Тәуелсіз мемлекеттер достастығы аясындағы елдердің жеке-дара мемлекет болып дамуының өзіндік ортақ заңдылықтары бар. Оның тарихи құқықтық себептері және геосаяси да себептері бар екендігі белгілі. Біріншіден, бұл достастықтың құрамына кірген мелекеттердің барлығы, бір тарихи даму кезеңінен өткен. Сонымен қатар, КСРО атты Ұлы империяның құрамында 70 жылдай қатар өмір сүрді. Мұның барлығы мелекеттердің құқықтық жүйелерінің қазіргі таңда қалыптасуы мен дамуында да, өзінің қолтаңбасын қалдырып отыр. Сонымен қатар, достастық құрамына кіретін мемлекеттер, қазіргі таңда тарихи тұрғыдан ғана байланысты емес құқықтық, экономикалық, әлеуметтік тұрғыдан да өзара бірлестікте өмір сүруде. Міне, бұл жағдайлар қазіргі кезеңде ТМД елдеріндегі құқықтық жүйелердің дамуының негізгі тенденциялық бағыттарын айқындауда.
Тәуелсіз мемлекеттер достастығының құрамына кіретін елдердің құқықтық жүйесінің ішіндегі ең бір жақын келетін қыры, сот билігі болып табылады. Бұл мемлекеттердің сот билігі жүйесінің қалыптасуы мен дамуының негізгі бағыттары бір арнада дамуда. Сот билігін жүзеге асырудың немесе сот әділдігінің негізгі нысандарының бірі болып табылатын, азаматтық сот ісін жүргізудің де, қағидалық бастаулары аталған, мемлекеттердің конституцияларында бір сипатта дамып келеді. Бұлелдердегіазаматтықсотісінжүргізудіңұйымдастырылуы мен конституциялық деңгейде бекуі де, бір кезеңде уақыттық өлшем тұрғыда қатар жүзеге асты. Азаматтық сот ісін жүргізудің кодификациялық заңнамалары да, бір-бірінен алшақ кетпейді. Кезінде тәуелсіз мемлекеттер достастығына кіретін елдердің әрбір бағыттағы модельдік заңнамасы да, қалыптастырылғанын білеміз. Әрбір тәуелсіз елдің азаматтық сот ісін жүргізуге байланысты заңнамасын қалыптастыру кезінде,осы модельдік заңнамалардың негіздері басшылыққа алынды.
Тәуелсіз мемлекеттер достастығының арасында көш басшысы болып келе жатқан елдердің бірі, Ресей болғандықтан, Ресейдің тәжірибесіндегі сот билігін ұйымдастырумен оны жүзеге асырудың нысандарына келетін болсақ, Ресей Федерациясының қазіргі қолданыстағы конституциясы 12 желтоқсан 1993 жылы қабылданған болатын.Бұл конституция негізінен 11 бөлімнен, 137 баптан тұратыны баршамызға белгілі. Аталған конституцияның 46-бабында азаматтардың сотқа жүгінуінің негіздері белгіленген. Бұл бапта мынандай сипаттағы норма көрініс тапқан: «Каждому гарантируется судебная защита его прав и свобод. Решения и действия (или бездействия) органов государственной власти органов местного самоуправления, общественных объединений и должностных лиц могут быть обжалованы в суд. Каждый вправе в соответствии с международными договорами Российской Федерации обращаться в межгосударственные органы по защите прав и свобод человека, если исчерпаны все имеющиеся внутригосударственные средства правовой защиты» [1, с 360]. Ал, сот билігіне байланысты мәселе конституцияның 7-бөлімінде реттеледі. Ол негізінен 118 – 129 бапқа дейінгі аралықты қамтиды. Аталған бөлім б«сот билігі», деп аталып, сот билігін жүзеге асырудың тетіктері орын тепкен.118-бапта:
«Правосудие в Российской Федерации осуществляется только судом.
