Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазақтың би-шешендерінің асыл мұрасы

«Өнер алды — қызыл тіл», — деп білген халқымыз ежелден сөз өнерін қадірлеген. Мұралардың ең қымбаты, асылы — сөз өнері. Қазақ халқы қымбат сөздің, киелі сөздің құдіретіне бас иген. Сөз өнерінен аяулы, ардақты өнер жоқ, өйткені ол — ұлтымыздың ақыл-ойы, ар-ожданы, абыройы.

Сөз өнерінің негізін, əрине, сөз түзеді. Қазақтың киелі де, қасиетті шешендік өнері «бар өнердің биігі» ретінде саналған. Оған тағы да бір дəлел «Қазақ халқы сөз өнерін жоғары бағалаған. Ол өнердің ұшар биігі де, қоңыр жайсаңы да — біздің қазіргі өміріміз деп білем», — деп жазады ғалым М.Б.Балақаев [1] «Қазақ əдеби тілі» атты еңбегінде.

Шешендік сөздер — мəн-мағынасы терең тəрбиелік мəні зор, кұнды дүние. Ең алдымен, шешендердің сөздері ауызекі айтылып, ауызша таралған, халық жадында сақталған.

Шешендік сөздер деп қазақ халқының өмірінде арғы-бергі кезеңдерде ғұмыр кешкен белгілі бір тарихи тұлғалар есімдеріне байланысты айтылатын өнегелік мағына-мазмұны терең сөздерді айтады. Шешендік сөздер өскелең ұрпақты ақылдылыққа, төзімділікке баулып, елді, жерді сүюге, батырлық пен елдікті, ізгілік-жақсылықты дəріптеп, əділдік үшін күресуге, ел қамын жейтін қамқор азамат болып өсуге тəрбиелейді.

Бүгінгі қоғам бізден əр адамның өз пікірін, өз ой-қарасын орнымен, өз мақсат-мүддесі тұрғысынан жетік жеткізіп, қойылған сұрақ, ой таластарға жауап бере білуді қажет етеді. Пікірлесе алу, ой сала білу, пікір таластыра білу, адамның білімін, білігін, сөз байлығын танытумен бірге қоғамдағы орнын да анықтайды. Қоғамның осындай талаптарына сай сөйлесе білу, пікірлесу мəдениетінің негіздерін үйренуіміз керек.

Сөз шеберлігі — шешен сөйлеу, əдеби-көркем тілде сөйлеу, сондай-ақ түрлі-тілдік амал- тəсілдерді мағыналық, формалық, стильдік сипаттарына сай ұтымды талғап таңдай білу. Жастарымыздың, яғни шəкірттеріміздің, сөздік қорын молайтып, əдеби тілде көркем сөйлеуіне басты ықпалымыз шешендік өнер қыр-сырын оқытып, игерте білуіміз керек.

Шешендік сөздің қажеттігі ауызша сөйлеудің аясы кеңейген сайын арта түсуде. Бүгінде шешендік өнердің қолданылатын өрісі кеңіді. Ол қоғамның саяси, əлеуметтік өмірінің барлық саласында идеологиялық тəрбиелік іс-əрекеттердің, оқу-ағартудың, заң мен ғылымның, ел басқару істерінің, яғни, бұқараның ең қажетті құралына айналды.

Ауызша сөйлеу дəстүрін жандандырып, шешендікке үйрету — тіл мəдениетінің басты мəселелерінің бірі. Бұл күнде шешендік сөздің рөлін көтеру — тіл мəдениетін көтерудің бір шарты, өйткені соңғы кездерде топ алдында дұрыс, əсерлі, əсем сөйлеуге жөнді мəн берілмей, босаңсып кеткен жайы бар. Мектеп, колледж, университет қабырғасында «шешендік өнер», «тіл мəдениеті», қазақ тілі сабағында шешендік сөздерді көп насихаттау бүгінгі таңдағы сабақ жүргізіп жүрген оқытушылардың басты міндеті.

Шешендік өнердің жаңғырығы — бұл қоғамдық қажеттілік. Шешендік өнер қашанда халықтың қоғамдық-əлеуметтік өміріне, саяси-экономикалық жағдайларына байланысты дамып, кемелденіп отырған.

