Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Мағжан жайлы маңызды зерттеу

Қазақ əдебиеті ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың бас кезінде дамудың, Ренессанстың дəуірін басынан өткеріп, алдыңғы қатарлы əлемдік мəдениетпен йық тірестірді. Қазақ поэзиясының кəусар мөлдір бұлағы адамзаттың əдебиет айдынына Абай болып, Мағжан болып құйылды. Ұлттық əдебиеттің асыл қайнарларынан нəр алған, əлемдік əсем сөздің озық үлгілерінен сусындаған Абай пəлсафалық, ал Мағжан сыршыл, сырлы сөздің қайталанбас шыңдарын жасады.

Сондықтан да 120 жылдығына байланысты белгілі қаламгер, профессор Р.С.Кареновтың зерттеуі халқымыздың от жалынды зор таланттарының бірі, аспан құлап, жер сілкінгендей аума-төкпе заманда өмір сүрген, ауыр тағдырды басынан кешкен, ақыры сталиндік репрессия кезінде мерт болған есіл боздақ, ұлы ақын Мағжан Жұмабаевтың шығармашылығына арналған [1].

Автордың пайымдауынша, Мағжаннан қалған əдеби шығармашылық мұраның көлемі, салалары сақталуына қатысты сөзді нақты айтуға мүмкіндік бар.

Талантты ақынның алғашқы өлеңдері Уфадағы, Омбыдағы қабырға газеттерінде, қолжазба журналдарында, өз кезіндегі мерзімді баспасөз бетінде жарияланып жүріп, көзге түседі, елеп- ескеріледі де, жұртшылық назарын аударады. 1912 жылы Қазанда «Шолпан» өлеңдер жинағы шыққанда Мағжан он сегіз-он тоғыздардағы уылжып тұрған қыршын жас болатын. Абай кітабының басылғанына үш-ақ жыл өткенін ескерсек, жас ақынның даңқы қазақ сахарасы аспанында қалай көтерілгенін ұғу қиынға соқпас. Бұдан кейінгі кезеңде дүниеге келген қазақ газет-журналдарының бетінде Мағжан шығармалары 1929 жылы жаламен күйіп, абақтыға түскенге дейін үздіксіз жарияланып тұрды. Негізінен ақын өлеңдері екі-ақ рет жинақталып, топталып оқырман қолына тиді. Қысқасы, монографияда көрсетілгендей, Мағжан Жұмабаевтың қаламгерлік сапары бас-аяғы жиырма жылға жетпей, тым ерте үзілді. Он жылдай өмірі абақтыда, лагерьде, қуғын-сүргінде, азап-қорлықта өтіп, ақыры 1938 жылы ажал оғы құлатты.

Автордың ойынша, қалың оқырман, қазіргі ұрпақ, болашақ буын үшін ақынның отыз жасында Ташкентте жарық көрген кітабының тарихи маңызы зор. Ақын поэзиясы, оның табиғаты, басты ерекшеліктері туралы пікір-байлам, ой тұжырымды профессор Р.С.Каренов осы жинаққа сүйеніп айтқан.

Кітапта көрсетілгендей, Мағжан бала күнінен халық фольклорын, ауыз əдебиетін, елдің дарынды сөзін бойына сіңіріп өсумен қатар, қаршадай күнінен арабша, орысша хат танып, артынан арнаулы оқу орындарын аяқтап, сүйегіне біткен сұңғыла, зерек, қиялшыл қасиеттеріне орай, Шығыс пен Батыстың поэзиясын терең біліп, көңілге тоқып, жүрекке ұялатып, бойына сіңіру арқасында таза талғам, биік парасат, үздік көркемдік нысаналарға тіпті ерте жеткен. Ақын таланты қыл-қыбыр, жүн- жұрқа, шаң-тозаңды дарытпай, шын, мөлдір қасиетін сақтап, табиғат ұста соққан қалпында қалған.

Мағжан ақынның өлең-поэмалары уақыттың уақытша құбылыстарынан биік тұра білуімен, өнердің өз өлшемдерімен ғана өрелесетін өміршеңдігімен өзгешеленеді. Өлеңнің хас шебері, биік мəдениетті бірегей ақын деп даусыз мойындалатын Мағжан Жұмабаевтың өнер туындатқан тұсы, яғни өткен ғасырдың жиырмасыншы, отызыншы жылдары мəдениетке саясаттың, идеологияның белден баса араласа бастаған кезеңімен сəйкес келді де, поэзияда алдыңғы қатарға ойдың бейнелілігі, сөздің саздылығы, көркемдік кестелердің кемелділігі емес, заманға күйлейтін көңіл, өтімді тақырыпты таба білу, ұйқастыра ұрандау шығып кетті. Ақ қашып, қызыл қуып, қазақ даласында ғасырлар бойы қалыптасқан өмір салты топалаңға түскен сол бір сергелдең заманда өлеңнің өн бойындағы сұлулықты сақтап қалған Мағжанның халық алдындағы еңбегі ерекше.

