Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазақстан Республикасындағы азаматтық сот ісін жүргізудің тілін таңдау еркіндігі-конституциялық қағида ретінде

Қазақстан Республикасында азаматтық сот ісін жүргізудің тілін таңдау еркіндігі негізінен екі аспектіде қаралатын қағиданың қатарына жатады. Бір қырынан алып қарағанда, мұны конституциялық құқықтық қағида ретінде, екінші жағынан азаматтық іс жүргізу құқығының басты қағидасының бірі ретінде түсінуге болады. Оның себебі, жалпы бұл қағида екі қырлы сипаттағы қағида екендігінде.

Аталған қағиданы конституциялық-құқықтық аспектіде қараудың өзіндік негіздері де жоқ емес. Қазақстан Республикасының 30 тамыз 1995 жылы қабылданған Конституциясының  7-бабында  жалпы  қолданыстағы  «Тіл   туралы» Заңында мынандай норма орын алған: «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл-қазақ тілі. Мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылады.

Мемлекет Қазақстан халқының тілдерін үйрену мен дамыту үшін жағдай туғызуға қамқорлық жасайды» [1, 9 б]. Жалпы азаматтық сот ісін жүргізудің аталған қағидасы осы нормадан негіз алады. Сондықтан да, бұл конституциялық-құқықтық тұрғыда маңызы бар негізгі қағидалардың қатарына жатады. Бұл қағида қолданыстағы 13 шілде 1999 жылы қабылданған Азаматтық іс жүргізу кодексінің 14-бабында төмендегідей негізде орын алған: «Азаматтық істер бойынша сот ісі мемлекеттік тілде жүргізіледі, ал қажет болған жағдайда сот ісін жүргізуде мемлекеттік тілмен орыс тілі немесе басқа тілдер бірдей қолданылады.

Сот ісін жүргізу тілі сотқа талап арыз берілген тілге қарай сот ұйғарымымен белгіленеді. Белгілі бір азаматтық іс бойынша іс жүргізу бастапқы белгіленген сот ісін жүргізу тілінде жүзеге асырылады.

Іс жүргізіліп отырған тілді білмейтін немесе жөнді білмейтін іске қатысушы адамдарға сотта ана тілін немесе өздері білетін басқа тілде мәлімдеме жасау, түсініктер мен жауап беру, өтініш білдіру, шағым жасау іс материалдарымен танысу, сотта сөйлеу осы Кодексте белгіленген тәртіппен аудармашының қызметін тегін пайдалану құқығы түсіндіріледі және қамтамасыз етіледі. Азаматтық сот ісін жүргізуге қатысушы адамдарға басқа тілде жазылған істің заң бойынша қажетті іс материалдарының сот ісін жүргізу тіліне сот тегін аударып беруді қамтамасыз етеді. Сот процесіне қатысушы адамдарға сотта сөйлеген сөздің басқа тілде айтылған бөлігін сот ісін жүргізу тіліне аударып беру қамтамасыз етіледі.

Сот құжаттары іске қатысушы адамдарға олардың ана тіліне немесе олар білетін басқа тілге аударып беріледі» [2, 6 б]. Бұл қағиданың конституциялық қағида  ретінде  қарастыруға негіз болатын тағы бір жағдай, жалпы бұл адам құқықтары мен бостандықтарымен тікелей байланысты болып келеді. Сондықтан да, конституциялық деңгейдегі мәнге ие болып табылды.

