Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қылмыстық процестегі тұлға құқықтары мен бостандықтарының қамтамасыз етілу мәселелері

Қазақстан Республикасында басқа да посткеңес кеңістіктердің мемлекеттеріндегі сияқты адам және азамат құқықтары мен мақсаттары институтының құрылуы жаңа формула бойынша қалыптасады: жеке тұлғаның құқықтары мен бостандықтарының мемлекеттегі басқа да саяси, құкықтық институттардан басымдығы. Бұл норма Қазақстан Республикасының Конституциясының 1-бабында бекітілген: Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары [1]. Дәл осы нормадан республикада жеке тұлға мәртебесінің қалыптасуының, оның қоғамның барлық мемлекеттік-құқықтық құрылымында үстем жағдайының жаңа эпопеясы басталады.

Осылайша Қазақстан негізінде жеке тұлғаның басымдығының демократиялық негізінде жатушы қоғамдық қатынастарды құру жолына өтеді. Адам орталық фигура болды, оның құқықтары мен мүдделері еліміздің барлық мемлекеттік-құқықтық тұжырымдамаларын алдын-ала анықтайды. Демократия тілінде сөйлегенде, адам еркіндікке ие болды. Бірақ қанша айтқанмен адамның еркіндігі мемлекет деп аталатын қоғамдық организмде шексіз емес. Бұл шектер жалпы танылған демократиялық принциптерге қарсы болса бұл құқықтық мемлекет құру идеясына қайшы келеді.

Мәселен, Қазақстанда бірін бірі ауыстырушы құқықтық және экономикалық реформалардың арқасында күрделі билік қарым-қатынасының жоғары кәсіби құқықтық регламентациясына қол жетсе де, жаңадан пайда болған құқықтық қарым-қатынастардың құқығының жүзеге асырылу жүйесі әлі осал. Бұған азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының бұзылуының көптеген фактілері куә. Бұзылуларды адам «мемлекеттік машинаға» қарсы қойылғанда көреміз. Бұл, ең алдымен – соған сәйкес жеке адамның бостандықтары жүзеге асырылатын бұйрық, шешім шығаруға бағытталған әрекеттерді жүзеге асыруда заңды өкілеттері бар мемлекеттің әкімшілік органдарымен әрекеттестігінде. Лауазымды адамдардың қызметінің өктем сипаты кейбір жағдайларда азаматтық құқықтардың тағдырын алдын ала шешіп қоятын мүмкіндіктерін алдын ала анықтайды. Әсіресе, бұл мәселе қылмыстық іс жүргізуде қыл-мыстық-процессуалдық қудалау стадиясында көрінеді. Кей жағдайларда, биліктік өкілеттікті теріс пайдалану фактісі болып, қызметтік бассыздықты көрсетеді. Осындай негативтік құбылыстар жартылай бізге адам құндылық ретінде мемлекеттілік жүйесінде нивелирленген өткен уақыттан келіп отыр.

Мемлекет сөз жүзінде емес іс жүзінде адам құқықтары идеясын жоғары құндылық ретінде басшылыққа алуы үшін, осы құқықтар мен бостандықтардың заңдардың қолданылуын, мағынасын және мазмұнын, заңшығарушылық және атқарушылық биліктің, жергілікті өзін-өзі басқарудың қызметінің шын мәнінде анықтауы үшін ұзақ уақыт қажет. Бұл жердегі мәселе Қазақстан Республикасының Конституциясын, оның жеке тұлғаға деген бағдарын шынайы, нақты күші бар заң қылып, құқықтық, ұйымдастырушылық, өнегелілік шаралар жүйесімен жеке тұлғаның құқықтарын қоғамда терең құрметтеуді қалыптастыру үшін жасау.

Егер құқықтар адамға табиғатынан тән болса, оны оның қайнар көзі деп мемлекетті санауға болмайды. Бұл туралы ҚР-ның Конституциясының 12-бабының 2-бөлігінде: «Адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тумысынан жазылған, олар абсолютті деп танылады, олардан ешкім айыра алмайды, заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің мазмұны мен қолданылуы осыған қарай анықталады» деп бекітілген. Адам, азамат және тұлға терминдеріне тоқталып кететін болсақ, бұл жерде айтылған адам құқығы азаматқа да тән. Қазақстан Республикасының Конституциясында және құқықтың басқа да қайнар көздерінде «адам», «тұлға», «әркім», «индивид» синоним ретінде жүреді. Мысалы, Қазақстан Республикасының қылмыстық істер жүргізу кодексінің орысша шығарылымындағы 13-бап – Уважение чести и достоинства личности, 14-бабында Неприкосновенность личности, ал қазақша шығарылымында, 13-бап – Жеке адамның абыройы мен қадір-қасиетін қорғау, 14-бап – Адамның жеке басына тиіспеушілік деп көрсетілген. Ғ. Сапарғалиевтің пайымдауынша, «Егер құқықтар, бостандықтар мен міндеттер баршаға қатысты болса, онда «барлығы», «адам», «әркім» деген терминдер қолданылады. Егер де құқықтар, бостандықтар мен міндеттер тек Қазақстан Республикасы азаматтарына қатысты болса, онда ол туралы тура көрсетіледі» [2, 91 б.].

