Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қамаудағылар мен сотталғандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету аясындағы халықаралық стандарттар

Бас бостандығынан айыру орындарында тыйым салу құралдарына қатысты халықаралық құқық нормаларын талдауда адамдардың құқықтарын сақтаудың жалпы мәселесін қозғамауға болмайды.

Адам құқықтары – еркіндіктің нақты-тарихи дәрежелерін объективациялаудың мемлекеттік-құқықтық нысаны. Әрбір адамда мемлекет пен қоғаммен қамтамасыз етілетін нақты игіліктер (материалдық және рухани) көлеміне табиғи ажыралмас құқығы бар [99]. Ол құқықтарды озбырлық бойынша айыруға болмайды. Олардан бас тартуға болмайды. Олармен бірі қалмастан бәрі түгел пайдалану қажет [1].

Адамның, оның абыройы, құқықтары мен бостандықтарының құндылықтары идеясы ешқандай айырмашылықтарға тәуелсіз, ішкі саяси тұрақтылық пен азаматтық өмірдің кепілі, қоғамдық ынтымақтастықтың дүниетанымдық негізі бола алады. Ұлттық идеяның біріктіретін элементі ретінде адам құқықтары мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігі мен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етеді. Тек әрбір адамның құқықтары мен бостандықтарын мойындап, кепіл бергенде ғана құқықтық демократиялық мемлекет туралы сөз айтуға болады [2]. Ең біріншіден азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу қажет. Басқа жағынан заң мен қоғамдық тәртіпке құрметті қамтамасыз ету қажет.

Халықаралық құқық нормалары әрбір мемлекет, аумақтық қауымдастықтар мен мемлекет аралық одақтардың өз егемендігіне шек қоймай, нақты қатынастарды реттейтін шектерді бекітеді.

Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару заңнамасын жаңартудың елеулі факторы Қазақстан Республикасының әлемдік қауымдастыққа интеграциясы болып табылады.

Қазақстан Республикасының Конституциясының 4-бабының 1 бөлігіне сәйкес, халықаралық шарттары мен Республиканың басқа да міндеттемелері Қазақстан Республикасында қолданылатын құқық нормалары болып табылады. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Конституциясының осы бөлігі Республика бекіткен халықаралық шарттардың республика заңдарынан басымдығы болады және халықаралық шарт бойынша оны қолдану үшін заң шығару талап етілетін жағдайдан басқа реттерде, тікелей қолданылады деп көрсетілген [3].

Қазақстан Республикасының Конституциясының адам құқықтары туралы халықаралық актілерге бейімделуі тұлға құқықтарының кеңеюіне жағдай жасады.

Біздің мемлекет жалпы қабылдаған міндеттердің бірі – халықаралық нормалар мен стандарттарға сәйкес ұлттық заңнаманы келтіру болып табылады.

Халықаралық құқық нормаларының арасында адам мен азаматтың жалпы құқықтарын анықтайтын нормалар ерекше орын алады.

1948 жылдың 10 желтоқсанында Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы Адам құқықтары туралы жалпы Декларациясын қабылдады. Сол уақытта адамның негізгі құқықтары мен бостандықтарын мойындау мен сақтаудың әлемдік стандарттарының еңбек бәтуаластығы заңды түрде бірінші рет бекітілді. Күрделі саяси және дипломатиялық күрес нәтижесінде пайда болған Жалпы Декларация тұлғаның адамзаттық құндылықтарын көрсетіп, ұлтына, жынысына, тілі мен дініне қарамастан, барлықтарының адамның құқықтары мен негізгі бостандықтарын құрметтеуде келісім үшін мемлекеттердің жауапкершілігі мен билігінің мағызды ролін көрсетті. Декларация өмір сүруге, еркіндік пен жеке қол сұғылмаушылығына құқықтары; барлық адамдардың қандай да болмасын кемсітушіліктерінен бірдей қорған құқығы; мемлекет аумағында мекен-жайдың таңдауы мен еркін қозғалу құқығы; азаматтыққа құқығы; ой, сөз және сенім еркіндігі сияқты негізгі адам құқықтары тұжырымдалды.

