Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазақстан Республикасында экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде мемлекеттік басқару жүйесінің рөлі

Экономика саласында Қазақстанның ұлттық мүддесі ең басты мәселе. Қазақстанның мүд- десін іске асырумен байланысты мәселелерді кешенді шешу, экономиканың алдыңғы қатар- лы салаларын сапалы шикізат және жабдық- тармен, халық пен әлеуметтік саланы – тұтыну құралдары және қызметтермен, ал сыртқы сау- даны – бәсекеге қабілетті экспорт тауарлармен қамтамасыз етуге қабілетті көпсалалы жоғары технологиялы өндірістің тұрақты жұмыс істеуі негізінде ғана мүмкін. Қазіргі жағдайда ұлттық қаупсіздікке қол жеткізу, ең алдымен экономи- калық қаупсіздікке сүйенеді, яғни Қазақстанның даму стратегиясының негізгі бағыттарының маңыздысы экономикалық жүйенің қаупсіздігі болып табылады. Жалпы, мемлекет экономи- касының қауіпсіздігін төмендегі көрсеткіштер бойынша анықтайды.

  • өмір сүрудің сапасы мен деңгейі;
  • инфляция деңгейі;
  • жұмыссыздық деңгейі;
  • экономикалық өсу;
  • бюджет тапшылығы;
  • мемлекекеттің қарызының мөлшері;
  • алтын-валюталық резерв жағдайы;
  • көлеңкелі экономиканың деңгейі;
  • экологияның жағдайы;
  • азық-түлік қауіпсіздігі.

 1­кесте – Экономикалық қауіпсіздіктің шектік көрсеткіштері

 Осы ретте Қазақстанның осы көрсеткіштер бойынша қаншалықты ұлттық экономикалық қауіпсіздігі қамтамасыз етілгенін талдап, сараптап көрсек. Жалпы мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігіне келсек, онда оның аспектілеріне мұқият тоқталу керек болады және оны атап қана қоймай, оның мемлекетке маңызды екенін көрсету. Келесі кестеде сандық және пайыздық түрде экономикалық қауіпсіздіктің шектік көр- сеткіштері жазылған, егер осы көрсеткіштерден асып кетсе онда Қазақстанның экономикасына қауіп төнеді [1].

Енді осы кестедегі көрсеткіштерге тоқтала кетсек, онда біріншісі ЖІӨ-ге қатысты инвести- цияның көлемі 25%-дан кем болмау керек. Ин- вестиция дегеніміз экономиканың қаны десек те болады. Көрсетілген өлшем бойынша мемлекет- тің даму функцияларына назар аударғанда Қа- зақстанның ілгері тұрғандығы байқалады (39%). Бірақ, капиталды сыртқа шығару индикаторы бойынша артта қалып отыр – 1,4%. Басқа елдер- ге келетін болсақ, бұл көрсеткіш дамыған елдер- де – 9,8%, өтпелі экономика елдерінде – 7,7%, дамушы елдерде – 11,6%. Әлемдегі дамыған мемлекеттердің өзі инвестицияға таласып, көп- теген инвесторларға преференциялар жасайды және инвест форумдар жинап отырады, демек инвестициясыз ешқандай мемлекет дами алмай- ды. Оған дәйек болатын жайт – әлемдегі инвес- тицияның тең жартысы АҚШ-тың экономика- сына салынады.

Мысалы, Қазақстанның және Ресейдің ұлттық қорындағы миллиардтаған долларлар американ- дық бағалы қағаздарына портфельді инвестиция түрінде салынып отыр. Ал олар осылай өздерінің бюджет тапшылығын жабады. Жыл сайын Қытай Халық Республикасына тартылған тікелей және портфельді инвестициялардың, оның ішінде ті- келей инвестициялардың көлемі артып отыр. Тек 2012 жылы Қытайға 600 миллиард АҚШ долла- рынан астам инвестиция салынды.

