Кеңес дәуірінің ыдырап Қазақстан өз алдына егеменді ел болуына байланысты, 1990 жылдардың құқықтық реформаларды ескере отырып ҚІЖК 1997 жылы қабылдады. Қабылданған кодексте басты құқықтық құндылықтар Қазақстан Республикасының Мелекеттік құқықтық реформалау бағдарламасында орын алды.
1997 жылы 13 желтоқсанда қабылданған ҚІЖК көптеген өзгерістерге ұшырады, нақтырақ айтсақ заңға 300-ден астам өзгерістер мен толықтырулар енгізілген. Ғалым заңгерлердің пайымдауынша Қазақстанның қазіргі қолданыстағы Қылмыстық іс жүргізу кодексі зайырлы демократиялық құқықтық мемлекеттердің стандартына сай келеді деп атайды [1, 2, 3], бірақ тәжірибе көрсеткендей халықаралық құқықтық жүйеге толыққанды жетуге бізге біршама жұмыс атқаруымызға тура келеді.
Біздің пайымдауымызша отандық қылмыстық сот өндірісіміз мемлекеттік құқықтық, демократиялық модельге толық сәйкес келмейді, сонымен қатар ҚР ҚІЖК инквизициялық жолды ұстанған, яғни қылмыстық іс жүргізу қызметі айыптау тараптарыныңмүдделерінескеріп, оларғақатыстыжекетараулар мен баптарда прокурор, тергеуші және анықтама органдарының құзіреттері кеңінен қарастырылған. Бұл жағдай қылмыстық іс жүргізудің дайындық сатыларында жақсы көрінді, «онда инквизициялық атавизмнің дәстүрі басым болды» [4]. Соңғы 70 жылдың ішінде туындаған көптеген мәселелерді ғалым процессуалистер толыққанды шешті деп айтуымызға күмәніміз бар. 2000 жылдары Қазақстан дамыған елдердің қатарына кіру үшін «Еуропаға жол» атты мемлекеттік бағдарламаны қабылдады. Бұл қоғамдық өмір мен заңдарды толық реформалауға әкеліп соқтырды. Қазақстанның қылмыстық сот өндірісіндегі туындаған өзекті мәселелерді кейінге қалдырмай кешенді шараларды тиімді қолданудың уақыты келді деп ғалымдар жар салуда [6]. ТМД-а кейбір әріптестеріміз, атап айтсақ Украина, Грузияда қылмыстық іс жүргізудің жаңа моделін қабылдап тәжірибеде қолданып жүр [7, 8].
Қазақстанда қандай модель қабылданса да, біздің пайымдауымызша қылмыстық іс жүргізу және жедел іздестіру мәселелері бірінші кезекте шешілуі тиіс. Оның ішінде: сотқа дейінгі өндірістің нысандары, олардың сайысушылық мәселелері, адамдардың құқықтарын сақтау, қылмыстық сот өндірісінің тиімділігі, сот әділдігін жүзеге асырудың жариялылығы.
Өткенге көз жүгіртсек, сот әділділігін жүзеге асыруда қазақстандық заңнама көптеген жетістіктерге жетті. Қазақстанның қылмыстық іс жүргізудегі жетістіктері:
- алқабилердің қатысуы мен сот әділдігінің жүзеге асуы;
- сотқа дейінгі өндірісте соттық бақылаудың жүзеге асуы, қамау мен үйде қамап ұстауға соттың санкция беруі;
- қысқартылған түрде сот өндірісін жүргізу институтының енуі;
- сайысушылық институтының күшеюі, оның ішінде қылмыстық іс бойынша қатысатын қорғаушының, заңды өкілдердің құзереттерінің кеңеюі;
- ҚР соттық жүйені дамыту мен реформалауда арнайы ювеналдық сот өндірісін енгізу. Қылмыстық жанжалды шешуде баламалы нысандарды енгізу (қатысушыларды татуластыру және медиация институттары).
Көптеген реформаларды жүргізудің арқасында республикада халықаралық стандартқа сәйкес келетін жаңа жүйелі қылмыстық сот өндірісі қалыптасты. Бірақ, қанша толықтырулар мен өзгертулер енгізілсе де, «біздің қазақстандық қылмыстық іс жүргізу басым белгілер бойынша күрделі, қыйын, материалды жағы-нан шығынды болып отыр» [9]. Сонымен қатар оның жазалау белгілері басым келіп, азаматтардың конституциялық құқықтары мен бас бостандықтары толық деңгейде қорғалып отырған жоқ.
