Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

1995-2007 жылдарда қабылданған конституциялық- құқықтық заңнаманың өзгешелігі

Қазақстанның конституциялық даму процесін бірнеше тарихи кезеңге бөліп қарастыруға болады. Ол туралы ҚазҰУ Хабаршысының 2014 жылғы нөмерлерінде жарияланды. Онда көрсеткеніміздей, Қазақстанның конституциялық заңнамасының дамуын келесідей бес кезеңге бөліп қарастырамыз:

  • Біріншісі – 1900-1917 жылдарды қамтитын кеңестік заманға дейінгі кезең.
  • Екіншісі 1917 жылдан 1980-жылдардың соңына дейінгі уақытты қамтитын кеңестік кезең.
  • Үшінші кезең – 1990-1994 жылдар.
  • Төртінші кезең – 1995 – 2007 жылдар.
  • Бесіншісі – 2007 жылдың 21 мамырынан бүгінгі күнге дейінгі кезең.

Біз бұл мақалада Қазақстанның конституциялық заңнамасының дамуының төртінші кезеңін, нақты айтсақ 1995 – 2007 жылдар аралығында Қазақстан Республикасының конституциялық заңнамасының дамуын қарастырамыз. 1995-2007 жылдарды қамтитын бұл кезең Қазақстан Республикасының екінші Конституциясының қабылданылуымен және соған байланысты елімізде саяси және экономикалық реформалардың қарқынының жылдамдатылуымен сипатталады.

1995 жылғы ҚР Конституциясы 1993 жылғы Конституцияның орнына келді. Ол мемлекет пен қоғамның демократиялық негізде жаңаша дамуына, қоғамның саяси, әлеуметтік-экономикалық салаларының түпкілікті жаңғыруына негіз қалады. Бұл Конституцияның ең түбегейлі қағидаттарына қысқаша тоқталсақ, 1993 жылғы Конституцияға қарағанда Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясы мемлекеттік билікті жүзеге асыру мемлекеттік органдарға берілетіндігін, оның өзінде тек сайланбалы органдарға ғана емес, биліктің үш тармағының барлық органдарына берілетіндігін бекітті. Белгілі ғалым, профессор С.С. Сартаев айтқандай, «ел басқарудың тұрақты да дәйекті формасының негізін қалады» [1, 10]. Экономика саласына қатысты бұл тарихи құжат мемлекеттік меншік пен жеке меншіктің танылып, бірдей қорғалатындығын,азаматтардың жеке меншiкке құқығын, оның заңи кепілдігін, кәсіпкерлік қызметтің еркіндігін жариялай отырып қоғамның экономикалық жүйесінің негіздерін бекітті.1995 жылғы Конституцияның маңызды тұсының бірі – қазақ тілінің мемлекеттік тіл мәртебесін бекітті. Қазақ ұлтын, оның мәдениетін дамытып, мемлекеттілігін нығайтып, Қазақстан халқының бірлігін бекемдеп, қазақстандық, жалпыазаматтық қауымдастықта қазақ тілінің мемлекеттік тіл мәртебесінің бекітілуінің маңызы зор болды [2,81].

1995 жылғы Конституция мемлекеттік тетік құрылымына бірқатар жаңалықтар, өзгерістер енгізді. Республика Конституциясы заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарының тұрақтылығын, тиімді жұмыс істеуін және өзара іс-қимылын қамтамасыз ететін билікті бөлу принципін жариялап, тежемелілік пен тепе-теңдіктің нақты жүйесін бекітті. ҚР Парламенті Қазақстан тарихында тұңғыш рет қос палаталы құрылымда (Сенат және Мәжіліс) құрылды. Әрі ол заң шығару қызметін жүзеге асыратын бірден-бір орган мәртебесінен айырылды. Өкілеттік берілген жағдайда заң шығару құқығы Президентке де тән болды. 1995 жылғы Конституцияға сәйкес ҚР Президенті атқару билігі жүйесінен шығарылып, атқару билігі жүйесін басқару және оның қызметіне басшылық ету құқығы ҚР Үкіметіне тиесілі болды. Сонымен қоса, бұл Конституциямен біртұтас сот билігі құрылып, сот жүйесінің бір бөлігін құраған Конституциялық Соттың орнына ешбір билік тармағына кірмейтін тәуелсіз Конституциялық Кеңес құрылды. Конституцияда бірінші рет жергiлiктi тұрғын халықпен дербес жүзеге асырылатын жергiлiктi өзiн-өзi басқару танылды. Конституция мемлекеттің жоғары құндылықтары ретінде адамды, оның өмірін, құқықтары мен бостандықтарын бекітті.

