Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қылмыстық істер бойынша соттың, қорғау тарабы мен айыптау тарабының дәлелдеу процессіндегі белсенділіктерінің шектері мәселелері

Соттың, қорғау тарабы мен айыптау тарабының қылмыстық іс жүргізудің қазіргі заманғы теориясындағы орны осы уақытқа дейін даулы болып отыр. Қарастырылып отырған мәселенің мәні жарыспалы қылмыстық сот процесінде сот, тараптар белсенділік танытуы қажет пе, ал егер қажет болса онда ол қандай қызмет түріне ие болуы керек екендігінде.

Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу кодексі қылмыстық ізге түсу, қорғау және істің соттың шешуі қызметі түсінігін және олардың бір-бірінен бөлінгендігін нақты регламенттейді (23-бап). Аталған бап қылмыстық сот iсiн жүргiзу айыптау және қорғау тараптарының бәсекелестiгi мен тең құқықтылығы принципiнiң негiзiнде жүзеге асырылатындығын анықтайды. Қылмыстық iзге түсу, қорғау және iстi соттың шешуi бiр-бiрiнен бөлiнген және оларды әртүрлi органдар мен лауазымды адамдар жүзеге асырады. Осыдан шығатындығы:

  • «сот әділдігі тек сотпен жүзеге асырылады»;
  • прокурор «сот алдында мемлекеттік айыптауды қолдайды»;
  • қорғаушыға «айыпталушының жауапкершілігін жеңілдететін немесе ақтайтын жағдайларды анықтау» міндеті жүктелген.

Осыдан біздер сот ісін жүргізу тараптарының бәсекелестігі мен тең құқықтылығы көрініс табатын негізгі үш қызметтің ажыратылатындығын байқаймыз.

Қорғаушы қызметін жүзеге асырудың ерекшелігі оның белсенділігінің санаты мемлекеттік айыпталушы белсенділігімен анықталатындығы ғана емес, сонымен қоса айыпталушымен айыпты әрекет расымен жасалған не жасалмағандығына байланысты.

Осыған орай қорғаушы жазаның интенсивтілігіне қарамастан қорғауды тактикалық ойлаудың заңға қайшы емес енжар әдістерімен жүргізе алады. Кейбір жағдайларда қорғаушыға өз қызметін жүзеге асырудың нақ осы нысанын қолдану, тыйым салынбаған амалдарды (мәселен, куәгерлерден жауап алу құқығынан бас тарту) қолдану әлдеқайда тиімдірек. Аталған екі амал енжар әдістер болып табылады.

Енжарлықты қорғаудың тактикалық амалы ретінде өз қызметін сапасыз жүзеге асыру мен лайықсыз енжарлықтан ажырата білуіміз керек.

Қорғаушы өз қызметін енжар әдіспен жүзеге асыра отырып, істі шешу барысында шешім шығаруға қиындық келтірмейді және де істі бағалауға да кедергі туындатпайды. Алайда, ескере кететін жайт, аталмыш әдіс сотқа дәлелдемелерді бағалау кезінде кедергісін келтіруі және де мемлекеттік айыптаушының белсенді жұмыс жасауына да кері ықпалын тигізуі мүмкін. Сот тараптардың максималды белсенді болғанын мүдде етеді, өйткені белсенділік объективті негізделген үкімнің кепілі болып табылады.

Қылмыстық іс жүргізу заңнамасында біліксіз заң көмегіне жауаптылық көрсетілмеген. Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекстің 523-бабында адвокаттың заңды қызметін жүзеге асыруға, олардың кәсіптік міндеттерін атқару үшін қажетті құжаттарды, материалдарды немесе мәліметтерді табыс етпеуден не жазбаша сауал бойынша заңдарда белгіленген мерзімде бас тарту әрекетінен көрінген лауазымды адамның кедергі жасауы туралы норма бар, яғни қылмыстық істерде азаматтарды тек қана адвокаттар ғана қорғамайды, қорғаушы ретінде қылмыстық процеске адвокаттың қатысуы кезінде күдіктіні, айыпталушыны, сотталушыны, сотталған адамды, ақталған адамды қорғауды одан басқа оның жұбайы (зайыбы) немесе жақын туысы немесе қамқоршысы, қорғаншысы не күдіктіні, айыпталушыны, сотталушыны, сотталған адамды, ақталған адамды қорғаншылыққа немесе асырауына алған ұйымның өкілі жүзеге асыра алады.

