Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Жол-көлік оқиғасының себептері мен алдын алу шаралары

Автокөлік тарихының басталғанына бірнеше ғасыр болғанына қарамастан, автокөлік индустриясының даму қарқыны жыл сайын өсуде. Қазіргі таңда автокөлік қоғамда өзіндік орны бар мүлікке айналып, жол қозғалысының ажырамас бір бөлігін құрайды. Бұл үдеріс біздің елімізде де байқалады. 1991 жылы Қазақстанда жалпы алғанда 1,4 млн.-ға жуық автомобиль, соның ішінде 372 мың жүк автомобилі, 54 мың автобус, 849 мың жеңіл және 119 мың арнайы автомобиль болды [1]. 20 жыл өткеннен кейін жолдағы шетелдік өндірістегі жоғары жылдамдықты көліктер қатары көбейіп, ол 3553,8 млн. құрады [2]. Барлық көлік құралдарын пайдалану арқылы жүк тасымалы 2011 ж. 2974,9 млн. тонна болса, бұл 2010 жылмен салыстырғанда 22% тоннаға артық.

Дегенмен, көлік түрлері мен санының артуы салдарынан көлік қылмыстарының көрсеткіші өсіп, онда зардап шеккендердің күрт өсімі байқалды. Ал көлік қылмыстары ішінен алдыңғы қатарды жол-көлік оқиғалары құрады. Бұл жол-көлік оқиғалары мен оның қоршаған ортаға, адам өмірі мен денсаулығына тигізетін теріс салдарын, жол жүрісінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін кезек күттірмей шешу қажет екендігін көрсетеді. Бұл ретте «Автокөлік өлімінің» әлем бойынша қатерлі ісік пен жүрек-тамыр ауруларынан кейін үшінші орынға шығуы таңғаларлық жағдай емес. Біріккен Ұлттар ұйымының баяндамасы бойынша жыл сайын 1,3 млн. адам жол-көлік апатынан қайтыс болса, күніне үш мың адам көз жұмады, ал 20 млн. адам жол апатынан жараланады [3]. Дамыған елдерде соңғы жылдары жол-көлік оқиғаларының құрбандарының көрсеткіші орта есеппен 10% артты. Сондай-ақ автокөлік қозғалысындағы адам өлімі көрсеткіші өзен-теңіз көлігінен – 12 есе, темір жол көлігінен – 3 есе, әуе көлігінен – 1,5 есе жоғары [4].

Бұл үдерістен біздің республикамыз да қалыс қалмауда. Республикадағы жыл сайын автокөлік санының артуы мен жол жүрісінің интенсивтілігі, қоршаған ортаға бірқатар теріс салдарын тигізеді. Республика қалаларының инфраструктурасы мен көліктердің көшедегі қозғалысы «автокөлік санының күрт өсуіне» арналмаған, объективтік себептерден мемлекет тарапынан жол-көлік қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігі мен олардың салдарынан орын алатын көлік апатынан сақтан-дыру дерлік мүмкін емес. Жолдардың қарқынды қозғалысқа арналып салынбауы көлік жүргізушілерін жол-көлік ережесін бұзуға «итермелейді».Тәжірибе көрсеткендей жалпы ЖКО-ның мынадай түрлері болады: көлік құралдарының соқтығысуы; көлік құралдарының аударылуы, төңкерілуі; жүргіншіні басып немесе соғып кету; тұрған адамды басып немесе соғып кету; жолаушылардың көлік құралынан құлауы немесе тағы басқа оқиға.

