Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Медиация жолымен дау мәселелерін реттеу

Егеменді Қазақстанның қоғамы мен мемлекеті нарықтық экономиканың негізгі қағидаттарына сәйкес дамып келе жатыр. Осы кезең ішінде экономикалық және әлеуметтік қарым-қатынастың жүйесінде бүгінгі күнге дейін, әлі дұрыс бағаланбаған өте маңызды өзгерістер болды. Сонымен қатар, біздің қоғам өркениетті және еркін нарыққа қарсы бағытта үлкен талпыныс жасады. Мұндай өзгерістердің құқықтық негізі жаңа Қазақстанның Конституциясы және оның негізінде қабылданған заңдар болып табылады. Қазіргі кезде еңбек құқығының әлеуметтік функциясы еңбекті қорғаумен ғана шектелмеуі керек деген ойлар қалыптасады. Бұл функцияның бір мынандай қыры ашылуы қажет, – еңбек саласындағы адам құқығының толық бекітілуі және сатылы түрде дамуына толық қамқорлық жасау. Бұл белгілі бір деңгейде еңбекті қорғаумен сәйкес келеді, бірақ оған ұқсас емес. Еңбек құқығы жұмысшылардың еңбектерін қорғауды қамтамасыз етумен қатар, еңбек процесінің қатысушысы болып табылатын адам ие болатын кешенді әлеуметтік-экономикалық құқықтарды қамтамасыз етудің кепілділігін анықтайды. Еңбек құқығы, қазiргi кезеңде өз алдына дербес құқық саласы ретiнде заңгер ғалымдар арасында, жұмыс берушiлер мен жұмысшылар арасында, кәсіподақтар мен олардың өкілдері арасында, мемлекетпен, еңбек ұжымдары арасында, көптеген қызу пікір-талас туғызуда. Себебі, ең алдымен 15 мамыр 2007 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының қабылданған Еңбек кодексі – ең төменгі кепілдіктер, мерзімдер және стандарттар белгілейді және осы аталған нормативтер тек қана жұмысшының жағдайын жақсарту жағына қарай бағытталады [1]. Медиация, жалпы құқықтаағылшын тілінде (alternative dispute resolution, ADR) даулардың альтернативті реттеу технологиясы болып табылады, яғни үшінші тұлғалардың қатысуымен дау мәселелерін шешу. Бұл жағдайда медиатор тарабы, екі жаққа тәуелсіз болып келеді.

Ежелгі Рим, Ежелгі Греция елінде дау мәселелерін делдалдық қатынастар арқылы шешкен. Рим халқы «делдал» ұғымын әртүрлі терминдермен пайдалана білді:» internuncius, medium, intercessor, philantropus, interpolator, conciliator, interlocutor, interpres, mediator» [2]. Жалпы алғанда, делдалдық өкілдікпен бір түбірден пайда бола отырып, әртүрлі құқықтық институттарды, соның ішінде, делдалдықтың әм-бебап құқықтық нысаны ретінде жүзеге өкілдік институтын да қалыптастырады. Өкілдік институты бірқатар құқық салаларына танымал. Егер еңбек құқығында өкілдік өкілдік берушінің атынан заңи әрекеттерді жүзеге асырумен, оған міндетті құқықтық салдар туындатумен байланысты болатын болса, ал қылмыстық және азаматтық іс жүргізуде өкіл ретінде өкілдік берушінің мүддесіне, бірақ өз аттарынан әрекет ете отырып, заңи көмек көрсететін тұлғалар танылады.

Медиация, жалпы құқықтаағылшын тілінде (alternative dispute resolution, ADR) даулардың альтернативті реттеу технологиясы болып табылады, яғни үшінші тұлғалардың қатысуымен дау мәселелерін шешу. Бұл жағдайда медиатор тарабы, екі жаққа тәуелсіз болып келеді. Ежелгі Рим, Ежелгі Греция елінде дау мәселелерін делдалдық қатынастар арқылы шешкен. Рим халқы «делдал» ұғымын әртүрлі терминдермен пайдалана білді:» internuncius, medium, intercessor, philantropus, interpolator, conciliator, interlocutor, interpres, mediator» [2].

Өкілдік белгілі бір деңгейде бастапқыда Египетте, Грецияда, Римде және бірқатар басқа да мемлекеттерде мойындалған болатын [2.56б]. Алайда, Рим заңгерлері кәсіпкерлігінің жоғары деңгейлілігіне, таңдамалылығына және талғамыштылығына қарамастан, өкілдіктің дамыған теориясын жасап шығармады. Бұл Рим экономикасының патриархальді табиғатымен, құлдар еңбегінің кеңінен қолданылуымен түсіндіріледі. Римнің шартты құқығы V ғасырға дейін үлкен формализммен және шартты байланыстардың табиғатының шектеулі дербестігімен сипатталады. Бөтен тұлға арқылы біздің пайдамызға әрекет ету мүмкін емес деген қағида әрекет еткен. Ал егер бұған құқықтың тұлға автономиясына берген маңыздылығын қоса қарар болсақ, рим құқығында өкілдіктің даму таппағандығын түсінуімізге болады.Тек юстиниандық дәуірде ғана (527-565) тиісті теорияның пайда болу белгілерін таба аламыз.Рим құқығы прокураторға (procurator) – тапсырыс шартындағы сенім білдірушіге – өкілдіктің жалпы өкілеттілігін береді (өкілдік беруші ретінде әрқашан үлкен отбасы танылады), ал инститорға – кәсіпорынды басқарушыға – өзінің қожайынының мүлкін сатуға байланысты шектелген өкілеттілікті береді [3].

