Экологиялық қауіпсіздікке қол сұғатын қылмыстық құқық бұзушылықтардың объективтік жақтарын доктри налды талдау жасау їшін оның міндетті және факультативтік белгілерін нақты қылмыстық құқық бұзушылықтарға қарай ашудан бастау керек.
ҚР ҚК-нің 324-бабында объективтік жақ їш міндетті белгіден тұрады:
Іс-әрекет (әрекет немесе әрекетсіздік), яғни табиғи ресурстарды пайдалану, кәсiпорындарды, құрылыстарды немесе өзге де объектiлердi жобалау, орналастыру, салу немесе реконструкциялау, пайдалануға беру немесе пайдалану, өнеркәсiп, энергетика, көлiк немесе байланыс объектiлерiн, ауылшаруашылық мақсатындағы және мелиорация объектiлерiн пайдалану, қалаларды не басқа да елдi мекендердi салу кезiнде әскери немесе қорғаныс объектiлерiне, әскери немесе ғарыш қызметiне қойылатын экологиялық талаптарды бұзу; зардап – қоршаған ортаға ірі залал келтіруге әкеп соқса немесе әкеп соғуы мїмкін болса немесе адамның денсаулығына зиян келтірсе; осылардың арасындағы себептік байланыс [1].
Осы баптың диспозициясы барлық экологиялық қылмыстардағы сияқты бланкеттік болып келеді және әртїрлі қоршаған орта саласындағы актілерге сілтейді.
ҚР ҚК-нің 246-бабында экологиялық талаптар бұзылуы мїмкін болатын жұмыстар тїрлері көзделген.
Осы қылмыстық құқық бұзушылық құрамын құрастыру заң ғылымдарының кандидаты Т.Е. Недураев пікірінше, заң шығарушы экологиялық қауіпсіздікті өндірістің барлық сатыларында объектілерді жобалау, пайдалануға беру мен пайдалануды қамтамасыз етумен сипатталады, деп көрсетеді [2].
Заң ғылымдарының докторы, профессор О.Л. Дубовиктің заң шығарушы экологиялық талаптардың бұзылуы кезінде жұмыстардың ашық тізімін береді деген пікірімен де келісе алмаймыз [3]. Заңда көзделген заңдық құрылым жартылай ғана, себебі объектілерді пайдалануға беру мен пайдалану реттелген де, ал пайдаланудан кейінгі кезең реттелмеген. Осы жағдайға байланысты, Семейдегі керосин көлі туралы мысалдан, пайдаланудан кейінгі кезеңде де адам денсаулығына, қоршаған ортаға елеулі зиян келтірілуі мїмкін ғой. Оны экологиялық сараптама жасау жолымен қоғамға қауіптілік деңгейін анықтайды. Бұл тек объектілерді пайдаланудан кейін ғана мїмкін болады. Алайда, тек осында ғана адамның денсаулығына қандай зиян келтіргенін біле алады: орташа, ауыр зиянды.
Осы бапқа қатысты, барлық нормативтік актілерді және соттардың нормативтік қаулыларын талдау нәтижесінде жеке жұмыс тїрлері бойынша қалай экологиялық талаптар бұзылатындығы жөнінде нақты тїсініктеме көрсетілмеген.
Сондықтан, осы бұзылатын қызмет тїрлерін қарастырып тїсініктеме беруді жөн көрдік.
Жобалау – жобаны, мїмкін болатын объектіні жасау процесі. Заң ғылымдарының докторы, профессор И.Ш. Борчашвилидің пікірінше, жобалау – объектіні жасау, қалпына келтіру немесе толық жөндеу бойынша жобалау құжаттамасын және оны техника-экономикалық дәлелдеу негізінде жасау қызметі [4].
Алайда, И.Ш. Борчашвилидің пікірі бойынша қР қК-нің 324-бабы жобалаудың барлық аясын емес, тек қана архитектуралық-құрылыс саласындағы жобалауды ғана қамтиды. Ал жаңа жобалау тїрлерін мәселен, еңбек процестерінің, экологиялық, әлеуметтік, генетикалық тағы басқа жобалауларды қамтымайды. Заңға жїгінсек, қазақстан республикасының Экологиялық кодексінің 47бабында экологиялық сарап тама объектілері белгіленген, оның ішінде жобалау кезінде қандай мїмкін болатын қызмет тїрлері анықталған: «қоршаған ортаға әсердің оған iлеспе бағалау материалдарымен бірге қоршаған ортаға әсер етуші межеленіп отырған қызметтің жобалау алдындағы және жобалау құжаттамасы; қоршаған ортаға эмиссиялар нормативтерiнiң жобалары; iске асырылуы қоршаған ортаға терiс әсерлерге әкеп соғуы мїмкiн қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiнiң, нормативтiк-техникалық және нұсқаулық-әдiстемелiк құжаттардың жобалары; жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жїргізуге арналған келісімшарттар жобалары; ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту, республикалық маңызы бар мемлекеттік табиғи қаумалдар мен мемлекеттік қорық аймақтарын тарату және олардың аумақтарын кішірейту жөніндегі жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негіздемелердің жобалары» [5].
