Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

С.Сейфуллиннің «Айшасы» жəне романтизм эстетикасы

Романтизм əдісі əсіресе поэзиялық жанрлардың құрылымынан маңызды орын алды. Өйткені поэзиялық дəстүрдің қуаты жаңа мүмкіндіктердің ашылуына ықпал етті. «Көркемдік дəстүр, көркемдік-эстетикалық сана өнердің күрделі құбылысы ретінде көрінеді. Бұл көне əдеби мектептермен, ағымдармен, бағыттармен жəне қазіргі көркемдік өлшемдермен арқаулас құбылыс»,— деп С.Негимов айтқанындай, халық ауыз əдебиетіндегі дəстүрлі романтизм, «Зар заман» ақындарындағы əлеуметтік-консервативті романтизм, Абай шығармаларындағы романтикалық бейнелеу қалыптары жаңа дəуірдегі поэзияның эстетикалық-философиялық тұғыры бола алды [1]. Десек те, ұлттық жəне əлемдік дəстүрлерден тамыр тарта бастаған қазақ прозасы айналадағы дүниеге əсері оқшау, асқақ рухтағы образдар жасау арқылы жəне авторлық субъективизмді мейлінше тереңдету арқылы романтизмнің эстетикасын игере бастады. Жазушылардың өздері мүлде келісе алмайтын қоғами заңдылықтар, əлеуметтік қатынастарға деген жеке көзқарастарын көркем жеткізудегі романтикалық леп, романтикалық суреттеу амалдары күрделі жанрлармен қатар прозаның ықшам жанрларын да қамтыды. Мысалы, С.Сейфуллиннің 1917 жылы жазған «Жұбату» əңгімесіндегі кейіпкер — Мүслимажанның басындағы ауыр халді суреттеуде романтикалық шарттылықтарға сүйенгендігі көзге бірден шалынады. Қазақ қызының басындағы қиыншылықты бейнелей отырып, əлеуметтік ортаның өктемдігін безбендеуге тырысатын жазушы қаһарман тағдырына ешқандай шектеусіз араласады. Өзінің айрықша субъективтілігімен көзге түсе отырып, Мүслимажанның басындағы қиянатқа араша түседі. Автордың «Қарындасым, шерлі қарындасым, Мүслимажан! Жылама, тый көзіңнің жасын! Өтер қайғылы қара түн! Міне, рауандаған таң белгісі! Ашылар бақытың! Зұлмат қара түнді қуып, жарқырап таң атар! Дүниеге алтын нұрын шашып, жер- көкті шаттандырып, қарсы алдыңнан күн шығар! Міне, ақырындап ескен, беттен сүйген майда жел. Бұл — таң хабаршысы!

Бұл — бақыт хабаршысы. Міне, жарқырап атып келе жатқан ерік таңы... Міне, бұл — бақыт таңы, қара алдыңа, күтіп ал бақытыңды» деген жолдардан өршіл үміт пен болашаққа деген кəміл сенім көрініс табады [2; 8]. Əңгімеде Мүслимажанның характерлік ерекшеліктерін ашып көрсетуден бұрын кейіпкер ахуалын жеке көзқарасы мен əсерлері тұрғысынан баяндауға көңіл бөлген суреткер асқақ арманына ерік береді. Көңілі асыққан идеал өміріне бүгінгі шындықты қарсы қоя суреттейді.

«Мен білемін қаусаған шалдың құлдығында, күңдігінде жүріп сарғайған қазақ қызын. Мен білемін наданның хайуан нəпсісі үшін екі-үш катынның бірі болып қыспақта жылап жүрген қазақ қызын. Мен білемін шын махаббатпен сүйген ғашығына қосыла алмай сарғайып, «уһ» дегенде көкірегі қарс айрылып жүрген қазақ қызын» деп толғанатын жазушы өзі қабылдай алмаған дүниенің ұнамсыз болмысын жеткізуді бірінші кезекке қояды. Субъективті эмоцияны айғақтап отыратын, əлденеше рет қайталанып келетін «мен білемін», «қазақ қызы» тіркестері шығармаға экспрессивті серпін берген. Мұндай поэтикалық сөз мүмкіндіктері бүгінгі күннен оқ бойы озық тұрған жазушы идеалын айрықшалауға қажет. Шығарманың «Күтіп ал бақытыңды!» деп түйінделуі дүниеге романтик көзімен қараған Сəкеннің максималистік бағытынан хабар береді. «1917 жылы жазған «Мүслима»(«Жұбату») деген əңгімемде Горькийдің романтикалық əңгімелерінің əсері күшті» деген автордың өз сөзі де төңкеріске дейінгі поэзиялық шығармаларымен қатар, проза жанрындағы алғашқы туындыларының күшті бір буыны романтизм болғандығын дəлелдейді.