Қазақстан Республикасында 11 шілде 1997 жылы Қазақстан Республикасындағы тіл туралы заң қабылданғанын жақсы білеміз. Аталған заңның 13-бабында сот ісін жүргізудің тілі деген  норма  орын  алған,  онда  былай   делінген:

«Қазақстан Рсепубликасында сот ісі мемлекеттік тілде жүргізіледі, ал қажет болған  жағдайда, сот ісін жүргізуде орыс тілі немесе басқа тілдер мелекеттік тілмен тең қолданылады» [3, 11 б]. Сот ісін жүргізуде көріп отырғанымыздай, әркім өзіне түсінікті тілде немесе меңгерген тілде мәлімет алуды қамтамасыз етуге мүмкіндігі бар. Көрсетілгенталапосынықамтамасызетедіде. Сонымен қатар, бұл заңда тіл туралы заңды бұзғаны үшін жауаптылық та көрініс тапқан: «Қазақстан Республикасының тіл туралы заңдарының бұзылуына кінәлі мемлекеттік органдардың бірінші басшылары, не жауапты хатшылары немесе Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын өзге  де  лауазымды  адамдары, кез келген меншік нысанындағы ұйымдардың бірінші басшылары, сондай-ақ заңды және жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады» [3, 13 б]. Тағы да бір айта кететін жағдай, аталған заңда мемлекеттік тілге ерекше мән берілген. Ол туралы Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы 11 шілде 1997 жылғы заңның 4-бабында мемлекеттік тіл туралы былай делінген: «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі.

Мемлекеттік тіл – мемлекеттік бүкіл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу және іс қағаздарын жүргізу тілі.

Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттік тілді меңгеру – Қазақстан Республикасының әрбір азаматының парызы.

Үкімет, өзге де мемлекеттік, жергілікті өкілді және атқарушы органдар:

Қазақстан Республикасында мемлекеттік тілді барынша дамытуға, оның халықаралық беделін нығайтуға;

Қазақстан Рсепубликасының барша азаматтарын мемлекеттік тілді еркін және тегін меңгеруіне қажетті барлық ұйымдастырушылық материалдық-техниалық жағдайларды жасауға;

Қазақ диаспорасына ана тілін сақтауы және дамытуы үшін көмек көрсетуге міндетті» [3, 10 б]. Бұл айтылған жағдайлардың барлығы, елімізде тілді қолданудың негізгі нормативтік базасы болып табылады. Ол сонымен қатар, азаматтық сот ісін жүргізу мәселесіне де қатысты.

Азаматтық сот  ісін  жүргізуде  әртүрлі істер қаралады. Мысалы, мемлекеттік өкімет, жергілікті өзін-өзі басқару, қоғамдық бірлестіктердің, ұйымдардың істері қаралады. Осы жағдайда да сот ісін қараудың тіліне ерекше мән берілетіндігі белгілі. Мемлекеттік ұйымдармен өзін-өзі  органдарында  қазақ  тілі  мен   орыс тілі тең дәрежеде қолданылады. Ол туралы конституциялық Кеңестің өзінде Қаулысы бар. Ол  қаулыда  мынандай  мәселелер  көрсетілген:

«Қазақстан Республикасы Президентіне қол қоюға  ұсынылған,  1997  жылғы   12   наурызда Қазақстан Республикасының Парламенті қабылдаған Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Заңының Қазақстан Республикасы Конституциясына сәйкестігі жөнінде Қазақстан Республикасы Президентінің өтінуі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің 1997 жылғы 8 мамырдағы №10/2 қаулысына түсіндірме беру туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің 2007 жылғы 23    ақпандағы

№3 қосымша қаулысында мемлекеттік тілді қолдану туралы былай деп көрсетілген: «Қазақстан Республикасы Президентіне қол қоюға ұсынылған, 1997 жылғы 12 наурызда Қазақстан Республикасының Парламенті қабылдаған Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тілдер туралы заңының Қазақстан Республикасы Конституциясына сәйкестігі жөнінде Қазақстан Республикасы Президентінің өтінуі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің 1997 жылғы 8 мамырдағы №10/2 қаулысынан келіп шығатыны, мемлекеттік ұйымдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарында қазақ және орыс тілдері тең дәрежеде, ешбір жағдайдан тыс бірдей қолданылады.

Мемлекеттік ұйымдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарында мемлекеттік тіл-қазақ тілімен ресми түрде  пайдаланылатын   орыс   тілінің   тең   қолданылуы   бұл соңғысына мемлекеттік тіл мәртбесі берілетінін білдірмейді.