Басты сот талқылауында қорғаушының қызметі өте күрделі, бұл айыптаушы тараптың сотқа дейінгі кезеңдерде қылмыстық ізге түсу және қорғау органдарының алдында басымдыққа ие екендігімен түсіндіріледі. Прокурор заң жүзінде сотқа тергеу органдарымен жинақталған дәлеледемелерді ұсынады. Мұндай мәртебеге айыпталушы мен оның қорғаушысының тергеу органдарына дәлелдемелерді алу туралы өтініш беру құқығы қарсы тұра алады. Қорғаушы жинақтаған ақпараттар тек жорамал ақпараттар болып табылғандықтан оған деген сенімді азайтады, ал тергеу органдары жинақтаған ақпараттар дәлелдемелер базасына енгізілген. Мұндай шектеулер тараптардың теңдігінің бұзылуына әкеліп соғады.

Сонымен қоса сот өз бастамасы бойынша айыпталушы өтініші жоқ болған жағдайдың өзінде егер заңда өзгеше көзделмесе қорғаушыны ауыстыруға құқығы жоқ. Сот қорғаушы ретінде жақын туыстарының болуына рұқсат бермей қоюына құқығы жоқ.

Сот лайықсыз қорғаушыға да бей-жай қарамауы тиіс. Сондықтан қолданыстағы құқық-тық реттеу шарттары бойынша қылмыстық істі жүзеге асырудың бір ғана әдісі қарастырылады– істің айыпталушы мүддесіне сай сотпен жүзеге асырылуы (өз бастамасы немесе мемлекеттік айыптаушы бастамасы бойынша).

К.Х. Халиков: «сотқа берілген құзіреттер бойынша сот билігінің белсенділігі айрықша саяси және құқықтық мағынаға ие. Сот белсенділігінсіз құқық нормаларын орындау және жүзеге асыру мүмкін емес», – деп түсінеді.

Сот енжарлығы оның құзіретінің толық қолданылмауын көрсетеді. Сот енжарлығының саяси мағынасы неде? Енжар сот билігі басқарушы адамдардың мемлекет пен азаматтарға қарсы қылмыс жасап жауапқа тартылмауынан, ал азаматтардың сот ісін жүргізуге мүмкіндіктерінен айырылған сәтте көрініс табады. Мұндай негіздерде енжар сот алдында басқарушы лауазымды тұлғалардың талап қоюшы, айыптаушы не айыпталушы болған күннің өзінде де таразы басы жоғары тұратындығы түсінікті. Сонымен қоса, сот енжарлығы сот билігінің анық әкімшілік құқық бұзушылық орындалуы кезінде іске араласпауымен, құқық қорғаушы және өзге де мемлекеттік органдардың азаматтарға қарсы әрекеттер жасау кезінде іске қатыспауымен көрініс табады. Мұндай жағдайларда сот өзінің құзіретін толық пайдалануға тек «белсенді әкімшілік» қажет деп таныған жағдайда қолданады. [1, 21-22 бб.].