Жалпы алғанда бұл Конституцияда құқықтық мемлекеттің қалыптастырылу бағыттары, азаматтардың құқықтары мен бостандықтары, соның ішінде жеке адамның жан-жақты қалыптасуына қажетті экономикалық еркіндігі, идеологиялық пен саяси әр алуандығы, халық билігін жүзеге асырудың демократиялық жолдары, экономикалық қатынастардың қызмет етуі әлемдік талаптарға сай бейнеленді.

Конституцияда ҚР Конституциясының ең жоғары заңи күші бар екендігі анықталып, оның республиканың бүкіл аумағында тікелей қолданылатыны бекітілді.

Атап кеткеніміздей, біз 1995 жылғы Конституцияның ең түбегейлі қағидаттарын, ережелерін қысқа түрде қарастырдық. Шындығында, бұл Конституцияның мазмұны біз қарастырғаннан әлдеқайда кең және бай. Ол түрлі ғылыми еңбектерде кеңінен зерттеліп, баяндалған.

1995 жылғы Конституцияда бірқатар конституциялық заңдарды қабылдау мәселесі көрсетілді және олардың Конституция күшiне енген күннен бастап бiр жыл iшiнде қабылдануға тиiстілігі белгіленді. Егер Конституцияда конституциялық деп аталған заңдар немесе заң күшi бар актiлер ол күшiне енген кезде қабылданып қойған болса, онда олар Конституцияға сәйкес келтiрiлiп Қазақстан Республикасының конституциялық заңдары деп есептелетіндігі анықталды [3, 92бап 1-б.]. Тиісінше осы конституциялық нормаға сәйкес Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясының негізінде еліміздің демократиялық жолмен құқықтық мемлекетке және нарықтық экономикаға қарай жылжуын бекіткен бірқатар конституциялық заңдар қабылданды, олардың негізінде мемлекетті басқарудың қазіргі жүйесі қалыптасты, мемлекеттік-құқықтық жүйенің түбегейлі реформасы жүзеге асырылды. Ол конституциялық заңдар Республика Парламентінің болмауына байланысты ҚР Президентімен қабылданып конституциялық заң күші бар жарлық түрінде жарық көрді. Кейін Парламентпен қайта қаралып, конституциялық заң нысанында қабылданды. Оларды қабылдану кезектілігі бойынша атап кетсек, ҚР Президентімен қабылданған алғашқы конституциялық акт – «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» конституциялық заң күші бар жарлық болатын. Жаңа Конституция негізінде Республиканың жаңа конституциялық заңнамасын қалыптастыратын Парламент құру үшін алдымен сайлау туралы заңды қабылдау керек болды. Тиісінше, Президенттің сайлау туралы конституциялық заң күші бар жарлығы 1995 жылдың 28 қыркүйегінде қабылданды. Оның артынша, көп ұзамастан сол жылы 16 қазанда «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» конституциялық заң күші бар жарлық қабылданды. Парламенттің ұйымдастырылу тәртібін анықтаған тиісті актіге сәйкес және Парламент депутаттарын сайлау тәртібін бекіткен аталмыш сайлау туралы конституциялық заң күші бар жарлық негізінде 1995 жылғы желтоқсанда ҚР Парламентіне сайлау өткізілді. Президенттің жарлығымен бірінші шақырымдағы Парламенттің алғашқы сессиясын шақыру 1996 жылдың 3 қантарына белгіленді, бұл Парламент өз қызметінде бірінші заңды тек 1996 жылы 31 мамырда қабылдады. Оған дейін Республика Президенті жаңа мемлекеттік механизмді қалыптастыру үшін, реформаларды жүзеге асыру үшін негіз болған өзге де бірқатар конституциялық заң күші бар жарлықтар қабылдады. Президенттің сайлау туралы және Парламент туралы жарлықтардан кейін қабылдаған кезекті актісі «Республикалық референдум туралы» конституциялық заң күші бар жарлығы болды. Ол 1995 жылдың 2 қарашасында қабылданды. Республика Президенті 1995 жылдың желтоқсан айында қатарынан 4 конституциялық заң күші бар жарлық қабылдады: «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» (1995 жылғы 18 желтоқсанда), «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» (1995 жыл 20 желтоқсан), «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» (1995 жыл 26 желтоқсан) және «Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы» (1995 жылғы 29 желтоқсан).