Сотталғандармен айналысуға бағытталған маңызды халықаралық актілерге жатады: Сотталғандармен қарым-қатынастың минималдық стандартты ережелер, 1955 жыл; Барлық тұлғаларды азаптау және өзге де қатыгез, адамгершіліксіз немесе абыройын кемсітетін қарым қатынас пен жазадан қорғау туралы, 1975; Құқықтық тәртіпті қолдау бойынша лауазымды тұлғалардың мінез-қылығы Кодексі, 1979 жыл; Сотталғандар немесе қамаудағы тұлғаларды жазалау мен айналысу түрлерінің азаптаулардан және басқа да қатал, адамгершіліксіз немесе абыройды кемсітушіліктерден деңсаулықты сақтау қызметкерлерінің, соның ішінде дәрігерлердің роліне қатысты медициналық этика қағидалары, 1982 жыл; Өлім жазасына кесілген тұлғалардың құқықтарын қорғауға кепіл беретін шаралар, 1984 жыл; Кәмелетке толмағандарға қатысты әділдікті орнатудың БҰҰ-ның минималды стан-дартты ережелер (Пекин ережелері), 1985 жыл; Кез келген нысанда қамалған немесе ұстауға тартылған барлық тұлғаларды қорғау қағидаларының жиынтығы, 1989 жыл; Түрме қамауымен байланысты емес шараларға қатысты БҰҰ минималды стандартты ережелері (Токио ережелері), 1990 жыл; Кәмелетке толмағандар арасында қылмыстылықты алдын-алу үшін БҰҰ-ның басқару қағидалары (Эр-Риядтық ережелер), 1990 жыл.

Тұлға құқықтарын мемлекеттің лауазымды тұлғаларының жағынан заңсыз ықпал ету шараларынан қорғау халықаралық құқықтың маңызды қағидасы болып табылады [106]. Адамның өмірі мен денсаулығына кепілдіктерді қамтамасыз ету мақсатымен халықаралық қауымдастық өзінің актілерінде азаптау түсінігі мен азаптауды болдырмау туралы талаптарын нақты анықтайды.

Адам құқығын бекітуде ең маңызды қадам Адам құқықтарының жалпы декларациясының 5 бабында келесідей қағиданы бекіту болып табылды, оған сәйкес ешкімде азаптау немесе қатыгез, адамгершіліксіз немесе қадір қасиетін кемсітетін қарым қатынасқа және жазаға ұшырамауы тиіс [4].

10 желтоқсан 1984 жылғы БҰҰ Бас Ассамблеясының 39/46 резолюциясын қосылу туралы Азаптау және өзге де қатыгез, адамгершіліксіз немесе абыройын кемсітетін қарым қатынас пен жазаға қарсы Конвенцияның 2 бабында қарастырылғандай, ешқандай да ерекше жағдайлар соғыс жағдайы немесе соғыс қаупі жағдайы, ішкі саяси тұрақсыздық немесе өзге де төтенше жағдай азаптауға негіз бола алмайды. Жоғарғы тұрған бастықтың немесе мемлекеттік биліктің бұйрығы азаптауға негіз бола алмайды. Осыған ұқсас ережелер 16 желтоқсан 1966 жылғы БҰҰ Бас Ассамблеясымен бекітілген Азаматтық және өзге де саяси құқықтар туралы халықаралық пактде қарастырылған, 9 желтоқсан 1988 жылғы БҰҰ Бас Ассамблеясымен бекітілген қандай да нысанда болмасын ұстаған немесе қамауға алынатын барлық тұлғаларды қорғау қағидаларының жиынында қарастырылған.

Аумақтық халықаралық стандарттар азаптау мен қатал қарауға тыйым салуды қарастырады. Мысалы, азаптау мен абыройды кемсітетін қарау немесе жазалауды алдын алу бойынша Еуропалық Конвенциясы. 1950 жылдың 4 қарашада Еуропа Кеңесінің мүшелері – мемлекеттермен Римде қол қойылған адамның құқықтары мен негізгі бостандықтарын қорғау туралы Конвенциясының 3 бабында азаптау мен адамгершілік-сіз немесе абыройды кемсітетін қарау мен жазалауға тыйым салу туралы ереже анықталды [5].

