Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау саласын мемлекеттік реттеудің даму кезеңдері

Қазақстан Республикасының қазіргі жағдайында халықтың денсаулығына байланысты мәселелер маңызды орынға ие. Дені сау адамдар елдің әлауқатының қателеспейтін индикаторы және сенімді кепілі. Ұлт денсаулығы да ғалымдармен адам дамуының маңызды индикаторы мен мемлекеттің даму әлеуеті ретінде жанжақты талданылады. Сәйкесінше, ұлт денсаулығы ұлттық қауіпсіздік саясатының басым бағыты ретінде бекітілген.

Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы Конституциясының 29-бабы азаматтардың денсаулық сақтау саласындағы бірқатар құқықтарын бекіткен, атап айтар болсақ: «Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтауға құқығы бар. Республика азаматтары заңмен белгiленген кепiлдi медициналық көмектiң көлемiн тегiн алуға хақылы. Мемлекеттiк және жеке меншiк емдеу мекемелерiнде, сондай-ақ, жеке медициналық практикамен айналысушы адамдардан ақылы медициналық жәрдем алу заңда белгiленген негiздер мен тәртiп бойынша жүргiзiледi» [1].

ҚР Конституциясы нормаларымен азаматтардың денсаулығын қорғауға құқығын бекіте отырып, мемлекет халық денсаулығын нашарлатпауға, эпидемологиялық және өзге де аурулардың алдын алуға, ауру адамдарға сапалы медициналық көмек көрсетуге бағытталған шаралар кешенін жүзеге асыруға, сондай-ақ Қазақстан азаматтарының ұзақ және белсенді өмір сүруіне жағдайлар жасау міндетін өзіне алады.

Демек, денсаулықты қорғау ретінде, «саяси, экономикалық, құқықтық, әлеуметтік, мәдени, ғылыми, медициналық, санитарлық-эпидемиологиялық сипаттардағы, әрбір адамның физикалық және психикалық денсаулығын сақтау мен нығайтуға бағытталған, оның белсенді ұзақ өмір сүруін қолдау мен денсаулығынан айырылған жағдайда медициналық көмекті көрсету жөніндегі іс-шаралар кешенін» түсінетін ғалымдармен келісуге болады [2, 207 б.].

Айтып өту қажет, еліміздің денсаулық сақтау саласын реформалау бірнеше кезеңнен өтіп, ұзақ мерзімді болашаққа арналған.

Қазақстан тәуелсіздік алуымен бірге, қалдық қағидасы бойынша қамтамасыз етілген, ескі техникалармен жарақтандырылған емханалар мен ауруханаларды мұраға алғандығы бел-гілі, алайда сол кездің өзінде бүгінгі күнге дейін пайдаланылып отырған материалдық және кадрлық әлеуеті бар болатын.

1991 жылдан 1996 жылға дейін денсаулық сақтау саласындағы басқару, арнайы министрлік– Денсаулық сақтау министрлігімен жүзеге асырылды, аталған министрлік өте қиын материалдық жағдайда, толыққанды қаржыландырусыз, медицина кадрларының едәуір бөлігінің шетелдерге кетіп қалуы жағдайында халықты медициналық көмекпен қамтамасыз етуге тырысты. Мұндай жағдайда сапалы медициналық көмек туралы айтудың өзі қиын болатын, себебі, осы кезең балалар мен ересектердің арасындағы жоғары өлім деңгейімен ерекшеленеді. Сол уақытта денсаулық сақтау жүйесін жетілдіру саясатының негізіне, оның нарықтық механизмдерге бейімделуі қажеттілігі қағидасы қаланды.

Елімізде 1996 жылы сақтандыру жүйесін реформалау басталып, бұл денсаулық сақтау саласын айналып өте алмады. 1996-1998 жылдар бюджеттік-сақтандыру жүйесіне өтумен белгілі. ҚР Президентінің 1995 жылғы 15 маусымдағы

№ 2329 «Азаматтарды медициналық сақтандыру туралы» Заң күші бар Жарлығы Міндетті медициналық сақтандыру қоры арқылы міндетті және ерікті сақтандыруды қарастырды. Бұл қор мемлекеттік коммерциялық емес ұйым ретінде құрылып, ҚР денсаулық сақтау министрлігімен әзірленген Міндетті медициналық сақтандырудың базалық бағдарламасын құратын болды.

Бұл бағдарламаның жемқорлық әрекеттерге байланысты іске аспай қалғаны белгілі, дегенмен ол қаржылық тұрақтылыққа қол жеткізу мен сақтандырудың жаңа қаржылық институттарының құрылуында белгілі бір рөл атқарды. Айта өтетін жайт, бүгінде мемлекет медициналық мекемелердің қызметін қаржыландырудың маңызды механизмі ретінде міндетті медициналық сақтандыру идеясына қайта оралуда.