Профессор Р.С.Кареновтың қазақтың ұлы ақыны М.Жұмабаевтың музасына арналған зерттеу еңбегінде ерекше назар аударылған мəселе, Мағжан поэзиясындағы көкжал толқын, көгала ағыстың бірі — өмір мен өлім, тіршілік пен ажал шайқасы, екеуінің бетпе-бет келуі. Данте, Гете сарындары, Байрон, Пушкин, Лермонтов əуездері, Блок, Фет, Мережковский ырғақтары түйісіп, тоғысып келіп, қазақ ақынының қайғысына қайғы қосып, жүрегін тербеп, жаңа, соны, бой түршігердей күйлер тудырған. Періште, тəңір, пайғамбар, құдай, көк аспан, жер, ай, жолбарыс, арыстан, толқын, жел, теңіз, өзен, алдаспан, алмас қылыш, тұлпар, жүрек — осы секілді көптеген сөздер, ұғымдар Мағжан поэзиясында үнемі қайталанып келеді. Олардың жинақтаушылық, эстетикалық, образдық, символдық, көркемдік орасан зор мəні бар. Өз ортасынан үзіліп, үздік шығып, арада көп мезгіл өтіп, көп дүние өзгергеннен кейін жаңа қауыммен емірене табысқан өнер иелері əр халықта, əр топырақта, əр ғасырда бар болса, Мағжан поэзиясының бірқыдыру сыры осы арнадан табылса керек.

Автордың ойынша, Мағжанның қазақ поэзиясында ашқан жаңа беттерінен айрықша атауға болатын құбылыс — ақынның Батыс, күллі əлем поэзиясындағы ауыз тұшитын жаңалықтарға ден қоюы. Осыған байланысты символистік ізденістері («От», «Пайғамбар», «Күншығыс», «Мені де, өлім, əлдиле», «Бостандық», «Жаралы жан», «Берниязға», т.т.). Символизм — романтизмнің бір бұтағы болғанда, осы тарапты өлең үлгілері ақын шығармашылығын қазақ поэзиясының бір жемісті ағашы етіп бөлекшелеп тұратынын айту керек. Бұлар — «Жазғы жолда», «Қысқы жолда», «Жиіленді қара орман», «Қараңғылық қоюланып келеді» дейтін жəне тағы басқа өлеңдер.

Монографияда мынадай қорытынды жасалған: Мағжан ақынның махаббат лирикасын дамытудағы еңбегі ерекше. Көз қарашығының нұры болсын, тербелген аққайың болсын, толқыған көл болсын, бүкіл кең ғалам болсын, соның бəрі, айналып келгенде, ақын жүрегінің бір бөлшегіндей. Бұл ақын қиялының байлығын, түйсік-қабілетінің молдығын, ешкімге ұқсамайтын қалып-кейпін танытса керек. Мағжан поэзиясының қос қанатындай мұңды, сазды, кейде қайғылы, əрі алға тартатын романтикалық əуендері, махаббат лирикасы ақын түйсігінің өзгешелігін, сонылығын дəлелдемек. Не жазса да, ол ең алдымен өз жүрегіне үңіледі. Сол арқылы айналадағы əлемді білуге, өмір шындығын ұғуға ұмтылады.

Автордың пайымдауынша, Мағжан Жұмабаев қазақ əдебиетінде «поэмалар жазудың желісін қаққан адамның біреуі болған». «Қорқыт», «Оқжетпестің қиясында», «Қойлыбайдың қобызы», «Батыр Баян», «Жүсіп хан», «Өтірік ертек», «Тоқсанның тобы», т.б. поэмалары — адам тағдыры мен ел тағдырын шебер қиюластырған шығармалар. Бұлардың тақырыптары əр түрлі, көркемдік деңгейлері əркелкі болғанымен, қазақ поэзиясында өзіндік орны бар дүниелер. Мұның ішінде ақынның көркемдігі келіскен терең мағыналы шығармаларының бірі — «Батыр Баян».

