Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

ҚР азаматтық іс жүргізуге қатысушылардың құқықтық жағдайының құқықтық реттеу кейбір мәселелері

Сот билігі – қазақтардың мемлекеттік символы болып табылады. Ұлттық санада да сот билігі халыққа етене жақын тұрған билік саласы болып есептеледі. Би, бүгінгі тілмен айтқанда, судья – ел қамқоры, халық жанашыры әрі ақылшысы бола біледі. Қазақ даласындағы сот билігінің мұраты – сот процесіне қатысушылардың «жеңуі», не «жеңілуінде» емес, екі жақтың «жеңілдеп» шығуында еді. Өйткені, оның басты мақсаты – бітім, бітімгершілік болатын. «Дау мұраты – бітім» деген аталы сөз де сол кезден қалған. Қазіргі күнде біздің еліміздің саяси жүйесінің жаңғыртылуы және әрі қарай дамуы мемлекет дамуының басым бағыттарының бірі ретінде атап көрсетілген. Бұл кездейсоқ емес, өйткені, бәсекеге қабілеттілік көптеген елдердің, соның ішінде Қазақстанның дамуының саяси аспектілерін де анықтай бастады [1].

Өткен 10 жыл ішінде сот жүйесін жетілдірудің бірнеше мәселелері қолға алынып, ауқымды жұмыстар атқарылып, осы күнге дейін әрі қарай жалғасын табуда. Бұл жұмыстар азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауға, сот жұмысы туралы ақпараттың ашықтығы мен айқындылығына, қолжетімділігіне, сондай-ақ Конституцияның, «сот жүйесі және судьялардың құқықтық мәртебесі» туралы заң мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің, халықаралық шарттардың орындалуын қамтамасыз етуге бағытталды.

ҚР АІЖК 44-ші бабында іске қатысушы тұлғалардың құрамы берілген. Сот процесінде олар нақты соттық дау бойынша өз мүдделерімен анықталатын түрлі іс жүргізушілік жағдайда болады.

Талап қоюға қатысты істерде істің тараптары (талап қоюшы және жауапкер) ерекше орынға ие; көп жағдайларда істі шешуші судьяның олар жөнінде қандай көзқарасы қалыптасатындығына қарамастан, дәл осы талап қоюшы мен жауапкер сот процесіндегі өз орындарын айқындайды. Талап қоюшы сотқа жүгінгенге дейін өзінің материалдық және өзге де сипаттағы талаптарын кімге қоятындығы жөніндегі сұрақты өз бетінше анықтайды және соған қатысты сот мәні бойынша шешім қабылдауға тиіс болады. Ал жауапкер болса, өз кезегінде, даулы іс бойынша өз ұстанымын анықтауда сыртқы пікірлерден еркін (талап қоюшы, үшінші тұлғалар және т.б.).

Дау нысанасына дербес талаптарын мәлімдейтін үшінші тұлғалар, дау нысанасына дербес талаптарын мәлімдемейтін үшінші тұлғалар, прокурор, мемлекеттік органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, ұйымдар немесе ҚР АІЖК 56 және 57-шы баптарында көзделген негіздер бойынша процеске қатысатын жекелеген азаматтар; сот ерекше іс жүргізу тәртібімен қарайтын істер бойынша мәлімдеушілер мен мүдделі адамдар іске қатысушы тұлғалар болып танылады [2].

Азаматтық іс жүргізу бұл сот және басқа субъектілер арасындағы азаматтық іс қарау мен шешу кезіндегі құрылатын азаматтық іс жүргізу құқығының нормаларымен реттелген азаматтық іс жүргізу құқықтық қатынастар және процессуалдық әрекеттер жиынтығы. Іс жүргізудің басты мақсаты – бұзылған құқықты қалпына келтіру немесе заңмен қорғалатын мүддені қорғау болып табылады. Азаматтық іс жүргізу (процесс) соттың, тараптардың (талап қоюшы мен жауапкер), басқа да процеске қатысушылардың (прокурор, өкілдер, сот хатшысы және т.б.) процессуалдық әрекеттерін, олардың іс жүргізу құқықтары мен міндеттерін жинақтайды. Сотқа, басқа да қатысушыларға процеске қатысу мақсатына жету үшін заңмен белгіленген іс жүргізу құқықтары беріліп, соған сәйкес іс жүргізу міндеттері жүктеледі. Іс жүргізу құқықтар мен іс жүргізу міндеттер процесі барысында жүзеге асырылады.

Қазақстанда сот өкілдігінің кешенді стратегиясын дәлме-дәл нақтылау мемлекеттік және қоғамдық институттардың алдында тұрған өзекті мәселе болып табылады. Осыған байланысты мемлекет басшысы өз кезегінде Қазақстанның мемлекеттік құрылымы мен саяси жүйесінің тиімділігін арттыруға бағытталған елдегі ірі көлемдегі саяси реформаларды жалғастырудың қабылданған бағытын өзгертпейтінін тағы да атап өтті. Сонымен қатар, мұнда саяси жаңғыртуды жүзеге асыру барысында бұл сферадағы әлемдік тәжірибені де, сондай-ақ қазақстандық нақты жағдайды да есепке алу үлкен маңызға ие болатынын ескертті.