Судебная власть осуществляется посредством конституционного, гражданского, административного и уголовного судопроизводства.
Судебная система Российской Федерации устанавливается Конституцией Российской Федерации и федеральным конституционным законом. Создание чрезвычайных судов не допускается» [2, с 379], – деп көрсетіліп, сот билігін жүзеге асырудың қандай нысандарда атқарылатындығы айқындалған. Соның бірі, біз сөз етіп отырған азаматтық сот ісін жүргізу болып табылады. Әрине, Конституцияда азаматтық сот ісін жүргізудің тетіктері нақтылана түспеген, осыған қарап Ресей Федерациясының Конституциясына азаматтық сот ісін жүргізу мәселесі толық көрініс таппаған деген ой тумауы қажет. Керісінше, бұл Конституция болғандықтан, Конституцияда реттелетін қатынастардың жалпы бағыты айқындалатындығын біз жақсы білеміз.
Ресей Конституциясында сот билігін жүзеге асыратын соттардың түрлері де белгіленген болатын. Олардың қатарына: Конституциялық Сот, Жоғарғы Сот және Төрелік Сот жатады. Конституциялық Соттың қызметі және рөлі мынандай: «Верховный Суд Российской Федерации является высшим судебным органом по гражданским, уголовным, административным и иным делам, подсудным судам общей юрисдикции, осуществляет в предусмотренных федеральным законом процессуальных формах судебный надзор за их деятельностью и дает разъяснения по вопросам судебной практики» [3, с 381]. Сонымен қатар, Жоғарғы Төрелік Сот бар екендігін айттық. Төрелік Соттың негізгі қызметі 127-бапта былай деп белгіленген: «Высший Арбитражный суд Российской Федерации является высшим судебным органом по разрешению экономических и иных дел, рассматриваемых арбитражными судами, осуществляет в предусмотренных федеральным законом процессуальных формах судебный надзор за их деятельностью и дает разъяснения по вопросам судебной практики» [4, с 381].
ТМД елдеріндегі құқықтық жүйесі мен менталитеті жақын елдердің бірі, Өзбекстан болып табылады. Өзбекстанның Конституциясы 8 желтоқсан 1992 жылы қабылданған. Өзбекстан Конституциясы 6-бөлімді, 128-бапты қамтиды. Өзбекстан конституциясынң 22 бөлімшесі, 106116 баптары сот билігінің ұйымдастырылуына арналған. Өзбекстан Республикасының Конституциясына сәйкес соттардың мынандай түрлері белгілі. Конституциялық Сот, Жоғарғы Сот, Жоғарғы шаруашылық Сот. Өзбекстанның Жоғарғы Соты туралы 110-бапта былай делінген:
«Верховный суд Республики Узбекистан является высшим органом судебной власти в сфере гражданского, уголовного и административного судопроизводства.
Принимаемые им акты являются окончательными и обязательны для исполнения на всей территории Республики Узбекистан.
Верховный суд Республики Узбекистан обладает правом судебного надзора за деятельностью Верховного суда Республики Каракалпакстан, областных, городских и районных судов» [5, с 499]. Ал, шаруашылық мәселерді шешетін сотЖоғарғы шаруашылық Сот болып табылады, оның өкілеттігіне мыналар жатады: «Решение возникающих в экономической сфере и в процессе управления ею хозяйственных споров между предприятиями, учреждениями, организациями, основанными на различных формах собственности, а также между предпринимателями осуществляется высшим хозяйственным судом и хозяйственными судами в пределах их компетенции» [6, с 499]. Конституцияның 112-бабында сот тәуелсіздігі туралы да айтылған. Сот тәуелсіздігі қазіргі кезеңде әлем елдері таныған сот әділдігінің басты қағидаларының бірі болып табылады. Сот тәуелсіздігінің мәні мына баптан көрініс тапқан: «Судьи независимы, подчиняются только закону. Какое-либо вмешательство судей по отправлению правосудия недопустимо и влечет ответственность закону.