Зерттеушінің көрсеткеніндей, бұл шығарма — қазақ тарихының белгілі кезеңіне арналған көркемдік деңгейі жоғары поэма. Осы туындысында «Қолы емес, тілінің кісендеулі» болуынан бұл тіршіліктен безінген ақын, «Қу өмір қызығы жоқ қажытқан соң, Толғанып қарауым сол баяғыға» деп өз сырын ашып береді. Одан əрі ақынның романтикалық биік өресінің қиясына бірге самғап, іштей онымен сырласып кетесіз. Өткен замандағы өз ұлтыңның ұланғайыр даланы қорғаудағы ұмытылмас ерлік күресінің куəсі боласыз. Ұлтының айбары болған Абылайды, махаббат сезімінің құрбандары Ноян мен қалмақ қызын, елін жаудан қорғаған Батыр Баянды танисыз.

Автордың зерттеу барысында дəлелдегені, Мағжанның кесек те күрделі шығармаларына өзек болған алтын арқау — ол ұлт-азатшыл идеядан нəр алған азатшылдық рух. Ұлт рухын асқақтатуды мұрат тұтқан ақынның жоғарыда аталған поэмаларының қай-қайсысында азатшыл сарын көркемдік оймен тұтас өріледі. Сырттай қарағанда аңыз бен ертегі желісіне құрылған Мағжан туындыларында ақын қиялы өмір шындығымен астасып, соны көркемдік шешім табады.

Академик Əл-Карени (Каренов) өзінің зерттеуінде дұрыс қорытынды жасаған: Мағжанның Кеңестік жүйені керемет үрейлендірген, бірақ та ақындық əлеміндегі басты құндылықтарының бірі— ол, əрине, түркішілдік сарыны.

Мағжан өрлігі сонау VII ғасырда жасаған өр Күлтегіннің даңқты жеңімпаз жырларымен сабақтасады. Ақын көңілі сол Күлтегіндердің салтанат құрған дəуірін аңсайтындай:

 Биікте көк тəңірі,

Төменде қара жер жаралғанда,

Екеуінің арасында адам баласы жаралған.

Адам баласы үстіне ата-тегім

Бумын қаған, Істемі қаған отырған.

Отырып, түрік халқының ел жұртын

Қалыптастырған, иелік еткен.

Төрт бұрыштың бəрі дұшпан екен,

Сарбаздарымен аттанып,

Төрт бұрыштағы халықты

Көп алған, бəрін бейбіт еткен,

Бастыны еңкейткен,

Тізеліні бүктірген.

Ілгері Қадырқан қойнауына дейін.

Кері темір қақпаға дейін жайлаған.

Екі аралықта жүрген иесіз

Көк түріктерді осылай қоныстандырған екен...

 Мағжан аласұрып, жоқтаған түркі жұртының даңқты кезеңдерінен хабар беретін бұл жолдар көпке дейін өз ұрпағына беймəлім болып келгені белгілі.

Ерекше айта кететін жайт, Рашит Əл-Каренидің қазақтың ұлы ақыны Мағжан Жұмабаевтың жары Зылиха Құрманбайқызы жазықсыздан-жазықсыз түрмеге қамалған күйеуінің жоқтаушысы, жанашыры бола білді, кейін əдеби мұрасының шырақшысына айналды деген пікірі. Автордың араға жылдар салып асыл ұлымен қайта қауышқан халқының Зылиха Құрманбайқызына да қарыздар екенін жеткізуге тырысқаны өте жөн сияқты.

Итжеккенге айдалған Мағжанға Зылиха байғұс теңізден өтіп, нелер батпақ, тоң жерді белшесінен кешіп, талай рет барған. Тамақ апарып тұрған. Саясатты, ертеңгі тағдырды көп ойламай, көзжұмбаймен асқан ерлікке, жанын шүберекке түйіп, өзін құрбан етуден тартынбаған. Ештеңеден қорықпаған, жасқанбаған. Жары жолында жанын пида қылған əйелдердің бірі Зылиха апай болған.

Мағжан да Зылихаға ерекше риза болып, оған өлеңнен ескерткіш соғып кетті. Қиын-қыстау кезеңде өзіне кімнің сүйеу болғанын ақын былайша жырлайды [2]:

 Жас өмірімнің көгін бұлттар басқан күн,

Қайғы-қасірет тасып, бастан асқан күн.

Жан-жағымнан жылы жүзді жан таппай,

Жақын жандар қастық уын шашқан күн.