Қазақстан Республикасы дамуының «Қазақстан-2030» Стратегиясы аясында 1999 жылы Денсаулық сақтау, білім беру және спорт министрлігі алғаш рет денсаулық сақтау жүйесінде«Халық денсаулығы» мемлекеттік бағдарламасын әзірлеп, іске қосты, оның ең басты ұзақмерзімді басымдылығы ретінде азаматтардың денсаулығын сақтау мен әл-ауқатын қамтамасыз ету болды.

«Халық денсаулығы» мемлекеттік бағдарламасының мақсаты Қазақстан халқының денсаулық жағдайын жақсарту, денсаулық сақтау саласы мен халыққа медициналық қызмет көрсету сапасын жаңа деңгейге көтеруге жәрдемдесетін қысқамерзімді, ортамерзімді және ұзақмерзімді іс-шаралар жоспарын әзірлеу болды. Ол 19982008 жылдарға жоспарланып, үш базалық кезеңнен тұрды. Бағдарлама мынадай қағидаларға негізделді: 1. Халыққа медициналық қызмет көрсетудің қолда бар деңгейін сақтау мен қолдауға және денсаулық сақтау жүйесін нарықтық жағдайларда дұрыс жұмыс істеуге бейімдеуге бағытталған экономикалық, құқықтық, ұйымдық шаралар кешенін жүзеге асыру. 2. Медициналық қызметтің ішкі нарығын қалыптастырудың экономикалық-құқықтық алғышарттарын құру. 3. Медициналық мекемелер қызметінің тиімділігін қамтамасыз ету, медициналық көмектің сапасын көтеру. 4. Мемлекеттің жауапкершілігі, жұмыс берушілердің және азаматтардың халық денсаулығын нығайту мен сақтауға қатысушылығы [3]. Бұл бағдарламаны жүзеге асыру денсаулық сақтау жүйесінің ғана емес, оған іргелес салалардағы елеулі проблемаларды анықтады, мысалы, сумен қамтамасыз етудің, әкелінетін және өндірілетін тауарлардың сапасына бақылау жүргізудің, қоршаған ортаның жай-күйіне мониторинг жүргізудін және т.б. Нәтижесінде «иммунизация», «ана денсаулығын қорғау», «АҚТҚ таралуының алдын алу», «отбасыны жоспарлау»,«қоршаған орта және ұлт денсаулығы», «балалар тағамы» және т.б. бағыттар бойынша жобалар кешені әзірленді. Осы мәселелерді шешудің шаралар жүйесі жасалды, бірақ бұл бағдарлама бағыттарының ешқайсысы жеткілікті деңгейдегі нәтижесіне жеткен жоқ. Алайда елімізде осындай ұзақмерзімді бағдарламаның жүргізілуінің өзі назар аударуға тұрарлық.

Денсаулық сақтау жүйесін реформалаудың келесі кезеңі, бұл уақытта жеке министрлік болған ҚР денсаулық сақтау министрлігімен әзірленген Қазақстан Республикасының 2005-2010 жылдарға арналған денсаулық сақтау саласын реформалау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы болды. Бұл бағдарлама бөлінетін қаражатқа сәйкес қорытынды нәтижеге сай бағдарламалық қаржыландыруды көздеді. Осы бағдарлама шеңберінде медициналық мекемелермен халыққа көрсетілерін тегін медициналық қызметтердін тобы анықталды, бұл қағида әлі күнге дейін сақталуда. Сонымен бір мезгілде талдау көрсетіп отырғандай, реформа елеулі қайта құруларға бағытталмады, түпкі мақсатына жетпеді және денсаулық сақтау жүйесіндегі жағдайларды түбірлі өзгерте алмады. Дегенмен, бұл бағдарлама ұлттық денсаулық сақтау жүйесін реформалауда шешуші рөл атқарды, өйткені ол мемлекет пен адам арасындағы жауапкершілікті бөлуге бағытталған, денсаулық сақтауды басқарудың жаңа үлгісін құруға бағыт алды [4].

Аталған бағдарлама медициналық мекемелерге бекітілген адамдарды жан басына қаржыландыру жолымен денсаулық сақтау жүйесін материалдық қамтамасыз етудің жаңа механизмдерін енгізуге мүмкіндік берді.