Республика Президенті қабылдаған соңғы конституциялық акт – Қазақстан Республикасының Туы мен Елтаңбасының және Әнұранының сипаттамасын, ресми пайдаланылу тәртiбiн анықтаған «Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандары туралы» конституциялық заң күші бар Жарлық болды. Ол 1996 жылдың 24 қаңтарында қабылданды.

Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституцияның негізінде көптеген заңдар шығарылып, заңдардың бірқатары өзгеріп, толықтырылды. 1995 жылғы Конституцияның негізінде Парламентпен шығарылған конституциялық құқық тобындағы аса маңызды заңдар болып

«Қазақстан Републикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы», «Мемлекеттік қызмет туралы», «Қоғамдық бірлестіктер туралы», «Саяси партиялар туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңдар табылады.

1995 жылғы Конституцияның негізінде қабылданған конституциялық заңнамада Қазақстан Республикасы өзін-өзі демократиялық, зайырлы, құкықтық, әлеуметтік мемлекет ретінде танитыны, мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы халық екендігі және Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік билік заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөліну, олардың тежемелiк әрi тепе-теңдiк жүйесiн пайдалану арқылыарқылы,өзара іс-қимыл жасау принципіне сәйкес жүзеге асырылатындығы, Қазақстанның президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет екендігі және басқа да ережелер бекітілді, экономикалық, әлеуметтік және саяси жүйенің негіздері реттеліп, жеке адамның құқықтық жағдайының негізгі қағидаттары анықталды. Басқаша айтқанда, Конституция және оның негізінде қабылданған жоғарыда аталған актілер түпкілікті, жаңа конституциялық құқықтың қалыптасуына алып келді.

Бұл туралы Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2002 жылғы 20 қыркүйектегі № 949 Жарлығымен мақұлданған Қазақстан Республикасының Құқықтық саясат тұжырымдамасында Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясының негiзiнде жаңа конституциялық құқық түзiлгендігі ерекше айтылды. Сонымен қатар онда конституциялық-құқықтық құндылықтардың жүйесін және біздің мемлекетіміз бен қоғамымыздың қазіргі саяси дамуына қатысты көзқарастарды білдіретін және кеңестік заманда басым болған мемлекеттік этатистік құқықтан конституциялық құқыққа өтуді қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасының жаңа конституциялық доктринасын жасау қажеттілігі туралы мәселе қойылды. Оған қоса, жеке тұлғаның жаңа демократиялық, құқықтық мәртебесімен және Қазақстан Республикасында азаматтық қоғам құрумен байланысты қатынастарды конституциялық-құқықтық реттеуге қосу арқылы жалпы конституциялық-құқықтық реттеу пәнін кеңейту қарастырылды.

