Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Ақпараттандыру және байланыс саласындағы қылмыстық құқық бұзушылықтарға қарсы тұру аясындағы мемлекеттің қыл­ мыстық­құқықтық саясаты туралы

Ақпарат қазіргі қоғам өмірінің алғашқы негізі, қоғам қызметінің нәтижесі мен өнімі болып табылады. Ақпаратты құру, жинақтау, сақтау, беру және өңдеу оны өндіру құралдары: электронды есептеу техникасы, телекоммуникация құралдары мен байланыс жүйесі аясындағы үдерісті ынталандырады. Осы аталғандардың барлығы адам қызметінің әртүрлі салаларындағы ақпараттық үдерістерді жүзеге асырудың әдістері мен құралдарының жиынтығы болып табылатын, жаңа ақпараттық технологиялардың анықтамасының ауқымды ұғымына кіреді. Яғни, ақпарат қоғамдық қатынастардың өніміне айнала отырып, тауар қасиетіне ие болып, сатып алу сатудың заты ретінде қарастырылады. Жаңа әлеуметтік қатынастардың пайда болуы мен қалыптасуы, ескі қатынастардың өзгеруі қоғамда орын алып отырған ақпараттық үдерістердің салдары болып табылады. Қазіргі кездің өзінде-ақ ақпаратты әртүрлі нысанда: ғылыми-техникалық құжаттарда, электронды есептеу технологияларын, мәліметтер базасын, мәліметтер базасын басқару жүйесін бағдарламалық қамтамасыз ету, дайындау, беру, жинақтау және пайдаланумен байланысты шартты қатынастардың елеулі мөлшерде артуын байқауға болады.

Қазақстан Республикасының «Ақпараттандыру туралы»2007 жылғы 11 қаңтардағы №217 Заңына сәйкес:

  • ақпараттандыру – ақпараттық технологияларды пайдалану негiзiнде электрондық ақпараттық ресурстарды, ақпараттық жүйелердi қалыптастыруға және дамытуға бағытталған ұйымдастырушылық, әлеуметтiк-экономикалық және ғылыми-техникалық процесс;
  • ақпараттық жүйе – аппараттық-бағдарламалық кешендi қолдана отырып, ақпаратты сақтауға, өңдеуге, iздестiруге, таратуға, беруге және ұсынуға арналған жүйе;
  • ақпараттық-коммуникациялық желi – ақпараттық жүйелер арасындағы немесе олардың құрамдастары арасындағы өзара iс-қимылды, сондай-ақ ақпараттық ресурстарды берудi қамтамасыз ететiн техникалық және аппараттық-техникалық құралдардың жиынтығы;
  • ақпараттық процестер – ақпаратты құру, жинау, өңдеу, жинақтау, сақтау, iздеу, тарату және тұтыну процестерi;
  • ақпараттық технологиялар – әдiстердiң, өндiрiстiк процестердiң және ақпаратты жинауды, құруды, сақтауды, жинақтауды, өңдеудi, iздестiрудi, шығаруды, көшiрмесiн түсiрудi, беру мен таратуды қамтамасыз ететiн технологиялық кешенге бiрiктiрiлген бағдарламалықтехникалық құралдардың жиынтығы;
  • компьютерлiк оқиға – ақпараттық жүйелердiң, ақпараттық ресурстардың, ақпараттықкоммуникациялық желiлердiң тиiсiнше жұмыс iстеуiне қауiп төндiретiн және (немесе) олардың айналасындағы ақпаратты заңсыз алу, көшiрмесiн түсiру, тарату, бұрмалау, түрлендiру, жою немесе бұғаттау үшiн жағдай жасайтын, олардың жұмысында жекелеген немесе сериялы түрде туындайтын олқылықтар. Аталған заңның 3 бабының 1 тармағына сәйкес, электрондық ақпараттық ресурстар, ақпараттық жүйелер, ақпараттық жұмыстар мен электрондық қызметтер көрсету ақпараттандыру объектiлерi болып табылады [1].