Қылмыстық сот өндірісінің басты даму бағыттары ҚР 2002 ж. Құқықтық Концепция және 2010-2020 жж. Концепциямен анықталған [3]. Жоғарғы стратегиялық құжаттарда азаматтардың құқықтарын мүлтіксіз орындауға бағытталған, қылмыстық сот өндірісінің негізгі қағидаларын жүзеге асыруы белгіленген. Осы шарттарға ойдағыдай жету үшін, құқыққорғау органдарының заңсыз әрекеттерінен, азаматтардың құқықтарын процессуалдық қорғауды басты міндет қылуымыз керек.
Халықаралық тәжірибені тілге тиек етсек, сайысушылық қағидасы қылмыстық іс жүргізу реформаларының ең басты шарты болуға тиіс [6].
Концепцияда бекітілгендей қылмыстық іс жүргізу еуропалық модельге сай келу керек «еуропалықмодель: полиция-прокурор-сот»[10].
Полиция қызметкерінің міндетіне мәжбүрлеу шараларын қолдану және қылмыскердің әрекетіне заңдылық саралау беру кірмейді, тек заңмен көрсетілген ұстаудан басқа. Ол сот пен прокурордың рұқсатынсыз азаматтардың құқықтарын шектеуге құқысы жоқ. Ұсталған адамдарға қатысты полиция қызыметкерінің жинаған материалдарын заңдылық саралауды тек, прокурор ғана жүзеге асыруы тиіс, содан кейін ғана жеткілікті негіздер болса істі сотқа жіберуі тиіс. Бүгінде ТМД елдерінде қылмыстық істі қозғау институты шиеленіске тап болып отыр, ал Еуропа елдерінде мұндай институт атымен жоқ. Сондықтан біздің елімізде қылмыстық істі қозғау институтынан бас тартып отыр [4, 11]. Осы еуропалық стандарттар Польша 1997 ж., Украйна 2012 ж., Грузия 2010 ж. енгізіліп отыр [12, 13].
Осы мәселелерге байланысты мемлекеттік органдардың жетекшілері мен процессуалист ғалымдар еуропалық елдердің нәтижелерін бірнеше ай зерттеп, құқықтық Концепцияның бағдарламасын ескере отырып жаңа ҚІЖК қабылдады [14].
Жаңа ҚІЖК шетелдердің және отандық ғалымдардың сын пікіріне түсті, кейбір келіспейтін тұстары жетіп асады. ҚІЖК-ін жасаушылар қылмытық іс жүргізудің континентальдық түрін ұстанған, оның ішінде сотқа дейінгі және сот өндірісін жеке-дара қарастырған [15].
Жаңа ҚІЖК ерекшеліктері:
- Қылмыстық істі қозғау институтының жойылуы, оның орнына сотқа дейінгі тергеулік тексеру, анықтама жүргізу, алдын ала тергеу мен жедел іздестіруді біріктіру арқылы прокурорлық қадағалау мен соттық бақылауды күшейту.
- Тергеу мен анықтама органдарының құзіретінен айыпталушы ретінде жауапқа тартуды алып тастап, оны толық прокурордың құзіретіне беруі.
- Дәлелдемелерді жинау мен дәлелдемелер туралы соңғы процессуалдық шешім шығару құзіреттерінің бөлінуі [15].
- Сотқа дейінгі өндіріс қысқартылып, орнына сотқа дейін тергеу еніп отыр. Тағайындалған процессуалдық мерзімдердің орнына «ойға қонымды» мерзім еніп отыр [15].
- Адамдардың құқықтары шектелетін тергеулік әрекеттердің барлығы прокурордың санкциясы арқылы жүргізіледі. Уақыт өте прокурор беретін санкцияны сотқа беру [9].
- Сотпен істі қайта тергеуге жіберу институтының жойылуы.
- Куәгерлер институтының шектелуі, тек жеке тергеу әрекеттеріне куәгерлердің қатысуы көзделген [16].
- Процессуалдық келісім институның енуі (57-тарау ҚР ҚІЖК). Сонымен қатар 23-1-тарауда. Біздің ойымызша процессуалдық келісім институты жаңа ҚР ҚІЖК-де әлі толық шешілмей келе жатыр, ғалым процессуалистердің арасында бірнеше қарама-қайшы көзқарастар қалыптасқан, бірақ болашақта өз шешімін табатынына біз сенімдіміз [6,17,18,19].
- Тергеу әрекеттеріне санкция беретін тергеу судьясы институтының енуі.
- Дәлелдемелерді толық жинауда жедел іздестіру шаралары мен тергеу әрекеттерін біріктіру мақсатында жасырын тергеу институтының қабылдануы.