Шешендік өнер — өзінің нақты зерттеу нысанасы, белгіленген теориясы, сандаған жылдардан бергі тарихы бар пəндердің бірі. Қолданбалы пəндердің қатарына жататын шешендік өнер кешендік білім жүйесін құрайды. Бұл білім сөйлеу этикасын жетілдіру, тілді əлеуметтік қызметіне қарай жұмсай білу, өз пікірін жеткізу, сендірумен бірге сөз арқылы оқыту, тəрбиелеу мақсаттарын қояды.

Шешендік өнер тек құрғақ білімді жатқа білу емес, оның ерекшелігі де сол кез келген ортаның ыңғайына қарай сөйлеушінің өзін ұстай алуы, дұрыс ойын жеткізе алу десек, айтылған шарттар практиканы қажет етеді.

Қоғам тарихына көз салсақ, қай халықтың болсын күрделі қоғамдық, мемлекеттік қайраткерлері, қолбасылары, мəмлегерлері, ғалымдары ойға шебер, тілге шешен болғанын байқаймыз. Əр қоғамның өзіне лайықты қарым-қатынасы қалыптасатыны сияқты ойлау, сөйлеу мəдениеті, озық ойлы, шебер тілді адамдары да болғаны даусыз [2].

Шешендік өнер ғылым ретінде біздің жыл санауымыздан бес-алты ғасыр бұрын шығып қалыптасқан. Шешендік өнерді ғылыми тілде риторика дейді. Римдіктер сөз зергерлерін төрт топқа жүйелеген, олар: шешендер, философтар, ақындар, тарихшылар. Мысыр, Вавилон, Ассирия, Қытай, Үндістан елдерінде шешендік өнер айырықша дамыған. Осынау өнердің үзілмес тарихы көне Грекиядан басталады. Шешендер тек шешендік өнерлермен ғана танылып қоймай, əрі би, əрі қолбасшы, əрі батыр, əрі жырау, əрі философ бола білген.

Қазақ би-шешендері сөз өнерін барлық өнерден жоғары қойып, «Өнер алды — қызыл тіл», «Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ», «Тілдің майын тамызып, сөздің балын ағызып, хас шешендер сөз табар», «Тілі мірдің оғындай» сияқты көптеген қанатты сөздер мен мақал-мəтелдерді, сөз оралымдарымен тұрақты теңеулерді тілдік қолданысқа кеңінен енгізіп, келер ұрпаққа шешендік өнердің мол асыл мұрасын қалдырды [3; 25].

Қазақ халқы шешендік өнерді, оны иеленуші адамды ерекше құрмет тұтқан. Шешендіктің арнайы мектебі дегенді білмеген қазақ даласында «би» мен «шешен» атанудың жазылмаған өзіндік қағидалары мен ережелері болған. Мəселен, «би шешен» дегендегі «би» сөзінің өзінің беретін мəні, атқаратын қызметі ерекше болған.

«Би» атанған адам қандай болуы шарт? Би сайланбалы қызмет емес, ел ақсақалдарының ұйғарымы, өзара келісімі мен шешімі бойынша елдің салт-дəстүрін білетін, шежіреден хабары бар, аузы дуалы, шаруасы түзу, ата тегі белгілі жəне елге беделді, сыйлы адам болған; би жас ерекшелігіне бағынбайтын қызмет.

Ертедегі ділмəр шешендердің көсем де, шешен сөздері кім туралы, кімге, не мақсатпен айтылғаны əр түрлі жағдайларда жүзеге асқан. Би-шешендердің құнды ойлары тегіннен тегін айтыла салмаған, орынды жерде, белгілі бір мақсатта жүйелі қолданыс тапқан. Мəселен, келелі мəселелер үлкен жиын-топтарды, тіпті отбасы, ошақ қасын да қамтыған. Онда тез арада шешімін табуы тиіс мəселелер дидактикалық ақыл-өсиетке толы философиялық ой-түйіндер де молынан кездеседі.