С.Сейфуллиннің прозасынан өзіндік орын алатын романтизм сынды көркемдік əдіс ерекшеліктерін «Айша» повесінен де аңдаймыз. Бұл шығармада «Жуандық» əңгімесіндегі идеялық- тақырыптық мазмұн одан гөрі кеңірек арнада жалғасын тапты. Азаттық аңсаған жандары романтикалық əрекеттерге бастаған Жамал, Ғайша, Қамар, Шұға тəрізді əдебиетке өзгеше сипат əкелген кейіпкерлер қатары Айша бейнесі арқылы толықты. Əрине, Сəкен повесінің өзіндік стильдік- көркемдік ерекшеліктері жоқ емес. Академик С.Қирабаев: «Айша — өзі тектес қазақ қыздары Қамар, Шұға, Жамал, Ғайша сияқты емес, өз бақытын өзі қорғауға шыққан батыл, жаңа қыздың типі... ХХ ғасыр басындағы əдебиетте кең көтерілген əйел теңсіздігі мəселесін жалғастыру дəстүрінде жазылғанымен, «Айша» повесі жаңаша табылған шешіммен, көркемдік ерекшеліктерімен өз кезінің елеулі шығармалары қатарына кіреді», — деп жазған болатын [3]. Дəуірінің қалыптасып қалған заңдылықтарына саналы түрде қарсы көтерілген Айша бейнесінің «бүлікшіл» табиғатынан төңкерісшіл мазмұндағы романтизм белгілерін көреміз. Қазақ прозасындағы осы типтес образдардан Айша бейнесінің айырмашылықтарын жазушының романтикалық бейне жасауы тұрғысынан саралап көруге болады. Шығарма сюжеті бастапқы романдардағыдай бір-біріне ынтық ғашықтар тағдырының айналасында емес, жеке басының еркіндігі үшін күрескен өжет қыздың төңірегінде өрбиді.

«Бақытсыз Жамал», «Қалың мал», «Қамар сұлу» романдары мен «Шұғаның белгісі» повесінде басына қара бұлт үйірілген бойжеткеннің қасында сүйген жігіттері сүйеніш болып, көбінесе бостандық үшін күресте бірге жүрсе, мұнда Айша айналасындағы əділетсіздікке жалғыз қарсы тұрады. Өзі мойындамаған қоғам мен өмір талаптарын бұзып-жарып өтуге жалғыз бел байлауы, автордың образ бойына əсіре қайраткерлік дарытуы жеке тұлғаны əбден даралау мақсатынын туғаны белгілі. Қазақ əдебиетінің мысалында теңіне қосылуға ырзалығын бермеген төркініне іштей қарсы болған, еркіндік аңсап, əке үкімін аттап, сүйгенімен бірге қашып кеткен қазақ қыздарының образдары болғанымен, ата-ана шешіміне ашық қарсы тұрған бірбеткейлікті көре алмаймыз. «Тағы да барып айт, — дейді ол Садырбек деген құрбы-замандасын əке-шешесіне жұмсап, — мен Боранбай баласына баруға ақыретте де ырза емеспін. Маған оның байлығының керегі жоқ, қатыны өлген, үйінде жетім балалары жылаған, күшіген сияқты үңірейген, сақалы күректей қара шұбарға мен қатын бола алмаймын. Егер де мұндай адамға мені малға сататын болса, мен тəңір алдында көз жасымды кешпеймін. Жəне өле-өлгенше менің əке-шешем, туған-туысқаным жоқ деп білем... Міне, бір тəңірге аян болсын, мына батқан күнмен бірге батайын. Тəңір алдында қолым жағаларында болады. Онан соң өле-өлгенше ешқайсысының бетін көрмеймін», — дейді Айша [2; 313]. Ұлттық мораль тұрғысынан алып қарағанда мұндай «безушілік» тым қатқыл көрінетіні рас. Кейіпкер бойындағы мұндай тосын мінездердің бейнеленуін жазушының субъективті бірбеткейлілігімен түсіндіруге болады. Өйткені Сəкен өзінің идеясын жүзеге асыру үшін заман шындығынан озық, мейлінше дара кейіпкер таңдауға тырысып, оның бойына таза субъективті тілектерін сыйғызуға талпынған. Содан барып, шығарманың реалистік сипатынан гөрі, романтикалық бояуы қалыңдай түседі.

