Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Елбасы – сот-құқықтық реформалардың салиқалы жетекшісі

Егемен ел, тәуелсіз мемлекет ретінде әлемдік қауымдастықтың ішінде тұғыры биік, беделі асқақ елу елдің қатарына енген Қазақстан Республикасының даму үдерісі бүгінгі таңда зерттеп-зерделеуге тұрарлық феноменге айналды. Ал мұның өзі Мәңгілік Ел Концепциясына негіз екендігі айдан анық. Өйткені әлемдік бәсекелістікке қабілетті қазақ елі мәңгілік келешекке құқылы деуге толық негіз бар.

Сонау, 1990 жылдың қазанында-ақ «Тәуелсіздік туралы» Декларацияда мемлекеттілікті құруда билікті ұйымдастырудың өркениетті жолы таңдалған болатын. Яғни біртұтас мемлекеттік биліктің үш тармақтан тұратындығы, олардың өзара тепе-теңдік пен тежемелік жүйесінде іс-қимыл жасайтындығы айқындалып, кеңес дәуірінен өткен органдарды, соның ішінде сот және құқық қорғау органдарын да біртіндеп реформалау (жаңалау) үдерісі басталды.

Тәуелсіздіктің бастапқы жылдары Қазақ ССР-інің 1978 жылғы Конституциясы және оған негізделіп қабылдаған заңдары әлі де қолданыста жүрді. Сондықтан да бұл кезең «өтпелі» деп аталды.

Атауы мен мәртебелері 1991 жылы 16 желтоқсандағы «ҚР Тәуелсіздігі туралы» заңымен нақтыланған қазақ мемлекетінің тұңғыш Ата Заңы – Конституциясы қабылданды.

Өтпелі кезеңнен тұрақтылыққа, бағдарлы дамуға бетбұрыс– 29. 04. 1990 жылы Қазақстанды президенттік басқару нысанындағы мемлекет етумен түбегейлі ұштасып, оның өзі Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде кезеңкезеңді дамуына өте-мөте оңтайлы да пайдалы әсерін тигізетіндігіне куә ұрпақ бүгінгі таңда оның жемісіне де ортақ болып отырғаны елге ғана емес, әлемге әйгілі.

Тәуелсіздік таңынан күні бүгінге дейін елді дамытудың басқа да, яғни саяси, әлеуметтік, экономикалық бағыттарымен қоса, оның тыныштық, бейбітшілік өмірін қамтамасыз ету үшін қызмет ететін сот билігін, құқық қорғау жүйесін қалыптастыру мен жетілдіруде салиқалы саясаттың негізін қалаушы – тұңғыш Президентіміз бұл жүйелерді реформалаудың әр кезеңіндегі идеялар мен нақты істердің локомативі болды десек, асыра айтқан болмаймыз.

Адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын тиімді қорғау мен қамтамасыз ету демократиялық, құқықтық, әлеуметтік мемлекеттің басты міндеттерінің қатарына қойылды.

Мемлекет басшысы басқарған 1994 жылғы құқықтық реформаның аясында, 1995 жылы 30 тамызда жалпы елдік референдуммен еліміздің негізгі заңы – Конституциясы қабылданды. Осы үдеріс құқықтық жүйені нақтылап, оның негізгі жолдарымен бағыт-бағдарларын айқындады.

1995 жылғы конституциялық реформа сот жүйесін біркелкілендіріп, соттардың тәуелсіздігін, оны қамтамасыз ету кепілдіктерін бекітіп, құқық қорғау жүйесіндефункцияларды нақтылау мен органдарға бөліп тапсыру мәселелерін шешті.

Атап айтқанда, қылмыстарды тергеу функциясы сот пен прокуратурадан бөлініп, дербес орган, сол кезде құрылған тергеу комитетіне тапсырылды.

Жаңа нарықтық-экономикалық қатынастардың туындысы ретінде, сол кезде салық (қазір қаржы) полициясы құрылды. Кеден органдары, шекара қызметі қалыптасты.

Мемлекет аумағында заңдылық режимін қамтамасыз ету функциясы тапсырылған прокуратура органдары да жаңартылды.

Дамудың әр кезеңінде атқарылуға тиісті сұраныстардың іске асуына байланысты, реформа бағыттарын коррекциялау, нақтылау орын алып жатты.

Бір кез сот жүйесін біркелкілендіру мақсат етілсе, заман талабына сай бара-бара сотты мамандандыру етек ала бастады. Дәл осы үдеріс құқық қорғау жүйесінде де тиімді әсерін тигізді. Қазір прокуратура органдары, полиция, т.б. мамандандырудан өтті.