Қатынастар жанама өкілдік қағидасымен қалыптасады: барлық өнімдерді және тіпті оларға үшінші тұлғалар тиісті дәрежеде төлемегендерді де қайтаруға міндетті болатын. Өкілдік мұнда өрескел сипатқа ие еді: прокуратора өзі жасасқан шарт арқылы өкілдік етіп отырған отбасы үшін ешқандай құқық туындатпайтын, керісінше, соңғысы прокуратордың конрактантқа қатысты өз міндеттерін орындауының кепілі ретінде көрініс тауып отырды. Өкілдікті рим құқығы ешқашан тапсырысты орындау, оның нәтижесі ретінде танымады; сондықтан өкілдік өз бастауын тапсырыс шартынан алады деп пайымдау қате түсінік болып табылады.Жиырмасыншы ғасырдың екінші жартысында медиация ұғымы АҚШ, Австралия, Великобритания елдерінде, ал кейіннен Еуропа елдерінде қалыптаса бастады. Ең алғаш рет медиацияны отбасы құқығындағы дау мәселелері бойынша қолдана бастады. Медиация – тараптардың ерікті келісімі бойынша жүзеге асырылатын, олардың өзара қолайлы шешімге қол жеткізуі мақсатында медиатордың жәрдемдесуімен тараптар арасындағы дауды реттеу рәсімі болып табылады. Медиацияны қолдану аясы: – халықаралық және ішкі корпоративтік дауларда; – сақтандыру және банкілік дау аясында; – отбасы дауы; – жұмыс барысындағы дау мәселелері; – білім медиациясы және т.б. Қазіргі заманымызда шынында да еңбек қатынастары түбегейлі өзгертуді талап етіп отыр. Бұл ретте еңбек қатынастары негізінен еңбек шартының ережелеріне негізделуін қарастырғаны жұмыс беруші, қызметкер және оның өкілі, мәселен, кәсіподақ мүдделерінің үйлесімін қамтамасыз ететін негізгі тұжырымдамалық нормаларды құрауы қажет.

Еңбек шарты осы қатынастардың барлық қатысушыларының құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ететін, еңбек саласында туындаған барлық қарым-қатынастарды егжейтегжейлі, толық реттейтін әділ еңбек қатынастарын қалыптастыру ұйытқысы болуы қажет. Еңбек кодексінде жұмыс беруші мен қызметкерлердің құқықтары мен міндеттері толығымен жазылғанмен,бірақ тараптар дұрыс орындамауында, осының нәтижесінде дау туындауда. Қазақстан елінде Медиация ұғымы 2011 жылы қалыптаса бастады. Тәуелсіз, бейтарап, істің нәтижесіне мүдделі емес, медиация тараптарының өзара келісімі бойынша таңдалған, медиаторлар тізіліміне қосылған және медиатордың функцияларын орындауға келісім берген жеке тұлға медиатор бола алады [4].

Медиатордың қызметі кәсіби негізде (кәсіпқой медиатор) және кәсіби емес негізде (қоғамдық медиатор) жүзеге асырылуы мүмкін. Медиатор алдын ала кеңес бермейді. Медиацияның өзге делдалдықтан маңызды ерекшелігі сараптамалық тәжірибиесі мол болуында.

  1. Медиатор дау мәселесі туындағанда тараптардың нақты келісімін талап етуде;
  2. Медиатор адами сезімді ескермейді;
  1. Медиатор өткен оқиғаларды сараптамайды, тек болашаққа бағыт бұрады;
  2. Медиатор істі қадағалайды, еш тарапқа тәуелсіз болуды;
  3. Медиатор тараптардың келісім жасауында міндетті түрде қатысады;
  4. Медиатор бейтарап, тәуелсіз болуы шарт.
  5. Медиацияда дау мәселесі туындағанда, екі тараптың келісімге дайын болуы щарт.

Медиация – бұл құрылымды процесс, яғни бір немесе бірнеше сессиямен шектелген [5]. Медиация соттан тыс тәртіпте дау мәселелерін жүзеге асырады, ҚР Парламенті медиация туралы заңды 2011жылы 12 қаңтарда қабылданып және заңды күшіне енді. Қазіргі таңда, медиация енді ғана даму үстінде. Медиацияның қазіргі таңда алатын орны зор, себебі медиацияның соттан ерекшелігі [6]:

  1. Медиация еркінділікті білдіреді – сот процессі бір тараптың қарсылығына қарамай басталады.
  2. Медиатор сайланады, ал сот тағайындалады.
  3. Медиаторда билік күші жоқ, ал сотта билік күші бар.
  4. Медиатор күн тәртібін екі тарапқа ыңғайлы кезді пайдаланса, ал сот белгілі мерзімде.
  5. Медиатор тараптармен жиналса, ал процесте өкілдермен жинайды.
  6. Медиацияда консенсусты, ал процесс міндетті.

 

 

 

Әдебиеттер

 

  1. Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексі//Егеменді Қазақстан – 2007 жыл 22 мамыр (өзгерістер мен толықтырулар).
  2. Иоффе. О.С Советское гражданское право курс лекций. – Л.: Изд-во ЛГУ, – 189 с.
  3. Басин Ю.Г. Избранные труды по гражданскому праву. – Алматы, 2003. – 42 с.
  4. Қазақстан Республикасының Медиация туралы заңы 12.01.2011 ж.б. 12
  5. Калашникова С.И. Медиация в сфере гражданской юридикции. – М., 2011. – 142 с.
  6. Максудов Р.Р. Восстановительная медиация. – М.: Изд-во Инфотропик Медиа, 2009. – 256 с.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.