Бірінші дүниежүзілік соғыстың аяқталып, Ақпан төңкерісінің болуы қазақ зиялыларын, жалпы алғанда қырдағы қалың елдің болашаққа деген сенімін күшейтті де, бөлекше саяси атмосфера қалыптастырды. Келер күннің жарқын жаңалықтарына деген риясыз сенім, идеалды болашақ туралы ойлар С.Сейфуллиннің Қазан төңкерісіне дейінгі шығармаларының негізгі арқауы болды. (Тіпті қаламгердің шектен тыс идеяға берілуі бүгінгі өмірден алшақтап кетуіне де соқтырған тұстар да кездеспей қалмайды). «Айша» повесінде бүгінгі шындық пен келешектегі идеал-өмір бір-бірімен ымырасыздықта, қақтығыста суреттеледі. Жазушының шығармадағы оқиғаларға қатынасы, ұстанымы осы романтикалық контрастардан айғақталып отырады. Мұны «Айша» повесіндегі уақыт пен кеңістік категориялары арқылы да саралап көруге болады.

Əр көркемдік əдіс, не əдеби бағыттардың уақыт категориясын өзінше қабылдап, өзінше дамытатынын ғалымдар айтып келе жатыр. Мысалы, «сентиментализм автордың бейнелеуіндегі сюжетікке бір табан жақын уақытты дамытты. Натуралистер болса өздерінің «физиологиялық» очерктерінде шындықтың фотографиялық суретін жасай отырып, уақытты «тоқтатуға» тырысты.

«Ашық» уақыт ХІХ жəне ХХ ғасырлардағы реализмге тəн» деген сияқты ойлар [4]. Сондай-ақ романтикалық туындыларда автордың субъективті пікірлері маңызды орын алуы себепті реалды, поэтикалық уақытпен (немесе сюжет уақыты) бірге, авторлық уақыт алдыңғы қатарға шығады. Уақыт пен кеңістік байланыстарын көркем əдебиетте игеруге байланысты М.Бахтиннің «хронотоп» (қазір «мекеншақ» баламасы қолданылып жүр) жайындағы идеясы дүниеге келгені мəлім. Бірақ ол хронотоптың көркем əдебиетте жанрлық мағына беретінін діттеді. Қаламгердің көркемдік əдісін қалыптастырудағы «кеңістік» пен «уақыт» ұғымдарының маңызды екенін атап өткен А.А.Гаджиев болатын. Оның айтуынша, жазушының көркемдік əдісінде «уақыт пен кеңістіктегі əрекеттерді ұйымдастыру принциптері» көрініс табады. Шығармашылықтың романтикалық типіне өмірді бейнелеудің уақыт пен кеңістік жағынан алшақтығы принципі тəн [5]. Осы уақыттық ерекшеліктер романтиктердің шығармаларында концептуалдық маңызға ие болды. Реалистер өткен шақ пен осы шақты немесе осы шақ пен болашақты əлеуметтік ортаға бейімделген мінездер арқылы ашып, сюжеттік жəне реалды уақыттың тепе-теңдігін, «уақыттар байланысының» циклдығын қатаң сақтауға тырысса, романтизмде уақыт мүмкіндіктері көбіне автор идеалын танытуға керек. Сол тəрізді «уақыт образы» С.Сейфуллиннің «Айша» повесінде романтикалық ыңғайға сай қолданылған деп айтуға негіз бар. Шығармада авторлық уақыт мəтіннен тыс өмір сүреді. Бас қаһарманның əлі орнамаған, келешектен күтетін жарқын тұрмысы мен бостандығы қаламгердің өзі идеяландырған уақытында, қиялында ғана. Оның сұлбасы нақты бейнеленбей, символдау арқылы меңзеледі. Таң ата құлағына шалынған зауыт гудогы, өндіріс орны жаңа өмірдің, яғни автор уақытының, символдары. Автордың идеал-уақыты «өмірде əзірше жоқ, бірақ болатын дерекке негізделеді» (З.Қабдолов).