Құқықтық тәртіпті қолдау бойынша ешқандай лауазымды тұлға азаптау мен адамгершіліксіз немесе абыройды кемсітетін қарау мен жазалаудың басқа қатал түрлерін көрсететін кез келген әрекетке айдап салу немесе төзерлікпен қарауға, жүзеге асыруға құқығы жоқ. Құқықтық тәртіпті қолдау бойынша ешқандай лауазымды тұлға жоғары тұрған тұлғалардың бұйрығына немесе соғыс жағдайы немесе соғыс қаупі, ұлттық қауіпсіздік қаупі, ішкі саяси тұрақсыздық немесе кез келген басқа айрықша жағдайларға, төтенше жағдайға сылтау жасай алмайды. Құқықтық тәртіпті қолдау бойынша лауазымды тұлғалардың мінез-құлық Кодексі құқықтық тәртіпті қолдау бойынша лауазымды тұлғалар өздерін міндеттерін орындауда адам абыройын құрметтеу мен қорғауға, барлық тұлғаларға қатысты адамның құқықтарын қолдау мен қорғауға тікелей міндетті.

1985 жылдан бастап Еуропада Сотталғандармен қарым қатынастың минималды стандартты ережелері қолданылады, олар кейін Еуропалық пенитенциарлық ережелердегі мәселелердің спектрін кеңейту үшін заманауи тенденцияларға сәйкес қайта қаралды. Еуропалық пенитенциарлық ережелерінің жаңа басылымында Адам құқықтары туралы жалпы Декларациясының негізіндегі моральдық кодекс пен идеологияға негізделген негізгі қағидаларға маңызды мағына беріледі.

Бұл негіз болатын қағидалар (заманауи жазаны орындау жүйесін нәтижелі қызмет ету үшін болжамдайтын) өзіне заңдылық, адамгершілік, адам абыройын құрметтеу, әлеуметтік бағдарлау мен нәтижелілік түсініктерін іске асырады. Еуропалық пенитенциарлық ережелердің міндетті күшке ие болмағанына қарамастан, олар пенитенциарлық мекемелерді басқару, сотталғандарды ұстау мен түзету бойынша тәжірибелік қызметтің деректі кодексі ретінде кең халықаралық мойындалды.

Еуропалық пенитенциарлық ережелерінің жаңа басылымы келесі негізгі қағидаларға сүйенеді. Бас бостандығынан айыру адамның абыройын құрметтеуді қамтамасыз ететін атмосфера мен ұстау жағдайларында жүзеге асыру қажет. Сотталғандарға түзету ықпал етудің мақсаты жазалау мерзімі рұқсат ететін дәрежеде оның денсаулығы мен абыройын сақтаудан, оларда қоғамда реинтеграциялауға көмектесетін дағдылар мен жауапкершілік сезімін қалыптастыруға көмектесуден тұрады [6].

Кейбір халықаралық зерттеушілердің пікірінше өркениетті тәртіп нормаларының көзқарасынан мәжбүрлі ұстау жағдайларында тежеу құралдарын қолдану орынсыз деп санайды. Алайда, қашып кету немесе едәуір зақымды, басқа сотталғандарға немесе қызметшілерге жарақатты болдырмау үшін арнайы дайындалған құрылғыларды қолдану үшін және күштеп ұстауды пайдалану қажет жағдайлары пайда болады.

Осы мақсатпен Еуропалық пенитенциарлық ережесінің 39 бабы келесі жағдайларда тежеу құралдары ретінде қолкісенді, психикалық ауытқулары бар адамдарды көндіктіру үшін кигізетін арнаулы киім мен қозғалысты шектейтін басқа құралдарды қолдану мүмкіндігін қарастырады:

а) алдын-ала шарасы ретінде – тасымалдау кезіндегі, сот немесе әкімшілік органдарға жеткізілгеннен кейін олар шешілетін жағдайда қашып алуды болдыртпау үшін қолданылады;

б) дәрігердің көрсетуі мен бақылауы астында медициналық сипаттағы себептер бойынша;

в) директордың бұйрығы бойынша – егер сотталғанға ықпал етудің басқа тәсілдері сәтсіздікке ұшыраса, өз-өзіне физикалық жарақат немесе басқаларға байыпты материалдық зиян келтіруге кедергі келдірмеу үшін қолданылады; бұл жағдайда директор дереу дәрігерден кеңес алу қажет және жоғары тұрған әкімшіліктің инстанциясына хабарлау қажет [7].