Сондықтан, жобалау кезінде зардап орын алмайды, ол тек зардап болу қаупін тудырады. Сол себептен заң шығарушы қР қК жобасында осы ерекшелікті сондықтан ескерген деп санаймыз.
Мұндай жағдайда, заң ғылымдарының докторы, профессор Н.А. Лопашенко пікірімен келісуге болады, жобалау кезінде экологиялық талаптардың бұзылуы келесі сатыларда экологиялық талаптар бұзылмаса да, заңда көзделген зардаптарға әкелуі мїмкін, деп көрсетеді [6].
Әрекетсіздік тїріндегі тәртіп мїмкін болады, егер міндеттер жїктелген адам, өзінің қызметтік міндеттерін орындамағанда орын алады. Мәселен, тазарту құрылғыларына жауапты адам оны жөндеу, тазалау және бақылау бойынша қызметті орындамаса мїмкін болады.
Әрекет немесе белсенді тәртіп жауапты адаммен объектілерді жобалау, орналастыру, салу, пайдалануға беру, пайдалану кезінде экологиялық қауіпсіздік бойынша ережелерді тиісті орындамаса орын алады.
Табиғи ресурстарды пайдалану кезінде экологиялық талаптардың бұзылуы тікелей Экологиялық кодекспен айқындалады. Оларға: қоршаған ортаға антропогендік жїктеменің рұқсат етілген нормативтерін есепке алмау; қоршаған ортаны ластаудан алдын алу бойынша іс-шаралардың жобада болмауы; табиғи ортаны қалпына келтіру бойынша талаптарды орындамау; ғимараттар мен құрылыстарды және өзге объектілерді бекітілмеген жобалар негізінде салу және жаңғырту тағы сол сияқтылар жатады. Жобалау кезінде бұзылуы мїмкін шаруашылық және өзге де қызметке қойылатын экологиялық талаптар қазақстан республи касының Экологиялық кодексінің 198ба бында белгіленген: «Кәсiпорындарды, ғимараттар мен құрылыстарды, өнеркәсiп және ауылшаруашылығы объектiлерiн, сумен жабдықтау жїйелерiн, кәрiздердi, гидротехникалық құрылыстарды, көлiк және байланыс объектiлерiн, технологиялық процестердi, бұйымдар мен жабдықтарды, басқа да объектiлердi жобалау кезiнде: қоршаған орта сапа нормативтерiнiң сақталуы; қауiптi қалдықтардың залалсыздандырылуы және кәдеге жаратылуы; қалдығы аз және қалдықсыз технологиялардың пайдаланылуы; қоршаған ортаны ластауды алдын алудың тиiмдi шараларының қолданылуы; табиғи ресурстарды молайту және ұтымды пайдалану көзделуi тиiс» [5]. осы қойылған экологиялық талап тарды бұзса, онда қр қкнің 324бабындағы кәсiпорындарды, құрылыстарды және өзге де объектiлердi жобалау кезінде талаптардың бұзылуы орын алады.
Орналастыру – бір нәрсені жїйеге келтіру тәртібі [7]. Заң ғылымдарының кандидаты, доцент В.Д. Курченко орналастыру деп жоспарланған ғимараттардың белгілі орынға белгіленуі, алдын ала белгіленген органдармен құжаттаманы және орналастыру орны бойынша келісім жасауға бағытталған ұйымдастырушылық ісшаралардың жасалуын көздейді [8]. Заң ғылымдарының докторы, профессор И.Ш. Борчашвили объектіні орналастыру деп белгілі аймаққа кеңістіктік оны қалыптастыру бойынша қызметті тїсінеді [4].
Сонымен, қылмыстық-құқықтық сипатта объектіні орналастыру ғимараттарды, їй-жайларды, жолдарды тағы басқа белгілі бір жер учаскесінде қалыптастыру бойынша қызмет.
Орналастырудың экологиялық талаптары тағы да қазақстан республикасының Экологиялық кодексінің 201 және 205баптарында белгіленген. қазақстан республикасының Экологиялық кодексінің 201бабында Кәсiпорындарды, құрылыстарды және өзге де объектiлердi орналастыруға қойылатын экологиялық талаптар көзделген: «Кәсiпорындар, құрылыстар және өзге де объектiлер орналастырылатын жерлердi айқындау қоршаған ортаны қорғаудың шарттары мен ережелерi сақтала отырып, аталған объектiлер қызметiнiң экологиялық салдарлары ескерiлiп жїргiзiледi. Кәсiпорындарды, құрылыстарды және өзге де объектiлердi орналастыру кезiнде кїзет, санитарлық-қорғау және өзге де қорғау аймақтары белгiленедi» [5].