Неприкосновенность судей гарантируется законом.
Председатели и члены Верховного суда и высшего хозяйственного суда не могут быть депутатами Олий Мажилиса Республики Узбекистан.
Судьи, в том числе районные, не могут состоять членами политических партии и движений и занимать какую-либо другую оплачиваемую должность.
До истечения срока полномочий судья может быть освобожден от должности лишь по основаниям, указанным в законе» [7, с 499]. Міне, бұл талқылаулардан Өзбекстан Республикасының Конституциясында азаматтық сот ісін жүргізудің нақты белгіленбегеніне қарамастан, жалпы азаматтық сот ісін жүргізудегі негзгі қағидалардың азаматтық сот ісіне қатысты екендігін ескере отыра, жалпы конституциялық деңгейде, азаматтық сот ісін жүргізудің талаптары бар деп есептейміз.
Тәуелсіз мемлекеттер достастығындағы тағы бір көршілес мемлекет-Қырғызстан Республикасы болып табылады. Қырғызстан Республикасының Констиутциясында да сот ісін жүргізудің негіздері айқындалып, орын алған. Қырғызстан Республикасының 5 мамыр 1993 жылы қабылданған Конституциясының 6-бөлімі сот және сот әділдігін жүзеге асыруға тұтастай арналған. Конституцияның 79-бабында сот билігін ұйымдастыру туралы былай делінеді:
«Правосудие в Кыргызской Республике осуществляется только судом.
Судами Кыргызской Республики являются Конституционный Суд Кыргызской Республики, Верховный суд Кыргызской Республики, высший Арбитражный суд Кыргызской Республики и местные суды (суды областей, города Бишкека, районов, городов, арбитражные суды областей, военные суды, а также суды аксакалов и третейские суды).
Создание и учреждение чрезвычайных, специальных судов и должностей судей не допускается.
Статус судов и судей Кыргызской Республики определяется конституционными законами. Организация и порядок деятельности судов определяются законом.
Судья подчиняется только конституции и закону. Судья пользуется правом неприкосновенности и иммунитетом, обеспечивается соответственно его статусу социальными, материальными и иными гарантиями его независимости» [8, с 160]. Сонымен қатар, Конституцияның 80-бабында соттардың өкілеттігі айқындалған. Оған тоқталатын болсақ: «Судьей Конституци-
онного суда, Верховного суда и Высшего Арбитражного суда Кыргызской Республики может быть гражданин Кыргызской Республики не моложе 35 лет и не старше 70 лет, имеющий высшее юридическое образование и стаж работы по специальности не менее 10 лет.
Судьи Конституционного суда Кыргызской Республики избираются Жогорку Кенешом по представлению Президента Кыргызской Республики сроком на 15 лет.
Судьи верховного суда и высшего Арбитражного суда Кыргызской Республики избираются Жогоргу Кенешом по представлению Президента Кыргызской Республики на 10 лет.
Судьей местного суда может быть гражданин Кыргызской Республики не старше 65 лет, имеющий высшее юридическое образование и стаж работы по специальности не менее 5 лет.
Судьи местных судов назначаются Президентом Кыргызской Республики с согласия Жогорку Кенеша в первый раз сроком на 3 года, а последующие – на 7 лет» [9, с 160]. Көріп отырғанымыздай, Қырғызстан Республикасында Конституциялық Сот, Жоғарғы Сот, Жоғарғы Төрелік Сот жұмыс атқарады. Сонымен қатар, Конституцияға сәйкес сот әділдігін жүзеге асырудың бірнеше бағыттары көрсетілген, соның бірі 83-бапқа сәйкес азамттық сот ісін жүргізу болып табылады. Қырғызстан Республикасының Конституциясының тағы бір ерекшелігі сотқа жүгіну қағидасын, конституциялық деңгейде норма ретінде бекіте алуында деп санауға болады. Ол туралы 88-бапта былай деп көрсетілген: «При любом публичном или ином обвинении гражданин имеет право на защиту своего достоинства и права в суде: ни при каких обстоятельствах в такой судебной защите не может быть отказано.