 Жауыз тағдыр созған қолды қаққан күн,

Жан-тəнімді жылан, шаян шаққан күн.

Жапан түзде қара түнде жалғыз қап,

Қан дария боп көздің жасы аққан күн.

 Сен көрдің де, келдің тура қасыма,

Сусын беріп, жастық қойдың басыма.

Маңдайымнан сипап, сүйіп, жұбаттың:

«Жаным құрбан, жасыңды тый, жасыма!

Мəңгілікке, міне, қолым беремін,

Тағдыр оғын көтермекке көнемін.

Қайғыланба, атса атар алтын таң,

Жан жолдасым, өлсең, бірге өлемін!» —

 Дедің де сен күліп, жолым бастадың,

Жауын, дауыл, оттан, судан қашпадың.

Қасиетті, сиқырлы сөз күшімен

Міне, азырақ есім жия бастадым...

 Алтын сəулем, ақ періштем жан салған,

Кім біледі, айырса егер сұм жалған,

Жүргенімде жер жүзінде тірі боп,

Бағынатын, табынатын сен — Аллам!

 Бұл Мағжанның Зылихаға арнаған көп өлеңдерінің бірі.

Автордың ойынша, Мағжан ақын туралы айтылған көп пікірлердің ішінен екеуіне ерекше ден қойған жөн: оның бірі — М.Əуезовтің оған берген қысқа да болса нұсқа айтқан, ақындық қасиетіне терең бойлаған бағасы; екіншісі — Ж.Аймауытовтың «Мағжанның ақындығы туралы» атты көлемді зерттеу мақаласы.

Ең алдымен Абайды данышпан атаған Мұхтар Əуезов: «... Бұдан соң Мағжанды сүйемін, Европалығын, жарқыраған əшекейін сүйемін» деп, оған деген сүйіспеншілігін жоғары пафоспен бастайды да, не үшін сүйетіндігін өрнекті кестелі ойларымен былайша түйеді: «Қазақ ақындарының қара қордалы ауылында туып, Европадағы мəдениет пен сұлулық сарайына барып, жайлауы жарасқан Арқа қызын көріп сезгендей боламын. Мағжан мəдениеті зор ақын. Сыртқы кестенің келісімі мен күйшілдігіне қарағанда бұл бір заманның тегінен асқандай. Сезімі жетілмеген қазақ қауымынан ертерек шыққандай, бірақ түбінде əдебиет таратушылары газетпен қосақталып, күндегі өмірінің тереңін терген ақын болмайды, заманынан басы озып, ілгерілеп кеткен ақын болады. Əдебиет əдебиет үшін деген таңба айқын болмай нəрлі əдебиет болуға жол жоқ. Сондықтан бүгінгі күннің бар жазушысының ішінен келешекке бой ұрып, артқы күнге анық қалуға жарайтын сөз Мағжанның сөзі. Одан басқамыздың бəріміздікі күмəнді, өте сенімсіз деп білемін».

Сол тар заманда кемеңгер ақын Мағжан жаппай қараланып жатқанда мынадай зор махаббатты пікір білдіру Мұхтар Əуезовтың ұлылығын дəлелдей түседі.

Қазақ əдебиетінде бірінші мағжантанушы атанған Ж.Аймауытовтың «Мағжанның ақындығы туралы» атты зерттеу мақаласы терең парасатты пайымдауларға толы: «...Мағжанның түрікшілдігі тыңнан тауып алған нəрсе емес, əуелден-ақ бар болатын, ол «Ғалияда» жүргенде түрікшіл пікірде бірер өлең жазған. Бірақ орысша оқуға кіріскеннен былай, ол пікірін жарыққа шығара қоймайтын... Колчактың кер заманы, одан қала берсе, ұлтшылдықтың аузына қақпақ болған Кеңес заманы Мағжанның баяғы басылып қалған түрікшілдік сезімін қайта оятты. Мағжан енді ұлт жалауын түрік жалауының панасына, түрік қанатының астына қояды. Жеке ұлтшылдықтың өрісі тарылғандығын көріп, түрік тұқымды жұрттармен əдебиет жүзінде өзінше одақ жасаған болады. Бара-бара Мағжанға түрікшілдік те тар ауданды көрінеді: ол күншығыстың — Азияның ақыны болып, Европамен, Батыспен «араздасады». Мағжанның түрікшіл, азияшыл болу себебі, оның өз қиялынан болмаса, оның осылай болайын деген тілегінен деп ұғуға болмайды. Оның терең негізі бар: мəселен, күншығыс халықтарын алсақ, бəрі де Батыстың, Европаның жемі, азығы, атып жейтін аңы болып келе жатыр... Ресейде қол астындағы түрік тұқымдары патша үкіметінің отары болып келеді. Батыстың мəдениетті жұрттары өнерсіз, ғылымсыз Шығыс жұрттарын жеуге ынтасы құрып, мойнын созғалы талай жылдар, ғасырлар өтіп барады. Европадағы талай қанды соғыс, капитал соғысы көбінесе күншығысқа қожа болу үшін шығып келген. Азия — құл, Европа — қожа есебінде үкім істеген. Міне, шығыстың осы халін ақын да білген, ойлаған...».