Қазақстан Республикасында тіркелген жолкөлік оқиғасына келетін болсақ, республика территориясында 2011 жылы ресми мәліметтер бойынша тіркелген жол-көлік оқиғасының саны 11 955, жол-көлік ережесі мен көлікті пайдалану ережесін бұзудың салдарынан 2 449 адам қайтыс болып, 14 006 адам денсаулыққа ауыр және орташа көлемде жарақат алған [2]. 2012 жылы көлік оқиғаларын (ЖКО) және одан зардап шеккен адамдарды есепке алу деректер банкінің мәліметтеріне сәйкес, Республика бойынша барлығы 12 619 ЖКО тіркелген,салдарынан 2 729(2

458) адам қаза тапты және 15 491(12 452) адам жараланды [5]. 2014 жылы республика бойынша 20378 ЖКО тіркелді, салдарынан 2585 адам көз жұмып, 28527 адам жараланды [6]. 2015 жылдың қаңтар айында 1210 ЖКО тіркеліп, онда 148 адам опат болып, 1589 адам жараланды [7]. Бұл республикадағы ЖКО санының жылдан-жылға артып отырғандығын және одан жапа шекендердің ұлғайғандығын көрсетеді.Орташа есеппен жол-көлік оқиғаларынан ел экономикасына жыл сайын 10 млрд. теңге шығын келеді және демографиялық ахуалдың төмендеуіне әкеледі [8].

Барлық дерлік жол-көлік оқиғаларында негізгі орында жүргізушінің әрекеті немесе әрекетсіздігі байқалады. Сондықтан жүргізушінің жолкөлік оқиғасы кезіндегі ролін баса көрсетуді жөн санап отырмыз. Көлік құралын басқаратын кінәлі тұлғаның кез-келген апатты жағдайында оның белгілі бір апатты оқиға сәтіндегі психологиялық-жай-күйі әсер етеді. Қазақстан Республикасы ІІМ көрсетуі бойынша ЖКО кезіндегі жүргізушілердің жасайтын әрекеттері: белгіленген жылдамдықты көтеру, мас күйінде көлікті басқару, басып озу ережесін бұзып қарама-қарсы жолға шығып кету, жол қиылысы ережесін сақтамай жол кезегін бұзу; ақауы бар көлікті басқару, ара-қашықтықты сақтамау, реттеу дабылына бағынбау; жол жүрісі белгілеріне бағынбау, адамдарды тасымалдау ережесін бұзу; жаяу жүргіншілер ережесін бұзу және т.б. [9]. ЖКО жиелеуіне түрткі болатын тағы бір мәселе: жаяу жүргіншілердің арнайы жолақпен белгіленген жолдан өтпеуі; көлік-құралынан кенеттен шығып кету; көлік құралын басқарушылардың мас күйінде болуы, қала ішіндегі ара-қашықтықтың ұзақ орналасуы, қала халқының тығыз орналасуы ішкі урбанизация процесі және т.б.

Жоғарыда аталғандарды қорытындылай келе, көлік қылмыстары көп функциялы, әлеуметтік, психологиялық құбылыс екендігін байқауға болады. ЖКО ережесін бұзу субъектінің әрекетінен, өзге көлік жүргізушілері әрекетінен, психикалық қоршаған ортадан, жолдың жағдайынан, жол жүрісі ережелерінің айқын бейнеленуінен, табиғат жағдайының ықпалы, көлік шығарушы мекеменің сапалы өнім өндірісі, көліктің жайкүйі, техникалық талапқа сай болуы, жүргізушінің жауапкершілігі мен құқықтық біліктілігі, субъективті көзқарасы жол-көлік оқиғасының орын алуына ықпал етеді деген қорытынды жасауға болады.

Жалпы көліктік қылмыстардың алдын алудағы басты бағыттар біздің елімізде ғана емес, сонымен қатар шетелдерде де дәстүрлі түрде келесі шаралар түрі жүргізіледі: экономикалық, құқықтық, ұйымдастыру-техникалық сипаттағы шараларды қарастыратын көліктік деликтілердің алдын алу бойынша кешендік бағдарламаларды жасау мен жүзеге асыру; жол-көлік оқиғаларын қызметтік тергеуді реттейтін актілер мен тиісті деликтілер үшін қылмыстық, әкімшілік, тәртіпті және азаматтық-құқықтық жауапкершілікті регламенттейтін заңнамалық және заңға сәйкес нормативтік актілерді жетілдіру; көліктік қылмыстар бойынша қылмыстық істерді тергеу мен сотта қарастыру тәжірибесін жетілдіру; көліктік тергеушілер мен прокурорларды, көліктің қауіпсіз жұмысын қамтамасыз етуге қатысты ведомствоаралық құрылымдар мамандарын кәсіби дайындаудың тиісті деңгейін арттыру мен қолдау; көлік жұмысшыларының, әсіресе жекеменшік көлік құралдарының жүргізушілерінің кәсіби дайындығының тиісті деңгейін арттыру мен қолдау; көлік жүргізушілерінің кәсіби сауаттылығын арттыру мақсатында арнайы дәрістер оқу.

