берлық туыстардың көмектесер қызметін түгендейді. Əке мен шешенің, аға мен інінің, əпке мен қарындастың, ұлың мен қызыңның, жиенің мен нағашыңның, бажа мен құданың, күйеу бала мен жезденің туыстық бірлігін дəл табады.

Жақсы туыс пен жаман туыстың саған салар жақсылығы мен жамандығың салыстырып береді. Сол секілді жақсы жар мен жаман əйелдің, əдепті келін мен кесір келіннің, білімді дос пен ақылсыз ағайынның ара қатынасын толық ажыратып жырлайды. Ал оқып көрелік,

Əкең болса алдыңда,

Қоршап тұрған қорғаның.

Шешең болса алдыңда,

Күн өтпейтін орманың.

Екеуі қатар тұрғанда,

Бақытты бала болғаның.

Ата-анаң болса аяулы,

Төрт қыбылаң толғаның [3; 190].

Пенденің ең ардақты туысы — өз ата-анасы. Олар болса, төрт жағың түгел болады деп бағалайды. Кейінгі шумақтарында аялап əлпештейтін шешенің орны бəрінен артық екенін айрықша атайды. Əке бойындағы асыл қасиеттер мен жаман əдеттерге сын айтады. Ақылы жоқ əкеден, жақсы жезденің көш артық боларын бағамдайды. Жаман туысқа жасаған көмегің, елекке құйған сумен тең болса, жаман болса əйелің, көрген қүннің түнге айналарын де ескертеді. Ақын жалғасты «Ақымақ балаң алдыңда, көрініп жүрген жынмен тең..... Кекесіні келіннің, езіп берген умен тең» деген тіркестерді қосып жырлайды. Терме мəтінінің соңы əділ билік пен риясыз достықты жырлауға құрылады. Мəселен:

Білімді болса дос-жарың,

Кең болады өрісің.

Биің əділ болғанда,

Тыныш болар ел-ішің.

Досың əділ болғанда,

Өлшенбей қалмас бір ісің.

Көгерсін елмен бірге өс,

Елсіз тірлік құрысын,

деп тебіренеді ақын жаны [3; 194]. Əсет бір отбасының бауыры мен туыстарын түгендеп, бір əулеттен жақындарын жырға қосады. Олардың жанға сая мейірі мен шарапатын аса көрегендікпен көре біледі. Бір ауылдың айрандай ұйыған бірлігі мен тірлігі болуын армандап кетеді.

Əсет термелері туралы бұрын зерттеу еңбектері болмаған. Іздену жағы да жоқтың қасы. Тек кейбір жинағында ғана ақын термесін атап өтеді. Басқа ақын жасампаздығына арналған ғылыми мақалаларда термесін тектемейді. Бұл ақын мұрасына жан-жақтылы тоқталудағы ағат кеткен шаруалар. Əсет шығармалары қаншалық ел көкейіне сақталған сайын, оның талантты қырлары соғұрлым ашыла берері шүбəсіз. Елімізде өтіп жатқан айтыс бəсекесінде ақынның «Əсетпен Кемпірбаймен қағысуы» термеге баланып, оны орындаған термешілер жүлденің биік төрінен көрініп келеді. 2012 жылы 5–6 қарашада өткен Күнес ауданының 31-ші кезекті ақындар айтысының терме майданында Берікбол дейтін жас термеші «Əсет пен Кемпірбаймен қағысуын» тамылжыта орындап, терменің бас жүлдесін олжалады. Бұл жерде айтыс майданы болған соң үлкен сөгіс жоқ. Арнаулы терме өнерінің сайысы болса аталған термені қосуға болмайды. Əсеттің термесі жоқ емес, жоғарыда аталған термелер Əсет өнерінің бір шұғыласы. «Əсет пен Кемпірбайдың қағысуын» айтыс мұрасына қалдырып, «Өсиет», «Туыстарға өсиет», «Əсет термесі», «Жас жайлы» термелері көрерменнің көз айымына айналып жатса құба-құп. Халқы барда ақын рухы өшпейді, өнері өлмейді. Келер ұрпақ Əсет термесін де тауып алып, сахарадан сахнаға сайрата алады.

Соңғы түйін: Əсеттің халық арасынан жиналған, өлең, толғауларынан екшелген терме мəтіндері қазіргі терме өнеріне қосылған жауһар жəдігер. Əсеттің терме жасампаздығы жаңа дəуір терме өнерін танудың бастау бұлақтарының бірі. Заман жаңаланған сайын əдеби құнын жоймай, алтын қорда сақтала бермек, жаттала бермек. Ақынның саусақпен санарлық терме мəтіндері əсеттануда да табысты өнер саласына айналады.

 

Əдебиеттер тізімі

  • Жүзбасов Қ. Інжу-маржан. — Алматы: Өнер,
  • Нұржекеев Б., Əбілқасымов Б. Шығармалар. — Алматы: Жазушы, 1988. — 67-б.
  • Нұртазин Қ., Игенұлы А., Асылұлы О., Маманұлы Ж. Əсет шығармалары. — 2-т. — ҚХР Бижиң: Орталық ұлттар баспасы,
  • Шипанұлы М., Əлімбекұлы Б. Əн салсаң Əсеттей сал əсемдетіп // ҚХР ШҰАР. — Үрімжі: Шыңжаң халық баспасы, 1989.
  • Исмайылқызы Н. Сахара бұлбұлы — жырдың дүлдүлі // ҚХР ШҰАР. Үрімжі: Шыңжаң жастар-өрендер баспасы, 2008.

 

 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.