Бұл бағдарлама халыққа медициналық көмек көрсетудің сапасын бағалау жүйесін енгізуді жалғастырды. Міндетті медициналық сақтандыруды енгізуде медициналық көмек сапасын бақылау құралдары, айыппұлдық санкциялар жүйесі әзірленіп, медициналық көмекті бағалаудың әртүрлі параметрлері анықталды. Кейіннен көрсетілген медициналық көмек көлеміне бақылаудың айыппұлдық санкциялар жүйесі объективтік себептерге байланысты көрсетілген медициналық көмектің медициналық стандарттарға сәйкестілігі, медициналық қызметтердің сапасын бағалауды жүргізу, пациенттердің пікірін білу секілді жағдайларды талдау мен бағалаумен алмастырылды.

2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама Қазақстан медицинасының дамуына елеулі үлес қосты. Ұлт-көшбасшысы – Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы» – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында былайша атап өтілген болатын: «Біз ұлт денсаулығын жақсартуда елеулі жетістіктерге қол жеткіздік. Денсаулық сақтау саласы тиімділігін жоғарылатуда оны ұйымдастыру, басқару және қаржыландыру жүйесі реформаланды» [5]. Жолдауда сонымен қатар жыл сайын денсаулық сақтауға қаржыландыруды ұлғайту, тегін және жеңілдетілген дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жүйесін енгізу, қазақстандықтардың өмір сүру жасын ұлғайту, балалардың оңалту орталықтарымен, ана және баланы қорғау, нейрохирургия, жылдам медициналық көмек және кардиология орталықтар кластерлік жүйелерін енгізу секілді мәселелер де қарастырылған. Мұнда бірқатар мамандандырылған медициналық мекемелердің құрылысын, қолдан ұрықтандыруды (ЭКО) квоталаудың жыл сайынғы бағдарламасын қосуға болады, сондайақ қоғамға қауіпті ауруларды мәжбүрлі түрде емдеу жүйесіне елеулі өзгерістердің енгізілгенін және т.б. қосуды болады.

Денсаулық сақтау туралы заңнама елеулі өзгерістерге ұшырады. Азаматтардың денсаулыққа конституциялық құқықтарын жүзеге асыру мақсатындағы денсаулық сақтау саласындағы қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеу функ-циясын өзіне алатын «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР Кодексі әзірленді және қабылданды. Бұл құжат елдегі денсаулық сақтауды ұйымдастырудың барлық жақтарын реттеп, осы саладағы мемлекеттік басқарудың құралдарын бекітті.

Халық денсаулығы мәселесі тек жеке адамның мәселесі емес, өйткені бұл мәселені ол жеке шеше алмайды. «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР Кодекстің 4-бабында «қоғамдық денсаулықтың сақталуы мен нығаюы үшін мемлекеттің, жұмыс берушінің және азаматтың бірлескен жауапкершілігі», бекітілген. Сонымен бірге аталған акт «азаматтардың өз денсаулығын сақтауға міндеттілігін» (90-бап), «азаматтардың өз денсаулығын сақтау мен нығайтуға шаралар қабылдауға міндеттілігі» (96-бап) бекітілді. Айтып өтер жәйт, аталған құжат Қазақстан азаматтарының өз денсаулығы үшін жауапкершілігін анықтай отырып, мемлекет пен өзге де құрылымдардың азаматтардың денсаулығын нығайтудағы рөлін анықтайды.

Сондай-ақ, Кодекс алғаш рет Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласының медициналық ұйымдары мен медициналық білім беру ұйымдарында инновациялық медициналық технологияларды енгізуді міндеттеді, осы үшін денсаулық сақтау саласындағы Ұлттық холдинг құрылды. Сонымен қатар, алғаш рет заңнамалық деңгейде денсаулық сақтау саласындағы лицензиялаудың, аккредиттеудің және аттестацияның жүргізілуінің негіздері мен тәртіптері бекітілді.

«Қазақстан-2050» Стратегиясында Мемлекет басшысымен жаңа міндеттер қойылды: сапалы және қолжетімді медициналық қызметтер ұсыну; аурулардың кең көлемін қамтитын диагностикалау мен емдеу; сауықтыру медицинасын дамыту; қашықтықтан сауықтыру мен емдеуді,«смарт-медицина» қызметін, «электронды медицинаны» енгізу; 16 жасқа дейінгі балаларды медициналық қызмет көрсетудің толық көлемімен қамтамасыз ету; төменгі өмір сүру стандарттарын заңмен бекіту.