Жалпы процессуалдық заңға сәйкес азаматтар өз істерін сотта өздері немесе өкілдері арқылы жүргізуге құқылы және азаматтың іске өзінің қатысуы оның бұл іс бойынша өкілі болу құқығынан айырмайды (ҚР АІЖК-58 -бабының 1-бөлігі). Мемлекет басшысының жыл сайынғы Жолдауларында және еліміздің 2010-2020 жылдарға арналған Құқықтық саясат тұжырымдамасында сот төрелігін қамтамасыз ету, азаматтық сот ісіне қатысушылардың құқықтарын барынша сақтау, азаматтардың бұзылған құқықтары мен бостандықтарын дер уақытында қорғау және қалпына келтіру, қоғам мен мемлекет мүддесі мәселелеріне ерекше көңіл бөлінген. Өткен жылғы қарашада болған Қазақстан Республикасы судьяларының VI съезінде Елбасы сот жүйесін одан әрі дамыту мен азаматтық іс жүргізу заңнамасын жетілдіруді тапсырғаны және белгілі.

Кодекстің жаңа редакциясында сот ісіне қатысушылар мен судьялардың процессуалдық құқықтары мен міндеттерінің объективті теңгерімі көзделген. Жоғарыда айтқанымыздай, дауларды реттеудің соттан тыс тетіктерін дамыту үшін жекелеген санаттар бойынша «Дауларды соттан тыс реттеу» деген жаңа тарау енгізіледі. Кәсіби өкілдік ету институтының мәселесі өзектілене түсті. Жобаға сәйкес тараптардың мүддесі үшін басқа адамдардың сотқа қатысу мүмкіндігі сақталады, бұл ретте критерий ретінде олардың жоғары заңгерлік білімінің міндетті түрде болуы белгіленеді. Жоғарғы Сотқа сот актілерін қайта қарауға өтініш беретін тараптардың мүддесін білдіру тиісті аккредиттеуден өткен адвокаттарға бекітіледі. Кассациялық сатыдағы соттың істерді апелляциялық сатыдағы соттың жаңадан қарауына жіберу негіздері азайтылды. Мұндай ереже барлық сот сатыларында мемлекеттік баждың енгізілуімен үйлеседі. Татуластыру рәсімдерін кеңінен қолдану және азаматтық сот ісін жүргізу міндеттерін іске асыру мақсатында жобада дауды бейбіт реттеуге ықпал ету көзделеді. «Татуластыру рәсімдері» деген бөлек тарауда медиация тәртібімен дауды шешуге бағытталған бітімгершілік келісімдер мен шарттар жасаудың рәсімдері мен салдарын егжей-тегжейлі реттеу қарастырылады. Бұған қоса, жобада азаматтық істерді қарау тәртібін жеңілдетуге, соның ішінде соттар қызметінде техникалық құралдарды кеңінен қолдану арқылы оңайлатуға бағытталған ережелер бар. Көзделіп отырған барлық шаралар халықтың әлеуметтік тұрғыдан әлсіз топтарының мүддесін қамтамасыз ету қажеттілігін ескере отырып, қабылданатын болады [3].

Бүгінгі күннің ақиқаты Қазақстан Республикасының өмірдің әртүрлі саласындағы (экономикалық, мәдени, құқықтық, саяси) бағытында белгілі деңгейге өсуімен белгіленеді. Әрине бұның барлығы, қоғамның демократизациялануымен және әл-ауқатының өсуіне байланысты. Бұл өз кезегінде, біздің азаматтарды құқықты және мүдделерін қорғаудағы мүмкіндігіне сенімін нығайтады.

Сондықтан да, Қазақстанның азаматтары заңды мәселелерді шешу үшін сот органдарына жиі-жиі жүгінуде. Осы тұрғыда Соттағы өкілдік институты да кем мағынада емес.

Сотта өкіл болуға кез-келген әрекет қабілеті бар, тиісті түрде сотта іс жүргізуге (мысалы сенім хат) рәсімделген өкілеттігі бар тұлға қатысады. Осы мәселені зерттей келе, төмендегідей қорытындыға қол жеткіземіз:

ҚР азаматтық іс жүргізу кодексінің 53 бабының 3 тармақшасына сәйкес азаматтың сотта өкілі ретінде адвокат немесе 54 баптың 3, 6 тармақшаларындағы тұлға, ал заңды тұлғаның өкілі ретінде жоғары заң білімі бар заңды тұлғаның қызметкері немесе адвокат. ҚР азаматтық іс жүргізу кодексінің 54 бабының 1 тармақшасына сәйкес тапсырма бойынша өкілдікті адвокаттар жүзеге асырады. Осы нормаларда келтірілген өкілдік туралы анықтамада, азаматтар мен ұйымдарға адвокаттарды өкіл ретінде жүктеу арқылы адвокаттардың мүддесін үгіттеу, сондықтан да адвокат емес заңгерлердің еңбекке деген конституциялық құқығының бұзылуы байқалады. Сонымен, ҚР азаматтық іс жүргізу кодексінің жобасына 53 бабының 3 тармақшасына, 54 бабының 1 тармақшасына «адвокат», «адвокаттар» сөздерді « заңгер», «заңгерлер» деген сөзбен өзгертуге. Бұл өзгеріс заң қызметінің сапасын арттыруға адвокат пен адвокат емес заңгерлердің бәсекелестігіне жағдай жасауға болады.

 

 

 

Әдебиеттер

 

  1. Маликова А.Ш. Қазақстан Республикасы азаматтық іс жүргізудегі өкілдер институтын жетілдіру// epository. enu.kz
  2. Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексі (2014.29.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)// www.online.zakon.kz
  3. ТасболатовА. Азаматтық іс жүргізу кодексінің жаңа жобасы көпшілік талқылауына ұсынылды // www. kz 

 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.