Автокөлік қылмыстарының алдын-алу мақсатында келесі шаралар ұсынылады: Біріншіден, жол көлiк оқиғасы орын алғаннан кейін туындаған зиянды салдарды болдырмау мақсатында, ҚК шын өкiнуiне байланысты жазасын белгілі бір дәрежеде төмендету – қылмыстық оқиғадан кейін жәбірленушілерге көмек көрсетуін міндетті түрде ескеру, жүргізушілер ЖКО салдарының алдын алып, зардап шегушілерді орында қалдырмай, зиянды салдарды жоюға шара қабылдауға тірек болады. Екіншіден, республикадағы жолдардың сапасын көтеру, дер кезінде жөндеу, тазалау жұмыстарын жүргізу. Республика ішіндегі көшелерінің құрылысын қарастыру, әсіресе көшелердің «тарлығын» қайта қарастыру, кей жағдайда форс-мажор әрекеттері мен маневр жасаудың соңы аталған көшелерді адам өліміне әкелетін жағдайды құрайды. Үшіншіден, жолдарды қарау-бақылау техникалық құралдарымен қамтамассыздандыру, көшелерді жарықтандыру мен жол белгілерінің айқындығын қадаға-лауды, жоғары қауіп көзін құрайтын көліктерде жылдамдықты тежейтін аппаратты орнатылуын қолға алу. Жаяу жүргіншілердің жолда көрінуін қамтамассыз ету мақсатында арнайы дыбыстар мен лазерлі жарықтандыру қондырғыларын қою.

Біздің ойымызша, көлікті жүргізу, басқару, жолда жүру ережесін, жолдың жағдайын бағалауды, саралауды үйренуді мектеп қабырғасында оқытып, арнайы емтихан тапсыруды енгізген жөн деп санаймыз.

 

 

 

Әдебиеттер

 

  1. Бекмағамбетов М.М. Қазақстанның автомобиль көлігі қалыптасу және даму кезеңдері. – Алматы: Көлік және коммуникация ғылыми-зерттеу институты 2005 – 15 б.
  2. ҚР статистикалық агенттігінің ресми сайты: http://www.stat.kz/Pages/default.aspx
  3. Число жертв ДТП в мире может достичь 2,4 млн человек в год – ООН // Интерфакс-Казахстан, 7 декабря 2012 г.
  4. Буралев Ю.П., Павлов Е.И. Безопасность жизнедеятельности на транспорте. – М., – С. 21.; Якубенко Н.В. Дорожно-транспортные правонарушения в антропотехнической системе «дорожное движение». – Тюмень, 2001. – С. 10.
  5. ҚР статистикалық агенттігінің ресми сайты: 2012 жылдың 11 айындағы жол-көлік оқиғаларын есепке алу жағдайы// http://pravstat.prokuror.kz/kaz/novosti/press-releasy
  6. О состоянии аварийности и травматизма на дорогах //http://prokuror.gov.kz/rus/novosti/press-releasy/o-sostoyanii-avariynosti-i-travmatizma-na-dorogah
  7. О состоянии аварийности и травматизма на дорогах в Республике Казахстан за январь 2015 года // http://service. kz/portal
  8. Қайыржанов Е.И. Основные теоретические проблемы объекта уголовно-правовой охраны в СССР: автореф... д.ю.н.– Киев, 1975.
  9. Котик М.А., Емельянов А.М. Ошибки управления. Психические причины, метод автоматизированного анализа. – Таллин, 1985. – С. 14.

 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.