Біздің ойымызша жасырын тергеу әрекеттерін жүргізетін тұлғалардың процессуалдық статусы толық шешілмеген [20]. Жаңа ҚР ҚІЖК-де көзделіп отырған аспектілерді бір мақаланың аясында толық ашу мүмкін емес. Бірақ жаңа қабылданатын заңымыз шетелдердің құқықтық тәжірибелерін ескеріп, азаматтардың құқықтарын, бас бостандықтарын сақтауға жаңа талпыныс жасағанын көріп отырмыз. Жаңа ҚР ҚІЖК-не отандық ғалымдардың теріс көзқарастары қалыптасса да [21], 2015 жылы өз күшіне енеді, кейбір жағдайлары 2016 ж. жүзеге асады.
ҚР Жаңа қылмыстық іс жүргізу заңы болашақта мемлекетіміздің басты құндылығы азамттардың құқықтары бұлжытпай сақталады дегенге сенеміз, себебі заң адамдарға қызмет етуі тиіс.
Әдебиеттер
- См.: Постановление Президента от 12.02.1994 №1569 «О государственной программе правовой реформы в Республике Казахстан». http://kazakhstan.newscity.info/docs/sistemsi/dok_perbzz.htm.
- О Концепции правовой политики Республики Казахстан: утверждена Указом президента РК Президента Республики Казахстан от 20 сентября 2002 г. II Казахстанская правда. – 2002. – 3 окт.
- Концепция правовой политики Республики Казахстан на 2010-2020 годы: утверждена Указом президента РК от 24 августа 2009 г. II Казахстанская правда. – 2009. – 27 авг. – С.
- Головко Л. В. Перспективы реформирования органов, осуществляющих обеспечение безопасности и борьбу с преступностью в Республике Казахстан: аналитический документ. // Ежегодник Центра исследования правовой политики 2009. Алматы. LPRC. 2010 (статья; 1, 15 п. л.).
- Концепция Проекта Уголовно-процессуального кодекса Республики Казахстан. – URL: http://old.supcourt.kz/rus/zakonoproekt/UPK.html.
- Пен С. Г. Концептуальные направления уголовного судопроизводства в Республике Казахстан II Актуальные проблемы современности I Караганда, Болашак-Баспа. – 2010. – №11.
- Новый УПК глазами практиков: первые итоги применения. – URL: http://racurs.ua/343-novyy-upk-glazami-praktikovpervye-itogi-primeneniya.
- Уголовно-процессуальный кодекс Грузии. – URL: http://www.pravo.org.ua/files/Criminal%20justice/_-09_10_2009.pdf.
- Ахпанов А. Н. Замечания к проекту Концепции новой редакции Уголовно-процессуального кодекса Республики Казахстан (вопросы досудебного производства). – URL: http://rudocs.exdat.com/docs/index-424888.html.
- Берсугурова Л. Ш. О полномочиях прокурора в свете проекта нового УПК РК. – URL: http://www.group-global.org/ ru/publication/view/8068.
- Дополнительная информация, полученная от Казахстана по поводу осуществления заключительных замечаний Комитета по правам человека (Ccpricikazicoi1), ccpricikazicoi1iadd.1, 24 сентября 2012 г. URL: http://wwwumn.edu/humanrts/russian/hrcommittee/Radditiona.linfo_kazakhstan2012.html.
- Путеводитель по новому Уголовно-процессуальному кодексу Грузии I сост. З. Меишвили. – Тбилиси: ООО «Сезан», 2010. – С. 48.
- Уголовно процессуальный кодекс Польши. – URL: http://icpo-vad.tripod.com/crimprru.html.
- Досье ITS на проект Уголовно-процессуального кодекса Республики Казахстан (новая редакция) (по состоянию на 30 сентября 2013 года). – URL: http://online.zakon.kz/Document/?doc_id=31122244.
- ҚР ҚІЖК 1-қаңтар 2015 жыл. – Алматы. Жеті Жарғы.
- Заключение дополнительной научной криминологической экспертизы проекта Закона. – URL: http://online.zakon.kz/ Document/?doc_id=31122244#sub_id=8.
- Заседание Межведомственной комиссии. Разработчики представили проект Концепции нового УПК. – URL: http:// www.advokatura.kz/news/831.
- Мепаришвили: «В Грузии сделка по признанию вины мешает независимости суда». – URL: www.apsny.geI2011IsocIphp (Информационно-аналитический портал Грузия, 23.02.2011 г.).
- Сделка с правосудием (западный опыт). – URL: http:/ www.zakonia.ru/analytics/77/28.
- Юрченко Р. Н. Об упрощенном досудебном производстве по уголовным делам в Республике Казахстан. – URL: http://www.zakon.kz/162129-ob-uproshhennom-dosudebnom-proizvodstve.html.
- Сулейменова Г. Ж. Заключение научно-правовой экспертизы Концепции Уголовно-процессуального кодекса Республики Казахстан. http://www. kz / 22.10.2012г.