Защита является ненарушаемым правом лица на любой стадии процесса рассмотрении судебного дела.
При отсутствии у гражданина средств юридическая помощь и защита обеспечиваются ему за счет государства.
В суде каждый участник судебного процесса имеет право быть выслушанным» [10, с 162].
ТМД елдеріндегі конституциялық деңгейде көрініс тапқан сот ісін жүргізудің негіздеріне көңіл бөлетін болсақ, жалпы олардың бағыттарының бірі екендігін көре аламыз. Сонымен қатар, конституциялық деңгейдегі азаматтық іс жүргізудің негіздерін саралау, тәуелсіз достастықтар елдерінің арасында, азаматтық сот ісін жүргізудің біртұтас конституциялық кеңестігінің қалыптасқандығын аңғартады.
Әдебиеттер
- Конституция Российской Федерации от 12 декабря 1993 года // Конституции 16 стран мира: Сб. конституций странчленов СНГ, Балтии и ряда др. государств мира / Сост. Ж. Баишев, К. Шакиров. – Алматы: Жеті жарғы, 1995. – С. 351-385.
- Конституция Российской Федерации от 12 декабря 1993 года // Конституции 16 стран мира: Сб. конституций странчленов СНГ, Балтии и ряда др. государств мира / Сост. Ж. Баишев, К. Шакиров. – Алматы: Жеті жарғы, 1995. – С. 351-385.
- Конституция Российской Федерации от 12 декабря 1993 года // Конституции 16 стран мира: Сб. конституций странчленов СНГ, Балтии и ряда др. государств мира / Сост. Ж. Баишев, К. Шакиров. – Алматы: Жеті жарғы, 1995. – С. 351-385.
- Конституция Российской Федерации от 12 декабря 1993 года // Конституции 16 стран мира: Сб. конституций странчленов СНГ, Балтии и ряда др. государств мира / Сост. Ж. Баишев, К. Шакиров. – Алматы: Жеті жарғы, 1995. – С. 351-385.
- Конституция Республики Узбекистан от 8 декабря 1992 года // Конституции 16 стран мира: Сб. конституций странчленов СНГ, Балтии и ряда др. государств мира / Сост. Ж. Баишев, К. Шакиров. – Алматы: Жеті жарғы, 1995. – С. 478-502.
- Конституция Республики Узбекистан от 8 декабря 1992 года // Конституции 16 стран мира: Сб. конституций странчленов СНГ, Балтии и ряда др. государств мира / Сост. Ж. Баишев, К. Шакиров. – Алматы: Жеті жарғы, 1995. – С. 478-502.
- Конституция Республики Узбекистан от 8 декабря 1992 года // Конституции 16 стран мира: Сб. конституций странчленов СНГ, Балтии и ряда др. государств мира / Сост. Ж. Баишев, К. Шакиров. – Алматы: Жеті жарғы, 1995. – С. 478-502.
- Конституция Кыргызской Республики от 5 мая 1993 года // Конституции 16 стран мира: Сб. конституций странчленов СНГ, Балтии и ряда др. государств мира / Сост. Ж. Баишев, К. Шакиров. – Алматы: Жеті жарғы, 1995. – С. 137-164.
- Конституция Кыргызской Республики от 5 мая 1993 года // Конституции 16 стран мира: Сб. конституций странчленов СНГ, Балтии и ряда др. государств мира / Сост. Ж. Баишев, К. Шакиров. – Алматы: Жеті жарғы, 1995. – С. 137-164.
- Конституция Кыргызской Республики от 5 мая 1993 года // Конституции 16 стран мира: Сб. конституций странчленов СНГ, Балтии и ряда др. государств мира / Сост. Ж. Баишев, К. Шакиров. – Алматы: Жеті жарғы, 1995. – С. 137-164.