Жаңа ақпараттық технологиялар қоғамның ілгерілеуіне серпіліс бере отырып, бұрын беймәлім болып келген жағымсыз үдерістердің туындауына және дамуына қозғаушы күш болды. Осы үдерістердің бірі ретінде қылмыстылықтың жаңа нысанының пайда болуы танылады. Мысалы, электроника жүйесіндегі төңкеріс қылмыскерлерге, олардың қауымдастығына миллиондаған ақша қаражаттарын заңсыз иемдену, қылмыстық жолмен табылған ірі мөлшердегі табысты заңдастыру, салық салудан жалтару және әртүрлі қылмыс түрлерін дайындау, жасау және оны жасыруға бағытталған кешенді шаралар жүргізуге мүмкіндік беретін жаңа техникалық құралдарға жол ашып берді.

Ғылыми-техникалық революция кезеңіндегі қоғам дамуының тарихи жағымсыз факторларынан бөлек, Қазақстандағы қылмыстылықтың жаңа нысандарының дамуына септігін тигізетін тағы басқа да факторлары бар.

Біздің ойымызша, олардың қатарына келесілерді жатқызуға болады:

  • қоғамды және мемлекетті басқару қызметін мемлекеттік аппараттың ішінара жоғалтуы;
  • заңи базаның тұрақты болмауы және қайшылығы;
  • мемлекеттік институттардың халыққа керекті өмірлік қажеттіліктерін қанағаттандыра алмауы;
  • ел экономикасының, соның ішінде несиелік-қаржылық, валюта-ақша және тауар-шикізаттық салалардағы тепе-теңдіктің бұзылуы;
  • мемлекеттік және қаржы-коммерциялық құрылымдардың лауазымды тұлғаларының та-рапынан материалдық құндылықтарды сақтауға деген қызығушылықтың болмауы.

Кедейлікке тап болған азаматтар санының күнделікті өсуі, бұрынғы КСРО елдерінен мемлекет халқының көшіп-қону үдерісі, күннен күнге өсіп бара жатқан жұмыссыздық деңгейі және мекемелер мен бірлестіктердің тоқтап қалуы салдарынан жалпы жұмыс аптасы ұзақтығының қысқартылуы мен мәжбүрлі демалыстың болуынан жұмысқа қабілетті тұлғалардың жартылай ғана жұмыспен қамтылуы, адамгершіліктің төмендеуі және билік-басқарушылық және коммерциялық құрылымдар өкілдерінің екі жақты моралі, экономикадағы инфляциялық үдерістер қылмыстылықтың барлық эшалондарының толықтырылуына, оның жаңа нысандары мен түрлерінің пайда болуына себеп болды.

Осы жағымсыз факторлардың ішінен жұмыссыздықтың өсіп бара жатуы және жұмысқа қабілетті тұлғалардың жартылай ғана жұмыспен қамтылуына баса назар аудару қажеттігі туындап отыр. Осы аталған себептер, сонымен қатар қоғам өмірінің әртүрлі салаларындағы қарама-қайшылықтардың өткірленуі, құқық қорғау органдары жүйесінің жиі реформалануы, заңнаманың жетілмеуі және жиі өзгерістерге ұшырауы, құқық қолдану тәжірибесіндегі орын алған кемшіліктермен байланысты қылмыстылықтың сандық өсуі мен сапалық өзгеруі, әлеуметтік құбылыс ретінде компьютерлік қылмыстылықтың даму үдерісін тездетуге әсерін тигізеді.

Компьютерлік қылмыстардың нақты түсінігінің, бұл құбылыстың мәнінің біржақты болмауы, құқық қорғау органдарының онымен күресуге деген бірыңғай тұжырымдамасын нақтылауға кедергі келтіреді. Біздің ойымызша, қылмыстылықтың осы жаңа түрін табу және бақылау міндеттерін шешумен байланысты құқық қорғау органдарының қызметкерлерінің дайындығы жеткіліксіз болып табылады. Сондықтан да, магистратура білім беру деңгейінде арнайы

«Ақпараттық қауіпсіздікті құқықтық қамтамасыз ету» мамандандырылуларын ашу қажеттілігі туындап отыр.