Қазақстан Республикасының Экология лық кодексінің 205 бабында атом, жылу және су электр станцияларын орналастыруға қойылатын экологиялық талаптар көзделген: «Атом электр станцияларын орналастыру және салу жоба мен мемлекеттiк экологиялық және санитарлықэпидемиологиялық сараптамалардың оң қорытындысы болғанда жїзеге асырылады. Атом электр станцияларының жобалары оларды пайдалануды қауiпсiз тїрде шығаруды қамтамасыз ететiн шешiмдердi, сондай-ақ қалдықтарды кәдеге жарату жөнiндегi шараларды қамтуға тиiс. Атом электр станцияларын орналастыру, жобалау және салу кезiнде қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес толық радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегi шаралар қабылданады. Жылу электр станцияларының iргелес аумақтың ауа бассейнiнiң жай-кїйiне зиянды әсерiн шектеу мақсатында оларды орналастырудың алдында жобаның құрамында әрбiр энергетика ұйымы (және оның әрбiр ластаушы көзi) їшiн жылу электр станциясының экологиялық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн бақылау көрсеткiштерi (секундына грамм есебiмен) және жылдық нормативтер (жылына тонна есебiмен) белгiлеу арқылы қоршаған ортаға эмиссияларды нормалау жїргiзiледi. Бақылау көрсеткiштерiн (секундына грамм есебiмен) есептеу және қоршаған ортаға эмиссияларды азайту жөнiндегi тиiстi iс-шараларды әзiрлеу жылу электр станциялары жабдықтарының жоспарланып отырған ең жоғары өнiмдiлiгiн негiзге ала отырып (жоспарлы жөндеудi, резервке шығаруды ескере отырып) жїргiзiледi. Су электр станцияларын орналастыру, жобалау және салу кезiнде тиiстi өңiрлердiң электр энергиясына нақты қажеттiгi, аумақтың сейсмикалығы мен объектiнi орналастыруға арналған жердiң рельефi, жалпы алғанда қоршаған ортадағы елеулi тїрдегi терiс өзгерiстердi болғызбауды қамтамасыз ететiн ормандар мен жерлердi сақтау, өсімдіктер мен жануарлар дїниесi ресурстарын тиiмдi қорғау жөнiндегi шаралар толық ескерiлуге тиiс. Жобалану және салыну їстiндегi электр станциялары їшiн қоршаған ортаға эмиссиялардың нормативтерiн сақтау оларды пайдалануға қабылдау кезiне қарай қамтамасыз етiлуге тиiс» [5].
Салу – жаңа кәсіпорындардың, объектілердің пайда болуына әкелетін, сондай-ақ оны жаңғырту және толық жөндеу бойынша қызмет. Салуға әрекет ретінде өндірістік және өндірістік емес сипаттағы кәсіпорындар мен құрылыстарды жасауды жатқызамыз.
Қазақстан Республикасының Экология лық кодексінің 202бабында салу мен жаң ғыртуға байланысты экологиялық талаптар көзделген.
«Кәсiпорындарды, құрылыстарды және өзге де объектiлердi салу және реконструкциялау мемлекеттiк экологиялық және санитарлықэпидемиологиялық сараптамалардың оң қорытындылары болғанда және қоршаған орта сапасының нормативтерiне сәйкес жїзеге асырылады. Бекiтiлген жобаны немесе жұмыс құнын қоршаған ортаны қорғауға залал келтiре отырып, өзгертуге жол берiлмейдi. құрылыс жұмыстарын орындау кезiнде жердi қалпына келтiру, табиғи ресурстарды молайту мен ұтымды пайдалану, аумақтарды абаттандыру және қоршаған ортаны сауықтыру жөнiндегi шаралар қолданылуға тиiс. Жоба бекiтiлгенге дейiн және нақты жер учаскесi бөлiнгенге дейiн объектiлердi салуға, реконструкциялауға тыйым салынады» [5].
Пайдалануға беру – толық көлемде құрылыс объектісін салу, жаңғырту, толық жөндеуді бекітетін қызмет. Бұл қызмет нормативтік актілермен реттелген дайын объектіні беру және алу бойынша қызметті қамтиды.
Кәсiпорындарды, құрылыстарды және өзге де объектiлердi пайдалануға беру жобада көзделген барлық экологиялық талаптар толық көлемде орындалған жағдайда қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органның қатысуымен құрылатын қабылдау комиссиясының актiсi бойынша жїргiзiледi. қауiптi қалдықтарды, шығарындыларды, төгiндiлердi залалсыздандыру және кәдеге жарату жөнiндегi қоршаған ортаны қорғау нормативтерiн қамтамасыз ететiн жабдықтарды орнатпай, сондай-ақ жердi рекультивациялау, табиғи ресурстарды молайту мен ұтымды пайдалану жөнiндегi жобада көзделген жұмыстарды аяқтамай кәсiпорындарды, құрылыстарды және өзге де объектiлердi пайдалануға тыйым салынады [5].
Пайдалану – көзделген мақсаты мен қолданылуы бойынша өндірістік және өндірістік емес объектілерді қолдану.
Пайдалану кезінде қоршаған орта саласындағы бекітілген технология мен талаптарды сақтау керек.
Өнеркәсiп, энергетика, көлiк және байланыс объектiлерiн, ауылшаруашылығы мақсатындағы және мелиорациялау объектiлерiн пайдалану белгiленген экологиялық талаптар ескерiлiп және экологиялық тұрғыдан негiзделген технологиялар, қоршаған ортаның ластануын болдырмайтын қажеттi тазарту құрылыстары мен санитарлық кїзет аймақтары пайдаланыла отырып жїзеге асырылуға тиiс. Аталған объектiлердi пайдалану кезiнде экологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ететiн аз қалдықты және қалдықсыз технологиялар енгiзiлуге тиiс [5].