А.С. Кобликов пікірінше, қылмыстық істегі бәсекелестік шындыққа жету жолында істі зерттеудегі сот белсенділігімен көрініс табады. Сот істің әділ шешілуіне жауап береді. Ол іс жүргізудегі дау тараптарының көмегіне жүгінеді. Сот іс жүргізуде басшылық жасайды және істі объективті бейтарап шешуі тиіс. Сот әділдігі қай тараптың мықтырақ екендігіне тәуелді емес [2, 38 бб.]. Әрине, соттың белсенді болуы шарт деген пікірге барлығы келісе бермейді. Кейбір ғалымдардың пікірінше, сот енжар болуы тиіс, өйткені сот белсенділік танытса өзіне қорғау немес айыптау тараптарының қызметін атқарады және оларды енжар қылады деп түсіндіреді. Олардың қатарына жататын И.Л. Петрухина соттың белсенділігі– инквизициялық істің атрибуты деп ойлайды [3, 130 бб.]. Кейбір авторлар сот сот ісін жүргізуде тек іс арбитрі болуы тиіс және істі талқылау барысында айыпталушының жазықты не жазықсыз екендігін дәлелдемеуі тиіс. Оның қызметі: істі талқылау барысында туындаған айып дәлелденді ме әлде жоқ па деген ең негізгі сұраққа жауап беру [4, 1 б.].

Н.А. Абдиканов айтуынша, сот ісін жүргізудегі бәсекелестік сот басқаруы арқылы та-раптар белсенділігімен көрініс табады. Сот тараптар бәсекелестігіне жағдай жасайды, іске қатысушылардың құқыққа сай тәртібін бақылайды, жариялылық, заңдылық қағидаларына сай дәлелдемелерді бағалайды, тараптардың өтініші бойынша жаңа дәлелдемелерді қарайды. Сот талқылауына болған жағдайды зерттей отырып басшылық жасайды және іске қатысы жоқ дүниелердің барлығын жояды [5, 150 б.].

Сонымен қоса мынадай пікірлер бар: «Іс жүргізу барысында сот белсенділігі және тараптар белсенділігі бір-біріне қарама-қайшы элементтер, сәйкесінше сот белсенділігі тараптардың теңдігі және бәсекелестігі қағидасын шектейді». Сот белсенділігі тараптар бастамасын алмастырған кезде бұл бәсекелестік қағидасын шектейтін фактор болып табылады, сәйкесінше бұл қағидаға сәйкес келмейді [6]. Тәжірибеде мұндай жағдай соттың өзіне тән емес айыптау қызметін жүзеге асырып кететіндігімен көрініс табады.

Сот заңға сай процессуалдық әрекеттердің жүзеге асуын толық қадағалай отырып, айыптау және қорғау тараптарынан толық белсенділікті талап етеді. Сондықтан да соттың белсенділігі дәлелдеу кезеңінде сотқа тән болуы қажет.

Осыдан шығатыны, айыптау және қорғау тараптарының, соттың белсенділігі сот отырысының жарыссөзінде көрініс табады. Сотта тараптар арасында дау болмаса тараптардың бәсекелестігі қағидасы өзінің мағынасын жоғалтады. Соттың белсенділігі ақиқатты орнату талпынысымен түсіндірілуі тиіс, бұл тараптардың теңдігі мен бәсекелестігі қағидасының мәнін түсіндіреді. Сот белсенділігін айтқан уақытта оның астарында не түсіндірілетіндігі айқындалмайды. Сот белсенділігі дәлелдемелерді жинақтаған кезде, айыпталушыдан, жәбірленушіден, куәгерлерден жауап алғанда, заттай дәлелдемелерді қарағанда, процессуалды әрекеттердің хаттамала-рын жариялағанда көрініс табады.

Айыптау және қорғау тарапынан дәлелдемелер ұсынылған кезде сот істі жүргізу барысында оларды уақтылы, жан-жақты, толық және объективті тексеріп, іске қатыстылығын, шындыққа сай екендігін анықтап, жинақталған дәлелдемелердің жеткіліктігін анықтап ішкі сеніміне сүйене отырып, іске қатысты өз көзқарасын қалыптастыруы тиіс.

Айыптау тарабы қызметін істі талқылау кезінде мемлекеттік айыптаушы ғана іске асырып қоймай, жеке, жеке-жариялы және жария істерде жеке айыптаушы құзіретіне ие жәбірленуші де жүзеге асыра алады.