Осы уақытқа дейін компьютерлік қылмыс тек қана шетелдік капиталистік елдерге тән құбылыс деп саналды, сондай-ақ біздің қоғамның компьютерлендірілу деңгейінің нашарлығы, ақпараттық технологияларды қоғамдық және өндірістік қатынастарға енгізудің жеткіліксіздігі салдарынан бұл қылмыстың түрі көп кездескен емес. Компьютерлік қылмыстардың біздің елде пайда болуы, бұл құбылыстың өз қызметін жаппай компьютерлендіру кезеңіндегі ғылыми үдерістің салдарынан барлық мемлекеттерге тән деген қорытындыға алып келеді. Біздің ойымызша, бұл жағдайлар аталған мәселені ғылыми жағынан толықтай зерттеудің жоқтығына әкеліп соқтырды. Тек соңғы жылдарда ғана бұл құбылыстың негізгі қылмыстық-құқықтық және криминологиялық аспектілері қарастырылып, компьютерлік қылмыстармен күрес проблемалары бойынша жұмыстар пайда болды.

Отандық және шетелдік компьютерлік қылмыстарға арналған арнайы әдебиеттерді, баспасөз материалдарын талдаудың нәтижесінде компьютерлік қылмыстылықпен күрестің үш негізгі: 1) құқықтық; 2) ұйымдастырушылық-техникалық; 3) криминалистік бағыттарын бөліп көрсетуімізге болады.

Компьютерлік қылмыстылықтан сақтандырудың құқықтық шараларына көрсетілген қылмыс түрлері үшін қылмыстық жауаптылықты белгілейтін заңнама нормалары жатады.

Ақпараттық, сандық технологиялардың дамуы электронды құралдарды қолданудың криминогенді мүмкіндіктерін ұлғайтты. Сол себепті де, компьютерлік қылмыстармен күрестің қылмыстық-құқықтық құралдарын қайта қарау және ақпараттық қауіпсіздікті тиісті қылмыстық-құқықтық қорғауды қамтамасыз ету қажет. Осыған байланысты, қылмыстық заңда компьютерлік ақпаратқа санкцияланбаған кіру, оны заңсыз алу, зиянды бағдарламаларды дайындау, пайдалану немесе тарату және ақпараттық қауіпсіздікке қол сұғатын басқа да компьютерлік қылмыстардың түрлері үшін жауаптылықты көздейтін қылмыс және қылмыстық қылық құрамдарын қарастыратын дербес тарау қажеттілігі туындағандықтан, ҚР қылмыстық кодексінде «Ақпараттандыру және байланыс саласындағы қылмыстық құқық бұзушылықтар» атты 7 тарау енгізілген.

Дегенмен де бәрімізге мәлім, тек құқықтық шаралар көмегімен оң нәтижеге жету мүмкін емес. Сол себепті де, компьютерлік техника құралдарын құқыққа қайшы қол сұғушылықтан қорғау үшін ұйымдастырушылық-техникалық сипаттағы шараларды қолдану қажеттігі туындайды. Компьютерлік қылмыстардан сақтандырудағы ұйымдастырушылық-техникалық шаралардың қолданылу әдісіне байланысты үш негізгі топты бөліп қарастыруымызға болады:

  • ұйымдастырушылық;
  • техникалық;
  • кешенді.

Осы шараларды жүзеге асыру барысында компьютерлік қауіпсіздік талаптарына басқару процедураларының сәйкестігі, компьютер залдары мен компьютер жабдықтарының техникалық қорғалу мәселелері, мәліметтерді өңдеу стандарттары және компьютерлік қауіпсіздік стандарттары өңделіп, компьютерлік қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатындағы кадрлық саясатты дұрыс жүзеге асыру ескерілуі қажет.

 

 

 

Әдебиеттер

 

1     «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, 11 қаңтар, 2007 ж. № 217-III (29.12.2014 ж. өзгерістер мен толықтыруларды қоса) // http://online.zakon.kz/

 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.