ҚР ҚК-нің 324-бабында көзделген нормадан заң шығарушы «өзге объектілер» деген сөзді қолданып, олардың тізімін ашық қалдырды. Сондықтан, бұл объектілерге өндірістік емес мақсаттағы ғимараттарды, құрылыстарды, сондайақ инженерлік және көлік инфрақұрылымын, қорғаныс объектілерін жат-қызуға болады.
Қылмыстың объективтік жағының тағы бір қажетті белгісі қоршаған ортаға ірі залал келтіруге әкеп соқса немесе әкеп соғуы мїмкін болса немесе адамның денсаулығына зиян келтірсе зардаптардың орын алуы табылады [9]. қР қК-нің 324-бабы онда көзделген бір зардап немесе бірнеше зардаптар болғанда ғана аяқталған болып саналады.
ҚР ҚК-нің 3-бабының 2-бөлігінде ірі залал – айлық есептік көрсеткіштен бір жїз есе асатын сомадағы залал мөлшері.
Егер ҚР қК-нің 324-бабының зардаптарын саралау кезінде өсiмдiктер немесе жануарлар дїниесiн жаппай жою, атмосфера, жер немесе су ресурстарын улау, сондай-ақ экологиялық апатты туғызған немесе туғызуы мїмкiн жағдай орын алса онда олар қР қК-нің 169-бабы «Экоцид» бойынша саралануы тиіс.
Адамның денсаулығына зиян – жеңіл, орташа, ауыр болып келтірілуі тиіс.
Іс-әрекет пен зардап арасындағы себептік байланыс міндетті тїрде болуы тиіс. Тек осы ісәрекеттер ғана, осындай зардап тудыруы тиіс. Сондықтан, зиянды зардаптар өзге факторлардан пайда болмағанын ескеру керек, сондайақ аса қажеттілік жағдайында жасалғанына да көңіл бөлген дұрыс болады.
ҚР ҚК-нің 324бабының 2бөлігінде міндетті белгі ретінде зардап – қоршаған ортаға аса ірі залал келтіруге не адам өліміне, не адамдардың жаппай сырқаттануына әкеп соққан іс-әрекеттер їшін жауаптылық көзделген. Аса ірі залал деп 324, 325, 326, 328, 329, 330, 332, 333, 334, 337 және 343-баптарда – қоршаған ортаны және табиғи ресурстардың тұтынушылық қасиеттерін қалпына келтіру їшін қажетті шығындардың жиырма мың айлық есептік көрсеткіштен асатын мөлшердегі құндық көрінісі. Ал қалған зардаптар ауыр зардаптар қатарына жатқызылады.
ҚР ҚК-нің 325-бабының 1-бөлігінің объективтік жағы экологиялық тұрғыдан әлеуетті қауіпті химиялық немесе биологиялық заттарды өндiру, тасымалдау, сақтау, көму, пайдалану немесе олармен өзге де жұмыс iстеу кезінде экологиялық талаптарды бұзу, егер бұл іс-әрекет қоршаған ортаға айтарлықтай залал келтіруге әкеп соқса немесе әкеп соғуы мїмкін болса немесе адамның денсаулығына зиян келтiрсе деген норма қамтиды [1].
Бұл баптың диспозициясы бланкеттік болып табылады және қажетті кїшіндегі экологиялық тұрғыдан әлеуетті қауіпті химиялық немесе биологиялық заттарды өндiру, тасымалдау, сақтау, көму, пайдалану немесе олармен өзге де жұмыс iстеу кезінде экологиялық талаптардың белгілейтін заңнамаға жїгіну керек.
Осындай экологиялық талаптарды қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің 40тарауы белгілейді. Бұл нормалар 280-282 баптарды қамтиды.
Ықтимал қауіпті химиялық, биологиялық заттарды, оның ішінде генетикалық тїрлендірілген организмдер мен өнімдерді өндіру мен пайдалану жөніндегі операциялар барысында:
- өндіру, сақтау, тасымалдау және пайдалану процесінде қоршаған ортаға әсер етудің шекті жол берілетін белгіленген нормативтерінің орындалуы;
- оларды қолданудың халықтың денсаулығы мен қоршаған ортаға зиянды салдарларының алдын алу жөніндегі шаралардың орындалуы қамтамасыз етілуге тиіс.
- оларды қолданудың адам денсаулығы мен қоршаған ортаға зиянды салдарларының алдын алу жөніндегі шаралардың орындалуы;
- генетикалық тїрлендірілген өнімдердің қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган және халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік орган пайдалануға рұқсат берген тізбе шеңберінде ғана пайдаланылуы қамтамасыз етілуге тиіс [5].
ҚР ҚК-нің 325-бабының 1-бөлігінде көзделген әрекеттердің анықтамасын көздейтін қазақстан Республикасында радиоактивті заттар мен қалдықтардан басқа, қалғандары бойынша бірде бір нормативтік акті жоқ.
Олұғымдардыанықтаутекзаңғылымдарының докторы, профессор И.Ш. Борчашвилидің қылмыстық кодексе тїсініктемесінде берілген.