Тұжырымдамада сондай-ақ, ҚР Конституциясының қажеттi құқықтық әлеуеттi қамтитындығы, ол оның құқықтық нормаларында ғана емес, оның құқықтық идеялары мен принциптерiнде де тұжырымдалғандығы айтыла келе Конституцияның негiзiнде бүкіл құқықтық жүйенi қарқынды дамыту қажеттiгi белгіленді. Атап айтсақ, онда «Қазақстан Республикасының Конституциясына, халықаралық құқықтың жалпы жұрт таныған принциптері мен нормаларына сәйкес елдiң құқықтық жүйесiнiң жұмыс iстеуiн қамтамасыз ететiн қолданыстағы заңнама одан әрi дамытуды, атап айтқанда қолданыстағы заңдарды кезең-кезеңiмен жетілдiрудi, сондайақ қажет жағдайда қоғамды одан әрi демократияландыру талаптарына және оны әлеуметтiкэкономикалық дамыту мiндеттерiне сай келетiн жаңа нормативтiк құқықтық актілер қабылдауды талап етедi», – деп жазылды [4].

«Қазақстан Республикасының Құқықтық саясат тұжырымдамасы» еліміздің құқықтық жүйесін одан әрі реформалаудың негізгі бағыттары мен мазмұнын айқындап берді.

Қазақстанның конституциялық заңнамасының дамуының төртінші кезеңі сонымен қоса Қазақстанның халықаралық құқықтың жалпыға бiрдей танылған принциптерi мен нормаларына, халықаралық стандарттарға ұлттық заңнаманы және құқық қолдану практикасын сәйкес келтіруді қамтамасыз ету бойынша өзіне міндеттеме ала отырып БҰҰ-ның азаматтық, саяси, экономикалық және мәдени құқықтар туралы негізгі, жетекші халықаралық пактілерін бекіткенімен сипатталады. ҚР Президентінің Қазақстан халқына арнаған Жолдауында (2006) Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіруді мақсат ететіндігі жазылды [5].

Қарастырылып отырылған кезеңің басты міндеттері болып мемлекеттік биліктің үш тармағының өзара әрекеті кезінде барлық саяси күштердің мүдделерінің балансына қол жеткізу, ҚР Парламентінің рөлін көтеру табылды.

Аталған кезеңде Қазақстан Республикасының құқықтық жүйесін және конституциялық заңнамасын объективті бағалау, оларды жетілдіруде ары қарайғы бағдарды анықтау, ҚР Парламентінің заң шығару қызметінің тиімділігін көтеру мәселелері өзекті болды.

Сол тұста орын алған саяси процесстер, демократиялық институттарды бекітуге деген қоғамның ұмтылысы Қазақстан Республикасында демократиялық реформалардың бағдарламаларын әзірлеу және нақтылау жөніндегі үш республикалық комиссияны (Тұрақты әрекет ететін жиналыс, демократияландыру мәселелері жөніндегі Ұлттық комиссия және Мемлекеттік Комиссия) құруға және оның белсенді қызмет етуіне байланысты маңызды саяси бастамаларға түрткі болды. Олардың шегінде депутаттар, саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктердің өкілдері еліміздің саяси жүйесін реформалаудың өзекті мәселелерін бірлесіп талқылады. Оның нәтижесі – мемлекеттік, саяси және қоғамдық институттарды реформалауға бірыңғай әрі біртұтас тұрғыдан келуді көздеген әрі ҚР Конституциясына енгізілген өзгерістерге негіз болған саяси реформалардың Жалпыұлттық бағдарламасы болды. Бұл саяси оппозицияның қызмет етуімен қоса жаңа конституциялық реформаның басталу мүмкіндігінің алғышарттары пайда болғандығы туралы куәландырады.

1995 жылғы ҚР Конституциясына алғаш рет 1998 жылдың 7 қазанында өзгертулер мен толықтырулар енгізілді. «Қазақстан Республикасы Конституциясына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» 7 қазан 1995 жылғы заңмен Конституцияға он жеті түзету енгізілді. Жалпы түрде тоқталсақ, 1995 жылғы Конституцияға енгізілген өзгертулер мен толықтырулар сайлау жүйесін жетілдіру, Президенттің өкілеттігі уақытынан бұрын тоқтатылған жағдайда биліктің сабақтастығын қамтамасыз ету үшін Сенат пен Мәжілістің рөлін көтеру, партиялық тізімдер бойынша сайланатын депутаттар ретінде саяси партиялар өкілдерінің Парламентке қатысуын кеңейту мәселелеріне байланысты болды. Бұл заң саяси партиялардың да саяси және мемлекеттік өмірдегі, саяси жүйені нығайтудағы рөлін біршама көтерді, олардың халық алдында беделін жоғарылатты, бірінші рет сайлау жүйесіне бара-бар өкілдік қағидасын енгізді.