Шығарманың бүкіл құрылымы романтикалық бейнелеу ұстанымдарына бағындырылған деп біржақтылыққа ұрынудың да реті жоқ. Бұл жерде біз романтикалық қаһарман жөнінде ғана сөз қозғап отырғанымызды ескерте кетпекпіз. Өйткені суреткердің нақты тарихи уақыттан ешқайда қашып құтылмайтыны, тарихи өмір шындықтарын мүлде сызып тастай алмайтыны анық еді. Классикалық романтизм үлгілерінде нақты тарихи шындық бітімі шартты түрде бейнеленсе, Сəкен туындысында өзі суреттеген өмір құбылыстары мен қоғамдық жағдай орталық мəселе болатын. Осыдан барып біз аталмыш шығармадан «таза» күйіндегі романтизмді ұшырата алмаймыз. Əңгіме тек реализм жүйесіндегі романтизм тенденциялары мен бейнелеу ерекшеліктерінің қаншалықты дəрежеде екенін сараптап көру. Қаламгердің кеңістікті реалды уақытқа сай игеруінен оның реалистік талантының деңгейі көрінсе, автор өзінің субъективті идеалы тудырған уақытты ұсынып, оны үлгі ретінде қабылдауы, ақиқат өмірге қарсы қоюы повестегі романтизмнің негізгі тəсілдері қолданылғанының айғағы бола алады. Шығарманың идеялық бітімін əйелдер теңдігі деп қарастырғаннан гөрі, жеке тұлға бостандығы тұрғысынан келіп салмақтағанымыз абзал.

Көп жылдар бойы Сəкеннің дүниетанымдық негіздерін тек қана материализммен байланыстырып келгеніміз белгілі. Оның себептері мен дəлелдері де жоқ емес-ті. Алайда романтистік ұстанымдардың рухани-философиялық көзі — идеализмге тəн ойлау бедерлері Сəкен шығармашылығынан мүлде ұшыраспайды деу бекер. Аталған повесте суреткер əлеуметтен гөрі жеке адамның рухын, жарқын өмірді жасаушы жеке тұлғаның ролін биігірек көтереді. Жазушы үшін адам еркінің шектеулігі өлімнен де қорқынышты. Мысалы, Айшаның ұзатылу алдындағы Бибіжар мен Мүслиманың əніне автор өзінің жеке ұстанымын сыйғызған:

 Уылжыған ақша бет қуарсайшы,

Жылай-жылай мөлдір көз суалсайшы,

Мал орнына қор болып кеткеніңше,

Өліп қана сорлы қыз уансайшы!

 Адамның асқақ рухын ешқандай материалдық дүниемен өлшеуге келмейтіні, жеке адамның өзіндік құндылығы тарихи жəне қоғамдық қатынастардан биік тұратыны да жазушының өзекті ойларының бірі. Романтиктердің болмысты идеалистік тұрғыдан тануының негізі Гегельдің, Фихтенің, Канттың, Шеллингтердің философиясынан өріс алғаны белгілі. Олардың философисы жеке түлғаның шексіз рухани бостандығы мен абсолютті «меніне» негізделді. Жеке тұлға жəне шексіздік романтиктерді ерекше еліктірді. «Бүкілəлемдік əдебиет тарихында» романтизмнің негізгі ерекшеліктеріне қатысты былай делінген болатын: «Бөлекшеленген жəне сыртқы əлемге қарсы қойылған қаһарман идеалдандырылады да, оның өмірдің қалыпты жағдайына деген келіспеушілігі

«əлем қасіреті» мағынасын иеленеді, күшейтіле берілетін субъективтілік бірте-бірте адамзаттық мəн иеленгісі келеді. Міне, осы өзгешелік, бүлікшілік, субъект пен оның биік талаптарын қанағаттандырмайтын, бірақ өз ережелерін ұсынатын əлем арасындағы кереғарлықтарды романтиктердің жырлағаны соншалық, бұл — олардың ең негізгі жəне жалғыз дерліктей тақырыбы болды»[6].