Оларды ресейлік ғалымдардың пікірлерімен салыстырмалы беріп, белгілі тұжырымға келеміз. өндіру – бұл өндірістік-технологиялық процесс, оның нәтижесінде химиялық, биологиялық және радиоактивті заттар пайда болады. Ресей ғалымы Э.Н. Жевлаков өндіруге қауіпті қалдықтарды жоймау, залалсыздандырмау, оларды жинақтауды айтады [10]. Алайда, өндіру қандай да бір жаңа заттардың пайда болуы сипаттаған соң қалдықтарға қатысты сұрақтар бұл норма көлемінде реттелмейді, себебі норманың мазмұны тек көзделген заттар тізімін ғана қамтиды.
Тасымалдау – бұл көлік тїрлерімен (автокөлік, теміржол, әуе, су, құбыр көлігі) ықтимал экологиялық қауiптi химиялық, радиоактивтi және биологиялық заттарды көшіру табылады.
Сақтау – экологиялық қауiптi химиялық, радиоактивтi және биологиялық заттарды тұлға иелігінде ұстау (қоймада, өндірістік жайда тағы сол сияқтылар). Заң ғылымдарының кандидаты, доцент Ю.А. Тимошенко пікірінше, сақтау қалдықтар мен заттарды кейін көму мақсатында орналастыру тїсініледі [11]. «Атом энергиясын пайдалану туралы» қазақстан Республикасының 1997 жылғы 14 сәуiрдегі №93 Заңының 1-бабына сәйкес сақтау – радиоактивтi заттар мен радиоактивтi қалдықтарды пайдалану, қайта өңдеу немесе көму їшiн қайтарып алу мїмкiндiгiн көздей отырып, оларды арнайы дайындалған жерлерге (соның iшiнде арнаулы контейнерлерге) уақытша орналастыру [12].
Көму – заттарды суға немесе жерге енгізіп қалдыру. «Атом энергиясын пайдалану туралы» қазақстан Республикасының 1997 жылғы 14 сәуiрдегі №93 Заңының 1-бабына сәйкес көму – ядролық және радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ететiн жағдайда радиоактивтi қалдықтардың оларды қайта алу ниетiнсiз орналастырылуы [11]. Осы ұғымды Ю.А. Тимошенко да қолдайды, ол көму ретінде қолдану мақсатынсыз арнайы сақтау орындарында, адам қолы жетімсіз жерлерге орналастыруды тїсінеді [12].
Пайдалану – қоршаған орта мен адамдар қауіпсіздігін қамтамасыз ететін ережелерді бұзумен экологиялық қауiптi химиялық, радиоактивтi және биологиялық заттарды қолдану.
Өзге жұмыс істеу – бұл уәкілетті органдардың рұқсатынсыз заттарды алу, беру, тастау және жою деп тїсіндіріледі. Ресей Федерациясында өзге жұмыс істеуге «өндіріс пен тұтыну қалдықтары туралы» 1998 жылдың 24 маусымындағы №89 Ресей Федерациясының Заңының 1-бабының мазмұнынан жинауды, залалсыздандыруды, қаттау, жою жатады.
Бұл анықтамалар салыстырмалы-талдау жолымен берілген болатын біздің заңнамада осындай анықтамаларда келіспеушіліктер болмауы їшін қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің осы бөлігіне «Атом энергиясын пайдалану туралы» қазақстан Республикасының 1997 жылғы 14 сәуiрдегі №93 Заңы мен «Химиялық өнімнің қауіпсіздігі туралы» қазақстан Республикасының 2007 жылғы
21 шілдедегі №302 Заңына осы ұғымдардың анықтамасын енгізген жөн деп санаймыз. Бұл жағдай құқық қолдану қызметінің тиімділігін көтеруге їлкен їлесін қосады және осы баптың диспозициясы бланкеттік болуына байланысты әрбір нақты жағдайда қандай экологиялық талаптар бұзылатындығын анықтауға көмектеседі. қР қК-нің 325-бабының 1-бөлігіндегі қылмыс құрамы материалдық, яғни зардаптар орын алса ғана аяқталады.
Қоршағанортағаайтарлықтайзалалкелтіруге әкеп соқса немесе әкеп соғуы мїмкін болса немесе адамның денсаулығына зиян келтiрсе ғана қылмыстық жауаптылыққа әкеледі.
Адамның денсаулығына немесе қоршаған ортаға айтарлықтай залал келтіруге әкеп соқса немесе әкеп соғуы мїмкін болса ең даулы сұрақтардың бірі болған еді.
Жаңа қылмыстық заңнама осы мәселені шешті нақты қР қК-нің 3-бабының 2-тармағында 325, 326, 328, 335, 337 және 342-баптарда – қоршаған ортаны және табиғи ресурстардың тұтынушылық қасиеттерін қалпына келтіру їшін қажетті шығындардың бір жїз айлық есептік көрсеткіштен асатын мөлшердегі құндық көрінісі деп көрсетеді.
ҚР ҚК-нің 325-бабының 2-бөлігінде қоршаған ортаға ірі залал келтірген не келтiру қатерін туғызған, сол сияқты төтенше экологиялық ахуал аумағында жасалған әрекеттер їшін жауаптылық көзделген [1].