Сонымен қатар, инвестицияны сырттан тар- ту ғана емес, белсенді түрде басқа елдерге инвес- тициялар құю да мемлекетке өте керек. Себебі, үлкен көлемдегі қаражаттың елдегі шоғырлануы оның инфляциясының артуына және ақша құны- ның инфляциямен желінуімен өтеді. Сондықтан, қай мемлекет болсын инвестицияларды сыртқа салуға тырысады. АҚШ капиталды тарту мен сыртқа салу жағынан мысалы, ешкімге орын бермей келеді. Алайда, сыртқа инвестиция салу бойынша тек мемлекеттің қаражатын санасақ, онда 2011 жылы Қытай бірінші орынға шығып, Дүниежүзілік банктен озып кетті. Дүниежүзілік банк 100 млрд доллар, Қытай үкіметі 116 млрд АҚШ долларына тікелей инвестиция салған.

Сыртқа инвестиция салу сол елдің өндіріс- терін бағынышты ету тәсілі. Тарих көрсеткен- дей,  ii  дүниежүзілік  соғыстан  кейін   АҚШ-та Маршалл жоспары қабылданып, миллиардта- ған қаражатты соғыстан әлсіреп қалған Еуро- паға инвестиция ретінде ақша салған. Содан да, біразға дейін еуропалық мемлекеттер амери- кандықтарға тәуелді болып келді. Егер Қазақ- стан экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз еткісі келсе, басқа да елдердің экономикасына тікелей инвестициялар салуы тиіс. Егер атал- мыш көршілеріміз бізге толық емес экономи- калық тәуелді болса, онда сол мемлекеттердің басшылары да Қазақстанға қатысты саясатын лояльді қылар еді.

Сонымен экономикалық қауіпсіздіктің ке- лесі аспектісі, ол ЖІӨ-нен қорғанысқа бөліне- тін қаражат көлемі 5%-дан төмен болмау керек. Алайда ол бізде 1%-ды ғана құрайды. Қорға- нысқа қаражат аз бөлінсе, мемлекетіміздің қор- ғанысына ғана қауіп емес, экономикамызға да нұқсан келеді. Себебі, заманауи технологиялар- дың біразы осы әскери-өндіріс саласынан пайда болған. Сонымен қатар, Батыс елдері мен Ресей қару-жарақ сатудан қыруар пайдаға кенеліп жа- тыр, мәселен 2010 жылы ресейліктер 2,5 млрд АҚШ долларына қару-жарақ сатты. Демек, өн- дірісті сақтай отырып, жұмысшыларға жаңа жұ- мыс орындарын ашып, тың инновацияларға жол ашу мүмкіндігі пайда болып отыр. Сондықтан, біз ЖІӨ-нен 5% қаражат бөлді десек, ЖІӨ-міздің қазір мөлшері 181 млрд АҚШ доллары екенін ескере отыра есептесек, онда қорғаныс саласы- на 9 млрд. АҚШ доллары құйылады. Онда көп- теген әскери салалар қайта ашылар еді, айталық әскери кеме жасау ісі (қазіргі таңда Каспийдегі кемелер ескіріп тозығы жеткен).

Сондықтан,   экономикалық   қауіпсіздіктің қамтамасыз ету механизмі – заңнамалық, ұйым- дастыру-құқықтық, саяси, әскери, әлеуметтік- экономикалық, идеологиялық, ақпараттық сипат- тағы, экономикалық қауіпсіздікке қатердің төнуін анықтауға, ол жайлы ескертуге және экономика- лық қауіпсіздікке төнген қатерді таратпауға ба- ғытталған, Қазақстан Республикасы заңнамасы тағайындаған өкілеттік көлемінде экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету субъектілері ар- қылы жүзеге асатын іс-шаралар жүйесі. Демек, экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету ме- ханизмі Қазақстан Республикасының экономика- лық қауіпсіздігін мемлекттік және құқықтық тұр- ғыдан қамтамасыз етудің негізі болып табылады. Қазақстан Республикасында экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде мемлекеттік бас- қару жүйесінің рөлі үлкен. Ол мемлекеттік  басқару механизмімен тығыз байланысты:

  • біріншіден, ол макро және микроэкономи- калық реттестірушілік ықпалы және мемлекет- тің тіршілік етуі үшін қажетті параметрлері бар стратегиялық және ағымдағы шешімдерді қа- былдауға негіз болатын құрал;
  • екіншіден, әкімшілік және экономикалық тұғырлардың көмегімен экономикалық дамудың стратегиясы мен  ағымдағы бағдарламасының іс жүзінде жүзеге асуын, сондай-ақ қол жеткен нәтижелерді талдау мен оны бағалауды, орын- далатын шаралар мен әрекеттерге қалыптасқан жағдайларға орай корректировка жасауды қам- тамасыз етеді;
  • үшіншіден, еліміздің экономикалық еге- мендігіне қажетті құқықтық қорғауды басқа елдермен өзара байланыс жүйесінде күзету, ма- дақтау және тыйым салу тәртібін қамтитын заң- намалық және нормативтік-құқықтық актілерді жасау мен біртіндіп өмірде қолдану негізінде қамтамасыз ету;
  • төртіншіден, экономиканың жұмысының барысында туындайтын құбылыстар мен проб- лемалық жағдайларды  тез   және   компетент- ті ұғындыра алатын органдар мен қызметтегі адамдардың құқықтарының, функциялары мен жауапкершіліктерінің тұрақты бөліну жүйесін жасайды.

Қазақстан Республикасындағы экономика- лық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мүддесі мем- лекеттік басқару жүйесінің әр уақытта жоғары сапалық деңгейде болып, оның жоғарыда айтыл- ған рөлінің орындалуына жағдай жасалуын та- лап етеді.

Мемлекеттік басқару жүйесі сапасының жо- ғары болуы – басты төрт элементтің оптималды деңгейі, ол элементтер: ұйымдастырушылық құрылымы; коммуникация мен өзара байланыс- тың барлық жүйесі; пайдаланылған ақпараттар; жан-жақты дайындалған басқару кадрлары.

Сондай-ақ Қазақстан Республикасының эко- номикалық қауіпсіздігін стратегиялық қамта- масыз ету жүйесінің схемасы берілген. Онда экономикалық қауіпсіздіктің негізгі аспектілері немесе елдің экономикалық қауіпсіздігі бағала- натын субъектілер, объектілер, нормативті-құ- қықтық база, қауіптер мен көрсеткіштер сурет- телген (1-сурет).

Экономикалық қауіпсіздік елдің ұлттық қауіпсіздігі құрылымының ең маңызды құ- раушысы, өйткені қауіпсіздіктің барлық қалған түрлері жеткілікті экономикалық қамсызданды- русыз әрекет ете алмайды. Экономикалық қауіп- сіздік – бұл экономиканың жай-күйі, онда  жеке тұлғаның, қоғамның, мемлекеттің, аймақтың немесе кәсіпорынның экономикалық  мүдделе- рі ішкі және сыртқы қауіптерден сенімді түрде қорғалуы; ол елдің де, жеке адамның да, кәсіпо- рынның да тұрақтылығының негізі. Экономи- калық қауіпсіздік дәстүрлі түрде экономикалық жүйенің сапалы маңызды сипаттамасы  ретін- де қарастырылады, экономикалық жүйе халық өмірінің қалыпты жағдайын қолдау, халық ша- руашылығының дамуын ресурстармен тұрақты қамтамасыз ету, сондай-ақ ұлттық-мемлекеттік мүдделерді тізбекті түрде жүзеге асыру қабіле- тін анықтайды.

Әрине, экономикалық қауіпсіздіктің қауіп- терін болдырмау, оларға қарсы шығу және олар- дың жағымсыз әсерін жоққа шығару қабілеті де болуы тиіс. Қауіптер жалпы экономикаға ғана емес, сонымен бірге оның құрамдас бөліктері болып табылатын салаларға, өнеркәсіптік аудан- дарға, жекелеген кәсіпорындарға және т.б. ба- ғытталуы мүмкін. Басқаша айтқанда, экономи- калық қауіпсіздік ұлттық экономиканың тиімді динамикалық өсуіне, қоғамның, мемлекеттің сұраныстарын қанағаттандыруға, әртүрлі қауіп- тер мен залалдардан кепілдендіруші ішкі және сыртқы нарықтардағы бәсеке қабілетін қамтама- сыз ету қабілетіне жағымды ықпал ететін ішкі және сыртқы жағдайлардың жиынтығы.

Кірістер  концентрациясының  ең ортасында «экономикалық үшбұрыш» – АҚШ-ЕО-Оңтүс- тік-Шығыс Азия – тұратыны белгілі.