Бұл шақтағы Сəкен прозасы ағартушылық дəстүрден мүлде қол үзіп кетпеген, реалистік ұстанымдарға енді-енді иек арта бастаған еді. Сондықтан да «Айша» повесінде жеке адам бостандығы мəселесі ұлт бостандығы туралы идеяға ұласып кете алған жоқ. Ал реализмді тудырушы романтизм екенін еске алсақ, ондай тенденциялардың романтизмге қатысты бейнелеу ерекшеліктерінің қаламгердің прозалық туындыларында көзге шалынуы заңды құбылыс дер едік.

«ХХ ғасырдағы қазақ əдебиетінің дамуында бадырайып көрінген, əлі күнге дейін тамсандырып келе жатқан көркемдік амал — романтикалық суреттеу тəсілі... Қазақ əдебиетінің əргі-бергі тарихында дүниені риторикалық тұрғыдан танып-білу əдісі реалистік сыңайдан асып түспесе, кем емес. Тіпті көшпелі өмір салтының өзінде романтиканың толып жатқан сілемдері барын аңғармау, оны сөз өнері арқылы жарқыратып көрсетпеу мүмкін емес. Бірақ біз асқақты сөз орамынан іргемізді аулақ салып, көркемдік танымымздың қуатты бір қанатын қырқып тастадық», — деп жазды Т.Кəкішев [7]. Шындығында төл əдебиеттануымыз романтизм құбылысын тұтас алып қарастыру былай тұрсын, көп жылдар бойы одан ат тонын ала қашуды əдетке айналдырды. Өткен ғасырдың 20- жылдарында романтизм туралы болған айтыс-тартыстар, ұлттық əдебиетіміздегі мұндай эстетикалық құбылыстың мəн-мағынасын ауқымды түрде саралауға жол салар деген үміт ақталмады. Сол кезеңдегі əдебиетшілер мен сыншылардың көзқарасында əсіре солшылдық тенденциялар басым болғанымен, таза теориялық-эстетикалық тұрғыдан жасалған болжамдар да біршама еді.

Мағжан поэтикасын зерделей отырып романтизм теориясы жайлы дəлелді пікірлер айтқан Ж.Аймауытовтың бастамасы, өкінішке орай, жалғасын таппай қалды. Романтистік ұстанымдар өмірдің шынайы бейнесін танытуға қисық айнадай қауқарсыз, «өткенді көксеу», «жылап-сықтау», «ескілікті дəріптеу» сыңайындағы пікірлер белең алып кеткені баршаға аян.

 

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Негимов С. Ақын-жыраулар поэзиясының бейнелілігі. — Алматы: Ғылым, 1991. — 91-б.
  2. Сейфуллин С. Əңгімелері мен повестері. — Алматы: ҚМКƏБ, 1958. — 265 б.
  3. Қирабаев С. Көп томдық шығармалар жинағы. — 5-т. — Алматы: Қазығұрт, 2007. — 343–344-б.
  4. Пожилова Л.В. Романтическое и реалистическое в хронотопе художественного произведения. Хронотоп деревни в ранней прозе И.А.Бунина и А.М.Горького // Романтизм в системе реалистического произведения. — Казань: Изд-во Казан. ун-та, 1985. — С. 134–135.
  5. Гаджиев А.А. Романтизм и реализм. — Баку: Элм, 1972. — 347 с.
  6. История всемирной литературы: В 9-т. — Т. 6. — М.: Наука, 1989. — С.
  7. Кəкішев Т. ХХ ғасырдағы қазақ əдебиетіндегі ағымдар // Əдебиеттану: Сөз өнерінің сырлары. — Алматы: Мектеп, 2003. — 84–85-б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.