2011 жылдан елімізде Денсаулық сақтаудың бірыңғай ұлттық жүйесі сенімді түрде енгізіледі. Денсаулық сақтауды дамытудың 2011-2015 жылдарға          арналған         «Саламатты   Қазақстан» Мемлекеттік бағдарламасы енгізіліп, іске асырылуда. Бұл жүйе денсаулық сақтаудың екі маңызды көрсеткіші – сапа мен қол жетімділікке негізделген, бұлар өз кезегінде адам дамуының тұжырымдамасы көрсеткіштеріне сәйкес келеді. Аталған бағдарлама Денсаулық сақтаудың Біртұтас Ұлттық жүйесі шеңберінде жүргізілу-де. «Саламатты Қазақстан» Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруға 300 млрд. тенгеден (шамамен 2400 млн. АҚШ доллары) аса қаржы бөлінді. Бұл қаржылар– өмір жасын ұзарту, жалпы және балалар өлімін азайту, туберкулезбен аурудың деңгейін төмендету және АҚТҚ таралуы мен өзге де қауіпті аурулардың алдын алуға қол жеткізу секілді мақсатты индикаторларға бағытталды.

Сапа мен қол жетімділік медициналық көмектің ғана емес, адамзаттық идикативтер, сондықтан «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің шалғай ауылдардағы халық үшін де медициналық қызметкерлер үшін қолжетімді болуына назар аударуына бағытталған. Өйткені бүгінгі таңда елімізде 6000-нан аса объектілер (фельдшерлік пункттер, акушерлік-фельдшерлік пункттер мен амбулаториялар) жұмыс істеуде. Бұлар Қазақстан халқының орналасу тығыздығының аздығынан қолжетімділік проблемасын шеше алмауда. Сондықтан көліктік медицинаның дамуына назар аударылуда.

Қазақстанның денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтік реформалаудың нәтижесі ретінде, туу көрсеткішінің 25 пайызға өсуін, өлімнің 11 пайызға кемуін, халықтың табиғи өсімінің 1,7 есеге артуын айтуға болады. Ал өмір сүру ұзақтығы 2012 жылы 69,61 болса, 2013 жылы 70 жас болды[7].

ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі медициналық қызметтердің сапасы жөніндегі бірлескен комиссия құру бойынша жұмыстар жүргізуде. Бұл жұмыстар мемлекет басшысының 5 институционалдық реформасы жүзеге асыру жөніндегі Ұлт жоспары – нақтылы 100 қадам жоспарын жүзеге асыруға байланысты атқарылуда (82)-қадам) [8]. Оның басты мақсаты медициналық қызмет көрсетудің алдыңғы қатарлы стандарттарын енгізу (емдеу хаттамаларын, кадрлар әзірлеуді, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді, сапаны және қолжетімділікті бақылауды жетілдіру жолымен).

ҚР ДӘҚМ-нің мәліметі бойынша: «бүгінгі күні елімізде медициналық көмекті 911 аурухана және 3164 амбулаториялық-емханалық ұйымдар көрсетуде, оның ішінде 729 аурухана мен 2175 амбулаториялық-емхана мемлекеттік меншік нысанында. Республика бойынша 229 мың медицина қызметкері болса, олардың 70 мыңы дәрігерлер, 160 мыңы орта медициналық құрам. Тәуелсіздік жылдарында өмір сүру деңгейі 8 жылға ұзарып, 71,62 жасты құрап отыр. Қан айналымы жүйесі ауруларыныан өлім 5 есеге,ана өлімі 6,6 есеге, бала өлімі 2,8 есеге, қатерлі ісіктерден өлім 1,5 есеге кеміді» [9].

Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесін реформалаудың маңызды бағыты мемлекеттік-жеке меншік әріптестікті жетілдіру болып табылады.

Қазіргі таңда мемлекеттік-жеке меншік әріптестік ҚР-ның 7.07.2006 жылғы «Концессиялар туралы» №167-III Заңымен, сондай-ақ ҚР Үкіметінің 10 желтоқсан 2010 жылғы № 1343 «Концессиялық жобаларды ұсыну, қарау және таңдау, концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізу, концессия шарттарына мониторинг жүргізу, бюджеттен қосарлы қаржыландыру кезіндегі концессиялық жобалардың мониторингі мен оны бағалаудың, мемлекеттің кепілдігі лимитін көлемін ұсыну және ұлғайту үшін концессиялық жобаларды таңдаудың Ережесін бекіту туралы» Қаулысымен реттелінеді.