Сот әділдігін алқабилер құрамында іске асыру үдерісі 1998 ж. Ата Заңға енгізілген өзгерістермен ұштасты.

Алғаш көптеген пікірталастар туғызған бұл жаңалық қазір сот өндірісінің құрамдас, сабақтас бөлігі болып саналуда.

Алқабилердің қатысуымен қаралатын істердің санаты белгіленіп, сот әділдігін халық өкілдерінің қатысуымен жүргізу тәжірибесі оңтайлы қалыптасып қалды.

Демократиялық, құқықтық мемлекетті құруда сот және құқық қорғау жүйесін өркениетті дамытудың рөлі орасан зор.

2010-2020 жылдарға арналған, Елбасының арнайы Жарлығымен мақұлданған «Құқықтық саясаттың тұжырымдамасының» бағдарламасы кезең-кезеңімен іске асуда.

Сот және құқық қорғау жүйесін, заң шағару үдерісін жетілдіру тұстары Елбасының жыл сайынғы халқына жолдаған Жолдауларында кеңінен қарастырылып, дамудың нақты іс-шараларымен қамсыздандарылып келеді.

Реформаның әр кезеңінде судьялар мен құқық қорғау органдары өкілдерінің сапасын жақсарту ұдайы жүргізіліп тұрды. Оларды аттестациядан өткізу, біліктілігін көтеру, бұл бағыттағы әлемдік алдыңғы қатардағы тәжірибені пайдалану оңтайлы әсерін тигізгені хақ.

Нарықтық экономиканың салғырт бір тұсы– жемқорлықпен күреске арналған ТМД елдері ішінде тұңғыш боп Қазақстан заң қабылдады.

Бұл мақсат тек мемлекеттің ғана емес, ел мүддесіне айналды. Қазір жемқорлық пен күресте қоғамның үлесі зор. «Нұр Отан» ХДП басшылығында, қоғамдық бірлестіктердің, саяси партиялар т.б. азаматтық қоғам институттарының белсенділігі артып, сәйкесінше нақты ісшаралардың нәтижелері айқын. Соның арқасында азаматтардың заң мен сот алдындағы теңдігі принципі нақты іске асуда.

Қоғамдық қатынастарды, өмірдің әр саласын құқықпен реттеу өркениетті жетіліп келеді.

Қылмысқа қарсы мемлекеттің саясаты да ізгілендіру, қылмыстық процесті демократияландыру, құқықты қорғау сияқты құндылықтармен ұштасуда. Бұл тұста жазалаудан гөрі қылмыстылықтың алдын алу (профилактикалау), декриминализациялау, татуластыру процедураларын қолдану, гуманизациялау, т.с.с. іске асуда.

Жоғарыда айтылғандай, мемлекеттік билікті ұйымдастыруда өркениетті жетістіктерді пайдаланумен қатар, өз тәжірибемізді де қалыптастыру үдерісі жүріп жатты.

Биліктің дәстүрлі үш тармағынан тыс, тек Президентке ғана есеп беретін органдардың легі құрылды. Олардың қатарында Конституциялық Кеңес, Есептеу Комитеті, Прокуратура, Ұлттық Қауіпсіздік және экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күрес жүргізу органдары қалыптасты.

Осылайша конституциялық ұйғарымға сай, билікті ұйымдастыруда тежемелік институттар құрылып, мемлекет басшысының билік органдарының өзара келісімде, тепе-теңдіктерін сақтай отырып, іс-қимыл жасауын қамтамасыз етуіне қажетті тетіктер ойластырылды. Ал мұның өзі билікті қалыптастыру әдісінде қазақстандық феноменге айналды десек дөп түскендікті білдіреді. Бүгінгі таңда қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеу тұстары әлемдік бағыттарға лайық етілді. Қазақстандық заңнаманы қалыптасты-ру, жетілдіру сәйкесінше жүргізілуде. Ал оған құқықтық негіз – Ата Заңымызды реформалауда сәтті жалғасын тапты.

2011 жылы көптен күтілген «Құқық қорғау қызметі» туралы ҚР Заңы қабылданып, мемлекеттік қызметтің осы бір дербес саласы, ерекшеліктеріне сай, арнайы нормативтік құқықтық актімен реттелді. Мемлекеттің қылмыстылыққа қарсы саясаты да уақыт талабына сайланып, жаңа Қылмыстық Кодекс, Қылмыстық іс жүргізу Кодекстері жасалды. Алдағы 2015 жылдан оларды қолдану бастау алады.