Сонымен қатар, осы баптың диспозициясында қылмыстың жасалу жағдайы міндетті белгісі ретінде қаралады – төтенше экологиялық ахуал аумағында жасалу табылады. Бұл ұғым экологиялық құқықтағы екі ұғымды толық қамтыды деп санаймыз. Оның біріншісі төтенше экологиялық жағдай, ал екіншісі экологиялық зілзала аумағы.
ҚР Экнің 173бабында оған анықтама берілген: «төтенше экологиялық жағдай – шаруашылық және өзге де қызмет немесе жаратылыстың табиғи процестерi нәтижесiнде қоршаған ортада халықтың денсаулығына, табиғи экологиялық жїйелердiң, өсiмдiктер мен жануарлардың генетикалық қорларының жай-кїйiне қауiп төндiретiн тұрақты терiс өзгерiстер болатын аумақ учаскесiнде туындаған экологиялық ахуал» [5]
Отандық экологиялық заңнамада эко логиялық зілзаланы атап өткен (қр Экнің 173бабы). Экологиялық зiлзала – шаруашылық және өзге де қызмет немесе жаратылыстың табиғи процестерi нәтижесiнде халықтың денсаулығының едәуiр нашарлауына, табиғи экологиялық жїйелердiң бұзылуына, өсімдіктер мен жануарлар дїниесi жай-кїйiнiң нашарлауына әкеп соқтырған қоршаған ортаның орны толмас, терең өзгерiстерi болған аумақ учаскесiнде туындаған экологиялық ахуал [5].
Осындай жағдай қиындық туғызбау їшін экологиялық ахуал аумағына анықтаманы экологиялық кодексте жіктеп беру керек, себебі бұл құқық қолдану практикасында қиындықтар туғызады.
ҚР қкнің 325бабының 3бөлігінде мін детті белгі ретінде зардап – қоршаған ортаға аса ірі залал келтіруге не адам өліміне не адамдардың жаппай сырқаттануына әкеп соққан іс-әрекеттер їшін жауаптылық көзделген.
ҚР ҚК-нің 325-бабында көзделген қылмыс құрамы саралау кезінде қылмыстық жауаптылықты жоққа шығаратын мән-жайларды, оның ішінде: аса қажеттілік, орынды тәуекел және бұйрықты немесе өкімді орындауды ескерген жөн.
Бұл зардаптар ҚР ҚК-нің 3-бабының 3-тармағына сәйкес ауыр зардаптар қатарына кіргізілген.
Сондықтан, ҚР қК-нің 324-бабын саралау кезінде келтірілген зиян басқа амалдармен жойыла ала ма, тыйылған қауіп пайда болған қауіп деңгейі мен сипаты жағынан жоғары болды ма осыны дәлелдеу керек болады.
Тәуекелмен байланысты жаңа өндірістегі тәжірибелерді де қылмыстық құқық бұзушылық деп санауға келмейді, себебі осы жерде жасалған процестердің заңды екенін дәлелдеу керек. Егер тәуекел ету адамдардың өмiрiне немесе денсаулығына көрiнеу қатер төндiруге, экологиялық апатқа, қоғамдық кїйзелiске немесе өзге де ауыр зардаптарға ұштасатын болса, тәуекел ету орынды деп танылмайды (қР қК-нің 36-бабы).
Ықтимал экологиялық қауiптi химиялық, радиоактивтi және биологиялық заттардың айналымы кезінде экологиялық талаптарды бұзу кезінде қылмыс екенін жоятын мән-жайдың тағы бір тїрі бұйрықты немесе өкімді орындау болып табылады (қР қК-нің 38-бабы). Технологиялық процестермен анықталған іс-әрекеттерді орындаушы адам формальды заңда, жоғары заң кїші бар нормативтік-құқықтық актілерге қайшы келетін болса да, қылмыстық жауаптылыққа тартылмауы тиіс.
ҚР ҚК-нің 326-бабының 1-бөлігінің объективтік жағы – микробиологиялық немесе басқа да биологиялық агенттердi немесе уытты заттарды жинап қою, жою немесе көму кезiнде экологиялық талаптарды бұзу не оларды қайта өңдеу, сақтау немесе көму їшiн қазақстан Республикасына заңсыз әкелу, егер бұл іс-әрекет қоршаған ортаға айтарлықтай залал келтіруге әкеп соқса немесе әкеп соғуы мїмкін болса жауаптылыққа әкеледі [1].
Осыған байланысты заң ғылымдарының докторы, профессор О.Л. Дубовик пікірі өзекті, ол осы қылмыстық құқық бұзушылық затымен жұмыс істеу кезінде өзінше ерекше объективтік жақты құрайды, деп көрсетеді. Барлық әрекеттер мен әрекетсіздік олармен жұмыс істеу кезінде оның тәртібін бұзады [3].
Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің 42-тарауында өндіріс және тұтыну қалдықтармен жұмыс істеу барысында жинап қою, жою немесе көму көзделген, бірақ нақты осы қылмыс затына қарасты микробиологиялық немесе басқа да биологиялық агенттер немесе токсиндер бойынша бұл талаптар көзделмеген екен. Сондықтан, осындай экологиялық талаптарды енгізген дұрыс болады. Осы жерде, біз Э.Н. Жевлаков пікірмен келісеміз, ол микробиологиялық немесе басқа да биологиялық агенттердi немесе токсиндермен жұмыс істеу барысында экологиялық талаптарды белгілейтін арнайы нормативтік-құқықтық акті жоқ деп көрсеткен [10].