Мемлекеттік тіл мәртебесінің үстем болуы оның жария – құқық саласында қолданылуының айрықшалығы не басымдылығы Конституцияда баянды етіліп, заңдарда белгіленуі мүмкін екендігін білдіреді.

Қазақстан Республикасының Конституциясы мемлекеттік ұйымдар мен жергілікті өзінөзі басқару органдарынан тыс жерлерде, атап айтқанда,мемлекеттікжәнеқоғамдықмаңызыбар іс-шаралар (қабылдаулар, ассамблеялар, съездер, конференциялар, дөңгелек үстел отырыстарын) өткізу кезінде қазақ және орыс тілдерінің тең қолданылуын белгілемейді, ал конституцияның 7-бабының 2-тармағында пайдаланылған «тең» термині мұндай іс-шараларға қатысты емес. Республика Конституциясы әркімге өз қалауы бойынша қарым-қатынас тілін таңдап алу құқығын береді. Бұл орайда, ынталандыра отырып, мемлекет мемлекеттік тілге, оның дамуына, мемлекеттік-құқықтық реттеу саласын ғана емес, қоғамдық қатынастардың басқа да барлық салаларын қамтып, қолданылуына қамқорлық жасауға тиіс.

Заңнама  және  құқық  қолдану  практикасы Конституцияның ешкімді ешқандай соның ішінде тіліне байланысты кемсітуге  оралмайды деген, сондай-ақ әркімнің ана тілі мен төл мәдениетін пайдалануға қарым-қатынас, тәрбие, оқу және шығармашылық тілін еркін таңдап алуға құқығын баянды ететін конституциялық ережелердің талабын ескеруге тиіс.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 74-бабының 3-тармағына сәйкес қаулы оны қабылдаған күннен бастап күшіне енеді, шағымдануға жатпайда, республиканың бүкіл аумағында жалпыға бірдей міндетті және Қазақстан Республикасы Конституцияның 73-бабының 4-тармағында көзделген реті ескере отырып, түпкілікті болып табылады.

Осы қаулы республикалық ресми басылымдарда қазақ және орыс тілдерінде жариялансын» [3, 8-9 бб].

Қазіргі кезеңде Кеңестік уақытта қабылдануына қарамастан, сот ісін жүргізу тіліне байланысты сот ісі жүргізілетін тіл жөнінде заңдарды соттардың қолдану тәжірибесі туралы Қазақ КСР Жоғары Соты Пленумының 1989 жылғы 22 желтоқсандағы №12 Қаулысы жұмыс атқарады. Бұл Қаулыда сот ісін жүргізуде тілді қолданудың бағыттар туралы мынандай талап белгіленген: «Сот ісі жүргізілетін тіл қазақ ССР Конституциясы тікелей бекітіп берген азаматтық іс жүргізудің, қылмыстық іс жүргізудің және әкімшлік правоның аса маңызды принциптерінің біріболыптабылатынынескеріп, Азаматтықістер жүргізу кодексінің 8-статьясының, Қылмыстық істер жүргізу кодексінің 11-статьясының және әкімшілік право бұзушылық туралы кодекстің 261-статьясының талаптарын қатаң сақтау қажеттігіне республика соттарының назары аударылсын.

Заңға сәйкес Қазақ ССР-інде сот ісі қазақ және орыс тілдерінде немесе сол жердегі халықтың көпшілігінің тілінде жүргізіледі. Сот ісі бірнеше тілде жүргізілетін аймақтарда сот ісін жүргізу тілі азаматтық істер бойынша ақы талабы арызы қабылданған кезде, қылмыстық істер бойынша қылмыстық іс қозғалған кезде, әкімшілік право бұзушылық туралы істер бойынша-әкімшілік право бұзушылық туралы протокол жасалған сәттен бастап белгіленеді.

Сот ісін жүргізу тілін өзгерту алдын-ала тергеу органының дәлелді қаулысы немесе соттың ұйғаруы бойынша жүргізіледі.