Республиканың қоғам мен мемлекет өмірінің салаларында үлкен жетістіктерге жетуі жағдайында қолданымдағы Конституция ары қарай да Негізгі Заң ретіндегі рөлін орындауға қабілетті ме деген мәселе жиі қойылды. Бұл мәселе бірнеше жылдар бойы кеңінен талқыланды.

ҚР Президентінің Қазақстан халқына арнаған 2005 жылғы «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» атты Жолдауында және ҚР Президентінің 04.05.2005 жылғы «Қазақстан Республикасы Конституциясының әлеуетін одан әрі пайдалану жөніндегі шаралар туралы» Жарлығында 1995 жылғы Қазақстан Республикасы Конституциясының әлеуетін одан әрі пайдалану мәселелеріне ерекше назар бөлінді. Жолдауда ҚР Конституциясының әлемде демократиялық қоғамның негізгі міндеттеріне сәйкес келетіні танылып отырылғандығы, егер Конституцияға қатысты сын айтылып жүрсе, оның Конституцияның мазмұнына емес оның ережелерінің орындалуына қатысты болып жүргендігі айтылған болатын [6]. Бұл құжаттарда мемлекет пен қоғамның саяси дамуы үшін және пісіп-жетілген мәселелер мен пайда болған проблемаларды заңнаманы жетілдіру жолымен шешу үшін Қазақстан Республикасы Конституциясында ресурстар жеткілікті екендігі айтылған. Бұл пікірді отандық заңгерлердің көпшілігі қолдады.

1995 жылғы Конституция және оның негізінде қабылданған аталмыш конституциялық заңнама Қазақстанның жаңа құқықтық жүйесін құруда, мемлекетті нығайтуда, адам және азамат құқықтары мен бостандықтарын кеңейту мен қорғауда, демократияны дамытуда, азаматтық қоғамды, оның институттарын құруда, экономиканы тұрақты дамытуда, тұрақтылықты қамтамасыз ету мен бекемдеуде үлкен рөл атқарды. Оның негізінде конституциялық реформалар тиісті деңгейде жүргізіліп, мемлекеттік билік пен басқаруды жетілдіруде, қоғамды тұрақтандыруда, экономиканы дамытуда зор жетістіктерге қол жеткізілді.

 

 

Әдебиеттер

 

  1. Сартаев С.С. Қазақстан Республикасының Конституциясы – еліміздің тұрақты да түбегейлі дамуының негізі // Қазақстан Республикасы Конституциясына 15 жыл: теориялық және тәжірибелік мәселелері: ғылыми-теориялық конференцияның материалдары (Алматы, 24 тамыз 2010 ж.). – Алматы: Нур-Принт, 2010. – 10-12-б.
  2. Кенжалиев З.Ж., Ким В.А.. Қазақстан Республикасында конституциялық заңнаманың дамуы. – Алматы: Жеті жарғы, 2008. – 120 бет.
  3. Қазақстан Республикасының Конституциясы. 30 тамыз 1995 жыл. – Алматы: Жеті жарғы, 1996.
  4. Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2002 жылғы 20 қыркүйектегі № 949 Жарлығымен мақұлданған Қазақстан Республикасының Құқықтық саясат тұжырымдамасы // http://adilet.zan.kz/kaz/docs/U020000949_
  5. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 2006 жылғы 1 наурыз. Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында // http://www.akorda.kz/kz/page/page_kazakstan-respublikasynynprezidenti-n-a-nazarbaevtyn-kazakstan-khalkyna-zholdauy-2006-zhylhy-1-nauryz_1343986805
  6. ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы. 2005 жылғы 16 ақпан. Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында // http://el.kz/m/articles/view

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.