Қазақтың би-шешендері ғасырлар бойы ұрпақтарды сөйлеу мəдениетін игеруге қалыптастырды [3; 26]. Шешендік сөздер, негізінде, халық даналығынан туған асыл мұра, халықтың асыл қазынасы. Мазмұны халықтың бастан кешірген өмірін, арманы мен қиялын көрсетеді. Өмірге, дүниеге көзқарасын, ой-өрісін бейнелейді. Халық өзінің қиялдаған арманына қашан да жетемін деген сенімнен айрылмаған. Өмірдің сан алуан құбылыстарды бір-бірімен теңеп, салыстырып, болашағын болжап, қиялдап сөйлеген сөздер табысқа, жеңіске жетуге құлшындырып, рухтандырып отырған, қуаныш үстінде дем берушілік, реніш тұсында жұбатушылық қызмет атқарған.

Би — дау-жанжалға билік айтушы білікті адам. Би халықтың əдет-ғұрпын, салт-дəстүрін жақсы білумен бірге сөз таласында шешендігімен, даулы істі қарауда тапқырлығымен дараланып, ел ішінде белгілі жан болған.

Билер билік шығару, ол биліктердің орындалу əдістерін белгілеуде тең құқықтарын пайдаланған. Олар кіші, орта жəне ішкі орда хандарының кеңес құрамына кіріп, хандар саясатына елеулі ықпал жасаған. Ел ішінде «Билер соты» деген Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарына дейін болды.

Қазақтың тұңғыш биі атанған Майқы би — ұлттық, шешендік өнеріміздің атасы. Халқымыздың аңыз-əңгімелері бойынша, Майқы əділ бітім айтып, шешім шығарған парасатты, ақылды би болған. Майқы халқына адал болып, оның бейбіт өмірін жақтаған адам. «Түгел сөздің түбі — бір, түп атасы Майқы би» деген халық даналығы осыдан шыққан. Семей жеріндегі Шыңғыстауда Шыңғыс ханды ақ киізге көтеріп хан сайлағанда Майқы би батасын берген:

 Тұлпардан тұлпар туады,

Сұңқардан сұңқар туады.

Асылдан асыл туады,

Масылдан мал бақпас туады,

Тілазардан қылжақпас туады.

Таздан жарғақпас туады,

Сараңнан бермес туады,

Соқырдан көрмес туады.

Мылжыңнан езбе туады.

Қыдырмадан кезбе туады.

 Майқы бидің ұлы дарыны оны елдің сөз ұстаған ұлағатты биік мəртебеге көтерді. Оның көп тебіреністері қоғам дамуына, ел тірлігіне арналады. Ел мүддесі, мемлекеттік бірлік пен береке туралы Майқы би өз толғамдарымен ұрпаққа өшпес өсиет сөз қалдырды. Қазақтың тұңғыш ғалымы Шоқан Уəлиханов «Ұлы қырғыз-қайсақ ордасының аңыз, əпсаналары» атты еңбегінде Майқы би туралы толымды түсінік берген. Шоқанның тарихи тұжырымын Абай жазған сөздермен байланыстырса, Майқы бидің елдік, мемлекеттік рухының ғылыми байыбы дəйектеле түседі.

 Береке түбі — бірлік, Бірлік түбі — тірлік, Жеңіс түбі — ерлік!

 Майқы би айтқан ой талай-талай ғасырлардан бері қазақ халқының, түркі жұртының дəстүрлі қағидасы, аталы сөзі болып келеді.

Қазақ ауыз əдебиетінде Төле би туралы аңыз-əңгімелер, шешендік сөздер көп. Солардың көпшілігінде Төле ақылды, əділ, шешен жəне халық қамын ойлаған қайраткер бейнесінде суреттеледі. Шынында да, Төле ХVII–XVIII ғасырларда өмір сүрген, өз заманының ақылды, білімді, парасатты азаматы болған. Төле бидің туған əкесі — Əлібек. Дəстүр бойынша Төлені халық «Үйсін Төле би» деп атаған. Атадан балаға ауысып айтылып келе жатқан аңыз бойынша, Төле орта бойлы, сымбатты, нұрлы кісі болған, Əулиеата (қазіргі Жамбыл) төңірегінде туған, кейін көбінесе Ташкент төңірегінде Жиделібайсын жерінде, Сырдың бойында көшіп жүрген. Көп тұрған жері — Шыназ (ескі Ташкент), сол жерде қайтыс болған. Төле көп жасаған адам. Оған дəлел, Ұлы жүз Төле би мен Кіші жүз Əйтеке би бірігіп, Орта жүзден Қасқа көл деген көлді даулайды, бірақ Орта жүздің бас биі Орманбет оларға:

 Екі би, айтқан сөзің жарасады,

Еншіге əркімдер-ақ таласады...