Сауда операцияларының 755 млрд доллар жыл сайынғы өсімінің 185-195 млрд доллары Оңтүстік-Шығыс Азияға, (70-72 млрд доллар Жапонияға), 200-210 млрд доллары – ЕО-қа, ал 150-170 млрд доллары АҚШ-қа тән келеді. Қал- ған ӘСҰ-ның элитарлық клубқа кірмеген 110- 125 қатысушыларына, оның ішінде Қазақстан да бар, қалған қалдықты – 200-220 млрд долларды бөлуге тура келеді.

Осылайша, қосымша экспорт төмендегіше бөліне алады: 26% – ЕО, 21% – АҚШ, 24% – Азияның алдыңғы елдері, оның ішінде 9%-Жа- пония. Тариф төмендеген жағдайда кірістердің бөліну тенденциясы көңіл аударады. Кірістер- дің тек қана тариф төмендеген жағдайдағы ба- ғасы еуропалық елдердің теңдесі жоқ ұтысын көрсетеді: ЕО-тың кіріс өсімі 50-55%, АҚШ-ті- кі – 19-22%, Жапониянікі – 13-15%. Қазақстан сияқты басқа елдер қалғандары мен шығындар- ды бөліседі.

Сондықтан ДСҰ-на кірудің құралдары мен шарттарын таңдаудың нәтижесі Қазақстан   осы қалдықтар мен шығындарды бөлісетін елдердің қатарында қалмайтындай болуға тиіс. Бұл үшін біз экономикалық шекаралар мен ерте ескерте- тін заңдық талаптар индикаторларын қатаң сақ- тауға тиістіміз.

Экономикалық мүдделер – бұл экономи- калық қажеттіктердің біліну-көрініс формасы. Экономикалық мүдделерді әр тұрғыдан класси- фикациялауға болады: қоғамдық, ұжымдық,  жеке мүдделік, ұлттық, интернационалдық (ұлтара- лық), регионалдық және ведомстволық, топтық және отбасылық, таптық; әртүрлі әлеуметтік топ- тардың (жұмыс істейтіндердің, жастардың, зей- неткерлердің және т.б.) мүдделері. Мүдделердің ерекше топтары – күнделікті және перспективті, рационалдық және рационалдық емес, шын неме- се қате түсінілген, қаржылық, еңбектік, адамгер- шілік-өнегелік және т.б. мүдделер [2].

1­сурет – Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсіздігін стратегиялық қамтамасыз ету жүйесі

 1­сурет – Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсіздігін стратегиялық қамтамасыз ету жүйесі 

 Экономикалық мүдде – шаруашылықты жүр- гізуші субъектілер арасындағы олардың әрқай- сысына тән экономикалық қажеттіліктерді қана- ғаттандыру жөніндегі әлеуметтік-экономикалық қатынастар жүйесін іске асырудың тәжірибелік нысаны. Адамдардың шаруашылық қызметіне түрткі болатын себептер олардың меншік қатынастары мен қоғамдық еңбек бөлінісі жүйесін- дегі орнына және экономикалық қажетсінулерге байланысты болады. Нарықтық экономика жағ- дайында экономикалық қызметтің басты уәжі – өзіне пайда алуға ұмтылыс. Осы ұмтылыс – әр- бір нарықтық субъектінің ажырағысыз құқығы әрі сонымен бірге қоғамдық ұдайы өндіріске қатысушылардың өзінен-өзі келісілген қызметінің басты серпіні. Жеке экономикалық пайдаға қол жеткізу – қарама-қайшы құбылыс. Оның нәти- жесі нарықтық қатынас субъектілерінің эконо- микалық мүдденің қақтығысы болып табылады. Тауар өндіруші (сатушы) мен тұтынушы (сатып алушы) нарықта өзара байланысты, бірақ олар- дың экономикалық мүддесі қарама-қайшы: са- тушы өз тауарын қымбатқа сатқысы келеді, са- тып алушы оны арзанға алғысы келеді. Екеуі де өз бағасын ұсынып, ымыраға келгенде ғана мә- міле жасалады. Оларды келісілген шешімге ке- луге нарықтық экономиканың аса қуатты және ажырағысыз тетігі – бәсеке көндіреді. Нарықтық бәсеке тауар өндірушілерді тауарға жұмсалатын шығын мен оның бағасын төмендетуге мәжбүр етеді. Мұның бәрі жалпы қоғамның әлеумет- тік-экономикалық мүдделеріне сай келеді. Де- мек, жеке экономикалық мүдденің бірлігі мен қарама-қайшылығы, олардың жүйелік өзара іс-қимылы сайып келгенде жасампаздық сипат- та болады. Қоғамның  экономикалық мүдделе- рі жүйесінде мүдделерді келістіру мемлекеттің және оның арнаулы ұйымдарының атқарымына жатады. Олардың қолында осы келістіруді іске асыратын құралдар мен әдістер бар