Жоғарыда айтылғандай, Елбасының бастамасымен әрі тапсырысымен «Құқық бұзушылықты профилактикалау», «Жеке детективті қызмет туралы» заңдар дайындалуы тиіс.

Мемлекеттегі тұрақтылықты, ел тыныштығын сақтауда ерекше ден қойылып, Тұңғыш Президентіміздің бастамасымен 1995 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды.

Елімізбен тұрмыс-тіршілігін байланыстырған, ұлттар мен ұлыстардың бірлік-ынтымағын, конфессияаралық келісімді нығайтатын бұл институт өз мақсатын толыққанды ақтап келеді. Тіпті билік органдарын қалыптастыруда белсенді рөл атқаруда.

Елбасының басшылығымен жүргізілген соңғы (2007) Конституциялық реформаға сай, Парламент мәжілісінің тоғыз депутаты Қазақстан халқы Ассамблеясымен сайланады.

Кеңес дәуірінің кезінде «халықтар лабораториясы» аталған Қазақстан, қазақ халқы тамыры терең тартқан «адам сүйгіштік, қонақжайлық» қадірқасиетін, салт-дәстүрін тәуелсіздік жылдары сақтап қана қоймай, одан әрі сәтті жалғастырып келеді.

Елбасының осы бір стратегиялық бағыттағы салиқалы саясаты қазақстандық феномен ретінде әлемдік кеңістікте зерттеліп, басқаларға үлгі болып тұрғаны бүгінгі кезеңнің дәлелі.

Қазақстан Республикасының Конституциясы, «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» Заң қоғам мүшелерінің теңдігін, еркіндігін қамтамасыз етіп, дамып-өркендеуіне толық мүмкіндік жасап отыр.

Осы орайда айта кететін бір тұсы, әуел баста Ассамблея құрылғанда «Қазақстан халықтарының» деп көпшілік мағынада атаса, Елбасының кемеңгер көрегендігімен кейін «халқының» деп жекеше мағынада өзгертілуі халықтың бірлігі, біртұтастығын одан әрі нақтылай түсті.

Жоғарыда аталғандарды қорыта келе, мынадай дәлелді тұжырымдарды жасауға толық негіз бар:

Тарихи қысқа кезеңде, егемеңдігімен қалыптасудан бастау алған Қазақстан Республикасы, ұлт Көшбасшысының кемеңгер саясатының нәтижесінде дамыған елу мемлекеттің қатарына қосылып, ұланғайыр жетістікке жетті. Әлемдік бәсекелестікке қабілетті қазақ елі мәңгілік келешекке құқылы деуге толық негіз туындады. Сондықтан Мәңгілік Ел Концепциясы дамудың әрі қарайғы бағдарламасы болуы заңды құбылыс.

Тәуелсіз қазақстандық мемлекеттілікті құруда елдің тұңғыш Президенті басшылық жасаған құқықтық реформалар әркез сәтті жүргізіліп, оған әлемдік оңтайлы жетістіктермен санасумен қатар, өзіндік дара феномендік мәртебеге лайық тәжірибе де жасалды.

Қоғам өміріндегі құқықтық қайшылықтарды, әлеуметтік даудамайларды өркениетті жолмен «құқықтық кеңістікте» шеше алатын дербес, тәуелсіз сот билігі қалыптасты.

Қоғамның қауіпсіздігін, сондай-ақ заңдылық пен құқықтық тәртіптің сақталуын қамтамасыз етуге тиесілі, сол үшін Конституция мен заңнамамен «әрекетке қабілетті» етілген құқық қорғау жүйесі ұйымдастырылды.

Адам өмірін, құқықтары мен бостандықтарын, заңды мүдделерін басты құндылықтары ретінде танитын демократиялық құқықтық және әлеуметтік мемлекеттің қалыптасу мен дамуының алғышарттары түгелдей жасалды.

Құқықшығармашылық өркениетті деңгейде кәсіби заң шығару билігімен (Парламент, мәслихаттармен) сапалы түрде іске асып келеді.

Мемлекет істеріне азаматтық қоғам институттарының тікелей араласуының тиімділігі мен пайдалы әсері дәлелді түрде жалғасуда.

 

 

 

Әдебиеттер

 

  1. «Қазақ ССР Тәуелсіздік туралы Декларациясы». 10.1990 жыл.
  2. Қазақстан Республикасының Конституциясы, 30.08.1995 жыл.

 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.