Қасқа көл Орта жүздің көлі еді ғой,

Айтқандарың қиянатқа жанасады, — деп көлді бермейді. Кейін Орманбеттің анасы көндіріп, көлді үш жүздің рулары бірге жайлайтын болып келіседі. Сонда Төле би Орманбеттің шешесіне разы болып былай депті:

 Қасқа көлді алам деп келіп едім,

Орманбет бермеген соң өліп едім.

Жетпіс жаста айтқаным жерде қалып,

Мəңгіге тірілместей болып едім… [4].

Төле — Тəуке ханның жеті жарғы, бас биінің бірі. Əз Тəуке тұсында Қазақ хандығының ішкі жəне сыртқы жағдайының бірсыдырғы нығайғаны белгілі.

Шу өзенінің Балқашқа жақын жайылымына бұдан көп бұрын үйсін мен арғын тайпаларының белді бектері таласыпты. Екі жақтың да билері бас қосып, кеңесіп, бəтуаласа алмай отырғанда, топқа еріп келген он бес жасар Төле билік айтушылардың бірде-біріне көңілі толмай:

 Ақты ақ деп бағалар,

О, игі жақсы ағалар!

Өзегі талса ел біткен

Өзен бойын жағалар, — деп сөз бастай бергенінде: «Ата тұрып, ұл сөйлегеннен без, ана тұрып, қыз сөйлегеннен без», — деуші еді. Мына бала кім өзі?», — дейді төрдегі би. Төле қасқая қарап тұрып:

 — О, би аға, он үште отау иесі демес пе,

Кінəлімін бе келіп қалсам он беске!

Сөз сөйледім, бұйыра көрмеңіз айыпқа,

Ала көз болу ағайын адамға лайық па?

О, игі асқар тауымыз,

Əділ ме осы дауымыз?

Жар астында тұрғанда

Жасырынып жауымыз? — дейді. Сонда төрдегі би:

 — Қой асығы демеңдер,

Қолыңа жақса, сақа қой.

Жасы кіші демеңдер,

Ақылы асса, аға ғой, — деген екен.

Балам, ағалық билікті саған бердім, — дейді. Бала Төле жұлып алғандай:

Сары табақтан сарқыт қайтады деген. Билікті маған берсеңіз,Шу өзенінің оң жағын үйсін, сол жағын арғын жайласын, — деп билік айтады. Бұл шешімге екі жақ та риза болып, бітімге келеді. Сонда төрдегі би:

 — Үй баласы ма деп едім,

Ел баласы екенсің.

Ай маңдайлы арысым,

Талабың алдан өтелсін.

Ауылыңның таңы бол,

Маңдайдағы бағы бол! —

 деп, бала Төлеге бата берген екен. Осыдан бастап Төленің аты шығып, ел арасындағы дау-жанжал келіссөзге араласып, билік айта бастапты.

Қазыбек есімі халыққа қазақ пен қалмақ арасындағы шапқыншылық кезінде екі елдің арасына бітімші, бүтінші болған батыл елші, парасатты мəмлегер ретінде мəлім. Халық аңызына қарағанда, Қазыбек (он төрт жасында делінеді) Тайкелтір би бастаған қазақ елшілерінің құрамында қалмақ ханы Қоңтəжіге барып, батылдығымен əрі сөзге шешендігімен ерекше көзге түскен. Қазыбектің табандылығы мен тапқырлығының арқасында ғана осы сапарда қазақ елшілері теңдікке жетіп, қалмақ шапқыншылары байлап əкеткен адамдарын, айдап əкеткен малдарын қайырып алып қайтады. Осы жолы Қазыбек «Қаз дауысты Қазыбек» деген құрметті атаққа ие болады. Қаз дауысты Қазыбектің бұл елшілік еңбегін Шоқан Уəлиханов та естіген. Ол «ХVIII ғасырдың батырлары туралы тарихи аңыздар» дейтін мақаласында былай дейді: «Үш жүздің батырларынан сіз кімді артық көресіз?» деп Абылайдан сұрағанда, ол былай деп жауап беріпті: «Бізге дейінгі екі кісіге таң қалуға болады. Олар тоқсан туысын тұтқыннан құтқарып алған Қаракесек Қазыбек жəне тағы да сондай өзінің тұтқында кеткен адамдарын босатып алған Уақ Дербісəлі. Біріншісі Қалданның өз алдына барып босатып алған, ал соңғысы өз ауылында жатып дұшпанын қорқытып алдырған».