Тежеу құралдары ретінде шынжыр мен бұғауды пайдалануға тыйым салынады.

Ұқсас ережелер 1955 жылдың 30 тамызында БҰҰ-ның бірінші Конгрессінде құқық бұзушылықтармен айналысу мен қылмыстылықты алдын алу бойынша қабылданған және 1957 жылдың 31 шілдесі мен 1977 жылдың 13 мамырында Экономикалық және Әлеуметтік Кеңеспен мақұлданған – Сотталғандарды ұстаудың минималды стандартты ереженің 33 бабында бекітілді. Аталған ереже тежеу құралдары ретінде қолкісен мен жынды адамдарды көндіктіру үшін кигізетін арнаулы киімді қолдану және шынжыр мен кісенді тыйым салу мүмкіндігіне көрсетеді. Аталған актілер құқық бұзушыларға қолданылатын қауіпсіздік шараларына әртүрлі атаулар беретіндігіне көңіл бөлу қажет. Егер Еуропалық пенитенциарлық ережелер бойынша – бұл тежеу құралдары болса, БҰҰ-ның сотталғандарды ұстаудың минималды стандартты ережелеріне сәйкес бұл шаралар – басу құралдары ретінде атанады.

Кейбір мемлекеттер сотталғандарды ұстау бойынша халықаралық қауымдастық нұсқау-лықтарын орындай отырып, заңды бұзған тұлғаларды оқшаулау мен қылмыстық жазалау шараларын жүзеге асыруда қаруды қолданудан бас тартты. Авторлардың қатары келесі мысалдарды келтіреді: Англия түрмелерінде мамандандырылған қорғау қызметі жоқ, әкімшіліктің құзыреті мекеме шегінен таралмайды, сондықтан қылмыскер қашып кеткенде, оны іздестіру полиция күшімен жүзеге асады. Англия мен Уэльстың түрмелерінде оқ ататын қару кездеспейді, мекемелерде құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету үшін қажетті арнайы құралдар мен жеке қорғаныс құралдары бар. Англия түрмелерінде құрудың орнына ағаш таяқтар, радиотелефон, камераларда кілт пен ысқырық қолданылады. Қызмет иттері арқылы патрульдеу жүзеге асырылмайды.

Сол уақытта кейбір мемлекеттер жазаны орындау жүйесінің мекемелерінде қаруды қолданудан бас тартқан жоқ. АҚШ-та барлық түзету мекемелер үш негізгі типке бөлінеді. Қаруланған қараушы максималды дәрежедегі күзету жүргізілетін түрмелерде болады, ал күзеті минималды дәрежелілерде қараушыларда қару болмайды. Мысалы, АҚШ федералдық түрмелер бюросының Жіктеуі бойынша қатаң режимді «Мэрион» федералдық түрмесінде (ол жерде ең қауіпті тұлғалар жазаны өтейді) қылмыскерлер мен барлық қызметшілер қарумен жабдықталған. Түрменің өзі он бес қатарлы тікенекті сыммен және күзет мұнараларымен қоршалған.

Қылмыскерлерді оқшаулау орындарының жағдайларын, әлеуметтік-экономикалық өмір жағдайларын, әртүрлі мемлекеттердің мәдени және құқықтық дәстүрлерін толық көлемде салыстыруға болмайды. Ұлыбританияда көбісі заңға сәйкес өмір салтын жүргізеді, түрмелерде қорғаныстың техникалық құралдары өте берік [8].

Адам құқықтары бойынша халықаралық актілер әртүрлі мемлекеттердің пенитенциарлық жүйелерінің реалиына ықпал етеді.