Құқықтануда: Адам болып туылады, тұлға болып қалыптасады. Туылған адам тұлға болуы үшін, ол табиғаттық және әлеуметтік дамудың тиісті стадияларынан өтуі қажет, физикалық және ақыл-ойының дамуының белгілі бір деңгейіне жетіп қана қоймай, сонымен қатар басқа адамдармен араласу процесінде қажетті әлеуметтік тәжірибені иеленуі қажет деген көзқарастар бар [3, 27 б.]. А.Х. Меңдіғұловтың пікірінше тұлға тұтас құрылым ретінде адамның әлеуметтік қасиетін білдіретіні сөзсіз, тұлға болып араласу, айналадағы адамдармен өзара қарым-қатынастарға және әртүрлі байланыстарға қосылу процесінде, жалпы дүние жүзін тану (табиғатты және айналадағы адамдарды) процесінде қалыптасады. Басқаша айтқанда, тұлға – адамның социализациясының және оның рухани дамуының жемісі [4, 15 б.]. Мұндай көзқарастар, біздің ойымызша, демократиялық, құқықтық мемлекеттегі заңдардың нормаларына қайшы келуі мүмкін, сонда бекітілген құқықтарға барлық адамдар ие. Бұл ҚР-ның Конституциясының 14-бабының 2-бөлігінде бекітілген: «Тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешкімді ешқандай кемсітуге болмайды».

Құқық нормаларын талқылауда және қолдануда ала-құлалықты болдырмау мақсатында И.Л. Петрухин құқықтық текстерде «тұлға» терминін «адам», «жеке адам» терминдерімен ауыстыруды ұсынған болатын [5, 35 б.].

Тұлға мемлекетке өзінің бостандығы үшін міндетті емес. Бұдан мемлекеттің функциясы ең алдымен тұлғаның бостандығына қол сұқпаушылықтардан қорғау, сонымен қатар құқықтың жүзеге асырылуын ретке келтіретін кейбір шектеулер мен шеңберлерді бекітуден тұратыны көрінеді. Тұлғаның мәжбүрлеу шаралар жүйесін қолданушы мемлекет үшін «қол жетерлік» немесе «әлсіз» болатын жағдайлар шегі заңда анық көрсетілуі қажет. Осы заңда көрсетілген шектерден шығып кетсе, не бұл шектер бұзылған жағдайда, оған құқықтық жауапкершілік шаралары қолданылады.

Сонымен, шек қоюлар сияқты құқықсыздыққа әсер ету шарасы ретінде жауапкершілік те теңқұқылық тұрғысынан бекітілетіні өте маңызды мәселе. Бұл критерий қоғамның әрекет тіршілігі үшін құқық жалпы және «өлшеуіш» болып табылатын құқықтық мемлекеттің мәнін анықтайды. Мысал ретінде Конституцияның нормасынан: «Заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең» (14-бап 1-бөлік) дегенді көруге болады. Егер тұлға жеке басына тиіспеушілікті – конституциялық құқықты иеленсе, онда мемлекеттің әрбір жеке адамға қатысты осы құқықтың жүзеге асырылуын кепілдеуі міндетті. Бұл ереже адам әсер етудің қылмыстық-құқықтық аясына түскен жағдайда аса өзекті болып келеді. Сондықтан адамның құқықтарының арасындағы адамның жеке басына тиіспеушілігі құқық ретінде басқа қасиетке ауысады және қылмыстық іс жүргізудің негізін қалаушы, алдын ала анықтаушы принципі болып қалыптасады.

 

 

 

Әдебиеттер

 

  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. Конституция 1995 жылы 30 тамызда республикалық референдумда қабылданды //Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 жылғы N 4, 217-құжат;
  2. Сапарғалиев Ғ.С. Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы: Академиялық курс. Өңделіп, толықтырылған.2-басылымы. – Алматы: Жеті жарғы, 2004. – 480 б.
  3. Кучинский В.А. Личность, свобода, право. – М.: Юр.лит., 1978. –208 с.
  4. Миндагулов А.Х. Личность преступника: учебное пособие. – Алматы: КазГЮУ, 2003. – 136 с.
  5. Петрухин И.Л. Человек и власть (в сфере борьбы с преступностью). – М.: Юристъ, 1999. – 392 с.

 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.