Қазыбек биге бір адам: «Кім жақын, не қымбат?» деген сұраққа жауап беріңізші», — деп қиылып отырып алыпты. Сонда Қазыбек былай деп жауап қайтарған екен:

 Тату болса, ағайын жақын,

Ақылшы болса, апайың жақын.

Бауырмал болса, інің жақын,

Инабатты боса, келінің жақын.

Алдыңа тартқан адал асын,

Қимас жақын — қарындасың.

Сыбайлас болса, нағашың жақын,

Адал болса, досың жақын.

Еркелейтін немерең жақын,

Өз ұрпағың — шөберең жақын.

Жан серігің жас кезіңнен,

Бəрінен де əйелің жақын.

* * *

Алтын ұяң — Отан қымбат,

Құт берекең — атаң қымбат.

Аймалайтын анаң қымбат,

Мейірімді апаң қымбат.

Асқар тауың — əкең қымбат.

Туып өскен елің қымбат,

Кіндік кескен жерің қымбат.

Ұят пенен ар қымбат,

Өзің сүйген жар қымбат.

 Артына аталы сөзі қалаған, есімі ел жадында сақталған қазақ шешендерінің бірі — Əйтеке.

Шоқан Уəлиханов белгілі билердің бірі ретінде Əйтекенің есімін Төле бимен қатар атайды.

Қазақ руларының басын біріктіріп бір орталыққа бағындырған жəне туысқан қазақ, қарақалпақ, қырғыз халықтарын одақтастырып жоңғар-қалмақ шапқыншылығына қарсы бірыңғай халық майданын құрған Тəуке ханның кеңесші, көмекшілерінің бірі Əйтеке болған. Сайып келгенде, Əйтеке шешендігімен бірге кезінде ел басқарған, заң жасасқан, феодалдық қазақ мемлекетін құрысып, нығайтуға үлес қосқан қоғам қайраткері.

Əйтекенің есімі елге ең алдымен тілмар шешендігімен, тапқыр билігімен мəлім. Бір аңызда Төле би мен Қаз дауысты Қазыбек ертеректе өлген бір кісінің құнын даулап Кіші жүзге келеді, дау бірнеше күнге созылып, екі жақ келісе алмайды. Бір күні есік жақта отырған бір жігіт:

 Асқар тау, сенде бір мін бар — асу бермейсің,

Тасқын су, сенде бір мін бар — өткел бермейсің.

Билер, сендерде бір мін бар — басқаға сөз бермейсің! — деп тұрып кетеді.

  • Шақыршы анау қара жігітті, — дейді Қазыбек. Жігітті шақырып келген соң:
  • Шырағым, қай баласың, аты-жөнің кім? — дейді билер:

 Əкемді сұрасаңыз — жетесіз, Шешемді сұрасаңыз — некесіз. Туа салған бір баламын,

Тегімді сұрап нетесіз? — дейді жігіт.

 Балам, сөзің жетті, енді төрелігін айтып осы дауға өзің ие бола ғой! —дейді Төле би. Сонда қара жігіт түрегеп тұрып:

- Алты атасын арқалап жүргенді сіздерден көрдім, жеті атасын жетектеп жүргенді сізден көрдім. Ескіріп кеткен дау екен! Бірақ құр қайтсаңыздар, ағалық назаларыңа қалармын. Ердің құны жүз қара қой. Кіші жүз санын жүзге толтырып тайынша-торпақ берсін, соған разы болыңдар! — дейді.

Екі жағы да осы төрелікке тоқтап, разыласып тарайды. Бұл — Əйтекенің жас жігіт шағында айтқан бір төрелігі екен [5].

Енді бір аңызда аулына келіп отырған Төле би мен Қазыбек Əйтеке баладан: «Жігіттің жақсысы қандай болады?» — деп сұрапты. 

- Дұрыс сөзге тоқтай білген, басқаны сөзіне тоқтата білген, — дейді Əйтеке.