Қазақстан Республикасына ұқсату, сақтау немесе көму їшiн заңсыз әкелу қазақстан Республикасы Їкіметінің арнайы рұқсатымен жїзеге асырылады. Пайдалану нәтижесінде қазақстан Республикасында оларды залалсыздандыру немесе жою жөніндегі технологиясы жоқ қауіпті қалдықтар құралатын өнімдер импортына тыйым салынады [5].
ҚР ҚК-нің 326-бабының 2,3 бөліктері көзделген 325-баптағы сияқты зардаптар пайда болғанда ғана жауаптылыққа әкеледі.
ҚР ҚК-нің 327-бабының 1-бөлігінің объективтік жағы келесі белгілермен сипатталады:
іс-әрекет – ветеринариялық қағидаларды бұзу;
зардап – эпизоотиялардың таралуына немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соғуы керек;
себептік байланыс іс-әрекет пен зардап арасында болу керек.
Аталған норма бланкеттік сол себептен, ветеринарлық ережелер «Ветеринария туралы» қазақстан Республикасының 2002 жылғы
10 шілдедегі №339 Заңымен реттеледі. Осы Заңның 1-бабының 8-тармағында орысша тұпнұсқасында «ветеринарные правила», ал қазақша нұсқасында «ветеринарлық қағидалар» деген сөз қолданылады, бұл аудару терминдік кемшілік, себебі қР қК-де ветеринарлық ережелерді бұзу туралы сөз көтеріліп отыр сондықтан осы кемшілікті тїзету қажет.
Ветеринария туралы Заңның 1-бабына сәйкес ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидалар – мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау объектілеріне қойылатын ветеринариялық (ветеринариялықсанитариялық, зоогигиеналық) талаптарды белгілейтін, сондай-ақ ветеринариялық нормативтердің негізінде ветеринариялық іс-шараларды жїргізу тәртібін айқындайтын, жеке және заңды тұлғалардың орындауы їшін міндетті болып табылатын нормативтік құқықтық акт [13].
Ветеринарлық ережелерді бұзу әрекет (ауру жануарларды әкелу және әкету) және әрекетсіздік (аурулардың алдын алу іс-шараларының сақталмауы) тїрінде бола алады. Осы қылмыс аяқталған болу їшін көзделген зардаптар орын алуы тиіс.
Ветеринария туралы Заңның 1-бабына сәйкес эпизоотия – тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында жануарлардың аса қауіпті және басқа да жұқпалы ауруларының жаппай таралуы. Жануарлардың аса қауіпті аурулары – уәкілетті орган айқындайтын, жануарлар мен адамға ортақ ауруларды қоса алғанда, тез немесе кең таралатын, жануарлардың ауруға шалдыққыштығына немесе өлуіне, їлкен әлеуметтік-экономикалық залалға әкеп соғатын жануарлар аурулары. Жануарлардың жұқпалы аурулары – жануардың организміне инфекцияның өзіндік ерекшелігі бар қоздырғышын (инвазия) енгізу салдарынан пайда болатын және жануардан жануарға және адамға жұғатын жануарлар аурулары [13].
ҚР ҚК-нің 327-бабының 2-бөлігінде объективтік жақ келесі белгілермен сипатталады:
Іс-әрекет – өсiмдiктердiң аурулары мен зиянкестерiне қарсы кїресу їшiн белгiленген қағидаларды бұзу;
Зардап – ауыр зардаптарға әкеп соқса;
Себептік байланыс – іс-әрекет пен зардап арасында болуы тиіс.
өсiмдiктердiң аурулары мен зиянкестерiне қарсы кїресу їшiн белгiленген ережелер «өсімдіктерді қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 3 шілдедегі № 331 Заңымен реттеледі. «өсімдіктерді қорғау туралы» Заңның 1-бабына сәйкес өсiмдiктердi қорғау
- өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң зиянды және ерекше қауiптi зиянды организмдерден ысырабын болғызбау мақсатымен фитосанитариялық мониторинг әдiстерiн, фитосанитариялық iсшараларды әзiрлеуге және практикада қолдануға бағытталған қызмет саласы. Зиянды организмдер
- топыраққа, өсiмдiкке және ауыл шаруашылық өнiмiне терiс әсер ететiн зиянкестер, арамшөптер және өсiмдiктердiң аурулары. Ерекше қауiптi зиянды организмдер – оқтын-оқтын жаппай көбеюге және таралуға бейiм, экономикалық, экологиялық залал келтiретiн және Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн ерекше қауiптi зиянды организмдер тiзбесiне енгiзiлген зиянкестер мен өсiмдiктер аурулары [14].
Өсiмдiктердiң аурулары мен зиянкестерiне қарсы кїресу їшiн белгiленген ережелер деп өөсімдіктер дїниесін аурулардан, зиянкестерден, эпифитотийдің таралуынан қорғау, сондайақ агротехникалық, химиялық, мехаикалық және биологиялық алдын алу шаралары мен карантинді ережелерді тїсіну керек. Осындай ережелерді бұзу әрекет және әрекетсіздік (зиянкестерді жою бойынша іс-шаралар қабылдамау) тїрінде де болады.