Істе айыптау тарабының мақсаты істің әртүрлі қатысушылары жүзеге асырғандығына қа-рамастан бірдей болып табылады. Мемлекеттік айыптаушының жұмыс көлемі жәбірленушіден әлдеқайда өзгеше, өйткені мемлекеттік айыптаушы мемлекет мүддесін қорғайды, ал жеке айыптаушы жеке мүддені қорғайды. Қолданыстағы құқықтық регламенттеу сотқа дейінгі айыптау қызметіне келесідей түсінік береді:

Айыптау қызметі мемлекеттік айыптаушы мен жеке айыптау iсi бойынша сотқа шағым берген және сотта айыптауды қолдаған адам, сондай-ақ мемлекеттiк айыптаушы айыптаудан бас тартқан жағдайда сотта айыптауды дербес қолдаушы жариялы және жеке-жариялы айыптау iсi бойынша жәбiрленушi жеке айыптаушы ретінде жүзеге асыратын қылмыстық іс жүргізу қызметінің бағыты болып табылады.

Айыптау қызметі міндетті түрде белсенді жүзеге асырылуы тиіс, бұл сот бейтараптығының кепілдігіне айналады және тараптардың теңдігі мен бәсекелестігі қағидасын жүзеге асырады..

Тараптардың белсенділігі мына элементтерден тұрады:

  1. Айыптау қызметі айыптау дәлелдемелерін ұсынуы тиіс;
  2. Айыптау қызметі өтініш білдіру құқығын жүзеге асыруы тиіс;
  3. Айыптау қызметі қорғаушы мен сот тарапынан заң бұзушылықтар орын алған жағдайда хабардар етуі тиіс;

Айыптау тарабының элементтерін қорғау тарабымен салыстыра келе тараптар теңдігі мен бәсекелестігі қағидасының ерекшелігі тараптардың қызметінің жүзеге асуымен сипат алады.

Қорғау тарабы айыптау тарабының дәлелдемелер ұсынуын қамтамасыз етуге міндетті емес, қорғау тарабының сөз сөйлеуі соттың қарауы бойынша жүзеге асады.

Тараптардың теңдігі және бәсекелестігі қағидасы айыптау тарабының белсенділігі болғанда ғана нақты көрініс табады. Егер де айыптау тарабы енжарлық танытып, өз қызметін сапасыз жүзеге асырса, жеткіліксіз жаңа дәлелдемелерді жинақтауға өтініш білдірмеген болса, нәтижесінде істің толық шешілуіне кері әсерін тигізеді. Айыптау тарабының қызметінің жүзеге асуы заңда көрсетілген әрекеттер арқылы жүзеге асады. Бұдан шығатын қорытынды, айыптау тарабы азаматтардың мүддесін қозғайды және айыптау әрекеті заңмен толық бақылауда болады.

Қылмыстық іс жүргізу заңнамасында қорғаушыға өзіне кедергі келтірмейтін барлық заңды әдістерді қолдануға құқығы бар, бұның өзі енжарлық әдісті қолдануға болады дегенді білдіреді, алайда, жоғарыда айтып өткеніміздей, айыптау тарабы міндетті түрде белсенді қызмет атқаруы тиіс.

 

 

Әдебиеттер

 

  1. Халиков К.Х. Қазақстан Республикасындағы сот билігі мәселелері. Автореф. дис…з.ғ.к. – Алматы, 1998. – 50 б.
  2. Кобликов А.С. Қылмыстық іс: ЖОО арналған оқулық. – М., 2000. – 374 б.
  3. Петрухин И.Л. Бәсекелестік және әділеттілік (М.С. Стороговича 100 жылдығына арналған) // Мемлекет және құқық. – № 10. – М., 1994. – 150 б.4 Кеңестік әділет. – №12. – М., 1993. – 58 б.
  4. Абдиканов Н.А. ҚР-дағы ең негізгі сот талқылауы: оның бағдары мен өндірісі. – Алматы, 2004. – 368 б.
  5. Савицкий В.М. Қылмыстық сот өндірісіндегі прокурорлық қадағалау теориясының очеркі – М., 1975. – 324 б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.