Жүсіпбек бұдан асырып ол заманда не айта алсын. Қазақ əдебиетінің қайыспас қара нарының мақаласынан Алаштың аяулы екі арысының бір-бірінің қадірін тани білген, қорған болуға дайын кісілік сипат, зор таным болғанын аңғарамыз, — деп тебіренеді зерттеуші-ғалым.

Зерттеу барысында Рашит Саттарұлы келесідей өте орынды қорытынды жасаған:

  • Мағжан Жұмабаев ұлтының үлкен жүректі ақыны. Сондықтан да келешекте оның теңіздей терең, маржандай асыл жырларын қадірлей білуіміз керек;
  • осыншалықты кемеңгерлікті қанша жылдар бойы саясат шаңына көмуді болашақта жалғастырсақ, ұлы ақынның əруағы бізді кешпейді;
  • Мағжан ақын ұлт тарихын, ұлт əдебиетін жасаушылардың бірі ғана емес, бірегейі. Кемеңгер Мағжанды жəне сол сияқты ұлттың ұлы тұлғаларына кір жұқтыру бұдан былай тарихымызды бұрмалау, қиянат жасау деп ұққанымыз жөн.

Жарық көрген монографияның басты құндылығы, біздің ойымызша, төменде көрсетілген деректерді терең зерттеп дəлелдеуінде:

  1. Қазақ лирикасында үлкен көркемдік жаңалық ашып, соны əсемдік арналарды негіздеп, əсіресе, Еуропа, орыс əдебиетіндегі ізденістерді, бағыттарды ұлттық топыраққа батыл да еркін ендірген Мағжан эпикалық жанрда поэманың ықшам формаларын қалыптастырды.
  2. Мағжан фольклорды игеруде соны жол, жаңа бағыт ашты. Қайта жырлау, нəзира, сарындау емес, түп-түгел тосын, биік, асқақ көркемдік жүйелер жасады.
  3. Ең бастысы ақын ықшамдық, сұлулық, философиялық талаптарды, бейнелік, суреттілік шарттарын бірінші қатарға шығарды: «Қойлыбайдың қобызында» фантастикалық күйлер, бəйгеге қобыз қосу көрінісі ғажап шебер бейнеленеді; «Қорқытта» өмір мен өлім арпалысы, мəңгілік үшін күрес, өнердің өлместікке апарар киелі қасиеті жыр етіледі; «Жүсіпханда» тұлға мен тобыр, мансап пен ұждан диалектикасы, «Өтірік ертекте» мысал, тұспал əдісімен берілген əлеуметтік тартыстар сыры бар; «Оқжетпестің қиясында», «Түркістан» туындылары азаттық идеясын, түркі бірлігін жырлайтын шығармалар.

Қорыта келе айтарымыз, академик Р.С.Кареновтың монографиясы — өте құнды зерттеу. Ол ұлы ақынның 120 жылдығына арналған. Белгілі қаламгер, энциклопедист-ғалым өзінің жаңа туындысында сұңғыла ақынның асқақ рухқа толы, отаншыл, ұлтжанды, жан сезімге бай лирикасын жариялай отырып, ғұлама Мағжанның өр бейнелі аруағына тағзым еткен.

 

 

Əдебиеттер тізімі

 

  1. Əл-Карени (Каренов) Р.С. Алдаспаны Алаштың ақын Мағжан: Ғылыми-əдеби монография. — Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 2013. — 235 б.
  2. Жұмабаев М. Шығармалары: Өлеңдер, поэмалар, қара сөздер / Құраст.: Х.Абдуллин, Б.Дəрімбетов, З.Жұмабаев. —Алматы: Жазушы, 1989. — 109-б.

 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.