Қазіргі ұлттық экономиканың қуаттылығы өндіргіш күштердің даму деңгейімен ғана анық- талмай, бірінші кезекте мемлекеттің сол өндір- гіш күштердің немесе ұлттық экономиканың белсенді дамуына жағдай жасап, ұлттық мүдде- лерді анықтап, оларды қорғау мүмкіндігімен кө- рінді. Жаһандану үрдісінің ұлттық экономикаға тигізетін оң ықпалын барынша тиімді пайдалану мен оның теріс әсеріне тойтарыс беру мемлекет- тің белсенді іс-әрекетімен жүзеге асады.

Мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігі елдің ұлт- тық мүдделерінің нақты және әлуетті қатерлер- ден  қорғалған  жағдайында  өз  құрамына   экономикалық, қорғаныс, білім, ақпараттық және т.б. құрамдас бөліктерді біріктіреді. Ашық эко- номика бағытында дамып келе жатқан Қазақ- стан Республикасына, осы жағдайларда ұлттық экономикалық мүдделерді қалыптастыру, оны қорғау мен жүзеге асыру қажет. Ұлттық эконо- микалық мүдделерді жүзеге асыру мен оларды қорғаудың дәстүрлі құралы протекционистік саясат. Әлемдік рыноктағы шиеленісті бәсеке барысында талаптарына сай түрленгендіктен, біздің еліміздің алдында әлемдік тәжірибеге сүйеніп, экономикалық қауіпсіздікті қамтама- сыз етудің мүмкін болатын шаралар жүйесін жасақтау өзекті болып табылады. Себебі, әлем- де ғаламдану үрдістері кең құлашын жайып отырған кезеңде, Қазақстан Республикасының экономикалық өсуінің әлемдік экономикалық кеңістікке интеграциялануынсыз өтуі мүмкін емес. Интеграция барысында ел экономикасы оң нәтижелерін, ұтымды тұстарын, қауіпсіз- дігін жоғалтып алмауы керек. Осы тұрғыдан елдің экономикалық қауіпсіздігін макро-мезо- микродеңгейлерде қамтамасыз ете білу бүгінгі күннің өзекті талабы болып отыр. Экономика- лық қауіпсіздікті қамтамасыз ету арқылы ұлт- тық қауіпсіздікке қол жеткізуге үлес қосылады.

Сондықтан кез келген мемлекет үшін өзінің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі қашан да өзекті болып, заман талаптарына сай күрделене түсіп, мемлекет және қоғам өмірінің барлық жақтарын қамтитын жүйелі саясатқа ай- налды. Жаһандану үрдісі күшейген сайын ұлт- тық қауіпсіздік мәселесі, әсіресе экономикалық қауіпсіздік бағыты ерекше орын алды. Өйткені әлемдік қауымдастықта егеменді ел ретінде әре- кет ету мемлекеттің экономикалық қуаттылығы, ал түбінде ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуі- нің бірден-бір көрсеткіші – ұлттық   экономикалық даму деңгейі болады.

 

 

 

Әдебиеттер

 

  1. Мадиярова Д.М., Гринец И.А. Территориальные особенности инвестирования казахстанской экономики // Электрон- ный научный журнал «Экономика. Государстов. Общество». 2010ж.
  2. Ұлттық экономикалық қауіпсіздік: Желдібай Р. / Жақсы ұлттық порталы, http://www.jaqsy.kz 2012 ж.

 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.