XX ғасырдың 80-жылдардың басында АҚШ полиция сержанты Кевин Оркатт нунчак сияқты қарумен жұмыстың принципиалды жаңа жүйесін OPN құрастырды. Бұл жүйеде ставка соққыға емес, арнайы құрастырылған пластикалық нунчактарды қолдануымен ауру тәсілдеріне жасалынады. Бұл қару кішігірім салмақпен, қолдануда ықшамдылық пен ыңғайлылықпен, физикалық әлсіз тұлғалармен, соның ішінде әйелдермен қолданумен, қамалғандарда жарақаттардың толық жоқтығымен сипатталады. Қазіргі күні мұндай жүйе АҚШтың 200 құқықтық тәртіпті қорғау басқармалары мен түзету мекемелерінде қолданылады. Ұлыбританияда 1996 жылы PRB немесе «мүйізі» бар «жайылатын таяқ» құрастырылды. Оның ерекшелігінің бірі – кию әдісі. Жай таяқтарға қарағанда,«жайылатын таяқ» PRB арқаны бойлай киеді.

Осыдан басқа ағылшын полициясымен жүргізілген зерттеулердің көрсетулері бойынша кобура мен таяқтың құрылымы оны жай, тік таяққа қарағанда екі есе жылдам шығарып, қолдануға болатындығын көрсетеді. Мұндай таяқты АҚШ, Канаданың бірнеше ондық құқықтық тәртібін корғау бөлімшелері мен Лондон мен Дорсет полициялары құралдандыруға алды [9].

Қазақстан Республикасының қазіргі даму деңгейінде қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерін қарулы қорғаудан және бұл мекемелерде басқа қауіпсіздік шараларын қолданудан бас тарту ерте болушы еді. Сондықтан қылмыстықатқару жүйесінің алдында бас бостандығынан айыру орындарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен халықаралық актілер талап ететін адамның құқықтары мен бостандықтарын сақтау міндеттерін қиыстыру мәселесі туындап отыр.

 

 

 

Әдебиеттер

 

  1. Левчук А. Права и свободы человека должны стать реальностью в обществе // Пятьдесят лет Всеобщей декларации прав человека: проблемы и реальности реформируемой России: материалы научно-практической конференции. – М.,– С. 101.
  2. Қазақстан Республикасының Конституциясы. Конституция 1995 жылы 30 тамызда республикалық референдумда қабылданды // «Әділет» Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі // http:// adilet.zan.kz/kaz/docs/
  3. Сухарев А.Я. Всеобщая декларация прав человека и ее реализация в национальном законодательстве России // Пятьдесят лет Всеобщей декларации прав человека: проблемы и реальности реформируемой России: материалы научнопрактической конференции. – М., 1999. – С. 3.
  4. Дворянсков И. Пытка и иное жестокое или унижающее достоинство обращение с заключенными: методологические аспекты криминализации // Ведомости уголовно-исполнительной системы. – 2004. – №1. – С.
  5. Всеобщая декларация прав человека // Международные акты о правах человека: сборник документов. – 2-е издание.– М., 2002. – С. 39.
  6.  Конвенции против пыток и других жестоких, бесчеловечных или унижающих достоинство видов обращения и наказания, принята Генеральной ассамблеей ООН 10 декабря 1984 года // Международные акты о правах человека: сборник документов. – 2-е издание. – М., 2002. – 231 с.
  7. Международный пакт о гражданских и политических правах, принят Генеральной Ассамблеей ООН 16 декабря 1966 года II Защита прав человека в местах лишения свободы: сборник нормативных актов и официальных документов. – М., 2003. – С. 14.
  8. Свод принципов защиты всех лиц, подвергающихся задержанию или заключению в какойбы то ни было форме, утвержден Генеральной ассамблеей ООН 9 декабря 1988 года // Международные акты о правах человека: сборник документов. – 2-е издание. – М., 2002. – С.
  9. Европейская Конвенция по предупреждению пыток и бесчеловечного или унижающего достоинство обращения или наказания, 1987 года // Защита прав человека в местах лишения свободы: сборник нормативных актов и официальных документов. – М., 2003. – С. 74-90.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.