Бағдарламалық құжаттардың ішінде медицина саласы мемлекеттік-жеке меншік әріптестіктің болашағы зор сала ретінде қарастырылады. Сонымен бірге, мемлекетпен қосарлы қаржыландыру кезінде жеке сектор клиникалар, медициналық орталықтар, білім беру мекемелері мен т.б құрылысын өркендетеді деп жоспарлануда. Сондай-ақ, медицина жеке инвестициялар үшін өте тартымды сектор болып табылады, оның үстіне елімізде қолайлы рұқсат беру және бақылау механизмдері жасалынған.

Бүгінде денсаулық сақтау жүйесін жетілдіруге орасан зор қаржы бөлінуде.

Осыған байланысты, 2011-2015 жылдарға арналған «саламатты Қазақстан» бағдарламасының аяқталуымен, ҚР ДӘДМ Денсаулық сақтаудың 2016-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын әзірледі.

Оның негізгі бағыттары:

  • алғашқы медициналық-санитарлық көмекті дамыту, аймағына және тұрғылықты жеріне қарамастан оның қолжетімділігін қамтамасыз ету. Осы секторға бөлінетін қаражаттың 40 пайызын бөлуді жоспарлауда;
  • сауықтыруды, аурулардың алдын алу мен емдеуді медициналық көмек көрсетудің біртұтас процесі ретінде қарастыратын ауруларды басқару жүйесін енгізу;
  • денсаулық сақтау саласының кадрлық әлеуетін дамыту; Қазақстанда 2009 жылдан енгізіліп келе жатқан Біліктіліктің ұлттық жүйесіне сай келетін кадрларды әзірлеудің, қайда әзірлеудің және біліктілігін көтерудің жүйесін жаңғырту;
  • қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету. Алайда денсаулық сақтау саласының бүгін-гі таңда шешілмей отырған бірқатар өзекті мә-селелері де бар, олар: ауылды жерлердегі білікті мамандардың жетіспеушілігі; денсаулық сақтау саласындағы мамандар әзірлеудің әлсіздігі; медицина қызметкерлерінің еңбекақысының төмендігі мен әлеуметтік қорғаудың аздығы; аймақтық медициналық мекемелердің аспаптармен аз қамтылуы; мемлекеттік басқару органдарындағы жемқорлық; дәрігерлердің жіберген дәрігерлік қателіктері үшін жауапкершіліктің төмендігі; азаматтардың өзінің тұрғылықты жерінен тыс жерде медициналық көмекті ала алмауы; жергілікті бюджеттердің деңгейінің әртүрлі болуына байланысты медициналық көмекті көрсетудің көлемі мен сапасындағы аймақтар бойынша дифференциациясы; денсаулық сақтауды бюджеттік қаржыландыру үлгісі азаматтардың кепілдік берілген тегін медициналық көмектің ҚР заңдарымен анықталған мұқтаж көлемін жаба алмауда; медициналық көмек көрсеткені үшін бірыңғай тарифтік саясаттың болмауы.

 

 

 

Әдебиеттер

 

  1. ҚР Конституциясы, 30 тамыз 1995 жыл.: <http://law.ucoz.kz/load/zakony_respubliki_kazakhstan/skachat_besplatno_ konstitucija_respubliki_kazakhstan
  2. Головистикова А.Н., Грудцына Л.Ю. Права человека. Учебник. ООО «Издательство «Эксмо»», 2008. – 448 б.
  3. ҚР Президентінің Жарлығы, 16.11.1998 N 4153 «Халық денсаулығы туралы» Мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы: <http://kazakhstan.news-city.info/docs/sistemsb/dok_oeqgzi/>.
  4. ҚР Президентінің 13 қыркүйек 2004 жылғы N 1438 Жарлығы. Қазақстан Республикасының 2005-2010 жылдарға арналған денсаулық сақтау саласын реформалау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы.– Режим доступа: < http:// do.gendocs.ru/docs/index-279252.html>.
  5. Послание Президента Республики Казахстан – Лидера нации Нурсултана Назарбаева народу Казахстана «Стратегия «Казахстан-2050». – Режим доступа: <http://www.bnews.kz/ru/videonews/post/115508/>.
  6. ҚР 18 қыркүйек 2009 жылғы «Азаматтардың денсаулығын қорғау және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексі.– Әділет.kz:
  7. Средняя продолжительность жизни в Казахстане за 2012 г. выросла на 6 месяцев.– Режим доступа: <http://news.ru/inworld/kazakhstan/society
  8. «100 конкретных шагов» определены для реализации 5 институциональных реформ. [Электронный ресурс] – Режим доступа: <http://www.zakon.kz/4713070-sto-konkretnykh-shagov-prezidenta.html>.
  9. ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің ҚР Парламенті Мәжілісінде сөйгеген сөзі. : < http://www. gov.kz/taxonomy

 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.