Талапкердің, жауапкердіңжәнеіскеқатысушы басқа адамдардың, процеске: айыпкердің, сотталушының,қорғаушының,жәбірленушінің және олардың өкілдерінің сот ісі жүргізілетін тілді білмеуіне байланысты олардың праволарын қандай да болсын шектеу және бұл адамдарға процестің кез келген сатысында ана тілін пайдалану мүмкіндігін қамтамасыз етпеу азаматтық іс жүргізу, қылмыстық іс жүргізу заңдарының нормаларын елеулі түрде бұзушылық болып табылады және бұл Азаматтық істер жүргізу кодексінің 307-статьясында, Қылмыстық істер жүргізу кодексінің 330-статьясына сәйкес шешімді немесе үкімді міндетті түрде бұзуға әкеп соқтырады. Барлық реттерде іске қатысушы адамдардан және процеске қатысушылардан олар сот ісі жүргізілетін тілді біле ме, оларға тілмаш қажет пе, соны анықтау керек. Оларға ана тілінде түсініктеме беру, өтініш жасау, мәлімдеме жасау праволары түсіндірілсін. Азаматтық істі сотта қарауға әзірлеу кезінде судья талапкерден, жуапкерден, іске қатысушы басқа адамдардан олар сот ісі жүргізілетін тілді біле ме, оларға тілмаш қажет пе, соны анықтауға міндетті. Егер олардың кейбіреуі сот ісі жүргізілетін тілді білмейтін болса, сот тап осы сатыда бұл адамға ақы талабы  арызын  немесе  шағымының  ана тіліне аударылған көшірмесін табыс етуге тиіс.

Сот ісі жүргізілетін тілді білмейтін адамдарға сот ісі жүргізілетін тілдегі қарапайым сөйлеу тілін нашар түсінетін, өз ойын сол тілде еркін жеткізе алмайтын, сөйлеу тілінде және текстерді оқыған кезде қиыншылық көретін адамдар жатады.

Соттардан Азаматтық істер жүргізу кодексінің 11-статьясының талаптарын қатаң сақтау талап етілсін, соларға сәйкес сот және тергеу документтері сот ісі жүргізілетін тілді білмейтін  талапкерге,  жауапкерге,   айыпкерге, сотталушыға, сотталған адамға не олардың өкілдеріне. Олардың ана тіліне немесе солар білетін тілге аударылған сот мәжілісі барысында шығарылған ұйғарымдарды, сот шешімдерін, кассациялық шағымдарды, наразылықты, сондай-ақ оларға қарсылық білдіру және кассациялық ұйғарымдарды, ал қылмыстық іс жүргізу заңдары-тінту, алып қою, мүлікті хаттау протоколдарын, іс жүргізуді қысқарту туралы қаулыны, істі  қысқарту  туралы соттың  жарлық беруші мәжілісінің ұйғарымын, айыптау қорытындыны, сот үкімін, кассациялық шағымдарды, наразылықтарды жатқызады. Іске қатысушы адамдардың және процеске қатысушылардың өтініші бойынша істің басқа да материалдары аударылуы мүмкін» [3, 35-36 бб].

Азаматтық сот ісін жүргізуде тілді қолданудың еркіндігі, конституциялық деңгейдегі адам құқықтары мен бостандықтарының ажырамас бөлігі болып  табылады.  Сондықтан  да, оны тек қана азаматтық іс жүргізу құқығының аясында қарастыру мүмкін емес. Осы тұрғыдан алып қарағанда, сот ісін  жүргізудің  тілін таңдау еркіндігі, Қазақстан Республикасындағы азаматтық сот ісін жүргізудің конституциялыққұқықтық қағидаларының негізгілерінің қатарына жатады деп санаймыз.

 

 

 

Әдебиеттер

 

  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. – Алматы: Жеті жарғы, 2007. – 136 б.
  2. Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексі. – Алматы: Юрист, – 124 б.
  3. Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы негізгі заң актілері. – Алматы: Юрист, – 40 б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.