Ұлы жүздің жігітіне атастырып қойған Орта жүздің бір қызы өз елінің бір жігітімен қашып кетеді. Соған байланысты Ұлы жүз жағының жігіттері Орта жүз ауылдарынан барымталап жылқы айдап алады. Ақыры Ұлы жүздің биі Төле мен Орта жүздің биі Қазыбек айтысады:

 Аға болып алдымен туасың,

Алдымнан жылқымды неге қуасың? — дейді Қаз дауысты Қазыбек би.

 Артымнан ерген еркемсің,

Ағаңның көзі тірісінде

Жеңгеңді неге ертесің? — дейді Төле би ашуланып. Сонда екі жағының да сөзін тыңдап отырған Əйтеке би былай депті:

Сабыр етіңдер, билер!

Ашу бар жерде ақыл тұрмайды.

 Ашу деген ағын су,

Алдын ашсаң арқырар.

Ақыл деген дария,

Алдын тоссаң тоқырар.

Кісі бірге туыспау керек,

Туысқан соң сөз қуыспау керек.

Сөз қуған пəлеге жолығады,

Жол қуған олжаға жолығады.

Төле, сен жылқыны қайыр,

Қазыбек, сен жесірін қайыр!

 Əйтекенің төрелігін екі жағы да қабыл алып, ауысқан адамын, малдарын біріне-бірі қайтарып, ел арасы тыныш болыпты-мыс.

Жер дауына байланысты Орта жүзде Орманбет биге айтқан бір сөзінде Əйтеке: «Бай болсаң халқыңа пайдаң тисін, батыр болсаң жауға найзаң тисін, бай болып елге пайдаң тимесе, батыр болып жауға найзаң тимесе, елден бөтен үйің күйсін», — деген.

 Суалмайтын суат жоқ,

Тартылмайтын бұлақ жоқ.

Тамыры суда тұрса да,

Уақтысы жеткенде,

Қурамайтын құрақ жоқ.

Дүние деген фəни бұл,

Баласы жоқта мият жоқ.

Бəрінен қиын сол екен,

Артында жанған шырақ жоқ... — деп, Əйтеке атынан айтылатын нақыл сөз де оның ойы терең, өмірден білген-түйгені мол өз заманының ақылгөйі екенін аңғартады. Қазақ би-шешендерінің елді басқарушылығы, қазылық-төрешілік, батагөйлігі, халықтарды біріктіруші-бітімгершілігі, тағы басқа сан салалы əлеуметтік қызметі арқылы сөз өнерінің мемлекеттік қолданысы қалыптасқан. Қазақ тілінің мемлекеттік мəртебеде қолданылуының Қазақ хандығы дəуіріндегі нығаюы да осы би-шешендер қызметінің мемлекеттік-құқықтық мəртебеде қолданылуымен, əсіресе Əз-Тəуке ханның тұсындағы би- шешендерге мемлекеттік билік берген тұста айрықша нығайды.

Би-шешендердің сөздері — халықтық тəлім-тəрбие құралы. Қазақ халқының отбасылық ортасынан бастап, ауыл-аймақпен, байтақ атамекендегі ағайын-туыстармен, көпшілікпен қарым- қатынас жасау мəдениетінің адамгершілік асыл қасиеттер аясында қалыптасуында би-шешендер сөздерінің ықпалы зор болды. Ата-ананы, аға-ініні, бірге туысқан үлкенді-кішілі қыздарды, жеңгені, келінді, нағашыны, жиенді, қайын жұртты, көршіні, ауылы аралас ағайынды, қандас халықтарды, бүкіл адамзатты — бəрін де құрметтеу мəселелері би-шешендер сөздерінде қамтылған.

 

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Балақаев М.Б. Қазақ əдеби тілі. — Алматы: ДАЙК ПРЕСС, 2007. — 289-б.
  2. Адамбаев Б. Қазақ шешендері. — Алматы: Білім, 2008. — 7-б.
  3. Смағұлова Г., Күркебаев К., Жұмағұлова Ə. Шешендік сөздердің дискурсы. — Алматы: Арыс,
  4. Кəкішев Т. Билер сөзі. — Алматы: Қазақ ун-ті баспасы, 1992. — 11-б.
  5. Қосымова Г. Қазақ шешендік өнерінің негіздері. — Алматы: Білім, 2003. — 55-б.

 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.