Осы іс-әрекеттер ауыр зардаптарға әкелгенде ғана қылмыстық жауаптылық орын алады. ұқсас екі қылмыста қР қК-нің 327-бабының 1-бөлігінде «өзге де ауыр зардаптар», ал 2-бөлігінде «ауыр зардаптар» деген сөздер қолданылады. Осы жағдайға И.Ш. Борчашвили, Н.А. Лопашенко, А.Г. Князев, Д.Б. Чураков сияқты ғалымдар көңіл бөлген. Сондықтан, осы баптың 2-бөлігінде кез келген ауыр зардаптар орын алса болды, ал «өзге» сөзі қолданылмайды. Алайда, осы жағдайда екі ұқсас қылмыста «ауыр зардаптар» деп көрсеткен дұрыс болар.
ҚР ҚК-нің 327-бабының 1,2 бөліктерінде де себептік байланыс анықталуы тиіс. Заң ғылымдарының докторы, профессор О.Л. Дубовик пікірінше, зардаптардың орын алуы табиғи және кездейсоқ факторларға байланысты болуы мїмкін немесе басқа құқыққа қайшы әрекеттермен де [3].
ҚР ҚК-нің 343-бабының 1-бөлігінің объективтік жағы – экологиялық ластануға ұшыраған жерлерде зарарсыздандыру немесе өзге де қалпына келтiру іс-шараларын жїргiзу мiндетi жїктелген адамдардың мұндай іс-шараларды жїргiзуден жалтаруы немесе тиiсiнше жїргiзбеуi їшін жауаптылық көзделген [1].
Қылмыстық құқық бұзушылық құрамы формальды болады, яғни аталған іс-шараларын жїргiзу мiндетi жїктелген адамдардың мұндай іс-шараларды жїргiзуден жалтаруы немесе тиiсiнше жїргiзбеуi кезіне бастап қылмыстық құқық бұзушылық аяқталады.
Әрекетке сипаттама беру барысында заң ғылымдарының докторы, профессор И.Ш. Борчашвили зарарсыздандыру деп әртїрлі заттар мен құрылыстар їстінен радиоактивтік қалдықтарды жоюды айтады. Ол толық және ішінара болуы мїмкін. Ішінара зарарсыздандыру кезінде радиоактивті жұғу деңгейі төмендейді, ал толық зарарсыздандыру кезінде оның әсері адам денесіне минималды болады [4].
ҚР ҚК-нің 343-бабының 2-бөлігінің объективтік жағы – адам өліміне әкелу қатерін туғызған не адамның денсаулығына ауыр немесе ауырлығы орташа зиян келтіруге әкеп соққан не ірі залал келтіргені їшін жауаптылық көзделген екен. қылмыстық құқық бұзушылықтың құрамы материалдық болады, көзделген зардаптардың бірі орын алуы керек.
ҚР ҚК-нің 343-бабының 3-бөлігінің объективтік жағы адам өліміне не адамдардың жаппай сырқаттануына не аса ірі залал келтіруге әкеп соққаны їшін жауаптылықты көздейді.
Қылмыс аяқталған болып баптың диспозициясында көзделген зардап орын алғанда болады. Ол зардаптар жоғарыда толық талданып, сол баптардың тиімділігін көтеру мақсатында оның кемшіліктері ашылып жойылған еді.
Сонымен, экологиялық қауіпсіздікке қол сұғатын қылмыстық құқық бұзушылықтардың объективтік жағына ұсынылған өзгерістер мен толықтырулар құқық қолдану практикасының тиімділігі мен нормалардың жұмыс істеуін жоғарлатады деген сенімдеміз.
Әдебиеттер
- қазақстан Республикасының қылмыстық кодексi. қазақстан Республикасының Кодексі 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V қРЗ //Adilet.zan.kz/kaz/docs/K1400000226.
- Недураев Т.Е. Нарушение правил охраны окружающей среды пр производстве промышленных и иных работ [Электронный ресурс]: Дисс. ... канд. юрид. наук. Екатеринбург, Режим доступа: http://www.dissercat.com/content/ narushenie-pravil-okhrany-okruzhayushchei-sredy-pri-proizvodstve-promyshlennykh-i-inykh-rabo
- Применение отвественности за экологические правонарушения: учебно-методическое пособие для практических работников /Отв. ред. О.Л. Дубовик. М.: Городец, – 544 с.
- Комментарий к Уголовному Кодексу Республики Казахстан (Особенная часть). Борчашвили И.Ш., доктор юридических наук, профессор, академик Академии естественных наук Республики Казахстан, заслуженный работник МВД Республики Казахстан. // http://adilet.zan.kz/rus/docs/T9700167_1_
- қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі. қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы № 212 Кодекс. //«Заң» деректер базасы.
- Лопашенко Н.А. Экологические преступления: Науч.-практич. Комментарий. – СПб.: Пресс, 2002. С.89-90.
- Толковый словарь русского языка под редакцией Т.Ф. Ефремовой //http://www.slovopedia.com/15/208/1575524.html.
- Курченко В.Д. Проблемы применения норм о преступлениях против экологической безопасности населения: дис....канд. юрид. наук. Волгоград, 2000. С.106.